ПОӘК 042-14 05 20. 43/03. 2011 №3 басылым 05. 09. 2011 ж


Өзін-өзі тексеру сұрақтары



бет6/10
Дата06.07.2018
өлшемі0,81 Mb.
#47757
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Өзін-өзі тексеру сұрақтары

  1. Эксперименталды мәлiметтердiң талдау күрделiлiгiне байланысты есептер

  2. Қойылған мақсаты мен мазмұнына қарай рефераттардың түрлері.


Дәріс №9. Ізденіс
Жалпы сұрақтар

  1. Ғылыми ақпаратты қайта құрау және жинақтау.

  2. Ақпараттық жүйелер


Ғылыми ақпаратты қайта құрау және жинақтау. Ғылыми–техникалық ақпараттың мемлекеттік жүйесін одан әрі жетілдіру және сараптамалық–талдаушы ортаны қалыптастыру мақсатында мынадай жұмыстар орындалатын болады: Ұлттық ғылыми портал құру. Cоңғы ғылыми әзірлемелерге қол жеткізетін және ғылымды дамытудың әлемдік үрдістерін қадағалау мүмкіндігі бар ақпараттық ғылыми кеңістік құрайтын ұлттық ғылыми портал құрылатын болады.
Портал шеңберінде елдің ғылыми әлеуетіне қатысты барлық ақпаратты қамтитын бірыңғай академиялық кеңістік, электрондық кітапхана (e–library.kz), ғылыми–зерттеу жобаларын қаржыландыруға өтінімдерді автоматты түрде беру және тіркеу жүйесі құрылатын болады.
Ғылыми жұмыстарда, диссертацияларда, ҒЗТКЖ туралы есептерде плагиаттық мүмкіндігін болдырмауға ықпал жасайтын «Антиплагиат» бағдарламалық қамтамасыз ету әзірленетін болады.
2. Ғалымдардың, ұйымдардың, ғылыми–техникалық ақпарат көздерінің рейтингін енгізу. Басқармашылық шешімдер қабылдау үшін ақпараттың маңызды рөлін ескере отырып, ғылыми жобалар МҒТС процесіне ғалымдардың дәйексөзге алыну индексін және ғалымдар қызметін бағалауды енгізу жоспарлануда. Әділ сандық көрсеткіштерді енгізу қаржыландыру үшін жобаларды іріктеп алудың тиімділігін, сөйтіп, ғылыми–зерттеу қызметінің нәтижелілігін арттыруға мүмкіндік береді.
«Импакт–факторлар» нысанындағы есепке негізделген ғылыми–техникалық ақпарат көздері үшін рейтингтік жүйе жасалатын болады. Тиісті деректер базасының қалыптастырылуы ғылымды дамытуға қазақстандық ғалымдардың нақты  үлесін бағалауға, сондай–ақ ғалымдардың ғылыми дәйексөзге алыну индексіне негізделген рейтингтерін түзетуге мүмкіндік береді.
3. Елдің ғылыми–техникалық әлеуетін бағалау.
Мыналарға бағытталатын елдің ғылыми әлеуетін бағалау жүргізілетін болады:
ғылыми–техникалық саланың жай–күйі мен оның одан әрі даму үрдістерін талдау;
отандық ғылымның соңғы жылдардағы сапалық және сандық дамуын зерделеу;
отандық ғылыми–техникалық әлеуеттің «күшті» және «әлсіз» жақтарын айқындау және талдау; ғылыми орталықтардың, ҒЗИ–дың және жоғары оқу орындарының қызметін және ғылыми инфрақұрылымның даму тиімділігін талдау;
олар арқылы ҒЗТКЖ әлеуметтік–экономикалық дамуға әсер ететін тетіктерді зерделеу; ғылыми–зерттеу бағдарламаларының тиімділігі мен нәтижелілігін бағалау жүйесін жетілдіру.

Ақпараттық жүйелер. «Ақпараттық қоғам» немесе «Білім қоғамы».  Ақпараттық революцияның ізін ала ақпараттық қоғамның дүниеге келуі, оның келесі кезеңі – білім қоғамының жаңа қарқында дамуы тек әлемдік және ұлттық экономиканы емес, сондай-ақ адамдар өмірін түбегейлі өзгертті. Адамдардың өмірлік құндылықтарын өзгертті. Сонымен қатар «білім қоғамы» халықаралық ұйымдар, ғылыми және ағарту қауымдастығы, іскери орта мен білімді адамдардың ортасын өзгертті. Жаңа экономикалық және қоғамдық ұғымдар, түсініктер мен ғылыми қондырғыларды айқындау үшін ақпараттық қоғам мен білім қоғамы проблемаларына арналған Жаһандық саммиттер өтіп тұрады. Солардың қатарында Женева және тунис саммитерін атауға болады.

Адамзаттың даму тарихында білім қоғамы эволюциясының сапалы түрде ерекшеленетін бірнеше кезеңдерін байқауға болады.   Оның ерекшеленетін ең басты кезеңдеріне аграрлық алды және аграрлық қоғам. Бұл кезеңдер бірнеше ондаған ғасырларға ұласты. Бұл дәуір адамзаттың ауылшарушаылығы саласына қажет алғашқы технологияларды ойластырған, өндіріске енгізген кезі еді.   

Адамзаттың алғашқы бу машиансын ойлап табуы, механикалық көлік түрлерін шығаруы, электр қуатының ашылуы индустриалдық қоғамға апараған жаңалықтар болды. Бұл дәуір екі жүз жылдан астам уақытты қамтыды. Техникалық революция жылдары энергияның жаңа түрлерін игерумен, бағдаралмалық материалдарды әзірлеумен, қарқынды жылдам көліктерді жасаумен, ғарышқа сапар шегумен ерекшеленді.  Дегенмен индустриалдық қоғамды дағдарыс оты шарпи бастаған болатын.

Оның басты себебі де аса қуатты техника мен технологияның дамуы жердегі энергиялық және табиғи қауат көздеріне тәуелділігі болатын. Сондай-ақ бұл қорлардың сарқылу қаупі де дағдарыс дабырын одан әрі ұлғайта түсті.

ХХ ғасырдың соңында адамзат табиғи отын мен пайдалы қазаблардың, экологиялық қорлардың шектеулі екендігін түйсіне бастады. Сондықтан тағы да бірнеше онжылдық көлемінде даму қарқынының осылайша жалғасуы дағдарысқа әкелуі мүмкін. Жаһандық білім мен ғылыми жетістіктерге мұқтаж  әлем дамуының жаңа жолын іздестіру қажеттігі туды.  Енді адамдамуының жаңа – келесі кезеңі өмірге келді. Ол ақпарат қоғамының пайда болуымен қатар келген, оның жетілген түрі – білім қоғамы еді. Дегенмен бұл кезең өткен ғасырдың ортасында бастау алғаны белгілі.  Ол алғашқы компьютердің пайда болуы еді. Ал компьютер дәуірі  қарқынмен дамыса да жаһандық ақпараттық желі, телекоммункиация құралдары мен Интернет пайда  болғанша ол білім қоғамы бола алмады.

Білім мен ақпарат қоғамының басты ерекшеліктері неде?

Адамзат ХV-ғасырда кітап басып шығару өнерін игерді. Бұл білімді сақтау, тарату мен оны беру саласындағы самғау еді.  Алты ғасыр бойына телефон байланысы, радио және телевизия пайда болса да қолж еткен  табыстар деңгейі сол қалпында қалды.  Замануи ақпараттық революция мынадай факторлармен айқындалады:



  • ақпарат өңдеудің сандық құралдарының пайда болуы;  элеткрониканың қарқынды дамуы;

  • адамның ғарышты игеруі, байланыстың спутниктік құралдарының пайда болуы;

  • ақпараттық желілік технология мен Интернеттің дүниеге келуі.

Бұл адам баласының жердің кез-келген түкпіріне өте аз шығнымен, аса қарқынды жылдамдықпен өте ауқымды ақпаратты жинақтауға, беруге мүмкіндік берді. Мәселен, секундына 45 Гбит ақпаратты бір шақырым желіде тасымалдау құны 0,01 цент. Осыдан 15 жыл бұрын бұл 10 мың есе қымбатқа түсетін еді. ЮНИДО саммиті мәліметтері бойынша жыл сайын әлемде ақпараттық-телекоммункиациялық технологиялардың дамуы соңғы он жылда орта есеппен 6-8%-ға,  Қытай, Вьетнам, Польша сияқты елдерде 25-27%-ға артып отыр.  Әлемнің түрлі аймақтарындағы нарықтың үлесі әр қалай болуы сол аймақтардағы экономикалық дамуға тікелей қатысты.  Ол мынадай: АҚШ әлемдік нарықты 34%, Еуропа – 29%, Жапония – 12%, әлемнің қалған елдері – 25%.

Білім қоғамдық дамудың маңызды факторына айналды. Экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымдарына енетін елдерге енетін дамыған елдерэкономиканың ұазмерзімді дамуының негізі ақпараттық қоғам жағдайында жаһандық білім базасын қолдау мен кеңейтуге бағытталды. 

Жаһандану үдерісі осынау үрдістер қарқынын арттырып отыр. Ұлттық экономиканың басымдықтары енді табиғи қорлар мен жұмыс күшімен емес жыл санап бәсекеге қабілеттігі артып отырған білім мен ғылыми инновациялармен өлшенеді.

Яғни, ақпараттық қоғамның білім қоғамы ретіндегі рөлі артуы адамзаттың рухани құндылықтарының басты байлық көзіне айалауы басты фактор болып отыр. Қоғамның дамуының  басты көрсеткіші – білімде. Сондықтан білім қоғамының алдағы уақытта адамзатқа қояр талабы мен өзіндік даму үрдістері басымдала берері анық.

Өндірістік процестерді жүргізу үшін әдістемелік әдебиет дайындау:


  • қажетті құжаттар тізімі;

  • әкімшілік құжаттар мен үрдістер, оның ішінде:

  • сапа бойынша басқару;

  • ұйымдастыру туралы ереже;

  • әр жұмыс орнында қауіпсіздік техникасы жөнінде нұсқама;

  • жұмыс жұрналының нысаны;

  • әр жұмыс орнында процестерді жүргізу бойынша жұмысшы нұсқамалары;

  • қысқаша теориялық түсініктемемен әдістемелік ұсыныстар;

  • басқа құжаттар.

  • Өндірістік процестерді жүргізу үшін технологиялық регламенттерді дайындау;

  • Қажет болған тақырып бойынша әдебиеттік шолу, рефераттар шығару, патенттік ақпарат іріктеу;

  • Жұмыс істеп тұрған өндірістердің технологиялық көрсеткіштеріне талдау бойынша қызмет көрсету, процестерді жақсарту жөнінде ұсыныстар берумен;

  • Ғылыми-өндірістік есептерді ресмилеуге көмек көрсету;

  • Сапа бойынша жаңа халықаралық стандарттарға сәйкес өндірістерді аккредитациялау және аттестациялау үшін құжат дайындау жөнінде қызмет көрсету.


Өзін-өзі тексеру сұрақтары

  1. Білім мен ақпарат қоғамының басты ерекшеліктері неде?

  2.  Ақпараттық қоғамның дүниеге келуі, оның келесі кезеңі

Дәріс №10. Мемлекеттік ғылыми-техникалық ақпараттық жүйе
Жалпы сұрақтар

  1. Ақпараттық–ізденіс жүйесі.

  2. Ғылыми патенттік ақпарат

Ақпараттық–ізденіс жүйесі. Ғылыми ақпараттық жұмыстарды ұйымдастыру. Кез келген зерттеуші өзінің ғылыми жұмысына қажетті материалдарды, әдебиеттерді іздеп, әрі жинақтай білуі қажет, яғни библиографияның негізгі білімімен қарулануы шарт. Библиография алдына оқырмандарын өзінде бар басылымдар туралы ақпаратпен қамтамасыз ету міндетін қояды, сондықтан көрсеткіштер, каталогтар, шолулар жасайды.

Әдебиеттермен танысу процесін өзін қызықтыратын мәселе төңірегіндегі анықтамалық әдебиеттермен танысудан бастаған дұрыс (әмбебап және арнайы энциклолпедия, сөздіктер, анықтамалар). Содан кейін барып ҒТАИ (ғылыми – техникалық ақпараттар институты) – ның есептік – тіркелген басылымдарымен және іргелі кітапхананың библиографиялық көрсеткіштерімен танысу керек.

Қызықтырған проблема төңірегіндегі өзіндік библиография кітаптар, журналдар, мақалалар т.б. туралы мәліметтерден тұратын кітапханалық каталогтар негізінде құрастырылады. Кітап карточкасына оның авторы, тақырып, басылым түрі, басылым орны, баспахана, басылым жылы, беттің саны енеді. Журналдық мақалалар карточкасына авторы, тақырып, журнал атауы, басылым жылы, томы, шығарылған номері, бет саны көрсетіледі. Ал газет бетіндегі мақалалар карточкасында автор мен тақырыппен қатар, газетт атауы, жылы күні, айы көрсетіледі. Құжатқа қолданылған дереккөздер тізімін енгізген кезде библиографиялық көрсеткіштердің элементтері арасындағы тыныс белгілеріне назар аудару керек, және оларды карточкада көрсетілген күйінде қолдану керек.

Анықтамалық - нұсқаулық сипаттағы оқырмандар каталогі үш түрлі болады: алфавитті, жүйелік, алфавитті-пәндік.

Алфавитті каталогтің бұлай аталуы карточкасы шығарма авторының тегі немесе егер автор көрсетілмеген жағдайда, оның шығармасының атауы алфавитті тәріппен қойылады. Осының арқасында бір автордың барлық кітаптары бір орынға жинақталады.

Жүйелік каталог – бұнда карточкалар білім салалары бойынша орналасады. Бұл белгілі бір білім саласы бойынша әдебиеттерді таңдауға мүмкіндік береді. Каталог белгілі бір тақырып бойынша кітапханада бар кітапты, оның авторын , кітаптың нақты атауын анықтауға мүмкіндік береді. Жүйелік каталогта библиографиялық мәліметтер ЖОК негізінде білім жүйесіне енгізілген.

Жүйелік каталогтің кітлі болып алфавиттік-пәндік каталог табылады. Онда алфавиттік тәртіппен кітапханада бар барлық әдебиеттер тізбеленеді.

Проблема төңірегіндегі өзіндік библиография құрастыру кезінде кітап соңында көрсетілген әдебиеттер тізіміне, мақалаларға, т.б. анықтап назар аудару керек.

Бастапқы жарияланбаған құжаттар қатарына ғылыми-техникалық есептер, ғылыми аудармалар, құрачтарушылық құжаттамалар жатады.

Қайталама құжаттар мен басылымдар анықтамалық, шолу, рефераттық және библиографиялық болып бөлінеді.

Анықтамалық басылымдар теориялық қорытындылардың нәтижесі, әр түрлі мағыналары мен көлемдерді құрайды. Шолу басылымдары жүйелік, логикалық қорытынды мәліметтерді таңдаудан алынған нәтижелерінің ақпараттарын құрайды. Шолулар аналитикалық (ақпараттың аргументтік бағасын, оның қолданылуы туралы ережелерді құрайтын) және рефераттивті (сипаттамалық қырын көрсетеді) бөлып бөлінеді.

Реферативті басылымдар (реферативті журналдар мен жинақтар). Бастапқы құжаттардың қысқартылған мазмұндамасын және оның негізгі фактілік мәліметтері мен қорытындыларын құрайды.

Библиографиялық көрсеткіштер шығарылған басылымдардың библиографиялық сипаттамасын құрайтын кітаптық және журналдық мәтіндердің басылымдары болып табылады. Библиографиялық сипаттаманың орналасу принципіне байланысты көрсеткіштер жүйелік белгілі бір классификациялық жүйеге сәйкес техника және пәндік болып бөлінеді. Қайталама басылған құжаттарға тіркеу, ақпараттық карталар, диссертацияның есептік карточкасы және ақрараттық хабарламалар енеді.
Ғылыми патенттік ақпарат. ҒЗЖ құрастыру үшін құжаттардың мәнін айқындайтын жаңалықтар, өнертабыс, т.б.өндірістік жеке меншіктердің түрлері туралы мәліметтер беретін патентті құжаттардың мәні зор.

Патентті құжаттамалар ұқыпты экспертизаға жататындықтан, сенімділіктің жоғары дәрежесін иеленеді.

Патентті ақпараттың заңды және ғылыми-техникалық негізі бар. Патенттеу құқықтық қорғаумен жасалған басыңқы қорғау сұрақтарымен айналысады. Авторлық заңмен қорғалады. Өнеркәсіпте қолданылған ақылдың нәтижелері өнеркәсіптік жекеменшік болып саналады. Ол ашылуына, өнертапқыштық, пайдалы модельдер, өнеркәсіптік нұсқаға, тауарлық белгіге, фирманың атауына байланысты бөлінеді.

Пайдалы модель – техникалық міндеттерінің шешімі, анық білдірілген формалары бар құрылғыларға жатады. Өнеркәсіптік үлгі түбінде өнеркәсіп бұйымының сыртқы түрінің ерекшелігі ретінде түсіндіріледі, ол өнеркәсіптік жолмен орындалған. Тауар белгісі тауарға орнатылған немесе жарнамалау кезінде қолданылатын белгісі сол тауарларды басқа мекемелердің тауарларынан ерекшеленіп көзге түседі.

Белгілі бір өнеркәсіптік жеке меншікті қорғап қалу үшін, авторлық куәлік пен патент алу үшін ҒЗ мемлекетік патентін сараптамаға қажетті тапсырыс беру керек. Авторлық құқықтық куәлік өнертапқыш адамдарға қазіргі заңнамаларға сәйкес құқықпен жеңілдіктер береді. Ал өнертабысты қолдану құқығымен оны тарату мемлекетке беріледі. Авторлық куәліктің мерзімі анықталмаған. Патент белгілі бір уақыт арлығында жұмыс істейді.

Егер өнертабыс мемлекеттік қызметі аясында жасалынса, және солар арқылы қаржыланса, және солардың тапсчырмасы арқылы орындалса, онда өндіріс иесіне тек авторлық куәлік беріледі.

Патенттік ақпарат ҒТА сияқты оперативтік, сенімділікті, мәліметтің толықтығын иеленген. Патентті ақпараттың негізгі ғылыми-техникалық құндылығы өнертабыс сипаттамасы болып табылады, ол патенттік заңдылыққа сәйкес жалған мәліметтерден құралмауы керек және жаңашылдығымен өзгеше болуы тиіс. Сондықтан патентті ақпараттарды дұрыс қолдану техникасының негізгі даму тенденциялары бар әлемдік үлгі деңгейіндегі жаңа әзірлемелерді жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Осыған байланысты ғылыми-зерттеу жұмысының тақырыбын (проблемаларын) әзірлемес бұрын алдын-ала патентті зерттеу жүргізіп алған дұрыс. Бұл патентті ақпаратты іздестіруді, таңдауды, талдауды және мақсатқа қатысты қолдануды кірістіретін кешенді жұмыс. Патентті ақпарат түбінде әр түрлі елдердегі ресми түрдегі мекемелердің жарияланымы түсіндіріледі, жаңалықтар, өндірістік үлгідегі өнертабыстар, тауар белгілері туралы мәліметтер береді. Мәліметтер библиографиялық түрде немесе рефератты мәлімет түрінде жарияланады. Патентті әдебиеттер деп патентті, патентті-құқықтық, патентті –лицензиялық және патентті-ақпараттық және басылым қызметінің әр түрлі мәселелеріне арналған әр түрлі баспала түсіндіріледі (мақала, кітапша, кітаптар, журналдар, қысқажазбашалар және т.б.).

Патентті зерттеу процесінде қолданылатын ақпараттардың дерек көздері: дүниежүзі елдерінің патенті ведомостваларының бюллетендері, өнертабыс сипаттамасы, өнертабыс жайындағы реферативті ақпарат, енгізілген өнертабыстар туралы басылымдар, жарнамалық басылымдар, ҒЗЖ туралы есептер, халық шаруашылығы саласының ақпараты және патентті зерттеулер туралы есептер.

Патентті ақпараттардың көп тараған оперативті дереккөзі алдын-ала танысуға және қажетті патентті ақпараттарды таңдауға арналған дабылдық ақпаратар құрылатын патентті бюллетендер болып табылады.

Өнертабыстың мәнін ашатын, өнеркәсіптік техникалық ақпараттандырудың өнертабысының сипаттамасы құқықтық қорғаудың көлемін анықтайтын элементтерді құрайды.


Өзін-өзі тексеру сұрақтары

  1. Патентті ақпараттың заңды және ғылыми-техникалық негізі

  2. Патентті зерттеу процесінде қолданылатын ақпараттардың көздері.


Дәріс №11. Дидактикалық эксперименттер
Жалпы сұрақтар

  1. Дидактикалық эксперименттердің ерекшеліктері және мүмкіншіліктері.

  2. Дидактикалық эксперименттердің ұйымдастырылуымен және жүргізілуі


Дидактикалық эксперименттердің ерекшеліктері және мүмкіншіліктері. ДЭ әдістерді, формаларды, құралдарды, оқытудың жаңа мазмұны мен қабылдау түрін анықтау мақсатында жүргізілетін зерттеу болып табылады. ДЭ негізігі дәлелі болып оқу процесінде білім сапасын жоғарылататын белгілі бір жетілдірілілерді енгізу болып табылады. ДЭ оқу процесін зерттеумен, талдаумен, бақылаумен және оқытушының жұмыс тәжірибесімен тығыз байланысты. ДЭ басты ерекшелігі оны оқу процесінде, сыныпта және студенттік топтарда өткізілетіндігінде.

ДЭ белігілі бір қорытындыға келу үшін көптеген фактілердің жинақталуын талап ететін сипаттамалардан тұрады. ДЭ үрдісінің 3 кезеңі белгіленген:



  1. Бастапқы деңгейі – мұнда сәйкес келетін дидактикалық құбылыстарды зерттеуге, фактілерді жинақтауға , оларды талдауға, педагог жұмысы мен оның тәжірибесімен танысуға аса көп көңіл бөлінеді. Бұл кезеңде алдын-ала зерттеудің ғылыми болжамы жасалынады.

  2. Тексеру кезеңі – бұл уақытта зерттеуші ғылыми болжамды нақтылайды, толықтырады, не өзгертеді және арнайы ұйымдастырылған сабақтар жүргізеді.

  3. Қорытынды (анықтау) кезеңі – бұл кезеңде келтірілген ғылыми болжамды жан-жақыт тексеру жүргізіледі. Сабақта ғылыми болжамдарға сәйкес оқуға енген жаңалықтарылың барлығы да тексеріледі.

ДЭ көрсеткіштері болып ауызша және жазбаша сұраудан, тура және жанама бақылаудан, салыстьырудан шыққан мәліметтер табылады. Сұрау интервью, анкета немесе тест түрінде жүргізіледі. Сұраудың әр түрлі сұрақтарды алдын-ала даярлауды қажет етеді. Өйткені оларда зерттеуге қажетті ақпараттар келтірілген. Ауызша және жазбаша сұрауға емтихандық , сынақтық және бақылау бағалары жатады.

ДЭ көрсеткіші ретінде белгілі бір жұмыстарджы орындауға кеткен уақыттарды жұмсау көп қолданылады (мысалы: СӨЖ, бақылау жұмыстары, курстық).

ДЭ 2 типі көп кездеседі:


  1. Салыстырмалы (СЭ)

  2. Тәуелсіз (ТЭ)

СЭ екі топтық, сыныптық, т.б. жиындардың экспериметтері мен бақылауларын салыстыру кезінде өтіледі. Топтарды салыстыру кейбір шарттардың орындалуын талап етеді, олар:

  1. Алғашқы мәліметтермен тең дәрежеде болуы тиіс.

  2. Оқу жұмысы шарттарының тепе-тендігін сақтауы тиіс.

  3. Оқытушы тұлғасынан тәуелсіз болуы керек;

  4. Күнделікті жағдаймен салыстырғанда сабаққа табиғилық шарттар қойылуы тиіс.

ТЭ алға қойылған ғылыми болжамдарды тексеру аясында мәліметтерді жинақтау және салыстыру жолында, бақылауларын тексермей, көптеген топтардың тізбектерін зерттеу негізінде өтіледі
Дидактикалық эксперименттердің ұйымдастырылуымен және жүргізілуі. Біртұтас педагогикалық процесті құраушы екі басты бірліктің біреуі – оқу процесі. Бұл процесс өте күрделі, сипаты жағынан ол тек тəрбие жəне даму процестерінен кейін тұруы мүмкін. Сондықтан оған толық та жан-жақты анықтама беру қиынға соғады. Оқу процесі əр текті жəне табиғаты жағынан əртүрлі көптеген жағдаяттардың мың санды байланыстары мен қатынастарын қамтиды. Процесс анықтамаларының көптігі де осыдан болар.

Ежелгі жəне ортағасырлық ойшылдардың шығармаларында “оқу”, “оқу процесі” ең алдымен мақсаты - оқушы болған оқыту қызметін (преподавание) білдірген. Ғасырымыздың басында оқу ұғымы енді осы процесті құрайтын екі бірлікті – оқыту қызметі мен оқып- үйренуді қамтитын болды. Оқыту – оқу материалын игеруге ынталандырушы мұғалімдердің қызметін, ал оқып- үйрену (учение) ұсынылған білімдерді игеруге бағышталған оқушылар іс-əрекетін танытады. Кейінгі жылдары «оқу» ұғымы оқушылардың танымдық іс-əрекет тəсілдерін қалыптастырушы мұғалімнің басқару іс-əрекетін де , мұғалімдер мен оқушылардың бірлікті іс-əрекетін де аңдататын болды. Мұғалім мен оқушының бірлікті іс-əрекеті болған оқу процесінің мəні оқыту мен оқып үйренудің бірлігін аңдатады. Бүгінгі түсінім тұрғысынан оқу келесі белгілерімен сипатталады: 1) екі тараптылық; 2) мұғалім мен оқушының бірлікті əрекеті; 3) басқарым мұғалім тарапынан; 4) жоспарлы ұйымдасу жəне басқару; 5) біртұтастық жəне бірлік; 6) оқушылардың жас даму заңдылықтарына сəйкестік; 7) оқушылардың дамуы мен тəрбиесіне жетекшілік.

Оқу жəне білімдену проблемалары педагогиканың дидактика деп аталатын бөлімінде зерттеледі. «Дидактика» термині грек тілінен енген, аудармасы «үйретуші» дегенді білдіреді. Алғашқы рет бұл сөз неміс педагогы Вольфганг Ратке (1571-1635) шығармаларында қолданылып, оқыту өнері мəнін аңдатқан. Ал Я.А.Коменский дидактиканы «баршаны барлық нəрсеге үйретудің əмбебап өнері» деп түсіндірген. XIX ғасырдың басында неміс педагогы И.Гербарт дидактиканы тəрбиелеп оқытудың өз алдына тұтас жəне қайшылықсыз теориясы ретінде таныған. Дидактиканың негізгі міндеттері В.Ратке заманынан бермен қарай бірде өзгерместен келе жатыр. Олар: нені үйрету жəне қалай үйрету проблемасын шешу; қазіргі заман педагогикасы бұларға қоса –қашан, қай жерде, кімді жəне не үшін оқыту қажет деген мəселелерді қарқынды зерттеуде. Дидактиканың негізгі категорияларын танытушы келесі ұғымдар белгіленген: оқыту, оқып-үйрену, оқу, білімдену, білім, ептілік, дағды, сонымен бірге оқу мақсаты, мазмұны, ұйымдастырылуы, түрлері, формалары, əдістері, құрал-жабдықтары, нəтижесі (өнімі). Дидактикалық жүйе жəне оқу технологиясы да осы категориялық ұғымдар тұрғысынан танылуы тиіс. Осыдан қысқа да ауқымды анықтама келіп шығады: дидактика- бұл оқу жəне білімдену, олардың мақсаттары, мазмұны, əдістері, құрал-жабдықтары, ұйымдастырылуы мен нəтижелері жөніндегі ғылым.

Дидактика өз пəні аймағында іске қосылатын заңдылықтарды зерттейді, оқу процесінің барысы мен нəтижесіне негіз болар тəуелділіктерді талдайды, жоспарланған мақсаттар мен міндеттердің орындалуын қамтамасыз етуші əдістер, ұйымдастыру формалары мен құрал-жабдықтарын белгілейді. Осының арқасында ол екі басты функцияны атқарады: 1) теориялық (диагностика жəне болжастыру); 2) практикалық (қалыпты іс-əрекет, құралдар дайындау).

Дидактика барша пəндер бойынша жəне оқу іс-əрекетінің барлық деңгейіне орайластырылған оқу жүйесін біріктіреді. Зерттелуші болмысты қамту шеңберіне байланысты дидактика жалпы жəне жекеленген болып бөлінеді. Жалпы дидактиканың зерттейтін пəні: оқыту мен оқып үйренуді, оларды туындатқан жағдаяттары мен оларды орындау шарттары жəне соның арқасында жетілетін нəтижелерімен бірге анықтау. Жекеленген (нақты) дидактика оқыту əдістемесі деп аталады. Ол əртүрлі оқу пəндерінің желісін, мазмұнын, оқыту формалары мен əдістерін қарастырады. Əр оқу пəні өз əдістемесіне ие.

Оқу – дидактикалық процесс Дидактикалық процесс мəнін түсіну үшін «оқу» жəне «оқу процесі» түсініктерінің мəн-мағынасын ажыратып алған жөн. Кейде бұл категориялар теңдестіріле қарастырылады. Іс жүзінде олай емес. «Оқу» түсінігі құбылысты білдіреді, ал «оқу процесі»- бұл процестің уақыт жəне кеңістікте дамуы, оның кезеңдерінің бірізді ауысып баруы.

Ұзақ уақыттар желісінде оқу процесі негізінен оқыту қызметі ретінде қарастырылды, яғни мұғалім жұмысы деп есептелінді. Уақыт өтумен бұл түсінікке кең мағына беріліп, оқушы іс-əрекеттеріне ерекше назар аударылатын болды.

Оқу процесі – шынайы болмыстағы қиын да қыстаулы, күрделі процесс. Ол өз ішіне көптеген құрылымы, деңгейі əр текті жəне табиғаты бір-біріне ұқсамаған жағдаяттардың сан қилы байланыстары мен қатынастарын қамтиды. Сондықтан да «оқу процесі» түсінігіне толық жəне жан-жақты анықтама беру қиындау. Солай да болса, қазіргі педагогика ғылымында «оқу процесі» ұғымына орай келесідей анықтама қабылданған: «оқу процесі – бұл барысында білім беру, игеру, тəрбиелеу жəне дамыту міндеттерін іске асыруға бағытталған оқытушы мен оқушы арасындағы мақсат бағдарлы өзара байланысты іс -əрекет».

Оқу процесі екі тарапты сипатқа ие. Оның құрамы өзара табиғи байланыстағы екі түрлі əрекеттен тұрады: оқыту – мұғалімнің оқу материалын меңгеруге орай ұйымдастыратын оқу-үйрету іс-əрекеттері жəне оқып үйрену – білім меңгеру мақсатындағы оқушының іс-əрекеттері. Бұл екеуі арасындағы байланыстырушы тетік – бірлікті іс-əрекеттерді жанамаластыратын оқу мазмұны.

Оқу негізінде мұғалім үшін осы процесс мазмұнының базалық бірліктері болып есептелетін, əрі оқушылар тарапынан игерілуі тиіс өнім ретінде білімдер, ептіліктер жəне дағдылар жатады.

Оқып-үйренудің аса маңызды элементі – сеп-түрткілер (мотивтер). Қандай да оқу əрекеттерін не тұтастай оқу істерін орындай отырып, оқушы осы сеп-түрткілерді басшылыққа алады. Оқуға қызықтыратын мотивтер түрі көп, əрі сан қилы. Олардың əрқайсысы өз алдына дербес ықпал жасамай, бір-бірімен тығыз ықпалдастық байланыста оқушының білім игеруіне себепші болады. Ақыл-ой əрекеттеріне ынталандырушы сеп-түрткілер қатарында танымдық қызығулар мен қажеттердің маңызы ерекше. Бұлардың жоғары деңгейде дамуы үшін шынайы ғылыми мазмұн жəне педагогикалық мақсат бағдарында ұйымдастырылған белсенді де дербес таным қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет