ПОӘК 042-14 05 20. 43/03. 2011 №3 басылым 05. 09. 2011 ж


Тіршілік қауіпсіздігі пәні бойынша газет, журналдармен жұмыс істеу



бет8/10
Дата06.07.2018
өлшемі0,81 Mb.
#47757
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Тіршілік қауіпсіздігі пәні бойынша газет, журналдармен жұмыс істеу барысында ғылыми ақпараттандырылған жұрыстарды ұйымдастыру. Әрбір зерттеуші өзінің жұмысына қажетті ақпараттарды іздестіріп және жинақтай білуі тиіс, яғни библиография негізінің білімін иеленуі керек.

Библиография оқырмандарын баспалық басылымдармен ақпараттандыру міндетін алға қояды, сол үшін көреткіштер, каталогтар, шолулар, т.б. құрастырылады. Өзін қызықтыратын мәселе төңірегінде әдебиеттермен танысу процесін анықтамалық әдебиеттермен танысудан бастау керек (әмбебап, арнайы энциклопедиялар, сөздіктер, анықтамалар). Одан кейін ҒТА (ғылыми-техникалық ақпараттар) мекемесінің есептік тіркелген басылымдары және іргелі кітапханалардың библиографиялық көрсеткіштері қарастырылады.

Қызықтырған проблема төңірегіндегі өзіндік библиография кітаптар, журналдар, мақалалар т.б. туралы мәліметтерден тұратын кітапханалық каталогтар негізінде құрастырылады. Кітап карточкасына оның авторы, тақырып, басылым түрі, басылым орны, баспахана, басылым жылы, беттің саны енеді. Журналдық мақалалар карточкасына авторы, тақырып, журнал атауы, басылым жылы, томы, шығарылған номері, бет саны көрсетіледі. Ал газет бетіндегі мақалалар карточкасында автор мен тақырыппен қатар, газетт атауы, жылы күні, айы көрсетіледі.

Анықтамалық - нұсқаулық сипаттағы оқырмандар каталогі үш түрлі болады: алфавитті, жүйелік, алфавитті-пәндік.

Алфавитті каталогтің бұлай аталуы карточкасы шығарма авторының тегі немесе егер автор көрсетілмеген жағдайда, оның шығармасының атауы алфавитті тәріппен қойылады. Осының арқасында бір автордың барлық кітаптары бір орынға жинақталады.

Жүйелік каталог – бұнда карточкалар білім салалары бойынша орналасады. Бұл белгілі бір білім саласы бойынша әдебиеттерді таңдауға мүмкіндік береді. Каталог белгілі бір тақырып бойынша кітапханада бар кітапты, оның авторын , кітаптың нақты атауын анықтауға мүмкіндік береді. Жүйелік каталогта библиографиялық мәліметтер ЖОК негізінде білім жүйесіне енгізілген.

Жүйелік каталогтің кітлі болып алфавиттік-пәндік каталог табылады. Онда алфавиттік тәртіппен кітапханада бар әдебиеттер тізбеленеді. Мәселе бойынша өзіндік библиография құрастырылғанда кітап соңында орналасқан әдебиеттер тізімін, мақалаларды, т.б. мұқият қарастырып алу керек. Әдебиетті оқу процесінде міндетті түрде жаңа деректер айқындалады, сондықтан әрқашщан материалдарды жүйелеу қажет және алға қойылған міндетерге сәйкес оларды тәртіпке келтіру керек. Оны жүзеге асыруға болады, мысалы: карточкалар мен бөлшектеулерден тұратын картотекалардың көмегімен 3 бөлшегін ұйымдастырған дұрыс: «Оқу», «Үзінді» және «Оқылды» . Бұндай картотекаларды қалыптастыру болашақ ғылыми басылымдардың негізін құрастыруға мүмкіндік береді. Бірақ алынған ақпарат белгілі бір жұмыстың нақты талаптарын арттырады. Бұлардың барлығы қажетті не қажетсіз дүниелерді алдын-ала анықтау қажеттелігіне әкеліп соғады.

Ғылыми әдебиеттермен жұмыс істегенде отыратын жұмыс орнын ұйымдастырудың маңызы зор. Алдымен адам жұмыс істейтін оның жұмыс орны мен құралдары ол үшін әдеттегі нәрсе болуы керек. Бұл өндірушілік уақытты қысқартады. Жұмыс орнына деген шартты рефлекс пайда болады. Жұмыс орнына өзіне көңіл аударарлық, жұмыстан ойын бөлетін жаңа нәрселер болмауы тиіс. Адам өз-өзін бастаған жұмыстан үзбес үшін жұмыс процесіне қажетті нәрселерді алдын-ала ойластырып алған жөн, зерттеліп жатқан материалдарды осылай оқуға тырысу керек. Ол үшін дифференциалды алгоритмді қолдануға болады, сөздердің кілтін белгілеу арқылы мәтінді қысқартуға болады. Мәтінді қысқартқаннан кейін оның сапалық жағынан өзгеру процесі жүреді, оның мазмұнының ақиқаттық мағынасы белгіленеді.


Студенттердің өз бетінше жұмыстары және студенттердің оқытушылармен бірлескен жұмыстары. СӨЖ-ді, СОӨЖ-ны ұйымдастырудың мақсаты: Өз бетінше орындалатын жұмыстарының тақырып бойынша оқылған лекция материалдары мен көрсетілген әдебиеттерді пайдалана отырып, өз зерттеуін жүргізуді мақсат етеді.

Зерттеу тақырыбының ішкі мазмұнын толық ашу осы мәселеге қатысты ғылыми еңбектер мен оқулықтардағы тұжырым, пікірмен танысып, жүйелеуді, көзқарастардағы қайшылықтар мен айырмашылықтарды талдап, топтастыра білуді қажет етеді.



Зерттеу әдістері. Зерттеу мақсатты түрде объектіні белгілі бір көзқарас тұрғысынан зерттеуді қамтамасыз ететін зерттеу тәсілдері мен іс-әрекеттердің жүйесі. Әдіс жалпы және жеке түрлерге бөлінеді. Жалпы әдіс белгілі бір теория мен ортақ методологияға сүйенеді. Зерттеу жұмысын төмендегі үлгілер бойынша беруге болады:

Баяндама – берілген тақырып бойынша анықталған пікірлер мен тұжырымдарды жүйелеп беруі.

Мақала – нақты зерттеу тақырыбы бойынша ғылыми зерттеулерге талдау жасап, қорытынды беріледі. Сонан соң зерттеудегі өзінің аталғанмәселеге қатысты көзқарасын ұсынып, оны дәлелдейді. Мақала соңында қорытынды тұжырымдар жасайды.

Реферат – алғашқы түпнұсқаның негізгі мазмұнының қысқа, ықшамдалған түрі. Реферат түпнұсқада көтерілген барлық мәселені қамтуға тиіс. Рефераттың өз құрылымы бар.

  • Реферат жасалатын құжат саласының не бөлімінің аты.

  • Тақырыбы.

  • Түпнұсқаның авторының аты-жөні, шығарған баспа, жылы (журнал болса аты және нөмері).

  • Реферат жазылатын материалдағы басты ойды ықшамдап береді, оған өз пікірін қосуға болмайды.

  • Рефераттың мазмұны түпнұсқада берілген жүйемен, ізбен баяндалады.

Рефераттар ақпараттық немесе реферат-конспект болып және индикативтік немесе реферат-резюме болып бөлінеді. Алғашқысында барлық негізгі шығарылса, екіншісінде негізгі мәліметтерді санамалап қана айтып, бұл бойынша қорытынды дәлелдер келтірілмей-ақ беріледі.

Рефераттың екі түрі де бір түпнұсқа негізінде жасалынған монографиялық, не ортақ бір тақырыпқа біріктірілген бірнеше еңбектің мазмұнынан тұруы да мүмкін.

Бұлардың бәрі СӨЖ-дің сәтті орындалуына көмектеседі. Студенттің өз бетінше жұмысы оқулықта берілген материалдарды, білім қорын өз зерттеу жұмыстары негізінде жаңаша қорытындылап, кәсіби міндеттерді шығармашылық ьұрғыда шеше алатын дағдыға айналдыруды мақсат етеді.

Студент – белсенді, ойлау қабілетіне ие жеке тұлға. Оның кез келген мәселеге қатысты өз пікірі, өзінің дербес шешімі болуға тиіс. Ең бірінші, кітапханада католог пен жұмыс істеудің әдісін меңгеру қажет. Студент тақырыптық, алфавиттік каталогтерден өзіңізге қажетті әдебиеттер тізімін жасап, олармен танысу, қажетті ақпаратты жинауды үйренуге тиіс. 1) Оқулық және ғылыми еңбектермен жұмыс . Оқулық және ғылыми еңбектердің мазмұнынан өзіңізге қажетті тақырыпты тауып, онымен танысу шолып оқудан басталады. Мұнан соң зерттеу оқу орын алады. Зерттей оқу барысында қажетті тұжырымдар бойынша конспект жасалады.



«Дөңгелек үстел» әдісі ең біріншіден студенттердің өзара пікір алмасу формасы ретінде көрініс табады. «Дөңгелек үстел» барысында оның қатысушылары берілген бір мәселе бойынша баяндама жасап қана қоймай осы мәселе бойынша пікірлерімен алмасып, әрқайсысының позициясын айқындайды.

ЭССЕ (фр. « essay » - попытка, проба, очерк) - очерк, шығарма, белгілі бір тақырыптарға ой толғау. Рефератпен салыстырғанда, эссе автордың өзіндік ойларының жиынтыңғы болып табылады. Бұл философиялық, тарихи-биографиялық, публицистикалық, әдеби-сыни, ғылыми-көпшілік немесе беллетристикалық сипаттағы жаңа сөз. Барлық аргументтер, идеялар, анықтамалар егер студенттің өзінікі болмаса, сілтеме жасалуы керек. Эсседе пайдаланған дерек көздер, дәйектемелер көрсетілуі керек. Эссе көлемі 3-5 бет. Эссе жанры шығармашылық еркіндікті қажет етеді. ол кез-келген стилде жазылады, бұл оқылған, естілген, көрілген заттар туралы өзіндік ой.
Эссенің бірінші планында - автор тұлғасы тұрады, оның ойы, сезімі, дүниеге көзқарасы. бұл шығарманың басты ұстанымы.

Конспект – басқа формалармен салыстырғанда жазудың ең әмбебап формасы. Конспект жазғанда оқылған мәтінді қайта жазуда дұрыстығын қамтамасыз ету керек. Конспекттің басты сипаты қысқалық әрі нақтылық. конспектіде ой сабақтастығы мен айтылған мітіннің қисыны сақталуы тиіс. Конспектілеуде мәтін мазмұнының ең мәнді компоненттері, есте сақталуға тиісті тіректер жазылады (мәселен, атаулар, даталар, кейбір терминдер, символдар). Шартты түрде конспектілерді төрт түрге бөлуге болады: жоспарлы, мәтіндік, еркін, тақырыптық.

Презентация бұл – пайдаланушының осы затқа ерекше назарын аудартудың бір формасы. Презентация нысаны белгілі бір ұжымның жеткен жетістігі, затты сипаттау даму тенденциялары мен жоспарлары. Презентациялар конференция мен семинарларда жүргізілуі мүмкін. Презентация көмегімен семинар, курс тыңдармандарын оқытуға болады. Мұндай презентация пәнді көрнекі етіп, оны жандандыра түседі.

Колло́квиум: (лат. colloquium - әңгіме, жиналыс, мәжіліс) — ғылыми жиналыстар, оның маңызы баяндамаларды оқып, талқылау. сонымен қатар колло́квиум – білім беру жүйесінде білімді бағалау мен тексерудің бір формасы, әдетте жоғарғы оқу орындарында. ол семестр ортасында жүргізілетін, өзіндік мини-емтихан, мақсаты емтихан тақырыптарының тізімін азайту. Коллоквиум барысында жобалар, рефераттар және басқа жазба жұмыстары тексерілуі мүмкін. Коллоквиумде алынған баға емтихан бағасына тікелей қатысы болуы мүмкін. Коллоквиума мазмұнына 2 практикалық міндет, 2 нақты теориялық сұрақ кіреді.

Проект уникалды өнім яки қызмет тудыру мақсатымен уақытша айналысатын жұмыс. «Уақытша» деген сөз әр жобаның өз уақыты басталуы мен аяғы болады деген сөз. Уникалдылығы туралы айтқанда өзге осындай тапсырмаларға ұқсамайтындығын айту керек. Жобаға бірнеше студент қатысуы мүмкін. Жоба ретінде тапсырманы құру, журналдың номерін дайындау, ақпараттық жүйесін құру т.б.

Пресс-конференциялар журналисттермен қарым-қатынас жасау формасы, ақпаратты ең бірінші алудың жолы. Пресс-конференцияда әдетте басшылық немесе көтерілген мәселеге құзырлы адамдар қатысады.

Пресс-конференцияны дайындау үшін: Пресс-конференция тақырыбы мен қатысушыларды анықтау, жүргізуші тағайындау. Өткізілетін орынды таңдау, жолын нұсқау. Пресс-конференцияға шақырылған БАҚ анықтау, факстерді тарату, БАҚ e-mail анықтау. Слайдтар көрсетілуін демонстрациялау, пресс-релиз тарату. Пресс-релизде келесі мәліметтер қамтылуы керек: орны, уақыты өту уақытын көрсету, конференцияда қарастырылатын сұрақтарды, контактілік телефон.



Дискуссия. Дискуссия мақсаты: Дискуссия қатысушыларының белгілі тақырыптар мен мәселелерге қатысты қызығушылығын оята алу, кереғар пікірлерге жетелейтін оқу мазмұнын әр қырынан қарастыру, мүмкін көзқарастарды анықтау.

Дискуссия барысы: Дискуссияны оқытушының немесе жүргізуші студенттің ашуы: талқылайтын тақырыптың мақсаты мен міндетін көрсету. Сөз алуға шақыру; Дискуссияны баяндамаларды тыңдаудан бастауға болады. Ең болмаса, бір альтернативті сұрақтың болуын қадағалау; жақтаушы және керіге шығарушы 3-5 аргументов шығарылады. Қатысушылар сұрақтар қояды, өз пікірін айтады, ұсыныстарын айтады; соңынан «ия» немесе «жоқ» деген пікірлер саналады. Дискуссияның жағымды жақтары: Мәселелер әр қырынан талқыланады; Жүргізуші дискуссияны үйлестіріп отырады, өз пікірін ала алады, алайда пікірталастыруға міндетті емес. Оқытушы қорытындыны жинақтап түсіндіреді.

Дебаттар Егер дискуссия соңында топ екіге бөлініп кетсе, онда дебат өткізу жөн. Ол бір бірімен айтысуға; Түрлі пікірлерді айтуға; Оппоненттерді тыңдауға үйретеді. Дебат өткізуде қажетті нәрселер: Оппонент не айтқанын мұқият тыңдау. Әр 15 минут сайын студенттер дебаттарды тоқтатып, сенімді аргументтерді жазып алып отырады. түрлі пікірлерді тыңдап, олармен келісу яки керіге шығару. Соңында оқытушы аргументтерді қорытындылайды, маңызды сәттер мен қисынды қорытындыларды шығарады.

«Миға шабуыл» әдісі – бұл жаңа идеяларды шығару үшін кеңінен қолданылатын әдіс. «Миға шабуыл» әдісінің мақсаты қойылған мәселелердің спонтанды түрде шешілуі. «Миға шабуыл» 1) Міндеттерді анықтау. 2) 5-8 адамнан тұратын шығармашылық топты құру. Шығармашылық топ 2 топтан тұрады. (ұдайы және уақытша қатысушылар). ұдайы топқа топ жетекшісі кіреді. Уақытша қатысушы ретінде шешілетін мәселенің құрамына қарай анықтайды. а) Өту уақыты 1.5-2 сағат. шақыруды 2 -3 күн бұрын алады. б) Идеялардың санына көп көңіл бөлінеді. Олар қысқа, әрі нақты болуы тиіс. в) Ойын барысында сын айту жіберілмейді. Сынның болмауы жақсы микроклимат тудырады. г) Микроклимат тудыруға қалжың, әзіл өз көмегін тигізеді. «Миға шабуылдың » нағыз сеансы адамдардың ерекше психологиялық көңіл-күйі. д) Жүргізушінің міндеті бейтарап жағдаят тудыру, жаңа адамдарды таныстыру, әзілмен әңгімелеу.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары

  1. Кітапханада католог пен жұмыс істеудің әдісі

  2. Зерттеу құралдарына түсінік

  3. Зерттеу жұмысының үлгілері.


Дәріс №14. Тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін өңдеу. Өлшеу кезіндегі кездейсоқ қателерді бағалау тәсілі және кездейсоқ қателердің негізгі қағидалары
Өлшеу кезіндегі кездейсоқ қателерді бағалау тәсілі және кездейсоқ қателердің негізгі қағидалары. Метрология - өлшемдер, әдістер және құралдарды біріңғайлықпен қамтамасыз ету және қажетті дәлдікке жету тәсілдері жайлы ғылым.

Практикалық қызмет етуді бірде бір саласы жоқ, қай жерде өлшеусіз өтуге болатын, қайда өлшеуші шамамен бүл шаманың өлшеуші бірлігінің арасында байланыс бар жерде әртүрлі талдауда, болжауларда, жоспарлауда, бақылауда, реттеуде шикізаттың дайын өнімнің сапасы және сандаң және барлық өндіріс циклының технологиялық операциялар жайлы анық ақпарат қажет.

Бұл ақпаратты әртүрлі физикалық шамаларды, қөрсеткіштерді және параметрлерді көп рет өлшеу жолымен алады. Анық, қажетті дәлтікпен алынған өлшеуші ақпаррат дұрыс қабылданатын шешімді қамтамасыз етеді. Анық емес ақпарат өнім сапасынның төмендеуіне, аппатарға, ғылыми зерттеуулерден жалған қорытындыларға, пайдалы қазбалардың қорын қате бағалауға әкелуі мүмкін.

Өлшеулерге біріңғай әдіс - амал өзара- түсінушілікті, ақпаратты айырбастауға, өлшеу құралдарың және әдістерін стандарттауға мүмкіншілікке, халықаралық тауарайналым жүйесінде өнімді сынау және өлшеу нәтижелерін өзара мойындауға кепілдік береді. Барлығы, кум өлшейтін (техникалық құралдарды қолдану арқылы тәжірибелі жолмен өлшенетін шаманың мәнін табады) мамандандырылған метрологтер алынған өлшеу нәтижелеріне сенгілері келеді. Алынған өлшеу нәтижелеріне тек сенім жақтар қайта өлшеуге өлшеуге басқа лабораторияларды, басқа мамандарды тартуға мәжбүр етеді. Көбінесе көп мәселелерді тек әртүрлі орындарда, әртүрлі уақытта, әртүрлі өлшеу құралдарын қолдануымен алынған көп санды өлшеу нәтижелер негізінде шешуге болады. Мұндай нәтижелерді тек оларды салғастыру шарттарымен қолдануға болады. Өндірісті автоматтандыруы дәлдікті жоғарлатуға, анық және салғастыру өлшеулерге мәжбүрлейді. Мәселе қиындаған сайын, метрология үлкен мәнге ие болады.

Қызмет етудің барлық түрлері өлшеусіз ойсыз. Қәсіпорының көп саласында өлшеуге байланысты шығын көлемі – жылдық капитал кірісінің 30% -дан астам құрайды. Материалдың, энергетикалық және де басқа ресурстарды үнемдеу мәселесін шешуде метрологиялық қамтамасыз ету үлкен мәнге йе болоды, өйткені анық садық есептеу материалдың құндылықтарды, электрлік және отын энергиясын, мұнай және мұнай өнімдерін, газды, су ресурстарын жоғалтуды ағайту және үнемдеу негізгі бойынша табылады.

Метрологиялық қызметтің болмауы, өлшеу бірліктерін қамтамасыз ету бойынша жағдайлардың және ережелердің бұзылуы - өнім сапасын бақылауың жүргізу өлшеулеру кезінде, технологиялық процестерді реттеу кезінде, ауру сырқаттарды емдеу және анықтау кезінде үлкен шығынға алып келеді.

Өнімді өндіру кезінде дайын өнімнің сапасын бағалауда тек өлшеу жағдайын емес және де белсенді бақылау көмегімен технологиялық процестегі сапа көрсеткіштерін бақылау мүмкіншілігіне және өлшеу жағдайына назар аудару қажет. Жаңа бұйымды ойлап табу алдында және әрбір технологиялық процесті шығаруда шығарылған және аттестатталған өлшеу және сынау құралдарын және әдістерін қолдана отырып, өндірістің метрологиялық дайындығы туралы сұрақтарын шешіп алу қажет.

Өлшеу кезіндегі қолданылатын әдістемелер метрологиялық аттестатталған және тіркеуден өтуі керек. Аттестатталған әдістеменің талабын қатаң қадағалай отырып, оператор, яғни ол алған өлшеу нәтижесі, қателігі берілген шегінен шықпағаны туралы сенімді болуы керек.

Қызмет ерудің барлық бағыттарындағы объектілерде метрология заңнамасының жағдайы білетін, теоретикалық метрологияны жасаудың негізін және практикада іс-жүзіне асыра білетін мамандар қажет. (өлшеу жағдайына жауапты бас метрологтар, өлшеуді жүргізетін операторлар). Мұндай мамандарды «бакалавриат» стандарттау, метрология және сертификатау» бойынша біздің университет дайындайды. «Метрология» бағытында бүгәнгә таңда магистратура мамандарының жаңа классификаторына шығуыеа байланысты магистратурада «метрология» бағытында білімді жалғастыруға болады.

Метрология саласында мамандарды дайые төрт тіректі модульдерге негізделеді: инженерлі дайындықта, экономды-басқару дайындықта, ақпаратты технология саласында дайындықта, сапаны қамтамасыз ету дайындықта. Оқу процесі кезінде анық өлшеуші ақпараттар алу, түрлендіру, өңдеу және беру әдістерін және құралдарын, қызмет көрсетудің және бақылау өнімінің сапасын сараптау және бақылау әдістерін оқиды және өндірісті метрологиялық қамтамасыз ету және метрология саласындағы саясатты анықтайтын, халықаралық құқық және ұйымдар талабына сәйкес метрология бойынша жұмыстарды өткізу және ұйымның тәртібін оқиды.



Бақылау – бұл бұйым параметрі мәнінің анықталған талаптарға немесе нормаларға сәйкестігін анықтау процесі. Бақылау өлшеуді түрлендіруден, бақыланатын ұдайы өсіру операциясынан және бақылау нәтижесін салыстыру мен анықтаудан тұрады.

Өлшеу мен бақылаудың айырмашылықтары келесіден тұрады:

  • өлшеу нәтижесі – сандық сипаттама, ал бақылау – сапалық;

  • өлшеу өлшенетін шама мәндерінің кең ауқымында болады, бақылау – мүмкін болатын жағдайлардың шағын санының шамасында;

  • өлшеудің негізгі сипаттамасы – дәлдік, ал бақылаудың негізгі сипаттамасы шүбәсыздық болып табылады.

Өлшеу құралдарын тексеру тәсілдері. Тексеру – метрологиялық сипаттамаларды және олардың қойылған талаптарға сәйкестігін анықтау негізінде, өлшеу құралдарының қолдануға жарамдылығын анықтау операциясынегізгі . Негізгі метрологиялық сипаттама – тексерілетін өлшеу құралын аса дәл жұмыстық эталонмен салыстырумен анықталатын қателік. Мына тексерістерді ажыратады: мемлекеттік және ведомстволық; периодтық және тәуелсіз; кезектен тыс және инспекциялық; кешенді және басқа. Тексеру жүргізудің негізгі талаптары мен тәртібі ПР 50.2.006-96 «МӨЖ. Өлшеу құралдарын тексеру. Ұйымдастыру және жүргізу тәртібі» ережелерінде келтірілген. Тексеруді метрологиялық қызметтер орындайды; қолдануға жарамды деп танылған өлшеу құралы, тексеру туралы куәлікпен, тексеру таңбасын салумен немесе нормативтік-техникалық құжаттарға сәйкес басқа тәсілдермен ресімделеді. Шаралар мына жолмен тексерілуі мүмкін:

  • компаратордың (салыстыратын өлшеу құралы) көмегімен аса дәл өлшеммен салыстыру, бұл қарама-қарсы қою немесе орын ауыстыру әдісімен жүзеге асырылады;

  • өлшеммен ұдайы өсірілетін шаманы дәлдік класы сәйкес аспаптармен өлшеу. Бұл жағдайда тексеру көбінесе градуирлеу деп аталады. Градуирлеу –өлшеудің үлгілік құралының көрсеткіштеріне сәйкес келетін шкалаға белгілер салу; жинақтың тек бір ғана өлшемі аса дәл өлшеммен салыстырылғанда, ал басқа өлшемдердің мөлшерлері олардың аспаптарда өзара салыстырылуымен анықталғанда, калибрлеу.

Өлшеу аспаптарын тексеру мына әдістермен жүргізіледі: өлшенетін шамаларды және өлшемдермен ұдайы өсірілетін шамаларды тікелей салыстыру. Нәтижелердің ең үлкен айырмашылығы аспаптың негізгі қателігі болып табылады; сол және бір шаманы өлшеу кезінде тексерілетін және үлгілік аспаптың көрсеткіштерін тікелей салыстыру. Көрсеткіштер айырымы – тексерілетін өлшеу құралының абсолюттік қателігі. Тексеру кезінде үлгілік және тексерілетін өлшеу құралдарының рауалы қателіктері арасындағы оңтайлы ара қатынасты таңдау болып табылады.

Стандарттық үлгілер Бірқатар өлшеу облыстары үшін стандарттық үлгілерді қолдану перспективалы болып табылады. Заттар мен материалдардың құрамы мен қасиеттерінің стандарттық үлгісі – бұл зат (материал) түріндегі өлшеулер құралы, оның құрамы немесе қасиеті аттестациямен анықталған. Стандарттық үлгілермен жұмыс істеу ережелерін МСТ 8.315-97 «МӨЖ. Заттар мен материалдардың құрамы мен қасиеттерінің стандарттық үлгілері. Негізгі ережелер» анықтайды. Стандарттық үлгілер өлшеулердің бірлігін және талап етілетін дәлдігін қамтамасыз ету үшін тағайындалған: градуирлеу, өлшеу құралын метрологиялық аттестаттау және тексеру; өлшеуді орындау әдістемелерін метрологиялық аттестаттау; өлшеу дәлдігінің көрсеткіштерін бақылау; заттар мен материалдардың құрамын немесе қасиеттерін сипаттайтын, физикалық шамаларды салыстыру әдістерімен өлшеу.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары

  1. Өлшеу құралдарын тексеру тәсілдері

  2. Өлшеу мен бақылаудың айырмашылықтары

Дәріс №15. Ғылыми жұмысты нәтижелі өңдеу. Ғылыми есеп берудің баяндамалық жоспарын құру
Жалпы сұрақтар

  1. Студенттердің ғылыми зерттеу жұмысын ұйымдастыру және өткізу туралы ережелер


Студенттердің ғылыми зерттеу жұмысын ұйымдастыру және өткізу туралы ережелер

1. Жалпы ережесі. Студенттердің ғылыми – зерттеу  жұмыстары маман даярлаудың ажырамас бөлігі  болып табылады және оқу, ғылыми үдерістер бірлігінде шешілетін университеттің негізгі мақсаттарының бірі саналады.

Ғылым мен техниканың қарқынды өсу деңгейінің әлемдік үдерістерге әсер ету, экономиканың ауқымдану шарттары Қазақстанда оның ғылыми әлеуетін күшейту жөнінде проблемалар туғызды. Қазіргі кезеңде мемлекеттің басты міндеттерінің бірі ғылымды қолдау және дамыту болып табылады.

Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары теориялық және қолданбалы проблемаларды қалыптастыруға қызмет етеді. ЖОО- да оқу үдерісі оқу, тәрбие, өндірістік іс- тәжірибе және ғылыми- зерттеу жұмыстарының болып табылады. Студенттердің ғылыми- зерттеу жұмыстары ЖОО әлемдік стандарттар талаптарына жауап бере алатын, ғылым мен білімді интеграциялауда көп жылдық отандық және шетелдік тәжірибелерге арқа сүйетін жаңа шарттарға сәйкес жүзеге асырылуы тиіс.

 

1. Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының   мақсаты мен міндеттері

Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының жүйесін ұйымдастыру және дамытудың негізгі мақсаты жоғары кәсіби білім беруде маман даярлаудың ғылыми деңгейін көтеру және оқуын ары қарай жалғастыру үшін талантты жастарды іріктеу, ғылыми- техникалық прогрестің жаңа жетістіктеріне, экономикалық ойлау мен мәдени дамуға қол жеткізу негізінде жоғары оқу орнында педагогикалық және ғылыми кадрлармен толықтыру.

Студенттердің ғылыми- зерттеу жұмыстары жүйесін ұйымдастырудың негізгі міндеттері мыналар:



  • студенттердің сабақтары мен ғылыми- зерттеу жұмыстарының интеграциясын қамтамасыз ету;

  • студенттерді шығармашылық, ғылыми және педагогикалық еңбекке баулу мен даярлаудың органикалық бірлігін жүзеге асыру;

  • студент жастардың жеке шығармашылық қабілеттерін ашу және оны жүзеге асыру үшін жағдайлар жасау;

  • студенттерді ғылыми жұмысқа көптеп тарту және нәтижелілігін арттыру;

  • педагогикалық ғылыми жұмыстарға деген қабілеті бар талантты жастарды іріктеу;

  • студент  жайында ғылыми – педагогикалық сапа және ғылыми қызметкер қалыптастыру және дайындау;

  • Болашақ мамандарда өндіріс орындары мен мекемелерде ғылыми негізделген кәсіптік жұмыстарды алып кете алу шеберлігін , тез бейімделе алу  қабілетін, алған білімі мен шеберлігін өзгерген талапкерлерге сай қолдана алу; жоспарлаудың методологиясы мен практикасын меңгеру, нарықтық қатынас жағдайларында маңызды шешім қабылдай білу; біліктілігін көтеруге және қайта даярлануға дайындығы мен қабілетін қалыптастыру және дамыту;

  • конструкторлық -  жобалау жұмыстарына икемі бар, өндірісте өзін-өзі басқару дағдысы қалыптасқан, нақты ғылыми-практикалық іс-шараларды сауатты жасай алатын және жүзеге асыратын жоғары білікті маман, жетекшілер даярлау.

  • қоғам мен мемлекеттің қазіргі қателіктеріне байланысты ғылымның басым бағыттарына студенттерді тартуда ғылыми-зерттеу жұмыстарының тиімділігін арттыру;

  • қаржыландыруды жоғары оқу орнының бюджеттен тыс және инновациялық жұмыстарына байланысты арналардан іздеу және жүзеге асыру.

  • елде, сондай-ақ жақын және алыс шет елдерде жоғарғы оқу орындарыаралық ғылыми байланыстарды дамыту.

 

2. Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастырудың негізгі бағыттары

Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастырудың негізгі бағыттары ретінде мыналарды ескерген жөн:



  • Түрлі ғылыми-зерттеу жұмыстарды орындауда студенттер мен оқытушылардың бірлесе жұмылуының арқасында оқу үдерісі сапасын көтеру;

  • Студенттердің қолданбалы, әдістемелік, ізденушілік және іргелі ғылыми  зерттеулер жүргізуге қатысуы;

  • Жоғары оқу орындарының ғылыми мектептерінде ұрпақ ізбасарлығын қолдау және дамыту;

  • Студенттерде өз бетінше тұжырымдар мен қорытындылар жасай білу қабілетін дамыту;

  • Студенттерге оқу үдерісінде қазіргі ғылымның түрлі бағыттарында өз күштерін сынай білуге мүмкіндік беру;

  • Студенттерді өнертапқыштық, шығармашылық жұмыстарға тарту;

  • Студенттердің оқу жоспарынан тыс жүзеге асырылатын ғылыми-зерттеу жұмыстарына кеңінен қатысуы;

  • Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының ғылыми-техникалық іс-шаралар нәтижелілігін арттыру;

  • Студенттердің түрлі ұйымдастыру – құқықтық формаларының ғылыми-шығармашылық бірлестіктерінде білім мен кәсіпкерлікті ұштастыру;

  • Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру мен жетекшілік етуде ЖОО оқытушылар құрамы мен ғылыми қызметкерлердің қатысуын жандандыру.

                       Негізгі түрлері

1.    Оқу үрдісіндегі арнайы ғылыми-зерттеу жұмысы

2.    Оқу үрдісін толықтырушы ғылыми-зерттеу жұмысы

3.    Оқу үрдісімен қатар жүргізілетін ғылыми-зерттеу жұмысы



СҒЗЖ негізгі ұйымдастырылып жүргізілетін тиімді түрлеріне :

  • Оқу жоспары негізіндегі оқу-зерттеу жұмысы.

  • ҒЗЖ кей мәселерін (элементтерін) жүргізілетін дәрістерге қосу.

  • Ғылыми бөліктерден немесе толықтай ғылыми зерттеуден тұратын дипломдық жұмыстар.

  • Профессор-оқытушылардың нақты жетекшілігімен белгілі бір ауқымды мәселелерді шешудегі студенттердің өзіндік зерттеу жұмыстары.

  • ҒЗЖ  іс-тәжірибелерге қосу.

  • Берілген тақырыпқа байланысты орындалатын ғылыми реферат жұмыстар.

  • Студенттердің ғылыми үйірмелері. Студенттік құрылыс бөлімдері. Студенттік ғылыми-техникалық бөлімдері. Студенттік конструкциялық орталығы.

  • Патент алу мақсатында студенттердің ғылыми ізденісі.

  • Белгілі бір мәселе төңірегінде жинақталған студенттік ғылыми топтары немесе лабораториялық не басқа да шығармашылық бірлестіктер.

  • Әр  түрлі көздерден (грант, келісім шарт, мемлекет қаржысы негіздерінде) қаржыландырылатын ғылыми-зерттеу жұмыс жоспарларының орындалуына  студенттерді қатыстыру.

  • Студенттердің әр түрлі деңгейлерде өткізілетін айтулы іс-шараларға қатыстырылуы (кафедрадағы, факультеттегі, аймақтық, республикалық, халықаралық). Мұндай іс-шаралар СҒЗЖ жүйесін тұрақты дамытуға, сондай-ақ әрбір студенттің шығармашылық деңгейін арттруға септігін тигізеді. Оларға қатыстылар: ғылыми семинарлар, конференциялар, синпозимдар, ғылыми және оқу үрдісіндегі студенттердің  зерттеу жұмыстары жөніндегі түрлі жарыстар, әр сала немесе мамандық бойынша өткізілетін жарыстар.

  • Ғылыми зеттеу жұмыстарына қабілеті бар студенттерден жинақталған топтарға арнайы өткізілетін дәрістер.

  • Барлық оқу жоспарларына   « Ғылыми зерттеулердің негізі » атты курстарды ендіре отырып, студенттердің өзіндік ғылыми жұмыстарының өз қабілеті шеңберінде орындалуын, жаңаша ғылыми жұмыстарының, ғылыми зерттеу жұмыстарының зерттеу әдіс-тәсілдерімен танысу.

  • Түрлі ақпарат көздері негізінде студенттерді ғылыми – техникалық мәліметтермен қамтамасыз ету.

  • Студенттердің түрлі жаңашыл ғылыми ізденістерге қатысуын қамтамасыз ету.

 

СҒЗЖ кешенді жүйесі. Студенттерді ҒЗЖ айналысуын барлық оқу кезеңінде үздіксіз қамтамасыз етуге міндетті. СҒЗЖ негізгі маңызды қағидасы айналысу тәсілі мен түрінің курстан курсқа, кафедрадан кафедраға, бір оқу саласынан келесі біріне , бір оқу түрі мен тапсырмасынан екінші бір түріне негізделеді. Мұнда негізгі зерттеу жұмысының қиындығы студенттердің оқу үрдісінде зерттеу қиындықтарын біртіндеп жоғарылатып отыру. Мәселен, студент бірінші және екінші курстарда бүтін және негізгі жұмыстардың жиынтығы мен, жалпы ғылыми дайындық жасаудағы жаңашылдықпен, ғылыми жұмысты орындаудағы қабілеті мен қарапайымдылығымен, өз қабілеті мен ғылыми жұмысты орындалуға негізделуі тиіс. Мұнда рефераттық жұмыстармен лабораториялық жұмыстар шеңберінде орындалатын ғылыми зерттеу жұмыстары. Ал үшінші курста жалпы техникалық және арнайы дайындықтар, көлемі үлкен емес өзіндәк ғылыми жұмыстардың орындалуы және шығармашылық негіздегі тапсырмалар, жаңашыл ғылыми зерттеулерді негіздеу, зерттеу әдістерін тереңдету, техникалық құрал жабдықтар негізінде ғылыми зерттеулер жасау  және нәтижесін шығару . Бұл деңгейде міндетті түрде оқу орнының ішіәнде өткізілетін конференциялар, ғылыми жұмыстар негізінде өткізілетін жарыстар, ғылыми зерттеу жұмыстарының тапсырмалары мен түрлерінің қиындауы, ауқымының кеңейуі секілді жұмыстармен қамтамасыз етілуіә тиіс.  Мұнда жұмыс айқындала түседі.

Мазмұнды шығармашылық сипат алады. Жоғарғы курстарда білімді, дағдыны ары қарай қалыптастыру, жетілдіру және бекіту, шығармашылық ойлауды дамыту және нақты міндеттерді шешуге, өз бетінше шешім қабылдауға және жүзеге асыруға үйрену, алынған  білімді тәрбиеде пайдалану, жеке тапсырмалар бойынша студенттердің өз бетінше ғылыми зерттеу жұысы үдерісінде жүргізіледі. Содықтан олар барлық деңгейдегі конференцияларға, байқауларға қатысу, университет қызметкерлерінің жетекшілігімен  ҒЗЖ жүргізу, диплом жұмыстарының байқауына,  ҚРБҒМ байқауына, гранттар байқауына қатысуы керек.

Бұдан басқа ғылыммен айналысатын студенттердің сонғы курстарда оқытушылармен қызметкерлердің жетекшілігі мен студенттердің шығармашылық ұжымы жоғары оқу орынындарының лабораториялары мен өндірістерде зерттеумен, жобалау – конструторлық талдамалармен айналысатын, оның ішінде кешенді дипломдық және курстық жобаларды орындаумен, кейін нәтижесі қызығушылық танытқан өндірістерге енгізетін ғылыми-техникалық отрядтарға қатысуы міндетті болып саналады.Бұл студенттерге нақта міндеттермен,олардың шешімін, жобасын жасауға және өздерінің ұсыныстарын тәжірибеде жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Гранттар беру ғылыми және басқа да шығармашылық қызметті қаржылық қолдаудың бір түрі болып табылады.Жоғарғы оқу орындарының оқытушылары мен ғылыми қызметкерлерге байқау нәтижесі бойынша нақты ҒЗЖ орындауға берілген грантқа студенттерге төлеу арқылы оларды қатысуға тарта алады (қатыстыра алады).Бұдан басқа қазіргі кезде талантты студенттер мен студенттердің кіші ғылыми топтарының, уақытша студенттердің еңбек ұжымы, ғылыми және техникалық қызметін қарджыландыру үшін байқау негізінде гранттар беру кеңінен дамуда.

Студенттер, сондай-ақ жоғарғы оқу орындарының ұжымдық шығармашылық және ұйымдасқан жұмыстардың дағдыларын үйрену мақсатында ұйымдастырылатын және де жоғары оқу орындарының лабораториялары мен кафедраларына,өзінің қызмет саласының ұйымдар мен мекемелеріне тәжірибелік көмек көрсететін ғылыми, техникалық, жобалау, экономикалық  және басқа да студенттік  бюролар мен ұйымдардың құрамында ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізе алады.

Оқу үрдісін ұйымдастыру ғылымның қазіргі жетістіктерін, мәдениет, экономика, ғылым, техника мен технология салаларындағы өзгерістерді көрсететін білім берудің барлық қырларының жүйелі жаңаруын ескере отырып жүргізілуі керек. Бұл салада нақты нәтижелер алу үшін автордың жасына сәйкес түзетілген тәжірибеден өткізілген технологиялар,өзіндік ғылыми жұмыстар,мақалаларына енгізілген теориялық және практикалық оқудың синтезіне ерекше назар аудару керек.

Мамандықтар бойынша жоспар жасау қоғамдық ғылымдар, жалпы ғылыми, технологиялық мамандық пәндері, кафедралары  бітіруші кафедраларымен бірге жүргізледі. Жұмысты алдын-ала білімге, дағдыға, іскерлікке маманның сапасына нақты талаптар қоятын бітіруші кафедра бақылайды.

Студенттердің ғылыми зерттеу жұмысы міндетті есеп берумен, конференция, үйірме отырысында баяндаумен, курстық жұмыс және т.б жазумен аяқталады.

Студенттердің сабақтан тыс уақытта табысты орындалған және оқу бағдарламасының  таланттарына жауап беретін ғылыми-зерттеу, жобалау-конструкторлық және шығармашылық-орындаушылық жұмыстары сәйкес келетін курстық жұмыстар, лабораториялық жұмыстар, дипломдық жобалармен басқа тапсырмалардың орнына есептелуі мүмкін.


  • Студенттердің ғылыми жұмыстары кафедралардың ұсынысымен жыл сайын сәуірде өткізілетін жоғары оқу орыдағы студенттердің конференциясында баяндалады.

  • Үздік «студенттік» жұмыстар АИУ СҒЗЖ бойынша ҒТК комиссиясының ұсынысымен аймақтық,республикалық байқауларға жіберіледі.

  • СҒЗЖ ұйымдастыру мен ғылыми-зерттеу жұмыстарындағы жетістіктері үшін студенттер мақтау қағазымен,ақшалай сыйлықпен марапатталуы мүмкін.

  • Ғылыми-зерттеу жұмыстарында улкен ерекшелік көрсеткен студенттер

Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысын қаржыландыру.

  • ҒЗЖ жүргізуге байланысты қажеті материалдық  шығындар (құрал жабдықтарға, материалдарға) ғылыми-зерттеу жұмыстарына университетке мемлекеттік бюждеттен бөлінген қаржы есебін және шаруашылық келісім жасалған тапсырыс беруші қаржы есебінен бекітілген тәртіп бойынша жүргізіледі.

  • Студенттерге байқаулар мен көрмелердегі жеңістері үшін берілетін бір жолғы ақшалай стипендияны төлеу бюджеттен тыс қаржыға немесе  ОҒЗЖ қаржыларына жүргізіледі. Қаржыны жұмсауды бақылауды университеттің Ғылыми кеңесі мен және СҒҰ Кеңесімен жүргізіледі.


Студенттердің оқу зерттеу жұмысын ұйымдастыру және өткізу туралы ережелері






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет