29 – сурет. Центробежді скруббер
Ылғалды тазарту құралдарының кең тараған түрі – Вентури скруббері (30 – сурет). Ол шашыратқыш форсункадан, Вентури түтіктерінен, тамшы ұстаушылардан құралады. Вентури түтігінде жіңішкеретін алаң (конфузор) және ұлғаятын алаң (диффузор) болады. Форсунок шашыраңқы сұйықтықты жылдамдығы 30-40 м/с тамшыларға ыдыратады. Вентури түтігінде шаң бөлшектері сұйықтық тамшыларына қонады. Тазалану дәрежесі тамшының Вентури түтігінің конфузорлы бөлігіне бір қалыпты түсуіне байланысты. Диффузорлы бөлікте ағым жылдамдығы 15 – 20 м/с дейін төмендейді де тамшы ұстағышқа түседі. Вентури түтігі өлшемі 1 – 2 мкм аэрозольдерден (99%) тиімді тазартады.
1. Шашыратқыш форсунка 30 – сурет. Вентури скруббері
2. Вентури түтігі
3. Тамшы ұстауыш
Ылғалды шаң ұстауыштарға барботажды – көбікті шаң ұстауыштар жатады (31 - сурет). Осындай аппараттарда тазартылатын газ тор арқылы сұйықтық қабатынан өтіп, шаң бөлшектерінен тазарады. Жылдамдығы 1 м/с аспайтын тазаратын ауа немесе газ шашыраңқы сұйықтықтан көпіршік түрінде өтеді. Аппараттың осындай жұмыс режимін барботажды деп атайды. Аппаратта тазартылатын газдың жылдамдығы ұлғайған сайын (2 -2,5 м/с) көбікті қабат пайда болып, тазару тиімділігі де өседі. Қазіргі кездегі барботажды – көбікті шаң ұстауыштар газды ұсақ дисперсті шаңнан тазарту тиімділігі 0,95 – 0,96 дейін.
Осындай аппараттардың қолайсыз жағына тордың шаңға толып кетіп, тазарту тиімділігінің төмендеуі жатады.
1. Қорап
2. Көбік қабаты
3. Тор
31 – сурет. Торды барботажды – көбікті шаң ұстауыш
Тазартылған ауаны тамшыдан тазарту үшін барлық сепараторларда арнайы құрылғылар болады. Оның ең қарапайым түріне жататыны: ауа ағымын ұлғайқанда газ жылдамдығы төмендейді де тамшы өзі бөлінеді. Жалюзді торлар да кең қолданылады. Тамшы ұстауышқа циклонды да қолданады.
Фильтрлі тазарту аппараттары шаң бөлшектерінің фильтрлі перегородкада тұнып, газ тазарады.
Түріне қарай фильтрлі перегородкалар иілгішті, жартылай қатты және қатты болып бөлінеді. Фильтрлі материалды таңдау тазарту дәрежесіне, температураға, ылғалдылыққа, шаңның өлшемі мен санына баланысты болады.
Өндірісте көбінде фильтрлі құрылғылар екі режимде жұмыс істейді :
фильтрлеу және регинирлеу. Регенерация тазарту процесін арзандатады. Мұнда қолданылатын маталарды сілкіп, тазартып немесе жуып қайта қолдануға болады.
Өндірістегі газды тазарту жүйелерінде рукавты фильтрлер көп қолданылады (32 - сурет). Фильтрлеу жылдамдығы 0,02 – 0,2 м/с.
1. Сопло
2. Қысылған ауа
3. Соленоидты клапан
4. Қысылған ауа ағыны
5. Рукав
6. Каркас
7. Бункер
32 – сурет. Импульсті ауа айдаушысы бар каркасты рукавты фильтр
Электрофильтрациялы тазарту аппаратары көп көлемдегі газды шаң мен тұманнан (майлы) тазартуға арналған. Жұмыс істеу принципі бірдей (33 - сурет). Тазартылған газ корондаушы және тұнбалы жүйе электродтарынан өтеді. Корондаушы электродтарға кернеуі 60000 В ток өткізілген. Мұнда шаң бөлшектерінің иондалуы жүріп, олар электрлі заряд алады. Электрофильтрлер бір немесе бірнеше бөліктерден тұрады. Тізбектей жалғанған аппараттар көппольді (многопольные), ал параллель жалғанған аппараттар көп секционды немесе көп камералы деп аталады.
33 – сурет. Электрофильтрдің түрлері:
а) — верикалды түтікті бірзоналы бір польді (однопольный);
б) — горизонтальді пластинді екізоналы бір польді;
в) — горизонтальді екізоналы бір польді;
1. Электроқорек агрегаты
2. Изоляторлар
3. Корондаушы электродтар
4.Ттұнба жасаушы электродтар
5. Иондауыштың теріс электродтары
6. Иондауыштың оң элеектродтары
Вентиляционды қалдықтарды шаңнан, минералды май тұманынан, пластификаторлардан тазарту үшін электрлі УУП түрлі (34 – сурет) тұман ұстауыштар құрастырылған. Олар 13 кв кернеу көзімен қоректенетін электровод ФЭ (екі зоналы электрофильтр) блогы бар қораптан тұрады. Электроводқа қорек клеммасы бар жоғары вольтті электроизолятор көмегімен жеткізіледі. УУП тұман ұстауышы жоғары тиімділігімен және төмен гидравликалық кедергісімен ерекшеленеді. Электрофильтрдің тиімді жұмысының шарты болып ауаның ластануын болдырмайтын камералардың ауаның тығыздығы (герметичность) табылады.
Өзін тексеру үшін арналған сұрақтар:
1.Ауаны шаңнан ылғалды тазарту құрылғылары қалай жіктеледі?
2. Іші қуыс, форсункалы және насадкалы скрубберлердіңтазарту принципі қандай?
3. Центробежді скруббері және Вентури скрубберлерінің тазарту принципі қандай?
4. Торды барботажды – көбікті шаң ұстауыштың тазарту принципі қандай?
5. Импульсті ауа айдаушысы бар каркасты рукавты фильтрлердің тазарту принципі қандай?
6. Электрофильтрдің және тұман ұстағыштың тазарту принципі қандай?
Оқулықтар мен қосымша әдебиеттер:
1,5,10.
№ 8. Сабақ тақырыбы:Ауыз су, табиғи су және ақаба сулардың сапасын тексеретін, бақылайтын аспаптар.
Достарыңызбен бөлісу: |