ПОӘК 042-14 05 20. 56/03- 2011 №2басылым 30. 09. 11ж 100беттің 1-сі



бет14/14
Дата28.01.2018
өлшемі13,51 Mb.
#34632
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

Жұмыс реті:

1. Радиоактивті сәулеленуді анықтау әдістерімен танысу.

2. ДКП-50А дозиметрінің пайдалану мақсаты мен жұмыс принциптерін оқып білу.

3. ДП-22, ДП-24, ДП-5А, ДП-3Б дозиметрінің пайдалану мақсаты мен жұ-мыс принциптерін оқып білу.



Радиоактивті сәулеленуді анықтау әдістері және дозиметрлік құралдардың түрлері.

Иондаушы (радиоактивті) сәулелерді анықтау принципі осы сәулелердің ортаның затын иондау қабілетіне негізделген.

Иондаушы сәулелерді анықтау және өлшеу үшін келесі әдістер қолданылады: фотографиялық, сцинтилляционды, химиялық және иондаушы.

Фотографиялық әдіс фотоэмульсияның қараю дәрежесіне негізделеді. Иондаушы сәулелердің әсерінен фотоэмульсиядағы бромды күмістің молекулалары күміс пен бромға ыдырайды. Пленканы шығару кезінде оның қараюын тудыратын жоғарыда түзілген күмістің ұсақ кристалдары. Осы принципке жеке фотодозиметрлер жұмысы негізделген.

Сцинтилляционды әдіс. Иондаушы сәулелердің әсерінен кейбір заттар (күкірт цинкі, иодты натрий) жарық шығарады. Жарқырау саны сәулелену мөлшерінің қуатына пропорционалды және фотоэлектронды көбейткіш—арнайы құрал көмегімен тіркеледі.

Химиялық әдіс. Кейбір химиялық заттар иондаушы сәулелердің әсерінен өзінің құрылымын өзгертеді. Судағы хлороформ сәулелену кезінде хлороформға қосылған бояғышпен, түсті реакцияға түсетін тұз қышқылына ыдырайды. Екі валентті темір қышқылды ортада, суды сәулелеу кезінде НО2 және ОН бос радикалдарының әсерінен үш валенттіге тотығады. Үш валентті темір, бояғышпен түсті реакцияны береді. Бояу қоюлығына қарап, сәулелену мөлшерін (жұтылған энергия) байқаймыз. Осы принципке ДП—70 және ДП—70м химиялық дозиметрлер жұмысы негізделген.

Қазіргі кездегі дозиметрлік иондаушы сәулелерді өлшеу және анықтаудың иондаушы әдісі кең қолданыс тапты.

Иондаушы әдіске негізделген құралдардың құрылысы (26-сурет) бірдей және оған кіретіндері: қабылдағыш қондырғы (иондаушы камера немесе газразрядты санауыш) 1, иондаушы тоқтың күшейткіші (электрометрлік шамнан 2, жүктегіш кедергі 3, басқа да элементтерден тұратын электрлік сызба), тіркеуіш қондырғы 4 (микроамперметр) мен қоректену көзі 5 (құрғақ элементтер немесе аккумуляторлар).



26 –Сурет. Иондаушы әдіске негізделген құралдардың құрылысы.


Иондаушы камера дегеніміз—ішінде бір-бірінен оқшауланған екі электрод - конденсаторлар орналасқан, ауамен толтырылған тұйық көлем. Камераның электродтарына тұрақты тоқ көзінен кернеу беріледі. Иондаушы камера тізбегінде иондаушы сәуле болмағанда тоқ болмайды, себебі ауа изолятор болып табылады.

Сәулелердің әсерінен иондаушы камерада ауа молекулалары иондалады. Электр өрісінде оң зарядталған бөлшектер катодқа қарай ығысады, ал теріс зарядталғандары анодқа тартылады. Камера тізбегінде микроамперметрмен өлшенетін иондаушы тоқ пайда болады. Иондаушы тоқтың сандық мәні сәулелену қуатына пропорционалды. Демек, иондаушы тоқ бойынша камераға әсер ететін сәулелену мөлшерінің қуатын бағалауға болады. Иондаушы камера қанығу шеңберінде жұмыс істейді.

Газразрядты есептегіш кіші белсенділіктегі радиоактивті сәулеленуді өлшеу үшін қолданылады. Есептегіштің жоғары сезімталдығы сәулелену қарқындылығы иондаушы камераға қарағанда ондаған мың есе аз сәулеленуді өлшеуге мүмкіндік береді.
Дозиметрлік құралдар олардың жұмыс принциптері.

Дозиметрлік құралдарды қолдану мақсаттары:



  • Сәулеленуді бақылау—адамдар мен ауылшаруашылық жануарлардың сәулені жұту немесе экспозиционды сәуленің мөлшері туралы мәліметтерді алу;

  • Адамдардың, ауылшаруашылық малдардың, сонымен қатар техниканың, көліктің, қондырғының, киімнің, жабдықтың, судың, мал азығының және тағы басқа да объектілердің радиоактивті заттармен радиоактивті ластануын бақылау;

  • Радиациялық барлау—жергілкті жердегі радиацияның деңгейін анықтау.

Сонымен қатар дозиметрлік құралдардың көмегімен әр түрлі

техникалық құралдардағы, заттардағы және топырақтағы нейтронды ағындармен сәулеленген, бағытталған радиоактивтілікті анықтауға болады.

Радиациялық барлау және дозиметрлік бақылау үшін объектілерде дозиметрлер мен экспозиционды дозаның қуатын өлшеуіштер қолданылады. Олардың тактико—техникалық сипаттамалары 1—кестеде берілген.

Құрамында қалталы туракөрсететін ДКП—50А дозиметрлері бар ДП—22В және ДП—24 жеке дозиметрлер толымы адамдар радиоактивті заттармен ластанған жерде жұмыс істегенде немесе ионды сәулелердің ашық және жабық көздерімен жұмыс кезінде алатын гамма—сәулелердің экспозиционды мөлшерін бақылау үшін арналған.



ДП—22В дозиметрлерінің толымы 3Д—5 типті зарядты қондырғыдан 1 және ДКП—50А типті қалталы туракөрсететін 50 жеке дозиметрлерден 2 тұрады.

ДП—24 дозиметрлерінің толымы ДП—22В қарағанда ДКП—50А типті бес дозиметрлерден тұрады.

ДКП—50А дозиметрі гамма—сәулеленудің жеке экспозициялық мөлшерін 2-ден 50 рентген аралығында өлшеуді қамтамасыз етеді. Қалыпты жағдайда дозиметрдің өздігінен разрядталуы тәулігіне екі бөліктен аспайды.

ИД—1 толымы –гамма-нейтронды сәуленің жұтылған дозасының мөлшерін өлшеуге арналған. Ол жеке ИД—1 дозиметрі мен 3Д—6 зарядтау құрылғысынан тұрады. ИД—1 дозиметрінің жұмыс принципі экспозициондық гамма-сәулесі мөлшерін өлшейтін ДКП—50А аспабымен бірдей.

Өзін тексеруге арналған сұрақтар:



        1. Радиоактивті сәулеленуді анықтаудың қандай әдістері бар ?

2. Иондаушы әдісдегеніміз не ?

3. ДП-22, ДП-24, ДКП-50А дозиметрінің пайдалану мақсаты мен жұмыс принциптерін қандай. ?

4.   ДП-22, ДП-24, ДКП-50А дозиметрінің техникалық сипаттамаларын келтіріңіз.
Оқулықтар мен қосымша әдебиеттер:

1, 5,11.


11. Сабақ тақырыбы:Азық-түліктің құрамындағы зиянды заттар мөлшерін өлшеуге, анықтауға арналған аспаптардың жұмыс принциптері.
Жұмыс мақсаты: Азық-түліктің құрамындағы зиянды заттар мөлшерін өлшеуге, анықтауға арналған аспаптардың пайдалану мақсатын, құрылы- сын,жұмыс принциптерін оқып білу.

Оқу құрал жабдықтары:

1. Әдістемелік нұсқау;

2. МЕСТ-тің анықтама жинағы.

Жұмыс тәртібі:

1.«ЭБИК/Морион», «Экотест-101», «Экотест-110» аспаптарының пайдалану мақсаттарымен, құрылысымен танысу.

2. «ЭБИК/Морион»,«Экотест-101», «Экотест-110» аспаптары сипаттамала-рыменжәне жұмыс принциптерімен танысу.
1.«ЭБИК/Морион» нитратомері.

2. «Экотест-101» электродты жүйесінің потенциалдарын цифрлық аз өлшемді түрлендіргіш

«Экотест-101» түрлендіргіші электродты жүйелердің, әртүрлі бірвалентті және еківалентті катион мен аниондардың электрлік потенциалдарын өлшеуге, потенциалдарды рХ белсенділік бірлігіне айналдыруға, сонымен қатар жоғарыомды милливольтметр ретінде пайдаланылады.

Түрлендіргіш өндірістің әртүрлі салаларында тұрақты және жылжымалы сараптамалық зертханаларда қолданылады.
Аспаптың техникалық сипаттамасы

Түрлендіргіштің өлшеу диапазоны:

белсенділікті өлшеу режимінде................................-1 ден 19,99 рХ бірлік

ЭҚК өлшеу режимінде..................................................-1999 дан +1999 мВ

Өлшеудің рұқсат етілетін абсолютті қателігінің шегі:

қышқылдық көрсеткіші рН және

ортаның белсенділігі рХ...............0,02 рН және рХ бірлігінен артық емес

ЭҚК......................................................................................5 мВ артық емес

Қолмен реттеу көрсеткішінің диапазоны

температураны............................................................................................0...100ºC

қоректеніуі..........................................автономды көзден (батарея, аккумулятор)

Қоректендіру кернеуі.............................................................................7,65...9,9 В

Масса................................................................................................5 кг артық емес

Түрлендіргіштің істен шығу...................................................12 000 ч артық емес


«Экотест-101» жұмыс істеу принципі электродты жүйенің ЭҚК-н тура потенциометрлік өлшеуін осы шаманың химиялық белсенділік рХ бірлігіне түрлендіруге негізделген.

«Экотест-101» қорап пен қақпақтан тұратын қорап тәрізді құрылым. Беттік панелінде сұйықкристалды индикатор орналасқан. Қорап ішінде радиоэлементтері бар печать платасы орналасқан. Қорап ішінде, тұрақты токтың ішкі көзі үшін батарея ұяшығы және электродты жүйені жалғауға арналған штеккерді ажыратқыш орналасқан. Комбинирленбеген электродтармен жұмыс істеу үшін арнайы ұя қарастырылған. Комбинирленбеген электродты тиісті ажыратқышқа, ал салыстыру электродын тиісті ұяға қосады (pH электродынан басқасын). Аспап Na+, K+, NH+, Ca+, Mg+, H+ және басқа иондардың ионоселективті қабыршақты (пленочный) электродтарымен жұмыс істейді. Салыстыру электроды ретінде хлоркүмісті электрод қолданылады.


3. «Экотест-110» сандық ионометриялық түрлендіргіш

«Экотест-110» зиянды қоспалардың концентрациясын, олардың бір және екі валентті иондарының электродтың потенциалын өлшеу арқылы анықтауға арналған. Бұл кезде электрлі потенциалдың белсенділік бірлігіне рХ түрленуі жүзеге асады. Бұл аспаптың көмегімен келесі элементтердің: Ag, Br, Ca, Cd, Cl, Cu, F, I, K, Ra, Hg, Na, Pb, S; химиялық қосылыстардың: NH4, NO3, CN, CIO4, CO3, CrO4 концентрациясын, сонымен қатар ортаның рН қышқылдың көрсеткішін анықтауға болады.

«Экотест-110» сараптамалық зертханаларда, өндірістің әртүрлі салаларында қолданылады.
Өзін тексеруге арналған сұрақтар:

1.  Жоғарыдағы аспаптар қандай деңгейдегі аспаптарға жатады?

2. .«ЭБИК/Морион» нитратомеріқандай әдіспен сараптау жүргізетін аспап?

3. «Экотест-101» аспабы қандай заттарды және қандай әдіспен зерттейді?

4.  «Экотест-110» аспабының сараптау жүргізу тәсілі қандай?

Оқулықтар мен қосымша әдебиеттер:



1, 2,5,11.

4. СТУДЕНТТІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫС ТАҚЫРЫПТАРЫ


ОСӨЖ

СӨЖ



аудиториялық

аудиториялық емес

1

2

3

1. Қоршаған ортаның сапасын бақылау


Өлшем түрлері және жабдық тары. Өлшем деңгейлері және өлшем қателіктері

Дәрістің кейбір сұрақтарын өз бетінше оқу және конспектілеу (Оқытушының материалы бойынша).

Теориялық материалды оқу және тәжірибелік жұмыстарына дайындалу

Тәжірибе жұмыстары бойынша есеп беруге дайындалу

2. Ауа бассейнін ластаушы негізгі заттар

Өлшеу аспаптарының сипаттамалары, аспаптарды тексеру, сынау түрлері, мақсаты

Дәрістің кейбір сұрақтарын өз бетінше оқу және конспектілеу (Оқытушының материалы бойынша).

Теориялық материалды оқу және тәжірибелік жұмыстарына дайындалу

Тәжірибе жұмыстары бойынша есеп беруге дайындалу

3. Ауаға шығары-латын шаң – газ лақтырындыларын тазартудың әдістері

Өлшем принциптері, әдістері, өлшем шамасының өзгеруі

Дәрістің кейбір сұрактарын өз бетінше оқу және конспектілеу (Оқытушының материалы бойынша).

Теориялық материалды оқу және тәжірибелік жұмыстарына дайындалу

Тәжірибе жұмыстары бойынша есеп беруге дайындалу

4. Ауыз Суды ластаушы зиянды заттарды тазартудың физикалық – химиялық әдістері

Тазарту әдістері, кондырғылар-дың жұмыс принциптері

Дәрістің кейбір сұрақтарын өз бетінше оқу және конспектілеу (Оқытушының материалы бойынша).

Теориялық материалды оқу және тәжірибелік жұмыстарына дайындалу

Тәжірибе жұмыстары бойынша есеп беруге дайындалу.

5. Газды ортаның тұйық жүйедегі қозғалысын бақылау мәселелері

Желдету жүйе-сін, микроклиматты реттеуші жүйе-лердің көрсет-кіштерін бақы-лайтын аспаптар

Дәрістің кейбір сұрақтарын өз бетінше оқу және конспектілеу (Оқытушының материалы бойынша).

Теориялық материалды оқу және тәжірибелік жұмыстарына дайындалу

Тәжірибе жұмыстары бойынша есеп беруге дайындалу

6. Атмосфералық ауа жағдайын бақылау әдістері мен аспаптары


Ауа жағдайын өлшейтін УГ-2, КИ-28014, ГИАМ – 21 аспаптарының құрылысы, өлшем принциптері

Дәрістің кейбір сұрақтарын өз бетінше оқу және конспектілеу (Оқытушының материалы бойынша).

Теориялық материалды оқу және тәжірибелік жұмыстарына дайындалу

Тәжірибе жұмыстары бойынша есеп беруге дайындалу

7.Ақаба суларды тазарту әдістері

а)Гидромеханика-лық тазарту әдістері;

б)Химиялық


Таза су, ақаба судың сапасын тексеру әдістері мен аспаптары – Биотокс, КФК-2, ФЭК-56М,

Дәрістің кейбір сұрақтарын өз бетінше оқу және конспектілеу (Оқытушының материалы бойынша).

Теориялық материалды оқу және тәжірибелік жұмыстарына дайындалу

тазарту әдістері;

с)Биохимиялық және терми

ялық тазарту әдістері


полярографтар, ИКС, НФМ, ЭФ-3МА құрылымдары

Тәжірибежұмыстары бойынша есеп беруге дайындалу

8.Топырақтың көрсеткіштерін, сапасын бақылау әдістері мен аспаптары

Топырақтың сапасын бақылау аспаптары – «АП-дельта», «Мерк» SQ-118 фотометрі, «Спектроквант» . Сараптау жүйесі

Дәрістің кейбір сұрақтарын өз бетінше оқу және конспектілеу (Оқытушының материалы бойынша).

Теориялық материалды оқу және тәжірибелік жұмыстарына дайындалу

Тәжірибе жұмыстары бойынша есеп беруге дайындалу.

9.Қоршаған ортаның адамға зиянды әсерлерін бақылауға арналған аспаптар


Жарық шама-сын, шу мен ді-рілді, радиоак-тивті сәуленің мөлшерін бақы-лау аспаптары мен әдістері

Дәрістің кейбір сұрақтарын өз бетінше оқу және конспектілеу (Оқытушының материалы бойынша).

Теориялық материалды оқу және тәжірибелік жұмыстарына дайындалу

Тәжірибе жұмыстары бойынша есеп беруге дайындалу.

5.ӘДЕБИЕТТЕР
5.1. Негізгі әдебиеттер

  1. Голицын А.Н. Основы промышленной экологии. Учебник для Вузов. – Москва, «Академия», 2007 г.

  2. Н.Г.Фарзане, Л.В Илясов, А.Ю.Азим-заде. Технологические измерения и приборы. Учебник для ВУЗ-ов.М; Высш.школа.1989г.

  3. Оспанова Г.С, Бозшатаева Г.Т.Экология. Алматы, 2002 ж.

  4. Хоружая Т.А. Методы оценки экологической опасности. Москва.1998г.

  5. Алибаева М.Ш, Экологиялық нормалау негіздері және экологиялық сараптама. Семей 2010.

6. «ҚР-ң Экологиялық кодексі» 6.01.2007ж.

7.Федорова А.И., Никольская А.Н. Практикум по экологии и охране окружающей среды. Москва. -2003г.

8.Фурсов В.И. Экологические проблемы окружающей среды. Алматы.- 1991г.
5.2. Қосымша әдебиеттер
9.А.Ж.Акбасова Г.Ә.Саинова «Экология»Алматы,2003ж.(97-117беттер)

10. Сагимбаев Т.К. Экология и экономика. Алматы.-1997г.



11. Новиков Ю.В. Экология, окружающая среда и человек. Учебное пособие. Москва. -1998г.

6. «Қоршаған ортаны бақылау әдістері мен құралдары» пәнінен емтихан сұрақтары. (3 кридитке)


  1. Қоршаған ортаны бақылау әдістері мен құралдары пәнін оқытудағы мақсат және міндет

  2. Өндірістік ортаның қауіпті және зиянды факторлары

  3. Қоршаған ортаның қауіпті және зиянды факторлары

  4. Өндірістік ғимараттарға қойылатын санитарлық- гигиеналық талаптар

  5. Жұмыс орындарына қойылатын санитарлық- гигиеналық талаптар

  6. Ауа температурасын өлшеу әдістері, өлшем бірліктері

  7. Жұмыс орындарындағы ауаның құрамындағы шаңды анықтау және өлшеу әдістері

  8. Жұмыс орындарындағы ауаның зиянды газдармен ластануын анықтау әдістері

  9. Микроклиматтың көрсеткіштері, ауаны жеделдету әдістері

  10. Ауа қозғалысының жылдамдығын анықтауға арналған аспаптардың құрылысы және жұмыс принциптері

  11. Шу мен дірілді өлшеуге арналған аспаптардың құрылысы және принциптері

  12. Шу мен дірілдің көрсеткіштері, олардың өлшем бірлігі

  13. Ю-116 люксметрінің құрылысы. Жұмыс істеу принципі

  14. Жарықтың көрсеткіштері, олардың өлшем бірліктері

  15. Судың физикалық қасиеттерін анықтау әдістері

  16. Судың химиялық қасиеттерін зерттеу әдістері

  17. Электромагниттік толқындардың, иондаушы сәулелердің әсері.Оларды өлшеу. Әдістері, аспаптары

  18. Ультрокүлгін сәуленің адам организміне әсері. Оның мөлшерлеу өлшеу әдістері

  19. Өлшеудің үлгілік және жұмысшы құралдары.

  20. Қоршаған ортаның жағдайын бақылау аспаптарының жіктелуі.

  21. Бақылау, өлшеудің құралдары мен әдістері

  22. Аспаптардың сезімталдығы және өлшем шамасының (градуировочная) сипаттамалары

  23. Өлшеу, бақылау құралдарының қателік мөлшері

  24. Аспаптарды салыстыру (поверка) түрлері, оны өткізудің және рәсімдеудің жалпы әдістемелік реті

  25. Салалық және мемлекеттік салыстыру реті

  26. Өлшем жүргізу реті. Өлшем жүргізу түрлері

  27. Аспаптардың қателік мөлшері. Қателік мөлшері түрлері

  28. Ауа температурасын өлшеу аспаптарының топтастырылуы, жұмыс принциптері

  29. Ауа ылғалдылығын өлшеу аспаптарының топтастырылуы, жұмыс принциптері

  30. Ауа қозғалысын өлшеу аспаптарының топтастырылуы, өлшем бірліктері, әдістері

  31. Физикалық шамаларды өлшеу әдістерінің топтастырылуы

  32. Қысымды өлшеу аспаптарының топтастырылуы; жұмыс принциптері

  33. Кедергілік термометрдің құрлысы мен жұмыс принциптері

  34. Шығынды өлшейтін аспаптардың топтастырылуы және жұмыс принциптері

  35. Заттардың концентрациясын өлшейтін аспаптардың жұмыс принциптері бойынша топтастырылуы,олардың жұмыс принциптері

  36. Дыбыс куатын анықтау әдістері

  37. Дірілдің көрсеткіштерін өлшеу әдістері

  38. Жарықтың көрсеткіштерін өлшеу әдістері

  39. Ауыз су мен ақаба сулардағы зиянды қоспалар мөлшерін қадағалау және өлшеу әдістері

  40. Қоршаған орта нысандарын зерттеу әдістері.

41.Метрология ғылымына баланысты түсініктер. Өлшем бірліктері, әдістері және жабдықтары.

42. Судың ластану себептері. Суды ластаушы заттар сипаттамасы.

43. Атмосфералық ауаның ластану себептері. Ауаны ластаушы заттардың сипаттамасы

44. Топырақтың ластану себептері. Топырақты ластаушы заттардың сипаттамасы

45. Ауыз суды, ақаба суларды тазарту әдістері.

46. Суды химиялық, биологиялық тазарту әдістері.

47. Ауаны тазарту әдістері.

48. Катты қалдықтарды заласыздандыру әдістері.

49. I-дәрежелі аспаптардың пайдалану мақсаттары,сипаттамалары

50. II- дәрежелі аспаптардың пайдалану мақсаттары,сипаттамалары

51. III- дәрежелі аспаптардың пайдалану мақсаттары,сипаттамалары

52. Газды анықтағыш УГ-2, Нитратөлшегіш ЭБИК/морион аспатарының техникалық көрсеткіштері

53. Судың улылығын экспрес әдіспен анықтаушы БИОТОКС және топырақты сараптушы АП-дельта техникалық көрсеткіштері.

54. Ауаны зиянды газдардан тазарту құрылысының жіктелуі, жұмыс принциптері

55. НФМ нефелометрдің құрылысы,жұмысы,сипаттамасы

56. ЭФ-3МА флуориметрдің және ИРФ-22 рефрактометрдің құрылысы,жұмысы,сипаттамалары.

57. Этотест-101, Экотест-110 аспаптардың құрылысы,жұмысы,сипаттамалары

58. RМ-28014, КИ-28066 аспаптардың құрылысы,жұмысы,сипаттамалары



59. Қоршаған ортаны қорғауға арналған экобиоқорғау техникасының жіктелуі

60. Ауаны шаңнан тазарту құрылғыларының жіктелуі, жұмыс принциптері

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет