Флуориметр ЭФ-3МА
Аспап люминесценцияланатын заттарды сандық сараптауға арналған.
Аспаптың жұмыс істеу принципі төмендегідей. Жарық кварцты шамнан диафрагма арқылы өтіп ашық тұрған жапқыштан өтіп, бірінші жарық фильтріне түседі. Сосын сәуле кварц линзалардан өтіп люминесценциялайтын ерітінді құйылған пробиркаға түседі. Сол сәтте УК-сәуле әсерінен ерітінді жарық шығара бастайды.
Сурет 1.4.Флуориметр ЭФ-3МА жалпы түрі
1,3 – екінші жарықфильтрлері; 2 –бірінші жарықфильтр; 4- ерітінді бар кювет –пробирка; 5 – диафрагмамен байланысқан тұтқа; 6- жапқышпен байланысқан тұтқасы; 7,10- микроапмерметр тілшесін қоюға арналған тұтқасы; 8 – микроамперметр; 9- шунтпен байланысқан тұтқа; 11 – батырма; 12 – қуыс; 13 –металл қақпақшасы.
Жарық ерітінді кварц линзалар арқылы өтеді. Ары қарай фокустелген жарық шоғы екінші жарықфильтрлерінен өтіп фотоэлементтерге түседі, мұнда люминесценция энергиясы электр энергиясына түрленеді де жарық ағыны электрлік күшейткішке беріледі. Күшейткіштің анодтық тізбегіне микроамперметр жалғанған, оның көрсеткіштері люминесценция қарқындылығына пропорционал. Схемадағы екі фотоэлемент люминесценцияның жиынтық деңгейін береді.
Рефрактометр ИРФ-22
15-сур. ИРФ – 22 рефрактометрінің жалпы
көрінісі;
1 – жарық бергіш призма; 2 – айна; 3 – штуцер; 4 – бұрандалы қысқыш; 5 – дисперсті реттегіштің маховигі; 6, 11 – түтіктер; 7 – юстировка кілтінің ұясы; 8 – юстировкалық кілт; 9 – призма блогын бұру маховигі; 10 – көру түтігі.
Рефрактометр ИРФ-22 (сурет 15) сұйықтар мен қатты денелердің сыну көрсеткішін өлшеуге, сонымен қатар сулы, спиртті, эфирлі және т.б. ерітінділердің концентрациясын сапалы және тез анықтауға арналған. Көбінесе ИРФ-22 ауызсуының сапасын бағалауға қолданады.
электрохимиялық әдіспен сараптау жүргізетін құрылғылар:
Достарыңызбен бөлісу: |