1. Экономикалық теорияның даму кезеңдері , қазiргi экономикалық теорияның пәнi және мiндеттерi
2.Экономикалық теорияның атқаратын қызметтері ,құрылымы және логикасы
3. Экономикалық теорияның әдiстерi
Cабақ мақсаты: Экономикалық теория пәнін, құрылымын зерттеу. Экономиканы ғылыми танып –білу әдістері бойынша салыстырмалы талдау жасау. Экономикалық теорияның ғылым ретінде негізгі бағыттары бойынша сызба құру.
Әңгіме өткізуге және өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
1.Жалпы экономикалық теория нені зерттейді?
2.Экономикалық теорияның дамуының қандай негізгі кезеңдерін білесіз?
3.Экономикалық теория қандай қызметтер атқарады?
4.Экономикалық заңдардың қандай түрлері бар?
5. Экономикаляқ теорияның қандай әдістерін білесіз?
6.Қазіргі кезде экономикалық теорияның ролі мен алатын орны қандай?
7. Ғылыми абстракция әдісінің мәні.
8. Индукции және дедукция әдістерінің мәні.
9. Экономикалық теория құрылымы.
Мәнжазба мен баяндама тақырыптары.
1.Қазіргі экономикалық ойдың дамуының негізгі бағыттары.
2.Жалпы экономикалық теория және қолданбалы экономикалық ғылымдар.
Сабақтың өту барысы:
1. Ауызша сұрау
2.Экономикалық категориялар мен терминдер бойынша диктант
3. Мәнжазба мен баяндама беру
Тақырып 2. Экономиканы ұйымдастырудың негiзгi нышандары
Сарамандық сабақ сұрақтары
1.Қоғамдық өндiрiс және оның ресурстары және факторлары .
2.Өндiрiстi ұйымдастырудың алғашқы тарихи түрлерi
3.Тауарлы шаруашылықтың пайда болуының алғы шарттары. Тауар және қасиетi
4.Ақшаның пайда болуы мәнi және атқаратын қызметтерi
Cабақ мақсаты: Қоғамдық өндіріс нышандарын зерттеу. Өндірісті ұйымдастыру әдістері бойынша салыстырмалы талдау жасау. Өндіріс факторлары мен ресурстарын өзара байланысын анықтау. Өндірістік мүмкіндіктер қисығын сызу.
Әңгіме өткізуге және өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
1.Өндіріс дегеніміз не және оның қандай ресурстары мен факторлары бар?
2.Материалдық және материалдық емес өндірістің өзара әсері қалай жүзеге асады?
3. Қоғамдық өндіріс тиімділігінің экономикалық көрсеткіштерінің қандайы сізге белгілі?
4. Өндiрiстi ұйымдастырудың алғашқы тарихи түрлерi
5. Тауар және оның қандай қасиеттерi бар?
6. Ақшаның пайда болуы мәнi және атқаратын қандай қызметтерi бар?
Мәнжазба мен баяндама тақырыптары.
1. Қазақстан Республикасында нарықтық тауарлар өндірісінің қалыптасу жағдайы.
Сабақтың өту барысы:
1. Ауызша сұрау
2.Экономикалық категориялар мен терминдер бойынша диктант
3. Мәнжазба мен баяндама беру
Тақырып 3. Меншiктiк қатынастары және олардың экономикадағы ролi.
Сарамандық сабақ сұрақтары
1.Меншiк теориясы , экономикалық –құқықтық мазмұны
2.Нарықтық экономиканың көп секторлығы
3. Қазақстан Республикасындағы жекешелендiру және мемлекет иелiгiнен алу: кезеңдерi, формалары және проблемалары
Cабақ мақсаты: Меншіктің экономикалық , құқықтық қатынастарын зерттеу. Экономикадағы меншiктiң алуан түрлерін анықтау . Қазақстан Республикасындағы жекешелендiру және мемлекет иелiгiнен алу кезеңдерiн талдау.
Әңгіме өткізуге және өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
1.Жекешелендіру мен мемлекеттен алу процесінің мәнісі неде?
2.Дамыған елдердегі жекешелендірудің өтпелі экономикадағы ерекшелігі қандай?
3.Сізге жекешелендірудің қандай моделі мен тәсілі белгілі
4.Өтпелі экономикадағы жекешелендірудің экономикалық және әлеуметтік нәтижесі қандай?
Мәнжазба мен баяндама тақырыптары.
1.Батыс елдері мен Қазақстан Республикасындағы меншікті жекешелендірудің мақсаты мен міндеттері.
2.Өтпелі экономика кезіндегі Қазақстан Республикасындағы шағын және орта кәсіпкерліктің даму мәселелері.
Сабақтың өту барысы:
1. Ауызша сұрау
2.Экономикалық категориялар мен терминдер бойынша диктант
3. Мәнжазба мен баяндама беру
Тақырып 4. Нарықтық экономиканың қалыптасу механизмi және мәнi.
Сарамандық сабақ сұрақтары
1.Нарықтық экономиканың даму кезеңдерi ,оның принциптерi
2. Нарықтың түрлерi .Нарықтың принциптерi және нарықтың атқаратын қызметтерi.
3.Нарықтық экономиканың артықшылықтары мен кемшiлiктерi
4.Қазақстан Республикасында нарықтық қатынастардың қалыптасуының ерекшелiктерi.
5.Нарықтық инфрақұрылымының ролi.
Cабақ мақсаты: Нарықтық экономика - шаруашылықты ұйымдастырудың тиiмдi формасы ретiнде зерттеу. Нарық мәнiн , негiзгi түрлерi ,нарықтың атқаратың қызметтерi анықтау.
Әңгіме өткізуге және өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
1.Нарық дегенiмiз не? Қандай түрлерi бар?
2.Бәсеке сипаты мен деңгейiне қарай нарықтың қандай түрлерi болады?
3.Нарық қандай қызмет атқарады?
4.Нарықтың экономикалық субъектiсiне не жатады?
5.Нарықтың инфрақұрылымын қалай түсiнесiз?
Мәнжазба мен баяндама тақырыптары.
1.Нарық-өркениеттiлiгiнiң ұлы жетiстiгi.
2.Нарықтық экономикаға көшудiң негiзгi салдары.
Сабақтың өту барысы:
1. Ауызша сұрау
2.Экономикалық категориялар мен терминдер бойынша диктант
3. Мәнжазба мен баяндама беру
Тақырып 5 . Сұраныс және ұсыныс теориясының негiзi
Сарамандық сабақ сұрақтары
1.Сұраныстың мәнi ,сұраныс заңы ,сұранысқа әсер ететiн бағалы және бағалы емес факторлар
2.Нарықтық ұсыныс мәнi, ұсыныс заңы ,ұсынысқа әсер етушi факторлар.
3. Сұраныс пен ұсыныстың өзара байланысы. Нарықтық тепе-теңдiк және тепе-теңдiк баға.
4.Икемдiлiк түсiнiгi ,баға және табыс бойынша икемдiлiк коэффициентi
5.Сұраныс және пайдалылық. Шектi пайдалылықтың кему заңы
Cабақ мақсаты: Сұраным мен ұсыным заңы, тепе-теңдік бағасы, нарықтық тепе-теңдікті зерттеу, пайдалылық, жалпы пайдалылық, шекті пайдалылық, бюджеттік сызық, талғамсыздық қисығы, табыс эффектісі, алмастыру эффектісі ұғымдарына түсінік беру.
Әңгіме өткізуге және өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
Сұраным мен ұсыным. Қандай жағдайда олардың өзара іс-әрекеті ақша тапшылығына алып келеді?
Пайдалылық өзінше нені көрсетеді?
Жалпы пайдалылықтың шекті пайдалылықтан өзгешелігі неде?
Бай мемлекеттердің ресурстары шектеулі ме?
Неге талғамсыздық қисығы ешқашан қиылыспайды?
Егер бір тауардың, бағасы өзгерсе, ал басқасына қарағанда өзгеріссіз қалса, онда бюджеттік сызықта не болмақ?
Мәнжазба мен баяндама тақырыптары.
1. Жетілген бәсеке жағдайындағы сұраныс мен ұсыныс
Сабақтың өту барысы:
1. Ауызша сұрау
2.Экономикалық категориялар мен терминдер бойынша диктант
3. Мәнжазба мен баяндама беру
Тақырып 6. Капитал теориясы . Өзiндiк капитал теориясының айналымы
Сарамандық сабақ сұрақтары
1.Кәсiпкерлiктiң әлеуметтiк-экономикалық мәнi.Кәсiпкерлiктi ұйымдастыру формалары: артықшылықтары мен кемшiлiктерi
2.Капитал айналымы ,оның құрылымы
3.Негiзгi капитал айналымы , негiзгi капиталдың тозуы және оның түрлерi
4.ҚР –да кәсiпкерлiктiң даму проблемалары
Cабақ мақсаты: Кәсiпкерлiк, бизнес, жауапкершiлiгi шектеулі және толық жауапкершiлiктегi серiктестiк, коммандиттiк серiктестiкжалпы ережелерін анықтау, Картель, синдикат, трест, концерн, холдинг, акционерлiк қоғам, концерн инжирингтiк, венчурлық, лизингтiк, консалтингтiк, аудиторлық, капитал ,моралдық және физикалық тозу ұғымдарына түсінік беру.
Әңгіме өткізуге және өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
1. Кәсіпкер деп кімді айтамыз ?
2. Жеке кәсіпкерлік пен ұжымдық кәсіпкерліктің артықшылықтары мен кемшіліктері.
3. Бизнес жоспар дегеніміз не?
4.Сіз қандай бизнесті таңдайсыз? Сіздің бизнес жоспарыңыз.
Мәнжазба мен баяндама тақырыптары.
1. Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің даму проблемалары .(Шығыс Қазақсан облысы,Семей қаласындағы орта және шағын бизнестің әлеуметтік –экономикалық аспектісі.)
Сабақтың өту барысы:
1. Ауызша сұрау
2.Экономикалық категориялар мен терминдер бойынша диктант
3. Мәнжазба мен баяндама беру
Тақырып 7. Фирманың шығындары мен кірістері
Сарамандық сабақ сұрақтары
1.Өндiрiс шығындары және оның түрлерi
2.Пайда мәнi,жиынтық және таза пайда
3.Еңбек өндiрiс факторы ретiнде ,жалақы және оның түрлерi
4.Рента түсiнiгi,жер рентасы оның түрлерi
Cабақ мақсаты : Өндіріс факторлары және олардың өзара әрекетін зерттеу. Өндіріс шығындары, пайда,оның түрлері мен рентабельділікті есептеуді үйрену .
Жер рентасы, арендалық төлем, абсолюттік және монополиялық рента,жер бағасы ұғымдарына түсінік беру.
Әңгіме өткізуге және өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
1. Жалақының мәнін түсіндіріңіз.
2.Еңбек ақының қандай түрін және жүйесін білесіз?
3.Жалақының реформалаудың мән – мағынасы неде?
4.Шағын кәсіпорында еңбек ақының ерекшелігі қандай?
5.Дамыған елдерде еңбек ақы эволюциясы жайлы не білесіз?
Мәнжазба мен баяндама тақырыптары.
1.Жердi игеру мен пайдаланудың түрлерi және ҚР-сында оны дамытудың перспективасы.
Сабақтың өту барысы:
1. Ауызша сұрау
2.Экономикалық категориялар мен терминдер бойынша диктант
3. Мәнжазба мен баяндама беру
Тақырып 8. Ұлттық экономика жүйе ретiнде
Сарамандық сабақ сұрақтары
1.Негiзгi макроэкономикалық көрсеткiштер
2.Ұлттық есептеу жүйесi түсiнiгi
3.Макроэкономикалық саясаттың мақсаттары
Cабақ мақсаты : Макроэкономикалық талдау ерекшелiктерiн анықтау.Негiзгi макроэкономикалық көрсеткiштер , ұлттық есептеу жүйесi түсiнiгi , макроэкономикалық саясаттың мақсаттары, ұлттық байлық: құрамы, құрылымы және оны өлшеудің тәсілдерін зерттеу. Дефлятор, инфлятор ұғымдарына түсінік беру.
Әңгіме өткізуге және өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерді атаңыз?
Жалпы ұлттық өнім ме жалпы ішкі өнімнің айырмашылығы?
Жалпы ұлттық өнімді есептеудің қандай әдістері бар?
Мәнжазба мен баяндама тақырыптары.
1. Қазақстан Республикасының макроэкономикалық көрсеткіштері бойынша статистикалық мәліметтер жинау.
Сабақтың өту барысы:
1. Ауызша сұрау
2.Экономикалық категориялар мен терминдер бойынша диктант
3. Мәнжазба мен баяндама беру
Тақырып 9. Нарықтық экономиканы мемлекеттiк реттеу
Сарамандық сабақ сұрақтары
1.Экономикаға мемлекеттiң араласуының қажеттiлiгi
2. Мемлекеттiң экономикалық қызметтерi .
3.Мемлекеттiк реттеудiң әкiмшiлiк және экономикалық әдiстерi
4.Жиынтық сұраныс және жиынтық ұсыныс.
5.Макроэкономикалық тепе-теңдiк және оның ауытқуы.
Cабақ мақсаты : Жиынтық сұраныс және жиынтық ұсыныс ұғымдарына түсінік беру. Макроэкономикалық тепе-теңдiк және оның ауытқуын зерттеу . Экономиканы мемлекеттiк реттеудiң негiзгi себептерiн анықтау. Экономиканы мемлекеттiк реттеудiң тура және жанама әдiстерiн зерттеу.
.
Әңгіме өткізуге және өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
1.Экономикаға мемлекеттiң араласу қажеттiлiгi неден көрiнедi?
2.Мемлекеттiң экономикалық қызметiн қысқаша сипаттап , атаңыз?
3.ЭМР қандай қағидаларсыз мүмкiн емес?
4.ЭМР-дiң тiкелей және жанама әдiстерiнiң айырмашылығы?
5.Өтпелi экономика жағдайындағы ЭМР-дiң ерекшелiктерi қандай?
Мәнжазба мен баяндама тақырыптары.
1. Экономикасы дамыған елдердегі мемлекеттік сектордың орны.
2. Қазақстан Республикасындағы антимонополиялық реттеу.
Сабақтың өту барысы:
1. Ауызша сұрау
2.Экономикалық категориялар мен терминдер бойынша диктант
3. Мәнжазба мен баяндама беру.
Тақырып 9. Экономикалық дамудың ауытқымалы болуы және экономикалық өсу
Сарамандық сабақ сұрақтары
1.Экономикалық дамудың циклдығы және экономикалық өсу.
2.Экономикалық өсу түсiнiгi, экономикалық өсудiң түрлерi , оның моделдерi
3.ҚР-дағы экономикалық өсу факторлары және жағдайы.
4.Экономикалық цикл мәнi және оның фазалары.
Cабақ мақсаты : Экономикалық өсу түсiнiгi, экономикалық өсудiң түрлерi ,оның моделдерiн сипаттау. ҚР-дағы экономикалық өсу факторларын және жағдайын анықтау. Экономикалық цикл мәнi және оның фазаларына , инвестициялар, мультипликатор, акселератор, мультипликатор эффектісі, тұтынуға бейімділік, жинақтауға бейімділік, шектік тұтынуға бейімділік, шектік жинақтауға бейімділік, шектік қорлануға бейімділік, ,кейнстiк,неокейнстiк,монетаризм ұғымдарына түсінік беру.
Әңгіме өткізуге және өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
Экономикалық өсу дегеніміз не және экономикалық өсудің қандай типтері белгілі?
Экономикалық өсудің қазіргі типтерінің ерекшелігі неде деп ойлайсыз?
Мультипликатор және экономикалық өсудің акселераторы дененіміз не?
Экономикалық дағдарыстың белгiлi уақыт аралығында қайталануы немен түсiндiрiледi?
Экономикалық цикл дегенiмiз не?
Қазiргi экономикалық дағдарыстың ерекшелiктерi неде?
Н.Д.Кондратьевтiң ұзын толқындары.
Мәнжазба мен баяндама тақырыптары.
1. ҚР нарыққа өту кезiңдегi антидағдарыстық бағдарламалары.
2. Экономикалық өсудің кейнстік моделі.
Сабақтың өту барысы:
1. Ауызша сұрау
2.Экономикалық категориялар мен терминдер бойынша диктант
3. Мәнжазба мен баяндама беру.
Тақырып 10. Ақша –несиелiк реттеу
Сарамандық сабақ сұрақтары
1.Ақша –несие саясаты және оның құралдары.
2.Қаржы және қаржы жүйесi ,мемлекеттiк бюджет және оның құрылымы
3.Салықтың мәнi және атқаратын қызметтерi, түрлерi , салық алудың әдiстерi
4. Инфляция: мәнi, себептерi ,түрлерi ,зардаптары.
5.ҚР –дағы антиинфляциялық саясат
Cабақ мақсаты : Ақша жүйесiнiң элементтерi,несие және оның қызметтерi. Ақша –несие саясаты және оның құралдары , қаржы және қаржы жүйесi,Мемлекеттiк бюджет және оның құрылымы,бюджеттiк тапшылық проблемасы. Салықтың мәнi ,қызметтерi,стагфляция, валюта, ақшаның конверсиялануы, ішкі конверсиялану, сыртқы конверсиялану, айырбас курсы, нөлдендіру, деволвация, револвация,деноминация.
Әңгіме өткізуге және өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
1.Несие ақшаны қалай түсінеміз?
2.Несие ақшаны қолдану қандай әлеуметтік-экономикалық салдарға алып келеді?
3.Инфляция дегеніміз не және оның қандай түрлері бар?
4.Инфляцияға қарсы шаралар: оның бақыттары қандай?
5.Валютаның конверсиялануы дегеніміз не және оны конверсиялануының қандай жолдары бар?
6.Қоғам қаржысы дегеніміз не Оның құрылымы қандай?
7.Бюджет тапшылығы дегеніміз не және оны жоюдың жолдары?
8.Мемлекеттік қарыз дегеніміз не және оның пайда болу себебі неде?
9.Қаржы нарығы дегенді қалай түсінесіз және оның құрылымы қандай?
10.Бағалы қағаздар дегеніміз не және оның айналымдағы қажеттілігі неде?
Мәнжазба мен баяндама тақырыптары.
1. Несие ақшалар және Қазақстан Республикасында электронды ақшаны қолдану мәселелері.
2. Қор биржасы: Оның Қазақстан Республикасындағы дамуының мәселесі мен перспективасы.
Сабақтың өту барысы:
1. Ауызша сұрау
2.Экономикалық категориялар мен терминдер бойынша диктант
3. Мәнжазба мен баяндама беру.
Тақырып 12 . Мемлекеттiң әлеуметтiк саясаты
Сарамандық сабақ сұрақтары
1.Нарықтық экономикадағы табыстар және оның түрлерi
2.Табыстарды реттеуде мемлекеттiң ролi
3. Табыстарды бөлудегi теңсiздiк проблемасы
4.Жұмыссыздық: себептерi, түрлерi ,деңгейi ,зардаптары
5.Кедейшiлiк проблемасын шешуде халықаралық және қазақстандық тәжiрибелер
Cабақ мақсаты : Жұмыссыздықтың әлеуметтiк және экономикалық мәнi және түрлерi.Жұмыссыздықты мемлекеттiк реттеу және жұмыссыздарды әлеуметтiк қорғау.Нарықтық экономикадағы табыстар ,теңсiздiк мәселесi және табыстарды бөлу. Кедейшiлiк проблемасы және әлеуметтiк теңсiздiк ,Лоренц қисығы,табыстарды қайта бөлуде мемлекеттiң ролi. ҚР-дағы әлеуметтiк саясат.
Мәнжазба мен баяндама тақырыптары
1.Нарық және тұрғандарды әлеуметтік қорғау.
2.Нарыққа өту кезінде тұрғындардың табысын индексациялау
Әңгіме өткізуге және өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар.
1.Отбасы табысының көздерін атаңыз және олар қалай қолданылады?
2.Әлеуметтік әділеттілікті қалай түсінесіз?
3.Өмір сүру деңгейі деген не және ол қалай анықталады?
4.Тұрғындар табысы қалай индексацияланады?
5.Қазақстан Республикасы «Тұрғындардың ақшалай табысын тұтыну тауары мен қызмет жасауға бағаның өсуін ескере отырып индексациялау» заңының негізгі ережелері қалай?
6.Табыстағы тепе – теңсіздікті қалай өлшеуге болады?
Сабақтың өту барысы:
Ауызша сұрау
2.Әңгіме өткізуге және өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар
3.Тестке жауап беру.
Тақырып 13 . Әлемдiк экономика
Сарамандық сабақ сұрақтары
1.Әлемдiк экономика мәнi және халықаралық еңбек бөлiнiсi,
2.Экономикалық интеграция мәнi және формалары
3. Халықаралық экономикалық қатынастардың негiзгi формалары.
4.Экономиканың ғаламдық мәселелерi.
5. Қазақстанның халықаралық еңбек бөлiнiсiндегi орны.
Cабақ мақсаты : Халықаралық еңбек бөлiнiсi, салыстырмалы артықшылықтар теориясы , халықаралық сауда және оның қазiргi кездегi ерекшелiктерi сипаттау .Халықаралық жұмысшы күшi миграциясы және оның қазiргi кездегi орталықтары түсіндіру. Халықаралық тауар, қызмет жасау, қарыз капиталы, сауда балансы, интернационалды баға, ұлттық баға, ұлттық валюта, валюталық курс, алтын монеттік және алтын девиздік стандарт, валюталық қор, тікелей инвестициялар, портфельдік инвестициялар, квоталар, протекционизм ұғымдарына түсінік беру.
Мәнжазба мен баяндама тақырыптары.
1.Халықаралық сауданың елде дамудағы ролі.
2.Халықаралық валюта нарығының мақсаты және міндеттері.
Әңгіме өткізуге және өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар.
Дүниежүзілік нарық, оның құрылымын қалай түсінесіз?
Қазіргі дүниежүзілік сауданың ерекшеліге неде?
Халықаралық қарыз капиталы және оның құрылымы қандай?
Капиталды сыртқа шығару: ол қандай түрде сыртқа шығарылады және оның қазіргі ерекшелігі?
Жұмыс күшінің дүниежүзілік нарығы: оның миграциялық лектерінің бағыттарын атаңыз?
Сауда балансы дегеніңіз не? Активті және пассивті сауда балансын қалай түсінесіз?
Сабақтың өту барысы:
Ауызша сұрау
2.Әңгіме өткізуге және өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар
3.Тестке жауап беру
4. СӨЖ
ОСӨЖ және СӨЖ тапсырмаларын орындау бойынша әдістемелік нұсқаулар
Семинар сабағына дайындалу кезінде сабақтың жоспарын, дәрістер конспектісін, ұсынылатын әдебиеттерді қарастырған жөн;
Студентке ұсынылатын әдебиеттерді қарастыру кезінде айтылғанның негізгі мазмұнын, бастысын бөле отырып қарастырған дұрыс;
ОСӨЖ тапсырмалары бекітілген графикке сәйкес орындалып, сынақ немесе сұрау түрінде қорғалуы керек, СӨЖ тапсырмалары реферат, баяндама түрінде орындалып, сұрау жүргізу түрінде қорғалады.;
ОСӨЖ тапсырмалары силлабус талаптарына сай жазбаша түрде оқу дәптерінде орындалады. ОСӨЖ –тың конспект немесе баяндама түріндегі тапсырмалары А4 форматты беттерде, беттердің параметрлері 2см:2см:2см:2см және 10-15 бет көлемінде өлшемінде орындалады. СӨЖ тапсырмалары жазбаша немесе ауызша түрде орындалуы қажет;
СӨЖ жазбаша тапсырмалары А4 форматты беттерде, беттердің параметрлері 2см:2см:2см:2см және көлемі ерікті түрде орындалады.
«Экономикалық теория
негiздерi » пәнi бойынша бақылау жұмыс тақырыптары
Экономикалық теория пәні, қызметтері және әдістері.
Қоғамның даму кезеңдеріне негізгі көзқарастар формациялық және өркениеті.
Өндіріс ресурстарының мәні және олардың түрлері .
Қазіргі экономикалық теориядағы ресурс ұғымы және проблемасы шектеулігі.
Өндіріс факторлары: бірігу тәсілі және ара қатынасы.
Әміршіл-әкімшілдік экономикалық жүйенің заңдылығы және проблемалары.
Табиғи ресурстардың ұдайы өндіріс және оларды рационалды қолдану проблемасы.
Экологиялық проблеманың экономикалық аспектісі.
Экономикалық цикл: теориялар, реттеу.
Қоғамдық шаруашылықтың негізгі типтері.
Нарықтық экономиканың ұлттық моделі.
Капиталдың алғашқы қорлану проблемасы және оны әр елде шешу жолдары.
Экономикалық өсу: динамикасы, факторлары.
Аралас экономика: мәні, моделдері.
Қазақстан Республикасының қазіргі нарықты құру ерекшелігі және проблемасы.
Өтпелі экономиканың заңдылығы және проблемасы.
Тауар және қызмет нарығының ерекшелігі.
Еңбек нарығы, Қазақстан Республикасында оның қалыптасу ерекшелігі және проблемалары.
Бағалы қағаздар нарығының ерекшелігі.
Биржа: түрлері, қызметтері.
Бәсекенің функциональдық ролі.
Шекті қажеттілік теориясы, оның іс-тәжірибелік маңызы.
Сұраныс және ұсыныс: факторы, өзара байланысы.
Бәсеке: моделі, қазіргі ерекшелігі.
Қазіргі кәсіпкерлік: формасы, проблемасы.
Акционерлік меншік формасы: жетістіктері мен кемшіліктері.
Қазақстан Республикасы экономикасының жеке секторының дамуы және проблемасы.
Меншікті жекешелендіру: формасы, әдісі, проблемасы.
Қазақстандағы кәсіпкерлік қызметінің дамуы.
Шағын бизнес: шетел және Қазақстан Республикасында даму проблемасы тәжірибесі.
Сұраныс: мәні, заңы, әсер ететін факторлары және қисығы
Еңбек ақы: мәні, формасы, жүйесі.
Агробизнес және шаруа қожалығы, олардың даму болашағы.
Ақшаның пайда болуы, мәні және қазіргі түрлері.
Сұраныс және ұсыныс икемділік теориясы, олардың практикалық маңызы.
Жер - өндіріс факторы ретінде.
Қазақстан Республикасындағы нарықтық инфрақұрылымының қалыптасу проблемасы.
Ұсыныс: мәні, заңы, әсер ететін факторлары және қисығы
Нарықтық экономикаға өтудегі мемлекеттің ролі.
Дамыған елдерде экономикалық және әлеуметтік процесті тәжірибесін мемлекеттік реттеу тәжірибесі.
Әлеуметтік бағдарланған нарықтық экономика: мәні, моделдері.
Қазақстан Республикасында ұлттық валютаны қалыптастыру және тұрақтандыру проблемалары.
Қазақстан несие жүйесінің құрылымы және экономиканың тұрақтануындағы банкінің ролі.
Нарықтық экономикадағы табыс және оны бөлу.
Әлеуметтік-экономикалық дамуын салықтық реттеу.
Қазақстанның мемлекеттік бюджеті: қалыптасу және қолданылу проблемасы.
Қазақстанның салық саясаты: мақсатты бағытталуы және негізгі механизмі.
Қазақстан Республикасындағы инвестициялық саясат.
Баға белгілеу: негізі, түрі, реттеу.
Қазақстан Республикасының инфляциялық және антиинфляциялық саясаты.
Постсоветтік кеңістіктегі экономикалық интеграцияның жетістіктері мен проблемалары.
Қазақстанның егеменді ел ретінде әлеуметтік-экономикалық даму болашағы.
Қазақстан Республикасындағы экономикалық өсу проблемасы.
Дүниежүзілік экономиканың ғаламдануы:мәні, бағыттары, мәселелері.
Өмір деңгейі: мәні, көрсеткіштері.
Әлеуметтік қорғау жүйесінің экономикалық аспектісі.
Жұмыссыздықтың әлеуметтік-экономикалық проблемасы.
Нарықтық экономика және жоспарлық экономика: салыстырмалы талдау.
Әлемдік экономиканың қазіргі даму тенденциясы: интеграция, бәсеке, қаржылық тобы.
Қазақстан экономикасындағы шетел инвестицияларының ролі.
Елдердің экономикалық артта қалуы мен кедейленуінің дүниежүзілік мәселелері.
Қазақстан – 2030: экономикалық мүмкіндіктері және стратегиялық дамуы.
Қазіргі Қазақстан Республикасының эконмоикалық саясаты.
Ақша мен капиталды легализациялау саясатының Қазақстандағы инвестициялық белсенділікке әсері.
Миграциялық процестердің экономикалық аспектісі: артықшылығы, кемшілігі, Қазақстан Республикасындағы ерекшеліктері.
Қазақстан Республикасының ішкі экономикалық байланысының дамуы.
Қазақстан Республикасының аймағының әлеуметтік-экономикалық жетістігі және проблемалары.
Қазақстан Республикасының ақша-несие саясатының ерекшелігі.
ЕврАзЭҚ-дағыҚазақстанныңорны.
"Экономикалық теория " курсы бойынша тесттер
1-нұсқа
$$$ 1
Төмендегілердің қайсысы әлеуметтік тиімділікті сипаттамайды:
А. өндіріс көлемінің ұлғаюы;
В. еңбек жағдайын жақсарту және мазмұнын арттыру;
С. бос уақытты көбейту;
D. дәрігерлік қызмет көрсетудің сапасын арттыру;
Е. өмір сүру сапасын жақсарту.
$$$ 2
Барлық экономикалық жүйелерде орын алатын фундаментальды мәселе, ол:
А. нвестиция;
В. тұтыну;
С. ресурстардың шектеулігі;
D. өндіріс;
Е. бөлу.
$$$ 3
Экономикалық жүйеде баға мен жұмыссыздықтың жалпы деңгейі қай
курста оқытылады:
А. макроэкономикада;
В. микроэкономикада;
С. менеджментте;
D. халықаралық қаржыда;
Е. маркетингте.
$$$ 4
Политэкономия және экономика теориясына негіз салған ғылыми мектеп:
А. Маржанализм
В. Институционализм
С. Меркантелизм
D. Кейнстік
Е. Неолиберализм
$$$ 5
Экономикалық теорияның қай әдісі кездейсоқ, уақытша жағдайларға көңіл аудармастан, экономикалық құбылыстардың тұрақты, типтес, сипатты белгілерін анықтауға мүмкіндік береді:
А.дедукция;
В. талдау;
С. ғылыми абстракция;
D. математикалық модельдеу;
Е. эксперимент (сынақ) жасау.
$$$ 6
Әрбір экономикалық жүйеде фундаментальды "нені, қалай және кім үшін өндіру керек" деген мәселелер микро және макро деңгейде шешіледі. Төмендегі мәселелердің қайсысы микроэкономикалық деңгейде шешілуі мүмкін:
А. толық жұмысбастылық деңгейіне қалай қол жеткізуге болады?
В. нені және қанша мөлшерде өндіру керек?
С. инфляциядан қалай құтылуға болады?
D. экономикалық өсуді қалай ынталандыруға болады?
Е. жиынтық сұраныс қандай болуы керек.
$$$ 7
Экономикалық теория нақты экономикалық саясатты және әлеуметтік-экономикалық бағдарламаларды жасау үшін пайдаланылу барысында қандай қызмет атқарады:
А. танымдық;
В. ақпараттық;
С. білім берушілік;
D. практикалық;
Е. экономикалық жаңаша бейнесін қалыптастыру бойынша.
$$$ 8
Микроэкономикалық зерттеуге төмендегілердің қайсысы жатады:
А. барлық экономика масштабындағы өндіріс;
В. жалпы баға деңгейі;
С. қант өндіру және оның бағасының динамикасы;
D. шаруашылықтағы жұмыс істейтіндер саны;
Е. белгілі-бір мемлекеттегі жұмыссыздық проблемасы.
$$$ 9
Экономикалық заңдар нені көрсетеді:
А.экономикалық процестер мен құбылыстардың арасындағы қажетті, жаппай, тұрақты қайталанып отыратын себеп-салдарлы байланыстарды;
В. мемлекет саясатының нәтижесін;
С.шаруашылық процесіндегі жеке себеп-салдарлы тәуелділіктерді;
D. шаруашылық процестеріндегі кейде қайталанып отыратын немесе кездейсоқ байланыстарды.
$$$ 10
Классикалық саяси экономияның негізін қалаушы, еңбек құны теориясын жасаған кім:
А. Джон Мейнард Кейнс;
В. Милтан Фридмен;
С. Франсуа Кенэ;
D. Адам Смит;
Е. Карл Маркс.
$$$ 11
Өндірістік мүмкіндіктер қисығы нені көрсетеді:
А. шаруашылық өндіруге тиісті екі товардың нақты санын;
В. қолда бар ресурстардың санына сәйкес товарлар комбинациясының баламасын;
С. екі товарды өндірудің ең жақсы мүмкін комбинациясын;
D. игіліктің шектік пайдалылығының кему жағдайын;
E. еңбек өнімділігінің кему заңы жағдайын.
$$$ 12
Өндіріс факторларына жататындар:
А. еңбек, жер, капитал;
В. шығындар, пайда, процент;
С. еңбектің саны мен сапасы;
D. өндіріс ресурстары;
Е. өндірістік және қаржы қорлары.
$$$ 13
Жекешелендірудің әдістерінің бірі:
А. Интенсификация
В. Ұлттандыру
С. Аукциондық сату
D. Жоспардау
Е. Дұрыс жауаптары жоқ
$$$ 14
"Нені, қалай және кім үшін өндіру керек" деген проблемалар төмендегілердің қайсысына қатысты қолданылады:
А. тек қана әкімшілдік-командалық жүйеге;
В. тек нарықтық экономикаға;
С. тек дамушы экономикаға;
D. тек нашар дамыған экономикаға;
Е. экономикалық жүйелердің барлығына.
$$$ 15
Нарықтық экономиканың принципі:
А. баға белгілеудегі (тағайындаудағы) еркіндік;
В. экономиканы тұтас бір орталықтан жоспарлау;
С. көптеген товарлар мен қызметтерге бағаны мемлекеттік реттеу;
D. жеке секторға қарағанда экономиканың мемлекеттік секторының басым болуы;
Е. товар өндірушілердің арасында бәсекелестіктің жоқтығы.
$$$ 16
"Меншік" экономикалық категориясының негізгі бір элементіне не жатады:
А. иелік ету;
В. тәркілеу;
С. жабдықтау;
D. баю;
Е. иемдену.
$$$ 17
Мемлекеттік меншік объектілері мен мүліктерін жеке немесе жеке - ұжымдық меншікке беру процесі қалай деп аталады:
А. ұлттандыру (национализациялау);
В. жекешелендіру;
С. конверсиялау (әскери кәсіпорындарды бейбіт мақсаттағы өнім өндіруге бағыттау);
D. диверсификациялау;
Е. трансферт.
$$$ 18
Төмендегілердің қайсысы халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің көрсеткішіне жатпайды?
А. тұтыну корзинасының құны;
В. акция дивидентері;
С. жұмыссыздық бойынша төлемдер;
D. орташа жалақы;
Е. тұтыну минимумы.
$$$ 19
Меншік иесі өзінің мүлкін иеленуне қандай құқығы бар:
А. Иелену, жауапкершілік, басқару құқығы
В. Иелену және пайдалану құқығы
С. Пайдалану, иелену, жауапкершілік құқығы
D. Иелену, пайдалану, бөлу құқығы
Е. Басқару, пайдалану, жауапкершілік құқығы
$$$ 20
Төмендегілердің қайсысы еңбек өнімділігінің артуына ықпал етпейді:
А. жұмысшылардың санын арттыру;
В. технологиялық өзгерістер;
С. жұмысшылардың білімі мен біліктілік деңгейі;
D. өндіріс масштабы эффектісі;
Е. еңбек ақы жағдайы мен деңгейі.
2-нұсқа
$$$ 1
Товарөндірушілер үшін әкімшілдікпен салыстырғанда экономикалық реттегіштің артықшылығын неден көруге болады:
А. тандау еркіндігін шектейтіндігінен;
В. қосымша ынтаны тудыратындығынан;
С. товарөндірушілер әрекетіне тікелей ықпал ететіндігінен;
D. товарөндірушілердің әрекетін саясатқа тәуелді ететіндігінен;
Е. әрқашан да әлдеқайда тиімді болып табылатындығынан.
$$$ 2
Еңбек өнімділігі қандай қатынас арқылы өлшенеді:
А. өндірілген өнімнің нақты көлемінің жұмыс уақытындағы сағат санына;
В. капитал шығынының еңбек шығынына;
С. капитал шығынының өндірілген өнімнің нақты көлеміне;
D. жұмыс уақытындағы сағат санының өндірілген өнімнің нақты көлеміне;
Е. жұмыс уақытының нақты көлемінің жұмыс уақытының жоспарланатын көлеміне.
$$$ 3
Экономикалық тиімділік қалай анықталады:
А. өндіріс шығындары
өндіріс нәтижесі
В. өндіріс нәтижесі
өндіріс шығындары
С. өндіріс шығындары +өндіріс нәтижелері;
D. өндіріс нәтижелері - өндіріс шығындары;
Е. өндіріс шығындарының оның нәтижелеріне проценттік қатынасы.
$$$ 4
Нарықтық экономикада ресурстардың салыстырмалы түрде шектеулілік проблемасы немен түсіндіріледі:
А. қолда бар ресурстардың мүмкіндігіне қарамастан тұтынудың үнемі артып отыратындығымен;
В. ресурстарды пайдаланудың шектулілігімен;
С. ресурстардың жетіспеушілігімен (тапшылығымен);
D. ресурстардың сарқылатындығымен (таусылатындағымен);
Е. барлық адамдардың барлық қажеттіліктерін қанағаттандырудың мүмкін еместігі.
$$$ 5
Қазіргі кезеңдегі әйгілі концепциялардың бірі:
А. Командитті-әкімшілдік жүйе
В. Дәстүрлі экономикалық жүйе
С. Аралас экономикалық жүйе
D. Еркін нарықтық жүйе
Е. Натуралды шаруашылық
$$$ 6
Интенсивтіліктің өнімділіктен айырмашылығы:
А. Техникалық прогреспен байланысты
В. Жұмысшылар мамандығымен байланысты
С. Өндіріс процессін ұйымдастыруда жаңа әдістерді енгізумен байлансты
D. Еңбек өндірісінің жылмдамдылығы және ауырлығымен байланысты
Е. А және В жауаптары дұрыс
$$$ 7
Өндіріс факторы ретінде төмендегілердің қайсысы капитал және жер ретінді роль атқарады:
А. Зауыт орналасқан жер учаскесінде
В. Тауарды өндіру үшін қолданылатын жабдықтар
С. Пайдалылығы жоқтығына байланысты жабылған шахта
D. Өндіріс тауарының қоры
Е. Запастағы тауар, аяқталмаған өндіріс
$$$ 8
Альтернативті құн-бұл:
А. Өзара алмастырғыш тауарлардың құны
В. Өзара толықтырғыш тауарлардың құны
С. Ресурстар шетеулігіне байланысты және бір ғана бағытта пайдаланғандықтан ала алмаған тиімділіктің құны
D. Өте жоғарғы құндылықты тауар
Е. Өте төмен құндылықты тауар
$$$ 9
Өндірістің негізгі факторларына жатпайтындар:
А. еңбек;
В. жер;
С. каптиал;
D. рента;
Е. А және В жауаптары дұрыс.
$$$ 10
Нарықтық сұраным ненің ықпалын сезінбейді:
А. сатып алушылардың санын;
В. ресурстарға бағаны;
С. өзара байланысты товарларға бағаны;
D. тұтынушылардың табыстарын;
Е. сәнді.
$$$ 11
Егер нарықта сұраным ұсынымнан артып кетсе, онда:
А. артық тауарлар пайда болады;
В. тауар тапшылығы туады;
С. сатып алушылар нарығы қалыптасады;
D. ресурстар бағасы түседі;
Е. С, D жауаптары.
$$$ 12
Егер тауарға сұраныс пен ұсыныс қатар өссе, онда:
А. баға өседі;
В. тауарлардың жалпы саны көбейеді;
С. баға тұрақты болып қалады;
D. қоғамның әл-ауқаты жақсарады;
Е. баға деңгейі төмендейді.
$$$ 13
Төмендегі факторлардың қайсысы ұсынысқа әсер етеді:
А. сатылатын заттың бағасы;
В. өндіріс факторларының бағасы;
С. технология дәрежесі.
D. салық мөлшері;
Е. барлық жауаптар дұрыс.
$$$ 14
Тепе-теңдік баға дегеніміз:
А. кезкелген тұтынушының белгілі бір тауар алу үшін төлей алатын бағасы;
В. нарықтағы сұраныс көлемі мен ұсыныс көлемі теңестірілген баға;
С. үкімет тарапынан белгіленетін баға;
D. жоғарыдағының барлығы дұрыс;
Е. монополист қоятын баға.
$$$ 15
Қандай да бір өнімді бір ғана фирма сатып алатын экономикалық жағдай қалай аталады:
А. монополия;
В. олигополия;
С. таза бәсеке;
D. монопсония;
Е. олигопсония.
3-нұсқа
$$$ 1
Товардың екі қасиеті:
А. пайдалылығының болуы және айырбасталатындығы (сатып алынатындығы - сатылатындығы);
В. сапалылығының болуы және кез келген тұтынуды қанағаттандыруы;
С. товарөндірушінің табысын арттыру және оның шығындарын үнемдеу;
D. нарық субъектілерінің оған қол жеткізе алатындығы және бұқаралық көлемде өндірілуі;
Е. саны және сапасы.
$$$ 2
Төмендегілердің қайсысы нарықтық экономиканы сипаттамайды:
А. бәсекелестік;
В. товарлар мен қызметтерге еркін баға белгілеу;
С. товарлар мен қазметтер өндіруді бір орталықтан жоспарлау;
D. товар өндірушілердің экономикалық оқшаулануы;
Е. жеке меншік.
$$$ 3
Нарықтық экономиканың міндетті шартына, принциптерінің біріне не жатады:
А. экономикалық бостандық;
В. директивті жоспарлау;
С. бағаға әкімшілдік бақылау;
D. "көлеңкелі" экономиканың орын алуы;
Е. бәсекелестіктің болмауы.
$$$ 4
Ақшаның атқаратын қызметтері:
А. баю құралы;
В. бартерлік келісімді іс жүзіне асыру құралы;
С. құн өлшемі;
D. төлем құралы;
Е) "С" және "D" жауаптары дұрыс.
$$$ 5
Қоғамдық өндірістің негізгі сатылары
А) тұтыну,өндіру;
В) өлшеу,есептеу;
С) өндіріс,бөлу,айырбастау,тұтыну;
D) бөлу,көру,өлшеу,есептеу;
Е) өндіріс,бөлу,өлшеу,өндіру.
$$$ 6
Қазіргі ақшаның түрі:
А. вексель;
В. чектік депозит;
С. акция;
D. облигация;
Е. алтын.
$$$ 7
Монополия - бұл нарықтық құрылым, онда әрекет етеді:
А. саны көп емес бәсекелесуші фирмалар;
В. тек қана бір сатушы (фирма) мен көптеген сатып алушылар;
С. дифференциалданған өнімдерді өндіретін көптеген бәсекелесуші фирмалар;
D. көп сатушылар мен көптеген сатып алушылар;
Е. бір текті өнім өндіретін көптеген бәсекелесуші фирмалар.
$$$ 8
Төмендегі факторлардың қайсысы сұраныммен салыстырғанда товарлар ұсынымына жақын:
А. сатып алушылар саны;
В.тұтынушылардың талап-талғамдары, ұйғарымдары;
С. тұтынушылардың табысы;
D. өндіріс технологиясы мен тиімділігі;
Е. алмастырушы - товарларға бағалар.
$$$ 9
Адамдардың белгілі зат үшін ақша төлеуге деген қабілеттілігі мен ықыласын қай термин көрсетеді:
А. керектілік;
В. арман;
С. қажеттілік;
D. шешім;
Е. сұраным.
$$$ 10
Икемді сұранымның көрсеткіші:
А. Ed = 0,8;
B. Ed = 1;
C. Ed = 3,3;
D. Ed = 0;
E. Ed = 0,09.
$$$ 11
Егер товар көлемі сұраным қисығы мен ұсыным қисығының қиылысу нүктесінен төлемен болатын болса, онда не пайда болады:
А. молшылық (избыток);
В. тапшылық;
С. ұсынымның сұранымнан асып түсуі;
D. сұраным мен ұсыным көлемінің артуы;
Е. нарықтық тепе-теңдік.
$$$ 12
Нарықтық инфрақұрылымға не жатпайды:
А) жарнамалық қызмет;
В) биржалар;
С) өндірістік кәсіпорындар;
D) аудиторлық фирмалар;
Е) көтерме және бөлшек сауда.
$$$ 13
Абстрактылы еңбек дегеніміз:
А) қол еңбегі;
В) адам еңбегінің жалпы жұмсалуы сипаты;
С) басқарушылар еңбегі;
D) құрал-жабдықтар көмегімен жасалған еңбек;
Е) дұрыс жауап жоқ.
$$$ 14
Қандай фактордың өзгеруі сұраным қисығының орнынан жылжуын талап етпейді:
А. тұтынушылардың талап-талғамдары мен ұйғарымдары;
В. толықтыратын товарларға баға;
С. товар бағасы;
D. тұтынушылардың сандары мен жастары;
Е. сатып алушылардың табыстары.
$$$ 15
М -2 ақша агрегатына жатады:
А. қолда бар сома, мерзімсіз (ағымдағы) салымдар;
В. қолда бар сома, мерзімсіз (ағымдағы) салымдар, кіші-гірім мерзімді салымдар;
С. қолда бар сома, мерзімсіз және мерзімді салымдар, сертификаттар, мемлекеттік заемдар облигациялары;
D. мемлекттік заем облигациялары мен сертификаттар;
Е. тек қана қолда бар ақша сомасы.
$$$ 16
М І агрегатына жататындар:
А. қолма-қол ақша және ірі мерзімдік салымдар;
В. қолма-қол ақша және барлық банк депозиттері;
С. барлық ақшалар және "кәдімгі ақшалар";
D. қолма-қол ақша мен чектік салымдар;
Е. қолма-қол ақша мен қаржылық активтер.
$$$ 17
Өндірісті товарлы ұйымдастырудың алғышартына не жатады:
А. адамдардың қажеттіліктерін барынша толық қанағаттандыру;
В. артық өнім өндіру;
С. қоғамдық еңбек бөлінісі;
D. сату үшін өндіру;
Е. ақша жүйесінің болуы.
$$$ 18
Нақты ақша мен "кәдімгі ақша" ("почти деньги") арасындағы айырмашылық неде деп ойлайсыз:
А. "кәдімгі ақшалар" банк есебіндегі депозиттерді қамтитын болса, нақты ақшалар оларды өз есебіне қоспайды;
В. “кәдімгі ақшалар" - мен салыстырғанда нақты ақшаларды тікелей жұмсауға болады;
С. "кәдімгі ақшаларға" қарағанда нақты ақшалар айналысы әлдеқайда жылдам болады;
D. нақты ақшалармен салыстырғанда "кәдімгі ақшалар" - ұсақталмайтын қағаз ақшалар;
Е. "кәдімгі ақшалардың" өтімділік дәрежесі үлкен болады.
$$$ 19
Айналысқа қажетті ақшаның саны төмендегі көрсетілгендердің қайсысына тура тәуелділікте болады:
А. товарлар бағасының сомасына;
В. бір ақша бірлігінің айналым санына;
С. өндірілген өнім көлеміне;
D. экспорт пен импорт көлемінің арақатынасына;
Е. "А" және "С" жауап дұрыс.
$$$ 20
Төмендегілердің қайсысы қоғамдық товарға жатады:
А. автобус;
В. кітапхана;
С. көше бағдаршамы (светофор);
D. футболка;
Е. зоопарк.
4-нұсқа
$$$ 1
Абсолютті икемсіз сұраныс қисығы білдіреді:
А) тік сызықты;
В) көлбеу сызықты;
С) қисық сызықты;
D) доға тәрізді сызықты;
Е) дұрыс жауап жоқ.
$$$ 2
Ұсынымның икемділігін қай қатынас білдіреді:
А)
Бағаның өзгеруі, %
-----------------------------------------------------
Ұсынылған товар санының өзгеруі, %
В)
Бағаның өзгеруі, %
----------------------------------------------------
Сатылатын товар санының өзгеруі, %
С) баағаның өзгеруі+товар санының өзгеруі.
D ) Ұсынылған товар санының өзгеруі, %
-----------------------------------------------------
Бағаның өзгеруі, %
Е. дұрыс жауап жоқ.
$$$ 3
Төмендегі нарықтық экономика салаларының қайсысы әдетте мемлекеттік секторға жатады:
А. қоғамдық транспорт;
В. тұрмыс қажеттіліктерін өндіру;
С. ауылшаруашылығы;
D. бөлшек сауда;
Е. киім және аяқ киім өндіру.
$$$ 4
Нарықтық экономиканың басты ерекшеліктері:
А) баға,сұраныс,ұсыныс,бәсеке;
В) капитал,ақша;
С) еңбек,капитал;
D) еңбек сапасы және саны;
Е) биржалар.
$$$ 5
Нарық секторларына не жатады:
А) фирма, делдалдылық, аудиторлар;
В) мемлекет, биржалар, аукциондар;
С) үй шарушылығы, фирма, мемлекет;
D) В, С жауаптары дұрыс;
Е) делдалдар, биржалар,үй шаруашылығы.
$$$ 6
Сұраным заңы товарға сұраным мөлшерінің оған деген рыноктың бағасының қандай тәуелділігін көрсетеді:
А. тура пропорциональды тәуелділікті;
В. артып отыратын;
С. кері пропорциональды тәуелілікті;
D. теріс тәуелділікті;
Е. бағаның жоғары болуына сәйкес, сұраным көлемінің де үлкен болуы.
$$$ 7
Товар бағасының 5 %-ке төмендеуінің нәтижесінде бұл товарды сатып алу көлемі 2 % өсті, бұл жағдайда сұраным:
А. жеке икемділік сұранымы;
В. абсолютті икемділік сұранымы;
С. икемді сұраным;
D. икемсіз сұраным;
Е. сұраққа жауап беру мүмкін емес.
$$$ 8
Сұраным заңы ұйғарады, ол бойынша:
А. ұсынымның сұранымнан асып түсуі бағаның төмендеуіне әкеледі;
В. егер тұтынушылардың табыстары өсетін болса, олар әдетте товарларды көп сатып алады;
С. товар бағасы төмендеген кезде жоспарланған сатып алу заттарыны көлемі өседі;
D. сұраным қисығы әдетте оңды иілген (положительный наклон) болады;
Е. тұтынушының ұйғарымының өзгеруіне байланысты сұраным көлемі де өзгереді.
$$$ 9
Мемлекеттің қарызы дегеніміз:
А) жинақталған бюджет тапшылығы;
В) мемлекеттің шет елдерге қарызы;
С) мемлекеттің ел азаматтарына қарызы;
D) А,В,С жауаптары дұрыс;
Е) дұрыс жауабы жоқ.
$$$ 10
"Қалыпты" товарлар - бұл белгілі бір тұтынушы үшін:
А. сапасы жағынан салыстырмалы түрде төзімді товарлар;
В. табыстың өсуіне, сондай-ақ бағаның төмендеуіне байланысты оларды сатып алу артатын товарлар;
С. табыстың өсуіне байланысты әлдеқайда қымбаттымен алмастырылатын товарлар;
D. сатып алынуы қолда бар табыстарға байланысты емес товарлар;
Е. табыстардың өсуіне байланысты оларды сатып алу қысқаратын товарлар.
$$$ 11
Егер белгілі - бір салада бірнеше кәсіпорын осы сала нарығының басым бөлігіне бақылау жасайтын болса, онда орын алатын бәсеке қалай деп аталады:
А. олигополия;
В. монополиялық бәсеке;
С. жетілген бәсеке;
D. монополия;
Е. монопсония.
$$$ 12
Егер товар бағасының өзгеруіне қарамастан ол товарға сұраным көлемі өзгермеген жағдайда, оның бағалық икемділігінің коэффициенті:
А. 1-ден көп;
В. 1-ден аз;
С. 0-ге тең;
D. 1-ге тең;
Е. шексіздікке тең.
$$$ 13
Технологияны жетілдіру жылжытады:
А. сұраным қисығын оңға және жоғары қарай;
В. сұраным қисығын оңға және төмен қарай;
С. ұсыным қисығын оңға және төмен қарай;
D. ұсыным қисығын солға және жоғары қарай;
Е. сұраным қисығын солға және жоғары қарай.
$$$ 14
Сұраныстың абсолютті икемсіз қисығы - бұл:
А. тік (вертикальды) сызық;
В. көлбеу (горизонтальды) сызық;
С. қисық сызық;
D. теріс иілген түзу сызық;
Е. оң иілген қисық сызық.
$$$15
Тепе-тең баға қандай жағдайда орын алады:
А. сатушының бағасының сатып алушының бағасынан біраз артық болған жағдайында;
В. товарды сатушының сатуға, ол сатып алушының осы баға бойынша оны сатып алуға келісімдері болған жағдайда;
С. тек дамыған нарықтық экономика жағдайында;
D. командалық экономика жағдайында;
Е. сатып алушының товарды сатып алуға келісімі болған жағдайда.
$$$ 16
Ұсыныс заңы бойынша:
А. ұсыныстың сұраныстан асып түсуі бағаның төмендеуіне әкеледі;
В. егер тұтынушылар табыс өссе, әдетте сатушылар көп товар сатып өткізеді;
С. товар ұсынысы алмастырылатын - товар бағасына тәуелді;
D. товар бағасы өскен жағдайда, сол товарларды сату көлемі де өседі;
Е. нарықтағы бағаны белгілеуде сатушы үстемдік етеді.
$$$ 17
Шекті пайдалылықтың кему заңы нені көрсетеді:
А. сатып алынған товарлардың пайдалылығы тұтынушышың табысы өскен сайын кеми беретіндігін;
В. шекті пайдалылықтың бағаға қатынасы барлық товарлар үшін бірдей екендігін;
С. әрбір келесі товар бірлігінің әкелетін пайдалылығы сатып алынатын товарлар санының артуына сәйкес кеми беретіндігін;
D. күнделікті тұтынылатын товарларға қарағанда, шекті пайдалылық қатынасының;
Е. жалпы пайдалылық төмендейді.
$$$ 18
Товарлар мен қызметтердің нарықтық ұсынымының факторлары:
А. сатып алушылар саны;
В. тұтынушылардың талғамдары мен ұнатушылықтары;
С. сатып алушылардың табыстары;
D. ресурстарға бағалар;
Е. толықтыратын товарлардың бағасы
$$$ 19
Нарықтық экономиканы мемлекеттік реттеудің әлеуметтік мақсатына не жатпайды:
А. қоғамды әлеуметтік тепе-теңдікті, "орташа" тапты қалыптастыруды, материалдық жағдайы жақсы және әлауқатты таптардың көпшілігінің орын алуын қамтамасыз ету;
В. еңбек нарығында толық жұмысбастылықты қатамасыз ету;
С. білімді, денсаулық сақтауды және басқа сфераларды жеткілікті деңгейде қаржыландыру;
D. мүгедектерді, жұмыссыздарды және осы сияқты халықтың басқа да топтарын әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету;
Е. қоғамда әлеуметтік теңдікті және толық әлеуметтік әділеттілікті орнықтыру.
$$$ 20
Нарықта көрсетілген және сәйкесінше ақшалай қаржылармен қамтамасыз етілген қажеттілік көріну формасы-бұл:
А) бәсеке;
В) сұраныс заңы;
С) сұраныс;
D) ұсыныс;
Е) баға.
5-нұсқа
$$$ 1
Жетілген бәсеке жағдайында фирма әдетте:
А. нарықты жаулап алу үшін бәсекенің қандай да болмасын нысандарын пайдаланады;
В. бәсеке күресінде өзі қалаған бағаны орнықтыруға қол жеткізеді;
С. азғана бәсекелестер саны жағдайында жұмыс істейді;
D. нарықтық бағаның құрылуына ықпал етпейді;
Е. бәсекелесін "жеңу" үшін бағаны төмендету,
$$$ 2
Қандай да бір өнімді бір ғана фирма сатып алатын экономикалық жағдай қалай аталады:
А) монополия;
В) олигополия;
С) таза бәсеке;
D) монопсония;
Е) дұрыс жауап жоқ.
$$$ 3
Қай капитал өз құнын өндірген өнімге бірте-бірте ауыстырып отырады:
А) айналмалы;
В) өзгермелі;
С) тұрақты;
D) негізгі;
Е) жанама.
$$$ 4
Нарықтық бағаның үлкен өзгерісі сұраным мөлшерінің сәл ғана өзгерісіне әкелсе, бұл қандай сұраным:
А) икемді ұсыныс;
В) икемді сұраныс;
С) икемсіз сұраныс;
D) икемсіз ұсыныс ;
Е) бірлікті сұраныс .
$$$ 5
Нарықтағы ұсынылатын тауар көлемі-бұл:
А) сұраныс;
В) сұраныс заңы;
С) ұсыныс заңы;
D) ұсыныс;
Е) сұраныс икемділік заңы.
$$$ 6
Әлдеқайда айқын антиинфляциялық саясат нені көрсетеді:
А. салық салу деңгейінің азаюуын;
В. салық өсімін және мемлекеттік шығыстардың әлдеқайда жоғары деңгейін;
С. мемлекеттік шығыстар және салық түсімдері деңгейінің тұрақтылығы;
D. салық салу деңгейінің жоғарлауы мен мемлекеттік шығыстың қысқаруы;
Е. рефинансирования ставкасының төмендеуін.
$$$ 7
Мемлекеттің антимонополиялық саясаты немен тікелей байланысты:
А. шағын кәсіпорындардың қызметімен;
В. ақша айналысын реттеумен;
С. халықты әлеуметтік қорғаумен;
D. тұтынушының құқығын қорғаумен;
Е. ұлттық валютаның айырбас құнын реттеумен.
$$$ 8
Бәсекелес фирмамен салыстырғанда монополист жалақыны қалай төлейді:
А. аз жұмысшы жалдау негізінде - жалақының жоғарғы ставкасы;
В. көп жұмысшы жалдау негізінде, жалақының төменгі ставкасын;
С. аз жұмысшы жалдау негізінде, аз жалақы ставкасын;
D. көп жұмысшы жалдау негізінде, жалақының жоғарғы ставкасын;
Е. барлық жауаптар дұрыс емес.
$$$ 9
Монополияға қарсы саясат нені камтамасыз етуі қажет:
А. бәсекелестікті тежеуді;
В. монополияларды жоюды;
С. бәсекелестік күресті қолдауды;
D. монополистердің өніміне мемлекеттік баға тағайындауды;
Е. монополиялық кәсіпорындардың экономикалық саясатын қолдауды.
$$$ 10
Тұтынушының табысының өсуі график түрінде қалай көрсетіледі:
А. бюджеттік сызықтың еңкіш болып өзгеруі;
В. бюджеттік сызықтың солға параллельді жылжуы;
С. бюджеттік сызықтың еңкіштігінің азаюы;
D. бюджеттік сызықтың еңкіштігінің азаюы;
Е. бюджеттік сызықтың еңкіштігінің өсуі.
$$$ 11
Тұтынушылық мінез - құлық теориясы бойынша тұтынушы төмендегілердің қайсысын барынша арттыруға ынталы болады:
А. орташа пайдалылықты;
В. жалпы пайдалылықты;
С. жалпы және шектік пайдалылық арасындағы айырмашылықты;
D. шектік пайдалылықты;
Е. келтірілген шамалардың әрбіреуін.
$$$ 12
Номинальды жалақы:
А) есептелген еңбек ақысы;
В) жұмысшыға берілген ақша сомасы;
С) өнімдегі жұмысшы үлесі;
D) еңбек табысының жиынтығы;
Е) С,Д жауаптар дұрыс
$$$ 13
Төменде көрсетілген қай анықтама ауыспалы шығындардың мәнін сипаттайды:
А) өнім шығару көлеміне төуелді емес;
В) өнім шығару көлеміне тәуелді;
С) өз капиталы, арендалық төлем, кәсіпкерлік қызмет төлемдеріне шығындар;
D) А, С жауаптары дұрыс;
$$$ 14
Нарықты экономиканы мемлекеттік реттеу әдісіне жатады:
А) тура және жанама реттеу;
В) әкімшілдік-әміршілдік реттеу;
С) нарықтық және аралас реттеу;
D) тек экономикалық реттеу;
Е) дәстүрлі реттеу.
$$$ 15
Бюджет тапшылығы:
А) мемлекеттің салықтан түсетін кірістерінен аз шығыс жасауы;
В) салықтан түсетін табыстың мемлекеттік шығыстарды қамтамасыз етуге жетіспеушіліг;
С) ақшаның массасының қадағалаусыз қалуы болатын фискальдық құбылыс;
D) тек А, С сұрақтары дұрыс;
Е) мемлекеттік қарыз жиынтығы.
$$$ 16
Мемлекеттік табыстың бюджет түсімдерінің ең басты көзі
А) ұлттық өнім;
В) салық;
С) жалпы ұлтық өнім;
D) еңбек;
Е) капитал.
$$$ 17
Инвестиция - бұл:
А) капиталдардың ел ішіндегі және шетелдегі экономикаға ұзақ мерзімді жұмсалымы;
В) бағалы қағаздарды сатып алу қаржылары үшін жұмсалымы;
С) капиталдардың өнеркәіпке, ауылшаруашылғына жұмсалуы;
D) өндірістік құрал-жабдықтарға қаржы салу
Е) барлық жауап дұрыс;
$$$ 18
Инфляцияның ең жойқын күшті түрі:
А) қарқынды (галопирующая) инфляция;
В) ұшқыринфляция (гиперинфляция);
С) баяу инфляция;
D) бақыланатын инфляция;
Е) жасырын инфляция.
$$$ 19
Инфляция - бұл:
А) мемлекеттің бағаны тым қымбаттатуы;
В) айналыстағы қағаз ақшаның құнсыздану;
С) өндіріс, кәсіпорындардың тоқтап қалуы;
D) тауарлар мен қызмет көрсету бағасының шектен тыс өсуі;
Е) нақты жалақының азаюы.
$$$ 20
Банк клиенттерінің ақша салымы:
А) активтер;
В) резервтер;
С) депозиттер;
D) қорлану;
Е) жинақтау.
Достарыңызбен бөлісу: |