Оқу-әдістемелік кешен және студенттер үшін оқу жұмыс бағдарламасы
«Экономикалық теория негіздері » пәні бойынша
050205,050207,050503,050506,051201,051202,050702,050727,050728,050601,050301,050704,050703,050711,050421,050602,050724,050732,050712,050806,050729,050607,050608,050802,050803,050701,050604,050723,050734 мамандықтары үшін
Семей 2009
Алғы сөз
«Экономикалық теория негіздері» курсы барлық мамандықтар мен дайындау бағыттарында оқытылатын негізгі пән болып табылады. Бұл пән студенттерге жүйе түріндегі экономика туралы, негізгі түсініктер, экономикалық дамудың заңдары мен заңдылықтары туралы түсініктеме береді. Бұл дербес ойлап, жауапкершілікті шешім қабылдай алатын экономикалық сауатты мамандарды тәрбиелеуге мүмкіндік береді.
ҚҰРАСТЫРЫЛҒАН
Құрастырған _________
Жұмашбекова З.Ж. Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің «Микро және макроэкономика» кафедрасының аға оқытушысы, Сериков Р.С., аға оқытушы, экономика магистрі
«___» _ _ 2009ж.
ТАЛҚЫЛАНДЫ
2.1. Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің «Микро және макроэкономика» кафедрасының мәжілісінде
Хаттама № 10 , « 15_» маусым 2009ж.
Кафедра меңгерушісі ____________ Айдарханов М.Х.
2.2. «Қаржы –экономика » факультетінің оқу-әдістемелік бюро мәжілісінде
Хаттама №_6_, « 24 » маусым 2009ж.
Төраға ____________ Айдарханов М.Х.
БЕКІТІЛДІ
Университеттің оқу-әдістемелік кеңес мәжілісінде қаралып және баспаға ұсынылды
Хаттама №_____, «____» ___________ 2009ж.
ОӘК төрағасы, бірінші проректор ____________ Молдажанова А.А.
БІРІНШІ РЕТ ЕНГІЗІЛГЕН
Мазмұны
Жалпы ережелер
Пәнді оқу бойынша әдістемелік нұсқаулар
Курс саясаты
Баға қою саясаты
Пән мазмұны және сабақ түрі бойынша сағаттарды бөлу
ОЖСӨЖ және СӨЖ мазмұны
7. Пән бойынша оқу үрдісінің күнтізбелік кестесі
Жалпы жағдайлар
Оқытушының фамилиясы, аты, жөні – Жұмашбекова С.Қ., аға оқытушы, Сериков Р.С., аға оқытушы, экономика магистрі;
Кафедра – «Микро және макроэкономика»;
Байланыс ақпараты – тел: 530373, №8 оқу ғимараты, №209 кабинет;
Сабақ өткізілетін орын – сабақ кестесі бойынша;
Пән аты - «Экономикалық теория негіздері »;
Несие саны – 2;
Оқу жоспарынан көшірме (1-кесте):
Оқу жоспарынан көшірме
1-кесте
Курс |
Семестр
| Несие | Дәріс |
Семинар
| ОЖСӨЖ |
СӨЖ
|
Барлығы
| Бақылау түрі |
2
|
3
|
2
|
15
|
15
|
30
|
30
|
90
| Емтихан |
Оқу жоспарынан көшірме
2-кесте
Курс |
Семестр
| Несие | Дәріс |
Семинар
| ОЖСӨЖ |
СӨЖ
|
Барлығы
| Бақылау түрі |
2
|
4
|
2
|
15
|
15
|
30
|
30
|
90
| Емтихан |
3.1. Пәннің мазмұнының қысқаша сипаттамасы:
«Экономикалық теория негіздері » курсы — студенттердің жүйеленген білімді меңгеруі және жалпы экономика саласындағы тәжірибелік мәселелерді талдауға машықтануға жол ашады. Сондай-ақ, студенттің экономикалық теория пәнінің әдістері мен заңдылықтарын оқып үйренуге жол ашу.
Осы курстың мақсаты – студенттің алған білімдері олардың білікті маман ретіндегі болашақ жұмысына негіз қалайды, оларға қазіргі кездегі экономикалық өмірде болып жатқан құбылыстарды, процестерді сауатты кәсіби деңгейде талдауға мүмкіндік береді.
Курстың міндеттері :
Экономикалық ғылымдардың жалпы теориялық сұрақтарды, базалық экономикалық ұғымдар мен құбылыстарын;
қоғамдық өндіріс негіздерін;
нарықтық экономиканың мәні мен заңдылықтарын;
- сұраным мен ұсыным теорияларының и негізін
мемлекеттің экономикалық қызметтерін ҚР-ның экономикалық потенциалы мен экономикалық саясатының ерекшеліктерін оқып-білу.
3.2.Пәннің переквизиттері.
Пән бірінші курста оқылатындықтан экономикадан алдын-ала білім болу міндетті емес.
3.3.Постреквизиттер.
Экономикалық емес мамандықтардың студенттері үшін экономикалық теория негіздері таңдау бойынша пән болып табылады, экономикалық ойлауға, өз бетімен экономикалық талдауға бейімділікті қалыптастырады. Экономикалық теорияны оқудан алған білімдер осы және басқа да негізгі кафедралардың көптеген экономикалық пәндерінде, курстарында қолданылады.
2. ПӘНДІ ОҚЫТУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
Студент өз бетiмен дайындалу үшiн ең бiрiншi осы пәнге арналған оқулықтар мен оқу әдiстемелiк құралдарды пайдалану қажет. Мерзімді басылымдарды , газет, журналдарды негiзге алу керек.
«Экономикалық теория негіздері » пәнiн оқу кезiнде тақырыптардың жүйелiгiн басшылыққа алу керек.
«Экономикалық теория негіздері» пәнiнен негiзгi оқулықтар ана тiлiнде
1.Әубәкіров Я.Ә., Нәрібаев К.Н., Есқалиев М. Экономикалық теория негіздері.-Алматы:Санат,1998
2. Әпсәләмов Н.Ә., Исабеков Қ., Сұлтанов Ө.С.Экономикалық теория негіздері Оқу құралы.-Алматы:Ғылым,1999ж.
3.Шеденов Ө.Қ., Байжомартов У.С., Жүнісов Б.А., Комягин Б.И. Жалпы экономикалық теория.-Алматы:Ақтөбе,2002ж болып табылады .
Қосымша «Қаржы-қаражат», «Ақиқат», «Iзденiс» т.б. журналдарындағы мақалаларды пайдалануға болады. «Экономикалық теория негіздері » пәнi тiкелей «Микроэкономика », «Макроэкономика», «Әлемдiк экономика», «Халықаралық экономикалық қатынастар», «Нарықтық экономиканы мемлекеттiк реттеу» т.б. пәндермен тығыз байланысты.
Өздік жұмысын орындау кезiнде студент тек теориямен шектелмей ,әр тақырып бойынша өз ойын , пiкiрiн бiлдiру керек. Экономикалық ұғымдарды тез игеру үшiн экономикалық сөздiктердi пайдаланған дұрыс.
Көбiнесе ,қосымша өз оқытушыларының еңбектерiн пайдалану мүмкiншiлiктерi бар “Экономикалық iлiмдер тарихы”Айдарханов М. Х., Сериков Р.С., Қуантхан Б.,
« Микроэкономика » Айдарханов М.Х., Жумашбекова С.К.,Оқу-құрал.
Емтиханды сәттi тапсыру үшiн тест жинақтарын пайдалануға болады.
3. КУРС САЯСАТЫ
1. Аудиториялық уақытқа дәрістер, семинар сабақтары, оқытылған материалды талқылау және әртүрлі тапсырмаларды орындау кіреді.Әрбір сабаққа студент әдебиеттің негізгі және қосымша қайнар көздерінің тізіміне сәйкес дайындалуы керек (негізгі бөлімдер мен бөлімшелер әрбір сабақта нақтыланады). Аралық бақылау жұмысында болмаған студенттер автоматты түрде 0 балл алады және бақылау жұмысын тапсыруға жіберілмейді.
2. Негізгі ұғымдар дәрістерде ұсынылады және түсіндіріледі. Сабаққа қатысу және дәрісте негізгі ұғымдарды, түсіндірмелерді және мәліметтерді жазып алу студенттің міндеті болып табылады. Егер студент қандай да бір жағдайлармен дәріске қатыспаған жағдайда, дәрістің материалын топтағы басқа студенттен алуы керек. Оқытушы материалды бір де бір студенке дәрістің бір де бір уақытында босату себебіне қарамастан ұсынбайды.
3. Әрбір сабақта студент материалды талқылауда белсенді қатысуы керек. Белсенділік сөз сөйлеу арқылы бағаланады. Белсенділік үшін максималды балл әрбір сабақта жарияланады.
4. Бесінші аптада студент аралық бақылау жұмысына дайындалады. Аралық бақылау жұмысының тапсырмалары беріліп, студент жетінші аптаға дейін тапсыруы керек.
5. Дәрістердегі түсініксіз сұрақтар бойынша Сіз оқытушыдан әрқашан түсінік ала аласыз.
6. Студенттерге жазба жұмыстарын орындау үшін Шәкәрім атындағы СМУ компьютерлерін (компьютерлік сыныптарда) қолдану ұсынылады.
7. Тыңдаушылар Шәкәрім атындағы СМУ кітапханасында бекітілген ережеге сай шұғылдана алады және оқулықтар мен оқу құралдарын үйге алады.
8. Емтиханға жіберілген барлық студенттер үшін компьютерлік тестілік түрде емтихан жүргізіледі.. Әрбір тестілік нұсқа өткен курс тараулары бойынша бөлінген.
9. Сабақ кезінде ұялы телефонды өшіріп тастау қажет..
4. БІЛІМДІ БАҒАЛАУ САЯСАТЫ
4.1. «Экономикалық теория негіздері» пәні бойынша оқу үрдісінің
күнтізбелік кестесі
Кесте 2
Балл түрінде
|
Апта
|
Барлық курс б/ша
,баллы
лы
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
10
|
11
|
12
|
13
|
14
|
15
|
Дәріске қатысу
|
1
|
1
|
1
|
1
|
1
|
1
|
1
|
1
|
1
|
1
|
1
|
1
|
1
|
1
|
1
|
15
|
Практика
лық және лабораториялық сабақтарға қатысуы
|
1
|
1
|
1
|
1
|
1
|
1
|
1
|
1
|
1
|
1
|
1
|
1
|
1
|
1
|
1
|
15
|
ОЖСӨЖ бағасы
|
0,6
|
0,6
|
0,6
|
0,6
|
0,6
|
0,6
|
0,9
|
0,6
|
0,6
|
0,6
|
0,6
|
0,6
|
0,6
|
0,6
|
1,3
|
10
|
Аралық бақылау
|
2
|
2
|
2
|
2
|
2
|
2
|
2
|
2
|
2
|
2
|
2
|
2
|
2
|
2
|
2
|
30
|
1 межелік
Бақылау
|
|
|
|
|
|
|
10
|
|
|
|
|
|
|
|
|
10
|
2 межелік бақылау
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
10
|
10
|
Дәрісті жүргізу
|
0,6
|
0,6
|
0,6
|
0,6
|
0,6
|
0,6
|
0,9
|
0,6
|
0,6
|
0,6
|
0,6
|
0,6
|
0,6
|
0,6
|
1,3
|
10
|
жоғарғы
балл:
|
5,2
|
5,2
|
5,2
|
5,2
|
5,2
|
5,2
|
15,8
|
5,2
|
5,2
|
5,2
|
5,2
|
5,2
|
5,2
|
5,2
|
16,6
|
100
|
Студент курс бойынша оқу кезінде жақсы білімімен ең жоғарғы көрсеткіш – 100 балл ала алады.
Студент емитиханға - 50% босатылады және қорытынды бағасы пән (семестр) бойынша (кесте 2) қарау керек.
Емтихан кезінде «Экономика теория»пәні бойынша ең жоғарғы көрсеткіші 1-ші және 2-ші межелік көрсеткішіне қарап, емтихандағы бағасы арқылы мына формулаға сүйене отырып қойылады.:
И%=((Р1+Р2) / 2) х 0,4 +Е х 0,6,
где: Р1 – 1-ші межелік рейтингі;
Р2 - 2-ші межелік рейтингі;
Е – емтихандағы алған пайыздағы бағасы.
4.2. Жұмыстардың әр түрлерін бағалау өлшемдері :
Кесте 3
Жұмыс түрлері |
Балдар
|
Сабаққа қатысу (1 аралық бақылау қортындысы бойынша барлық дәріс және сарамандық сабақтарына қатысқаны үшін максималды балл - 5 балл, барлығы 2 аралық бақылау * 5 балл)
|
10
|
Семинар сабағына ауызша жауап (әрбір семинар сабағына ауызша жауап максималды 2 балл, барлығы 15 семинар сабағы * 2 балл)
|
30
|
ОСӨЖ тапсырмасын орындағаны үшін (әрбір ОСӨЖ тапсырмасы максималды 2 балл, барлығы 15 ОСӨЖ тапсырмасы * 2 балл)
|
30
|
СӨЖ тапсырмаларын орындау (әрбір тақырып бойынша орындалған СӨЖ тапсырмасы үшін 1 балл, барлығы 15 СӨЖ тапсрымасы*1 балл)
|
15
|
Аралық бақылау жүргізу( аралық бақылау жүргізудің қортындысы бойынша максималды балл – 1 аралық бақылау бойынша – 7 балл және 2 аралық бақылау бойынша 8 балл)
|
15
|
Барлығы :
|
100
|
Егер студент сабақты ауырып қалған және басқа да себепті жағдайлар бойынша босатқан болса (тиісті ұйымдармен құжаттық расталған) және аралық бақылауды бекітілген уақытта тапсырмаған болса, онда оның аралық бақылауды жеке тапсыруға құқығы бар. Бұл жағдайда ұсынылған құжаттар негізінде факультет деканы емтихандық сессияның басталу мерзіміне дейін аралық бақылауды жеке тапсыру уақытын тағайындайды және студентке жеке рейтингтік ведомость береді. Студент пән бойынша қорытынды рейтингтік бақылауға жіберіледі, егер оның семестрдегі сомалық рейтингтік балы 50% -ға тең немесе жоғары болса. Пән бойынша қорытынды баға шкала бойынша анықталады. (Кесте 4.)
Студенттің рейтингісін есептеу
Кесте 4.
Студенттің аты-жөні
|
СЖ
|
ОСӨЖ
|
СӨЖ
|
СҚ
|
АрБ
|
∑
|
Р1,%
|
СЖ
|
ОСӨЖ
|
СӨЖ
|
СҚ
|
АрБ
|
∑
|
Р2,%
|
Омаров.
|
12
|
10
|
7
|
5
|
7
|
41
|
41
|
16
|
14
|
8
|
5
|
7
|
91
|
91
|
…
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
МАХ
|
14
|
14
|
7
|
5
|
7
|
47
|
47
|
16
|
16
|
8
|
5
|
8
|
100
|
100
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Студент Омаров М. Рейтингісін есептеу мысалы:
Бірінші рейтинг::
∑ = СЖ+ОСӨЖ+СӨЖ+СҚ+АрБ ,
Мұндағы СЖ – семинар сабақтарындағы жұмыс;
ОСӨЖ – ОСӨЖ тапсырмаларын орындау;
СӨЖ – студенттің аудиториядан тыс жұмысы;
АрБ – аралық бақылау қотындысы;
Р1 = * 100% = * 100% = 41%
Екінші рейтингті есептеу кезінде жұмыстың барлық түрлері бойынша екінші кезеңде жинаған барлық балдарға ол алдыңғы рейтингте орындамған жұмыстардың балдары қосылады:
Р2 = * 100% = * 100% = 91 %
4.3.Студенттің білімін бағалау шкаласы
Кесте 4
Бағаның әріптік эквиваленттері
|
Баға
|
Бағаның сандық эквиваленттері
|
Пайыз
(%)
|
1
|
2
|
3
|
4
|
А
|
Өте жақсы
|
4.00
|
95-100
|
А-
|
Өте жақсы
|
3.67
|
90-94
|
В+
|
Жақсы
|
3.33
|
85-89
|
В
|
Жақсы
|
3.00
|
80-84
|
В-
|
Жақсы
|
2.67
|
75-79
|
С+
|
Қанағаттанарық
|
2.33
|
70-74
|
С
|
Қанағаттанарық
|
2.00
|
65-69
|
С-
|
Қанағаттанарық
|
1.67
|
60-64
|
D+
|
Қанағаттанарық
|
1.33
|
55-59
|
D
|
Қанағаттанарық
|
1,00
|
50-54
|
F
|
Қанағаттанарсыз
|
0.00
|
0-49
|
I
|
Аяқталмаған
|
NA
|
-
|
P
|
Пәнді өтті
|
-
|
Өтті
|
Студенттерге аттестатция нәтижесі қалай шығарылатындығын оқытушылыр барынша толық түсіндіреді.
5. ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ САБАҚ ТҮРІ БОЙЫНША САҒАТТАРДЫ БӨЛУ
Кесте 5
№
|
Тақырып атауы
|
Сағат саны
|
Дәрістер
|
Сарамандық
|
ОЖСӨЖ
|
СӨЖ
|
1
|
Экономикалық теорияның пәнi және әдiстерi
|
1
|
1
|
2
|
2
|
2.
|
Экономиканы ұйымдастырудың негiзгi нышандары.
|
1
|
1
|
2
|
2
|
3.
|
Меншiктiк қатынастары және олардың экономикадағы ролi
|
1
|
1
|
2
|
2
|
4.
|
Нарықтық экономиканың қалыптасу механизмi және мәнi.
|
1
|
1
|
2
|
2
|
5.
|
Сұраныс және ұсыныс теориясының негiзi
|
2
|
2
|
2
|
2
|
6.
|
Капитал теориясы . Өзiндiк капитал теориясының айналымы
|
1
|
1
|
3
|
3
|
7.
|
Фирманың шығындары мен кiрiстерi
|
1
|
1
|
2
|
2
|
8.
|
Ұлттық экономика жүйе ретiнде
|
1
|
1
|
3
|
3
|
9.
|
Нарықтық экономиканы мемлекеттiк реттеу
|
1
|
1
|
2
|
2
|
10.
|
Экономикалық дамудың ауытқымалы болуы және экономикалық өсу
|
1
|
1
|
2
|
2
|
11.
|
Ақша –несиелiк реттеу
|
2
|
2
|
4
|
4
|
12.
|
Мемлекеттiң әлеуметтiк саясаты
|
1
|
1
|
2
|
2
|
13.
|
Әлемдiк экономика
|
1
|
1
|
2
|
2
|
|
Барлығы
|
15
|
15
|
30
|
30
|
6. ОЖСӨЖ ЖӘНЕ СӨЖ МАЗМҰНЫ
кесте 6
ОЖСӨЖ
|
СӨЖ
|
Аудиториялық
|
Аудиториядан тыс
|
1
|
2
|
3
|
1.Рефератты талқылау: Экономикадан Нобель сыйлығының лауреаттары
2. Экономикалық ғылымдағы нормативті және позитивті бағыттардың мысалдарын талқылау.
|
1. «Экономикадан Нобель сыйлығының лауреаттары» тақырыбына реферат дайындау
2. Экономикалық ғылымдағы нормативті және позитивті бағыттарға мысал келтіру.
|
Позитивті және нормативті экономикалық ғылым
|
1.Рефератты талқылау: Қазақстан Республикасының табиғи-экономикалық әлеуеті
2. Өндiрiс мүмкiндiгiнiң қисық сызығын сызу, талдау.
|
1.«Қазақстан Республикасы-ның табиғи-экономикалық әлеуеті » тақырыбына реферат дайындау
2. Қазақстанның өнім өндірудегі мүмкіндіктеріне мысал келтіру.
|
Әр елдiң ақша бiрлiктерiне сөзжұмбақ құру.
|
1.Рефератты талқылау: Қазақстан Республикасындағы жекешелендiру және мемлекет иелiгiнен алу мәселелерін шешу жолдары.
|
1.« Қазақстан Республикасын-дағы жекешелендiру және мемлекет иелiгiнен алу мәселелерін шешу жолдары» тақырыбына реферат дайындау
|
Қазақстан Республикасындағы жекешелендiру және мемлекет иелiгiнен алу мәселелерін шешу жолдары.
|
1.Рефератты талқылау:
Қазақстанда нарықтық инфрақұрылымның дамуы 2.Әкiмшiлiк-әмiршiлдiк экономика мен нарықтық экономикаға салыстырмалы талдау жасау.
|
« Қазақстанда нарықтық инфрақұрылымның дамуы» тақырыбына реферат дайындау
|
Қазақстанда нарықтық инфрақұрылымның дамуы Экономиканы ұйымдастырудағы жүйелер.
|
1.Рефератты талқылау:
Жетілген және жетілмеген бәсеке жағдайындағы сұраныс және ұсыныс
2.Сұраныс пен ұсыныс, тепе-теңдiк бағаға есеп шығару.
|
1.« Жетілген және жетілмеген бәсеке жағдайындағы сұраныс және ұсыныс» тақырыбына реферат дайындау
|
Сұраныс және пайдалылық. Шектi пайдалылықтың кему заңы
|
1.Рефератты талқылау:
ҚР –да шағын және орта кәсiпкерлiктiң даму мәселелері
2. Студенттер өздерiнiң таңдаған кәсіптеріне құрған бизнес-жоспарынын талқылау
|
1.« ҚР –да шағын және орта кәсiпкерлiктiң даму мәселелері» тақырыбына реферат дайындау
2.Студенттер өздерiнiң таңдаған кәсiптерiне бизнес жоспар құру.
|
ҚР –да шағын және орта кәсiпкерлiктiң даму мәселелері.
|
1.Рефератты талқылау:
ҚР еңбек нарығын дамытудағы мәселелер
2. Қазақстан Республикасы бойынша жалақы және орта табыс жөнінде статистикалық мәліметтерді талдау
|
1.« ҚР еңбек нарығын дамытудағы мәселелер» тақырыбына реферат дайындау
2. Қазақстан Республикасы бойынша жалақы және орта табыс жөнінде статистикалық мәліметтерді жинау.
|
ҚР еңбек нарығын дамытудағы мәселелер
Қазақстан Республикасы бойынша жалақы және орта табыс жөнінде статистикалық мәліметтер.
|
1.Қазақстан Республикасы бойынша макроэкономикалық көрсеткiштерге талдау жасау.
2.Негiзгi макроэкономикалық көрсеткiштерге есеп шығару.
|
Қазақстан Республикасы бойынша макроэкономикалық көрсеткiштер бойынша мәліметтер жинау. (ШҚО –ның статистикалық мәлiметтерiн талдау)
|
Қазақстан Республикасы бойынша макроэкономикалық көрсеткiштері
|
1.Рефератты талқылау:
Қазақстан Республикасында экономиканы мемлекеттік реттеу приоритеттері
2. «Экономиканы мемлекеттiк реттеудiң қажеттiлiгi» тақырыбына пiкiр таластыру
|
Реферат тақырыбы: Қазақстан Республикасында экономи-каны мемлекеттік реттеу приоритеттері
|
Қазақстан Республикасында экономиканы мемлекеттік реттеу приоритеттері
Экономиканы мемлекеттiк реттеудiң қажеттiлiгi.
|
1.Рефератты талқылау:
Қазақстан экономикасының тұрақты дамуының мәселелері
2.Экономикалық цикл фазаларына талдау.
|
1.« Қазақстан экономика-сының тұрақты дамуының мәселелері»
тақырыбына реферат дайындау
|
Қазақстан экономикасының тұрақты дамуының мәселелері
Аграрлық дағдарыстар және оның өнеркәсіптік дағдарыстан айырмашылығы
|
1.Рефератты талқылау:
Инфляция: мәнi, себептерi түрлерi ,зардаптары.
2.Қазақстан Республикасының банктік жүйесіне қысқаша жазбаша талдау жасау .
|
1.« Инфляция: мәнi, себептерi түрлерi ,зардаптары» тақырыбына реферат дайындау
2.Қазақстан Республикасының банктік жүйесіне шолу жасау.
|
Инфляция: мәнi, себептерi түрлерi ,зардаптары.
|
1.Рефератты талқылау:
ҚР-дағы жұмыссыздықты мемлекеттiк реттеу және жұмыссыздарды әлеуметтiк қорғау мәселесi
|
«ҚР-дағы жұмыссыздықты мемлекеттiк реттеу және жұмыссыздарды әлеуметтiк қорғау мәселесi » тақырыбына реферат жазу
|
ҚР-дағы жұмыссыздықты мемлекеттiк реттеу және жұмыссыздарды әлеуметтiк қорғау мәселесi
ҚР әлеуметтiк саясаты
|
1.Рефератты талқылау:
Қазіргі әлемдік қаржылық дағдарыс себептері мен ерекшеліктері
2. ҚР-ның дүниежүзiлiк кеңестiкке ену мәселелерін талдау
|
«Қазіргі әлемдік қаржылық дағдарыс себептері мен ерекшеліктері» тақырыбына реферат жазу
|
Қазіргі әлемдік қаржылық дағдарыс себептері мен ерекшеліктері
ҚР-ның дүниежүзiлiк кеңестiкке ену мәселелері
ҚР-ның әлемдiк сауда ұйымына кiру мәселесi.
|
7. «Экономикалық теория негiздерi» пәнінен оқу үрдісінің күнтізбелік жоспары
Кесте 7
№
|
Апталар
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
10
|
11
|
12
|
13
|
14
|
15
|
1
|
Бақылау түрі
|
А,
К
|
А,
К
|
А,
К
|
А,
К
|
А,
К
|
А,
К
|
МБ
1
|
А,
К
|
А,
К
|
А,
К
|
А,
К
|
А,
К
|
А,
К
|
А,
К
|
МБ
2
|
2
|
Баллдар
|
5
|
5
|
5
|
5
|
5
|
5
|
5
|
5
|
5
|
5
|
5
|
5
|
5
|
5
|
5
|
Белгілеулер: А – ауызша түсіндіру;
К – конспект;
МБ – межелік бақылау
8. Студенттер үшін пәннің оқу бағдарламасы « Syllabus »
Дәрiс тақырыптарының аттары және олардың қысқаша мазмұны
|
Сағат саны
|
Сарамандық сабақтардың аттары және олардың қысқаша мазмұны
|
Сағат саны
|
1-Модуль .Экономикалық теорияның микроэкономикалық аспектiсi және кiрiспе
|
|
|
|
1-тақырып. Экономикалық теорияның пәнi және әдiстерi
1.Экономикалық теорияның ғылым ретiнде дамуы мен қалыптасуының тарихы.меркантелистер,физиократтар , классикалық саяси экономика ,марксизм ,маржинализм,институционализм .
кейнсиандық , монетаризмЭкономикалық теорияның пәнi , құрылымы мен қызметтерi . Экономикалық теория
әдiстерi :ғылыми абстракция,анализ және синтез,индукция және дедукция т.б.
|
1
|
1-тақырып. Экономикалық теорияның пәнi және әдiстерi
1. Қазiргi экономикалық теорияның пәнi және мiндеттерi
2. Экономикалық теорияның құрылымы және логикасы
3. Экономикалық теорияның әдiстерi
|
1
|
2-тақырып. Меншiктiк қатынастары және олардың экономикадағы ролi.
1.Меншiктiң экономикалық құқықтық мазмұны
Экономикадағы меншiктiн алуан түрлерi Қазақстан республикасында меншiк қатынастағы қалыптасуы . жекешелендiру
|
1
|
2-тақырып. Меншiктiк қатынастары және олардың экономикадағы ролi.
1.Меншiк теориясы ,
экономикалық –құқықтық мазмұны
2.Нарықтық экономиканың көп секторлығы
3. Қазақстан республикасындағы жекешелендiру және мемлекет иелiгiнен алу : кезеңдерi, формалары және проблемалары
|
1
|
3-тақырып. Экономиканы
ұйымдастырудың негiзгi формалары
1.Қоғамдық өндiрiс түсiнiгi өндiрiс ресурстары және факторлары .айырбас қатынастарының дамуы және ақшаның пайда болуы.Тауарлы шаруашылықтың пайда болуы жағдайы .Тауар және онын қасиетi .
|
1
|
3-тақырып. Экономиканы
ұйымдастырудың негiзгi формалары
1.Қоғамдық өндiрiс түсiнiгi өндiрiс ресурстары және факторлары .айырбас қатынастарының дамуы және ақшаның пайда болуы.Тауарлы шаруашылықтың пайда болуы жағдайы .Тауар және онын қасиетi .
|
|
4-тақырып. Нарықтық экономиканың қалыптасу механизмi және мәнi.
1.Нарықтық экономика- шаруашылықты ұйымдастырудың тиiмдi формасы ретiнде.
Нарық теориясы: мәнi , негiзгi түрлерi ,нарықтың атқаратын қызметтерi .Нарықтық жүйе және оның элементтерi.
|
1
|
4-тақырып. Нарықтық экономиканың қалыптасу механизмi және мәнi.
1.Нарықтық экономиканың даму кезеңдерi ,оның принциптерi
2. Нарықтың түрлерi .Нарықтың принциптерi және нарықтың атқаратын қызметтерi.
3.Нарықтық экономиканың артықшылықтары мен кемшiлiктерi
4.Қазақстан республикасында нарықтық қатынастардың қалыптасуының ерекшелiктерi.
|
1
|
5-тақырып. Сұраныс және ұсыныс теориясының негiзi
Сұраныс, оның заңы және факторлары.
Ұсыныс, оның заңы және факторлары. Сұраныс пен ұсыныстың өзара байланысы.
Нарықтық тепе-теңдiк және тепе-теңдiк баға. Сұраныс пен ұсыныс икемдiлiгi. Икемдiлiктiң жалпы формуласы
|
2
|
5-тақырып. Сұраныс және ұсыныс теориясының негiзi
1.Сұраныстың мәнi, сұраныс заңы, сұранысқа әсер ететiн бағалы және бағалы емес факторлар
2.Нарықтық ұсыныс мәнi, ұсыныс заңы, ұсынысқа әсер етушi факторлар.
3. Сұраныс пен ұсыныстың өзара байланысы. Нарықтық тепе-теңдiк және тепе-теңдiк баға.
4.Икемдiлiк түсiнiгi ,баға және табыс бойынша икемдiлiк коэффициентi
5.Сұраныс және пайдалылық. Шектi пайдалылықтың кему заңы
|
2
|
6-тақырып. Капитал теориясы.
Өзiндiк капитал теориясының айналымы.
Фирма нарықтық экономиканың субьектiсi ретiнде.
Капитал теориясы, капитал айналымы, негiзгi және айналмалы капитал. Негiзгi капиталдың тозуы және оның түрлерi. Амортизация түсiнiгi. Инвестиция және оның түрлерi
|
1
|
6-тақырып. Капитал теориясы
1.Кәсiпкерлiктiң әлеуметтiк-экономикалық мәнi.Кәсiпкерлiктi ұйымдастыру формалары: артықшылықтары мен кемшiлiктерi
2.Капитал айналымы, оның құрылымы
3.Негiзгi капитал айналымы, негiзгi капиталдың тозуы және оның түрлерi
4.ҚР –да кәсiпкерлiктiң даму проблемалары
|
1
| 7-тақырып.Фирманың шығындары мен кiрiстерi
Өндiрiс шығындары және оның түрлерi ,бухгалтерлiк және экономикалық шығындар.
Фирманың табысы: жалпы ,орта ,шектi . Өндiрiс фактарлары және табыс .Еңбек өндiрiс факторы ретiнде ,жалақы және оның түрлерi
Рента түсiнiгi,жер рентасы оның түрлерi
|
1
|
7-тақырып.Фирманың шығындары мен кiрiстерi
1.Өндiрiс шығындары және оның түрлерi
2.Пайда мәнi,жиынтық және таза пайда
3.Еңбек өндiрiс факторы ретiнде ,жалақы және оның түрлерi
4.Рента түсiнiгi,жер рентасы оның түрлерi
|
1
|
2-модуль. Экономиканың халықаралық аспектiсi және мемлекеттiң ролi
|
|
|
|
8- тақырып. Ұлттық экономика жүйе ретiнде
Макроэкономикалық талдау ерекшелiктерi.Негiзгi макроэкономикалық көрсеткiштер ,ұлттық есептеу жүйесi түсiнiгi ,макроэкономикалық саясаттың мақсаттары
|
1
|
8- тақырып. Ұлттық экономика жүйе ретiнде
1.ЖҰӨ және ЖIӨ: салыстырмалы талдау
2.Нарықтық экономикадағы тепе-теңдiк проблемасы
3.ҚР –дағы макроэкономикалық саясаттың мақсаттары
|
1
|
9- тақырып. Нарықтық экономиканы мемлекеттiк реттеу
Жиынтық сұраныс және жиынтық ұсыныс. Макроэкономикалық тепе-теңдiк және оның ауытқуы. .Экономиканы мемлекеттiк реттеудiң негiзгi себептерi. Мемлекеттiң экономикалық қызметтерi .Экономиканы мемлекеттiк реттеудiң тура және жанама әдiстерi.
|
1
|
9-тақырып.Нарықтық экономиканы мемлекеттiк реттеу
1.Макроэкономикалық тепе-теңдiкке теориялық көзқарас
2.Экономикаға мемлекеттiң араласуының қажеттiлiгi
3. Мемлекеттiң экономикалық қызметтерi
4.Мемлекеттiк реттеудiң әкiмшiлiк және эккономикалық әдiстерi
|
1
|
10- тақырып. Экономикалық дамудың циклдығы және экономикалық өсу.
Экономикалық өсу түсiнiгi, экономикалық өсудiң түрлерi ,оның моделдерi, ҚР-дағы экономикалық өсу факторлары және жағдайы.Экономикалық цикл мәнi және оның фазалары.
|
1
|
10- тақырып. Экономикалық дамудың циклдығы және экономикалық өсу.
1.Экономиканың даму циклдiгi.Экономикалық цикл фазалары
2. Экономикалық өсу және оның факторлары. Экономикалық өсу моделдерi
3.ҚР –ның макроэкономикалық көрсеткiштер динамикасы
|
1
|
11- тақырып. Ақша –несиелiк реттеу
Ақша айналымы және ақша жүйесi.
Ақша жүйесiнiң элементтерi,несие және оның қызметтерi. Ақша –несие саясаты және оның құралдары, қаржы және қаржы жүйесi,Мемлекеттiк бюджет және оның құрылымы,бюджеттiк тапшылық проблемасы. Салықтың мәнi ,қызметтерi,салық алудың әдiстерi ,салықтың түрлерi.Ақшаға сұраныс және оның факторлары,ақша ұсынысы.Екi деңгейлi банк жүйесiнiң мәнi.Орталық банктiң реттеушi ролi. Инфляция: мәнi, себептерi, түрлерi ,зардаптары.
|
2
|
11- тақырып. Ақша –несиелiк реттеу
1.Ақша –несие саясаты және оның құралдары.
2.Қаржы және қаржы жүйесi ,мемлекеттiк бюджет және оның құрылымы
3.Салықтың мәнi және атқаратын қызметтерi, түрлерi, салық алудың әдiстерi
4. Инфляция: мәнi, себептерi, түрлерi, зардаптары
5.ҚР –дағы антиинфляциялық саясат
|
2
|
12-тақырып. Мемлекттiң әлеуметтiк саясаты
Жұмыссыздықтың әлеуметтiк және экономикалық мәнi және түрлерi.Жұмыссыздықты мемлекеттiк реттеу және жұмыссыздарды әлеуметтiк қорғау.Нарықтық экономикадағы табыстар ,теңсiздiк мәселесi және табыстарды бөлу. Кедейшiлiк проблемасы және әлеуметтiк теңсiздiк ,Лоренц қисығы,табыстарды қайта бөлуде мемлекеттiң ролi. ҚР-дағы әлеуметтiк саясат.
|
1
|
12-тақырып. Мемлекттiң әлеуметтiк саясаты
1.Нарықтық экономикадағы табыстар және оның түрлерi
2.Табыстарды реттеуде мемлекеттiң ролi
3. Табыстарды бөлудегi теңсiздiк проблемасы
4.Жұмыссыздық: себептерi, түрлерi ,деңгейi ,зардаптары
5.Кедейшiлiк проблемасын шешуде халықаралық және қазақстандық тәжiрибелер
|
2
|
13-тақырып .Әлемдiк экономика
Халықаралық еңбек бөлiнiсi,салыстырмалы артықшылықтар теориясы. Халықаралық экономикалық қатынастардың негiзгi формалары.Халықаралық саудажәне оның қазiргi кездегi ерекшелiктерi .Халықаралық жұмысшы күшi миграциясы және оның қазiргi кездегi орталықтары. ҚР-ның дүниежүзiлiк кеңестiкке ену проблемалары
|
1
|
13-тақырып .Әлемдiк экономика
1.Әлемдiк экономика мәнi және халықаралық еңбек бөлiнiсi,
2.Экономикалық интеграция мәнi және формалары
3. Халықаралық экономикалық қатынастардың негiзгi формалары.
4.Экономиканың ғаламдық мәселелерi.
5. Қазақстанның халықаралық еңбек бөлiнiсiндегi орны.
|
1
|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК
УНИВЕРСИТЕТІ
|
МСЖ құжат 3 деңгейлі
|
ОӘК
|
ПОӘК 042–14-3-05.01.20.02.01–2008
|
«Экономикалық теория негіздері » пәні бойынша оқу-әдістемелік кешен оқу-әдістемелік материалдар
|
Баспа №1
20.02.2008
|
Оқу-әдістемелік кешен
«Экономикалық теория негіздері » пәні бойынша
050205,050207,050503,050506,051201,051202,050702,050727,050728,050601,050301,050704,050703,050711,050421,050602,050724,050732,050712,050806,050729,050607,050608,050802,050803,050701,050604,050723,050734 мамандықтары үшін
Оқу-әдістемелік материалдар
Семей 2009
МАЗМҰНЫ
Глоссарий
Дәрістер
Сарамандық және зертханалық сабақтар
4. Курстық жұмыс және дипломдық жұмыс
5. Студенттің өздік жұмысы
1. ГЛОССАРИЙ
Абстрактылы еңбек – тауар айырбасы кезінде көрінетін жалпы адам еңбегі, яғни құн жасайтын еңбек. Абстрактылы еңбек белгілі бір өндірістік қатынастарды, тауар өндірушілер қатынасын білдіреді.
Абсолюттік рента – ол барлық жерден және топырақтың құнарлығына, тұрған жеріне байланыссыз алынады. Мұны жерге меншік монополиясы болуы салдарынан жер қожасы иемденеді.
Акциз – жанама салықтың түрі. Ол тауар бағасына немесе көрсетілген қызметтер үшін белгіленген тарифке кіреді.
Акционерлік қоғам - акцияларды сату арқылы ақша қаражаттарын біріктіру (жеке капиталды, мемлекеттік қаражаттар, жеке жинақтар) нәтижесінде пайда болатын ірі кәсіпорын.
Акция – иесіне акционерлік қоғамның пайдасының үлесін алуға және оның істерін басқаруға құқық беретін бағалы қағаз.
Ақша – айырбастау қасиетіне ие жалпыға бірдей құндылық, ерекше тауар.
Баға – тауардың ақшалай көрінісі.
Банк— уақытша бос ақша қаражаттарын үйлестіретін қаржылық кәсіпорын.
Банкнот – мемлекеттік банк шығаратын нақтылы тауар мен материалдық игіліктерді бейнелейтін және айналыстағы ақша қызметін атқаратын билеттер.
Банкрот – бұл жекелеген азаматтардың, кәсіпорындардың т.б. өз қарыздарын төлеуге қабілетсіздігін білдіретін ұғым.
Бәсеке — нарықтағы жақсы жағдайларға ие болу үшін күрес, тартыс.
Биржа- ақша-сауда ісін жүргізетін мекеме. Бұл жаппай көпшілік қолды стандартты не үлгі түріндегі тауарларды (астық, мақта, кофе, түсті металл т.б.) котерме нарықта сату, мұнда бағалы қағаздар да (акция, облигация, вексель), шетелдік валюта да сатылады.
Брокер – бұл тауар өндіруші мен тұтынушы арасындағы делдалдық сауда қызметтерін көрсетуге барлық кезде әзір маман.
Бизнес – заңға қайшы келмейтін әдістер арқылы пайда алу мақсатындағы кәсіпкерлік қызмет.
Валюта – бір мемлекетте қабылданған ақша өлшемі бірлігі (теңге, доллар евро, йена т.б.)
Вексель - даусыз ақшалай қарыздық құжат.
Венчурлық фирма – «тәуекел» технологияны өндіріске енгізу үшін қрылатын «тәуекел» кәсіпорны. «Тәуекел» технологияға біршама тәуекелге баруға тура келетін өнертапқыштар, пайдалы үлгілер т.б. жаңалықтар жатады.
Девальвация – қағаз ақша құнын өзінің тұрақты қалпына түсіру. Ол үшін бағасы төмендеп кеткен ақшаларды айналымнан шығарып, оның орнына толық құнды кредит билеттерін шығарады.
Демпинг – бәсеке күрес түрлерінің бірі. Тауарларды әдейі арзандатылған бағамен шетелге сату, сөйтіп бәсекелестерді ығыстыру және сыртқы нарықты иемденуге жәрдемдесу.
Деноминация – ақшаның құны күрт төмендеп кеткен кезде оның айналысын реттеп, есептеуді жеңілдету мақсатымен ақшаның белгіленген көрсеткішін кеміту арқылы оған өзгеріс жасау.
Депозит – банкте сақталатын кәсіпорындардың, ұйымдардың және халықтың салымдары
Дефляция - артық қағаз ақшаны айналымнан алу арқылы ақша айналымын тұрақтандыру әдісі.
Дедукция – жалпыдан нақты экономикалық факторға жеткізетін қозғалысты тұжырымдау.
Дивиденд – акционерлік қоғамның пайдасы есебінен әр акция үшін акционерлерге ұдайы төленетін кіріс, акция иесінің алатын табысы.
Дотация – шығындарды өтеу үшін кәсіпорындарға берілетін мемлекеттік ақшалай жәрдем
Жалақы – қызметкерлердің белгілі бір уақыт кезеңінде алатын ақшалай немесе заттай нысанындағы төлемдерінің жиынтығы. Түрлері: атаулы жалақы – қызметкерлер белгілі бір кезеңде алатын төлемдерінің абсолюттік сомасы; Нақты ж. – атаулы емес жалақының осы деңгейде алынуы мүмкін қызметтің саны, ең төмен деңгейдегі жалақы – кәсіпорындарда жалақыны есептеу мен жоспарлау кезінде негізгі және қосымша жалақы түрлеріне бөлінеді.
Жәрмеңке - сауда – саттық ұйымдастырылған жер.
Жер кадастры – белгілі бір жерде алынатын салықты, төлемді есептеу үшін сол жердің сапасын, құндылығы мен тиімділігін анықтау әдісі. Жер бағасы кадастр арқылы белгіленеді.
Жеке табыс – бұл үй шаруашылығы иелігіндегі және мемлекеттік салық міндеттерін орындағаннан кейінгі корпоративті емес кәсіпорындар иелігінде қалатын қажеттіліктер.
Жиынтық сұраныс - бұл үй шаруашылығы, фирма, мемлекет, шетелдердің экономикадағы тауар және қызмет көрсетулерге жалпы сұранысы.
Жиынтық ұсыныс - бұл фирмалар жағынан тек өнiмдi ұсынумен шектелмейдi, мемлекет жағынан қоғамдық игiлiктердi ұсынумен қатар экономикадағы тауар және қызмет көрсетулердің жалпы ұсынысы.
Инвестиция – пайда, не түрлі табыс табу мақсатымен өз еліндегі не шетелдегі белгілі бір халық шаруашылығы саласына : кәсіпорындарға (өнеркәсіпке, ауыл шаруашылығына, құрылысқа т.б.) күрделі қаржының, капиталдың ұзақ мерзімге жұмсалуы.
Индукция – факторлардан болып жинақтауға дейін жеткізетін қозғалысты тұжырымдау.
Инфрақұрылым – экономиканың дамуы мен адамдардың тіршілік әрекетінің жағдайын жақсартып қамтамасыз ететін шаруашылық салаларының жиынтығы.
Ипотека – қозғалмайтын мүліктерді (жерді, үйлерді, құрылысты) кепілге алу арқылы банктердің ұзақ мерзімге беретін ақшалай қарызы.
Капитал - қосымша құн әкелетін материалды – заттай құндылық.
Кәсіпкерлік - тәуекелге бара отырып, пайда табу мақсатындағы адамның инициативалық іс-әрекеті
Қаржы - ақшалай қорларды қалыптастыру, тарату, қайта тарату және пайдалану бойынша экономикалық қарым-қатынастардың жиынтығы
Қаржылық жүйе – қаржы ресурстарын аккумуляциялау әдістерінің жүйесі.
Қор биржасы – бағалы қағаздарды сату – сатып алу әрекеттері жүретін мекеме.
Құнсыздану - бағалар деңгейінің өсуі әсерінен ақшаның құнсыздану процесі.
Меншік – қоғамдық өндіріс шарттары мен нәтижелерін өндірушілермен иемдену формасы
Монополия – максималды пайда алу мүмкіндігі бар экономиканың белгілі бір саласында басымдық орын алатын кәсіпорын.
Мемлекеттiң фискалды саясаты - мемлекеттік бюджет, салық салу және мемлекеттік шығындар облысындағы саясат.
Нарық – тауарлардың, сауданың айналымы (айрбасы) жүретін орын.
Пайда – сатудан түскен түсімнің өнім шығаруға кеткен шығындардан артып түсетін сомасы.
Рецессия (латынша reccessus – «шегіну») - өндірістің құлдырауы, өсу қарқынының баяулауы.
Салық - жеке және заңды тұлғалармен мемлекетке міндетті түрде төленетін төлемдер
Субсидия - нақты бір мақсатқа жеке кәсіпорындарға мемлекеттік бюджеттен бөлінетін қайтарымсыз ақшалай сома.
Тауар – қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру қасиетіне ие айырбасталатын зат.
Экономикалық заңдар – адамзат қоғамы дамуның түрлі сатыларында өндіру, бөлу айырбас және материалдық игіліктерді тұтыну салаларындағы қатынастарды анықтап, оны басқарып отыратын заңдар.
Экономикалық категориялар – экономикалық қатынастарды зерттеу процесінде экономикалық теория логикалық ұғымдарды қалыптастырады, бұл ұғымдар экономикалық категориялар деп аталады.
Экономикалық саясат – мемлекеттің экономикалық шараларының жүйесі. Экономикалық саясат елдің саяси-шаруашылық, мәдени құрылыс істерін және халықтың тұрмыс жағдайын жақсарту міндетіне бағындырыла жүргізіледі.
Экономикалық теория – қоғамның материалдық игіліктерін өндіру, тарату және айырбастау бойынша қарым-қатынастар жиынтығын зерттейтін ғылым
Экономикалық тиімділік – атқарылған жұмыстың сандық және сапалық көрсеткішін білдіретін ұғым. Өндіріс нәтижесінің өндіріс шығындарына қатынасы арқылы анықталады.
2.Дәрістер
1- ДӘРІС. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕОРИЯНЫҢ ПӘНІ ЖӘНЕ ӘДІСТЕРІ
Дәріс мазмұны
Экономиканың ғылым ретінде қалыптасу тарихы
Экономикалық теория пәні , қызметтері мен әдістері
Экономика құрылымы
1. Қазіргі заманда «экономика» сөзінің түсінігі көп мағынаны білдіреді.
Біріншіден, «экономика» сөзімен игіліктер мен қызметтер көрсететін өндірістік және өндірістік емес салалардың жиынтығы ретінде түсіндіріледі, онсыз адамзат қоғамы өмір сүре алмайды. Сондай-ақ «экономика» сөзімен экономикалық қатынастар жиынтығы қарастырылады. Осы қатынастарды өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну жүйесінде қалыптасады. Бұл қатынастар қоғамның экономикалық базисін құрап, онда идеологиялық және саяси қондырма орналасады.
Екіншіден, «экономика» сөзін ғылымдар тоғысындағы экономикалық қатынастарын қызметтік немесе салалық астарын қарастыру деп білеміз. Экономикалық теорияның өкілдері өндіріс деңгейінің макро мен микроэкономикасын және интерэкономикасын бөліп қарағанда да «экономика» ұғымын түсіндіреді. Интерэкономика дүниежүзілік шаруашылықтың пайда болуы мен даму заңдылығын сипаттайды. Сондай-ақ экономикалық теорияда бірнеше экономика түрлерін бөліп қарайды: дәстүрлі,нарықтық,еркін бәсекелік, әкімшілдік-әміршілдік, аралас және басқалары.
Үшіншіден, «экономика» сөзі экономикалық ғылым жалпы экономикалық теория ретінде қарастырылады.
Экономикалық ғылым – ең ертедегі ғылымдардың бірі. Алғашқы рет «экономия»(«ойкономия») термині біздің дәуірімізге дейін III-ші ғасырда ертедегі грек ойшылдары Ксенофонт (б.д.д.430-355жж.) және Аристотель(б.д.д.384-322 жж.) еңбектерінде пайда болды.
«Ойкономия» (экономия) сөзі ретінде – Аристотель құл иеленушілік шаруашылықты жүргізуді ұйымдастыру туралы ұсыныстар жиынтығын түсінген.
«Меркантилистер» (итальян сөзі «мерканте» - саудагер,көпес деген ұғымды білдіреді) бірінші экономикалық ілім болып табылады. Меркантилистер байлықтың қайнар көзі тауар мен ақша айналымы саласында болады деп есептеді. Меркантилизмнің нағыз өкілдері – Вильям Стаффорд және Томас Мен болып табылады.
1) Саяси экономика қоғамдық даму заңдылықтары жөніндегі ғылым. Саяси экономика пәні капитализмнің дүниеге келу қарсаңында ХVII ғасырдың соңы мен XVIII ғасырдың басында дами бастады ;
2) Меркантилизм лат.тілінен аударғанда «саудагер» деген мағына береді . Меркантилизмнің негізгі мазмұны байлық,сырқы сауда нәтижесінде жинақталды ,сол себепті сыртқы сауда сферасын зерттеу керек денген ;
Меркантилизм 2 кезеңнен тұрады : алдыңғы және соңғы.
Алғашқы меркантилистер алтын мен күмісті байлықтың негізгі формасы ретінде қарастырады .Сонымен қатар ақшаны сыртқа шығаруға тыйым салды.Соңғы меркантилистер ақша емес тауар айырбастау сферасын зерттеуді;
3) Физиократтар – «физио », Стенли Джевонс және басқалары қалады. XIX-шы ғасырдың екінші жартысында «маржинализм» (ағылшынның «marginal» - шекті деген сөзі ) теориясы қалыптасты. Бұл теорияның негізін австриялық мектептің экономистері Карл Менгер, Фридрих фон Визер, Эйген фон Бем-Баверк, сондай-ақ ағылшын экономисі Уильям Экономикалық теорияның құрамы:
Маржинализмнің басты категориялары: шекті пайдалылық, шекті өнімділік, шекті шығындар.
Қазіргі Батыс елдеріндегі экономикалық теория негізінен төрт ірі ағыммен сипатталады:
бірінші ағым «неоклассикалық» деп аталып, ол қазіргі «монетаризм» және «неолиберализм» теорияларымен жұптасады.
екінші ағым «капитализмді реттеу» теориясымен айқындалады. Оның негізін қолдаушы ағылшын экономисі Дж.Кейнс болып табылады.
үшінші ағым институционализм (латынның «institutum» - бекіту, құрылтайлау деген сөзі) теориясымен белгілі. Оның негізін қалаушы американ ғалым – экономисі Торстейн Веблен болып табылады.
төртінші ағым әлеуметтік бағытталған нарықтық шаруашылық теориясымен танылады. Осы теорияның негізін қалаушылар – неміс ғалымы, мемлекеттік қайраткер Людвиг Эрхард және германияның ғалым – экономисі Вальтер Ойкен болып табылады.
2. Адамдар күнделікті өмір барысында сатып алуға және сатуға, ақшалай кіріс алуға, оны бөлуге,жеке басының,отбасының және мемлекеттік бюджетті құруға, ақшаны кейінге жинап және оны пайдалануға қатысып отырады.
Бағалардың өзгеруі мен инфляциялық процестер де ешкімді бей-жай қалдырмайды. Халықтың материалдық жағдайы көбінесе биржалардағы жұмыстар, валюталық бағам мен проценттік төлемдерге байланысты болады.
Осындай көптеген құбылыстар қоғамдағы экономикалық өмірді құрайды.
Экономика-қоғамдық өмірдің ерекше бөлігі. Оның қызметі мен дамуы өзінің заңы бойынша жүреді де, басқалардан бөлек болғандықтан қоғамдағы іс-әрекеттердің басқа нысандарын саясатты, заңдылықты, мәдениетті және т.б. жүзеге асырады.
Экономика тек кәсіпқой экономистер ғана айналысатын сала емес, оған қоғамның барлық мүшелері қатысады.Қазіргі нарықтық экономикада әр бір адам экономист болуы керек.
Ал экономист болу деген не? Бұл-қандай да болмасын істі шығын мен түсімдік қатынасты өлшей білу. Мұндай өлшем болса барлық қоғамдық өмірді қамтиды да,адамдардың іс-әрекетіне экономикалық аспект барады.
Экономиканың басты міндеті-адамдардың материалдық сұранымдарын қамтамасыз ете алатын байлық көзін жасау. Мұндай байлықты жасау үшін адамдар өздерінде бар мүмкіндіктерді (ресурстарды) пайдаланады. Бұл жұмысты олар бір-бірімен тығыз байланыс әрекеттерінде болады.
Экономикалық теорияның зерттеу пәнін алғаш рет классикалық мектеп өкілдерінің бірі А.Смит жасаған болатын. Ол былай деген: бұл ғылым обьективті, адамның еркі мен санасына тәуелді өмір сүретін қоғамдағы материалдық игіліктерді өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну заңдарын қарастыру қажет.
Қазіргі уақытта шет елде кең тараған «Экономикс» оқулығының авторы Пол Самуэльсон экономикалық теорияның бірнеше анықтамасын келтіреді:
1. Экономикалық теория – деп жазды ол, - бұл қызмет түрлері туралы ғылым, айырбас және адамдар арасындағы ақшалай іс-әрекеттке байланысты.
2. Экономикалық теория адамдардың сирек немесе шектеулі өндіргіш ресурстарын қолдану арқылы және әртүрлі тауарды өндіру мен тұтыну мақсатында, оларды қоғам мүшелері арасында бөлу туралы ғылым.
3. Экономикалық теория адамдардың өмірлік қызметінің күнделікті іскерлігін және өздеріне өмір сүру мүмкіндігін таба отырып және осы жолды қолдану туралы ғылым.
4. Экономикалық теория адамзаттың тұтыну мен өндіру саласындағы өзінің міндеттерімен қалай айналасатыны туралы ғылым.
5. Экономикалық теория байлық туралы ғылым ретінде .Экономикалық теория әлеуметтік –экономикалық қатынастарды экономикалық заңдар мен экономикалық категорияларды бейнелеу жіне дамыту арқылы оқытады.
Экономикалық теория – бұл іргелі экономикалық ғылым, әлеуметтік-гуманитарлық және кәсіби экономикалық білімнің негізі. Осы тұрғыдан, экономикалық теорияны қоғамдық байлықты және экономикалық қатынастар мен экономикалық заңдарды зерттейтін ғылым ретінде анықтауға болады. Экономикалық үлгі пайда болуы экономикалық уақиғаны түсінуге жол ашатын айқын диаграммалар немесе формалары болып табылады .
Экономикалық ғылым дегеніміз – экономиканың жұмыс істеуіне жалпы методологиялық көзқарас туындыратын ғылым болып табылады.
Экономикалық теорияның пәні – ол адамдардың қажеттілігін қанағаттандыру үшін материалдық материалдық емес игіліктерді орындау үстінде шектеулі ресурстарды тиімді пайдалану жөніндегі қатынастар.
Экономикалық теорияның пайдаланатын зерттеу әдістерінің ең маңыздысы – ғылыми абстракция әдісі болып табылады.
Ғылыми абстракция дегеніміз зерттеліп отырған құбылыстардың мардымсыз, өткінші жақтарын дерексіздендіру, олардағы тұрақты қасиеттерді тауып көрсету процесі. Абстракция іске –қатынасы жоқ эқономикалық және экономикадан тыс факторларды экономикалық талдаудан шығарып тастау.
Логикалық дедуктивті әдіс дегеніміз – мәселені теориялық деңгейінен шешіп , мұнан соң фактіге жүгіне отырып , әлгі теорияны тексеруге немесе жоққа шығаруы . Эмперикалық индуктивті әдіс дегеніміз фактілерді жинақтаудан прогматикалық зерттеулерге сүйенудіайтады. Экономиканың принциптері – ол терминнің өзінен шығатын өз ішінде дәйексіз сандық анықтамалар бар қарапайымдылар.
Экономикалық теория әрбір азаматтың сайлау және дауыс беру кезінде басқару тұжырымдарының қайсысын қолдану керек екендігін айыруға көмектеседі. Экономикалық ғылымның бизнес үшін практикалық маңызы зор.
Синтез – қаралатын біртектес бүтін құбылыстардың жеке бөлшектерден құралады. Индукция – факторлардан болып жинақтауға дейін жеткізетін қозғалысты тұжырымдау.Дедукция – жалпыдан нақты экономикалық факторға жеткізетін қозғалысты тұжырымдау.
Экономика ғылымда өте күрделі құрылым болады. Бұл экономикалық болмыстың өте күрделілігін көрсетеді.
Экономикалық ғылымның құрылымы. Қазіргі экономикалық ғылымды ағашқа теңесек, оның діңі жалпы теория, ал ұшар басы – жеке пәндер ғылымы болады да, экономикалық жүйенің жеке жақтарын – ең алдымен оның салалық, қызмет жасайтын және аймақтық - бағыттарын үйретеді.
Халық шаруашылығының салалық ұйымы мынадай экономикалық ғылымдардың болуын анықтайды: өндіріс экономикасы, ауыл шаруашылығы экономикасы, көлік экономикасы және т.б. Осы қатардағылардан ерекше орын алатын табиғатты пайдалану экономикасы, өйткені экологиялық процестер әрсалалық сипатта болады.
Қызмет жасайтын экономикалық ғылымға жататындар: “экономикалық кибернетика, бугалтерлік есеп, қаржы мен несие (кредит), маркетинг, менджмент, экономикалық мәлімет (статистика) және басқалары”.
Кейбір елдерде территориясы үлкен болғандықтан, оның аймақтарында экономикалық даму ерекше жағдайда болады. Мұның өзі аймақтық экономиканы да ерекше ғылым ретінде қарауға бағыттайды.
Экономикалық білімнің тағы бір бағыты бар. Бұл – тарихи бағыты. Ол халақ шарушылығы тарихи және экономикалық болмыстың әр жақтарын танудың құралы ретінде пайдаланылады.
Ал жекелей ғылыммен алынған білім экономикалық теория үшін жаңа негізгі қорытынды жасауға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |