ПОӘК 042-14-5-05. 02. 20. 22/2013 № басылым


Тақырып 2.Педагогикалық іс-әрекеттің ерекшелік сипаттамасы



бет6/11
Дата18.02.2017
өлшемі2,48 Mb.
#9929
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Тақырып 2.Педагогикалық іс-әрекеттің ерекшелік сипаттамасы.

Мақсаты: болашақ ұстаздарды педагогикалық іс-әрекеттің сипаттарымен, мұгалімнің кәсіби маңызды қасиеттерімен және педагогикалық құзіреттіліктің маңыздыльіғымен таныстыру

Жоспар:

  1. Мұғалімнің кәсіби іс-әрекетінің сипаттамасы.

  2. Мұғалімнің кәсіби маңызды қасиеттері.

  3. Кәсіби педагогикалық құзыреттілік.

Негізгі ұғымдар: кәсіп, кәсіби іс-әрекет, педагогикалык іс-әрекет, педагогикалық іс-әрекеттің құрылымы, мамандық, мұғалімнің кәсіби маңызды қасиеттері, педагогикалык құзыреттілік.

Мұғалімнің кәсіби іс-әрекетінің сипаттамасы. Іс-әрекет ұғымы гылым аралык ұғымдар қатарына жатады, себебі ол педагогика психология, әлеуметтану, философия, мәдениеттаңу сияқты көптеген әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдардың зерттеу мәселелерінің бірі

Кез келген жеке тұлға тек өзінің белсенді іс-әрекеті арқылы ғана дамитыны белгілі. Сондықтан адамтану ғылымдарының барлығы өз тұрғысынан адам санасы мен іс-әрекеттерін зерттеуге тырысады.

Психологиялық тұрғыдан қарастырғанда іс-әрекет - адамның қоршаған дүниемен белсенді қарым-қатынаста болуы арқылы өзін субъектілік позицияға қоюы ретінде қарастырылады. Педагогикалық көзқарастар бойынша іс-әрекет - қоғамдық және жеке тұлғалық маңызды нәтиже беретін бір мақсатқа бағытталған белсенділік.. Өзіндік жеке іс-әрекеттері арқылы адам басқа әлеуметтік іс-әрекеттерге араласады. Іс-әрекеттің осындай сипаты оның нақты бір құрылымы бар екенін анықтайды, Іс-әрекеттің құрылымына мотив, мақсат, құрал, іс-қимылдар, нәтиже, бағалау сияқты компоненттер кіретіні белгілі (2 тақырыптағы 1-суретті қараңыз).

Адамдардың іс-әрекеттер: мазмұнына, орындалу сипаттарына, кәсіптеріне байланысты бірнеше түрлерге бөлінеді. Адамның шұғъілданатын кәсібіне байланысты іс-әрекеттер: медициналық, педагогикалық, конструкторлъқ,инженерлік, бухгалтерлік, т.с.с. түрлерге бөлінеді.

Мазмұны жағынан іс-әрекеттерді:


  • зерттеушілік (белгісіз құбылыстарды зерттеу процессі);

  • коммуникативтік (қарым-қатынас орната алу, тіл табыса алу процестері);

  • білім берушілік {басқаларға білім беру процесі);

- өзгертушілік (қоғамды өзін жетілдіру процесі) болып ажыратылады,

Әр-түрлі белгілеріне қарап педагогика-психология ғылымдарында іс-әрекеттердің негізгі түрлері ретінде:



  • ойын;

  • қарым-қатынас;

  • еңбек;

  • оқу қарастырылаады.

Қазіргі қоғамда мыңдаған еңбек түрлері бар. Тұлғаға қойылатын талаптар жиынтығымен сипаталатын еңбек іс-әрекетінің белгілі бір түрін, адамның дене және рухани күшінің шектеулі бір саласын тұтас педагогикалык процесс болып табылады. Тұтас педагогикалык процесс теориясы бойынша оньң өзара тығыз байланысқан негізгі компоненттері ретінде педагог, оқушы, мақсат, міндет, мазмұн, құрал, форма,әдіс-тәсілдер, тапсырма, нәтиже болып табылады.

Педагогикалык іс-әрекеттің негізгі ерекшеліктері:



  1. Мақсаты қоғам мақсатымен анықталады.

  2. Басқа іс-әрекеттерді басқаруға бағытталған іс-әрекет (мета-іс-әрекет).

  3. Іс-әрекет субъект-субъектілік және субьект-объектілік сипатта болады.

4.Түлғаның дамуы мен қалыптасуы бойынша жүргізілген педагогикалық қарым-қатынастың нәтижелері болашақта ғана
айқындалады.

Тәуелсіз ел атанып, әлемге атымызды танытуға бетбұрып отырған кезеңде ұлтымыздың бәсекеге қабілетті болашағын тәрбиелеудегі басты тұлға - мұғалім. Сондықтан тәрбие деген аталы ұғымның пайда болғанынан бері бұл қызмет ең беделді, әрі ең білгір адамдарға тапсырылады. Осы ойдың өзі педагогикалык іс-әрекеттің әлеумеггік маңыздылығының айқын дәлелі.

Мұғалімнің кәсіби маңызды қасиеттері. Педагогикалық іс-әрекеттің нәтижесінің табысты болуы мұғалімнің тұлғалық қасиеттерімен де тығыз байланысты болып келеді. Мұғалімдердің кәсіби маңызды қасиеттерін зерттеумен айналысқан педагогтар:А.К.Маркова,Л.М.Митина,Н.В.Кузьмина, В.П.Симонов,К.С.Успанов, А.А.Молдажанова т.б.

Мұғалімнің қызметі өте күрделі, әрі көп салалы. Мұғалім оқушының жеке басының дамуын, қалыптасуын, оған тәрбие беру және оқыту процесін басқарады. Осындай маңызды іске жауапты болғандықтан мұғалімнен жан-жақты терең ғылыми білім, жоғары педагогикалық шеберлік, саяси моральдық қасиет, табанды ерік-жігер, парасатты мінез-кұлық талап етіледі.

Мұғалімдердің кәсіби маңызды қасиеттеріне мынадай негізгі қасиетерді кіргізуге болады:

- оқушыларға деген сүйіспеншілігі;


  • педагогикалык, процесті жүйелі жүргізе алуы;

  • бақылағыштығы;

  • педагогикалык, құбылыстарға талдау жасай алуы;

  • педагогикалык, ойлаудың қалыптасуы;

  • қарым-қатынас жасай алуы;

  • ұжымшылдық;

  • шығармашылығы және т.б.

Мұғалім - өскелең ұрпақтың. интеллектуалдық негізін және рухани дүниесін қалыптастырушы, сонымен катар ол халқымыздың болашағы болып саналатын балалар тәрбиесіне жауапты қоғамның сенімді өкілі. Осындай аса ізгі де аса қиын кәсіп мұғалімдерден тұрақты шығармашылықты, ойдың тынымсыз жұмысын, орасан зор жан жомарттығын, балаларға деген сүйіспеншілікті, іске шексіз адалдықты талап етеді.

Педагогикалық іс-әрекет қызығы да, қиындығы да мол кызмет. Себебі мұғалім ата-аналар сияқты бір-екі баланы ғана тәрбиелемейді, ондаған әр түрлі қабілеттері мен бейімділігі, қызығушылығы, мінез- қүұқы мен әдет- ғұрыптары, түсінігі мен көзкарастары әр деңгейдегі жасөспірімдерді тәрбиелейді. Олардың әрқайсысының өзіндік жекеленген ерекшелігін дамытады, ынтымақты, тату, жарасымды ұжымға топтастыра отырып әр балаға жеке адам ретінде шынайы қамқорлық жасауға тырысады.

Қазіргі заман мұғалімі қызметіндегі ең басты ерекшеліктердің бірі -жастарға рухани тұрғыдан ықпал жасауды нығайту, сол арқылы еліміздің нағыз белсенді азаматтарын, еңбеккерлерін, отан қорғаушыларын тәрбиелеп шығару. Бұл үшін мұғалім табиғат, қоғам, саясат, өнер, адам, айнала қоршаған дүние туралы ең жаңа ғылыми біліммен қаруланған болуы керек. Мұғалім еңбегінің нәтижелілігінің басты көрсеткіші - баланың тұлғалық қасиеттерін қальштастыру болғандықтан, педагог шәкіртінің даму, тәрбиелену заңдьлықтарын жете біліп, оның ішкі жан дүниесін сезіне алуына арнайы үйренуі керек.

Мұғалім еңбегінің ерекшелігі оның баламен үнемі тығыз қарым-қатынаста болуымен және онымен рухани жагынан араласуымен сипатталады. Себебі бала жансыз зат, материал емес. Мұғалім еңбегі ептілікті, сезгіштікгі, шыдамдылықты әрі сергектікті талап етеді.

Мұғалім - бала жанын сезе білуге, түсінуге бейім, онымен үнемі бірге болудан, араласудан жалықпайтын және осындай қарым-қатынастың өзіне сүйсіне алатын адам. Мұғалімнің балаға деген сүйіспеншілігі оның бойындағы барлық қасиеттерді ауыстыра алмайды, қайта басқа қасиеттердің айқын көрінуіне негіз болады. Мұғалімнің балаға шынайы сезіммен, құрметпен қарауы балада да мұғалімге деген сыйластық сезімін тудырады. Сондықтан мұғалімнің жалпы мәдениетінің жоғары дәрежеде болуы, оның интеллектуалдық мүмкіндігі, ой-өрісінің кеңдігі, рухани байлығы тұтас педагогикалық процесті тиімді ұйымдастыруға зор ықпал жасайды.

Мұғалім профессиограммасына қарап маманның бұл кәсіпке жарамдылығын немесе жарамсыздығын анықтауға болады. Адамньң педагогикалық қызметке жарамдылығы теориялық білімнің молдығында ғана емес, сол білімді үздіксіз дамытып отыруында, нақты педагогикалық процесс жағдайына бейімдей алуында. Бұл үшін мұғалім мектеп жағдайында табысты жұмыс істеуге дайын болуы тиіс және күні бұрын нақтылы білім қорын жинақтауы керек. Сонымен қатар мұғалімнің өз білімдерін педагогикальқ қызметтің мақсатымен, әдістерімен, нақты жағдайларымен байланыстыра, ұштастыра білу шеберлігі шешуші көрсеткіш болъп табылады.

Өз бетінше ойлай білу, қиын жағдайларда жол таба білу - қазіргі заман мұғаліміне өте қажетті қасиет. Бүгінгі мұғалім - балаларға білім беруші ғана емес, сонымен қатар олардың жаңадан ғана қалыптасып келе жатқан сана-сезімін жоғары дәрежедегі рухани құндылықтармен байытушы, балаларда қоғамдық пайдалы еңбекке деген қажеттілікті оятушы, оларды өз бетінше жаңалық ашуға, шығармашылыққа үйретуші.

Мұғалім тұлғасын сипаттайтын негізгі кәсіби маңызды қасиеттері оның педагогикалық әдебінің көрсеткіші де больш табылады. Тәжірибелі педагог И.Е.Синицаның пікірінше педагогикальқ әдеп әр мұғалімнің жас мөлшеріне, темпераментіне, мінезқұлкына байланысты келеді. Педагогикалык әдеп - мұғалімнің ізденісінің нәтижесі. И.Е.Синица өзінің «Педагогикальқ әдеп және ұстаздьқ шеберлік» деген еңбегінде мұғалімнің мынандай негізгі қасиеттеріне айырықша тоқталады:

- Байқағыштық


  • Ілтипаттылъқ.

  • Сенім.

  • Әділдік.

  • Төзім және сабыр сақтау.

Сонымен қатар қазіргі зерттеушілердін пікірінше эмпатия ұғымы да мұғалімнің кәсіби маңызды қасиеттерінің бірі болып саналады. Эмпатия - мұғалімнің оқушылардың психикалык жағдайын, көңіл-күйлерін түсінуі, өзін басқа адамның-орнына қоя алуы.

Сонымен педагогтың кәсіби маңызды қасиеттері ретінде оның балаға деген ынта-ықыласын, сүйіспеншілігн, пегогикалық еңбекке қызығушылығын, психологияльқ-педагогикалық сезгіштігін, байқағыштығын, әділдігін, талап қоя білушілігін, табандылығын, ұстамдылығын, өзін-өзі басқара білуін, қайырымдылығын, мейірімділігін, кәсіби еңбекті сүйе білуін, ғылыми ой-өрісінің тереңдігін, рухани танымдық қызығушьшығын, интеллектуалдық белсенділігін, педагогикальқ өздігінен білім алуға ынталылығын, шығармашылықпен ынтымақтастықты қолдауын, жаңашыл педагогтардың идеяларын түсінуін, қабылдауын атап өтуге болады.

Мұғалім - өз пәнін оқытудың әдістерін жете игерген, шығармашыльқ еңбек ететін, педагогикальқ шеберлігін үнемі жетілдіріп отыратын адам. Мұғалім еңбегінің нәтижелілігі оның табиғи дарындылығында дейтін пікірлер де бар. Сөз жоқ, дарындылық, аса қабілеттілік қай мамандьқта болмасын кездеседі. Бірақ адам мамандық ерекшелігімен дүниеге келмейтіні ақиқат. Педагогикальқ шеберлік - кейбіреулерге ғана берілген табиғат сыйы емес, ол үздіксіз ізденудің, өзін-өзі үнемі кәсіби жетілдірудің және өзінің қалаған мамандығына деген құштарлығынан туындайтын іс-әрекеттер жиынтығы.

Жалпы жас ұрпаққа білім беру ісін жетілдіру және оқу-тәрбие жұмыстарын жаңа сатыға көтеру міндеттерін мұғалімсіз жүзеге асыру мүмкін емес екені анық. Сондықтан жас мамандардың кәсіби
біліктілігін шыңдауға, мәдениетін дамытуға, рухани кемелденуін қамтамасыз етуге аса көп көңіл бөлінуі керск. Еліміздің әлеуметтік-
экономикалық дамуы, өркендеуі, қоғам алдындағы бағдарламалық
міндеттердің шешімі тікелей жас мамандардың кәсіби

дайындықтарының сапасына байланысты.

Студенттің өзін өзі бақылауға арналған сұрақтар.

1.Кәсіби іс-әрекет пен педагогикалық іс әрекеттің айырмашылығы неде?

2.Кәсіп және мамандық ұғымдарының айырмашылығы қандай?



3..Мұғалімнің кәсіби маңызды қасиеттеріне кандай қасиеттер жатады?

4.Педагогтың танымдық іскерлігін қалай түсінесіз?

5.Педагогтың ұйымдастырушылық іскерлігін қалай түсінесіз?

6. Педагогтың коммуникативтік іскерлігін қалай түсінесіз?

7. Педагогтың проективтік (болжамдық) іскерлігін қалай түсінесіз?

8. Педагогикалық іс-әрекеттегі рефлексивтік іскерлігін қалай түсінесіз?

Әдебиеттер


  1. Қазақстан. Ұлттық энциклопедия/ Бас ред. Б.Аяған. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы». 2006. - 704 б.

  2. Жексенбаева У.Б. Компетентностно ориентированное образо­вание в современной школе: учебно-методическое пособие. Алматы, 2009-190с.

3. Таубаева Ш.Т. Государственные образовательные стандарты
высшего профессионального образования: методология, теория и
технология проектирования в компетентностном формате /Білім
элемінде. В мире образования. №1-3, 2006.с 19-28.

4. Синица И.Е. Педагогтық әдеп және ұстаздық шеберлік. Алматы.
1987.- 223 6.

5. Мижериков В.А. Ермоленко М.Н. Введение в педагогическую деятельность: Уч. пос. для студентов пед. уч. зав. - М. 2002. - 268 с.

6. Хмель Теория и технология реализации целостного
педагогического процесса:Уч.пособие.- Алматы, 2002.- 90с. |
Модуль 4.

Болашақ мұғалімнің шығармашылық іс-әрекеті.

Тақырып 1.Мұғалімнің шығармашылық іс-әрекетінің жалпы сипаттамасы.

Мақсаты: болашақ мұғалімдерге шығармашылық ұғымы туралы түсінік беріп педагогикалық іс-әрекеттің шығармашылық сипаты мен тереңірек таныстыру.

Жоспар:

1.Шығармашылық ұғымы.

2.Мұғалім шығармашылығы және озық педагогикалық тәжірибе.

3.Шығармашылыққа үйрену жолдары.



Негізгі ұғымдар: шығармашылық, қиял, шығармашылық ойлау, озық педагогикалық тәжірибе, қазіргі педагогикалық технологиялар.

Шығармашылық ұғымы. Философиялық тұрғыдан қарастырғанда шығармашылық - жаңа сапалы материалдық жэне рухани құндылықтарды жасаудағы адамның белсенді іс-әрекеті ретінде карастырылады.

Педагогикалық энциклопедияда шығармашылық-адамның өзіндік және белсенді іс-әрекетінің жоғарғы формасы ретінде түсіндіріліп өзінің әлеуметтік маңыздылығымен және жаңашылдығымен бағаланады. Мысалы, қазіргі кездегі ғылымның, техниканың жетістіктеріне {компьютер, интернет, ұялы телефон, медицинадағы улътрадыбыстық диагностикалық аппараттар, лазер сәулелері арқылы емдеу, т.б.) көптеген ізденуші ғалымдардың шығармашылық іс-әрекеттері арқылы ғана қол жеткізіп отырғанымыз анык.

Шығармашылық процесс - әрқашанда көпшілікке белгілі қалыптасқан білімдер жүйесінен ерекшеленуімен, бір құбылысқа жаңаша көзқарасты қалыптастыруымен, бірі біріне ұқсамайтын құбылыстар арасындағы ұқсастықтарды анықтай алуымен, мәселелерді шешудегі тиімділігімен құнды.

Шығармашылық тұлға - әрқашанда еркін, өзін-өзі жан-жақты дамытуға дайын, бәсекелестікке қабілетті, құзіреттілігі мен белсенділігі жоғары адам. Шығармашылықпен айналысуда адамның тек ақыл-ойы ғана емес, сонымен қатар оның табандылығы, бастаған істі аяғына дейін жеткізе алуы, ойдың еркіндігі мен батылдығы, болжам жасай алуы, өз күшіне деген сенімділігі сияқты тұлғалык қасиеттері өте маңызды. Яғни,шығармашылық адамның тұлғалық қасиетіне жатады,сондықтан мұндай қабілетті әр адам жас кезінен өз бойында дамытқаны жөн. Ал өз күшіне сенімсіз, жасықтау адамдар ешқашанда өз беттерінше үлкен жаңалықтарға қол жеткізе алмайтынын

Людвиг Фейербахтың: «Адам тек... өз күшіне сенген жағдайда ғана дегеніне жете алады» - деген сөздерімен түйіндеп кетуте болады.

«Шығармашылық» ұғымына қатысты қазіргі психологиялық, педагогикалық, әлеуметтік ғылымдар саласында шығармашлық ойлау, шығармашылық қиял, шығармашылық іс-әрекет, шығармашылық ойын, шығармашылық қабілет сияқты терминдер жиі қолданылуда.

Қазіргі кезде адамдардың іс-әрекеттерінің сипатына байланысты шығармашылықтың мынандай түрлері ажыратылады:

- ғылыми шығармашылық (бұрынғы ғылыми білімдерге қарағанда артықшылығымен бағалы жаңа білімдер жүйесі);

- көркем шығармашылық (жаңа көркем әдебиет туындылары);

- техиикалық шығармашылық (жаңа техникалық кұралдар мен жаңа технологиялар);

- педагогикалық шығармашылық (жаңа мазмұн, педагогикалық әдістер, қағидалар, педагогикалық жүйелер т.б.)

Көптеген зерттеушілердің пікірінше шығармашылықтың жемісті болуына адамның сезім күштерінің әсері өте зор. Бір мәселені ұзақ зерттеу барысында адам өзінің, ішкі күштерін толық соған жұмылдырып, жүрсе де, тұрса да ойымен сол бағытта белсенді жұмыс істесе, шабытының шырқауы аркылы шығармашылық шыңына жетуі мүмкін.

Ғалым-зерттеушілердің ғылыми шығармашылықтарына байланысты В.И.Павлов: «Ғылымға адамның бүкіл өмірі сарп етілуі керек екенін ұмытпаңыздар. Екі есе өмір сүрсек те аздық етеді. Іс жүзінде, ізденіс үстінде ынтық сезіміңіз суымасын» - деп жазады. Иә, зерттеушілік іс-әрекетте ғалымдарды арман-мақсаттарына жетелейтін негізгі күштердің бірі - олардың сезіммен қанаттанған ақылы, қиялға толы құлшыныстары екені рас.

Сол сияқты көркем шығармашылыққа әбден берілгендіктен бұл саланың ісмерлері де өздсрі суреттеп отырған кейіпкерінің көңіл күйіне бөленіп солардың уайым-қайғысын бірге кешкендей сезінеді. Осыған байланысты айтылған орыс мүсіншісі Антокольскийдің: «Сезім жоқ жерде көркем шығарма да жоқ» деген ойы нағыз шеберлердің өз істерін үлкен кұштарлықпен атқаратынының дәлелі.

Енді осы жоғарыда қарастырылып отырған шығармашылық түрлеріне талдау жүргізіп, олардың өзара айырмашылықтарын қарастырайық. Ол үшін «Педагогикалық шығармашылықтың (басқа шығармашылықтардан айырмашылығы неде?» - деген сұраққа жауап іздестірейік. Әрине, бұл біраз ойландыратын сұрақ.. Мысалы, суретшінің шығармасы - оның салған керемет суреті, композитордың шығармасы - оның шығарған әсем әуені, ақынның шығармасы -оның әсерлі өлеңі делік.

Олардың шығармашылық туындыларының негізгі ерекшеліктерінің бірі олардың аяқталғандығында, сол күйінде өзгермей сақталуында. Ал педагогикалық шығармашылықтың туындысы - үнемі дамып өзгеру үстінде болатын оның тәрбиелеп отырған шәкіртінің тұлғасы. Педагогы жақсы болса ондай шәкірттер жылдан жылға шыңдалып өздері-өздерін жетілдіре береді.

Осы аталған шығармашылық түрлерінің барлығы кәмелеттік жасқа толған жастар және ересек адамдар үшін қарастырылса, балаларға қатысты «балалар шығармашылығы» деген ұғым көп қолданылады. Шығармашылық іс-әрекетпен адам баласы жастайынан таныс болады. Балалардың шығармашылығы олардың негізгі іс-әркеттері болып табылатын ойындарынан-ақ байқалады. Әсіресе мектеп жасына дейінгі шағында балалардың өте тынымсыз,танымдық белсенділіктері жоғары, үлкендердің істеріне қызығушылықтары мол, қиялшыл, арманшыл болатыны және көп ермекті талап ететіні байқалады. Олардың талаптары биологиялық, физиологиялык тұрғыдан орынды да, заңды да талап, себебі осындай талаптары арқылы олар қоршаған ортамен тереңірек танысады, дене күштерін дамытады, әлеуметтік ортаға бейімделе бастайды.

Қарапайым еңбек түрлерінде де балалар түрлі шығармашылық касиеттерін көрсетеді. Мысалы, кіші жастағы баланың ешнәрсеге қарамай конструкторлардан үй, кеме, көлік түрлерін құрастыруының, дымқыл құмнан небір қайталанбас мұнаралар, үңгірлер, таулар. жолдар, көпірлер жасауларының өзі карапайым шығармашылық іс-әрекет екені түсінікті. Осындай ойындар барысында бала өз ойынан шығарған қиял әлемін елестетіп ерекше бір сезімдерге бөленіп, үлкендерге еліктей бастайды (ұл балалардың «ағаш атқа» отырып шабуы, қыз балалардың топырақ пен гүлдерді араластырып «тамақ» әзірлеулері, т.с).

Егер ата-аналар баланың осындай қиялының шарықтауына, өзін әр түрлі іс-әрекеттерде сынап көруіне шектеу қоймаса онда бала ертеңгі мектептегі оқу-танымдық іс-әрекетінде де белсенді, тапқыр, шығармашыл тұлғага айналуы ыктимал. Сондықтан бала өз бойынан байқатқан қабілеттерді одан әрі дамытуға жағдай жасап, осы жас кезінен көрсеткен талпыныстарының барлығы оның болашағының негізін қалайтынын ұмытпағанымыз абзал.

Мұғалім шығармашылығы және озық педагогикалық тәжірибе. Психологиялық-педагогикалық ғылымдар саласында шығармашылық іс-әрекет ерекшеліктерін зерттеумен айналысқандар Л.С.Выготский, СД.Рубишнтейн, А.В.Брушлинский, О.К.Тихомиров, Т.А.Маслоу, Б.Г.Ананьев т.б. болған.

Педагогикалық іс-әрекеттер ерекшеліктеріне байланысты педагогикалық шығармашылық ұғымы кеңінен қолданылады. В.А.Сластениннің еңбектерінде педагогикалық шығармашылық педагог тұлғасының жеке, психологиялық, интеллектуалдық күштері мен қабілеттерін іске асыру процесі ретінде қарастырылады.

Кез келген іс-әрекетке адам шығармашылық тұрғыдан қарауды қалыптастыруы қажет, себебі онсыз дау, ілгері жылжу, прогресс болмайды. Оқу-тәрбие ісінде оқушылардың шығармашылығын шыңдайтын, тек шығармашыл ұстаз ғана. Сондықтан көп мәселелердің шешімінің тиімділігі мұғалім тұлғасының шығармашылығына байланысты.

Педагогикалық шығармашылық - өзінің жаңашылдығымен, қайталанбастығымен ерекшеленетін шығармашыл тұлғаны қалыптастыруға бағытталған педагогикалық іс-әрекет.

Қазіргі мектепті жаңашаландыру, оқыту-тәрбие процестерін жетілдіру мұғалімдердің шығармашылығына тікелей байланысты. Педагогикалық шығармашылықтың бір ерекшелігі - мұғалімдердің білім, білік, дағды қорларын үнемі байытып, жаңартып отыруында. Ондай мұғалімдер ешқашан да жұмыстарына селқос, немқұрайлы қарамайды, бар нәрсемен қанағаттанып қоймай, керісінше кездесетін түрлі педагогикалық қарама-қайшылықтарды женудің жолдарын іздестіріп, табысты нәтижеге ұмтылады.

Педагогикалық шыгармашылық - мұғалімнің, өз ісін сүйіп, оған барлық ынта-ықыласымен кірісіп, әр шәкіртінің жан-жақты дамыған тұлға болып қалыптасуына неғұрлым тиімді, қолайлы жағымды жағдай жасай алуы. Ондай мұғалімдердің әрбір өткен сабағы балалар үшін өте кұнды да бағалы, мұндай сабақтарға балалар қуана жүгіріп келеді, мұғалімнен бір қызықты жаңашылдық күтеді.

Шығармашық мұғалімдердің өзінің ішкі жан дүниесінде, көңіл-күйінде, балалармен қарым-қатынасында үйлесімділік байқалып тұрады. Олар әр сабақты бір шығармашылықты шыңдау лабораториясына айналдырып жібереді. Мұғалім бір сабақтың үстінде бірнеше рөлді бірақ атқарып тұрады. Ол балаларға білім беруімен қатар сценарист те, басты рөлді орындайтын актер де, режиссер де, суретші де, декоратор да, костюмер де, визажист те, дизайнер де, тәртіпті қадағалаушы да, психолог та бола алуы керек.

Белгілі театр реформаторы К.С.Станиславскийдің теориялық мұрасында «шығармашылдық көңіл-күй» деген ұғым қарастырылады. Оның пікірінше актердің шығармашылдық көңіл күйі көрермендердің көңіл-күйін баурап алады. Сол сияқты шығармашыл педагог та әр оқушының ынта-ықыласын, көңіл-күйін, зейінін өзіне аудартып, тіпті олардың іс-әрекеттерін басқара отырып шығармашылыққа тәрбиелей алады.

Мұғалімнің негізгі мақсаты - жас ұрпақтың өмірге, әлемге, табиғатка, болашақка, адамдарға, еңбекке деген дұрыс көзқарастарын, оңтайлы қатынастарын калыптастыру. Бұл үлкен жауапкершілікті талап ететін педагогикалық міндет. Педагогикалық міндетті шешудің өзі шығармашылықты кажет етеді. Педагогикалық практикада кездесетін ең қиын міндеттер шығармашыл педагогтың қолында оңай шешімін таба алады.

Мектеп тәжірибесіндегі кездесетін көптеген педагогикалық міпдеттер Л.И.Рувинскийдің «Мамандықка кіріспе» атты оқу құралында мынандай үш топқа бөлініп қарастырылады:

1. Стратегиялық міндеттер- шешімі ұзақ уақытты қажет ететін ең ірі,үлкен міндеттер. Оларды шешу оқушылардың көзқарастарында, өзара карым-қатынастарында, елеулі өзгерістер туындатуы мүмкін. Мысалы, сынып жетекшісінің оқушыларды саналы тәртіпке тәрбиелеу міндеті.

2. Тактикалық міндеттер-стратегиялық міндеттерді нақтылайтын, шешілуін қамтамасыз етуге тиіс міндеттер. Мысалы, оқушыларды саналы тәртіпке тәрбиелеу үшін сынып жетекшісі мынандай тактикалық міндеттер қоюы мүмкін: тәртіп бұзушылыққа жол бермейтіндей етіп оқу жұмысын ұйымдастыруды қамтамасыз ету, жауапкершілік туралы әңгімелер өткізу, ата-аналар жиналысын өткізу, осы жұмыстарга оқушылардың өздері басшылық ету ролдерін арттыру жүмыстарын жоспарлау.

3. Оперативтік міндеттер-жоспарланған іс-әрекеттерді тікелей орындауға көшу, яғни жедел түрде, балалардың көз алдында, олардың белсене қатысуымен шешілетін міндеттер.

Осындай түрлі міндеттерді шешудің алдын ала дайын үлгілері, рецептері болмайды. Әр мұғалім кез-келген жағдайда өзінің шығармашылық қабілеттері,педагогикалық іскерліктері мен шеберлігі, психологиялық білімі арқылы жол тауып шыға алуы керек.

Педагогикалық шығармашылық бір неше кезеңдерден құралады.

1. Шығармашылдық педагогикалық міндеттерді анықтау.

2. Педагогикалық ықпал ету әдістерін жобалау.

3.Балалармен тікелей әрекеттесу арқылы белгіленген жоспарды жүзеге асыру. 4. Қол жеткізген педагогикалық нәтижелерді талдау.

Ұстаз шығармашылығы сабақтың, дәрістің тиімді жүргізілуінде, оқушылардың жас және дербес ерекшеліктерінің ескеріліп олардың бірлесіп жұмыс істеулерінде, және басқа да педагогикалық іс-әрекеттерде жан-жақты байқалып тұрады.

Педагогикалық тәжірибе көрсеткендей шығармашылық өз еңбегінің әлеуметтік құндылығын бағалай отырып, кәсіби біліктіліктерін үнемі жетілдіру үшін баскалардың озык тәжірибесін зерттеп отыратын мұғалімдер жұмыстарына тән ерекшелік. Педагогикалық тәжірибе озық және көпшіліктік болып бөлінеді. Көпшіліктік педагогикалық тәжірибе - оқыту, тәрбиелеу практикасының жеткен деңгейімен сипатталатын білім беру мекемелерінің және жеке педагогтардың жұмыс тәжірибесі.

Озық педагогикалық тәжірибе деп басқаларға үлгі тұтатын педагогтың асқан шеберлігін атайды. Ал егер педагог тәжірибесінде шығармашылық ізденіс, өте тиімді нәтиже беретін жаңашылдык, бір қайталанбас ерекшелік қамтылған болса онда оны жаңашыл педагог-деп атауға болады.

Озық педагогикалық тәжірибенің теориялық негіздерін меңгеріп оны практикада қолдану ерекшеліктері қазақстандық педагог-ғалым Ш.Т.Таубаеваның еңбектерінде жан-жақты зерттеледі. Ш.Т.Таубаеванын монографиялық еңбегінде озык педагогикалык тәжірибені зерттеу, жалпылау, қолдану мұғалімдердін зертгеушілік мәдениетінің құрамды бөлігі ретінде карастырылады. Мұғалімдердің озық педагогикалық тәжірибесі көп жылдар бойы жинақталған, ұтымды, тиімді нәтиже беретін шығармашылық іс-әрекеті.

Белгілі қазақ педагогы Б.Р.Айтмамбетованың: «Қазіргі заман мұғалімі қоғамдық даму деңгейінен көрінетін, оның әлеуметтік парызына жауап беруді көздейтін, жаңалыққа сергек, өз ісіне гуманистік сезіммен қарайтын, педагогикалық күрделі құбылыстардың барысын идеялық адамгершілік тұрғыдан шеше алатын, жаңаша ойлау дағдысын меңгерген, балалардың талапкерлігі мен қабілетін, өздігінен еркін дамуын ұйымдастыра алатын және ата-аналармен, коллективпен педагогикалық ынтымақтастық орнатуга бейімділігі бар, шығармашылық еңбек ететін маман болуы керек» - деген пікірі педагогикалық іс-әрекетте табысты нәтижеге қол жеткізген озық тәжірибелі педагогтардың жұмысының жоғары бағасы деуге болады.

Б.Р. Айтмамбетова шығармашылық жолда еңбек ететін барлық мұғалімдерге ортақ педагогикалық идеяларды былайша жіктейді:

- ынтымақтастық педагогикасын жүзеге асыру идеясы;

- әрбір жеке оқушының ішкі жан дүниесін білу арқылы тығыз карым-катынаста болу идеясы;

- тұтас педагогикалық процесті гуманитарландыру, демократияландыру идеясы;

- қиын әрі күрделі мақсаттарды алдын-ала білу идеясы;

- тірек сигналдары арқылы оқушыларды шығармашылық ізденіске үйрету идеясы,

- оқушылардың білім алуында және оны бағдарлауда еріктілік принциптерін жүзеге асыру идеясы,

- оқу материалын өту барысында бағдарламадан озып отыру идеясы;

- ірі блоктар идеясы;

- оқушыларды өздерінің білімдеріне, жұмыстарына талдау жасауға және бағалай білуге үйрету идеясы;

- сынып оқушыларының интеллектуалдық дәрежесін жетілдіру идеясы;

- коллективтік шығармашылық іс-әрекетті ұйымдастыру идеясы;

- шығармашылык өнімді еңбекті ұйымдастыру идеясы;

- мұғалімдер ұжымымен, ата-аналар және жұртшылықпен ынтымақта болу;

- қазіргі уақыттың әлеуметтік парызын орындауда мектеп пеп қоғамның тығыз байланысын жүзеге асыру идеясы.

Бұл идеялардың барлығы Ш.А.Амонашвили, В.Ф.Шаталов, И.П.Волков, Е.Н.Ильин, С.Н.Лысенкова, Қ.Н.Нұрғалиев. А.М.Ысқақов, Қ.Айтқалиев, Қ.Бітібаева, Е.А.Очкур сынды жаңашыл-педагогтардың тәжірибелерінде практика жүзінде қолданылып жоғары сапалы нәтиже бергені белгілі. Сондықтан осындай құнды идеяларды кәсіби іс-әрекетте қолдана алу үшін болашақ мұғалімдердің аталған жаңашыл-педагогтардың еңбектерімен тереңірек танысулары олардың шығармашылық әлеуеттерін жетілдіруге негіз болмақ.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет