Поэк 042-18-10 08/01-2014 2014 №2 басылым


Өзін өзі бақылауға және зертханалық жұмысты қорғауға арналған сұрақтар



бет12/14
Дата08.06.2018
өлшемі1,94 Mb.
#41419
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

Өзін өзі бақылауға және зертханалық жұмысты қорғауға арналған сұрақтар: 1.Электролиз деген не?

2.Анод және катодта жүретін процестерді түсіндіріңдер.

3.Металды рафинадтау деген не? Ол қалай жүреді?

4.Электролиз заңдары?



Коррозия.

Сабақтың мақсаты: Электрохимиялық коррозия жылдамдығына әр түрлі факторлар әсерін көру.

Зертханалық сабақ бойынша сұрақтар:

1.Коррозияның түрлері.

2.Металдарды коррозиядан қорғау.

3.Протектор деген не?

4.Ингибитор деген не?
1 Тәжрибе. Хлор-ионының коррозияны жылдамдатуы.

Екі пробиркаға 6 мл мыс сульфатын, 2 мл күкірт қышқылын құйыңдар. Бір пробиркаға 5мл натрий хлоридін құйыңдар. Екі пробиркаға да алюминий сымын батырыңдар. Қай пробиркада газ интенсивті бөлінеді?

Анодтық, катодтық және жалпы процестердің теңдеулерін жазыңдар. Реакция жылдамдығына хлор-ионының әсерін түсіндіріңдер.

2 Тәжрибе. Оттегінің концентарциясына байланысты коррозия.

Болат пластинканы наждак қағазымен тазалаңдар. Кранның астына қойып жуыңдар. Фильтр қағазымен сүртіп кептіріңдер. Содан кейін таза пластинканың бетіне мынандай ерітінділер: натрий хлориді, калий гексацианоферрат (ІІІ) және фенолфталеин қоспасынан тұратын ерітіндіні тамызыңдар. 3-5 минут уақыттан соң тамшының ортасында көк түсті, ал шетінде қызыл түсті ерітінділер пайда болады. Тамшының арасында гальваникалық элемент түзіледі. Тамшының ортасында оттегі аз болғандықтан анодтық, шетінде оттегі көп болғандықтан катодтық зона пайда болады. Тамшының ортасында темір екі валентті ионға тотығады, сондықтан турнбулевая синь (көк түсті) пайда болады. Тамшының шетінде судың әсерімен оттегі тотықсызданып, гидроксид-ион түзеді, сондықтан фенолфталеин қызылға боялады.

Катодтық және анодтық процесстердің теңдеуін жазыңдар: Ғе2+ және ОН- иондарын анықтау реакцияларының және темірдің тат басу (ржавчина) реакциясының теңдеуін жазыңдар.

3 Тәжрибе. Металдарды коррозиядан протектор әдісімен қорғау.

Пробиркаға сүйытылған сірке қышқылын құйыңдар. Оған бірнеше тамшы калий иодиді ерітіндісін тамызыңдар, бір-бірімен контактқа келтіріп мырыш және қорғасын пластинкаларын батырыңдар.

І- ионы Pb2+ ионына индикатор болып саналады. PbІ2 сары түсті тұнба. Салыстыру үшін басқа пробиркаға осы ерітінділерді құйып, тек қорғасынды салыңдар. Қай пробиркада қорғасын иодиді тез түзіледі? Pb – Zn гальваникалық элементтің схемасын жазыңдар. Қай металл протектор болып саналады?

4 Тәжрибе. Коррозия жылдамдығына ингибитор әсері.

Екі пробиркаға 5-6 мл күкірт қышқылын құйыңдар. Әр пробиркаға жұқа темір пластинкасын салыңдар. Бір пробиркаға уротропин не басқа ингибитор қосыңдар. Ингибитордың коррозия жылдамдығына әсерін қорытындылаңдар.

Өзін- өзі бақылауға және зертханалық жұмысты қорғауға арналған сұрақтар:

1.Металдар коррозиясы деген не?

2.Коррозияның қандай түрлерін білесіңдер?

3.Электрохимиялық коррозияның химиялық коррозиядан айырмашылығы неде?

4.Коррозиялық микрогальвани элементтері неге пайда болады?

5.Қандай факторлар коррозия жылдамдығына әсер етеді?

6.Металдарды коррозиядан қорғау әдістері.Қысқаша әр әдісті сипатта.

7.Қандай заттарды ингибиторлар деп атайды?


14-15 Зертханалық сабақтардың тақырыбы: Комплексті қосылыстар

Сабақтың мақсаты. Катионды, анионды, бейтарап комплекс қосылыстарды алу және қасиеттерін зерттеу.

Зертханалық сабақ бойынша сұрақтар:

1.Ішкі және сыртқы сфералар арасындағы байланыс түрі.

2.Комплекс түзгіш пен лигандалар арасындағы байланыс түрі.

3.Анионды комплекстердің оқылуы, мысалдар.

4.Катионды комплекстердің оқылуы, мысалдар.

5.Бейтарап комплекстердің оқылуы, мысалдар.


1 Тәжрибе. Тетраамин мыс (ІІ) сульфаты комплекс қосылысын алу және оны зерттеу.

Екі пробиркаға 5мл 1н мыс сульфатын құйыңдар. Бір пробиркаға 2 тамшы барий хлоридін құйыңдар, екінші пробиркаға гранулды қалайы (Sn) салыңдар. Бірінші пробиркада тұнба пайда болғанын, екінші пробиркада қалайының бетінде мыс бөлінгенін байқайсыңдар. Реакция теңдеуін жазыңдар.

Үшінші пробиркаға 5-7мл мыс сульфатын құйып, біртіндеп 25% -аммиак ерітіндісін құйыңдар. Басында ақ тұнба (негіздік мыс сульфаты) пайда болады, ол біртіндеп ериді. Ерітінді түсі көкке боялады, яғни мыс (ІІ) тетраамин сульфаты комплексі пайда болады. Теңдеулерін жазыңдар. Бұл комплекс қосылысты екіге бөліп, біреуіне барий хлоридін тамызыңдар, екіншісіне қалайы тастаңдар. Тұнба түзіледі ме? Мыс бөлінеді ме? Неге?
2 Тәжрибе. Аниондық комплекс қосылыс.

Пробиркаға 3-4 мл висмут нитраты ерітіндісін құйыңдар. Тамшылап калий иодиді ерітіндісін бурыл тұнба болғанша құйыңдар. Содан кейін бұл тұнба ерігенше (висмут иодиді) калий иодиді ерітіндісін құйыңдар. Реакция теңдеулерін жазыңдар. Алынған қосылыстың формуласы: ВіІ3*КІ.Оны комплекс қосылыс ретінде жазыңдар, оның диссоциациясын көрсетіңдер.

3 Тәжрибе. Катиондық комплекс қосылыс.

Пробиркаға 3-4 тамшы никель сульфаты ерітіндісін құйып, оған күйдіргіш натр ерітіндісін тамызып, никель гидроксиді тұнбасын алыңдар. Тұнбаның үстіндегі сұйық ерітіндіні төгіп, тұнбаға 25%-аммиак құйып, ерітіңдер. Реакциялар теңдеуін жазыңдар. (Комплекс қосылыста никельдің координаталық саны 6-ға тең) комплекс қосылыстың диссоциациясын жазыңдар.



Өзін- өзі бақылауға және зертханалық жұмысты қорғауға арналған сұрақтар:

  1. Комплекс түзуші заттың тотығу дәрежесі мен координациялық санын көрсетіңдер. Комплекс қосылыстарды атаңдар: K[AuBr4], K2[Cd(CN)4], [Pt(NH3)2Cl2], K[Cr(SO4)2], Na3[Ag(S2O3)2]. Комплекс қосылыстың диссоциацияларын жазыңдар.

  2. Комплекс қосылыстар жазып, оларды атаңдар: PtCl4∙6NH3, PtCl4∙5NH3, PtCl4∙4NH3, Co(NO3)3∙6NH3, Co(NO2)3∙KNO2∙2NH3.

  3. Қай негіз күштірек: [Cu(NH3)4](OH)2 не Cu(OH)2 ме?

  4. Қай комплекс ион тұрақтырақ: [Zn(NH3)4]2+ не [Cd(NH3)4]2+?

[Co(NH3)4]2+ не [Co(NH3)4]3+?
Практикалық сабақта және білім алушылардың оқытушы басшылығымен орындайтын (БӨЖО) есептер мен жаттығулар

1. Химияның негізгі түсініктері мен заңдары

1.Массасы 0,8062г металл оксидінен 0,4864г металл алынған болса, оның эквивалентінің молярлық массасы нешеге тең. Жауабы 12,16г/моль.

2.Массасы 0,3200г мыстан 0,6770г мыс хлориді түзілген болса, мыс эквивалентінің молярлық массасын және мыстың тотығу дәрежесін анықтау керек. Мэ (СІ) = 35,5г/моль. Жауабы 31,78г/моль, 2.

3.Егер массасы 0,1108г мырыш қышқылдан 38,08мл (қ.ж.) сутегін ығыстыратын болса, оның эквивалентінің молярлық массасы қанша?

Жауабы 32,6г/моль .

4.Көміртегінің сутегімен бинарлы қосылысында көміртегінің массалық үлесі 75% болса, оның эквивалентінің молярлық массасы және валентілігі қанша болады? Жауабы 3г/моль, ІІІ .

5.Темір(ІІІ) эквивалентінің молярлы массасы қанша болады, егер оның салыстырмалы атомдық массасы 55,8 болса . Жауабы 18,6г/моль.

6.Егер металдың бірдей мөлшері 0,20г оттегімен және 3,17г галогенмен әрекеттесетін болса, галоген эквивалентінің молярлы массасы нешеге тең болады? Жауабы 127г/моль.

7.Егер металл 3,24г оксид 3,48г және 3,72г сульфид түзетін болса, металл және күкірт эквивалентінің молярлы массасы қанша болады?

Жауабы 108г/моль, 16г/моль.

8.Егер қ.ж. 8,34г екі валентті металды 0,68 л оттегі тотықтыратын болса, металдың атомдық массасы қанша болады? Жауабы 137,4г/моль, Ва.

9.Егер 1,00г металл 8,89г броммен және 1,78г күкіртпен әрекеттесетін болса, күкірттің эквивалентінің молярлық массасы 16,0г/моль , сонда металл мен бромның эквивалентінің массасы қанша болады?

Жауабы 9,0г/моль; 79,9г/моль.

10.16,8г металды еріту үшін 14,7г күкірт қышқылы қажет болса, металл эквивалентінің молярлық массасын және бөлінген сутегі көлемін анықтау керек Жауабы 56г/моль, 3,36 л.

11.1,80г металл оксидін тотықсыздандыру үшін 883 мл қ.ж. сутегі жұмсалатын болса, оксидтің және металдың эквивалентінің молярлық массасын анықтау керек Жауабы 24,2г/моль, 16,2г/моль.

12.2,45г қышқылды бейтараптау үшін 2,00г натрий гидроксиді жұмсалса, қышқылдың эквиваленттінің молярлық массасы қанша болады?

Жауабы 49,0г/моль.

13.0,376г алюминий қышқылмен әрекеттескенде 0,468 л сутегін ығыстырады (қ.ж.). Егер алюминий эквивалентінің молярлы массасы 9г/моль болса, бөленген сутегінің эквивалент көлемі қанша болады? Жауабы 11,2 л/моль.

14.Егер ион алмасу реакциясы мына теңдеулер бойынша жүрсе: Fe2(SO4)3+2NaOH=2FeOHSO4+2H2O KAI(SO4)2+4KOH =KAIO2 + 2 K2 SO4 + 2 H2O;

Cu(0H)CI + H2S = CuS + HCI + H2O

KHSO4 + BaCI2 = BaSO4 + KCI + HCI қосылыстар эквивалентердің молярлы массалары нешеге тең?

15.Мына реакциялардағы күкірт қышқылы эквивалентінің молярлық массасын анықтау керек: Zn+H2SO4сұйыт. = ZnSO4 + H2 2HBr + H2SO4 конц. = Br2 + SO2 + 2 H2O 8HI + H2SO4 конц. = 2I2 + H2S + 4 H2O

16.Қышқыл ортада 1 моль а) K2Cr2O7 ; б) KMnO4 тотықсыздануы үшін неше эквивалент КІ қажет?

17.10% (массасы бойынша) КІО3 ( = 1,052 г/мл) ерітіндісінің нормальды концентрациясы қанша болады, егер ол бос йодқа дейін тотықсызданатын болса?

18.Егер элемент 8,87% сутегісі бар гидрид түзсе, элементтің эквивалентінің молярлы массасы қанша болады? Жауабы 0,35г/моль.

19.Егер элемент 31,58% оттегісі бар оксид түзсе, элементтің эквивалентінің молярлы массасы қанша болады? Жауабы 17,3г/моль.

20.Элементтің эквивалентінің молярлы массасы 24,99г/моль болса, а) осы элементтің гидридінде неше процент сутегі бар екенін; б)массасы 4,95г оксидін тотықсыздандыру үшін қанша грамм сутегі қажет екенін есептеу керек.

Жауабы а.3,88%; б.0,1512г.

Мына заттардың 1г NH3 пен 1г N2 қайсысында молекула саны көп?

21.Күкірт диоксидінің бір молекуласының массасы неше грамм? Жауабы 1,0610-22 г.

22.1,00 мл сутегіде қ.ж. неше молекула болады? Жауабы: 2,691019.

23.271021 газдар молекуласы қ.ж. қандай көлем алады? Жауабы 1 л.

24.Кез келген газдың 1 м3 қ.ж. неше моль болады? Жауабы 44,6 моль.

25.1,5 кг мырыш тұз қышқылында ерігенде (17С және 102,4 кПа )қандай көлем сутегі бөлінеді? Жауабы 0,54 м3 .

26.2,5г металл карбонаты азот қышқылымен әрекеттескенде 4,1г осы металдың нитраты түзілген.Металдың молярлық массасының эквивалентін есептеу керек. Жауабы 20г/моль.

27.Элементтің түзілген газтәріздес қосылыстарының сутегі бойынша тығыздықтары 8, 15, 22, 29. Элементтің осы қосылыстардағы массалық үлестері сәйкесінше 75,0; 80,0; 81,81; 82,76%. Элементтің атын айтып, салыстырмалы атомдық массасын анықтау керек.

28.Қ.ж. 0,25л газ массасы 0,1898г. Газдың салыстырмалы молекулалық массасын және осы газдың бір молекуласының орташа массасын анықтау керек. Жауабы 17; 2,810-23 г.

29.1,3г металл гидроксидінен 2,85г оның сульфаты түзілген. Металдың молярлық массасының эквивалентін есептеу керек. Жауабы: 9,0г/моль.

30.2,7г металл оксидінен 6,3г оның нитраты түзілген. Металдың молярлық массасының эквивалентін есептеу керек. Жауабы 32,5г/моль.

31.Эквивалентінің молярлы массасы 29,65г/моль, меншікті жылу сыйымдылығы с = 0,218 Дж/мольК болса, металдың атомының молярлық массасын анықтау керек. Жауабы 118,6.

32.40г металл қышқылдан 180С және 1,013105 Па қысымда 14,6 л сутегіні ығыстыратын болса және оның меншікті жылу сыйымдылығы с = 0,39 Дж/мольК болса, оның атомының молярлық массасы қанша болады?

Жауабы 65,4г/моль.





Практикалық сабақта және білім алушылардың оқытушы басшылығымен орындайтын (БӨЖО) есептер мен жаттығулар

2. Газдардың негізгі заңдары

1. 00С температурада және 101,3 кПа қысымда газ көлемі 250мл болса, 230 С температурада және 96 кПа қысымда қандай көлем алады? Жауабы 286мл.

2. 170С температурада және 104 кПа қысымда газ көлемі 480л , газ көлемін қалыпты жағдайға келтіру керек. Жауабы 463,7л.

3. 00С температурада газ көлемі 1м3 . Егер қысым өзгермесе, қай температурада газ көлемі екі еселенеді? Жауабы 2730С .

4. 70 С температурада және 96 кПа қысымда газ көлемі 40мл, егер температураны 17С–қа дейін көтерсе, қай қысымда газ көлемі 60мл болады? Жауабы 61,1кПа.

5. 64г метан 1100С температурада және 0,96105 Па қысымда алатын көлемі Жауабы 132,6 л.

6. Массасы 1,105г газ 270С температурада және 1,013105 Па қысымда алатын көлемі 0,8 л болса, оның салыстырмалы молекулалық массасы қанша болады? Жауабы 34,0.

7. Массасы 0,1437 г 25 С температурада және 992гПа қысымда 22,9 мл көлем алатын буға айналса, осы заттың молярлық массасын анықтау керек. Жауабы 156,6 г/моль.

8. Массасы 28,4 г хлор 20 С температурада 2 л көлем алу үшін кандай қысым қажет. Жауабы 0,487 МПа.

9. Мөлшері 3,0 моль сүт қышқылы СН3СНОНСООН натрий карбонатының артық мөлшерімен әрекеттескенде бөлінген СО2 газы 25С температурада 20,4 л көлем алса, оның қысымы қанша болады? Жауабы 1,82105 Па .

10. Газдың ауа бойынша тығыздығы 1,17 болса, оның молекулалық массасы қанша болады? Жауабы 33,9г/моль.

11. Этиленнің оттегі бойынша тығыздығы 0,875, сонда оның молярлық массасы Жауабы 28г/моль.

12. Сынап буының ауа бойынша тығыздығы 6,92 болса, сонда оның молекуласы неше атомнан тұрады? Жауабы бір атомнан.

13. Егер күкірт буының азот бойынша тығыздығы 9,14 болса, оның молекуласы неше атомнан тұрады? Жауабы 8,0.

14. Массасы 1,56г газ 17 С температурада, 1,04105 кПа қысымда 624 мл көлем алса, молекулалық массасы қанша болады? Жауабы 58,0.

15. Көлемі 5,0л қ.ж. газдың массасы 9,80г. Газдың салыстырмалы молекулалық массасы қанша? Жауабы Мr = 44.

16. Егер азот, сутегі, аммиактан тұратын газдар қоспасының көлемдік үлесі сәйкесінше 30, 10, 60% болса, сутегі және ауа бойынша тығыздықтары қанша? Жауабы 9,4; 0,65.

17. Органикалық заттың азот бойынша тығыздығы 1,65 болса, заттың салыстырмалы молекулалық массасы қанша? Жауабы Мr = 46,2.

18. Массасы 1,3г органикалық газ заты 87 С температурада, 0,83105 кПа қысымда 600 мл көлем алса, молекулалық массасы қанша болады?

Жауабы 78,2г/моль.

19. 1,21024 молекулалар СО және СО2 газдарының қандай массаларында болады? Жауабы 56г және 88г.

20. 20С температурада, 1,0105кПа қысымда 1м3 көлем ауа, салыстырмалы молекулалық массасы 29 болса, оның массасы қанша? Жауабы 1,19кг.

21. 20С температурада, 100,258кПа қысымда газ көлемі 142 мл болса,0С температурада, 100,325кПа қысымда газ көлемі қанша болады?

Жауабы 130,92мл.

22. 150 мл бензол буының 87 С температурада, 8,32104 Па қысымда массасы 0,3255г болса, оның молекулалық массасы қанша болады?

Жауабы 78,0г/моль.

23. 0,78 г газ 27С температурада, 0,324МПа қысымда 0,2л көлем алады,осы газдың молярлық массасы нешеге тең болады? Жауабы 30г/моль.

24. Қ.ж. йод, этил спирті, төртхлорлы көміртектің тығыздықтары (ρ) нешеге тең болады? Жауабы 11,34; 2,05; 6,87 г/л.

25. 3 моль сүт қышқылы СН3СНОНСООН натрий карбонатының артық мөлшерімен әрекеттескенде 25С температурада 20,4 л СО2 бөлінген болса, бөлінген СО2 қысымы қанша болған? Жауабы 1,82105Па.

26. 5,6 л-лік ыдыста 0С температурада мына заттардың қоспасы болған: 2,2 г көмір қышқыл газы, 4 г оттегі, 1,2 г метан. Есептеу керек: а) газ қоспасының жалпы қысымын; б) әр газдың парциалды қысымын; в) көлем бойынша қоспадағы проценттік құрамын.

Жауабы 101,3 кПа; б) 20,2; 50,5 және 30,3кПа; в) 20,50,30 %.

27. 56 л-лік ыдыста газдар қоспасы бар: 4 моль СН4 , 3 моль Н2 , 0,5 моль СО . Есептеу керек: а) газдар қоспасының жалпы қысымын,кПа; б) масса бойынша қоспаның проценттік құрамын; в) көлем бойынша проценттік құрамын; г) әр газдың парциалдық қысымын (Па). Жауабы а.303кПа;б.76,18;7,18;16,64; в.53,33; 40; 6,67; г. 162, 121,6, 20,2.

28.Ауадағы оттегі мен азоттың көлемдік үлесі 21% және 78% , ауаның қысымы 1,013105 болса, газдардың парциалдық кысымын есептеу керек.Жауабы р(О2 ) 0,213105 Па; р(N2)0,79105 Па.

29.Натрий атомымен жұтылатын фотондар толқынының ұзындығы 5,8910-7 м болса, оның энергиясы. Жауабы 3,3810-19 Дж.

5.Фотон толқынының ұзындығы 510-7м болса, оның энергиясы.

Жауабы 3,9810-19 Дж.

6.- бөлшегінің массасы 6,610-27 кг болса және 100м/с жылдамдықпен қозғалса, толқын ұзындығы қанша болады. Жауабы 110-9 м .

7.Массасы 63 кг адам 10 м/с жылдамдықпен жүгірсе, ол үшін де Бройль толқынының ұзындығы қанша болады? Осындай мәнді өлшеуге бола ма?

Жауабы 1,0510-36 м.

8.Егер хлорофилл молекуласы толқын ұзындығы 4,610-7 м ( көк түс) фотон жұтып,толқын ұзындығы 6,610-7м ( қызыл түс) фотон шығарса, молекула энергиясының өзгеруі қанша болады. Жауабы 1,3210-19 Дж.

9.Адам көзі энергиясы 1,510-17 Дж болатын сигналды қабылдай алады, сонда жарыққа реакция болу үшін ұзындығы 5,310-7м ( жасыл түс) фотондар мөлшері қанша? Жауабы 40.

10.Егер атомдағы электрон орны өлшемінің белгісіздігі 5,310-11м болса, сонда электрон жылдамдығын анықтаудың белгісіздігі қанша болады.

Жауабы 2,19106 м/с.
Практикалық сабақта және білім алушының оқытушы басшылығымен орындайтын (БӨЖО) есептер мен жаттығулар

3. Атом құрылысы

1.Мына реттік номерлеріне 20,23,33 сәйкес элементтер атомдарының сыртқы электрондары үшін n және l квант сандарының мәндерін көрсетіңдер.

2.Қай квант сандары кеңістікте электрон бұлтының өлшемін, пішінін, бағытын (ориентациясын) анықтайды?

3.s-, p-, d-, f- энергетикалық деңгейшелерде АО саны нешеге тең және қалай анықталады?

4.Паули принипіне анықтама беріп және 2 электронның айырмашылығы:

а. бірдей деңгейде , бірдей деңгейшеде, бірдей спиндері болса; б. бірдей энергетикалық деңгейшеде болса, квант саны мәндері бірдей болса және спиндары бірдей болса; в. бір энергетикалық деңгейде, спиндері бірдей және магнит квант сандарының мәні бірдей болса.

5.n = 1,2,3,4,5 деңгейлер және ml = 5,7 деңгейшелер үшін сыйымдылық

нешеге тең ?

6.Мәндерін анықтаңдар, егер: а. сыйымдылығы 10, 14 болатын энергетикалық деңгейше үшін магнит квант санын ; б. сыйымдылықтары 32,50,72 болатын энергетикалық деңгейлердің бас квант санын.

7.Энергетикалық деңгейшелерді толтырғанда Паули принципі мен Хунда ережесі қалай іске асатынын мысалдар арқылы көрсетіңдер және оларға анықтама беріңдер.

8.Қай элемент атомында 5 электрондық қабат болады және 7 сыртқы электроны бар? Олар қайдай квант сандарымен сипатталады?

9.Клечковский ережелеріне анықтама беріңдер. АО толтырылу ретін ережелер қалай анықтайды? Қандай атомдық орбитальдар (АО) үшін n+ l қосындысы мәндері бірдей , мына сандарға тең 3,4,5,6,7 болады?

10.Электрондық формула және атомның, ионның не жеке электрондық қабаттың электрондық конфигурациясы деген не? Келесі атомдар мен иондар үшін олар қандай түрде болады: Na, Na+ ; Ca, Ca2+ ; СІ, СІ ; S, S2- . Осы иондардың қайсысы Ne, Ar атомдарының электрондық құрлысына сәйкес?

11.Қай электрондық орбиталь бұрын толтырылады: а. 4d- , 5s-; в. 5p- , 4d;

г. 5f-, 4d- ; д. 5p-, 6s- .

12.Егер бір элемент изотопының символы 24Э52 болса , сонда а. элемент атын; б. ядродағы нейтрон мен протон санын; в. атомның электрондық қабатындағы электрондар санын көрсету керек.

13. Хлор табиғи қосылыстарында СІ35 (75,5% (массалық)) изотопы және

СІ37 (24,5% (массалық)) изотопы түрінде кездеседі. Табиғи хлордың орташа атомдық массасын есептеу керек. Жауабы 35,49.

14.Егер Sr81 изотобының (Т1/2 = 8,5 сағ.) алғашқы массасы 200 мг болса,

25,5 сағат өткен соң қалған массасын санау керек. Жауабы 25мг.

15. І128 1/2 = 25 минут) 2,5 сағат сақтаған соң бөлінбей қалған атомы изотобының процентін есептеу керек. Жауабы 1,56%.

16. Табиғи магний мына изотоптардан тұрады: Mg24 , Mg25 , Mg26 .

Ол изотоптардың сәйкесінше атомдық проценттері 78,6; 10,1; 11,3 болса, табиғи магнийдің орташа атомдық массасы қанша болады? Жауабы 24,32.

17. Периодтық жүйедегі көптеген элементтердің атомдық массалары не себепті бөлшек сан болады?

18. Марганец атомының электрондық формуласын жазу керек.

19.Калий атомдарының ионизациалау энергиясы 419кДж болса, оның бір атомын ионизациялау үшін қажет энергиясын табу керек.

Жауабы 6,961022 кДж. 1Дж = 0,6241019 эВ.

20.Сутегінің иондану энергиясы 1310кДж/моль болса, осы мәнді бір атомға электронвольт мәнінде көрсету керек ( Жауабы 13,6 эВ/моль).

21.Аргонның 3-ші электрондық қабатынан сегізінші электронды жұлып алу үшін 143,5 эВ/моль энергия жұмсалса, иондану энергиясы кДж/моль бойынша қаншаға тең? Жауабы 13850 кДж.

22.Бромның иондану энергиясы және электрон қосылғыштық энергиясы сәйкесінше 1143 және 342 кДж/моль болса, электронвольт бойынша қаншаға тең болады? Жауабы 11,84 және 3,54 эВ/атом.

23.Хлор атомына электрон қосылу энергиясы 356 кДж/моль болса, электронвольтпен есептелген мәні. Жауабы 3,69 эВ/моль.

24.Радиоактивті ыдырау реакциясының теңдеулерін аяқтау керек:

a. 92U238   + ? ; б. 94Pu239   + ?; в. 37 Rb86   + ? ; г. 9F18  + + ?.

25. Ядролық реакциялар теңдеулерін жазу керек: а. 5B10 + 0n1  ? + 2He4

б. 13АІ27 + 1Н1 ? + 2Не4

26. Ядролық реакциялардың толық теңдеулерін жазу керек: а. 30Zn70p,n ,

б. 23V51 ,n, в. 26Fe56 D, ? 27Со57 , г. ?  ,D 17CI34 , д. 25 Mn55 ?,   23V52 .

27.Қашан және кім радиоактивтілік құбылысын ашқан, оның мәнін түсіндірген.

28.Жасанды радиоактивтілік деген не, қашан, кім және қандай реакциямен ашылған, практикалық мәні қандай?

29.Масса дефектісі деген не? 1000 г уран-235 бөлінгенде 8,231013 Дж энергия шығарады, ракция өнімінің массасы қанша? (Жауабы 999,085 г).

30.Атомдық массалары 1Н2 ( 2,01410), 1Н3 ( 3,01605), 2Не4 ( 4,00260) және нейтрон массасы (1,00866), термоядролық реакция кезінде бөлінетін энергияны есептеу керек:1Н2 + 1Н3 = 2Не4 + 0n1 . Жауабы 1,701012 Дж/моль.

31.Натрий атомымен жұтылатын фотондар толқынының ұзындығы 5,8910-7 м болса, оның энергиясы. Жауабы 3,3810-19 Дж.

32.Фотон толқынының ұзындығы 510-7м болса, оның энергиясы.

Жауабы 3,9810-19 Дж.

33.- бөлшегінің массасы 6,610-27 кг болса және 100м/с жылдамдықпен қозғалса, толқын ұзындығы қанша болады. Жауабы 110-9 м .

34.Массасы 63 кг адам 10 м/с жылдамдықпен жүгірсе, ол үшін де Бройль толқынының ұзындығы қанша болады? Осындай мәнді өлшеуге бола ма?

Жауабы 1,0510-36 м.

35.Егер хлорофилл молекуласы толқын ұзындығы 4,610-7 м ( көк түс) фотон жұтып,толқын ұзындығы 6,610-7м ( қызыл түс) фотон шығарса, молекула энергиясының өзгеруі қанша болады. Жауабы 1,3210-19 Дж.

36.Адам көзі энергиясы 1,510-17 Дж болатын сигналды қабылдай алады, сонда жарыққа реакция болу үшін ұзындығы 5,310-7м ( жасыл түс) фотондар мөлшері қанша? Жауабы 40.

37.Егер атомдағы электрон орны өлшемінің белгісіздігі 5,310-11м болса, сонда электрон жылдамдығын анықтаудың белгісіздігі қанша болады.

Жауабы 2,19106 м/с.
Практикалық сабақта және білім алушының оқытушы басшылығымен орындайтын (БӨЖО) есептер мен жаттығулар

4. Химиялық байланыс

1.Ковалентті және ионды байланыстарға анықтама беріп, олардың қасиеттерін сипаттау керек. Валенттілік байланыс ( ВБ) әдісі оларды қалай түсіндіреді? Мына молекулалар үшін электронды нүктелік формулаларының кестесін көрсетіңдер: СО2 , РН3 , НОСІ , Н2 SO4 .

2.Қандай атомдар мен иондар электрондар жұбының доноры , акцепторы болады: BF4 , NH4+ , Н3 О+ ?

3.ЭТ мәндері бойынша К- СІ , Са – СІ , Ғе – СІ байланыстар үшін мәнін есептеп, қай байланыстың иондылығы жоғары екенін анықтау қажет.

4.Мына қатарда НҒ – НСІ – НВr – HI байланыс беріктігі қалай өзгереді , неге?

5.Валенттілік байланыс (ВБ) және молекулалық орбитальдар (МО) әдістері бойынша молекулалардың Ғ2 – О2 – N2 диссоциация энергиясының (кДж/моль) сәйкесінше 155 – 493 – 945 өзгеретінін және N2 мен СО молекулаларының диссоциация энергияларының (945 және 1071 кДж/моль ) жақындығын түсіндіру керек. МО әдісі бойынша молекулалар В2 , Ғ2 , ВҒ түзілу мүмкіндігін және қай молекула берік екендігін көрсету керек.

6.Мына молекулалардың N2 , O2 , NO, CO , CN қайсысы парамагнитті?

7.HCN молекуласының диполь моменті 2,9 D. Диполь ұзындығы қанша?

Жауабы 6,0310- 11м.

8.Фторсутек молекуласының диполь ұзындығы 41011 м болса, оның диполь моментін дебаймен , кулон-метрмен есептеу керек.

Жауабы 6,411030 Клм = 1,92D.

9.Полярсыз ВеСІ2 молекуласының кеңістіктік құрылысын көрсетіп

Ве – СІ байланысы түзілуіне берилийдің қандай АО- ы қатысады ?

10.Мына молекулалар СН4 , СО2 , SiF4 , SO2 , H2SiF6 түзілгенде көміртегінің, кремнийдің, күкірттің АО-дарының гибридтелу типін көрсету керек.

11.Байланыстың ұзындығы , энергиясы және беріктігі арасында қандай байланыс бар, мысал келтіру керек.

12.Байланыс еселігі деген не және екі өзара байланысатын атомдардан

- , 4е- , 6е- қатысатын болса, байланыс саны қанша болады, мысал келтіру керек.

13.Мына молекулалар РСІ3 , РСІ5 , H2S , SO3 , AsH3 , H3AsO4 түзілгенде фосфор, күкірт , мышьяк атомдары қай күйде ( қалыпты , қозған) болады?

14.Электрондардың, атомдық орбитальдардың не атомдардың жалпы қандай күйі валентті күйі болады? Оттегі және күкірттің, фтор және хлордың атомдарының неше валенттік күйлері болады?

15.а) атомның эффективті заряды; б) электр диполі және диполь ұзындығы

в) дипольдің электр моменті деген не және олардың өлшем бірліктері

16.Мына иондардың Ғ не Br , S2 не Те2 , СІ не І қайсысының поляризациялануы жоғары , неге?

17.Неге су мен фторсутек қышқылының балқу және қайнау температуралары жоғары?

18.Байланыс энергиялары Н – Н , Ғ – Ғ , Н – Ғ сәйкесінше 436, 153, 563 кДж/моль болса, сутегі мен фтор әрекеттескенде қанша жылу бөлінеді, егер олар 1 моль мөлшерінде алынған болса? Жауабы 537кДж/моль.

19.Егер Едис (НІ) = 298,4 кДж/моль болса, 0,64 г НІ айрылуы үшін қанша энергия жұмсалуы керек? УК – сәуле (  = 2107 м) әсерінен НІ айрыла ма?

Жауабы 1,492кДж, иә.

20.Газ фазасындағы LiF молекуласында ядроаралық ұзындық 0,156 нм, ал дипольдің электр моменті 2,21029 Клм болса, Li – F байланысының иондығы қанша?Жауабы 85,62%.

21.Байланыс ұзындығы Н – Ғ 0,092 нм , полярлылық 45% болса,  ( Н – Ғ ) есептеу керек. Жауабы 6,621030 Клм.

22.Қандай үш түрлі молекула аралық әрекеттесуді ван-дер-ваальс күші деп атайды? Әр қайсысы немен анықталады? Қай әрекеттесу әлсізірек?

23.Ориентациялық әрекеттесуге молекулалардың полярлылығы және температура қалай әсер етеді? Полярлы молекулалардың полярсыз молекулалармен индукционды әсерлесуі немен көрсетіледі?

24.Ориентациалық және индукциондық әсерлесуге қабілетсіз атомдар мен молекулаларға мысал келтіріңдер. Қай молекулааралық әсерлесу универсал болып табылады және ол кез келген бөлшектер арасында әсер етеді ме?

25.Молекулааралық әсерлесу энергиясының мәні қандай шамада?

26.Қандай коваленттік байланыстар σ- , π- , δ- байланыстар деп аталады? Азот молекуласы құрылысын валенттілік байланыс (ВБ) теориясы қалай түсіндіреді?

27.BF3 және СН4 молекулалар құрылысын ВБ теориясы қалай түсіндіреді?

28.Молекулалық орбитальдар (МО) теориясы F2 молекуласының байланыс энергиясы (159кДж/моль) молекулалық ион F2 + -ның байланыс энергиясынан (318кДж/моль) аздығын қалай түсіндіреді?

29.Молекулалық орбитальдар (МО) теориясы О2 молекуласының байланыс энергиясы (497,9кДж/моль) молекулалық ион О2 + -ның байланыс энергиясынан (644,3кДж/моль) аздығын қалай түсіндіреді?

30.Екі атомды молекулалық иондарда О2 + және О2 байланыс еселігі

нешеге тең?


Практикалық сабақта және білім алушының оқытушы басшылығымен орындайтын (БӨЖО) есептер мен жаттығулар

5. Химиялық реакциялардың жүруінің негізгі заңдылықтары. Химиялық реакциялардың энергетикасы. Химика-термодинамикалық есептеулер

1.Реакциялардың жылу эффектілері деген не? Қай жағдайларда химиялық реакциялар теңдеулері термохимиялық деп аталады? Реакция жылу эффектілерінің мәндері термохимиялық және термодинамикалық өрнектелгенде қалай белгіленеді? Өлшем бірліктері.

2.Жүйенің ішкі энергиясы деген не? Энтальпия және оның өзгерісі қандай теңдеулермен анықталады? Қандай жағдайда жүйенің энтальпиясы оң және теріс мән көрсетеді? Энтальпия өзгерісі температураға тәуелді ме?

3.Термохимияның негізгі заңының анықтамасын беру керек. Гесс заңынан шығатын салдарлардың термохимиялық есептеулерде қолданылуы.

4.Аммиак синтезі кезінде тура және кері реакциялар үшін жүйе энтропиясы

қалай өзгереді?

5.Заттар айрылғанда , синтез реакцияларында жүйе энтропиясы температураға байланысты қалай өзгереді? Буланғанда, конденсацияланғанда, қысым жоғарылағанда, фазалық өзгерістерде жүйе энтропиясы қалай өзгереді?

6.Гиббс энергиясы деп нені айтады? Процестердің өздігінен термодинамикалық жүру – жүрмеу жағдайын Гиббс энергиясы қалай көрсетеді? Өте төмен температурада (өте жоғары температурада) химиялық реакциялардың бағытын энтальпиялық не энтропиялық фактор анықтай ма?

7.Стандартты энтальпия өзгерісінің мәні жүйеде катализатор қатысына байланысты ма? Жауапты дәлелдеу керек. Заттардың суда еруі экзотермиялық және эндотермиялық эффектпен болса да өздігінен жүре алады, неге?

8.Аммоний хлориді термиялық айрылғанда жылу бөліне ме, сіңіріле ме? Есептеп көрсету керек.

9.20С температурада 100 г су буланғанда ( су буы идеал газдар заңына бағынады деп есептесе) ішкі энергия өзгерісі нешеге тең болады? Судың буға айналуының меншікті жылуы q = 2445 Дж/г. ( Q = qm , pV = m/M RT).

Жауабы 230,97кДж.

10.Стандартты жағдайда мына процесс Fe2O3 + 3H2 = 2Fe + 3H2 O (с) жүруі мүмкін бе?

11.Графитті жаққанда 8,86 г көміртегі (ІV) оксиді түзілген. Элементтерден түзілген оксидтің түзілу жылуын есептеу керек. Реакцияның жылу эффектісі 79,2 кДж. Жауабы  1096 кДж/моль.

12.12,7 г мыс ( ІІ) оксидін көмірмен тотықсыздандырғанда ( СО түзіледі) 8,24 кДж жұтылады. Мыс оксидінің (298К) түзілу жылуын анықтау керек.

Жауабы 162,1 кДж/моль.

13.Этилен толық жанғанда ( сұйық су түзіледі) 6226 кДж бөлінеді. Қ.ж. реакцияға түскен оттегінің көлемін есептеу керек. Жауабы 296,5 л.

14.2,1 г темір күкіртпен әрекеттескенде 3,77 кДж бөлінеді. Темір сульфидінің түзілу жылуын анықтау керек. Жауабы 100,3 кДж/моль.

15.Мына теңдеу бойынша 2РН3 + 4О2 = Р2 О5 + 3 Н2 О(с) фосфин газының түзілу жылуын анықтау керек. Реакция кезінде 2360 кДж бөлінеді.

Жауабы 5,3кДж/моль.

16.Этилен жанғанда СО2 және сұйық су бөлінсе, реакция нәтижесінде бөлінген жылу эффектісін есептеу керек. Жауабы 1410,9 кДж/моль.

17.Егер аммиактің тотығуы мына термохимиялық теңдеу бойынша жүрсе 4NH3 + 3O2 = 2 N2 + 6 H2 O (с) Н = 1530 кДж (298К) , аммиактің стандартты түзілу жылуын табу керек. Жауабы 46,2 кДж/моль.

18.1 моль хром (Ш) оксидін алюминиймен тотықсыздандырғанда 534 кДж бөлінеді. Егер 7,6 г хром (Ш) оксиді тотықсызданса, қанша жылу бөлінеді?

Жауабы 26,7 кДж.

19.Кальций карбонатының айрылу реакциясының 25, 500, 1500С температуралардағы Гиббс энергиясын есептеу керек. G = f (T) графигін сызып, қай температурадан бастап процесс өздігінен жүретінің анықтау керек.

Жауабы 129,1 ; 50,7 ;  114,0 кДж;  1080 К.

20.Глюкозаның ағзадағы өзгеру реакциялары былай жүрсе: а.С6Н12О6 = 2 С2Н5ОН (с) + 2 СО2 б. С6Н12О6 + О2 = 6 СО2 + 6 Н2О(с) қай процесс ағзаға энергияны көбірек береді? Жауабы а. – 69,2 кДж; б. – 2803кДж.

21.Бірдей жағдайда сутегі мен ацетиленнің бірдей көлемін жаққанда , қай процесте және неше есе көп энергия бөлінеді? Жауабы 6,2 есе.

22.Ізбестің сөндіру процесінде 67,0 кДж энергия бөлінеді, егер 1 тонна 20% қоспасы бар ізбесті сөндірсе ( қоспаның жылу эффектісіне әсері жоқ), қанша жылу бөлінеді? Жауабы 9,6105 кДж.

23.298 К температурада мына оксидтердің қайсысы алюминиймен ( сутегімен) тотықсызданады: СаО, ҒеО, ZnO, PbO , SnO, CuO, NiO?

24.263 К температурада мұздың еру процесі үшін Гиббс энергиясының белгісі қандай болады ( нольден үлкен, кіші, тең)?

25.Кальций оксиді мен фосфор(У) оксиді әрекеттескенде 739 кДж жылу бөлінеді, сонда кальций ортофосфатының түзілу жылуы қанша болады?

Жауабы - 4137,5 кДж/моль.

26.Мына теңдеу бойынша жүретін реакция үшін стандартты түзілу жылуы және абсолютті стандартты энтропия мәндеріне сүйеніп ,Гиббс энергиясын есептеу керек, реакция өздігінен жүре ме? СО + Н2О(с) = СО2 + Н2 . Жауабы – 19,91 кДж.

27.4 НСІ (г) + О2  2 Н2О(г) +2 СІ2 , қай температурада жүйеде тепе- теңдік орнайды? Процесс кезінде – 114,42 кДж энергия бөлінеді . Қай температураларда бұл жүйеде хлор әлде оттегі күштірек тотықтырғыш болады? Жауабы 891 К.

28.Аммоний хлоридінің кристаллы газ тәріздес аммиак пен хлорлы сутек әрекеттескенде түзіледі, процестің жылу эффектісін есептеу керек. Егер реакцияға қ.ж. 10 л аммиак түссе, қанша жылу бөлінеді? Жауабы 78,97 кДж.

29.Жай заттардан газ тәріздес күкіртті сутек түзілгенде 20,15 кДж жылу бөлінеді. Сол заттардың стандартты этропиясына сүйеніп осы реакцияның S298 , G298 есептеу керек. Стандартты жағдайда күкіртті сутек жай заттардан түзіле ме? Жауабы 43,15Дж/моль К; - 33,01 кДж.

30.Темір (Ш) оксидінің сутегімен тотықсызданғанында 96,61 кДж жылу сіңіріледі. Егер энтропия өзгерісі 0,1387 кДж/моль К болса , стандартты жағдайда бұл реакция жүре ме? Қай температурадан бастап тотықсыздану реакциясы жүреді? Жауабы 696 К.



Практикалық сабақта және білім алушының оқытушы басшылығымен орындайтын (БӨЖО) есептер мен жаттығулар

6. Реакциялар жылдамдығы және механизмі

1.Химиялық кинетика нені оқиды және оның практикалық мақсаты. Гомогенді және гетерогенді реакцияларға анықтама беріп, мысалдар келтіріңдер. Олардың жылдамдықтарын қалай табады?

2. = c/t мен  = dc/dt белгіленген жылдамдықтар арасында қандай айырмашылық бар? Әрекеттесуші массалар заңына анықтама беріңдер. Осы заңға сәйкес теңдікте реакция жылдамдығының реакцияға түсетін заттардың табиғатына байланыстылығы көрсетілген бе? Химиялық реакциялар жылдамдығы қандай факторларға тәуелді?

3.Жылдамдық константасы деген не? Оның физикалық мәні неде және қандай факторларға тәуелді? Мына факторлардың қайсысы реакция жылдамдығының константасына әсер етеді: а) қысым өзгерісі; б) температура өзгерісі; в) реакция жүретін ыдыстың көлемі; г) жүйеде катализатордың болуы; д) реакцияласатын заттардың концентрациясының өзгерісі.

4.Берілген химиялық реакцияның жылдамдығын арттыратын және азайтатын әдістерді көрсетіңдер. Катализаторлар, ингибиторлар және каталитикалық реакциялар деген не? Гомогенді , гетерогенді катализдің мәні неде? Жүйеде катализатор болғанда неге реакция жылдамдығы артады?

5.Реакцияласатын заттардың молекулаларының соқтығысуы әр уақытта химиялық өзгеріске әкеле ме? Активті молекулалар деген не, басқаларынан олардың айырмашылығы қандай? Химиялық реакциялардың активтену энергиясы деген не? Жүйедегі активті молекулалар үлесі активтену энергиясы мәніне тәуелді ме? Активтену энергиясының мәні химиялық реакция жылдамдығына қалай әсер етеді?

6.Химиялық реакциялар жылдамдығы температураға қалай байланысты? Химиялық реакция жылдамдығының температуралық коэффициенті деген не? Вант-Гофф ережесінің формуласы. Неге температураны жоғарылатса, жылдамдық артады? Қандай реакциялар жылдамдығы (эндотермиялық, экзотермиялық, кез келген) температураны көтергенде өседі?

7.4 НСІ + О2 = 2СІ2 + 2Н2 О газ фазасында өтетін осы реакция үшін,егер 3 есе: а. оттегі концентрациясын; б. хлорлы сутек концентрациясын; в. қысымды өсірсе, жылдамдық қалай өзгереді?

8.Мына химиялық реакциялар үшін жылдамдықтарының формуласын көрсетіңдер: 2NO + O2 = 2NO2 ; CaO + CO2 =CaCO3 ; 4NH3 + 3O2 = 2N2 +6H2 O.

9.Мына теңдеу бойынша жүретін реакцияда 2А + 3 В  С , белгілі уақыт аралығында А затының концентрациясы 0,3 моль/л азайса, В затының концентрациясы қалай өзгереді? Жауабы 0,45 моль/л азаяды.

10.Процесс басталмай тұрып реакцияға түсетін заттардың біреуінің концентрациясы 1,2моль/л болса, ал 50минуттан соң 0,3 моль/л болса, химиялық реакция жылдамдығы нешеге тең болады? Жауабы 0,018моль/лмин.

11.Күкірт диоксиді оттегімен әрекеттескенде оттегі концентрациясы 1 сағат ішінде 0,25 моль/л –ге азайды. Сонда күкірт диоксидінің концентрациясы қалай өзгереді және орташа жылдамдық қаншаға тең?

Жауабы 0,5 моль/л – ге азайады ; 0,25моль/лсағ.

12.Сабындалу реакциясында сіркеэтил эфирінің алғашқы концентрациясы 0,02моль/л болған.25 минуттан соң ол 0,0054 моль/л болды, реакцияның орташа жылдамдығын есептеу керек. Жауабы 5,84 10-4 моль/лмин.

13.Күкірт диоксиді мен оттегі әрекеттесу реакциясында олардың алғашқы концентрациялары сәйкесінше 1,6 моль/л және 1,2 моль/л болған. 0,6 моль/л SO3 түзілген кезде бұл заттардың концентрациясы қанша болады? Жауабы 1,0 және 0,9 моль/л.

14.СО + Н2 О(г)  СО2 + Н2 және MnO2 + 4HCI (г)  MnCI2 + CI2 реакциялары үшін реакция жылдамдықтарын сәйкесінше 36 және 16 есе өсіру үшін қысымды қалай өзгертеді? Жауабы 6 және 2 есе.

15.А + В  АВ реакциясы үшін реакция жылдамдығының константасын табу керек, егер А және В заттарының концентрациясы сәйкесінше 0,05 және 0,01 моль/л болса,ал реакция жылдамдығы 510-5 моль/лмин. Жауабы 0,1моль/л мин.

16.3 А + В  2С + D реакциясы үшін біраз уақыт өткен соң А, В, С заттарының концентрациялары сәйкесінше 0,03, 0,01, 0,008 моль/л болды. А және В заттарының алғашқы концентрациялары қанша? Жауабы 0,042 және 0,014 моль/л.

17.СО + СІ2  СОСІ2 жүйесінде СО концентрациясын 0,03 – тен 0,12 моль/л – ге, ал СІ2 концентрациясын 0,02 –ден 0,06 моль/л – ге көтерсе, тура реакция жылдамдығы қаншаға көбейеді? Жауабы 12 есе.

18.2 NO + O 2NO2 реакциясының жылдамдығы қалай өзгереді, егер а. жүйенің қысымын 3 есе көтерсе; б. жүйенің көлемін 3 есе азайтса; в. NO концентрациясын 3 есе көбейтсе ?

Жауабы а.27 есе өседі; б.27 есе өседі; в.9 есе өседі.

19.Температураны 30 градусқа көтергенде реакция жылдамдығы 64 есе өссе, температуралық коэффициент нешеге тең болады? Жауабы 4.

20.Реакцияның температуралық коэффициенті 2,3 болса, температураны 25 градусқа көтергенде , реакция жылдамдығы неше есе артады? Жауабы 8 есе.

21.Егер реакция 150С температурада 16 минутта аяқталатын болса, онда а.200С; б.80С температураларда қанша уақытта аяқталады,  = 2,5. Жауабы 9,8с; 162сағ.46минут.

22.Егер  = 2,5 болса, а. температураны 60 – тан 100С көтергенде ; б. 50 – ден 30С төмендеткенде , жылдамдық қалай өзгереді?

Жауабы 39 есе артады; б. 6,25 есе кемиді.

23,25С температурада өтетін реакция үшін активтену энергиясын

4кДж /моль санға азайтса, реакция жылдамдығы неше есе артады?

Жауабы 5 есе.

24.Егер температураны 290 К – дан 300К температураға көтергенде, реакция жылдамдығы 2 есе артса, реакцияның активтену энергиясы нешеге тең болады? Жауабы 49,9 кДж /моль.

25.280К температурадағы реакция жылдамдығынан 300К температурадағы жылдамдығы 10 есе көп болса, реакцияның активтену энергиясының мәні қанша? Жауабы 80,3кДж/моль.

26.О3 + NO  O2 + NO2 теңдеуі бойынша жүретін реакция үшін активтену энергиясы 10 кДж /моль , егер температураны 27 – ден 37С көтерсе, реакция жылдамдығы неше есе өзгереді? Жауабы 1,14 есе.

27.Реакцияның жылу эффектісі оның активтену энергиясына тәуелді ме? Реакция жылдамдығының температуралық коэффициенті оның активтену энергиясының мәніне тәуелді ме? Жауаптарыңды дәлелдеңдер.

28.Реакция жылдамдығы константасының мәні а. катализаторды өзгертсе;

б. реакцияға түсетін заттардың концентрациясын өзгертсе, өзгере ме?

29.20С температурада реакция жылдамдығының константасы 104 мин1 , ал 50С - 8104 мин1 болса, оның  мәні қанша болады? Жауабы 2.

30.25С температурада екі реакция бірдей жылдамдықпен жүрсе, 1 = 2,0 , ал 2 = 2,5 болса (І және ІІ реакциялар үшін), 95С болғандағы осы реакциялардың жылдамдықтарының қатынасы қанша болады?

Жауабы 2 / 1 = 4,77.


Практикалық сабақта және студенттердің оқытушы басшылығымен орындайтын (СӨЖО) есептер мен жаттығулар

7. Химиялық тепе-теңдік

1.Химиялық тепе-теңдік деген не және ол қандай факторларға тәуелді? Ле Шателье принципінің мәні. Неге химиялық тепе-теңдік динамикалық болады?

2.Тепе-теңдік константасы деген не ол қандай шамаларға тәуелді? Неге оның мәні реакция тереңдігін көрсетеді?

3.Неге реакция жылдамдығын , тепе-теңдік константасын есептейтін формулаларға қатты заттың концентрациясы кірмейді?

4.Әр химиялық тепе-теңдік қандай параметрлермен сипатталады? Бір параметрдің өзгерісі қандай өзгерістерге әкеледі?

5.Химиялық реакцияның тепе-теңдік константасының мәнін мына фактор өзгертеді: а. қысым өзгерісі; б. температура өзгерісі; в. катализаторды ауыстыру; г. Реакцияласатын заттардың концентрацияларының өзгерісі.

6.Мына реакция үшін С (графит) + Н2 О ( бу)  СО + Н2 тепе-теңдік константасы бірге тең болғандағы температура мәнін анықтау керек. Н және S температураға тәуелділігін есептемей, мәндерін анықтамадан алу керек . Жауабы 983К.

7.N2 + 3 H2  2 NH3 ; Н = - 92.4 кДж тепе-теңдіктегі жүйеде қатысатын заттардың концентрациялары CN2 = 3моль/л; СН2 = 9 моль/л; СNH3 = 4 моль/л болса, анықтау керек а. сутегі мен азоттың алғашқы концентрацияларын; б. температураны көтергенде және в. реакция жүретін ыдыстың көлемін азайтқанда, тепе-теңдік қай жаққа ығысатынын. Жауабы а.5моль/л және 15моль/л; б.солға; в. оңға.

8.Мына теңдеулер үшін тепе-теңдік константаларын жазу керек: СО + СІ2  СОСІ2 (г) ; SO3 + C  SO2 + 2H2 O (г) ; CaCO3  CaO + CO2

9.Тепе-теңдік константалар мәніне қарап қай жағдайда реакция тереңірек, қай жағдайда азырақ жүретінін анықтау керек: a.СО + СІ2  СОСІ2 (г), К = 50; b. H+ + HS  H2 S, K = 107 ; Cd2+ + S2  CdS , K = 71028 .

10.Мына жүйеде СО + СІ2  СОСІ2 (г) мына заттардың алғашқы концентрациялары СО және СІ2 0,28 және 0,09 моль/л болған, мына заттың СО тепе-теңдік концентрациясы 0,20 моль/л болғанда тепе-теңдік константасы қанша болады? Жауабы 40.

11.РСІ5  РСІ3 + СІ2 жүйесінде 500 К температурада тепе-теңдік орнады, реакция барысында РСІ5 концентрациясы 1 моль/л – ден 0,46 моль/л азайды. Осы температурадағы реакцияның Кс және Кр есептеңдер. Жауабы 0,634 моль/л; 2,63 МПа.

12.2НІ  Н2 + І2 реакциясында 448С тепе-теңдік орнады. Осы температурада газдардың тепе-теңдік парциалды қысымдары р(НІ)=4,05104Па, р(Н2 )=7,52104 Па; р( І2) = 4,36102 Па . Реакцияның Кр және Кс есептеу керек. Жауабы Кр = Кс = 0,02.

13.А + В  С + D реакциясының тепе-теңдік константасы бірге тең. А затының алғашқы концентрациясы 0,02 моль/л болса, В затының алғашқы концентрациялары 0,02, 0,1 және 0,2 моль/л болғанда А затының қанша пайызы өзгеріске ұшырайды? Жауабы 50%, 83,3% , 90,9%.

14.2СО + О2  2СО2 Н = - 566 кДж ; 2Н2 + О2  2 Н2 О , Н = - 483,6 кДж; СаСО3  СаО + СО2 , Н = 179 кДж а) температураны төмендетсе , б) қысымды көтерсе; в) температураны көтерсе; г) қысымды азайтса, тепе-теңдік қай жаққа ығысады?

15.Белгілі бір температурада мына гетерогенді реакцияның ҒеО + СО  Ғе + СО2 тепе-теңдік константасы 0,5 , көміртегі(ІІ) және көміртегі(ІУ) оксидтерінің алғашқы концентрациялары сәйкесінше 0,05 моль/л және 0,01 моль/л болса, олардың тепе-теңдік концентрациялары нешеге тең болады? Жауабы 0,04 моль/л; 0,02 моль/л.

16.Мына гомогенді жүйеде 2 SO2 + O2  2 SO3 көлемді 2 есе азайтса, тура және кері реакциялардың жылдамдықтары қалай өзгереді (санау керек)? Тепе-теңдік ығыса ма?

17. РСІ5  РСІ3 + СІ2 , Н = 92,59 кДж тура реакцияны жүргізу үшін а) температураны; б) қысымды; в) концентрацияны қалай өзгерту керек?

18.Қандай жағдайларда мына реакция 4Ғе + 3 О2  2 Ғе2 О3 үшін тепе-теңдік оксидтің айрылуы жағына ығысады?

19.Н2 + І2  2НІ реакциясының белгілі бір температурада тепе-теңдік константасы 50-ге тең. 1 моль І2 затының 90% -ін НІ затына айналдыру үшін сутегінің қандай мөлшерін алу керек? Жауабы 1,548 моль.

20.Метанол мына реакция нәтижесінде алынады СО + 2 Н2  СН3ОН (с) , Н = - 127,8 кДж. Егер а) температураны б) қысымды көтерсе, тепе-теңдік қай жаққа ығысады?

21.Гомогенді жүйенің N2 + O2  2NO тепе-теңдік константасы К = 4,110-4 болса, тепе-теңдік концентрациялары N2 және NO сәйкесінше 0,10 және 0,05моль/л болса, оттегінің тепе-теңдік концентрациясы қанша болады? Жауабы 61моль/л.

22.Гомагенді жүйенің N2 + 3 H2  2 NH3 тепе-теңдік константасы К = 0,1 болса, тепе-теңдік концентрациялары Н2 және NН3 сәйкесінше 0,20 және 0,08моль/л болса, азоттың тепе-теңдік және алғашқы концентрацияларын анықтау керек. Жауабы 8 моль/л және 8,04моль/л.

23.С + СО2  2СО Н = + 119,8 кДж, осы гетерогенді жүйедегі тепе-теңдік қалай өзгереді: а) СО2 қосса; б) С қосса; в) температураны көтерсе; г) қысымды көтерсе; д) катализатор қатыстырса; е) СО-ны жүйеден шығарса?

24.4940С температурада 2NО + O2  2NO2 жүйесінің тепе-теңдік константасы 2,2 болса, NО және O2 заттарының тепе-теңдік концентрациялары сәйкесінше 0,020 және 0,030 моль/л болса, олардың алғашқы концентрацияларын анықтау керек. Жауабы 0,0251 және 0,0326моль/л.

25.Қайтымды реакция үшін G298 а) 5,714кДж/моль; б) – 5,714кДж/моль болса, 250С температурада тепе-теңдік константасы қанша болады?

Жауабы а)0,1; б)10.

26.СО2 + Н2  СО + Н2О,бу егер а) жүйе көлемін арттырса; б) су буы конденсациялана тепе-теңдік қай жаққа ығысады?

27. 2NO2 + О3  N2O5 + О2 , егер а) NO2 концентрациясын көбейтсе; б) О3 концентрациясын көбейтсе; в) N2O5 концентрациясын азайтса; г) О2 контрациясын арттырса, тепе-теңдік қай жаққа ығысады?

28. 2NO2  2NО + O2 , Н > 0 азот диоксидінің айрыруын қалай азайтуға болады?

29.Химиялық тепе-теңдік Н2 + Br2  2HBr, газ, осы реакция үшін мына концентрацияларда орнаған: [Br2] = 0,2 моль/л; [НBr] = 0,4 моль/л; [Н2] = 0,2 моль/л; Егер жүйеге 0,2моль/л бром қосылса, осы заттардың жаңа тепе-теңдік концентрациялары қанша болады?

Жауабы [Н2] = 0,16 моль/л; [Br2] = 0,36 моль/л; [НBr] = 0,48 моль/л;

30.Тепе-теңдік константасына катализатор қатысы әсер ете ме?
Практикалық сабақта және білім алушының оқытушы басшылығымен орындайтын (СӨЖО) есептер мен жаттығулар

8. Ерітінділер. Ерітінділер концентрациясы. Заттар ерігіштігі

1.5 л 8 % -ті (масса бойынша) ( = 1,075 г/мл) ерітінді дайындау үшін қанша натрий сульфитін алады? Жауабы 430г.

2.1 мл 25 %-ті ерітіндіде 0,458 г зат еріген болса, оның тығыздығы нешеге тең болады? Жауабы 1,83 г/мл.

3.50% -ті 400 г күкірт қышқылының ерітіндісінен 100 г суды ұшырған соң, қалған ерітіндідегі күкірт қышқылының массалық үлесі нешеге тең болады? Жауабы 66,7%.

4.9 % -ті тұз қышқылының ертіндісін алу үшін оның қ.ж. 67,2 л көлемін судың қандай массасында еріту керек? Жауабы 1107г.

5.25% -ті КОН ерітіндісін алу үшін оның 1кг 50% -ті ерітіндісіне 20 % - ті ерітіндісінен қанша қосу керек? Жауабы 5 кг.

6.100 мл 20% -ті күкірт қышқылы ерітіндісіне ( = 1,075 г/мл ) оның 5% -ті ерітіндісін алу үшін судың қандай көлемін қосады? Жауабы 342 мл.

7.26% -ті КОН ерітіндісінің тығыздығы 1,24г/мл , оның 5 л ерітіндісінде неше моль КОН болады? Жауабы 28,7 моль.

8.5% -ті MgSO4 ерітіндісін дайындау үшін 400 г MgSO4 7 Н2 О алынған. Пайда болған ерітіндінің массасын анықтау керек. Жауабы 3,90кг.

9.50 г мыс(ІІ) купоросынын 450 г суда еріткенде алынған ерітіндідігі сусыз мыс сульфатының массалық үлесін анықтау керек. Жауабы 6,4%.

10.8% -ті (масса бойынша) CuSO4 ерітіндісін алу үшін 25 г CuSO4 5H2O қанша суда еріту керек? Жауабы 175г.

11.14,35 г AgCl тұнбасын алу үшін қанша 2% - ті AgNO3 ерітіндісі натрий хлоридінің артық мөлшерімен әрекеттеседі? Жауабы 850 г.

12. 15% -ті Н2SO4 ерітіндісін алу үшін 400 г суда қанша грамм күкірт (УІ) оксидін еріту керек? Жауабы 57,1г.

13.28 % -ті ортофосфор қышқылын алу үшін 426 г фосфор (У) оксидін судың қандай көлемінде ерітеді? Жауабы 1664 мл.

14.Аммиакті катализатор қатысында оттегінің артық мөлшерінде тотықтырғанда азот қышқылы мен су түзіледі. Суда еріген азот қышқылының массалық үлесін анықтау керек. Жауабы 77,78%.

15.Егер  (Н2SO4) = 72% болса, одан а) 1 кг ; б) 1 л алса, сонда ерітіндіде қанша масса күкірт қышқылы болады? Жауабы а) 720 г ; б) 1180,8 г.

16.300 мл молярлы концентрациясы 0,2 моль/л болатын ортофосфор қышқылын алу үшін қанша фосфор (V) оксидін суда еріту керек ?

Жауабы 4,26г.

17.Егер 250мл ерітіндіде 7,5 г алюминий сульфаты бар болса, оның молярлы концентрациясы және эквивалентінің молярлы концентрациясы қанша болады? Жауабы 0,088 және 0,528 моль/л.

18.Егер 1,2 л ерітіндінің а) молярлы концентрациясы 0,2 моль/л б) эквивалентінің молярлы концентрациясв 0,2моль/л болса, қанша грамм кристалдық соды Na2 CO3 10H2 O алу керек? Жауабы а) 68,64 г б) 34,32 г.

19.8 % -ті 100 мл ( = 1,06 г/мл) барий хлориді ерітіндісіне барий сульфаты тұнбасын алу үшін 139 мл күкірт қышқылын қосқан , сонда анықтау керек а) қышқылдың молярлы концентрациясын және б) эквивалентінің молярлы концентрациясын . Жауабы а) 0,294 б) 0,588 моль/л.

20.0,9600 г (NH4 )2SO4  FeSO4 6H2O кристаллогидраты сынамасындағы темірді анықтау үшін концентрациясы С (1/5 КМnО4) болатын ерітіндіден қанша алу керек? Жауабы 245 мл.

21.36,2 % -ті ( = 1,18 г/мл) НСІ ерітіндісінің молярлығы қанша? Жауабы 11,7М.

22.20С температурада кадмий хлоридінің 100 г суда ерігіштігі 114,4 г. Оның массалық үлесі мен қанық ерітіндідегі моляльдығын есептеу керек . Жауабы 53,3% және 6,22моль/кг.

23.3 л 0,4 н. күкірт қышқылының ерітіндісін дайындау үшін 96 % -ті

( = 1,84 г/мл) ерітіндісінен қанша алу керек? Жауабы 33,31 мл.

24.Кальций карбонаты сынамасын еріту үшін 35 мл 1,025 н. тұз қышқылы жұмсалған, сонда қанша тұз алынған? Есепті теңдеу құрмай шығару керек.

Жауабы 1,79 г.

25.18М күкірт қышқылының тығыздығы 1,84 г/мл болса, оның молярлық үлесі және концентрациясы ( %) қанша болған? Жауабы 0,80; 96 %.

26.9 % -ті ( = 1,035 г/мл) сахароза (С12 Н22 О11) ерітіндісі үшін а) морярлылығын б) моляльдылығын анықтау керек. Жауабы 0,27моль/л 0,29моль/кг.

27.24,3г магнийді және 27,0 г алюминийді еріту үшін 15% -ті ( = 1,10 г/мл) күкірт қышқылынан қанша алу керек? Жауабы 594 мл, 891 м.

28.Калий хлоратының 100 г суда 70С –та ерігіштігі 30,2 г ,ал 30С –тағы ерігіштігі 10,1 г болса, 70 г 70С –тағы қанық ерітіндісін 30С – қа дейін салқындатқанда қанша грамм калий хлораты бөлінеді? Жауабы 10,8г.

29.Мыс сульфатының 100г судағы 30С температурада ерігіштік коэффициенті 25 г тең болса, осы температурада 18% -ті ерітіндісі қанық ерітінді бола ма? Жауабы жоқ.

30.20С температурада аммиактың 1 мл суда ерігіштігі 702 мл болса, қанық ерітіндідегі массалық үлесін табу керек. Аммиактық парциалды қысымын қалыпты атмосфералық қысымға тең деп алу керек. Жауабы 33,2%.

31.0С температурада көмір қышқыл газының абсорбция коэффициенті 1,71. Қандай қысымда оның ерігіштігі сол газдың сол температурада суда ерігіштігіне (16г/л) тең болады? Жауабы 483 кПа.

32.25С температурада 8,75г калий хлоридін 25 г суда еріткенде қанық ерітінді пайда болады. Осы температурадағы оның ерігіштік коэффициентін анықтау керек. Жауабы 35 г тұз 100 г суда.

33.Калий нитратын қайта кристалдау үшін 80С температурада қанық ерітінді түзілгенше 200 г суда еріп 0С температураға дейін суытқан. Таза тұздың шығымы мен міндетті түрде жоғалатын бөлігінің массалық үлесін анықтау керек. 80С температурада К ( KNO3) = 170 г , ал 0С температурада – 17 г. Жауабы 90 % және 10%.

34.Белгілі бір температурада күкіртті сутектің спирттегі ( = 0,8 г/мл) ерігіштігі 10:1 көлемдік қатынасында болса, осындай ерітіндідегі оның массалық үлесін табу керек. Жауабы 1,86%

35.Оттегі мен азоттың суда ерігіштігі сәйкесінше мынандай қатынаста 1:0,048 және 1:0,024. Суда еріген ауадағы оттегі мен азоттың көлемдік үлесін есептеу керек. Жауабы 66,7 және 33,3%.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет