ПОӘК 042-18-10 54/01-2014 11. 09. 2014ж. №2 басылым



бет41/75
Дата26.08.2017
өлшемі7,49 Mb.
#29733
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   75
Бақылау сұрақтары

1. Химиялық тепе – теңдік сипаттамасы.

2. Тепе – теңдік константасын тепе – теңдік концентрациялар және қысым арқылы өрнектеңіз.

3. Әрекеттесуші массалар заңын сипаттаңыз.

4. Егер жүйені идеалды деп қарастырсақ, КС және КР тепе – теңдік константталарына қандай факторлар әсер етеді?

5. Тепе – теңдік константасы температура мен қысымнан тәуелді ме және қалай?

6. A+BC+D химиялық реакциясы үшін КС және КР тепе – теңдік константалары арасында қандай байланыс бар, егер барлық реагенттер идеалды газтәріздес күйде болса?

7. Тепе – теңдік константасын есептеу жолдарын келтіріңіз.


Модуль2. Екі компоненті жүйелер

Дәріс 7. Екі компоненті жүйелер

Дәріс жоспары:

  1. Негізгі анықтамалар. Гиббстің фазалар ережесі.

  2. Фаза аралық тепе-тендік, күй диаграммалары.

  3. Бір және екі компонентті гетерогенді жүйелердің күй диаграммалары

  4. Қаныққан бу қысымының температураға тәуелдігі. Рауль зандары


Қысқаша мазмұны

Негізгі түсініктер мен анықтамалар

Термодинамикалық жүйелер гомогенді және гетерогенді болып бөлінеді. Гомогенді жүйе бір ғана фазадан, ал гетерогенді жүйе - екі немесе одан да көп фазалардан тұрады.



Фаза деп, құрамы, химиялық және физикалық қасиеттері бірдей, басқа бөліктерден бөлу беті арқылы бөлінген жүйенің біртекті бөлігін айтамыз.

Жүйені фаза санына байланысты бір фазалы, екі фазалы, үш фазалы, көп фазалы деп бөледі.

Жүйеден тыс жеке өмір сүре алатын оның негізгі құрамдас бөлігі болып келетін жеке химиялық затты компонент дейді.

Термодинамикалық жүйенің барлық фазаларын түзуге және кез–келген фазасының құрамын математикалық өрнектеуге қажетті жеке химиялық заттың ең аз санын компонент саны дейміз.

Компонент саны бойынша жүйені бір компоненті, екі компоненті және тағы әрі қарай бөледі.

Жүйе күйі еркіндік дәреже санымен сипаталады.

Жүйедегі тепе–теңдікті, яғни, фазалар санын бұзбай өзгертуге болатын термодинамикалық параметрлер санын еркіндік дәреже саны дейді. Оны с әрпімен белгідейді. Еркіндік дәреже саны бойынша жүйені инвариантты немесе вариантсыз (с=0), моновариантты (с=1), бивариантты (с=2).

Гиббстің фазалар ережесі. Клаузиус-Клапейрон теңдеуі

Жүйенің фазалық күйі фазалар санымен (ф), тәуелсіз компонент санымен (к), еркіндік дәреже санымен (с) және жүйеге әсер етуші сыртқы факторлар санымен (n) сипатталады. Тепе–теңдіктегі жүйенің осы сипаттамаларының арасындағы байланыс Гиббстің фазалар ережесімен анықталады:


с = к – ф + n ( 7.1 )

Тепе–теңдік күйдегі жүйеге сыртқы факторлардан температура мен қысым әсер етсе, еркіндік дәреже саны компоненттер санынан фазалар санын алып, оған екіні қосқанға тең болады:


с = к – ф + 2 ( 7.2 )

Егер сыртқы факторлардан жүйеге тек температура әсер етсе, ал қысым тұрақты (немесе керісінше), онда фазалар ережесі келесідей болады:


с = к – ф + 1 ( 7.3 )

Клаузиус-Клапейрон теңдеуі бір компонентті жүйенің фазалық күйіне қысым мен температураның әсерін көрсетеді:

(7.4)

мұндағы – фазалық ауысу жылуы;

Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   75




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет