ПОӘК 042-18-11 20. 84/01-2013 №1 баспа 26. 08. 2013 ж


Жолдармен жұмыс жасауға тағайындалған кейбір функциялар мен процедуралар



бет12/22
Дата12.03.2018
өлшемі3,6 Mb.
#38774
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   22

Жолдармен жұмыс жасауға тағайындалған кейбір функциялар мен процедуралар


function IntToStr(Value:Integer):String – бүтінсанды мәнді жолға түрлендіреді.

function StrToInt(S:String):Integer – жолды сандық мәнге түрлендіреді. Түрлендіру мүмкін болмаған жағдайда бір ерекшелік қозады.

function FloatToStr(Value:Extended):String – нақты санды символдық түрге түрлендіреді.

function FloatToStrF(Value:Extended; Format:TfloatFormat; Precision, Digits:Integer):String – таңдап алынған формат бойынша нақты мәнді жолға түрлендіреді. Мысалы:

Var: x:Extended;

Edit1.Text:= FloatToStrF(x,ffFixed,8,3); {нақты берілгендерді бекітілген пішімде ондық нүктеден кейін 3 белгімен шығарады}





function StrToFloat(S:String):Extended – символдар жолын нақты санға айналдырады. .

procedure Val(S:String; V; Code:Integer) - V параметрінің типіне сәйкес символдар жолын санға түрлендіреді. V – кез – келген бүтін немесе нақты тип. Егер түрлендіру жемісті болса, онда Code айнымалысында 0, әйтпесе бірінші қате символдың нөмірі болады. Мысалы:

Var: P:Extended;

Code:Integer;

Val(Edit1.Text,P,Code);





procedure Str(X; S:String)екілік санды символдық түрге түрлендіреді. X - кез –келген бүтін немесе нақты тип. Мысалы:

преобразует двоичное число в символьное представление. X- любого целого или вещественного типа. Например:

Var: X:Extended;

S:String;

Str(X:10:4,S);



function Now: TDateTime – ағымды мерзім мен уақытты TDateTime типті форматта қайтарады;

function Date: TDateTime – ағымды мерзімді TDateTime типті форматта қайтарады;

function Time: TDateTime - ағымды уақытты TDateTime типті форматта қайтарады;

function DateTimeToStr(DateTime: TDateTime): string - TDateTime типіндегі мәнді жолға айналдырады.

function DateToStr(Date: TDateTime): string - TDateTime типіндегі күнтізбелік мерзімді жолға айналдырады.

function TimeToStr(Time: TDateTime): string - TDateTime типіндегі уақытты жолға түрлендіреді.

Мысалы: Label1.Caption:=TimeToStr(Time);



function UpperCase(const S:String):String – жолдарды жоғарғы регистрдің символдарына түрлендіреді.

function LowerCase(const S:String):String – жолдарды төменгі регистрдің символдарына түрлендіреді.

function StringOfChar(Ch:Char; Count:Integer):String – берілген нақты символдардың көшірмелерімен толтырылған жолды қайтарады.

Мысалы: S:= StringOfChar('A'; 10):



2 ПРАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫСТАР


Практикалық жұмыс № 1 «Delphi интерфейсінің элементтері»

Бірінші тәжірибелік жұмыс Delphi ортасы мен осы тіл туралы негізгі ұғымдарға кіріспеден басталады. Сіздер жобамен Delphi ортасының қосымшасы ретінде танысасыздар, ал пішінді құрауыштарынан бағдарлама құрылатын жобаның қалауы ретінде қарастырасыздар. Нақты мысалдарда Delphi ортасында бағдарламалаудың концепциясы тереңдетіліп оқылады, олар: жобаны анықтау, жаңа пішінді құру, пішінге құрауыштарды қосу, осы құрауыштардың қасиеттерін анықтау және бағдарламаның орындалуы.



Жұмыстың мақсаты: Delphi ортасымен және оның негізгі терезелерімен танысу. Өзіңнің бірінші қосымшаңды құру және оны сақтауды үйрену.

Delphi — Windows жүйесінде жұмыс істеуге арналған бағдарламалаудың көрнекілік тілі. Оның қосымшасы, яғни Delphi ортасында құрылған бағдарлама да Windows жүйесіне арналған.

Delphi ортасында бағдарламалау объектілі-бағытталған технологияға сүйенеді. Бағдарламалаудың базалық тілі ретінде Object Pascal тілі таңдап алынған.

Delphi ортасында бағдарлама құру жұмысының көп бөлігі құрауыштарды таңдау, оларды тышқанның көмегімен экранға орналастыру және осы құрауыштардың қасиеттерін анықтауға кетеді. Құрауыштар — «құрылысшы блоктар» деп саналады, олардан Delphi ортасының қосымшалары құрылады. Олар өз кезегінде көрінетін болуы мүмкін, олар қолданбалы интерфейстің бөліктері (айналдыру жолағы, басқару батырмалары, меню т.б.), сонымен бірге көрінбейтінде болуы мүмкін — таймер, деректер базасы.



Тапсырма 1. Delphi - ді іске қосу

Delphi – ді іске қосу үшін 3 әдістің біреуін орындаңыздар:


1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет