ПОӘК 042-18-12 45/03-2013 №3 басылым 18. 09. 2013ж


-сурет. Ақпараттық жүйелердегі процестер



бет2/6
Дата06.07.2018
өлшемі487,5 Kb.
#48077
1   2   3   4   5   6

1-сурет. Ақпараттық жүйелердегі процестер


Ақпараттық жүйе келесі қасиеттермен анықталады:

  • кез келген ақпараттық жүйені анализдеу, құру және жүйені құрудың жалпы принциптері негізінде басқарылуы мүмкін;

  • ақпараттық жүйе динамикалық және дамыған болып табылады;

  • ақпараттық жүйені құру кезінде жүйелік үйлесімді пайдалану қажет;

  • ақпараттық жүйенің өнімі ақпарат болып табылады.

Қазіргі уақытта ақпараттық жүйені компьютерлік техника көмегімен дамыды деген ой қалыптасты.

Ақпараттық жүйе жұмысын түсіну үшін оларды шешетін мәселелердің мән-мағынасын, сонымен қатар өндірістік процестерді түсіну қажет.

Ақпараттық жүйені ендіру келесідей мүмкіндіктер береді:


  • математикалық әдістер мен интеллектуалды жүйелер және т.б. енгізу кезінде есептерді шешудің рационалды варианттарын алу;

  • оны автоматтандыру негізінде ауыр жұмыстардан жұмысшыларды босату;

  • ақпараттың дұрыстығын қамтамасыз ету;

  • мәліметтерді қағазбен алудан магнитті дискілер немесе ленталарға ауыстыру, бұл компьютерде ақпараттардың қайта өңделуін рационалды өндіруге және қағаздағы құжаттар көлемін төмендетуге әкеледі;

  • ақпараттар тобының құрылымын және фирмада құжат айналым жүйелерін жетілдіру;

  • өнімдер мен қызметтерді өндіруге кететін шығындарды азайту;

  • бірегей қызметтерді тұтынушыларға беру;

  • оларға берілген әр түрлі жеңілдіктер мен қызметтер есебінен сатып алушылар мен жабдықтаушыларды фирмаға әкелу.


Дәріс № 3, 4
Тақырып: Ақпараттық жүйелердегі басқару құрылымының ролі
Дәріс сұрақтары:
  • Мекемені басқару құрылымы.

  • Мекемені басқарудың үш деңгейі.

  • Ақпараттық жүйе мысалдары.


Басқарудың ақпараттық технологиясы

Басқарудың ақпараттық технологиясының мақсаты болып, барлық фирма қызметкерлерін ақпараттық қажеттіліктермен қамтамасыз ету табылады. Бұл басқарудың барлық деңгейінде пайдалы болуы мүмкін.

Бұл технология басқарудың ақпараттық жүйе ортасындағы жұмысқа бағытталған және мәліметті өңдеудің ақпараттық технологиясымен шешілетін тапсырмалармен салыстырғанда, шешілетін тапсырмалардың құрылуы төмен жағдайларда пайдаланылады.

Басқарудың ақпараттық жүйесі фирманың әртүрлі басқару деңгейіндегі немесе функционалдық бөлімшелердегі жұмысшылардың ұқсас ақпараттық қажеттіліктерін қанағаттандыруға сәйкес келеді. Оларға ұсынылған ақпарат фирманың болашақтағы, қазіргі және өткендегі мәліметтерінен тұрады. Бұл ақпарат реттеуші немесе арнайы басқарушылық есеп түрінде болады.

Басқарушылық бақылау деңгейінде шешім қабылдау үшін ақпарат шоғырланған түрде болуы керек, себебі мәліметтердегі өзгеру тенденциялары анық көрінуі керек. Бұл кезеңде мәліметтерді өңдеудің келесідей мәселесі шешіледі:


  • Басқару объектісінің жоспарланған жағдайын бағалау;

  • Жоспарланған жағдайдан ауытқуды бағалау;

  • Ауытқу себебін табу;

  • Шешімдер мен қызметті талдау;

Басқарудың ақпараттық технологиясы есептің әртүрлі түрлерін құруға бағытталады.

Жүйелі есеп (регулярные) оның құру уақытын анықтайтын графикке сәйкес құрылады, мысалы, кәсіпорын сатуларының айлық талдауы.

Арнайы есептер басқарушылардың сауалы бойынша немесе кәсіпорында жоспарланбаған жұмыстар болған кезде құрылады.

Жинақталған есепте мәліметтер жеке топтарға біріктіріліп, жеке жолдар бойынша соңғы және аралық қортынды түрінде ұсынылады.

Салыстырмалы есептер әртүрлі көздерден алынған немесе әртүрлі белгілер бойынша жіктелген, салыстыру мақсаты үшін пайдаланылған мәліметтерден құрылады.

Төтенше есептер төтенше сипаттағы мәліметтерден тұрады.

Негізгі компоненттері:

Кірген ақпараттар операциялық жүйеден түседі. Енгізілген ақпараттар шешім қабылдауда тиімді болуы үшін басқарушылық есеп түрінде қалыптастырылады. Көрсетілген ақпаратты алу үшін пайдаланылатын мәліметтер қоры екі элементтен түрады:

1) фирмада жүргізілген операцияларды бағалау негізінде жинақталған мәліметтер;

2) басқарудың жоспарланған жағдайын сипаттайтын жоспарлық, стандарттық және нормативтік құжаттар.

Мәліметтер қоры



2-сурет. Басқарудың ақпараттық технологиясының компоненттері

Басқарма ақпараттың маңызды құрамдас бөлігі болып экономикалық ақпарат табылады. Бұл халық шаруашылығының салалық және аймақтық басқарманың барлық деңгейлерді жоспарлау, есепке алу, бақылау, талдау процесінде өзгеруге сақтау мен пайдалануға болатын экономикалық сипаттағы түрлі мәліметтер шығыны.

Ұйымдастырушылық басқарма сферасында қолданушылар 3 категорияға бөлінеді:

1. жетекшілер;

2. Жетекші персонал;

3. қызмет ету персоналы.

Бұл категориялар берілгендерді беру түрлерімен ерекшеленеді.

Басқарма міндеттерін қамту деңгейіне байланысты:

- берілгендерді электрондық өңдеу;

- басқарма функциялары;

- шешімдерді қабылдауды қолдау;

- электронды офис;

- эксперттік қолдау.

Қазынашылықтың экономикалық ақпараты-қосылған ақпаратты бағдарламалық жүйенің құрамдас бөлігі. Жеке ақпаратты технологиялық құрамдарын барлық деңгейлі қазынашылық органдар «локальді» есептеуіш желілер және экономикалық ақпарат жәнетерминалдар; коммуникациялық компьютерлік жүйелер) жүйесін біріктіреді.

Басқармадағы экономикалық ақпараттардың басты мақсаты - қаржылық қатынастарды реттеу, барлық деңгейлі бюджет орындалуына бақылау жасау.

Басқарудағы экономикалық ақпараттардың басты міндеттері:

- кірістердің нақты және оперативті есебін жүргізу;

- барлық деңгейдегі бюджеттердің өзара іс-әрекеттілігін қамтамасыз ету;

- бюджет қаржыларын сатып алушыларға тез және нақты түрде жүргізу;

- бюджет қаржыларының рационалды және мақсатты пайдалануына ағымдағы толық оперативті және қатаң бақылау жүргізу;

- бюджет орындалуына оперативті және обьективті талдау болжау жасау;

- мемлекеттің ішкі қарызын қызмет етумен басқару істерін күннен асыру және т.б.

Басқарудың екі құрлымы:

1. «терминалды» - жоғарғы өнімділік оны мәндерін орталық есептегіш кешенімен интеллектуалды локальді және қойылған терминалды жүйесі негізінде.

2. «Клиент сервер» - үлкен бөлімдер локальді есептегіш жілілерде меліметтер көптеген ұжымдық жоғары өнімді жұмыс ұйымдастыру негізінде.

Басқармадағы жауапты экономикалық ақпараттардың негізгі міндеттеріне жататындар:

-төлем тапсырмасындағы шығыстардың бюджет жіктелуінің 10 кодының дұрыстығын тексеру;

-шығыстар спецификасы мәліметтері бойынша қаржыларды тексеру болып табылады;


Мекеме қызметшілері


Мекеме қызметшілері – әр түрлі дәрежесі мен басқару деңгейінің қызметкерлері, олар қарапайым операцияны орындайтын хатшыдан бастап, стратегиялық шешім қабылдайтын мамандар мен менеджерлерге. Суретте басқару деңгейіндегі қызметшілердің әр тұрлі дәреже деңгейінің сәйкестігі көрсетілген:

3-сурет. Басқару деңгейі бойынша қызметшілер дәрежесі



  • жоғарыдағы, стратегиялық басқару деңгейі – өндірісті (фирмалар және олардың орынбасарлары) басқарудың жоғарғы звеносы менеджерлер. Олардың негізгі міндеті – нарықта фирманың қызметін стратегиялық жобалау және басқарудың ішкі фирмалық тактикасын үйлестіру;

  • ортаңғы, функционалдық деңгейде – ортаңғы звено менеджерлері және мамандар (қызмет, бөлімше, цехтар, директорлар, ғылыми қызметкерлер және т.с.с.) Негізгі міндеті – қызметтің берілген сферасында негізгі функцияларды шешу кезінде фирманы тактикалық басқару;

  • төменгі, операциялық деңгейде – төменгі звено орындаушылары мен менеджерлері (бригадирлер, инженерлер, жауапты орындаушылар, мастерлер, техниктар, лаборанттар және т.с.с.). Негізгі міндеті – жағдайдың өзгеруіне оперативті қарау.

Барлық басқару деңгейлерінде жалпы функцияларды іске асыратын -менеджерлер, сонымен қатар өзінің біліктілік сферасында басқару функцияларын орындайтын менеджерлер-мамандар жұмыс істейді.
Дәріс № 5, 6

Тақырып: Ақпараттық жүйелер құрылымы және классификациясы



Дәріс сұрақтары:
  • Ақпараттық қамтамасыздау

  • Техникалық қамтамасыздау

  • Математикалық және программалық қамтамасыздау

  • Ұйымдаструшылық қамтамасыздау

  • Құқықтық қамтамасыздау

Подсистеманы қамтамасыз ететін типтер


Ақпараттық жүйелердің құрылымы подсистема деп аталатын оның жеке бөліктерінің жиынтығын құрайды.

Подсистема – қандай да бір белгі бойынша ерекшеленген жүйе бөлігі.

Ақпараттық жүйенің жалпы құрылымын қолдану сферасына қатыссыз подсистема жиынтығы ретінде қарастыруға болады. Бұл жағдайда классификацияның құрылымдық белгісі туралы айтылады, ал подсистеманы қамтамасыз етуші деп атайды. Сондықтан, кез келген ақпараттық жүйенің құрылымы 2-суреттегі қамтамасыз етілетін подсистема жиынтығы ретінде көрсетілуі мүмкін.


4-сурет. Ақпараттық жүйе құрылымын қамтамасыз ететін подсистема жиынтығы

Қамтамасыз ететін подсистема ішінде ақпараттық, техникалық, математикалық, программалық, өндірістік және құқықтық қамтамасыз ету бойынша бөліп қарастыруға болады.

Ақпараттық қамтамасыз ету


Ақпараттық қамтамасыз ету подсистемасының міндеті шешімдер қабылдау үшін нақты ақпаратты беруден тұрады.

Ақпараттық қамтамасыз ету – ақпараттық топтар схемасының, құжаттардың бірыңғайлы жүйесінің, ақпаратты кодтау және классификация жүйесінің жиынтығы, сонымен қатар мәліметтер қорын құру әдістемесі.

Техникалық қамтамасыз ету

Техникалық қамтамасыз ету – ақпараттық жүйелердің жұмысына арналған, сонымен қатар осы әдістер мен технологиялық процестерге сәйкес келетін құжаттардың техникалық әдістерінің комплексі.


Техникалық әдістер комплексі мыналарды құрайды:

  • кез келген модельді компьютерлер;

  • ақпаратты жинау, өңдеу, беру және шығару құрылғылары;

  • мәліметтерді беру және байланыс линия құрылғылары;

  • өндірістік техника және ақпараттың автоматты түрде алынатын құрылғылары ;

  • эксплуатациялық материалдар және т.б.

Математикалық және программалық қамтамасыз ету


Математикалық және программалық қамтамасыз ету – ақпараттық жүйелердің есептері, сонымен қатар техникалық әдістердің комплексін бірқалыпты функционалдауға арналған математикалық әдістер, модельдер, алгоритмдер мен программалар жиынтығы.

Математикалық қамтамасыз ету әдістеріне мыналар жатады:

  • басқару процестерін модельдеу әдістері;

  • басқарудың типтік есептері;

  • математикалық программалау, математикалық статистика, жаппай қызмет ету теориялары және т.б. әдістер.

Программалық қамтамасыз ету құрамына жүйелік және арнайы программалық өнімдер, сонымен қатар техникалық құжатнама кіреді.

Жүйелік программалық қамтамасыз етуге тұтынушыларға негізделген және ақпаратты өңдеудің типтік есептерін шешуге арналған программалар комплексі қарайды. Арнайы программалық өнімдерді қамтамасыз ету нақты ақпараттық жүйе құру кезінде жасалған программалар жиынтығын көрсетеді. Оның құрамына әр түрлі деңгейдегі модельдерді құруды жетілдіретін қолданбалы программалар пакеті (ҚПП) кіреді.

Өндірістік қамтамасыз ету


Өндірістік қамтамасыз ету – жұмысшылардың техникалық әдістерімен іс-әрекеті және өзара ақпараттық жүйені құру мен эксплуатациялау процесіндегі әдістер мен тәсілдер жиынтығы.

Құқықтық қамтамасыз ету


Құқықтық қамтамасыз ету – ақпаратты алу, жаңарту және пайдалану ретінде ақпараттық жүйелерді құруды, функционалдау мен заңгерлік мәртебені анықтайтын құқықтық ережелер жиынтығы.

Құқықтық қамтамасыз етудің басты мақсаты заңдылықты нығайту болып табылады.

Құқықтық қамтамасыз ету құрамына заңдар, нұсқаулар, мемлекеттік билік органдарының қаулылары, бұйрықтар, инструкциялар мен министрліктің басқа нормативті құжаттары, ведомосттар, өндірістер, жергілікті билік органдары кіреді.
Дәріс № 7, 8

Тақырып: Ақпараттық жүйелерді есептің құрылымдануына қарай классификациялау



Дәріс сұрақтары:

  • Есептің құрылымдану түсінігі.

  • Бөлшекті құрылымдалған есептерді шешудің ақпараттық жүйелері.

Есептердің құрылымдану түсінігі


Ақпараттық жүйелерді құру немесе классификациялау кезінде шешілетін есептердің формальды – математикалық және алгоритмдік суреттелуімен байланысқан мәселелер туындайды. Ақпараттық жүйе құруға арналған үш түрлі есепті бөліп қарауға болады: құрылымдық, құрылымдық емес және жартылай құрылымдық.

Құрылымдық есеп – оның барлық элементтері мен олардың арасындағы байланысы белгілі есеп.

Құрылымдық емес есеп – онда элементтерді бөлуге және олардың арасында байланыс құруға мүмкін беретін есеп.

Құрылымдық есепте шешімнің нақты алгоритмі бар математикалық модель формасында оның мазмұнын көрсетуге болады.

Жартылай құрылымдық есептерді шешу үшін ақпараттық жүйелерді екі түрге бөлеміз (3-сурет):



  • басқармалы есептерді құратын және мәліметтерді өңдеуге негізделген (іздеу, таңдау, фильтрлеу); осы есептерде бар мәліметтерді пайдалана отырып, басқарушы шешім қабылдайды.

  • шешімнің мүмкін альтернативаларын құратын. Осы кезде шешім қабылдау мүмкін альтернативалардың ішінен біреуін таңдауға әкеледі.





5-сурет. Шешілетін есептердің құрылымдық белгісі бойынша ақпараттық жүйелердің классификациясы


Басқармалы есептер құратын ақпараттық жүйелер тұтынушының ақпараттық қолдауын қамтамасыз етеді, яғни мәліметтер қорында ақпаратқа енуін және оның жартылай өңделуін көрсетеді.

Модельді ақпараттық жүйелер тұтынушыға математикалық, статикалық, қаржылық және басқа модельдерді береді, оларды пайдалану шешім альтернативасын құру және бағалауды жеңілдетеді. Тұтынушы шешім қабылдау үшін оған жетіспейтін ақпаратты алу үшін оны зерттеу процесінде модельмен диалог құру жолымен алуға болады.

Экспертті ақпараттық жүйелер білімді өңдеумен байланысты экспертті жүйелерді құру есебінен тұтынушылардың мүмкін альтернативаларын істеп шығару мен бағалауды қамтамасыз етеді. Тұтынушымен қабылданатын шешімдерді экспертті қолдау екі деңгейде жетілдіріледі.

Экспертті қолдаудың бірінші деңгейінің жұмысы «типтік басқармалы шешімдер» концепциясынан шығады. Бұл деңгейдегі экспертті қолдауды жетілдіру үшін типтік альтернативаларды сақтау және анализдеудің ақпараттық қоры құрылады.

Егер туындаған мәселелік жағдай типтік альтернативалар кластарымен сай келмесе, жұмысқа басқару шешімдерін эксперттік қолдануының екінші деңгейі кірісу керек.
Дәріс №9, 10
Тақырып: Ақпараттық жүйелердің басқа классификациялары
Дәріс сұрақтары:

  • Автоматтандырылу дәрежесі бойынша классификациялау.


  • Ақпаратты пайдалану бойынша классификациялау.

  • Қолдау сферасына байланысты классификациялау.

Автоматтандыру дәрежесі бойынша классификация

Фирмаларды басқару жүйесінде ақпараттық процестерді автоматтандыру дәрежесіне қатысты ақпараттық жүйелер қолмен жасалған, автоматтық, автоматтандырылған деп анықталады.



Қолмен жасалған ақпараттық жүйелер ақпаратты қайта өңдеудің қазіргі техникалық құралдарының және адаммен орындалатын барлық операциялардың жоқтығымен сипатталады. Мысалы, компьютері жоқ фирмада менеджерлердің қызметі туралы айтуға болады, ол қолмен жасалған ақпараттық жүйемен жұмыс істейді.

Автоматтық ақпараттық жүйелер адамның қатысуынсыз ақпараттарды қайта өңдеу бойынша барлық операцияларды орындайды.

Автоматтандырылған ақпараттық жүйелер ақпарат пен адамды және техникалық құралдарды өңдеу процесіне қатысуды болжайды, мұнда басты роль компьютерге негізделген. Қазіргі «ақпараттық жүйе» терминін талқылағанда автоматтандырылған жүйе түсінігі айтылады.

Басқару процесін ұйымдастыруда олардың кең пайдалануын ескере отырып, автоматтандырылған ақпараттық жүйелердің әр түрлі модификациялары бар және классификациялануы мүмкін, мысалы, ақпаратты пайдалану сипаты мен қолдану сферасы бойынша.

6-сурет. Әр түрлі белгілер бойынша ақпараттық жүйелер классификациясы



Ақпаратты пайдалану сипаты бойынша классификация

Ақпараттық-іздеушілік жүйелер (6-суретті қара) енгізуді, жүйелендіруді, сақтауды, мәліметтердің қайта өңделуін тұтынушы сұранысы бойынша ақпаратты беруді өндіреді. Мысалы, кітапхана, билеттер сататын темір жолдар мен авиа кассаларда ақпараттық-іздеушілік жүйелер.

Ақпараттық-шешуші жүйелер қандай да бір алгоритм бойынша ақпаратты қайта өңдеудің барлық операцияларын жүзеге асырады. Оларда шешім қабылдау процесінде нәтижелі ақпараттың іс-әрекет дәрежесі бойынша классификация жүргізуге және екі класты бөліп қарастыруға болады: басқармалы және кеңесші.

Басқармалы ақпараттық жүйелер адамның шешім қабылдауына негізделген ақпаратты өндіреді.

Кеңесші ақпараттық жүйелер адамның мағлұматына алынады және нақты іс-әрекет сериясына айналмайды. Бұл жүйелер интеллекттің жоғарғы дәрежесіне ие болады.

Қолдану сферасы бойынша классификация

Өндірістік басқарудың ақпараттық жүйелері (6-суретті қара) басқарушы қызметшілердің функцияларын автоматтандыру үшін арналған. Жүйенің бұл класының кең қолданылуы мен әр түрлілігін ескере отырып, жиі кез келген ақпараттық жүйелер берілген талқылауда түсініледі. Бұл класқа өнеркәсіптік фирмалар, өнеркәсіптік емес объектілер: қонақ үйлер, банктер, сауда фирмалары мен т.б. ретінде басқарудың ақпараттық жүйелері жатады.

Осындай жүйелердің негізгі функциялары келесілер болып табылады: оперативті бақылау және реттеу, оперативті есеп және анализ, перспективалы және оперативті жобалау, бухгалтерлік есеп және т.б. экономикалық-өндірістік есептер.

Технологиялық процестерді (ТП) басқарудың ақпараттық жүйелері өндірістік қызметшілер функциясын автоматтандыру үшін қызмет етеді. Олар металлургиялық және машина жасайтын өндірістердегі технологиялық процестерді қолдау үшін ұйымдастыру кезінде кең пайдаланылады.

Автоматтандырылған жобалаудың ақпараттық жүйелері жаңа техника немесе технология құру кезінде инженер-жобалаушылар, конструкторлар, архитекторлар, дизайнерлер функциясын автоматтандыру үшін арналған. Осындай жүйелердің негізгі функциялары болып мыналар табылады: инженерлік есептер, графикалық құжатнама құру (сызбалар, схемалар, жобалар), жобалық құжатнамаларды құру, жобаланатын объектілерді модельдеу.

Интегралданған (корпоративті) ақпараттық жүйелер фирманың барлық функцияларын автоматтандыру үшін пайдаланылады және өнімді жобалаудан бастап, өткізуге дейінгі жұмыстың барлық циклін қамтиды. Мұндай жуықтау фирманың құрылымын өзгертуге әкелуі мүмкін, бұған кез келген басқарушы бара алмайды.

Дәріс №11, 12, 13, 14
Тақырып: Ақпараттық жүйе мен Ақпараттық технологиялар
Дәріс сұрақтары:

  • Ақпараттық жүйелер мен ақпараттық технологиялар байланысы.


  • Ақпараттық технологияларды классификациялау.

Экономиканы басқаруда ақпараттық жүйелердің құрылуы және қызмет етуі ақпараттық технологияның дамуымен тығыз байланысты.

Ақпарат дәстүрлі материалдық ресурстар, мысалы, мұнай, газ, пайдалы қазбалар т.б сияқты қоғамдағы маңызды, бағалы ресурстардың бірі болып табылады.

Ақпараттық технология - құбылыстардың немесе процестердің, обьектілердің жағдайы туралы жаңа сапалы ақпарат алу үшін қажетті өңдеудің, жинаудың және таратудың әдіс-тәсілдерінің жиынтығын пайдаланатын процесс.

Ақпараттық технологияның мақсаты - адамның оны талдауы және оның негізінде қандайда бір қызметті орындау туралы шешімді қапбылдауы үшін ақпаратты өндіру.

Ақпараттық технология ақпараттық жүйелермен тығыз байланысты. Ол оның негізгі ортасы болып табылады.

Ақпараттық технология компьютерде берілген, сақталған әр түрлі дәрежедегі қиындықтағы операцияларды, қызметтерді, этаптарды орындаудың нақты рәсімделген ережелерінен тұратын процесс болып табылады.

Ақпараттық технология, басқалар сияқты, келесідей талаптарға жауап беру керек:

- ақпаратты өңдеудің барлық процесінің этаптарға (фазаларға), операцияларға мүшеленуінің жоғарғы деңгейін қамтамасыз ету.

- қойылған мақсаттарға жетуге қажетті барлық элементтерді қосу.

- тұрақтылық сипаттың болуы.

Нарықтық қатынастар жағдайында ақпаратқа және ақпараттық қызметтерге сұраныстың өсуі ақпаратты өңдеудің кең көлемді техникалық құралдарының, әсіресе, электронды есептеуіш машинаның және байланыс құралдарының өсуіне алып келді.

Ақпараттық технологияны этаптардан, қызметтерден, операциялардан тұратын иерархиялық құрылымнан көруге болады.



1 - деңгей- этаптар- салыстырмалы түрде ұзақ технологиялық процестер іске асыра алады.

2 - деңгей-операциялар- 1-деңгейдегі программалық ортада таңдалған нақты обьектінің құрылуы орындалады.

3 - деңгей- қызметтер- сәйкес операцияларға қойылатын мақсаттарды орындауға әкелетін әрбір бағдарламалық жұмыс тәсілдерінің стандартты жиынтығы.

Қоғамдағы ақпараттық ресурстарды қолданудың маңызды құраушы процесі болып ақпараттық технологиялар табылады. Қазіргі уақытта ол көптеген этаттардан тұрады. Бұл ең алдымен ғылыми техникалық прогрестің дамуымен, ақпаратты өңдейтін жаңа техникалық құралдардың пайда болуымен байланысты. Қазіргі уақытта ақпаратты өңдеудің техникалық құралы болып персоналды компьтер табылады. Ақпараттық сфераға персоналды компьютердің енуі және телекоммуникациялық байланыстың қолданылуы ақпараттық технологияның жаңа этапының дамуын анықтады.

Жаңа ақпаратық технология – дербес компьютерді және телекоммуникациялық құралдарды пайдаланып қолданушының «достық» интерфейсті жұмысының ақпараттық технологиясы.

Жаңа ақпараттық технологиялардың 3 негізгі принципі бар.

1) компьютермен интерактивті жұмыс режимі.

2) басқа бағдарламалық өнімдермен өзара байланысы(интеграция)

3) берілген міндеттердіңөзгеру процесіне икемділігі.

Ақпараттық жүйенің жіктелуі.

3 кесте

Ақпараттық технологияның классификациясы.



АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР

АЖ – де пайдалану тәсіліне байланысты

Дәстүрлі

Жаңа ақпараттық технологиялар

Басқару есептерін қамту дәрежесіне байланысты

Деректерді электронды өңдеу

Басқару функцияларын автоматтау

Шешім қабылдауды қолдау

Электрондық офис

Эксперттік қолдау

Жүргізілген технологиялық операциялар класына байланысты

Мәтіндік редактормен жұмыс

Кестелік процессормен жұмыс

МҚБЖ – мен жұмыс

Графикалық объектілермен жұмыс

Мультимедиялық жүйелер

Гипермәтіндік жүйелер

Қолданушының интерфейсінің типіне байланысты

Пакеттік

Диалогтық

Желілік

Желіні құру тәсіліне байланысты

Локальдық

Көпдеңгейлік

Бөлшектелінген

Қызмет көрсету облысы бойынша

Бухгалтелік есеп

Банктік қызмет

Салықтық қызмет

Сақтандыру қызметі

Басқалар

Ақпараттық жүйелер дегеніміз не және олар ақпараттық технологиялармен қалай байланысады? Басқару – маңызды функция, онсыз кез – келген әлеуметтік – экономикалық, мекемелік - өндірістік жүйелердің (өнеркәсіп, мекеме, территория) мақсатты бағытталған қызметін елестету мүмкін емес.

Басқару функциясын жүзеге асыратын жүйе басқару жүйесі деп атайды. Бұл жүйенің іске асыратын маңызды функциясы жоспарлау, болжау, есеп, анализ, бақылау және байыптау.

Басқару жүйе компоненттерінің арасында ақпарат алмасумен байланысты. Басқару процесінде әр уақыт мезгілінде басқару есептерін шешуді қамтамасыз ету және жүйеге әсер ету үшін жүйенің жағдайы туралы, берілген мақсатқа жеткендігі (немесе жетпегендігі) туралы хабар алып отырады. Сондықтан экономикалық объектіні басқару жүйесіне өзінің ақпараттық жүйесі сәйкес келеді, бұл экономикалық ақпарат деп аталады.

Экономикалық ақпараттық жүйе – бұл экономикалық объектінің тікелей және кері ақпараттық байланыстарының сыртқы және ішкі ағымдарының, ақпаратты өңдеу және басқару шешімдерін табу барысына қатысатын әдістердің, құралдардың, мамандардың жиыны.

Автоматтандырылған ақпараттық жүйе ақпаратты өңдеу және басқару шешімдерін қабылдауға арналған ақпарат, экономикалық – математикалық модельдер мен әдістер, техникалық, программалық, технологиялық құралдар мен мамандар жиынын білдіреді.

Сонымен, ақпараттық жүйе техникалық көзқараспен қарағанда, шешім қабылдауды қолдайтын және мекемені басқаруда пайдаланылатын ақпаратты жинайтын, өңдейтін, сақтайтын және тарататын өзарабайланысқан компоненттер шоғыры ретінде анықталады.

Ақпаратты түсу көзіне қарай ішкі және сыртқы болып бөлінеді. Сыртқы ақпарат жоғарғы органның жарлығынан, орталық және жергілікті органдардың әртүрлі материалдарынан, басқа мекемелерден түсетін құжаттардан тұрады. Ішкі ақпарат өнеркәсіптегі өндірістің жүргізілуі, жоспардың орындалуы, бөлімшелердің жұмысы туралы, қызмет бөлімшелері туралы ақпаратты қамтиды.

Ақпараттық жүйеде үш процесс ақпаратты өндіреді, олар мекеме шешім қабылдау, басқару, проблема анализі және жаңа өнімдер шығару мен қызмет көрсетулер қажет ететін ақпаратты дайындау, - бұл енгізу, өңдеу, шығару. Енгізу процесінде мекеменің ішінде немесе сыртқы ортадан жиналған тексерілмеген мәліметтер алынады. Өңделу процесінде ол шикі материал басқа маңызды формаға келтіріледі. Шығару сатысында өңделген деректер персоналдар мен процестерге беріледі.

Формальды және формальды емес компьютерлік ақпараттық жүйелер бар. Формальды жүйелер жинаудың, сақтаудың, осы мәліметтерді тарату мен пайдаланудың қабылданған және реттелген мәліметтері мен процедураларына сүйенеді.

Формальды емес ақпараттық жүйелер қажетсіз келісімдер мен мінездің жазылмаған ережелеріне сүйенеді. Ақпарат болып табылатын немесе ол жинақталып өңделетін ешқандай ережелер жоқ. Мұндай жүйелер мекеменің өміріне қажет.

Мекемені басқаруда ақпараттық технологияларды пайдалану кез – келген компанияны нарықтық конъюктураның өзгерістеріне қалыптасуы негізінде басқарылуды биіктетеді. Сәйкес автоматтандыру мыналарға мүмкіндік береді:



  • Деректердің бірлік банкі негізінде жетекшілер мен мамандарды максималды толық, оперативті және шынайы, дәл ақпаратпен қамту есебінен компанияны эффектілі басқаруды жоғарылату;

  • Оптимизациялау және стандарттауды пайдаланып құжатайналымды жақсарту;

  • Ақпаратты өңдеу процесін автоматтандыру, регламенттеу және компания қызметкерлерінің қажетті ақпаратты алуын жеңілдету есебінен істі жүргізу шығынын азайту. Қызметкерлерді өте көп жұмыстарды орындауынан босатып, басқа кәсіпкерлік маңызды жұмыстарға бағыттау;

  • Басқарудың барлық деңгейінде ақшалық қаражаттардың түсуінің және шығысының сенімді есебін және бақылауын қамтамасыз ету;

  • Төменгі және орташа звенолардың басшылары өз бөлімшелерінің қызметін сараптау және басшыларға, жеке бөлімшелер жетекшілеріне аналитикалық есеп (отчет) дайындау;

  • Бөлімшелер, филиалдар және орталық аппарат арасында ақпарат алмасудың эффектілігін жоғарылату;

  • Ақпаратты өңдеудің барлық сатыларында деректердің толық қауіпсіздігін және бүтіндігін кепілдеу және т.б.



Дәріс №15, 16
Тақырып: Экономикалық ақпараттық жүйелердегі ақпараттық технологияларға кіріспе
Дәріс сұрақтары:
  • Ақпараттық технология түсінігі.

  • Экономикалық ақпараттық жүйелердегі жаңа технологиялар.


Экономиканы басқаруда ақпараттық жүйелердің құрылуы және қызмет етуі ақпараттық технологияның дамуымен байланысты.

Ақпарат дәстүрлі материалдық ресурстар, мысалы, мұнай, газ, пайдалы қазбалар т.б. сияқты қоғамдағы маңызды, бағалы ресурстардың бірі болып табылады.

Ақпараттық технология – құбылыстардың немесе процестердің , объектілердің жағдайы туралы жаңа сапалы ақпарат алу үшін қажетті өңдеудің, жинаудың және таратудың әдіс – тәсілдерінің жиынтығын пайдаланатын процесс.

Ақпараттық технологияның мақсаты – адамның оны талдауы және оның негізінде қандай да бір қызметті орындау туралы шешімді қабылдау үшін ақпаратты өндіру.

Ақпараттық технология ақпараттық жүйелермен тығыз байланысты. Ол оның негізгі ортасы болып табылады.

Ақпараттық технология компьютерде берілген, сақталған әртүрлі дәрежедегі қиындықтағы операцияларды, қызметтерді, сатыларды орындаудың нақты рәсімделген ережелерінен тұратын процесс болып табылады.

Ақпараттық технология, басқалар сияқты келесідей талаптарға жауап беруі қажет:


  • ақпаратты өңдеудің барлық процесінің фазаларға, операцияларға, этаптарға мүшеленуінің жоғары деңгейін қамтамасыз ету;

  • қойылған мақсаттарға жетуге қажетті барлық элементтерді қосу;

  • тұрақтылық сипаттың болуы.

Нарықтық қатынастар жағдайында ақпаратқа және ақпараттық қызметтерге сұраныстың өсуі ақпаратты өңдеудің кең көлемді техникалық құралдарының, әсіресе, ЭЕМ – нің және байланыс құралдарының өсуіне әкелді.

Ақпараттық технологияны этаптардан, қызметтерден, операциялардан тұратын иерархиялық құрылымнан көруге болады.



1 - деңгей- этаптар- салыстырмалы түрде ұзақ технологиялық процестер іскеасыра алады.

2 - деңгей-операциялар- 1-деңгейдегі программалық ортада таңдалған нақты обьектінің құрылуы орындалады.

3 - деңгей- қызметтер- сәйкес операцияларға қойылатын мақсаттарды орындауға әкелетін әрбір бағдарламалық жұмыс тәсілдерінің стандартты жиынтығы.

Қазіргі заманда мекемені нақты басқару үшін мыналар қажет:



  • өндіріс және өндірісті қамтамасыз ететін процестерге мониторинг жүргізу;

  • құжаттар мұрағатына, жобалық және техникалық құжаттарға, өндірістік процестердің технологиялық картасына жылдам рұқсат алу;

  • жұмыс орнының жүктелуі, өндіріс бөлімдері бойынша материалдарының жылжуы, жұмыс уақытының үлестірілуі туралы ақпарат алу;

  • инвентаризациялауды үздіксіз жүргізу, материалдардың қорының, дайын өнімнің өзгерісін тіркеу, шығындарды детальды классификациялау.

Осы күрделі кешенді есептерді шешу үшін ААЖ адамдарға ақпаратты эффектілі өңдеу әдістерін әртүрлі қолданбалы программалар пакеті түрінде ұсынады.

Ақпараттық технология және қолданушы интерактивті сұхбат процесінде ақпараттық өнім құрады..

Ақпараттық өнімдер – қызметтер үш құрамды бөліктерге бөлінуі мүмкін: байланыс, ақпарат, көңілаулау.

Басты ақпараттық тенденция – барлық ақпараттық өнім түрлерін күрделендіру және интеграциялау.



Жаңа ақпараттық технология деп, ақпараттық жүйелер және есептеу техникасының негізінде ақпаратты жинау, сақтау, іздеу, жинақтау, өңдеу, тасымалдау әдістері мен тәсілдерінің жиынын түсінеміз. Жаңа ақпараттық технологиялар компьютерлерді және телекоммуникациялық техникаларды қолдануға негізделеді. Ол жалпы және проблемалық бағыттағы қолданбалы программалық пакеттерді кеңінен пайдаланады, сонымен қатар қолданушыға ЭЕМ желілерін пайдалану арқылы ұзатылған мәліметтер қорына және программаларға қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Жаңа ақпараттық технологияның
негізгі қасиеттерін көрсетуге болады:

  • қағазсыз технология, яғни компьютердің жадысында не дискте құрылатын немесе монитор экранында бейнеленетін ақпаратты негізгі жинақтаушы, электронды құжат;

  • кең мүмкіндікті интерактивті (диалогты) режим көмегімен қолданушы оперативті түрде кез – келген есепті шешуді басқара алады;

  • компьютермен тілдесу әдісі кез – келген дәрежедегі дайындықты қолданушыға меню жүйесін, анықтамалықты пайдаланып, ақпаратпен жұмыс жасауға мүмкіндік береді.;

  • Ақпаратты көрсету формаларының сәйкестігі ақпараттың барлық өңделу этаптарында өтпелі (сквозной) ақпараттық қолдауды орындауға мүмкіндік береді.;

  • Барлық қолданушыларға кез – келген техникалық, программалық және жүйенің ақпараттық ресурстарына оперативті қолдау көрсететін ақпараттық желілер және коммуникация құралдары негізінде есепті ұжымдық шешу әдістерін пайдалану.


Дәріс №17, 18
Тақырып: Ақпараттық технологиялардың даму тенденциясы
Дәріс сұрақтары:

  • Ақпараттық өнімдерді (қызметті) күрделендіру.

  • Сәйкестікті қамтамасыз ету.

  • Аралық звеноларды жою.

  • Глобализация.

  • Конвергенция.

Ақпараттық технологияның даму кезінде бір-бірін күшейтетін және бір-бірімен байланысқан бес ақпараттық тенденция пайда болады:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет