ПОӘК 042-18-16 03/01-2013 №1 басылым 18. 09. 2013 ж



Дата17.06.2018
өлшемі190 Kb.
#43113

ПОӘК 042-18-16.1.03/01-2013


№1 басылым 18.09.2013 ж.

беттің - шісі






Қазақстан республикасы Білім және ғылым министрлігі


Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

3 деңгейлі СМЖ құжаты

ПОӘК

ПОӘК 042-16.1.01/01-2014



«Жалпы және салыстырмалы психологияға кіріспе» пәні бойынша оқытушыға арналған пәннің жұмыс бағдарламасы

№1 басылым 11.09.2014




«ЖАЛПЫ ЖӘНЕ САЛЫСТЫРМАЛЫ ПСИХОЛОГИЯҒА КІРІСПЕ » ПӘНІ БОЙЫНША ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

(5В050300 - Психология мамандығына )




ОҚЫТУШЫҒА АРНАЛҒАН ПӘННІҢ ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ









Семей

2014

      1. Алғы сөз


1 ҚҰРАСТЫРЫЛДЫ

Құрастырған: Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің «Психология» кафедрасының доценті м.а. А.Ж. Едігенова


2 ҚАРАЛДЫ

    1. Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің «Психология» кафедрасының отырысында

Хаттама № 1 05.09. 2014
Кафедра меңгерушісі ____________ Ш.С. Сатиева
2.2 ЭҚГҒФ оқу-әдістемелік бюросының отырысында талқыланды

Хаттама № 1 09.09.2014


ОӘБ төрағасы_________ С.Х.Тойкин

3 БЕКІТІЛДІ

3.1 Университеттің оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында мақұлданды және баспаға ұсынылды

Хаттама №1 11.09.2014


ОӘК төрайымы_________ Г. Искакова
4 АЛҒАШ НГІЗІЛДІ №1 басылым 11.09.2014




Мазмұны


  1. Қолданыс аясы

  2. Нормативтік сілтемелер

  3. Жалпы ережелер

  4. Оқу пәнінің мазмұны (модулі)

  5. Студенттің өзіндік жұмысы тақырыптарының тізімі

  6. Пәннің оқу-әдістемелік картасы

  7. Оқу-әдістемелік әдебиетпен қамтамасыз ету картасы

  8. Әдебиеттер


1 ҚОЛДАНЫС АЯСЫ

«Жалпы және салыстырмалы психологияға кіріспе» пәнінен оқу - әдістемелік кешеннің құрамындағы оқытушыға арналған бағдарламасы 5В050300 - Психология мамандығы студенттеріне арналған.


2 НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР

Осы «Жалпы және салыстырмалы психологияға кіріспе» пәнінен оқу - әдістемелік кешен төмендегі құжаттардағы барлық талаптар мен ұсыныстар бойынша оқу процесінің ұйымдастыру ретін белгілеп құрастырылған:



  • 5В050300 - Психология мамандығы бойынша Мемлекеттік Жалпыға бірдей Оқу Стандарты ҚР МЖМБС 3.08.307-2006 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің бұйрығымен бекітілген және күшіне енгізілген;

  • 5В050300 - Психология мамандығы бойынша типтік оқу жоспары;

  • СТУ 042-ГУ-4-2014 университет стандарты «Пәннің оқу-әдістемелік кешендерін құрастыру мен безендіруге қойылатын жалпы талаптар»;

  • ДП 042-1.01-2014 Құжатталған процедура «Пәннің оқу-әдістемелік кешендерінің құрылымы мен мазмұны».


3 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

3.1 Пәннің қысқаша мазмұны.

«Жалпы және салыстырмалы психологияға кіріспе» курсы психика табиғатының қазіргі жағдайын, оның спецификасы, құрылымы және динамикасын, сонымен бірге категория және түсінік жүйесіндегі адамзаттық шындықтың пайда болуының барлық түрлерін көрсететін ғылым көмегімен көрсетуге бағытталған. Зерттеу пәні – адамның ішкі, субъективті әлемі; оның басқа адамдармен қатынас және өзара байланыс жүйесі.

Психология жоғары білім жүйесі үшін құрылым құрушы, фундаменталды ғылыми пән болып табылады. Кез келген білім тек шынайы адамды, оның нақты психикасын құрайды, сақтайды, қайта жаңғыртады және қабылдайды. «Жалпы және салыстырмалы психологияға кіріспе» курсы – бұл психологиялық ғылым және практикамен алғашқы танысу. Студентке ең бастысы қазіргі заманғы психологияның негізгі түсініктерін меңгерту, психологиялық феноменологияны зерттеудің ғылыми бағыттарымен таныстыру болып табылады.

Ұсынылып отырған курс отандық және әлемдік психологиялық ғылымның жетістіктеріне, замануи әдіснамалар ережелеріне негізделеді. «Жалпы және салыстырмалы психологияға кіріспе» курсы психологиялық ғылым негіздерін, оның маңызды элементтері мен құрамдарын зерттеуге арналған. Бұл курс психологиялық ғылымды пән ретінде ашады және замануи әдіснамалық алғышарттарға, сонымен бірге осы сала бойынша отандық және халықаралық жетістіктерге сүйенеді.


3.2. Пәннің мақсаты – студенттерге психологияның фундаменталды түсініктерімен, негізгі теориялық бағыттарымен, оларды шешу мәселелерімен және принциптерімен таныстыру.

3.3.Пәннің негізгі міндеттері:

- адамның индивидуалды-психологиялық ерекшеліктері мен психикалық бейнесінің мазмұнын ашу;



  • психологияға деген қызығушылығын ояту, сақтау және дамыту, балалармен бірге жұмыс жасау, олардың тұлғалық өсуі мен когнитивтік дамуы үшін қолайлы жағдай жасауға үйрету;

  • нормативті лексиканы меңгеру;

  • студенттерде психиканың жалпы заңдылықтары мен фактілері туралы түсінік қалыптастыру;

  • психикалық және психологиялық феномендердің әртүрлі бағыттарын салыстырмалы талдау қабілетін дамыту; оқу процесінде алған білімдерін практикалық психологиялық-педагогикалық іс-әрекетте қолдануына мүмкіндік беру;

  • психологиядағы ғылыми зерттеу әдістері туралы түсінік қалыптастыру;

  • студенттерде дамытушы тұлға, индивидуалдылық, іс-әрекет субъектісі ретінде адам туралы толық түсінік қалыптастыру;

  • кәсіби іс-әрекетке тұлғалық қатынасты қалыптастыру.


3.4. Пәнді оқу нәтижесінде студенттер:

Білуі керек:

  • қазіргі заманғы отандық және шетелдік психологияның әдіснамалық негіздерін;

  • ғылым ретінде психологияның сипатын;

  • негізгі психологиялық фактілері және оның интерпретациясын;

  • психологиялық зерттеу әдістерін;

  • ғылыми психологияның негізгі категориялары мен түсініктерін;

  • эволюция барысында психиканың пайда болуы және дамуы туралы;

  • психикалық өмірдің жоғары формасы ретінде сана ерекшеліктері туралы;

  • психика функциясының негізгі заңдылықтары туралы.

Түсінуі керек:

  • психологияның негізгі бағыттарын, теорияларын және психологиялық концепциялардың қазіргі заманғы даму тенденцияларын;

  • адамның индивидуалды өзгешеліктері, оның мінез-құлқының эмоциялы-еріктік реттеу, мотивациялық сферасы, өзіндік сана, танымдық процестер және тұлғалық өсу туралы түсініктерін;

Жасай алуы керек:

  • психологияның негізгі тараулары бойынша теориялық білім жүйесін меңгеру;

  • психология категориялары бойынша әртүрлі бағыттарды талдау және өзіндік дифинициясы бойынша тұжырымдау;

  • психологиялық фактіні талдауда өз позициясын ғылыми дәлелдеу;

  • әртүрлі психологиялық белгілерді диагностау және алынған мәліметтерді дұрыс өңдеу, интерпретациялау;

  • өзінің тұлғалық өсуін талдай алу;

  • өзінің мінез-құлқына рефлексивті баға беру;

  • психологиялық және психологиялық емес мәтінді ажырата алу, әдебиеттермен сыни жұмыс жасай алу.

Меңгеруі керек:

  • ғылыми психологиялық мәтіндер жазу;

  • ғылыми пікірталас жүргізу;

  • психологиялық түсініктер аппаратын қолдану;

  • әртүрлі психологиялық мектептердің ғылыми тілдерін қолдану;

  • зерттеуге әдіснамалық талдау жасау;

  • психологиялық экспериментті ұйымдастыру және жоспарлау;

  • психологиялық әдістерді қолдану (эксперимент, бақылау, әңгімелесу, іс-әрекет өнімін талдау, кейбір тесттер) және зерттеу мақсатында алынған мәліметтерді интерпретациялау.

Сонымен бірге студенттерде пәнді оқу барысында психика және психикалық күйлер туралы, сана түсінігі туралы, ұғынылмайтын психикалық процестер туралы, тұлғаны зерттеуге теориялық және эксперимент бағыт туралы, танымдық процестер және ағзаның реттеу функциясы туралы түсініктерді жинақтауы керек.

3.5.Курстың пререквизиті:

- Мамандыққа кіріспе;

- Зоопсихология;

- Танымдық психикалық процестер.



3.6.Курстың постреквизиті:

- «Әлеуметтік психология»;

- «Еңбек психологиясы»;

- «Эксперименттік психология»;

- «Отбасы психологиясы»,

- «Заң психологиясы» және т.б.



Жұмыс оқу жоспарынан үзінді

Кесте1


Курс

Семестр

Кредит

саны



ДС

(сағ.)


ТС

(сағ)


СӨЖО

(сағ)


СӨЖ

(сағ)


Барлығы

Бақылау

формасы


1

1

3

30

15

22,5

67,5

135

емтихан


4 ОҚЫТУШЫҒА АРНАЛҒАН ПӘННІҢ ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ

Кесте 2





Тақырып атауы мен мазмұны

Сағат саны


Дәріс сабақтары

1

Модуль 1. Психологияға кіріспе. Психологиялық ғылым мен практиканың пәні мен міндеттері

Психология пәні. Психологиялық білімдердің өзіне тән ерекшеліктері. Жалпы психологияның методологиялық функциясы. Психология табиғи және гуманитарлық пән ретінде. Тұрмыстық және ғылыми психологиялық білімдер. Психология психика және психикалық құбылыстар туралы ғылым ретінде.



2

2

Психологияның ғылым ретінде қалыптасуы

Психологияның тарихи дамуы. Психологияның философия аясында дамуы. Психология пәні қалыптасу кезеңдері: жан зерттеу пәні ретінде, сананы зерттеу, «сана психологиясы». XX ғ. соңы мен XXI ғ. басында психика туралы түсініктер. Қазіргі заманғы психологияның міндеттері мен функциялары.



3

3

Психологиялық ғылымның негізгі принциптері, түсініктері мен категориялары

Психология принциптерінің жіктелуі: бейнелеу, субъект (антропологиялық), даму, сана мен іс-әрекеттің бірлігі, психикалық құбылыстардың жүйелік детерминациясы. Психология категориялары және психологиялық ғылымның негізгі түсініктері.Теориялық және эмпирикалық түсініктер.



2

4

Психиологияның әдістері

Ғылыми зерттеу әдістері туралы жалпы түсінік. Психологиялық әдістердің негізгі топтары: объективті және субъективті (бақылау, әңгімелесу т.б.) Психологиялық тесттердің негізгі типтері. Тесттің қалыптасу тарихы. Психологиядағы эксперимент: табиғи және лабораториялық. Психологиялық зерттеулерде математикалық және техникалық құралдарды қолдану.



3

5

Психиологияның салалары және басқа ғылымдармен байланысы

Фундаментальды психологиялық ғылымдар: жалпы психология, әлеуметтік психология, даму психологиясы, дифференциалды психология, психология тарихы, зоопсихология және т.б.. Қолданбалы психология ғылымдары: педагогикалық психология, еңбек психологиясы, медициналық психология, спорт психологиясы, заң психологиясы және т.б.

Психологиялық ғылымдар құрылымында жалпы психологияның орны мен рөлі. Психологияның басқа ғылымдармен (гуманитарлық, жаратылыстық) байланысы.


2

6

Модуль 2. Психика және сана.

Психика туралы жалпы түсінік

Тірі және өлі дүниедегі бейнелеу формалары. Психикалық бейнелер объективті дүниенің субъективті образы ретінде. Психиканың бағдарлаушы және реттеуші функциясы. Сезгіштік психиканың қарапайым формасы ретінде.Туа біткен және индивидуалды-өзгергіш мінез-құлық. Инстинкт түсінігі, жануарлар интеллектісі және үйрену.

Мінез-құлықтың рефлекторлық теориясы. Р.Декарттың, И.М.Сеченовтың, И.П.Павловтың П.К.Анохиннің, Н.А.Бернштейннің еңбектеріндегі рефлекторлық теорияның дамуы.


2

6

Адам психикасының пайда болуы мен дамуы

Еңбек іс-әрекетінің пайда болу мәселесі. Еңбекке өтудің биологиялық алғы шарттары. Қоғамдық қатынас пен сөйлеудің пайда болуы. Тілдің функциясы. Өзара әрекет (әрекет алмасу) және қарым-қатынас (ақпарат алмасу) бірлескен іс-әрекет құрушы ретінде.



2

7

Ми және психика

Жүйке жүйесі туралы жалпы түсінік. Адамның орталық жүйке жүйесінің құрылысы. Қызметі және қасиетіне сипаттама. Ми қыртысының негізгі өрістері және қызметтері. Бас миы қабығының қызметі. Орталық жүйке жүйесіндегі жағдай, ролі және ретикулярлық формацияның қызметі. Адам миы және психи-ка: байланыс принципі және жалпы механизмі.




2

8

Сананың сипаты.

Сананың құрылымы: сезімдік ткань, мән және тұлғалық мағына. Олардың әлем бейнесін құрудағы рөлі.

Жоғары психикалық функцияның қалыптасуы. Жоғары психикалық функцияның әлеуметтік, жанамалы, ерікті сипаты және олардың жүйелі құрылымы. Іс-әрекет субъектісі мен сананың дамуы. Адам тұлғасы мен сананың дамуы.


2

9

Адам мен жануарлар психикасының айырмашылығы. Адамзаттық қоғамнан жануарлар қауымдастығының принциптік айырмашылығы. Адам және жануардың қарулық іс-әрекеті. Қоғамдық тәжірибені беру. Онтогенездің ерте кезіндегі адам психикасы дамуының салыстырмалы-психологиялық аспектілері. Жануарлар психикасының биологиялық эволюциясы мен дамуы.


2

10

Психологиядағы сана мәселесі. Саналы және саналанбайтын психикалық процестер

Сана психикалық бейненің жоғары деңгейі және өзін-өзі реттудің жоғары деңгейі ретінде. Адам санасының пайда болуы мәселесін шешудегі «биологиялық» және «идеалдық» бағыттардың қарама-қайшылығы. Л.С.Выготскийдің концепциясындағы жоғары психикалық функция туралы түсінік. Саналанбайтын психикалық процестер мәселесінің жалпы сипаты. Саналанбайтын процестер классификациясы. Д.Н.Узнадзенің концепциясы. З.Фрейдтің зерттеулері.




2

11

Модуль 3. Іс-әрекет психологиясы.

Іс-әрекет туралы түсінік. Іс-әрекеттің психологиялық құрылымы

Іс-әрекет туралы жалпы түсінік. Практикалық іс-әрекет адам іс-әрекетінің қалыпты және негізгі формасы ретінде. Сыртқы және ішкі іс-әрекет. Бағдарлы және орындаушы іс-әрекет, индивидуалды және бірлескен, шығармашылық және шығармашылық емес. Субъект және іс-әрекет пәні. Іс-әрекеттің мотиві мен мақсаты.



2

12

Іс-әрекеттегі психикалық бейнелеудің пайда болуы мен функциясы.

Субъекттілік пен заттылықтың өзара детерминация мәселесі. Әрекет сипаты саналы мақсатқа жетуге бағытталған процесс ретінде. Тәсілдер (операциялар) көмегімен әрекеттер орындалады; олардың жағдайға тәуелділігі мен мақсатқа жетуге құралдарының болуы. Іс-әрекетті құрудың өзара алмасуы. Әрекеттің орындалу тәсілдері (операция).



2

13

Әрекеттің қимылдық құрамы. Психометрика туралы түсінік.

Қимылдық тапсырма және әрекетті орындау бағдарламасы. Кері афферентация және «әрекеттің акцепторы» туралы түсініктер (П.К. Анохин). Афферентті жүйе мен кері сигналдаудың күрделі қимыл актісін реттеудегі рөлі. Қозғалысты құру деңгейлері. Қозғалыс координациясы туралы түсінік (Н.А. Бернштейн). Қозғалыстың дамуы.




2




Барлығы

30

Тәжірибелік сабақтар

1

Психология пәні мен міндетін талқылау

Психология пәні мақсаты мен міндеттері. Психологиялық білімнің спецификасы. Психология табиғи және гуманитарлық ғылым ретінде. Тұрмыстық және ғылыми психологиялық білімдер. Психология психика және психикалық құбылыстар туралы ғылым ретінде. Психологиялық құбылыстар: психикалық қасиеттер, психикалық процестер, психикалық күй.



1

2

Психологияның ғылым ретінде дамуының негізгі кезеңдері

Психологияның тарихи дамуы. Психология пәні қалыптасуының кезеңдері: жан зерттеу пәні ретінде, сананы зерттеуге көшу, «сана психологиясы». ХХ ғ. соңы мен ХХІ ғ. басында психикалық туралы түсініктер. Психофизикалық мәселелер. Қазіргі заманғы психологияның міндеттері мен функциялары.



2

3

Психологияның салалары мен басқа ғылымдармен байланысы

Жалпы психология, әлеуметтік психология, даму психологиясы, дифференциалды психология, психология тарихы, зоопсихология, педагогикалық психология, еңбек психологиясы, медициналық психология, спорт психологиясы, заң психологиясы және т.б.

Психологияның басқа ғылымдармен (гуманитарлық, жаратылыстық) байланысы.


1

3

Психологияның принциптері мен категорияларын талдау

Психология принциптерінің жіктелуі. Психология категориялары және психологиялық ғылымның және практиканың негізгі түсініктері. Принциптер, категориялар және түсініктердің жүйелі сипаты. Теориялық және эмпирикалық түсініктер. Психологиядағы түсініктерді операциялау мәселесі.




1

4

Психологияның зерттеу әдістері

Ғылыми зерттеу әдістері туралы жалпы түсініктер. Психологиялық әдістердің негізгі топтары: объективті (бақылау, әңгімелесу, анкета т.б.) және субъективті. Психологиялық тесттердің негізгі типтері. Тесттің қалыптасу тарихы. Психодиагностикалық тесттер. Психологиядағы эксперимент: табиғи және лабораториялық. Қалыптастырушы эксперимент.




1




Онтогенезде психиканың функционалды өзгеруі мен дамуы

Психиканың пайда болуы және дамуы. Сезгіштік психиканың қарапайым формасы ретінде.Туа біткен және индивидуалды-өзгергіш мінез-құлық. Инстинкт түсінігі, жануарлар интеллектісі және үйрену.

Мінез-құлықтың рефлекторлық теориясы. Р.Декарттың, И.М.Сеченовтың, И.П.Павловтың П.К.Анохиннің, Н.А.Бернштейннің еңбектеріндегі рефлекторлық теорияның дамуы.


2

6

Адам психикасының дамуы мен пайда болуы

Адам психикасының қоғамдық-тарихи табиғаты. Адамзаттың тарихи дамуға өтуі. Еңбекке өтудің биологиялық алғы шарттары. Қоғамдық өндіріс адам тіршілігінің тәсілі ретінде. Еңбек іс-әрекетінің ерекшеліктері: ұжымдық, құралдық, өнімділік (жаңа заттарды өндіру). Ми және психика. Мидың құрылымы. Жүйке жүйесінің сипаты, құрылымы, қызметі.



2

7

Адам психикасының дамуындағы іс-әрекеттің рөлі

Іс-әрекет туралы жалпы түсінік. Іс-әрекеттің құрылымы. Практикалық іс-әрекет адам іс-әрекетінің қалыпты және негізгі формасы ретінде. Сыртқы және ішкі іс-әрекет. Іс-әрекет және психикалық процестер. Әрекет адамзат іс-әрекетінің бірлігі ретінде. Іс-әрекеттің жалпы ерекшеліктерінен әрекеттің тәуелділігі. Ішкі, ақыл-ой әрекеті.



1

8

Психологиядағы сана мәселесі. Сана және ұғынылмайтын психикалық процестер

Сана психикалық бейненің жоғары деңгейі және өзін-өзі реттудің жоғары деңгейі ретінде. Белсенділік және интенционалдылық – сананың негізгі сипаттары. Адам санасының пайда болуы мәселесін шешудегі «биологиялық» және «идеалдық» бағыттардың қарама-қайшылығы. Л.С.Выготскийдің концепциясындағы жоғары психикалық функция туралы түсінік. Саналанбайтын психикалық процестер және олардың классификациясы. Д.Н.Узнадзенің концепциясы. З.Фрейдтің саналанбайтын процестерді зерттеуі. Бейсананың психологиялық теориялары.




2

8

А.Н.Леонтьев еңбегіндегі іс-әрекет теориясы

Іс-әрекеттің психологиялық сипаты. Іс-әрекеттің психологиялық ерекшеліктерін зерттеу. Іс-әрекет теориясының негізгі идеясы.




1

9

Психоанализдің эксперименттік әдістерін талдау. Психоанализ сеансының негіздері

Психоанализ түсінігінің мәні. Эксперименттік әдістері. Психоанализ сеансының сипаттамасы.




1




Барлығы

15


5 СТУДЕНТЕРДІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫ ТАҚЫРЫПТАРЫНЫҢ ТІЗІМІ

5.1.Қазіргі заман психологиясында зерттелуші құбылыстар жүйесі.

5.2.Психологиялық білімдердің педагогикалық теория мен практика үшін маңызы.

5.3.Психологиялық зерттеу әдістері .

5.4.Адамның психологиялық қалпы мен қасиеттері және физиологиялық факторлар .

5.5.Ми және психика.

5.6.Адам психикасы мен әрекет-қылығының дамуында биологиялық және әлеуметтік факторлардың ролі.

5.7.Мидың құрылым бірліктері қызметінің адамның психикалық процестері мен қалыбына байланыстылығы.



6 ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КАРТАСЫ

Кесте 3


Тақырыптар


Тақырыптар

Көрнекіліктер, техникалық құралдар, плакаттар,

Өздігінен оқуға арналған сұрақтар

Бақылау формасы

Дәрістер


Тәжірибелік сабақтар









1


2

3

4

5

Модуль 1. Психологияға кіріспе. Психологиялық ғылым мен практиканың пәні мен міндеттері


Психология пәні мен міндетін талқылау


Дәріс тезисі, таблица

Оқу-материалдарында берілген

Жазбаша, ауызша

Психологияның ғылым ретінде қалыптасуы


Психологияның ғылым ретінде дамуының негізгі кезеңдері


Дәріс тезисі, таблица

Оқу-материалдарында берілген

Жазбаша, ауызша

Психологиялық ғылымның негізгі принциптері, түсініктері мен категориялары


Психологияның принциптері мен категорияларын талдау


Дәріс тезисі, таблица

Оқу-материалдарында берілген

Жазбаша, ауызша

Психиологияның әдістері


Психологияның зерттеу әдістері


Дәріс тезисі, кесте

Оқу-материалдарында берілген

Жазбаша, ауызша

Психиологияның салалары және басқа ғылымдармен байланысы


Психологияның салалары мен басқа ғылымдармен байланысы


Дәріс тезисі, таблица

Оқу-материалдарында берілген

Жазбаша, ауызша

Модуль 2. Психика және сана.

Психика туралы жалпы түсінік




Онтогенезде психиканың функционалды өзгеруі мен дамуы


Дәріс тезисі, кесте

Оқу-материалдарында берілген

Жазбаша, ауызша

Адам психикасының пайда болуы мен дамуы


Адам психикасының дамуы мен пайда болуы


Дәріс тезисі, кесте

Оқу-материалдарында берілген

Жазбаша, ауызша

Ми және психика




Дәріс тезисі, кесте

Оқу-материалдарында берілген

Жазбаша, ауызша

Адам мен жануарлар психикасының айырмашылығы




Дәріс тезисі,

таблица


Оқу-материалдарында берілген

Жазбаша, ауызша

Сананың сипаты





Дәріс тезисі

Оқу-материалдарында берілген

Жазбаша, ауызша

Психологиядағы сана мәселесі. Саналы және саналанбайтын психикалық процестер


Психологиядағы сана мәселесі. Сана және ұғынылмайтын психикалық процестер

Дәріс тезисі, таблица

Оқу-материалдарында берілген

Жазбаша, ауызша

Модуль 3. Іс-әрекет психологиясы.

Іс-әрекет туралы түсінік. Іс-әрекеттің психологиялық құрылымы




Адам психикасының дамуындағы іс-әрекеттің рөлі

Дәріс тезисі

Оқу-материалдарында берілген

Жазбаша, ауызша

Іс-әрекеттегі психикалық бейнелеудің пайда болуы мен функциясы


А.Н.Леонтьев еңбегіндегі іс-әрекет теориясы

Дәріс тезисі, кесте

Оқу-материалдарында берілген

Жазбаша, ауызша

Әрекеттің қимылдық құрамы. Психометрика туралы түсінік


Психоанализдің эксперименттік әдістерін талдау. Психоанализ сеансының негіздері

Дәріс тезисі, кесте

Оқу-материалдарында берілген

Жазбаша, ауызша

7 ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ӘДЕБИЕТТЕРМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ КАРТАСЫ

Кесте 4


№ р/с

Оқулықтар, оқу-әдістемелік құралдар атауы

Саны

Студенттер саны

Қамтамасыз ету пайызы



1

Жарықбаев Қ. Психология:Оқулық..-Алматы.,2010.


10

21

48

2

Жарықбаев,Қ. Психология :энциклопедиялық сөздік /Қ.Жарықбаев, О.Саңғылбаев.-Алматы:Қазақ энциклопедия,2011.


20

21

95

3

Намазбаева, Ж.И. Психология (на каз.яз). - Алматы,2005.


5

21

25

4

Намазбаева, Ж.Ы. Орысша-қазақша психологиялық сөздік. - Алматы,2005.

10

21

48

5

С.Жакупов. Жалпы психология. – А. 2011

10

21

48

6

Сәбет Бап-Баба. Жалпы психология. - А., 2005

10

21

48

7

Сатиева Ш.С.Психология С, 2007

7

21

35

8

Немов Р.С. Учебник для студентов высших пед. учебных заведений.

Т1.(Общие основы психологий) – М.,2003



10

21

48

8 ӘДЕБИЕТТЕР

8.1 Негізгі әбдебиеттер

8.1.1 Жарықбаев Қ. Психология:Оқулық..-Алматы.,2010.

8.1.2 Жарықбаев, Қ. Жантану негiздерi. - Алматы, 2002.

8.1.3 Жакупов С. Жалпы психология. – А. 2011.

8.1.4 Жарықбаев,Қ. Психология :энциклопедиялық сөздік /Қ.Жарықбаев, О.Саңғылбаев.-Алматы:Қазақ энциклопедия,2011.

8.1.5 Намазбаева, Ж.Ы. Орысша-қазақша психологиялық сөздік. - Алматы,2005.

8.1.6 Намазбаева, Ж.И. Психология (на каз.яз). - Алматы,2005.

8.1.7 Бап-Баба С. Жантану негіздері: Жоғары оқу орындары студенттеріне арналған дәрісбаяндар жинағы .-Алматы.,2011.-302б.

8.1.8 Бап-Баба, С. Мың да бір тест жалпы психология бойынша. - Алматы,2003.

8.1.9 Тажiбаев Т. Жалпы психология. - А., 1993.

8.1.10 Сатиева Ш.С.Психология С. 2007.

8.1.11 Немов Р.С. Учебник для студентов высших пед. учебных заведений.

Т1.(Общие основы психологий) – М.,2003.

8.1.12 Рубинштейн С.П. Основы общей психологии. - СПб., 2005.

8.1.13 Петровский А.В., Ярошевский М. Психология.-М.,2002.

8.1.14 Гиппенрейтер Ю.Б, Введение в общую психологию.-М., 2000.


8.2 Қосымша әдебиеттер

8.2.1. Алдамұратов Ә.Қ. Қызықты психология.-А.,1992.

8.2.2 Аймауытұлы Ж. Психология.-А.:Рауан, 1995.

8.2.3 Гамезо М.В., Домашенко И.Л. Атлас по психологии. – М.,1998.

8.2.3. Общая психология (Курс лекции)./Сост. Е.И.Рогов. – М., 1995.

8.2.4.Рубинштейн С.Л. Основы общей психологий. – СПБ., 1999.



8.2.5. Столяренко Л.Д. Основы психологии. - Ростов - на - Дону, 1996.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет