ПОӘК 042-18-16 41/03-2014 №1 басылым 2014 ж



бет9/11
Дата20.06.2018
өлшемі282,26 Kb.
#43629
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Педагогикалық ұжымдағы психологиялық климат (хал - ахуал). Педагогикалық ұжымның іс-әрекетінің тиімділігі ондағы моральдық-психологиялық климатқа байланысты. Осы моральдық-психологиялық климатқа мұғалімнің мектептегі көңіл-күйі, оның педагогикалық әрекетте бар ынтасымен жұмыс істеуі байланысты. Өзінің әлеуметтік-психологиялық мазмұны бойынша ол психологиялық жағдайлардың бірлігінде байқалатын, біріккен нәтижелі іс-әрекет пен топта жеке тұлғаның жан-жақты дамуына мүмкіндік туғызатын тұлға аралық қарым-қатынастың сапалы жағын береді.

Педагогикалық ұжымдағы әлеуметтік-психологиялық сипат топтың даму деңгейіне байланысты және әрбір мұғалімнің шығармашылығының өлшемін анықтайды. Педагогикалык ұжымның психологиялық климатына оның бірнеше жағының тиімді сабақтастығы тән, атап айтқанда:



  • мектеп әкімшілігінің басқару стилі;

  • еңбек ету жағдайы;

  • мұғалімдер - ұжым мүшелерінін әлеуметтік-психологиялыж сәйкестігі;

  • әлеуметтік - психологиялық мақсатты мұғалімнің жүзеге асыруы;

  • әкімшілік тарапынан жүзеге асырылатын әлеуметтік - психологиялық мақсат.

Жайлы психологиялық атмосфера - педагогикалық ұжымда төмендегі сапалардын болуын болжайды:

  • еңбек куанышы;

  • оптимизм;

  • сергектік;

  • қорғаныш сезімі;

  • қарым-қатынастағы қуаныш;

  • сенім;

  • сүйеніш сезімі.

Жалпы мақсат қана емес, достық, бір-бірін құрметтеу, ұнату негізінде қалыптасқан педагогикалық ұжым балаларға білім береде, тәрбиелейде алады.

Педагогикалық ұжымдағы іс-әрекет жетістігінің критерийлері:



  • окушылардың білімділігі;

  • окушылардың тәрбиелілігі;

  • педагогтардың кәсіби біліктілігі;

  • педагогикалық ұжымның туындаған міндеттерді жедел шешу қабілеттілігі;

  • педагогтардың жеке тұлғалық сапаларының жетілуі.


Негізгі ұғымдар: педагогикалық іс-әрекет, педагогикалық іс-әрекет дәрежесі, мұғалім функциялары.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

  1. Педагогикалық іс-әрекет дегеніміз не?

  2. Педагогикалық іскерлік дегеніміз не?

  3. Педагогикалық іс-әрекет стилдері қандай?

  4. Ұстаз мамандығына қойылатын педагогикалық-психологиялық талаптар қандай?

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Маркова А.К. психология труда учителя. – М.,1993.

  2. Митина Л.М. Учитель как личность и профессионал. – М.,1994.

  3. Петровский А.В. Новое педагогическое мышление. – М.,1989.

  4. Сламбекова Т.С. Педагогикалық психология. Оқу құралы. Семей, 2008


13-тақырып: Білім беру процесіндегі қарым-қатынас

Жоспар:


  1. Қарым-қатынас – өзара әрекеттесу формасы ретінде

  2. Педагогикалық қарым-қатынастың ерекшеліктері

  3. Қарым-қатынас стилдері

1. Қарым – қатынас немесе коммуникация процесі кең, ауқымды ұғым, ол – саналы және санасыз байланыс, ол – мәліметті тасымалдау және қабылдау,ол – барлық жерде және үнемі байқалатын процесс.

«Қарым – қатынас – біріккен іс – әрекетке деген қажеттіліктен туындайтын адамдар арасындағы байланысты құрайтын және дамытатын күрделі, көп жоспарлы процесс» (Қысқаша психологиялық сөздік)

«Қарым – қатынас- адамдар арасындағы байланысты құру мен дамытуда, жеке тұлғалық қарым-қатынасты қалыптастыруда көрінетін және біріккен іс-әрекетке деген қажеттілікті туындататын жеке тұлға белсенділігінің универсалды формасының бірі (таным,еңбек,ойынмен бірге)» (А.И.Конюхов)

«Қарым-қатынас – бір адамның екінші адамға әсер ету нәтижесі болып табылатын,адамдар арасындағы байланыс» (М.В.гамезо, И.А Домашенко).

Қарым – қатынас функциялары

  • Ынтымақтастық. Қарым –қатынаста орынды (рационалды) эмоционалды және еріктік өзара әсер етулер және индивидтердің өзара әрекеттері жүзеге асырылады және көңіл – күйдің, ойдың, көзқарастың жалпылығы қалыптасады,өзара түсінушілік туындайды,манера,әдет, мінез-құлық стилі меңгеріледі, топтық және ұжымдық іс-әрекетті сипаттайтын бірлік пен ынтымақтастық құрылады.

  • Қалыптастырушы. Қарым – қатынас жеке тұлғаның жағымды жағының ашылуы, санасының және өзіндік санасының қалыптасуы,оның дамуының стимуляторы, басқа адамдармен қарым-қатынасқа түсе отырып,өзіне басқалардың қатынасын саралай келе, адам өз бойында өзін-өзі жетілдіруге деген қажеттілікті байқайды және осы қажеттілікті өзін-өзі тәрбинлеу процесінде жүзеге асырады.

  • Дамытушы. Қарым – қатынаста байқалатын «жұқтырудың» әлеуметтік-психологиялық механизмі мен еліктеу, адам идеалындағы сапа, қасиеттерімен қоса бейнені қалыптастыруға ықпал етеді – бұл өзін –өзі дамытуға деген үлкен стимул!

  • Танымдық. Қарым – қатынас қоршаған ортаны тану мен түрлендіру,прцесі жүзеге асырылатын бірлескен шығармашылықтың формасы.

  • Мәліметтік. Қарым – қатынас мәлімет (дерек) көзі және ақпарат арнасы: қарым – қатынас процесінде (коммуникация) адам фактілерді, түсініктерді, идеяларды ғана емес, онда құнды қатынастар, қызығушылықтар , көңіл – күй, сезім де меңгеріліп, тасымалданады.

  • Ұйымдастырушылық. Қарым – қатынас – адамды тәрбиелеу үшін жағдай тудырады: тәрбие өнері ең алдымен – қарым – қатынас өнері деп педагогтар әділ пікір айтады, қарым – қатынаста жеке тұлғаның өзінің әлеуметтік рөлін, ұйымдастырушылық және серіктік сапаларын жүзеге асыруға деген ұмтылысы орындалады.

Қарым – қатынас әлемі (М.С.Каган бойынша).

  • Нақты серікпен (партнер) қарым – қатынас

  • Тұлға аралық қарым – қатынас

  • Өкілдік қарым – қатынас;

  • Мәдени қарым – қатынас;

  • Топтағы қарым – қатынас:

  • Сағымдағы (иллюзиядағы) серікпен қарым – қатынас

  • Жануарлармен қарым – қатынас;

  • Затпен қарым – қатынас;

  • Ойдағы серікпен қарым – қатынас

  • Өзінің екінші «Мен» - імен қарым – қатынас;

  • Мифологиялық немесе көркем бейнемен қарым – қатынас:

  • Ақиқатта (болмыста) жоқ адам бейнесімен қарым – қатынас.

  • Қиялдағы серіктердің қарым – қатынасы (көркем персонаждар – квазисубъектілермен).

Қарым – қатынас түрлері

  • Қарым – қатынасқа түсушілер құрамы бойынша

  • Тұлғааралық – іскерлік және жеке тұлғалық қарым – қатынас

Адам – Адам жүйесінде;

Өзара қатынас сипатына қарай:



  • Қызметтік;

  • Қызметтік – жолдастық;

  • Достық;

  • Жеке тұлғалық – топтық – іскерлік, Адам – Топ жүйесіндегі қарым – қатынас;

Өзара өатынас сипатына қарай:

  • Қызметтік және қызметтік – жолдастық;

  • Жетекшінің ұжыммен,топпен қарым – қатынасы;

  • Топаралық – Топ – Топ жүйесіндегі іскерлік қарым – қатынас, екі немесе бірнеше қауымдастықтың контактісі.

  • Жақындасу деңгейі бойынша:

  • Тікелей «бетпе – бет» қарым – қатынасқа түсу, әрбір қатысушының қарым – қатынастың барлық құралдарын қолдана отырып басқа адамдармен байланысқа түсуі және сол арада кері байланысқа түсу мүмкіндігі де.

  • Жанама – үшінші адам, немесе пошталық байланыс, техникалық құрал, зат, естелік т.б арқылы қарым – қатынастын жүзеге асуы.

  • Ұзақтығына байланысты:

  • Қысқа уақыттық;

  • Ұзақ уақыттық;

  • Аяқталуына байланысты:

  • Аяқталған;

  • Аяқталмаған.

Қарым – қатынас құрылымы:

  • Коммуникативті – қарым – қатынас субъектілерінің арасында мәлімет алмасу;

  • Интерактивті – жалпы өзара әрекет стратегиясын құру,факті, қатынастардың ғана емес әрекеттердің де алмасуы.

  • Перцептивті – серіктестік қарым – қатынаста бір-бірін қабыдауы, зерттеуі, түсінуі,бағалауы.

Қарым – қатынас коммуникация ретінде

  • Вербальды (сөз)

  • Сыртқы;

  • Ауызша;

  • Монологты;

  • Диалогты;

  • Іштей

  • Вербальды емес

  • Кинетикалық (вербальды емес құралдардың көмегімен қарым – қатынасқа түсу,жест,мимика,пантомимика);

  • Параэкстралингвистикалық (қосымша мәліметті дауыс ырғағын өзгерту арқылы беру, диапазон, тондық өзгеріс);

  • Визуальдық (көз арқылы мәліметтік байланыс);

  • Проксемикалық (қарым – қатынасқа түсушілерді орналастыру, қарым – қатынастың уақыты);

2. Педагогикалық қарым – қатынас – оқудағы өзара іс- әрекет формасы, оқушы мен оқытушылардың ынтымақтастығы. Педагогикалық қарым – қатынаста вербпльдық,көркемдік, символикалық, кинетикалық құралдарды пайдалана отырылып коммуникативті,перцептивті және интерактивті функциялар жүзеге асырады.

  • Педагогикалық қарым – қатынас кең контексте «... оқушылардың мотивациясының дамуы мен оқу іс-әрекет шығармашылық сипаты үшін, мектеп оқушысы тұлғасының дұрыс қалыптасуы үшін ең жақсы жағдай жасайтын,оқытудың эмоциональдық қолайлы климатын қамтамасыз ететін,мұғалімнің (кеңірек алсақ – педагогикалық ұжымның) оқыту процесіндегі оқушылармен қарым-қатынасы» (А.А.Леонтьев).

  • Педагогикалық қарым – қатынас – оқыту мен тәрбиелеу мақсаты мен міндеттерінің жүзеге асырылуын қамтамасыз ететін педагог пен оқушылардың өзара әрекетіндегі құралдар мен әдістер жиынтығы (Л.Д.Столяренко).

Педагогикалық қарым – қатынас функциялары бойынша бөлінеді:

  • Контактілі;

  • Дистантты;

  • Ақпаратты;

  • Түрткі болу;

  • Координациялық;

  • Үйлестіруші өзара әрекеттесу.

  • Педагогикалық қарым-қатынас ерекшелігі

  • Педагогикалық қарым – қатынас бағыттылығы

  • Педагогикалық қарым – қатынас білім алушылардың өзара әрекеттесуінің өзінде олардың тұлғалық дамуы мақсатына бағытталған;

  • Педагогикалық жүйенің өзіне негіз болып табылатын, оқу білімдерін игеруді ұйымдастыруға және осы негізде шығармашылық іскерліктерді қалыптастыруға, демек игеру пәніне (меңгеру) бағытталған;

  • Білім алушыларға (олардың актуальды жағдайларына, дамудың болашақтағы бағыттары) бағытталған.

  • Педагогикалық қарым – қатынас субъектілердің 3 жақты бағыттылығы

  • Жеке тұлғалық;

  • Әлеуметтік;

  • Пәндік;

  • Оқыту (білім беру) функциясын жүзеге асыру

А.А.Брудный бойынша, оқыту функциясы тасымалдаушы функциямен теңестірілуі мүмкін. Педагогикалық қарым – қатынаста оқыту функциясы жетекші болғанымен,ол басты функция емес, бұл мұғалім мен оқушылардың, оқушылардың бір-бірімен жан –жақты әрекеттесуінің табиғи бөлігі.

  • Педагогикалық қарым – қатынастың «Адам-Адам» типіне суреттелген адамдардың өзара әрекеттесу өзгешілігінің бейнеленуі;

  • Қарым –қатынасты жеңілдету және фасилитация функциялары (К.Роджерс). Мұғалім қарым – қатынас фасилитаторы, демек мұғалімнің оқушыға өзін және өз бойындағы жағымды (жақсы) қасиеттерін қөрсетуге көмектесуі.

  • Қарым – қатынас стилі адамдардың бір-бірімен өзара әрекеттесу тәсілдері мен құралдарының тұрақты формасы.

  • Оқытушының қарым – қатынас стилі

  • Оқушылардың ойлау процесіне зейін аударып, қалт еткен ойдың туындауы дереу қолдауды қажет етеді, кейде ойды байқадым деген белгінің өзі де жеткілікті;

  • Эмпатияның болуы – өзін оқушының орнына қоя білу ептілігі – оның іс-әрекеті мақсаттарын, түрткілерін және оның өзін түсіну,бұл белгілі бір дәрежеде оқушы іс-әрекетін болжауға,алдын ала басқаруға мүмкіндік береді;

  • Жақсылық тілеуші,оқушы жетістігіне әріптестің қызығушылығы позициясы;

  • Рефлексия – педагогикалық өз іс – әрекетін қатаң түрде үздіксіз талдау және оқу процесіне неғұрлым мол және жылдам түзетулер енгізу.

Қарым – қатынас:

  • Педагогикалық қарым –қатынас оқудағы өзара әрекет формасы,педагог пен оқушының ынтымақтастығы;

  • Педагогикалық қарым – қатынас бір мезгілде оның үш жақты: коммуникативтік,интерактивтік және перцептивтік болуы;

  • Педагогикалық қарым – қатынас вербальдымен қатар басқа да тәсілдердің,яғни көркемдік,кинетикалық,символикалық тәсілдердің кең түрде көрінуі.


Негізгі ұғымдар: педагогикалық қарым-қатынас, коммуникация, интерактивті және перцептивті қарым-қатынас.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

  1. Педагогикалық қарым-қатынас құралдары атаңыз.

  2. Педагогикалық қарым-қатынас ерекшеліктері.

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Кан-Калик В.А. Учителю о педагогическом общении. – М.,1987.

  2. Петровский А.В. Новое педагогическое мышление. – М.,1989.

  3. Сламбекова Т.С. Педагогикалық психология. Оқу құралы. Семей, 2008

  4. Столяренко Л.Д.Педагогическая психология для студентов вузов. Ростов-на-Дону, 2004

  5. Айсмантас Б.Б. Педагогическая психология. Схемы и тесты. Москва, ВЛАДОС, 2002


14-тақырып: Сабақты психологиялық талдау педагогтың проективті-рефллексивті іскерліктерінің бірліктері ретінде

Жоспар:


  1. Сабаққа қойылатын талаптар жүйесі

  2. Сабақты талдау түрлері


1.Педагогикалық іс-әрекет түрлі формаларда жүзеге асырылады, солардың ішінде ерекше орынды оқытудың негізгі формасы – сабақ алады.Сабақта мұғалім мен оқушылардың біріккен іс-әрекеті жүзеге асырылады.

Сабаққа қойылатын талаптар жүйесі:

дидактикалық,тәрбиелеуші,дамытушы,психологиялық,гигиеналық және сабақ техникасы.

Жалпы талаптардың ішінен,бүгінгі сабаққа сәйкестендірілген, жоғарғы сапаға жауап беретін мына талаптарды бөліп алуға болады:



  • Ғылымның жаңа жетістіктерін,озық педагогикалық тәжірибені қолдану,оқу-тәрбие процесінің заңдылықтарын негізге ала отырып сабақ өткізу.

  • Сабақ барысында барлық дидактикалық принциптер мен ережелерді іске асыру.

  • Бүрынғы біліммен байланыстыруда, жаңа білімді меңгеру де оқушылардың икем-қабілетін және қызығушылығын дамытуда, білім сапасын арттыру барысындағы тіректік ұғымдарға сілтеме жасау.

  • Оқушылардың санасын қалыптастыруға әсер етерлік пән аралық байланысты бекіту.

  • Жеке бастың барлық сферасын дамытудағы мотивация мен белсенділігін арттыру.

  • Педагогикалық құралдарды ұтымды қолдану

  • Алған білім мен өндірістік қызметті өмірмен байланыстыра іскерлікті жүзеге асыру

  • Білімін,іскерлігін,қабілетін тәжірибеде қалыптастыру,оны ойлау амалы мен іс-әрекетте тиімді қолдану

  • Оқи алу іскерлігін, білім қорын молайту қажеттілігін сезінуді қалыптастыру

  • Әрбір сабақты диагностикалау,жоспарлау,жобалау және болжай алу.

  • Оқу-тәрбие әрекетінің логикалылығы және эмоционалдығы.

Әрбір сабақ тұтас педагогикалық процестің оқыту,дамыту,тәрбиелеу функцияларын жүзеге асыруға бағытталған.Осыған байланысты сабаққа қойылатын жалпы талаптар дидактикалық,тәрбиелік,дамытушылық сонымен қатар психологиялық,гигиеналық және сабақты ұйымдастыру техникасына қойылатын талаптар болып бөлінеді.

1.Сабаққа қойылатын дидактикалық талаптар:

  • Әр сабақтың оқыту міндеттерін, олардың дамыту,тәрбиелік міндеттерімеен байланысын анықтау;

  • Сабақты тиімді мәліметтермен толықтыру;

  • Танымдық белсенділіктің жаңа технологиясын енгізу;

  • Сабақтың мазмұның оқу бағдарламасындағы талап пен сабақ мақсатына және оқушылардың даярлық деңгейіне байланысты анықтау;

  • Оқытудың түрлі формалары мен әдіс – тәсілдерін тиімді үйлестіру, дұрыс таңдап алу,оқушылардың ғылыми білімді меңгеру деңгейі мен оның жеке кезеңдеріндегі іскерлік пен дағдының қалыптасуын болжау;

  • Сабақтың құрылымына шығармашылықпен қарау;

  • Оқушылардың өзіндік жұмысы мен топтық жұмыстарының үйлесімділігін қамтамасыз ету;

  • Кері және өзара қарым – қатынастарды қамтамасыз ету;

  • Оқу процесін басқару мен бақылау және бағалауды тиімді жүзеге асыру,сабақта дидактикалық принциптерді іске асыру;

  • Оқушыларға нәтижелі оқыту жағдайын жасау;

  • Сабақ өткізудегі іскерлік пен ғылыми дағдыға есеп беру;

II. Сабаққа қойылатын тәжірибелік талаптар:

  • Оқу материалдарының тәрбиелік мүмкіндіктерін анықтау;

  • Оқытудың мақсаты мен мазмүнына қатысты тәрбиелілік мақсаттарды қоя білу;

  • Оқушыларды жалпы адамгершілік құндылықтардың негізінде төзімділікке,жауапкершілікке,әділдікке,еңбек сүйгіштікке,тазалыққа, көпшілдікке тәрбиелеу;

  • Оқушыларға жауапкершілік пен зеректілікпен қарау педагогикалық қарым-қатынас мәдениетін сақтау,оқушылармен ынтымақтастықта болу және олардың жетістігіне көңіл бөлу;

III.Барлық сабақта іске асырылуы тиісті дамытушы талаптар.

  • Оқушылардың оқу-танымдық белсенділігін,шығармашылық іскерлігін қалыптастыруға бағытталған мотивтерін дамыту;

  • Оқушылардың психологиялық ерекшеліктеріне сәйкес даму аймағын құру;

  • Оқушылардың саяси – әлеуметтік, интеллектуалдық эмоционалдық дамуындағы серпілістерді болжау және дер кезінде өзгерістерге ыңғайлана білу;

  • Оқушылардың дамуындағы жаңаша өзгерістерге лайықты сабақ өткізу.

IV.Сабаққа қойылатын психологиялық талаптар:

Сабақтың психологиялық құрылымы:



  • Нақты оқу пәні мен нақты сабақты игеруде оқушылардың даму жолдарын жобалау;

  • Тақырып пен нәжижелерін игеруде психологиялық міндеттерді анықтау;

  • Психологиялық – педагогикалық әсер етудің жеке құралдарын алдын – ала анықтау.

Сабақтағы педагогтың іс-әрекет стилі

1. Дамыта оқыту принципі бойынша сабақтың мазмұны мен құрылымын анықтау:



  • Дамыта оқыту принципі бойынша сабатың мазмұны мен құрылымын анықтау;

  • Оқушының есте сақтауына,ойлауына түсірілетін қысым;

  • Дайын түрдегі білімді мұғалім сөз арқылы,кітап,қосымша құрал және жеке ізденіс процесінде меңгеру;

  • Оқытушы мен оқушы тарапынан проблемалық – эвристиквлық оқытуды жүзеге асыру;

  • Оқытушының оқушылар әрекетін бақылауы, бағалауы, саралауы, оларға сыни баға беруі.

2.Мұғалімнің өзін – өзі ұйымдастыру ерекшеліктері:

  • Сабаққа даярлық, ең бастысы – психологиялық мақсатты сезіну мен оған жетуге іштей даярлық;

  • Сабақтың басы мен барысындағы әрекеттілік;

  • Педагогикалық такт;

  • Сабақтағы психологиялық климат (хал-ахуал).

3.Оқушылардың танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру:

Оқушыларда нәтижелі ойлау мен қиялын қамтамасыз ететін жағдайды анықтау:

  • Меңгерілуге тиісті объект пен жағдайларды қабылдауға жолдарын жоспарлау,оларды тиянақтау;

  • Сендіру, иландару формаларын қолдану;

  • Оқушылардың тұрақты зейіні мен зейінің шашыратпау жағдайын жоспарлау;

  • Есте сақтауды белсендіруде жаңа материалды қабылдауға қажетті әр түрлі жұмыс формаларын қолдану.

  • Жаңа білім мен іскерлікті игеруде оқушылардың ойлау, қиял әрекетін ұйымдастыру:

  • Оқушылардың білім мен іскерліктерінің қалыптасу деңгейін анықтау;

  • Ұғым, түсіну деңгейлеріне сәйкес ойлауды дамытуда психологиялық заңдылықтарға сүйену;

  • Оқушылардың өзбеттілігі мен белсенділігін қамтамасыздандыратын тәсіл, формаларды жоспарлау;

  • Түсіну деңгейін жоғарлатуға және ойлау, ой қортытындысын қалыптастыруға басшылық;

  • Шығармашылық жұмыстың әр түрін қолдану.

  • Жұмыстың нәтижесін бекіту

  • Жаттығуды орындау барысында дағды қалыптастыру;

  • Бұрынғы меңгерілген іскерлік пен дағдыны жұмыстың жаңа жағдайына бағыттау, механикалық тасымалдаудан сақтандыру.

  • Оқушыларды ұйымдастыру:

  • Оқушылардың сабаққа қатынасы, өздерін – өздері ұйымдастыру және ақыл – ой дамуының деңгейі;

  • Оқу деңгейлері бойынша топ мүмкіндіктері , топ жағдайларын индивидуалдық, топтық, көпшіліктік форманы таңдауда ескеру;

  • Оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеру;

  • Сабақты оқушылардың дербес және жас ерекшеліктерін ескере отырып жоспарлау;

  • Білімі жоғары және төмен деңгейдегі оқушыларды ескере отырып сабақ өткізу;

  • Күшті және әлсіз оқушыларға дифференциалды қатынас орнату.

V. Сабаққа қойылатын гигиеналық талаптар:

  • Температуралық режим;

  • Ауаның физика – химиялық қасиеті;

  • Жарық мөлшері;

  • Шаршау, қажудың алдын алу;

  • Әрекет түрлерін ауыстыру;

  • Дене шынықтыру уақытын сапалы өткізу;

  • Оқушылардың жұмыс қалпын сақтау ережелері;

  • Сынып жиһаздарының оқушылардың бойына сәйкестігі.

VI. Сабақ өткізу техникасына қойылатын талаптар:

  • Сабақтың эмоционалды түрде, оқушылардың білім алуға, тәрбиеленуге қызығушылығын туғызу. Және білімнің қажеттілігін сезіндіре отырылып сабақтың ұйымдастырылуы;

  • Сабақтың темпі мен ритмінің тиімділігі;

  • Оқытушы мен оқушылар арасындағы толық қатынастың болуының қажеттігі , педагагикалық такт пен педагогикалық оптимизмнің сақталуы;

  • Ізгілік пен шығармашылық еңбек белсенділігі атмосферасының қалыптасуы;

  • Мүмкіндігінше оқушылардың әрекет түрлерін өзгерту, оқудың әртүрлі әдістері мен тәсілдерін орынды қолдану;

  • Оқушылардың бәріне тән мектептің тәртібін, ережесін сақтауды қамтамасыз ету;

  • Оқытушыныңәрбір оқушының бойында белседілікті туындатуы.

2. сабақты талдауға жеткілікті деңгейде психологиялық, педагогикалық және әдістемелік жұмыстар арналған (Т.Ю.Андрюшенко, Н.Ф:Добрынин,С.В.Иванов,Е.С.Ильинская,И.В.Карпов,Ю.Л.Львова, Л.Т.Охитина,Е.И.пассов және т.б). зерттеушілер сабақ талдауының көп объектілігін, мұғалім тарапынан педагогикалық әрекеттесудің барлық жақтарын,оның субъектілері мен олардың іс-әрекеттерінің ерекшеліктерін есепке алудың маңыздылығын атап көрсетеді.

Сабақты психологиялық аспетіде талдаудың көп қырлығы (Н.Ф.Добрынин бойынша):



  • Бұл мұғалімнің психологиялық ерекшеліктері;

  • Оқыту процесінің заңдылықтары;

  • Оқушы тұлғасының ерекшелігі;

  • Жалпы сыныптың психологиялық ерекшеліктері мен заңдылықтары,

  • Мұғалім мен оқушылардың қарым – қатынас заңдылықтары,психологиялық ерекшеліктері.

Сабақтың сапалы да нәтижелі өтуі,көбінесе, мүғалімнің өзінің және басқалардың жетістіктері мен кемшіліктерін дұрыс талдай алуына байланысты. Өз жұмысын талдауды мұғалімнің сабақ өткізе салысымен және келесі сабақтың алдында, яғни сабақтың конспектісінің негізі дайын болған кезде жүргізуі тиімді.Өйткені сол кезде мұғалім өткен нәтижелеріне сүйене отырып, келесі сабаққа дайындығы кезінде жіберген олқылықтарының барлығының ескерілуін ойластырады.Өзін – өзі бағалау да өткен сабақты талдауға негізделеді,яғни мұғалім жасаған жоспарын тағы қайтара талдап,сәтсіздіктерінің себебін табуға тырысып, дидактикалық тұрғыдан ұтымды тұстарын қайталауға тырысады. Педагогикалық іс-әрекет ретінде өзінің мінез-құлқын, күшті және әлсіз жақтарын ұғыну – мұғалімнің пәндік – тұлғалық рефлексия мен проективті қабілеттерінің көрінісі және нәтижесі болып табылады.

Қазіргі сабақты саралаудың негізгі түрлері:

  • Қысқа;

  • Құрылымдық;

  • Аспектілік;

  • Толықтай;

  • Кешенді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет