ПОӘК 042-18-16 41/03-2014 №1 басылым 2014 ж


Оқыту және тәрбиелеу құралдары



бет7/11
Дата20.06.2018
өлшемі282,26 Kb.
#43629
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Оқыту және тәрбиелеу құралдары

  • Сөз:

-«жанды» сөз;

-аудиожазба;

-басылымдағы сөз


  • Бейне:

-иллюстрациялар;

-макеттер;

-видиоөнім;

Табиғи обьектілер;



  • Құрал-жабдықтар:

-Құрылыс орны, жиһаз, құрал –жабдықтар;

-ЭВМ (ЭЕМ) аудио-видиотехника:

-лабараториялық-техникалық құрал –жабдықтар:

-материалдар,инструменттер:



  • Оқушының тәрбиелілігіне жалпы баға берудің жеке көрсеткіштері:

  • Отбасындағы мінез-құлық

  • Отбасындағы іс-шаруаға, ондағы проблемаларға көңіл бөлуі

  • Отбасындағы қиыншылықтар мен қуанышты жағдайларды бөлісуі

  • Өз-өзіне қызмет көрсетуге үйрену

  • Үлкендердің тапсырмасын орындауы

  • Ескертулерді дұрыс қабылдауы

  • Отбасындағы барлық мүшелерге құрметпен қарау

  • Мектептегі мінез-құлық

  • Сабақтағы зейінділік

  • Тапсырманы орындауға ынталандыру

  • Оқудағы еңбек сүйгіштік, ұқыптылық

  • Оқудағы жетістікке және сәтсіздікке ақылмен қарау

  • Тапсырылған қоғамдық іс-шараны орындаудағы жауапкершілік сезімі

  • Мектептегі құрал-жабдықтарға қарау

  • Демалыс сәтіндегі мінез-құлықтағы тәртәптәләк

Моральдық тәрбиелілік-моральдық тәрбиелілік деңгейімен анықталатын жеке тұлға қасиеті.

Моральдық тәрбиелілік деңгейі-белгілі критерийлер бойынша жеке тұлғаның моральдық тәрбиелілігін бағалау.



Жеке тұлғанын моральдық тәрбиелілік деңгейі:

  1. Үздік (үштік) тәрбиелілік.

Психологиялық құрылымы: адамгершілік нормаларын орындауға қажеттілік ретінде адамгершілік әдеттері мен моральдық сезімінің болуы және олардың бұзылуын болдырмау.

Мінез-құлқындағы көрініс: өнегелі қылықтары іске асырып қана қоймай, белсенді түрде адамгершілік нормаларына кері қылықтарға қарсылық көрсету.

Қалыптастыру міндеттері: бойындағы адамгершілік әдеттерін бекіту.

4.Тәрбиесі (сырттай) жақсы.

Психологиялық құрылымы: жоғары деңгейде автоматтандырылған адамгершілік дағдысының болуы, адамгершілік нормасы туралы жақсы меңгерілмеген білімді қолдану.

Мінез-құлқындағы көрініс: адамгершілік нормасына сәйкес келетін ырықсыз әрекеттер.

Қалыптастыру міндеттері: адамгершілік әдеттерін тәрбиелеу.

  1. Ситуациялық тәрбиелілік.

Психологиялық құрылымы: адамгершілік нормасы туралы білім болғанымен оларды пайдаланбаған жағдайда қолайсыздыққа ұшырайтын ситуацияларда ғана ерікті түрде қолдану.

Мінез-құлқындағы көрініс: адамгершілік нормасына сәйкес әрекетті ерікті түрде орындау, моральға қарсы әрекет те орындалуы мүмкін.

Қалыптастыру міндеттері: адамгершілік дағдыларын бекіту.

  1. Тәрбиелілігі төмен.

Психологиялық құрылымы: адамгершілік нормасы туралы бәләм болғанымен ,оларды орындауға дағдыланбау.

Мінез-құлқындағы көрініс: моральға кері әрекеттер көрініс беруі мүмкін.

Қалыптастыру міндеттері:адамгершілік дағдысын оқыту.

  1. Тәрбиесіздік.

Психологиялық құрылымы: адамгершілік нормасы мен дағдылары туралы бұлыңғыр түсініктің болуы.

Мінез-құлқындағы көрініс: адамгершілік нормасына қайшы келетін әрекеттердің жиі байқалуы.

Қалыптастыру міндеттері: адамгершілік тіралы білім беру.
Негізгі ұғымдар: тәрбие, тәрбие процесі, тәрбие заңдылықтары, парадигма, тәрбиенің психологиялық негіздері.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

  1. Тәрбиені психологиялық және педагогикалық тұрғыдан негіздеңіз.

  2. Тәрбие парадигмасын талдаңыз.

  3. Тәрбие түрлері, әдістері, құралдары.

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Подлысый И.П.Педагогика:Новый курс .Кн.2.

  2. Психология и педагогика .Под ред.А.А.Бодалева

  3. Платонов К.К.Краткий словарь системы психологических понятиий М.,1984

  4. Маленкова Л.И. Воспитание в современной школе. М.1999.

  5. Поляков С.Д. Психопедагогика воспитания. М.1996.



10-тақырып: Жеке тұлғаны әлеуметтендіру

Жоспар:


  1. Әлеуметтендіру. Кезеңдері.

  2. Әлеуметтендіру факторлары.

  3. Әлеуметтендірудің негізгі бағыттары және оқушының жеке тұлғасын қалыптастыру

  4. Әлеуметтендіру институттары

Әлеуметтендіру ұғымының авторы американдық социолог Ф.Г.Гиддинсге. Ол өзінің 1887жылы жазылған «Әлеуметтену теориясы» еңбегіндеәлеуметтенуді әлеуметтік табиғаттың немесе индивид мінез-құлықтың дамуы, адамзаттың тіршілік етуге даярлығы деп түсіндірген.

● Жеке тұлғаны әлеуметтендіру (лат.қоғамдық)-әлеуметтік құндылықтар мен әлеуметтік нормалары меңгеру негізінде жеке тұлғанын қоғамдағы әрекетке қабілеттілігін қалыптастыру.

● Әлеуметтендіру –әлеуметтік ақиқатты жеке тұлғаның меңгереді,әлеуметтік рольдерді орындау тәсілдерді мен қоғамдық мінез-құлық дағдыларын игереді.

● Әлеуметтендіру жеке тұлғаға қоғамда тең құқылы мүше санатында болуына мүмкіндік берді.

● Әлеуметтендіру жеке тұлғаны жан-жақты қалыптастыу жеткіншек ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу процесінде белгілі бір тәртіпке келтіріп жинақталған қажетті ғылыми білімдерді дағды-іскерліктерді,біліктілікті рухани байлықтарды мүдделерді мен салт- дәстүрлерді әлеуметтік рөлдер жүйесіне қосу.

Жастарды әлеуметтендіру процесі, академик И.С.Конның зерттеуінше 11-12-23-25 жас аралығын қамтиды.Бұл кезең бозбаланың яғни балалық балалықпен жігіттің екі аралығындағы әлеуметтендіру кезеңіне жатқызылады.Бозбалалық шақ осы сөздің биологиялық мағынасында алып қарағанда жас азаматтын жыныстық жағын пісіп-жетілуі. Бұл жастағылардың негізгі іс-әрекеті –оқу.

II кезеңі 14-15-17-18жас аралығын қамтиды.Бұл мезгіл адамның аралық әлеуметтену немесе жасөспірімнің әлеуметтенуі деп аталады.Биологиялық тұрғыдан ,бұл мезгіл адамның –пісіп жетілудің аяқталу кезеңі.Бұл шақта жасөспірімдердің әлеуметтік жағдайы әр қилы.Біреулері-жалпы орта білім беретін мектептердің не кәсіптік техникалық училишилердің оқушылары екіншілері –арнаулы орта білім беретін оқу орындарының студенттері,ал үшіншілері болса-дербес ерекшелік жолын бастаған жасөспірімдер. Бұл шақта жасөспірімдердің әлеуметтік жағдайлары оте қиын.14жасында ер балалар мен қыздар түрлі жастар ұйымдарының қатарына өтсе 16 жасында жеке куәлікті алады ал 18 жасында депутаттарды сайлауға қатыысуға құқылы.

III кезең 17-18-23-25жас аралығын қамтиды.Бұл екі аралық орнықты яғни біржола әлеуметтендіру кезеңіне жатқызылады.17-18-23-25жас аралығындағы азамат биологиялық тұрғыдан да әлеуметтік тұлғалық жасына қарап емес керсінше мамандығына әлеуметтік орнына қарап анықталады.Оларға білім беру жалпылама емес,арнаулы кәсіптік сипатта жүргізіледі.Оның үстіне кәсіптік –техникалық училищедегі арнаулы және жоғарғы оқу орнына оқу еңбектенудің белгілі бір түрі ретінде қаралады.Жас азаматтардың басым көпшілігі отбасы иесі атанады.Жаплпы қоғам бұл екі аралықтағы жастарға тек әлеуметтендірудің обьектісі ретінде ғана емес сонымен қатар қоғамдық –өндірістік қызметтің белсенді субьектісі ретінде қарайды. Олардың еңбектегі жетістерін үлкендерін өлшемімен бағалайды.

Еңбек әрекетіне деген қатынасқа қарай ғылымда әлеуметтендіру ұғымы. Әлеуметтік ұғымының мазмұнын «индивидтің әлеуметтік ортаға енуі», «әлеуметтік әсерлерді игеруі», «әлеуметтік байланыстар жүйесіне араласуы», т.с.с. процестерден түсінуге болады. Әлеуметтену процесі, жеке тұлғаның қоғам мүшесі ретінде өмір сүруіне мүмкіндік тудыратын құндылықтар мен нормалар жүйелерінен игеруіне қажет бүкіл әлеуметтік процестерінің жиынтығы.

Әлеуметтенудің мәнісі, ол – екі жақты процесс екендігінде, біріншіден, әлеуметтік ортаға кірудің арқасында индивидтің әлеуметтік тәжірбиені игеруі, екіншіден, индивидтің осы әлеуметтік байланыстар әлеуметтік ортаға белсенді араласуының арқасында, сол әлеуметтік байланыстар жүйесін белсенді түрде қайта жасау процесі. Біріншісі — әлеуметтік тәжірбиені игеру ортаның адамға әсерін сипаттаса, екіншісі, адамның өз іс-әрекетінің арқасында ортаға әсер етуін көрсетеді.

Әлеуметтену процесінің мазмұны: жеке тұлғаның қалыптасуы тұрғысынан қарағанда, негізінен үш сферада; Іс-әрекетте, қарым-қатынаста, өзіңдік сананың қалыптасуында іске асырылады.

Әлеуметтену процесінің барысында индивид іс-әрекет «каталогының» молаюымен (А.Н.Леонтьев) айналысады, яғни неғұрлым жаңа іс-әрекет түрлерін игерумен болады. Осы жағдайда өте маңызды тағы да үш түрлі процестер іске асырылады. Біріншіден, әрбір іс-әрекет түрлері мен оның әртүрінің арасындағы байланыстар жүйесінде бағдарлану (бағыттану). Ол әрбір жеке тұлға үшін маңызды іс-әрекет аспектілерін айқындаумен қатар, оны игеру арқылы іске асырылады, немесе мұндай бағдарлануды – іс-әрекеттің жеке тұлғалық таңдалуы деп атауға болар еді. Осыдан туындайтын екінші процесс – жетекші, таңдалынған іс-әрекетке баса назар аудара отырып, басқаларын соған бағындыру. Және үшінші процесс, барысында жеке тұлғаның жаңа рөлдерді игеруі мен олардың маңыздылығын түсінуі. Осының бәрін индивидтің іс-әрекет субъектісі ретіндегі мүмкіндіктерінің кеңею процесі деп тұжырымдауға болады. Бұл бағытта жүргізілетін эксперименттік зерттеулер, негізінен әлеуметтік және жас ерекшелігі психологиясының ара жігінде іске асырылады.

Екінші – қарым-қатынас сферасы іс-әрекетпен тығыз байланыты болғандықтан, оның кеңею және тереңдету бағытында қарастырады. Қарым-қатынастың кеңеюін, адамның басқалармен контактілерінің көбеюі, әрбір жас кезеңіндегі осы контактілер ерекшеліктері тұрғысынан түсіну қажет. Қарым-қатынастың тереңдеуін, ең алдымен монологтық қарым-қатынастан  диалогтыққа көшуі, партнерге бағыттану, оны неғұрлым дәл қабылдаумен байланысты. Эксперименттік зерттеулердің міндеттері: біріншіден, қарым-қатынас байланыстарының көбеюі қандай жағдайларда және қалай іске асырылатынын екіншіден, жеке адам осындай процесте қандай нәтижеге жететінін анықтау. Мұндай зерттеулер де пәнаралық болып келеді, себебі жас ерекшелігі психологиясы үшін де, әлеуметтік психология үшін де бірдей маңызды. Әсіресе, мектепке дейінгі және жеткіншектік кезеңдерге жүргізілген зерттеулер көп.

Әлеуметтенудің үшінші сферасы-жеке тұлғаның өзіндік сана-сезімінің дамуы. Бұл проблема жеке тұлғаның «Мен» бейнесінің қалыптасуымен байланысты.

Көптеген эксперименттік зерттеулер (лонгитюдті) көрсеткеніндей, адамның «Мен» бейнесі бірден қалыптаспайды, өмір сүру барысында, әртүрлі әлеуметтік әсерлер негізінде қалыптасады. Әлеуметтік психология тұрсынынан, әсіресе, осы процеске жеке тұлғаның әртүрлі әлеуметтік топтарға енуі қалай әсер ететінін анықтау маңызды. Адамның өзіндік сана-сезімі оның қылығында қалай көрінеді, бұл қасиеттің қалыптасуына топтардың саны, немесе сапасы әсер ете ме деген сұрақтарға әлеуметтену процесін зерттеуде жауаптар алынуы қажет.

«Мен» құрылымын түсінуде психология ғылымында бірнеше тұрғы бар. Көбірек тараған құрылымның үш компоненті бар: танымдық (өзін танып түсінуі), эмоциялық (өзін бағалауы), қылықтық (өзіне деген көзқарасы). Негізгі факт ретінде, өзіндік сана – жекеленген сипаттамалар тізімі емес, жеке тұлғаның өзн тұтас, бірыңғай адам деп түсінуі алынады. Өзіндік сананың екінші бір қасиеті, әлеуметтену барысында оның дамуы іс-әрекет пен қарым-қатынасты кеңейту жайында әлеументтік тәжірибені әрқашан игеруімен анықталатын, бақылауға болатын процесс екендігінде.

Өзіндік сана адам тұлғасының өзіндік, тереңдегі сипаттамасы болғанымен, оның дамуы тек іс-әрекет үстінде көрінеді: іс-әрекетте өзі тұралы елестерді біршама «түзететін» (коррекция), басқаларда пайда болған елестермен салыстыру іске асырылады.

Сондықтан да әлеуметтену процесін барлық аталған үш сферасының тұтастай байланысты түсінуге болады. Олар тұтастай алғанда индивид үшін «кеңейтілетін болмысты» құрайды, соның арқасында ол өзіне жақын ортаны да (микроорта), барлық әлеуметтік қатынастар жүйесін де игереді. Игере отырып, индивид оған өз тәжірибесін, өзіндік шығармашылық көзқарасын кірістіреді: сондықтан да, болмысты игерудің оны белсенді түрде өзгертуден басқа жолы жоқ. Демек әлеуметтенудің әрбір сатысында көрінетін осы қайта құруды туындататын «қоспаны» анықтау қажеттігін көрсетеді. Бұл міндетті шешуде, әлеметтену процесінің кезеңдерін (сатыларын) және ол процестердің іске асырылатын аумағы — әлеуметтік институттарды анықтау қажет.Әлеуметтену прцесінің сатыларын негізінен үш кезеңге бөліп қарастыруға болады: еңбек тану кезеңдегі, еңбектен кейінгі (Адреенкова, 1970, Гилинский,1971).

Еңбекке дейінгі кезең адамның еңбектенуіне дейінгі бүкіл кезеңді қамтиды. Бұл кезеңнің өзі де екі кезеңге бөлінеді:

а) ерте кезеңдегі әлеуметтену – баланың туған кезінен бастап, мектепке дейінгі уақытты қамтиды, жас ерекшелігі психологиясында оны – ерте балалық шақ деп атайды (мектепке дейінгі шақ).

ә) оқыту кезеңі, кең мағынадағы бүкіл жастық кезеңін қамтиды, оған мектеп кезеңі тұтастай жатады. Орта арнаулы оқу орнында оқу кезеңі туралы, оның өзіндік ерекшеліктеріне (оқудың еңбекпен ұштастырылуына) байланысты екі түрлі көзқарас бар. Дегенмен де, бұл проблема теориялық жағынан да, практикалық тұрғысынан да өте маңызды: студенттік кезең – қоғамның өте маңызды әлеуметтік топтарының бірі, сондықтан да бұл топтың әлеуметтену проблемалары өте өзекті.

Әлеуметтенудің еңбек кезеңі – адамның ер жету, кемеліне келіп, толысу кезеңін қамтиды, яғни адамның бүкіл еңбектік іс-әрекет кезеңі. Осы кезеңде әлеуметтік тәжірибені игерумен қатар, оны қайта құруы-кезеңнің маңыздылығын көрсетеді.

Қазіргі кездегі үздіксіз білім беру, оның ішінде ересектерге білім беру көзқарастарына байланысты, бұл кезеңдегі әлеуметтену проблемасының маңызы арта түседі. Осы тұрғыдан қарастырғанда бұл проблеманы шешуге, педагогика ғылымымен (еңбекке тәрбиелеу бөлімі) тығыз байланыста зерттеулер жүргізу мүмкіндіктері бар. Кейінгі кезде акмеология, кемелденген жас кезеңін қарастыратын ғылымның зерттеулері өзекті болып отыр.

Еңбектен кейінгі кезең өте күрделі мәселе, себебі әлеуметтік психология үшін бұл проблема әлеуметтену проблемасына қарағанда әлі жаңа. Бұл мәселе қоғам дамуының барысында туындаған, әлеуметтік психолгияға қойылған объективті талаптармен байланысты. Мосқал адамдар кезеңінің проблемасы қазіргі қоғамдағы көптеген ғылымдар үшін өзекті болып отыр. Өмір сүру ұзақтығын ұзарту, бір жағынан мемлекеттің әлеуметтік саясаты болса, екінші жағынан (зейнеткерлік жүйесі) халық санының өсуінде мосқалдық кезең айтулы орын алуда, себебі, біріншіден, оның өзіндік салмағы артуда. Сонымен бірге, зейнеткерлердің әлеуметтік тобының көінде, мүшелерінің еңбкке жарамдылығы сақталуда.

Әлеуметтік психологияда бұл проблема әлеуметтенудің еңбектен кейінгі кезеңі проблемасы түрінде көрінеді. Э.Эриксонның тұжырымдауы бойынша, 65 жастан кейінгі (жас кезеңдегі: сәбилік, балалық шақ кезеңі, мектептік кезең, жастық шақ, орта жас, мосқалдық кез

5.Әлеуметтендіру институттары-жеке тұлғаны норма мен құндылықтар жүйесін меңгеруге икемдейтін әлеуметтік тәжірбиені тасымалдаушы нақты топтар

●Отбасы

●Мектеп

●Еңбек ұжымы

●Жоғарғы оқу орындары

●Микроорта

●Әлеуметтік топтар

●Қоғамдық ұйымдар
Негізгі ұғымдар: әлеуметтендіру, әлеуметтендірудің мега, макро, мезо, микрофакторлары, әлеуметтендіру институттары.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:


  1. Әлеуметтендіру процесі ұғымына түсінік беріңіз.

  2. Жеке тұлғаның қалыптасуындағы әлеуметтендіру институттардың ролі қандай?

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Кон И.С.Ребенок и общество М.1998

  2. Мудрик А.В.Введение в социальную педагогику М,1997

  3. Психология и педагогика .Под ред.А.А.Бодалева

  4. Маленкова Л.И. Воспитание в современной школе. М.1999.

  5. Поляков С.Д. Психопедагогика воспитания. М.1996.



11-тақырып: Кәсіби білім беру психологиясы

Жоспар:

  1. Кәсіби білім беру психологиясы пәні, міндеттері

  2. Мамандықтардың жіктелуі

  3. Кәсіптену жолдары

Кәсіби білім беру психологиясы педагогикалық психологияның саласы ретіндегі кәсіби білім беру жүйесіндегі оқыту мен тәрбиелеудің психологиялық механизмін,мамандықты меңгеру механизмдерін зерттейді.

"Кәсіби білім беру "ұғымы арнайы білім берумен теңестіріледі және ол кәсіби техникалық,арнайы және жоғары білім беру мекемелерінде алынады. Кәсіби білім алу нақты мамандық бойынша белгілі білім алу және қалыптастырумен байланысты.

*Кәсіби білім беруді ұйымдастыру бірнеше принциптерден тұрады:

-Кәсіби білім берудің қазіргі әлемдік тенденциядағы арнайы білім берумен сәйкестігі принципі.

-Кәсіби білім берудің беріктігі принципі әлем туралы түсініктерді қалыптастырудағы психологиялық прцестерді жүйелі білім алу мәселесімен байланыстыруды талап етеді.

-Кәсіби білім берудің жекелену принципі сол кәсіпке сәйкес кәсіби маңызды сапаларды қалыптастыру проблемаларын зерттеуді талап етеді. Осы аталғандардан кәсіби білім беру психологиясының пәндік аймағы туындайды.

-Кәсіби білім беру жүйесінде жеке тұлғаның жас және дербес ерекшеліктерін зерттеу.

-Кәсіби іс- әрекеттің субъектісі ретінде адамның өмірлік және кәсіби жолын зерттеу.

-Кәсіби оқыту және кәсіби тәрбиелеудің психологиялық негізін зерттеу.

-Кәсіби іс әрекеттің психологиялық аспектілерін зерттеу

*Кәсіби білім беру психологиясы әдістері

-Бақылау


-Эксперимент

-Анкета


-Қызмет нәтижесін зерттеу

-Профессиография

Профессиография нәтижесінде профессиограмма құрылады,немесе нақты еңбек процесі,оны ұйымдастыру жөнінде мәлімет құрастырылады(техникалық, санитарлық-гигиеналық,технологиялық,психологиялық,психофизиологиялық сондай-ақ мамандық психограммасы) құрылады Психограмма психологиялық және психофизиологиялық іс-әректті белсендіретін және оны орындауды қамтамасыз ететін кәсіби маңызды сапалардан тұратын нақты еңбек әрекетін психологиялық талдау негізінде құрылған мамандық "портреті".

*Кәсіби білім беру психологиясының зерттеу бағыттары:

-мамандықты психологиялық апектіде зерттеу және профессиограма құру;

-кәсіби іскерлік пен кәсіби білім беру процесінде дағдының қалыптасу заңдылықтарын зерттеу;

-кәсіби іскерлікті жетілдіру мен қабілеттілікті дамыту проблемаларының кәсіби іскерлікті жетілдіру мен кәсіби қабілеттілікті дамытуға(сенсорлық,интеллектуалдық,моторлық)әсері проблемалары;

-кәсіби оқытудың психологиялық проблемаларын теориялық өңдеу.

*Кәсіби білім берудің психологиялық мәселелерінің даму тарихы 3кезеңнен тұрады:

1кезең. "Психотехникалық" - ХХғасырдағы 20-30 жылдар. Алғаш рет кәсіби білім беру психологиясы туралы мәселелер20-жылдары психотехника шеңберінде еңбек туралы ғылым ретінде туындаған.

2кезең.ХХ ғасырдағы 30-жылдардың аяғынан бастап 50жылдардың ортасына дейін.

Еңбек психологиясының алдында жоғары маманданған мамандарды даярлау да әлеуметтік тапсырмаға жауап беру міндеті тұрды. Ондағы басты проблемаларлың бірі еңбек іскерлігі мен дағдысын қалыптастыру заңдылығын анықтау мен одан әрі жетілдіру,оларды жаңа жағдайда қайта құру,кәсіби-қабілеттілік процесін қалыптастыру,кәсіби білім беруде психологиялық сұрақтарды анықтау.

3кезең. ХХ ғасырдағы 50-жылдардың ортасынан 70-жылдарға дейін. Отандық психологиясы іс-әрекет пирамидасының одан әрі дамуда білім мен іскерлікті қалыптастыру идеяларының дамуымен байланысты педагогикалық психологияның теориялық және қолданбалы аспектілерін құруға әкеледі.

80-90 жылдардағы психологиялық зерттеулерде кәсіби білім беру проблемалары жеке тұлғаны зерттеу контектісінде талданды. Кәсіби маңызды сапа ретінде жеке тұлғаның ерекшелігі кәсіби іс-әрекеттің жетістігінің және сенімділігінің факторы бола алады.

2. Мамандық-белгілі бір даярлықты қажет ететін іс-әрекеттің түрі,тіршілік көзі болып табылады.

Мамандық-белгілі адамға тиесілі білім,іскерлік және дағды жүйесі ретінде де сипатталады.

Мамандықты суреттеудің жалпы схемасы 4аспектіні қамтиды:

1. әлеуметтік-эканомикалық(мамандықтың қысқаша тарихы,оның халық шаруашылық жүйесіндегі орны,мамандарды даярлау туралы мәлімет,перспективасы,еңбек жалақысы,мамандықтың мәртебесі).

2. өндірістік-техникалық(технологиялық прцесс,объект,еңбек құралы,жұмыс орны,еңбекті ұйымдастыру формалары туралы мәліметтер).

3. санитарлық-гигиеналық(климат жағдайлары туралы мәлімет,жарықтандыру сипаты және басқа да санитарлық факторлар,еңбек режимі мен ритмі,медицинаға кері көрсеткіштер).

4. психофизикалық(мамандықтың психикалық процестер мен тұлғаның қасиеттеріне қоятын талабы).

*Мамандықтардың еңбек пәні бойынша бөлінуі(А.Н.Леонтьев бойынша):

-биономикалық(табиғат);

-техномикалық(техника);

-сигномикалық(белгіліер);

-артономикалық(көркемдік бейнелер);

-социономикалық(адамдардың бірлесіп әрекет етуі немесе өзара қатынасы).

*Е.А.Климов бойынша кәсіби іс-әрекеттің 5 схемасы:

1."Адам -Табиғат"(аграном,зоотехник,ветеринар,микробиолог,биолог...);

2."Адам-Техника" (слесарь,техник-механик,техник-технолог,инженер-электрик,электрослесарь);

3."Адам-Белгі"(программист,математик,картограф);

4."Адам-Көркемдік бейне"(суретші,балет әртісі, актер, архитектор);

5. "Адам-Адам"(дәрігер, мұғалім,әлеуметтік қызметкер,сатушы,шаштараз).

-"Адам-Табиғат" мамандық типінің адамға қоятын психологиялық талаптары: дамыған қиял,көрнекі-образдық ойлау, жоғары деңгейдегі көру есі,байқағыштық,өзгермелі табиғи факторларды көре білу және бағалау қабілеті,маман шыдамы,табанды болуы керек; ұжымнан тыс жұмыс жасауға әзір,кейде қолайсыз табиғат жағдайларында да,т.б.

- "Адам-Техника"мамандық типінің адамға қоятын психологиялық талаптары:қозғалыстың жақсы координациясы,нақты көру,есту,вибрациялық және кинестезиялық қабылдау,дамыған техникалық және шығармашылық ойлау мен қиял,зейіннің бөлінушілігі мен шоғырлануы,байқағыштық.

-"Адам-Белгі жүйесі" мамандық типінің адамға қоятын психологиялық талаптары: жақсы опперативті және механикалық ес,зейінді ұзақ уақыт бойы шоғырландыру қабілеті,зейінді бөлу және ауыстыру,қабылдаудың нақтылығы,шартты белгі астарын көре білу іскерлігі,ынталылық,шыдамдылық,логикалық ойлау.

-"Адам-Көркемдік бейне"мамандық типінің адамға қоятын психологиялық талаптары:көркемдік қабілеттер,көру есі,көре отырып қабылдау,көрнекі образдық ойлау,шығармашылық ойлау,шығармашылық қиял,адамға эмоционалды әсер етудің эмоционалдық заңдары туралы білім.

-"Адам-Адам"мамандық типінің адамға қоятын психологиялық талаптары:қарым-қатынасқа ұмтылыс,танымайтын адамдармен қарым-қатынасқа жеңіл түсу іскерлігі,адамдармен жұмыс барысында өзін тұрақты түрде жаұсы сезіну,жақсылық тілеуші,елгезектік,шыдамдылық,эмоциясын тежей алу шеберлігі,адамдардың және өзінің мінез-құлқын саралау қабілеттілігі,басқа адамдардың ой -ниеттерін және көңіл-күйлерін түсіну,кикілжіңді шеше біліу іскерлігі,ойша өзінің басқа адамның орнына қоя білу қабілеттілігі,басқа адамды тыңдай білу,оның ой-пікірімен санасу іскерлігі,сөз,мимика, жесті орынды қолдану,әр түрлі адамдардың тілін табу,адамдарды сендіре білу,жинақылық, тиянақтылық,дәлдік,нақтылық,адамдар психологиясы туралы білім.



* Адам-Адам"мамандығы топтарына сипаттама

1.Басқару,оқыту,тәрбиелеу іскерлігі"адамдардың әр түрлі қажеттілігін қанағаттандырудағы пайдалы іс-әрекеттермен шұғылдану".

2.Тыңдай алу іскерлігі.

3.Кең ауқымыд білім.

4.Сөйлеу мәдениеті

5.Ақылдың бағыттылығы, басқалардың орнына өзін қоя білу,оның ішкі әлемін сезіну,өзінің ойын біреудікі ретінде қабылдамау іскерлігі.

6.Адамның деңгейі бұдан да жоғары болады деген сенімге негізделген бағыт.

7.Байқағыштық.

8.Халыққа қызмет етудің дұрыстығы жөніндегі терең де оптимистік сенімі.

9.Стандарт емес жағдаяттарды шешу.

10.Өзін-өзі реттеу деңгейінің жоғарылығы.

11.Төзімділік іскерлігі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет