ПОӘК 042-18. 18. 1 21/01-2014 №2 басылым


Тақырып №2.2.5. Қазақстанның орта ғасырдағы ел билеген тұлғалар мен ұлы қолбасшылардың тарихта алатын орны -2 сағат



бет3/7
Дата25.08.2017
өлшемі1,81 Mb.
#26254
1   2   3   4   5   6   7

Тақырып №2.2.5. Қазақстанның орта ғасырдағы ел билеген тұлғалар мен ұлы қолбасшылардың тарихта алатын орны -2 сағат


  1. Шыңғыс хан - Ази­яда біртұтас мем­ле­кет құру­шы, өз за­маны­ның аса ірі әске­ри және мем­ле­кет қай­рат­кері.

  2. Сұлтан Бейбарыс - түркі әулеті Бах­ри­ден шыққан мам­люктердің Еги­петті би­леген төртінші сұлта­ны.

  3. Әмір Темір - Орталық Азия. жаһангері.


1.Шыңғыс хан, Тэ­муд­жин, Те­мучин (1155 ж. ш., Онон өзені бойын­дағы Де­ли­ун-Бол­дак шатқалы – 25.8.1227, Си­ся мем­ле­кетінің жері) – Ази­яда біртұтас мем­ле­кет құру­шы, өз за­маны­ның аса ірі әске­ри және мем­ле­кет қай­рат­кері. Ежелгі ру бас­шы­сы Есу­гей ба­тыр­дың от­ба­сын­да ту­ылған. 12–13 ғасыр­дың ба­сын­да монғол тай­па­сының өкілі Тэ­муд­жин Ор­та Азия тай­па­ларын біріктірді, сөйтіп ол Ор­та Азия да­ласын­дағы ең құды­ретті жа­улап алу­шыға ай­нал­ды. Өзінің әске­ри да­рыны­ның арқасын­да және дұшпан­да­рының әлсіздігі мен бы­тыраңқылығын пай­да­ланып, 1183 – 1204 жы­лы өкімет билігі үшін күрес­те негізгі жа­ула­рын (Меркіт тай­па­сының көсемі Тох­та­дан бас­тап, Най­ман тай­па­сының бас­шы­сы Та­ян (Да­ян) ханға дейін) талқан­да­ды да, кең-бай­тақ тер­ри­тори­яны ба­сып ал­ды, сөйтіп он­да ме­кен­дейтін көпте­ген ру тай­па­лық одақтар­дың бірден-бір би­ле­ушісі бол­ды. Осы жеңістері және тай­па көсем­дерін өз маңына топ­тасты­руға бағыт­талған бірсы­пыра әле­уметтік ша­ралар­ды жүзе­ге асы­ру нәти­жесінде Тэ­муд­жин да­ла ақсүйек­тері құрыл­тайының шешімімен 1206 жы­лы бар­лық тай­па­лар­дың ұлы ха­ны бо­лып жа­ри­ялан­ды да, "Шыңғыс хан” (түрікше "теңіз, мұхит” де­ген сөзден шыққан) ла­уазы­мын ала­ды. Ішкі са­ясат­та Шыңғыс хан мем­ле­кетті басқару ісін бір ор­та­лыққа бағын­ды­руға күш сал­ды, түркі-моңғол тай­па­ларын "мыңдық” деп ата­латын әске­ри-әкімшілік бөліктер­ге бөлді (өй­ткені хан та­лабы бойын­ша, бұл бөліктердің әрқай­сы­сы 1000 ат­ты әскер бе­руге тиісті бол­ды). Шыңғыс хан бұлар­ды жайылым жер­лерімен қоса өз ту­ыс­та­ры мен но­ян­дарға еншіге бөліп берді. Им­пе­рия әскері үш бөлікке бөлінді: оң қанат (ба­рунғар), сол қанат (жоңғар), ор­та қанат (гол). Мем­ле­кет ішіндегі на­разы­лықты ба­су үшін 10 мың адам­дық же­ке гвар­дия (кэ­шиг) құрды. Әскер­де өте қатаң тәртіп ор­натты: сәл кінәлі не­месе қорқақтық көрсет­кен әске­ри адам­дар өлім жа­засы­на кесілді, Шыңғыс хан әске­ри стра­тегия мен так­ти­када мұқият бар­лау, жа­уды же­келеп талқан­дау, тұтқиыл­дан ша­бу­ыл жа­сау, дұшпан­ды ал­дау үшін ар­на­улы топ­тардан тосқауыл қою, қыру­ар ат­ты әскер­мен ма­невр жа­сау, т. б. әдістерді қол­данды. Ұлы хан жаз­ба­ша іс жүргізуді ұйым­дастыр­ды. 1206 жы­лы ол әдет­тегі құқық (яса) ере­желерін бекітті. 1207 – 11 жы­лы Шыңғыс хан Сібір мен Шығыс Түркістан­ды (бу­рят­тарды, якут­тарды, ой­рат­тарды, қырғыз­дарды, ұйғыр­ларды) бағын­дырды. 1211 жы­лы Цзинь мем­ле­кетi­не жо­рық жа­сады. 1215 жы­лы Пе­кинді ал­ды. 1217 жы­лы Солтүстік Қытай түгел Шыңғыс хан­ның билігіне көшті. 1219 жы­лы Ко­рея пат­ша­лығы Шыңғыс хан әскер­лерінен тізе бүкті. Моңғол әскерінің Солтүстік Қытай мен Ко­рея пат­ша­лығына жо­рықта­рын ірі қол­басшы, әмір Мұқылай Га­уин Жа­ла­ири басқар­ды. Қытайға қар­сы ша­бу­ыл­дан кейін Шыңғыс хан әскерінің бір то­бы 1218 – 19 жы­лы Жетісу­ды, 1219 – 21 жы­лы Қазақстан мен Ор­та Ази­яны жа­улап ал­ды. Ба­сып алған жер­лерді Шыңғыс хан ұлыс­тарға бөлді де, ұлда­рын үлестіріп берді. Кіші ұлы Төле­ге Моңғоли­яның өзі, үшінші ұлы Үге­дей­ге ба­тыс Моңғолия, жоғарғы Ертіс пен Тар­бағатай ай­мағы, екінші ұлы Шағатайға шығыс Түркістан, Жетісу мен Ма­уеран­нахр­дың көп бөлігі, үлкен ұлы Жо­шыға Ертістен ба­тысқа қарай Жетісу­дың солтүстік бөлігін және төменгі Еділ бойына дейінгі жерді қоса бүкіл Шығыс Дешті Қып­шақ бағын­ды­рыл­ды. Қазақстан аумағы Шыңғыс хан им­пе­ри­ясы­ның үш ұлы­сының құра­мына: үлкен (да­лалық) бөлігі – Жо­шы ұлы­сына, оңтүстік және оңтүстік-шығыс Қазақстан – Шағатай ұлы­сына, Жетісу­дың солтүстік-шығыс бөлігі – Үге­дей ұлы­сына кірді. Шыңғыс хан­ның тірі кезінде ұлда­рын бөліп бер­ген жер­лер олар үшін тек қана пай­да көзі бол­ды, бірақ им­пе­рия бас­шы­сына бағыныш­ты бо­лып қала берді. Шыңғыс хан өлген соң бас­шы­лық жо­рықта­рын оның ми­расқоры, Шыңғыс әулетінің хан­да­ры аз­ды-көпті үзілістер­мен үсті-үстіне жүргізе берді. Бірақ күшпен, зор­лық-зом­бы­лықтың арқасын­да құрылған бұл ұлыс­тардың ара­сын­да ешбір са­яси, эко­номи­калық, эт­ни­калық бай­ла­ныс бол­ма­ды. Шыңғыс хан ұрпақта­рын өз әулет­терін то­лығымен дер­бес етіп алуға, ал ұлыс­тарды тәуелсіз иеліктер­ге ай­нал­ды­руға ты­рысу­ынан им­пе­рия бірне­ше мем­ле­кет­ке ыды­рады (Ақ Ор­да, Ал­тын Ор­да, Шағатай ұлы­сы).

2.Жа­мақұлы Бей­ба­рыс (1223–1277) – түркі әулеті Бах­ри­ден шыққан мам­люктердің Еги­петті би­леген төртінші сұлта­ны. Оны та­рихи шығар­ма­лар­да Бей­ба­рыс, Би­барыс деп те атай­ды. Оның шыққан тегі – қып­шақ. Бірақ қай жердің қып­шағы де­ген­ге кел­генде әр түрлі де­рек­тер ай­ты­лып, бірі – Хо­резм, Дер­бент қып­шақта­рынан де­се, екіншілері маңғыс­та­улық еді де­генді ай­та­ды. Соңғы зерт­те­улер бұл дүдәмал­дықтың түйінін шешіп, Бей­ба­рыс­тың қып­шақ тай­па­сының Беріш ру­ынан шыққан атақты әулеттің тұқымы екені анықтауға мүмкіндік берді. Араб ел­дерінің «Мың бір түнмен» қатар қоятын ха­лық ро­маны – «Бей­ба­рыс­та» оның әкесі Жа­мақ, ше­шесі Әйек деп, олар­дың нақты есімдерін атап көрсет­кен. Бей­ба­рыс өмір бойы қып­шақ тілінде сөй­ле­ген, ал­дыңғы Ази­ядағы араб тілдес ха­лықтар­мен тілмәш арқылы түсініскен.

Бей­ба­рыс Да­маскінің ба­зарын­да 800 дир­хемге құлдыққа са­тылған­нан кейін жаңа қожайыны Ай­да­кин Бун­дукда­ридің аты­мен әл-Бун­дукда­ри де­ген есімге ие бол­ды. Кейін Бей­ба­рыс­тың ерек­ше қабілетін байқаған Айюби әулетінің сұлта­ны Са­лих На­жумид­дин оны өзінің же­ке гвар­ди­ясы­ның бір бөліміне сар­дар етіп ала­ды. Сөйтіп ол енді жаңа әміршісінің аты­мен өзіне әл-Са­лихи де­ген есімді және қабыл­дай­ды. Ол осын­да жүрген­де крест жо­рығына қаты­сушы­ларға қар­сы күрес­те Еги­пет әскеріне қол­басшы­лық етеді.

Еги­петтің жаңа сұлта­ны Му­иззәддин Ай­бек Айюби әулетінің соңғы бас­таған кез­де, Бей­ба­рыс бас сауғалап, Си­рияға қашып ке­теді. Со­дан мам­люктер Ай­бекті өлтірген­нен кейін ғана ол Ка­ирға қай­та ора­лады. Мұнда таққа жаңа отырған Мұзаф­фар Сай­фуд­дин Құтұз сұлтан оны әскеріне бас­шы етіп, Си­рия жеріне ішкер­лей кірген моңғол­дарға қар­сы күрес­ке ат­та­нады. Айн-Жа­лут түбіндегі шайқас­та мам­люк қолы моңғол­дардың тас-талқанын шығара­ды. Осы соғыс­та Бей­ба­рыс ер жүректілігімен ай­рықша көзге түседі. Бірақ Құтұз, не­ге екені белгісіз, басқаларға сый-си­япат жа­сап, Бей­ба­рыс­ты еле­усіз қал­ды­рады. Осыған өкпе­леген Бей­ба­рыс өзіне ни­ет­тес адам­дармен келісіп, Ка­ирға қай­тар жол­да Құтұзды өлтіреді. Жақтас­та­ры Бей­ба­рыс­ты Еги­петтің сұлта­ны деп жа­ри­ялай­ды. Сөйтіп ол әд- Мәлік әз-Заһир Ру­ки-әд-Дүние вә-д-Дин Бей­ба­рыс әл-Бун­дукда­ри әл-Са­лихи де­ген есіммен Еги­петтің тағына оты­рады. Билік ба­сына келісімен Бей­ба­рыс бар күш-жігерін крест жо­рығына қар­сы ша­бу­ылға жұмсай­ды. Негізгі ша­бу­ыл 1265 жы­лы бас­та­лып, крест тағушы франк­тердің қамал­да­ры бірінен кейін бірі алы­нады. Бұдан кейін Кіші ар­ме­ния пат­ша­лығына (1267 ж.) Кіші Азия селжұқта­рына қар­сы жо­рықтар жа­сап, бер­берлерді бағын­ды­рады.

Бей­ба­рыс мед­ре­селер са­луға көп күш жұмсай­ды, ка­нал­дар мен бөгет­терді жөнде­теді. Ка­ир қала­сын­да ол сал­дырған мешіттердің бірі қазір де «Бей­ба­рыс мешіті» деп ата­лады.

Бей­ба­рыс Ху­лагу әулетіне қар­сы күре­су мақса­тымен Ал­тын Ор­да ха­ны Бер­ке­ге елші жібе­реді. Осы­дан бас­тап Еги­пет пен Ал­тын Ор­да ара­сын­да тұрақты дип­ло­мати­ялық қаты­нас ор­нап, екі ел ара­сын­дағы одақтас­тық қашан Ал­тын Ор­да ыды­рағанға дейін сақта­лады. Өй­ткені бұл бай­ла­ныс­тың осын­ша­лық ұзақ уақытқа ұла­сып, берік сақта­лу­ының негізінде еги­пет елін би­леген Бей­ба­рыс сұлтан­ның бір кез­де тағдыр­дың қатал кесімімен қол үзіп қалған туған жеріне, ата ба­басы­ның еліне жақын­да­уды мақсат тұтқан ар­ман тілегі жатқан еді. Бұл, сайып кел­генде, Мы­сыр елін «Қып­шақ Еги­петі» атан­дырған мам­люк-қып­шақтар­дың ор­тақ мүддесі бо­латын. Сон­дықтан олар Бей­ба­рыс­тан кейін де, қашан мам­люк қып­шақ әулетінен күш кет­кенше «Ал­тын Ор­да» атанған қып­шақ елінен, өздерінің ата ме­кенінен қол үзбе­уге ұмты­лады. Қатал тағдыр тағы да олар­дың жо­лын кесті. Еги­пет­те мам­люк-қып­шақтар билік ба­сынан қуыл­ды, Қып­шақ да­ласын­да Алытн Ор­да ыды­рап кетті. Кезінде жат ел­ге құл бо­лып са­тылып бар­са да, тектілігін та­нытып, қажы­мас қай­рат­тың, мұқал­мас жігердің үлгісін көрсетіп, билік ба­сына көтерілген мам­люк қып­шақтар­дың ру­хы тек ара­да жеті ғасыр өткен­де ғана ба­рып, Бей­ба­рыс есімі арқылы ата ме­кеніне орал­ды. Қазір өзінің кіндік қаны тамған жерінде – Жайық өзенінің аты­ра­уын­да биік тұғырға ор­ныққан Бей­ба­рыс­тың ес­керткішке ай­налған алып тұлғасы тәуелсіз елдің арай­лы таңын жер­лестерімен бірге қар­сы алып, өшпес айғағын­дай бо­лып асқақ тұр.

1277 жы­лы Бей­ба­рыс­ты уәзірі қып­шақ Қала­уын у беріп өлтірді. Оның сүйегі Да­маскідегі Баб-әл-Ба­рид зи­раты­на қойыл­ды. Осы­лай­ша Бей­ба­рыс сұлтан мәмлүктер мем­ле­кетін ірі дер­жа­ваға ай­нал­ды­рып, Мы­сыр мен Си­ри­яны «крестілер жо­рығы», моңғол шапқын­шы­лығынан қорғап қал­ды.



3.Әмір Темір (Темір бін-Тарағай Барлас, парсыша: تیمور لنگ‎ — Тимур-е Ләнг, Ақсақ Темір, Темірлаң) (13361405 жж.) — Орталық Азия жаһангері. Әмір Темірдің (Темуридтер) империясының негізін қалаған. Барлас руынан шыққан, Кеште туған. Қазір бұл ӨзбекстанныңҚащқадәрия облысының Шахрисабыз қаласы. Барлас руы түркі тілдес тайпаларына жатқан, қазір ұрпақтары өзбек халқының ішіне кіреді. Барластар Шыңғысханның жаулануы кезінде, қазіргі Моңғолия жерлерінен Орта Азияға көшкен. Әмір Темірдің арғы атасы Қаражер бек еді, оның баласы Ижил бек еді, оның баласы Әйлеңгір бек еді, оның баласы Беркел бек еді, оның баласы Мұхаммед Тарағай еді, оның баласы Әмір Темір. Темір барластарның бір бөлігінің бекі, жетекшісі еді. Кейін өзіне басқа бектерін қаратты, Шағатай ұлысының хандары - Моғолстанның билеушілеріне қарсы көтеріліс бастаған. Темір басқарған жігіттері керуендеріне шабуыл жасаған, соңдықтан оны жасында баспашы болды дейді. Бектердің бекі болып, Шағатай ұрпақтарынан тәуелсіз мемлекет құрған. Бірақ Шыңғысханның тікелей ұрпағы болмағандықтан, өзінің лауазымы "хан" емес, "әмір" еді.Әмір Темір Тоқтамыс ханмен көп жылдар бойы соғыс жүргізеді.

Әмір Темір, Құтбуддин Темір Гүркап, Саїиб Қыран Ағзам Жанат Макан (9. 4. 1336, Қожа-Илгар Кеш, Түркістанда өмірге келген — 18. 2. 1405, Самарқан қаласында дүние салды) — қолбасшы, мемлекет қайраткері. Барлас тайпасының биі Тарағай бектің баласы. Әмір Темір алғашында Қашқадария уәлаятының билеушісі болды (1361). Осы кезден бастап ол Моғолстан ханы Тоғлұқ-Темірмен, оның ұлы Қлияс Қожа және Балх пен Самарқан әмірі Хұсейнмен билік үшін күрес жүргізіп, 1370 жылы Мауераннахрды өзінің қолына алды. Жас кезінде Түркістан маңындағы бір шайқаста аяғынан жарақаттанған. 14 ғасырдың 70-жылдары оның қолбасшылық дарыны толық ашылып, атақ-даңқы жер жүзіне тарады. Осман империясы мен Орталық Азия аймағында ол “Aksak Tіmur” (Ақсақ Темір), ирандықтарға Тимурленг, еуропалықтарға Тамерлан есімімен белгілі болды.Әмір Темірдің әскерлерінің тегеурінді шабуылдары арқасында Хорезм мемлекеті (1372 — 88), Шығыс Түркістан (1376), Герат (1381), Хорасан (1381), Қандағар (1383), Сұлтания (Оңтүстік Әзербайжан, 1384), Тебриз (1384), Иран және Ауғанстан толық бағындырылды. Бірнеше дүркін жойқын жорықтан соң Алтын Орданы күйретті. Әмір Темір 1370 — 90 жылдары Тоқтамыс хан мен Едіге әмірдің арасындағы алауыздықты шебер пайдалана отырып, Дешті Қыпшақ, Ақ Орда мен Моғолстанға 10-нан астам жойқын соғыс жорығын жасады. Әмір Темірдің Алтын Орданы талқандауы Ресейдің тәуелсіздік алуына оң жағдай жасады. 90-жылдары Әзербайжан, Дағыстан, Гүржістан (Грузия), Ирак Әмір Темір мемлекетінінің құрамына енді. 1398 жылы Үндістан басып алынды. Сирия мен Лубнан (Палестина) мәмлүктері бағындырылды. Алдыңғы Азияның басқа мемлекеттері де Әмір Темірдің билігін мойындады. 1402 жылы жазда Әмір Темір Анкара шайқасында Осман империясының негізгі әскери күшін талқандап, түрік сұлтаны Илдырым Баязидті (Баязид) тұтқындады. Әмір Темірдің үздіксіз соғыстарының нәтижесінде алып империя — Темір мемлекеті құрылды. Оның жалпы аумағы 14 млн км2-ге жетті. Әмір Темір 1405 жылы Қытайға жорыққа шыққанда жолай Отырарда қайтыс болды. Ол 68 жас, 10 ай, 9 күн өмір сүрді. Сүйегі Самарқандағы Гүр-Әмір кесенесіне жерленді. Әмір Темірдің 4 ұлы болды: Жиїангер (1356 — 1376), Әмір Шейї (1356 — 1394), Мираншах (1366 — 1408), Шаїрух (1377 — 1447). Темір әулетінен ұлы ғалым Ұлықбек (1394 — 1449), Моғол империясын құрушы Бабыр (1483 — 1530) сынды атақты адамдар шықты. Әмір Темір өлгеннен кейін мирасқорларының билікке таласуынан Темір мемлекеті ыдырап кетті. Ол әлемдік тарихта талантты қолбасшы, тегеурінді саясаткер ретінде қалған. Орталық Азиядағы бірқатар сәулетті ғимараттардың пайда болуы, қалалардың өркендеуі, шөл даладағы жер суландыру құрылыстарының салынуы, қолөнер мен сауданың дамуы Әмір Темір есімімен тығыз байланысты. Тарихи деректер оның қол астындағы аймақтардағы түркі, парсы, араб мәдениеті мен өнерінің өкілдері, ғалым-ойшылдары Әмір Темірдің тарапынан үлкен қолдау тапқандығын растайды.[2] Әмір Темір қазақ жерінде мәңгілік өшпес ескерткіш — қасиетті Қожа Ахмет Иасауи кесенесін салып қалдырды. Сонымен қатар жаулап алынған елдердегі Әмір Темірдің шектен тыс қатыгездігі оны күрделі тарихи тұлға ретінде танытады.
Тақырып № 2.2.6. Орта ғасырдағы өнер жұлдыздарының мәдениетке қосқан үлесі -2 сағат


  1. Әбілқасым Фирдауси — шығыс ақыны.

  2. Омар Хайям - парсы математигі, астрономы, ақын, философы

  3. Донато ди Николло ди Бетто Барди - атақты мүсінші


1.Әбілқасым Фирдауси (940-1020) — шығыс ақыны. “Шаһнама” дастанын (ақын Дажини бастаған) 35 жыл бойы жазған, ол 55 мың бәйіттен (қостағаннан) тұрады. 1-нұсқасы 994 ж., 2-нұсқасы 1010 ж. біткен, тұңғыш рет 1829 ж. Үндістанда жарық көрді. Дастан 3 бөлімнен құрылған:

мифологиялық аңыздар,



батырлық жырлар,

тарихи шежірелер.

Сонымен қатар романтикалық, драмалық сарындағы бірнеше поэмалар, дидактикалық және филос. толғаулар енгізілген. Негізгі сюжет иран және тұран халықтарының басынан кешкен 4 мың жылдық тарихи оқиғаға байланысты өріледі. Жүсіп БаласағұниҚұтадғу білік” дастанында (1069) “Шаһнаманың” түркі тайпаларына жақсы мәлім екенін айтады. Қазақ халқы “Шаһнамамен” ертеден таныс. Поэма қаһармандары қазақ ауыз әдебиетінде жиі кездеседі (мысалы, “Атымтай мен Наушаруан” ертегісі, “Иранғайып шаһ Ғаббас” дастаны т.б.). “Шаһнаманы” қазақ тіліне аудару ісі 19 ғасырдың 30-жылдарынан бастап қолға алынды. 1856—1870 ж. Ораз Молда “Шаһнаманың” үш аудармасын жасады, 1888 ж. Сердәлі ақын бір тарауын, 1914—1915 ж. Мұқамеджан Сералин (1872—1929) “Рүстем және Зораб” деген бөлімін аударды. “Шаһнаманы” тәржімалауда Тұрмағамбет Ізтілеуов (1882—1939) көп еңбек сіңірді. Оның аудармасы 40 мың жолдық 3 бөлімнен тұрады (“Жәмшиднама”, “Рүстем-дастан”, “Дарап-нама”). Осылардың ішінен “Рүстем-дастан” 1961 ж. жарық көрді. Ақын Б. Алдамжаров “Мәнушеһір” тарауын аударды (1972). Абай Құнанбаев Әбілқасым Фирдауси ұстаз тұтты. Сондай-ақ “Шаһнама” дастаны Жамбыл Жабаев, Кенен Әзірбаев сияқты халық ақындарының шығармашылығына біршама ықпал етті. Әбілқасым Фирдаусиге қазақ ақындары С.Мұқанов, Қ.Бекхожин, Қ.Жармағамбетов, Ө.Күмісбаев т.б. жыр жолдарын арнаған.

2.Омар Хайям - көрнекті парсы-тәжік ақыны,парсы математигі, астрономы, философы (толық аты — Абу-ль-Фатх Омар ибн Ибрахим аль-Хайям) шамамен 1048 жылы Хорасанның Нишапур қаласында дүниеге келген, әрі сонда қайтыс болған. Жас кезінде жақсы отбасының тәрбиесінде болған, әрі өлеңге құмартып өскен, оның кейбір өлеңдері осы күнге дейін жеткен. Нишапурда жүмыс атқарған кезінде, сол кездегі оқымыстылармен бірлесіп сол замандағы күнтізбеге өзгерістер енгізген.

Әкесі Ибраһим лашық үй жасаумен шұғылданған, “һайям” – осы кәсіпке байланысты туған атау. Ғұмыры Балх, Самарқанд, Мерв, Исфаһан, т.б. қалаларда өткен. Әйгілі ғұламалардан дәріс алып, Аристотель мен ибн Синаның философиялық көзқарастарын қолдаған. Араб, парсы тілдерін қатар меңгерген ол “Болмыс және борыш туралы трактат” (1080), “Үш сауалға жауап”, “Жалпы ғылыми пән туралы ақылдың нұры”, “Өмір сүру туралы трактат” (1980 – 91), “Наурызнама” (1095 – 98), “Өмір сүрудің жалпылық қасиеті туралы трактат” (1105 – 10), т.б. философиялық еңбектер жазды. Салжұқ сұлтанының тапсыруымен күнтізбеге реформа жасады. Бұл күнтізбе бойынша әрбір 33 жылда 8 кібісе 7 рет 4 жыл сайын, 1 рет 5 жылдан кейін болады. Мұндағы уақыт айырмасы 5000 жылда 1 тәулікке теңеледі. Оның жыл санауы Григорий күнтізбесінен анағұрлым дәл. Омар Һайям еңбектерінің басым бөлігі математика ғылымының үлесінде. “Алгебра және әлмұқабала мәселелерін дәлелдеу туралы” трактатында математикалық тарихында тұңғыш рет үшінші дәрежелі теңдеулерді саралап, оларды шешудің жүйесін жасауға талпынды, куб теңдеулердің әр түрінің (барлығы 19) түбірін геометриялық тәсілмен шешуді ұсынды. Үш кітаптан тұратын “Евклид еңбектеріндегі қиын тұжырымдарға түсініктеме” зерттеуінің “Параллель түзулердің шын мәні туралы” деп аталатын бірінші кітабында Евклид ұғымына дәл келетін параллель түзулердің жаңа теориясы баяндалған. “Қатынастар, пропорциялар және олардың нақтылы мәні туралы” атты екінші кітабында Евклидтің қатынастар теориясын жетілдіріп, сандар мен шамаларға ортақ теория жасауға күш салды. “Қатынастарды құру және оларды зерттеу” туралы кітабында шамалардың рационал және иррационал қатынастарына сандық өрнек табу жөніндегі Әбу Наср әл-Фараби идеясын дамытып, сан ұғымын оң нақты сан ұғымына дейін кеңейту қажеттігін дәлелдеді. Омар Һайям еңбектеріндегі жаңалықтарды Әбу Жафар ат-Туси, т.б. математиктер дамытты. “Дене құрамындағы алтын мен күмістің мөлшерін анықтау тәсілі туралы” трактатында Архимед шешкен физикалық есептерді жетілдірді. Омар Һайям медицина, музыкалық теориясымен де шұғылданды.

Омар Һайям әлемге аян төрт тағандардың (рубай) авторы. Өлеңдерін парсы тілінде жазды, оның ақындығын алғаш таныған (1176) ғалым Байхаки еді. Ақын өмір мен өлім, жақсы мен жаман, жұмақ пен тозақ, қанағат пен обырлық, жастық пен кәрілік, махаббат пен зұлымдық, құштарлық пен тақуалық парқын төрт жолдан тұратын өлеңге сыйғызды. Оның рубайлары адамгершілік ұстанымдарға негізделген, ол әділетсіздікке қарсылық білдірді, қоршаған ортаға сын көзімен қарап, озық ойларын батыл айта білді. Өз ойын жеткізу үшін белгілі дәрежеде бейнелеу тәсілдерін қолданды. Мысалы, құмыра, пияла, дүкен, шеберхананы жырлау арқылы жаратушы мен әлемнің, адамның арақатынасын сипаттаса, адам мүрдесі топыраққа айналған жерден өсіп шыққан гүлді өмір мен материяның мәңгілік құбылысы ретінде бейнеледі. Ақын өлеңдерінде махаббатты жырлау арқылы метафоралық терең ой тұжырымдалды. Оның өлеңдерінен ақиқатқа талпыныс, тіршіліктің мәнін парықтау мен енжарлықты, екіжүзділікті әжуәлау сарыны байқалады. Омар Һайям өлеңдері аз сөзбен келелі ой айтуымен, қарапайым сөздердің өзара жарасымды үйлесім тауып, әуезді болып келуімен ерекшеленді. 19 ғасырда Э.Фицджеральд ақын өлеңдерін ағылшын тіліне аударды (1859). Бұл аударманы ғалым Теннисон “жаңадан ашылған планетаға” теңесе, кей ғалымдар тақырып әуендерін өзінше өзгертіп, кейде қосымшалар енгізіп жіберген деген пікір айтады (Идрис Шах “Суфизм”, М., 1994, 193 – 201-б.). Омар Һайям рубайларының І.Шаңғытбаев аударған нұсқасы (325 рубай) 1965 жылы жеке кітап болып шықты. Ө.Күмісбаев “Иранбақтың бұлбұлдары” атты жинағында бірнеше шығыс ақындарымен қатар Омар Һайям өлеңдерін аударды (2004). Омар Һайямның кесенесі Нишапур қаласында орналасқан.

3.Донато ди Николло ди Бетто Барди - атақты мүсінші Донателлоның толық аты. Отаны – Флоренция. 1386 жылы дүниеге келген. Ауқатты отбасынан шықса да, әкесінен ертерек айырылып, жетімдік пен жоқшылықтың азабын басынан өткереді. Ешқайда ұзап шыға алмай, өмірінің көбін өзінің туған қаласында өткізді. Еңбек жолы сол кездегі әйгілі мүсінші Лоренцо Гиберти шеберханасында басталды. Донателло қажымай-талмай ізденді, өткен заманнан келіп жеткен өнер ескерткіштерін үлкен ықыласпен зерттеді. Әсіресе антикалық мәдениет үлгілеріне ден қойып, өзінің творчетвосына нәр іздейді.

Бұл кезде Флоренция қаласында атақты Санта Мария дель Фьеро ғибадатханасының құрылысы қызу жүріп жатқан еді. Оның тезірек бітуіне қала әкімдері орасан зор маңыз береді. Ғибаданхананы салуға белгілі сәулет өнерінің маманы, архитектор Филиппо Брунелелески басшылық етеді. Ол сол кезеде жаңа таныла бастаған Донателлоны қызметке шақырып, собордың ішкі жағын әшекейлеуді жүктейді. Жас шебер орасан көп еңбек сіңіріп, өзінің болашағынан зор үміт күттірген мүсінші екенін көрсетеді.

XV ғасырдағы Флоренция ірі өнеркәсіп, мәдениет орталығы еді. Онда неше алуан цехтар жұмыс істейтін. Және олардың әрқайсысының дербес туы, гербі, қамқор әулиесі болды. Сондай қолөнер цехтарының бірі қару-жарақ шығаратын-ды. Оған Георгий әулие қамқорлық етті. Міне, осының барлығы сол кездегі өнердің басты тақырыбына айналды. Бұған дейін де, бұдан кейін де творчествоға өзек болды. Мәселен, суретшілер, мүсіншілер Георгийді алуан қырынан алып бейнелеген еді. Көбіне ақбоз ат мінгізіп сері ретінде көрсететін. Ұзын сапты өткір найзамен алпауыт айдаһарды өлтірген батырдың тұлғасын тек бір қырынан беруге бейім еді. Мысалы, мүсіншілер ауыздығымен алысқан атты, сосын азу тісті алты қарыс айдаһарды мүсіндеумен шектелді. Ал, басты кейіпкер – Георгий ішкі дүниесін тереңірек ашып, кесек тұлғасын жасауға онша мән бермейтін.

Осылай ғасырлар бойы қалыптасқан трафареттен бас тартқан Донателло әулие Георгий образын бүтіндей басқаша бейнеледі. Ол батыр образын мейлінше шынайы етіп көрсетуге тырысты. Георгий мүсінші кескіндеуінде сұңғақ бойлы, талдырмаш жас жігіт. Ол сауыт-сайман асынбай, жеңіл киінген. Жүзінде сабырлылық пен өжеттілік бар. Болат қалқанға сәл ғана сүйеніп, әлденеге ойланған қалыпта. Жанары өткір. Тұлабойын бұла күш кернеген жас батыр қандай да болсын сыннан сүрінбей өтетініне кәміл сеніммен қарайды. «Флоренция республикасына төнген қауіпті жеңу үшін дәл осындай арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты жауынгер, ел қамқоршысы болар азаматтар керек» деген ой туғызады. Донателло бұл туындысы арқылы ердің Отанға деген сүйіспеншілігін, патриоттық сезімін, қаһармандық бейнесін көрсетпек болды. Мүсінші еңбегінің осы қырын кезіндегі Флоренция әкімі Козимо Медичи және өнер сыншылары жоғары бағалаған еді.

1431 жылы Донателло Римге саяхат жасады. «Мәңгі қаладағы» көптеген айнтикалық ескерткіштерді түгелдей көріп, оларды зерттеді. Тіпті соған орай арнайы альбом жасап, оны суретке толтырды. Олардың көбі мүсінші қиялының қағазға түскен алғашқы бедерлері еді. Кейін қолға алмақ шығармаларының сұлбасы еді. Ол әулие Георгийден кейін өз творчествосының бағыт-бағдарын біржола анықтап алады. Артынан өшпейтіндей із қалдырған ерлердің ерлігі, адамзат баласы асқан ұстар адамгершілік қасиеттері оның өзекті де өміршең тақырыбана айналды. Соны ең басты мақсат етіп қойды. Соның бір айғағы, талай ұйқысыз түндерден кейін туған қоладан жасалған Давид мүсіні. Бұл тақырып ежелгі еврейлердің қасиетті кітабы – библиядан алынған. Иуда патшалығы мен филистимлян әскерін көзсіз батыр адам басқарады. Ол – екі иығына екі кісі мінгендей алып тұлғалы, айбынынан  арыстан именгендей аса сұсты Голиаф еді. Оның аты аталған кезде  сен тұр мен атайын дейтін дұшпанның тізесі қалтырап, төбе шашы тік тұратын болған. Еңіреп отырған бала жылауын қояды екен. Сондай айдарынан жел ескен қаскөй батырға қарсы келетін ел ішінен еркек кіндікті бір адам табылмай қояды. Қырық күн бойы қырғын салған ол халықты қанға бөктіреді. Ел басына нәубет төніп тұрған осындай қиын-қыстауда Саул патшаның шатырына бақташы бала Давид кіреді. Иіліп сәлем беріп болған соң: «Қатерлі жауға мен шабамын!» - деп Давид өз тілегін білдіреді. Баланың батылдығына таңқалсада бақай есептілер басындырғысы келмейді. Өзеуреп отырған жұрт оның бұл тілегіне ду күліп, мысқыл сөзбен шығарып салады.

Бірақ бала тілегін қабыл алмасқа да шара қалмайды. Ақыры дүлей күштің тәңірісіндей Голифқа бұғанасы бекіп, қабырғасы қатпаған Давидті қарсы шығарады. Бала қолына бар-жоғы таяқ пен сақпан ұстайды. Мына келемежге күйінген Голиаф долдана ұмтылған сәтте тас салған сақпанды жас батыр айналдырып-айналдырып келіп, жауға қарсы тартып жібереді. Өткір тас сарт етіп Голиафтың маңдайына тиеді. Жай тимейді, маңдай сүйегін парша қылып тесіп өтеді.

Донателло шығармасына арқау болған осы аңыздағы Давид ерлігі шынайы қалпында мүсінделген. Сіз Голиафтың басын алған өр тұлғалы батыр баланың семсерді жерге қадап, сол аяғымен жауының басын басып тұрған сәтін көргенде, осындай жұмбақ сырға тап боласыз. Давидтің кәрленген жүзінен жауыздыққа деген өшпенділік табын, қан жұтқан халқының өшпес кегін көргендей әсерде қаласыз.

Ғасырлар бойы көрген адамның көңілін өсірген осынау  таңғажайып туындыны терең ашып беру үшін мүсіншіге асқан шеберлікпен қатар, сөз жоқ творчестволық батылдық керек болды. Олай дейтініміз, адам сымбатын жалаңаш мүсін арқылы бейнелеу Қайта өрлеу дәуіріндегі өнердің айрықша жаңалықтарының бірі еді. Бұл дәстүрді бір ғасыр өткен соң атықты мүсінші әрі суретші Микеланджело одан әрі дамытты.

Өнер өлкесіне шалқар шабытпен бірге шынайы халық сүйіспеншілігін қатар ала келген Донателло осыдан кейінгі (1443-1453 ж.ж) он жылын Падуя қаласында өткізген. Осы жылдар ішінде қажырлы еңбек, талмас ізденіс «Гаттамелата» сынды кесек дүниені өмірге әкеледі.

Падуя қаласының  орталық алаңындағы Базилика дель Санто ғибадатханасының алдында ауыздығымен алысқан ат үстінде қолбасшы (кондотьер) Эрамзо Нарни Гаттамелата отыр. Барлық саналы өмірін  түн қатып, күн кешкен жорықтарда, қан төгіс соғыстарда өткізген қарт жауынгердің жүзінен батырға тән айбынды аңғарасыз. Тосыннан тиер жауға айбат шеккендей, тіпті қымсыздану қыр көрсеткендей қалып танытады. Тұла бойын сарқылмас күш, жігер мен қайрат кернеп алғандай көзге шалынады. Батырдың сырт тұлғасы арқылы ішкі тылсым иірімдері осылай астасып, осылай көрініс табады. Автордың бұл статуясынан антикалық ескерткіштерге тән кейбір элементтерді де байқауға болады. Ол, сірә, Донателлоның тарихи мұралардан көп үйренгендігін көрсетеді. Және бір айта кететін жайт, Гаттамелата статуясы  Қайта өрлеу дәуірі кезінде жасалған салт аттының тұңғыш мүсіні. Осы себептен Гаттамелата  ескерткіші ғасырлар бойы көптеген мүсіншілер мен суретшілердің үлгі тұтар өнегесі болып келді.

1453 жылы 63 жастағы Донателло туған қаласы Флоренцияға қайта оралды. Күш-қайраты сарқылмаған  кәрі тарлан творчестволық ізденуді тоқтатпады. Көптен бері көңілінде жүрген бір тамаша ойды жүзеге асыруға кірісті. Бұл - өжет қыз Юдифь ерлігі. Миф бойынша Юдифь деген қыздың туған қаласы бір жыл бойы жау қоршауында қалады. Халық жүдеп-жадап, еңсесі түскен кезде әлі бұғанасы қатпаған жас қыз Юдифь көзсіз ерлікті көрсетеді. Түнде қаладан шығып, жау жатағына барады. Арақ пен шарапқа мас болып отырған дұшпан елінің әскер бастығы Олофернді өз қылышымен басын кесіп, елін жаудан аман алып қалады.

Осындай аңызға айналып, ұрпақтан –ұрпаққа хикая болып жеткен тамаша ерлік , жан сүйсінер батырлық талай шеберлердің тіліне тиек, ойына өрнек болған еді. Осы ерлікті көрсету үшін кәрі шебер іске шабыттана кіріседі. Донателло шеберлігінің тағы да бір қырын баяндайтын Юдифь мүсіні біздің заманымызға дейін жетіп, Флоренциядағы Палаццо Векко алаңында қойылды.

Ұлы мүсінші Донателло 1466 жылы 13 желтоқсан күні қайтыс болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет