ПОӘК 042-18. 18. 1-56/01-2015 №1 басылым 11. 09. 2015 80 беттің 2 беті


Жоспар: 1.Тарихи қажеттілік пен кездейсоқтық



бет6/7
Дата08.09.2017
өлшемі1,5 Mb.
#31918
1   2   3   4   5   6   7

Жоспар:

1.Тарихи қажеттілік пен кездейсоқтық

2.Тарихи баламалық пен тарихи шындық

1. Тарихи қажеттелік пен кездейсоқтық ол...

Қажеттілік пен кездейсоқтық – диалектикалық материализмнің негізгі категорияларының бірі жұбы.Қажеттілік – құбылыстардың ішкі мәнінен туатын байланыс. Ол – заң, заңдылық, тәртіп ұғымдарымен біртектес. Қажеттілікке тұрақтылық тән, қажетті құбылыс белгілі бір жағдайда болмай қоймайды. Кездейсоқтық – заттар мен құбылыстардың тікелей мәнінен тумайтын сыртқы байланысын белгілейтін ұғым. Кездейсоқ нәрсенің болуы да, болмауы да мүмкін. Оған белгісіздік, құбылмалық тұрақсыздық тән. Философия тарихында қажеттілік пен кездейсоқтық мәселесін алғаш қойғандар – Ежелгі грек атомистері Левкипп пен Демокрит. Олар қажеттілік пен кездейсоқтықты өзара қатынаста қарасытрады. Демокрит ілімі бойынша бос кеңістікке қозғалатын атомдар болмыстың ішкі мәнін құрайды.

Қажеттілік – ақиқатты атомдар дүниесіне тән қасиет, кездейсоқтық – аумалы-төкпелі, өткінші болмыстың сырт көрінісі. Демокрит физикасында қажеттілік себептілікке барабар қарастырылып, метафизика механистік нышанаға ие болады; кездейсоқтық себепсіздіктің баламасы ретінде жоққа шығарылады. Атомистік ілімді әрі дамытқан грек ойшысы Эпикур, керісінше, фатализмге қарсы шығып, бәрі де кездейсоқ, ешқандай қажеттілік жоқ дейді. Аристотель қажеттілік пен кездейсоқтық объективті деп санап, оны себептілік, мүмкіндік, шындық, мән категорияларымен байланыста деп, олардың арақатынасын аша түсуге ұмтылған. Дегенмен Аристотель қажеттілік пен кездейсоқтықты бір-бірінен бөліп, оларды мақсат ұғымына тәуелді деп санаған. 17-18 ғасырдың ғылымының, әсіресе механиканың күрт дамуына байланысты философия да, жартылас тануда да метафизикалық механикалық детерминизм үстем болды. Бұл концепция бойынша дүниедегі барлық қозғалыс (мысалы, заттардың ұсақ бөлшектерінің де, планеталардың да қозғалысы), барлық құбылыстар қажетті, бәрі де механикалық заңдарға сай белгілі бір себептердің әсерімен болып жатады; кездейсоқтық – құбылыс себебін білгендіктен туған субъективтік ұғым. Ғылым мен практиканың даму дәрежесіне сәйкес осы көзқарасты Ф.Бэкон, Галилей, Декарт, Ньютон, Спиноза, Гольбах және т.б. сол заманның атақты философтары мен ғалымдары жақтады. Француз ғалымы Лаплас механикалық детерминизмнің ең толық, ең айқын анықтамасын береді (Лаплас, Опыт философии теории вероятностей, М., 1908). Сонымен қатар бұл кезде қажеттілік пен кездейсоқтықты түсінуде тағы да бір метафизика көзқарас орын алған.

18 ғасырдың 2-жартысында саяси-әлеуметтік өзгерістер мен ғылымның «жүйеге келтіру» (Ф.Энгельс) сатысына өтуіне байланысты философия мен жаратылыс тануға диалектика ене бастайды. Мұнда алдымен И.Канттың философия ілімін атай кеткен жөн. Кант қажеттілік пен кездейсоқтық категориялары жөнінде де бірқатар диалектикалық ойлар атқан (қажеттіліктің мүмкіндік пен шындыққа қатынасы, қажеттілік пен кездейсоқтықтың қарама-қарсылығы және т.б.). Қажеттілік пен кездейсоқтық ұғымдарының диалектикасын алғаш жүйелі түрде кеңінен көрсеткен – Гегель. Ол қажеттілік пен кездейсоқтықты мән мен құбылыс, мүмкіндік пен шындық, себептілік сияқты категориялармен байланыста қарастырады. Қажеттілік пен кездейсоқтықтың даму сатыларын, олардың бір-біріне өтуін, тығыз байланысын ашады. Алайда Гегель категорияларды абсолюттік идеяның даму кездері деп, объективтік идеализм тұрғысынан түсінген. Диалектика материализмнің негізіг қалаушылар К.Маркс «Капиталында», Ф.Энгельс «Анти-Дюринг», «Табиғат диалектикасы» және т.б. еңбектерінде қажеттілік пен кездейсоқтықтың объективтік мазмұнын, олардың қоғам тану мен табиғат танудағы методологиялық рөлін айқындап берді. В.И.Ленин «Философиялық дәптерлерінде», «Материализм және эмпириокритицизмде» бұл категориялардың себептілік, заңдылық ұғымдарымен арақатынасын, логикалық және танымдық функцияларын талдап, диалектика жүйесіндегі орнын анықтады. Диалектика материализм тұрғысынан қажеттілік пен кездейсоқтық – объективтік шындықтың анықтамалары.

Қажеттілік пен кездейсоқтық – заттар мен құбылыстардың өзара байланысының бір-бірінсіз өмір сүре алмайтын екі полюсі. Қажеттілік, әрине, кездейсоқтық емес, керісінше, кездейсоқтық қажеттілік емес, бірақ шынайы таза қажеттілік те, кездейсоқтық та жоқ. Қажеттілік белгілі бір жағдайда идеалды түрде іске аспайды, әр түрлі ауытқулар, сырттай қосымша жайлар әсерін тигізеді. Сондықтан қажеттілік таза күйнде емес, кездейсоқтықпен тұтасып, бірігіп іске асады. Қажеттілік тек кездейсоқтық арқылы өмір сүреді, солар арқылы көрінеді. Кездейсоқтық бар жерде заңдылық, қажеттілікте бар, соны аша білу керек. Кездейсоқтық түпкілігінде қажеттілікке бағынады, қажеттілікке апарып соғады. Қажеттілік десек, оның кездейсоқтық арқылы көрінетінін, кездейсоқтықтан құралатын, сондықтан қажеттілік сол мезетте сл қатынаста әрі кездейсоқтық екенін, кездейсқтық болса, оның ар жағында қажеттілік барын, қажеттіліктің көріну формасы болатынын, сондықтан кездейсоқтық әрі қажетті екенін естен шығармау керек. Қажеттілік пен кездейсоқтық сонымен бірге әр түрлі қатынастарда орын алмастырып, бір-біріне айналып, даму процесінде диалектикалық сипатын нақтылы байқатады.

Қажеттілік пен кездейсоқтықтың бірлігі айқын көрінеді: кездейсоқтық тобын бөліп-жарып қажеттілік, заңдылық, белгілі бір тәртіптілік байқалады.

2. Адам баласы дүниеге келгеннен  бастап жер еміп, тіршілік нәрін  алатыны дәлелдеуді қажет етпейтін шығар. Сондықтан ғой, «жер ана» деп  оған бас иіп табынатынымыз. Алайда, жер емудің амал-айласы мен әдіс-тәсілдері  әр елде сан алуан түрмен қалыптасқан екен. Табиғаты мен ауа- райы тіршілікке қолайлы өңірде қоныс тепкен, өндірістері қарыштап дамыған елдер әу баста-ақ жермен тікелей қатынасқа көшіп, жайқалып өсіп, көзге көрініп тұрғанын ғана емес, қойнауындағы байлыққа да қолдарын малып үлгерулерінің арқасында қарыштап дамудың шыңына жетсе керек. Ал, көшпенділер біз жер астын айтпағанның өзінде оның үстіндегі өсімдік, шөп атаулыға да ол тұста қол ұшын тигізбедік. Көз алдымызда мөлдіріп, пісіп тұрған жеміс-жидекті үзіп жегенімізді есепке алмай-ақ қоялықшы. Жердің игілігін біз негізінен мал арқылы, одан шығатын өнім арқылы ғана көріп, дәмін таттық. Онымыздың өзі шын мәнінде, делдал арқылы жететін пайдалы коэффициенті шамалы тауар ретінде тұтынылды.

Тарих - шындық, ал, оның дәмі  удай ащы 

Тарихи деректерге көз салсақ, көшпенділер ұрпағының пешенесіне әу баста-ақ, артта қалушылықты жазып қойғандай көрінеді де тұрады. Ежелгі көшпенділер Орта және Орталық Азияда қазіргі қытайлар мен орыстардың арғы ата-бабаларының түсіне кірмей тұрғанда-ақ, алғашқы мемлекетті құрғанын тарихшылар дәлелдеп қойған. Расында, жыл санауымыздан бұрынғы 209 жылы шаңырақ көтерген Ғұн мемлекетінен бастасақ, көшпенділер ел билеудің, өкімет құрудың 2200 жылдан астам тарихы бар ежелгі халықтардың бірі. Бірақ, оның несімен мақтанамыз, қалай масайраймыз деген ой тағы келеді. Тарихи дерекке жүгінейік. Біздің жыл санауымыздан бұрынғы II ғасырда Ғұндар қала салған жоқ. Мал шаруашылығымен шұғылданды, судың тұнығын, шөптің шүйгінін іздеп жылдың төрт мезгілін көші-қонмен өткізді. Ал, VI-IX ғасырларда ежелгі монғол жерімен қоса Орта Азияның көп бөлігін түркі тайпалары биледі. Түркі қағанаты (555-745 жж) тұсында да көшпенділер отырықшылыққа айнала алмады. Әр тайпаға тиесілі жерлері болды, бір көшпенді қайтыс болса, зиратының үстіне оның көзі тірісінде өлтірген адамының санымен тас үйеді екен. X ғасырдан бастап түркі тайпаларының билігі әлсіреп, ақ қорғаннан бері қарайғы кең далада шашырай қоныстанған көшпенділердің сан жүздеген тайпалары нағыз «күндіз отырмаудың, түнде ұйықтамаудың» кебін киіп өзара қан төгісіп, қырқысумен XIII ғасырдың соңы яғни, орта ғасырдың жартысын еңсергені тарихтан мәлім.  «Не шын, тарих ғана шын, қалғанның бәрі жалған» деген афоризмнің жаны бар.  Қалай десек те, көшпенділердің өткен тарихы соғыс пен қайғы-қасіретке толы болғаны ақиқат. Оның ішінде өзгелерден қорғанудан бұрын өздері соғыс ашып, жаулап алғаны басым түсіп жатқандығында да гәп болса керек.  Жалпы кез-келген мемлекеттің тарихы қоғамдық байлықты өсіру үшін жасалатын мәңгілік күрестен тұратыны еш шүбәсіз шындық. Алайда, бұл күрестің міндетті түрде жаулап алу, жорық жасау немесе тонаудан тұруы шарт емес шығар. Амал не, тарих дөңгелегін кері бұра алмайсың.

 

 №12.Тарих ұғым-түсініктердің мағынасы және құрылымы-2 сағат



Жоспар:

1.Тарихи бақылау

2.Тарихи сын деректер

3.Тарихи анализ: себептер мен салдар

1.Оқытудың бақылау және өзіндік бақылау әдісі. Оқыту үрдісінің құрылымында оның бағалаушы-шешуші компонентінің маңызы зор. Жыл бойы оқушылардың оқу үлгерімін тексеру мен бағалау оқытудың белгілі кезеңдеріне тығыз байланысты.

Бұл топқа бақылаудың ауызша әдістері — дербес, фронтальді, тығыздалған сауалнамалар жатады. Соңғысы дара жұмыстардың кателіктерін жоюға негізделген. 15-20 минут аралығында кішкене топтың оқушылары тақтага қысқа жазулар жазумен, карточкамен жұмыс істеумен айналысса,
кейбір оқушылар жауап алушы мұғалімнің орнында болуы мүмкін. Нәтижесінде сыныптың жартысы бағаланса, келесі жолы екінші жартысы бағаланады. Ал мұғалім бүкіл осы жұмыстарды үйлестіріп тұрады.
Бақылаудың жазбаша әдістеріне әр түрлі өзіндік қорытынды жұмыстар: диктант, мазмұндама, шығарма, реферат, баяндама т.б. жатады.
Оқытушы сабақ ерекшелігіне байланысты көптеген кестелер мен сызбаларды оқу материалын түсіндіру барысында қолданса, мұны білімді тексерудің графикалық әдісі деуге болады. Бақылау кезінде оқушыларға кесте толтыру, сызба және сызу немесе өтілген тақырып бойынша графикалық жұмыс жасау ұсынылады.
2. Тарихты оқытудағы бақылаудың әдісі. Бағдарламалап оқыту машинасыз немесе машиналық тәсілде ұйымдастырылады. Алғашқы тәсілде оқу материалы программаланған оқулық кітаптарында беріледі, екіншіде дисплей экранға шығарылады. Оқу материалдарын бағдарламалап оқытудың үш жүйесі бар; бір бағытты материал кішкене бөлшектерге бөлінеді (доза), содан кейін біртіндеп игертуге бағытталады. Оқушылар қателескен немесе жауап бере алмаған жағдайда тармақталған бағдарламаларға қосымша түсініктемелер беріледі. Аралас бағдарлама тармақталған комбинацияда құрылған. Білімді беруді бақылау.

а) Фронтальды және жеке дара жолдармен сұрақ қойып ауызша бақылау, дұрыс жауап мұғаліммен бірге анықталады.


б) Жазбаша бақылау аз уақыт немесе көп уақыт аралығында орындалып, сонымен қатар кең диагностикалық анықтамасымен ерекшеленеді.


в) Лабораториялық бақылау сабақ барысында пайдаланатын оқушылардың құралдармен жұмыс жасай білу. Бұл іс- тәжірбиелер өткізуде,
эксперименталды жұмыстың шешімін шығаруда, биологиялық-географиялық және жазба жұмыстарда өтіледі.


г) Машиналы бақылау. Барлық оқыту пәндерін кезеңдер бойынша игеру барысында, бағдарлама жасалынып электронды-есептеу машинасы қолданады.


д) Текстік бақылау машинамен немесе машинасыз өтіледі.
е) Өздік бақылау-жіберілген қателерді өз бетімен тауып алу, дұрыс еместігін, оны жою тәсілдерін іздестіру бірлігін қалыптастырады.
Оқыту әдісін таңдау. Әдістер өте көптүрлі және шексіз болып келеді.

Тарихи білімді бақылаудың таңдап алуда басшылықты оқушылардың өздігінен білімді игеру мен оқу практикалык даярлығын қалыптастыруға бағыттаса, окушы жеке тұлғалық ерекшелігін ашық шығармашылығын дамытатын потенциальды оқу-танымдық ерекше қасиетін, зерттеушілік ізденімпаз іс-әрекетке бағыттайтын, ғылымды берудің спецификалық таным әдістерін таныстыру, жеке дара психологиялық даму ерекшелігін, оның табиғи және әлеуметтік өндірістік ортасын, мектепке арналған оқыту құралдармен жабдықтаудың, кәсіби даярлық деңгейін, өмірлік іс-тәжірибесі мен мұғалімнің шығармашылықтық ерекшелігін, оның әдістемелік және педагогикалық шеберлігін алу керек.


№13.Тарихты зерттеудің технологиясы-2 сағат

Жоспар:

1.Тарихи таным принциптері мен ұстанымдары

2.Тарихи танымның әдіс-тәсілдері

3.Тарихи факт және оның бағыттары

1.Тарихи таным.  Қазiргi Қазақстан жерiн ежелгi адамзат баласы бұдан 1 млн-дай жыл бұрын мекен еткен. Оны Қаратау, Маңғыстау өңiрлерiнен табылған тұрақтардан алынған материалдар дәлелдейдi. Қазақстан жерiндегi ерте палеолиттiк (эоплейстоценнен бастап б.з.б. 150 — 130 мыңжылдықтарға дейiн) ескерткiштер Қаратау, Сарыарқа, Мұғалжар, Маңғыстау, Ертiс алабынан табылған. Орта палеолитке (мустье) жататын (б.з.б. 150 — 130 мыңжылдықтардан б.з.б. 35 — 30 мыңжылдықтарға дейiн) ескерткiштер де бұл өңiрлерде көп. Кейiнгi палеолит (б.з.б. 30 — 35 мыңжылдықтардан б.з.б. 12 — 10 мыңжылдықтарға дейiн) дәуiрiнде адамзат жерiмiздiң барша аймақтарына тараған. Республика аумағындағы тас дәуiрi әртүрлi ендiктердегi әлемдiк дамудың (олдувей мәдениетi, ашель мәдениетi, мустье мәдениетi, т.б.) барлық заңдылықтарын сақтаған. Ежелгi тас құралдары Қаратау қыратының оңт.-батысындағы Арыстанды өз. алқабының төм. төрттiк дәуiрiне қатысты ең биiк сөресiн құрайтын, тұтасып қатып қалған конгломераттар қабатынан табылған. Қаратау сiлемдерiндегi ашель кезеңiнiң тұрақтары көп. Ең көрнектiлерi Бөрiқазған мен Тәңiрқазғаннан табылған бұйымдар төрт топқа: бiр жақты, екi жақты шапқыш құралдар; зiл мен сындырғыштар; домалақ iрi бұжыр тастар топтарына жатады. Мұндай шапқыш құралдар Оңт.-Шығыс Азия мен Африканың шелль-ашель кезеңiндегi бұйымдарға өте ұқсас. Түркiстан қ. маңындағы Қошқорған, Шоқтас ескерткiштерiнен табылған тас құралдардың жас мөлш. б.з.б. 500 мыңжылдықтан әрi асады. Ашель кезеңiнiң ескерткiштерi Орт. Қазақстаннан (Құдайкөл, Жаманайбат, Обалысан, т.б.), Шығ. Қазақстаннан (Қозыбай), Маңғыстаудан (Шақпақата, т.б.), Мұғалжар тауларынан (Жалпақ, Мұғалжар, т.б.) да табылған. Екi жақты шапқыш (бифас) құрал, әсiресе, соңғы аталған өңiрдегi бiрнеше орындардан зерттелдi. 

Мустье кезеңiне жататын тұрақтардың ең маңыздылары Қаратаудан (Уәлиханов атындағы тұрақ, Шақпақ, т.б.), одан соң Бат. Қазақстаннан (Шақпақата, Құмақапа, Аққыр, т.б.), Сарыарқадан (Бұрма, Семiзбұғы 2-10, Аққошқар, т.б.), Шығ. Қазақстаннан (Бөдене-1, т.б.), Жетiсудан (Ақтоғай, т.б.) табылған. Кейiнгi палеолит жұрттарында бұрынғысынша, ұсақ малта тастардан жасалған шапқыш құралдар, салмақты қырғыштар, үш бұрышты қалақшалар көп, олар дөңгелек тұрпатты өзектастардан омырылып алынған. Омыру техникасы жетiлдiрiлген, көп қырлы призма пiшiндес өзектастар да табыла бастады. Соғып түзету техникасы кең қолданылған, ол жүзi жұқа құралдар — найза, сүңгi ұштарын жасауға мүмкiндiк берген. Бұл кезеңде палеогеогр. жағдай қолайсыздау болғанымен, Қаратау жотасынан (Уәлиханов атынд. тұрақтың жоғ. мәдени қабаттары, Ащысай, Ұшықтас, т.б.), Шығ. Қазақстандағы Ертiс өз-нен (Қанай, Свинчатка, Пещера, Шүлбi, т.б.), Сарысу өз. өңiрi мен Солт. Балқаш өңiрiнен (Семiзбұғы, Тораңғы, Баршын, Батпақ, т.б.) табылған тас бұйымдар осы кезең туралы мейлiнше толық мағлұмат бередi. Палеолиттен мезолитке (б.з.б. 12 — 10 — 5 мыңжылдықтар) өткен кезеңдерде қазiргi кездегiге жуық табиғи келбет орнықты. Садақ пен жебенiң ойлап табылуы аңшылық кәсiпке үлкен мүмкiндiктер туғызды. Бұл дәуiр ескерткiштерi Қазақстанда аз зерттелген. Оңт. Қазақстанда (Маятас, Жаңашiлiк-1-3, т.б.), Орт. Қазақстанда (Қарағанды-15, Әкiмбек, т.б.), Солт. Қазақстанда (Мичурин, Боголюбов-2, Явленко-2, Атбасар, т.б.), Торғай ойпаты аудандарында (Дүзбай-6, т.б.), Қостанай қ. маңында (Дачная, Евгеньевка, т.б.) орналасқан тұрақтар адамдардың шаруашылығынан, дүниетанымынан мол мағлұмат бередi. Неолит (б.з.б. 5 — 3 мыңжылдықтар) дәуiрiнде адамдар өнiм өндiруге бет бұра бастады. Микролиттiк (жебе ұштары, саптамалы құрал жүздерi) және макролиттiк мәдениет (тас балта, қашау, кетпен, дән уатқыш, келi, пышақ, қырғыш, т.б.) дами түстi. Тас өңдеу (тегiстеу, аралау, бұрғылау), сүйектен, мүйiзден, ағаштан бұйым жасау жетiлдi. Қыш ыдыстар жасала бастады. Мекендерiне байланысты неолит, энеолит қоныстарының бұлақтық, өзендiк, көлдiк, үңгiрлiк деп топталатын 600 орны анықталды. Қоныс орындары Қаратау алқабынан (Қараүңгiр, Арыс, Дермене, Тасқотан, т.б.), Арал маңынан (Жалпақ, Ақеспе, т.б.), Сарыарқадан (Жезқазған, Сарыбұлақ, Қарағанды кешендерi, т.б.), Шығ. Қазақстаннан (Соцчигиз, т.б.) табылды. Ақмола обл. Атбасар ауд-ндағы Атбасар мәдениетi (б.з.б. 7 мыңжылдықтың соңы — 6 мыңжылдық басы) жергiлiктi мезолит тайпаларының материалдық негiзiнде қалыптасқан. Мұнда 200-ге тарта тұрақ табылған. Торғай ойпатында неолит дәуiрiне жататын Маханжар мәдениетiнiң тұрақтары ашылған. Сондай-ақ, бұл заман ескерткiштерi Ертiс алабында (Усть-Нарым, Пеньки, Железинка моласы) да көп. Неолит дәуiрiнде дәстүрлi аңшылық, балық аулау, терiмшiлiк сақталды. Өндiрушi шаруашылық негiзi — қарапайым егiншiлiк пен мал ш. пайда болды. Бұл энеолиттiк (б.з.б. 3 — 2 мыңжылдықтар) тұрақтардан айқын көрiнедi. Көкшетаудағы Ботай бекетi жанындағы Ботай мәдениетi, Торғайдағы Терсек мәдениетi солт. өңiрлердегi далалық энеолиттi сипаттайды. Осы мәдениеттердiң көптеген материалдық деректерi байырғы адамдардың дiни нанымынан, шаруашылық жайынан хабар бередi. Күнделiктi өмiрде бiрқатар заттар мыстан жасала бастаған. Қола дәуiрiнде (б.з.б. 2 — 1 мыңжылдықтар) мыс пен қола металлургиясы дамыды (қ. Ежелгi кен қазбалары). Тайпалар мал және егiн ш-тарымен кешендi түрде айналыса бастады. Еңбек өнiмдiлiгi артты. Жеке отбасылар оқшауланды, отбасылық меншiк кеңейдi, рулық қауым iшiнде мүлiк теңсiздiгi өстi. Қола — еңбек құралдары мен қару жасау үшiн қолданылатын негiзгi шикiзат көзiне айналды. Қола дәуiрiнде Сiбiрдiң, Жайық өңiрiнiң, Қазақстан және Орта Азияның ұлан-ғайыр далаларын тегi жағынан және тарихи тағдырларының ортақтығы жағынан туыс тайпалар мекендедi; бұл тайпалар өзiнше бiр үлгiдегi жарқын мәдениет қалдырды. Мұны 1914 ж. Сiбiрдегi Ачинск қ-ның маңынан табылған Андрон деревнясы атымен аталатын Андрон мәдениетiн қалдырған тайпалар ескерткiштерiнен көруге болады. Андрон мәдени-қауымдастығы таралған аймағына және өзiндiк белгiлерiне қарай үш тарихи кезеңге бөлiнедi: ерте кезеңi — б.з.б. 18 — 16 ғ-лардағы Петров мәдениетi; орта кезеңi — б.з.б. 15 — 12 ғ-лардағы Алакөл-Атасу, Федоров-Нұра мәдениеттерi; соңғы кезеңi — б.з.б. 11 — 9(8) ғ-лардағы Алексеев, Замараев, Сарығары, Беғазы-Дәндiбай мәдениеттерi. Ғылымда Андрон мәдени-тарихи қауымдастығы тарихи кезеңдерiне қатысты түрлi пiкiрлер бар. Дегенмен, ғалымдардың көбi бұл кезеңдер бiрiн-бiрi алмастырып отырды деген пiкiрге тоқтаған. Қола дәуiрiндегi әрбiр мәдениет жерлеу құрылыстарымен, қабiрге қойылған заттарымен ерекшеленедi. Бұл кезеңде түрлi металдардың қорытпаларынан еңбек құралдарын (пышақ, орақ, шалғы, балта), қару-жарақ (қанжар, найза, жебе ұштықтары), әшекейлiк бұйымдар (тоға, бiлезiк, моншақ, тарақ) жасау жетiлдiрiлдi. Ертедегi шеберлер металл құю, соғу, бедерлеу, өрнек салу, тегiстеу, әрлеу тәсiлдерiн жақсы меңгере бастады. Тас құралдары да (дән уатқыш, келi-келсап) бұрынғысынша пайдаланыла бердi. Мүйiз, сүйек, шақпақ, тас, қыш, терi, жүн, ағаштардан бұйымдар жасау iсi жетiле түстi. Мал ш. мен кен байыту iсi қоғамдағы ер адамдар рөлiн күшейттi. Бұл өз кезегiнде аналық тек үстемдiгiн аталық тек билiгiнiң алмастыруына алып келдi. Дiни ұғымда отқа, ата-баба аруағына табыну түрлерi кең тарала бастады. Қола дәуiрiнiң өзiндiк мәдени кезеңдерi Қазақстанның барлық аймақтарынан байқалады.

2. Ғылыми танымның әдістері

Жоғарыда сипатталған ғылыми зерттеулердің құрылымы, кең мағынада ғылыми танымның тәсілі немесе ғылыми әдістің өзі болып табылады. Әдіс – бұл белгілі бір қорытындыға жетуге көмектесетін әрекеттердің жиынтығы. Эмпирикалық ғылымның негізін салушылардың бірі - Ф.Бэкон танымның әдісін циркульмен салыстырған. Әрбір адамның ойлау қабілетінің деңгейі әртүрлі, сол себепті барлық адамдардың жетістікке жетуге деген мүмкіндіктерін теңестіру үшін белгілі бір құрал керек. Ғылыми әдіс осындай құрал болып табылады. Сондай – ақ, әдіс адамдардың мүмкіндіктерін теңестіріп қана қоймай, олардың іс - әрекетін біркелкі жасап, ғылыми зерттеулердің ұқсас нәтижесін алуға ықпал етеді.
Қазіргі заманғы ғылым белгілі методологияға, яғни қолданылатын әдістердің жиынтығына негізделген. Осыған қоса әрбір ғылым саласы тек қана арнаулы объектіге ғана емес, сол объектіге сәйкес арнаулы әдіске де ие болады.
Зерттелетін заттардың әртүрлілігінен пайда болатын, жаратылыстану ғылымы мен гуманитарлық танымның методологиялары арасында бірқатар айырмашылықтар бар. Жаратылыстану ғылымы методологиясында заттың жеке ерекшіліктері ескерілмейді, себебі ол баяғыда қалыптасып зерттеушінің назарынан тыс қалған. Мысалы, тарих ғылымында заттың пайда болуын, оның жеке ерекшіліктерінің толығымен қарастырады. Әлеуметтік танымның методологиясы жаратылыстану методологиясынан пәннің өзіндегі айырмашылықтары бойынша ажыратылады: 1) әлеуметтік таным өзін - өзі жоюшы нәтижеге алып келеді (“биржаның заңдарын білу осы заңдардың өзін жоюға әкеліп соғады”-деп жазды кибернетиканың негізін салушы Н.Винер); 2) егер жаратылыстану ғылымдары танымында жекелеген фактілер бірдей болса, әлеуметтік танымда ондай емес. Сондықтан, әлеуметтік таным методологиясы фактілерді жалпылап қана қоймай, сонымен бірге ол аса үлкен маңызға ие индивидуалды фактілермен жұмыс істейді. Осы фактілерден объективті үрдіс пайда болып, солармен де түсіндіріледі. Гуманитарлық таным методологиясының өзіне тән ерекшелігі осында.

Қазіргі заманғы ғылымда жаратылыстану және гуманитарлық ғылымдардың методологияларының бір-біріне жақындасу тенденциясы байқалуда, бірақ олардың негізгі және қағидалық айырмашылықтары әлі де сақталуда.

Ғылыми әдістер эмпирикалық және теориялық әдістер болып бөлінеді.
Эмпирикалық әдістерге төмендегілер жатқызылған:
1) бақылау – объективті шынайылықты арнайы түрде қабылдау;

2) суреттеу – объектілер туралы мәліметті табиғи және жасанды тілдің көмегімен бекіту;
3) өлшеу- объектілерді ұқсас қасиеттері немесе белгілері бойынша салыстыру;
4) тәжірибе жасау – құбылысқайталанған кезде қажетті жағдайлар қайталакғанына байланыстыөзгерістерді арнаулы дайындалған орындар арқылы бақылау.
Зерттеулердің теориялық деңгейіндегі ғылыми әдістерге төмендегілер жатқызылады:
1) формаландыру - зерттеліп отырған шынайы процестердің мағынасын ашатын абстрактылы-математикалық модельдер құру;
2) аксиомаландыру – дәлелдеуді керек етпейтін аксиомалар, яғни дәлелдеуді қажет етпейтін тұжырымдардың негізінде теория құру;
3) гипотетикалық - дедуктивтік әдіс – нәтижесінде эмпирикалық фактілер тұжырымдалатын бір-бірімен, дедуктивті байланыста болатын гипотезалардың жүйесін жасау.
Зерттеу әдістерінің классификациясы аса күрделі мәселе болғанның өзінде де, дәстүрлі түрде оларды үш топқа: жалпы ғылыми, интерғылыми және жеке ғылыми әдістерге бөлу қабылданған. Жалпы ғылыми әдістер барлық ғылым салаларына тән және оларды біріктіретін зерттеу объектісінде пайдаланылатын логикалық әдістерді, яғни: бақылау мен тәжірибе, анализ бен синтез, жорамал мен гипотеза, индукция мен дедукция, аналогия, классификация мен систематизация, генетикалық әдіс, т.б. біріктіреді. Интерғылыми әдістерге – экстрополяция, интерполяция, модельдеу, ретроспекция, эксперттік бағалау, т.б. жатады. Жеке ғылыми әдістердің көптеген ғылыми топтары бар. 
Жалпы ғылыми әдістер ішінде төмендегілерді бөліп көрсетуге болады:
- анализ – жан-жақты зерттеу мақсатында бүтін бір затты құрамдас бөліктерге (жақтарына, белгілеріне, қасиеттеріне және т.б) бөлу;
- синтез – заттың құрамдас бөліктерін біртұтас затқа біріктіру;
- абстракциялау - зерттеліп отырған құбылыстың қажетті емес қасиеттері мен қарым-қатынастарынан зерттеуге керек қасиеттері мен қарым-қатынастарын бөліп алу;
- жалпылау – объектілердің жалпы белгілері мен қасиеттерін анықтауға мүмкіндік беретін ойлау әдісі;
- индукция – жеке қорытулар негізінде жалпы тұжырым жасауға мүмкіндік беретін зертеу мен талқылау әдісі;
- дедукция – жалпы тұжырымнан жеке тұжырым жасауға мүмкіндік беретін талқылау әдісі;
- аналогия – объектілердің бірдей белгілерінің ұқсастығы негізінде олардың ұқсастығы туралы айтуға үмкіндік беретін таным әдісі, басқаша айтқанда, аналогия - ғылымның бір саласындағы қатынастардың, оның екінші саласына транспозициялануы, мысалға: тарихи аналогия, кеңістіктік аналогия және т.б
- классификация- зерттелетін пәннің зерттеушіге қажетті маңызды белгілері бойынша түрлі топтарға бөлу (әсіресе, биология, геология, география, кристаллогрфия, т.б. ғылымдардың түрлі бөлімдері).
Зерттеу процесі барысында төмендегідей интерғылыми әдістер қолданылады:
• экстрополяция – ойдың дамуы немесе белгілі бір тарихи кезеңдегі тенденциялардың ашылуы, яғни жасалған заңдар мен тұжырымдардың бақылау аймағынан басқа аймаққа ауысуы;
• интерполяция - құбылыстардың динамикалық қатарында көрінбейтін, бірақ осы қатар мүшелерінің арақатынасын ашу негізінде параметрлерді, функцияларды, көрсеткіштерді табу;
• модельдеу – шынайы түрде бар процестер мен құбылыстардың логикалық, информациялық және графикалық құрылымын жасау, яғни объектілерді жеңілдетілген түрінде бейнелеу; модельдеу – түпнұсқаның зерттеушіні қызықтыратын қажетті жақтарының дәлме – дәл көшірмесін түсіру арқылы зерттеу;
• ретроспекция- объектінің жүйелі түрдегі сипаттамасын алу үшін зерттеу объектісінің тарихи дамуын зерттеу, яғни оның әртүрлі уақыт кезеңдеріндегі дамуының динамикалық қатарын зерттеу;
• эксперттік бағалау - эксперттің немесе эксперттердің тұжырымдары мен ойлары;
Күрделі құрылымды объектілерге анализ жасау үшін төмендегі әдістерді қолданады:
- декомпозиция – үлкен жалпы бір мақсатты бірнеше топтарға бөлу;
- селекция – зерттелуге келетін варианттарды іріктеп алып, маңызы жоқ фактілерді алып тастау;
- агрегирование – жекелеген сипаттамаларды жалпы сипаттамаға біріктіру.
Егер объектінің құрылымы жүйесіз болса, оны талдау үшін дезагрегациялау, яғни жалпылаушы сипаттамаларды жеке сипаттамаларға жекелендіреді.
Жоғарыда айтылып өткен әдістердің немесе тәсілдің ешқайсысы да, дара түрде зерттеудің негізіділігін, дәлділігі мен дәйектілігін қажетті деңгейде қамтамасыз ете алмайды. Сол себепті зерттеуде жоғары нәтижеге жету үшін олардың бірнеше түрінің жиынтығын пайдалану ғана тиімді бола алады. 
3. Тарихи факт және оның бағыттары.

Ғылыми танымның логикасы мен парадигмалары
Зерттеу құралдарына түрлі процедуралар, әдістер, тәсілдер, методикалар, жүйелер мен методологиялар кіреді. Бұл түсініктер төмендегі логикалық қатарды құрайды. Әдіс - зерттеу барысында белгілі бір қорытынды алуға бағытталған, бір немесе бірнеше метематикалық, немесе логикалық операциялардың теорияға немесе практикаға негізделген түрі. Процедура – белгілі бір операциялар жиынтығының орындалуын қамтамасыз ететін іс-әрекеттердің жиынтығы. Тәсіл – күрделі әдіс болып табылады, ол зерттеу барысындағы бірнеше нысаналы әдістердің жиынтығы. Методика – бір немесе бірнеше әдістер жиынтығына негізделген зерттеу жолдары, немесе олардың жиынтығына негізделген әдістер. Методология - зерттеу әдістері, жүйелері мен методтары жөніндегі білімнің жиынтығы. Жүйе – күрделі құбылыстар мен процестерді зерттеу үшін қажетті техникалық құралдар мен методикалардың жиынтығы.Ғылыми танымның нәтижелері түсініктерді қалыптастырумен аяқталады. Ғылымның түсініктілігі бір-бірімен тығыз байланысты аксиомалар, теоремалар мен тұжырымдардың қатаң логикалық құрылысымен түсіндіріледі. Түсініктер көп жақты құрылымға біріктірілген. Теория – бұл түсініктің кеңейтілген түрі. Кез келген ғылыми теория – Евклидтің не Н.И.Лобачевскийдің геометриясы, кванттық механика, не қазіргі заманғы космогония - түсініктердің қалыптасуының мысалы бола алады. Түсініктердің қалыптасуы - үздіксіз жүретін күрделі үрдіс. Әрбір ғылым белгілі бір заңдылықтарға бағынатын түсініктер жүйесі болып табылады.


14.Тарихи сана ұғымы-2 сағат

Жоспар:

1.Тарихи сана деген не?

2.Мемлекетшілдік сана деп...

1.Тарихи сана - тәуелсіздіктің рухани тұғыры. Жиырмасыншы жүзжылдықта қоғамдық сананың барлық қырларын тарихшылдықтың, яғни сананың тарихилануының жаулап алғаны соншалық, даулы да күрделі мәселелерімен ерекшеленетін тарих философиясы қызу пікірталастардың өзегіне айналды. Өйткені қазіргі заманның өз бойына әлеуметтік жадымен сипатталатын өткен шақты да, болашақты бағдарлаумен түсіндірілетін келер шақты да енгізетін осы шақты білдіретіні санаға сіңді. Мәуелі ағаштың тереңге бойлап, құнарлы топырақтан нәр алатын тамырынсыз жапырақ жайып көгермейтіні сияқты, жеміс бермейтіні сияқты қазіргі заман да өткеннің тарихынан тағылым алып, сабақтастығын сақтамаса келешектен күдер үзері сөзсіз. Оның үстіне, қазіргі әлемде қалыптасқан әлеуметтік-мәдени ахуал, адамның ментальдық болмысының дамуындағы қайшылықтар, рухани дамудағы келеңсіз құбылыстар, сондай-ақ жаhандық қаржылық, экономикалық дағдарыстың астарынан қоғамдық өмірдің барлық салаларын қамтыған рухани тоқыраудың бой көрсетуі – осы үдерістердің барлығы адамзат дамуының келешегін болжауға қатысты ғана емес, оның тарихына, тарихи санасы мен тарихи құндылықтарына қатысты да зерттеулерге деген қызығушылықты тудырады. Бүгінгі жағдай қоғамдық деңгейдегі болсын немесе жеке тұлғалық деңгейдегі болсын, арнаулы ғылыми немесе бұқаралық санадағы болсын тарихи сананың мәні мен маңызын, оның мазмұны мен құрылымын, қалыптасу тетіктері мен қызмет ету заңдылықтарын теориялық тұрғыда ашып көрсетуді қажет етеді.

Тарихи сана – бұл бүгінгі ұрпақтың әлеуметтік жады. Әлеуметтік жады формасы жағынан әмбебап және мазмұны жағынан нақты болып келеді. Сондықтан да тарихи сана қашанда нақты- тарихи, әлеуметтік, ұлттық және индивидуалдық мазмұнмен тол- тырылады. Қазіргі кезеңде әлеуметтік жадының үш деңгейінде де – жаhандық деңгейінде, ұлттық деңгейде және жеке тұлғалық дәрежеде түбірлі өзгерістер болып жатыр: адамдық индивидуалдық деңгейде антропологиялық төңкеріс орын алды, әлеуметтік немесе этностық деңгейде ұлттық сана-сезімнің бұрын-соңды болмаған дүмпуі байқалды, ал жалпыадамзаттық деңгейде ақпараттық жаhандану үдерісін бастан кешіп отырмыз. Бұл өзгерістер, өз кезегінде тарихи сана мәселесін күн тәртібінің алдыңғы қатарына шығарып отыр. Әлеуметтік-мәдени еспен сипатталатын тарихи жады немесе тарихи сана неғұрлым терең болған сайын адам да, тұтастай алғанда қоғам да рухани бай бо- лады. Бүгінгіні түсіну мен болашақты болжау үшін өткенді білу тарихи білімнің негізгі арқалайтын жүгі екендігі рас. Ал тарихи білім берудің мақсаты жан-жақты дамыған тұлғаның ойлау мәдениетінің қажетті компоненті ретіндегі тарихи сананың элементтерін адам бойында қалыптастырумен ұштасып жатады.

Тарихи эрудиция – бұл тұлғаның рухани байлығы. Алдыңғы буынның жинақтаған әлеуметтік-мәдени тәжірибесіне тереңірек енген сайын қазіргі адамның өмірлік және азаматтық ұстанымы да айқындала түседі. Тарихи білім адамның ғылыми дүниетанымының қалыптасуына, оның бойында адамгершілік мұраттардың егілуіне ықпал етеді. Отанға деген сүйіспеншілік, оның өткені мен бүгінін мақтан тұту патриотизм деп аталатын сезімдердің құйылысын тудырады. Бірнеше ғасырларды қамтыған отаршылдық нәтижесіндегі рухани күйзелістен кейін тәуелсіздігіне қол жеткізгеніне жиырма жыл енді толып отырған Қазақстанның қазіргі жағдайында ұлттық бірегейлік пен мәдени тұтастықты қалыптастыру ең көкейтесті мәселенің бірі болып отыр. Барлық ізгі рухани белсенділіктер басылып қалатын жағдайдан шығып, шынайы еркіндікке қол жеткізу қазіргі жаhандастырудың қатаң бәсекелестігі жағдайында саяси, әлеуметтік-экономикалық дербестікпен қатар, рухани тәуелсіздікке ие болуды да қажет етеді. Бұл үшін замана ағымына лайықты сырттан енгізілген соңғы, бірақ барлық руханилықтан жұрдай жалаң технологияларды енгізу жеткіліксіз, мәңгүрттік және маргиналдық жағдайдан арылу үшін ұлт тәрізді күрделі жүйенің қалыпты өмір- қамын қамтамасыз ететін төлтума тарих пен мәдениеттің өзегін құрайтын ұлттық дүниетанымды, рухани қайнарларды қайта қалпына келтіру арқылы қоғамның өзіндік тарихи санасын қалыптастыру керек. Тарих өткен шақпен, адами жадымен және әлеуметтік еспен байланысты болғандықтан, бұған төл тарихты тану арқылы қол жеткізуге болады. Яғни ұлттық мәдениеттің негізін құрайтын іргелі құндылықтарды – адамдарды рухани тұрғыда оятатын ана тілі мен дәстүрді жаңғыртумен қатар, халықтың тарихи өткенін толығы- мен, жан-жақты зерттеулер арқылы қалпына келтіру, тарихи өзіндік сананы қалыптастыру тәуелсіздіктің рухани тұғырын құрайды. Кеңес дәуіріндегі жетпіс жыл бойы халқымыздың өзіне лайық тарихы тұмшаланып айтылмай келгені, айтылса да саясаттың ыңғайына қарай бұрмаланып, теріс түсіндіріліп келгені белгілі. Шынайы тарихи дамуды түсіндіру амалдары маркстік-лениндік әдіснамаға сай, тап күресін таңумен сипатталды. Кезінде тек еуразиялық аймақтың дамуына ғана емес, әлемдік дамуға да өзіндік ықпалын тигізген Қазақстан мен Орталық Азиядағы үш мыңжылдық көшпелі мәдениет еуроорталықтық көзқарастағы әдебиеттерде алғашқы қауымдық, жабайылық ретінде қарастырылып, ұлттық тарихтағы өркениеттік, мемлекеттік дәстүр жоққа шығарылды. Қоғамдық және мәдени дамудың батыстық үлгіден түбірлі айырмашылықтары ескерілмеді. Қазақстанның Ресейге кіруінің себеп-салдары асыра дәріптелді, оның отаршылдық саясатының астарлары бүркемеленді. Қазақ халқының әлеуметтік және мәдени тарихына деген нигилистік көзқарас қалыптасты. Осы себепті тарихи әділеттілікті қалпына келтіріп, ұлттық тарихи өзіндік сананы түлету бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің біріне айналды және бұл отандық тарих ғылымына ғана емес, философияға да зор міндеттер жүктейді. Кез келген қоғамдық ғылымдардың өзінің пайда болуы, қалыптасуы мен дамуы, яғни тарихы болатындықтан, олардың іргетасын құрайтын тарих ғылымы бұрмалаушылықтан, үрдісшілдіктен, бұра тартушылықтан, апологетикадан тазарып, объективті айғақтар мен дұрыс хронологияға сүйенгені дұрыс, ал оған философия ғылымы үнемі дүниетанымдық нәр беріп отыруы тиіс. Адамды әлемнің ғылыми кескінінен тысқа шығарып жіберетін рационалдылықтың классикалық типінен бас тартқан қазіргі ғылым интеграциясы пәнаралық синтезді қажет етеді. Нақты тарихи айғақтар мен ғылыми мәліметтерге негізделе отырып, тарихи үдерістердің даму қисыны мен заңдылықтарын тарих философиясы зерттейді. Зерттеу тақырыбы мейлінше күрделі осы мәселемен айналысатын бұл ғылым саласына келер болсақ, батыстық гуманитаристикамен салыстырғанда, кешегі кеңестік жүйенің де, біздің республикамыздың да қоғамдық ғылымдары кенжелеп қалғаны рас. Қазақстандық қоғамның әлеуметтік-мәдени өмірінде тарихи  сананы жаңғыртып қалыптастыру тәрізді маңызды міндетті іске асыруда біздің мемлекетіміз бірқатар маңызды іс-шараларды атқарды. Қызыл қырғын мен жаппай қуғын-сүргіннің алпыс жылдығына орай- ластыра отырып, 1997 жылдың «Қоғамдық келісім және саяси қуғын сүргін құрбандарын еске алу жылы» болып жариялануы, келесі 1998 жылдың «Халық бірлігі мен ұлттық тарих жылы» деп аталуы, ғасырлар тоғысындағы 2000 жылдың «Мәдениетті қолдау жылы» деп жариялануы, 2004 жылдан бастап «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылуы нәтижесінде тарихи әділет үстемдік алып, зерде жаңарып, сана сауыққандай болды. Төл тарихымызды, елдік дәстүр, халықтық тағдыр-талайымызды танып білуде, ескерткіш мұрағаттарымызды жинастыру мен сараптауда біраз жетістіктерге қол жетті. Жинақталған мәдени мұра мен рухани қазынаның дәнін тауып, сөлін сүзіп ұлттың кәдесіне жарату зия- лы қауым мен ғылымдарға жүктелетін шаруа. Бұл маңызды да өзекті мәселеге Қазақстанның елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың да қалам тартып, көлемді еңбектер жазғаны белгілі, оның ішінде «Тарих толқынында» кітабын ерек- ше атап өтуге болады. Бұл еңбекте халқымыздың тарихи өзіндік санасының ерекшеліктеріне мынадай баға берілген: «Қазақ болмысының келесі бір ерекшелігі – оның тарихшылдығы. Қара халықтың тарихтан хабардарлығы мейлінше жоғары болған. Керек десеңіз, білім институттарының дамыған жүйесі бар бүгінгі күннің өзін бұрынғы қазақтардың санасындағы жаппай тарихшылдықпен салыстыруға болмайды»  . Біз бұл еңбекте қазақ халқының тарихи санасының қалыпта- суын тәуелсіздік идеясымен байланыстырып отырмыз, өйткені кез келген халықтың тарихи өзіндік санасындағы қатпарлы ақиқаттарда туған жерді, ата мекенді немесе отанды жатжерліктерден қорғап, еркіндікті сақтап қалуға қатысты тарихи уақиғалар мәңгіге орын алып қалады. Тәуелсіздік түсінігі әрбір халық үшін мейлінше қастерлі ұғым болып табылады. Оның тағлымы терең астарларын тарихтың қойнауы нан, ата-бабамыздың өткенінен, оның сан ғасырлық арма- нынан із де ген жөн. Сонау сақ заманынан немесе әлімсақтан бері ата қонысты парсылардан, түркілердің жужандардан қорғаудан, бертінде қазақ хандығының тұтастығын сақ таудан, оның ішінде жоңғарлармен, қоқандық тар мен, ресейліктермен болған шайқас- тардан осы тәуелсіздікке де ген ұмтылысты байқаймыз. Ұлт-азаттық күрес тарихынан бір Ресей отаршылдығының өзіне қарсы 300-ге жуық көтерілістер белгілі. Ақы рында «ақтабан шұбырындыдан» асып түскен «қызыл қырғынды» бастан кешіп барып, ата-бабамыздың аңсаған арманы  ХХ ғасырдың соңында жүзеге асты. Үстіміздегі жылдың 28 қаңтарында Ақордада Мемлекет бас шысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығын өткізу жөнінде кеңес өткізді. Сол жиында Елбасы былай деп атап өтті: «Жолдауда мен еліміз Тәуелсіздігінің 20 жылдығын мерекелеу мәселесін ерекше атап өттім.

Тәуелсіздік – бұл біздің басты байлығымыз, баға жеткізгісіз жетістігіміз. Жас елдің тарихындағы жаңа дәуір шынтуайтында өзінің бастауын Тәуелсіздіктен алады. Жасампаз, сенімді және қарқынды даму дәуірінен. Сондықтан Тәуелсіздік мерейтойы ерекше мәнге ие». Еліміз үшін өте маңызды осы мәселенің өзектілігін түсіне отырып, тарихи сана қалыптасуы мен дамуын біз қазақ халқының тарихы мен мәдениетінің негізінде қарастыруды және тарихи сана эволюциясындағы тәуелсіздік идеясының өзегін көрсетіп беруді мақсат тұттық. Бұл үшін алдымен тарихи сана мәселесінің әлемдік және отандық ғылыми әдебиетте қойылуы мен талдануын зердеден өткізіп алған жөн. Жоғарыда атап өткендей, ХХ ғасырда табиғи және әлеуметтік өмірде орын алған ғаламат өзгерістер адамзаттың алдына жаhандық мәселелерді қойды. Қоғамдық дамудағы нақты тарихи, жаhандық және ауқымды тарихтың, ашық тарих пен жабық тарихтың, микротарих пен макротарих арақатынастары, ұлттық және таптық мәселелердің қойылуы мен олардың шешілуі, дәстүр мен жаңашылдықтың, ұжымдық ес пен дара индивидуалдық жадының, теориялық тарихи сана мен бұқаралық сананың арақатынастары мәселелері гуманитарлық ғылымның барлық салаларын қамтыды. Теориялық тарихи ой дамуындағы соңғы онжылдықтарда қалыптасқан бұл ахуал ғылыми әлемде «тарихнамалық төңкеріс» деген атауға ие болды. Бұл ұғымды тарих философиясы мен әдіснамасын терең зерттеген орыс зерттеушісі М.А. Баргтың енгізгенін айта кету керек: «Тарих ғылымының ғылыми қорындағы бүгінгі күні болып жатқан өзгерістерді біз тарихнамалық төңкеріс деп атасақ, артық айтпаймыз». Бұл ұғымның қазақстандық тарих ғылымының әдіснамасында кеңінен тарамағанына қарамастан, отандық тарихи ғылымдағы бұрынғы кеңестік сарынның сақталғанына қарамастан, тәуелсіздік алғаннан кейінгі төл тарихтың ақтаңдақтарын ашудан, нақты тарихи мәселелерге қатысты әр алуан пікірлердің, баламалы тарихтардың айтылуынан шыға отырып, «тарихнамалық төңкеріс» ұғымының қоғамдық өмір мен ғылымдағы орын алған өзгерістердің мазмұнын анықтайтынын аңғаруға болады. Кеңестік ғылымда қалыптасқан бұл жаңа ахуалдың теориялық нышандары әлеуметтік зерттеулердің мәселелерін талдаудағы әртүрлі бағыттардан көрінеді: философиялық-әлеуметтанымдық , мәдениеттанымдық және әдіснамалық-тарихи . Бұл бағыттардың соңғысы тарих ғылымының әдістемелік мәселелерін талдау негізінде қалыптасты. Осы мәселелерді соңғы екі онжылдықтар бойы, әсіресе кеңестік империяның ыдырауымен қалыптасқан достастық елдері кеңістігінде, оның ішінде қазақ халқының тәуелсіздікке қол жеткізуімен белсенді түрде талдануы әлеуметтік шарттылық туралы, тарихи білімнің қызметі мен мақсаты туралы мәселелерді кеңінен қойып, оны тарихи танымға деген гносеологиялық тәсілдің шеңберінен тысқа алып шықты. Соның нәтижесінде «тарихи сана» ұғымының екі мағынасы келіп шығады: тарихнамалық көзқарастарға сай келетін тар мағынасындағы және дүниетанымдық парадигма сипатына ие кең мағынасында. Отандық ғылым үшін бұл таңсық тақырып шетелдің тарих философиясында он тоғызыншы ғасырдың соңынан бері талқыланып келеді. Гуманитарлық саладағы бұл бағыттың пайда болуы объективтік тарих идеясының дағдарысқа түсуімен және тарихи танымның мәнін, тарихилық пен антитарихилық сананың арақатынасын іздеумен байланысты орын алды. Ф. Ницшенің, Г.Риккерттің, В.Дильтейдің, Г.Зиммельдің, Э.Трельчтің, М.Вебердің, К.Поппердің жұмыстары осы тақырыпқа арналды. Дүниетанымның бір тәсілі ретіндегі тарихи сана тақырыбының ерекше танымалдығы бастапқыда феноменологиялық философияда, кейінірек герменевтикалық бағытта көрінді (Э.Гуссерль, М.Хайдеггер, Г.Г.Гадамер, П.Рикер). Ғылыми-теориялық тарихи сананың анағұрлым жоғары деңгейі ретіндегі тарих философиясының мәселелері шетелдік ғалымдардың үнемі назарында болды. Тарихи үдерістің «болмысы», тарихтың мәні, әлеуметтік детерминизм мәселелері О.Шпенглердің, А.Тойнбидің, П.Сорокиннің, К. Ясперстің және т.б. іргелі еңбектерінің өзегін құрады. Р. Аронның, Б. Кроченің, Р.Дж. Коллингвудтың және т.б зерттеулері тарихи өткенді зерттеудің логикалық-теориялық және әдіснамалық мәселелері ретіндегі тарих философиясының пәнін зерттеуге арналды. Тарих пен қоғамға деген жаңа көзқарастың тұжырымдамасын ұсынған «Анналдар» деп аталатын мектептің қабырғасынан шық- қан ғалымдардың еңбектерін ерекше бағыт ретінде атап өтуге бо- лады. «Анналдардың» француздық мектебінің өкілдері (М. Блок, Ле Февр, Ф. Бродель, Ж. Дюби, Ж. ле Гофф және басқалары) тың тақырыптар көтеріп, «жаңа тарихи ғылымның» пайда болуына, тарихтың әдіснамасын анағұрлым терең зерттеуге, оның ұғымдық аппаратын пайымдауға, оның әлеуметтік философиялық астарларын зерделеуге үлкен ықпал етті. Олар адамзаттың әлеуметтік-мәдени тарихын зерттеудің жүйелік–үлгілік, типологиялық, кроссмәдени әдістерін пайдаланды, соңғы кездері әлеуметтік ғылымдар әдістеріне көбірек сүйеніп келеді. Адамның өз өткенін пайымдауы мәселесі дәстүрлі философиялық мәселелердің қатарына жатқанымен және бұл тұтастай бір философиялық бағыт – тарих философиясының негізгі пәнін құрағанымен, тарихи сананы зерттеу кеңестік әдебиетте маркстік парадигманың қыспағында болды.

Тарихи сана мәселесі ғылыми ізденістің өз алдына дербес тақырыбы ретінде бүгінгі күні көршілес ресейлік ғылым мен философияда кең қанат жайып отыр. Ал Қазақстанда тарихи сана тақырыбы тәуелсіздіктен кейінгі ұлттық сананың жаппай оянуы, тарихи ақтаңдақтарды қалпына келтіру, тарихи әділеттікті орнату үдерістері барысында бұқаралық баспасөз беттерін жаулап алғанымен, отандық философия мен әлеуметтік ғылымдарда арнайы әдіснамалық түрдегі зерттеулер саусақпен санарлықтай ғана еді. Тарих философиясы тақырыбына қалам тартқан некен-саяқ ғалымдардың бірі, профессор Досмұхаммед Кішібеков аталмыш мәселенің күрделілігін былайша сипаттайды: «Бізде қоғамның тарихын зерттеуге қатысты жұмыс жаман емес, халықтардың көп- томдық тарихы, тарихтың жекелеген кезеңдері бойынша монографиялар, оқулықтар жарық көріп жатыр. Бірақ зерттеудің артта қалған кесіндісі тарих философиясы болып отыр... Тарихты тұтастай қарастыру дүниетанымдық ғылымдар өкілдерінің ғана қолдарынан келеді» [13, 47 б.]. Дегенмен, жалпы тарихи сана мен оның қоғамдық болмыспен байланысы, қазақ халқының тарихи өзіндік санасы туралы жекелеген философиялық мәселелер С. Ақатай, Қ.Ә. Әбішев, С.Б. Бөлекбаев, М.С. Бурабаев, Т. Бурбаев, Т.Х. Ғабитов, Ғ. Есім, М.З. Изотов, А. Қасабек, А.Х. Қасымжанов, Ә. Қодар, Қ.Ш. Нұрланова, С.Е. Нұрмұратов, Ә.Н. Нысанбаев, Ж.Ж. Молдабеков, Ж. Мүтәліпов, С. Мырзалы, М.С. Орынбеков, Д.С. Раев, М. Сәбит, А.А. Хамидов, Қ. Әлжан және т.б. елімізге кеңінен танымал философ-ғалымдардың жұмыстарында қарастырылды.  Ғарифолла Есімнің «Сана болмысы» деген жалпы атаумен жарық көрген он кітабында (1994 –2006) қазақ қоғамы мен оның рухани ерекшеліктері жөніндегі қоғамдық ғылымдарда орныққан кейбір түсініктер мен ұғымдардың құндылығы қайта бағаланады. Оларда дәстүрлі қазақ қоғамы мен оның қазіргі жағдайында таптық формациялық теорияға негізделген өлшемдерден қол үзіп, өркениетті өлшем түрлеріне өтудің кейбір мәселелері тиянақты шешім тапқан . Ұлттың тарихи өзіндік санасының өсуіне және әлемдік ақыл- ойдың тарихын игеруге мемлекеттік «Мәде ни мұра» бағдар ламасы аясында академик Ә. Нысанбаевтың жетекшілігімен елімізге танымал ғалымдардың қатысып, қазақ тілінде жарық көрген 20 томдық «Қазақ халқының философиялық мұрасы» мен 20 томдық «Әлемдік филосо фия  лық мұра» атты кітап серияларының ерекше әсер етері сөзсіз. Тарихи сананы жаңғырту мен рухани мұраны игерудегі пайдасы орасан зор, әлемде теңдесі жоқ бұл бағдарламаға аталмыш еңбектің авторы да атсалысып, «Қазақ халқының тарих философиясы» (6-том) және «ХХ ғасырдың тарих философиясы» (16-том) томдары бойынша аударма жасап, ғылыми комментарийлер жазды. Тарихи сананы зерттеудің бұл бағыттарының жетістіктерін атап өте келе, ондағы көптеген мәселелердің басы ашылмағанын айта кету керек. Тарихи сананың жалпы табиғатына, оның құрылымдық элементтері мен ұйымдасу деңгейлеріне қатысты, тарихтың теория- сы мен әдіснамасына, оның әлеуметтік философиялық қырларына байланысты мәселелер, біздің пікірімізше, одан әрі зерттеуді талап етеді.

2. Мемлекетшілдік сана деп... Білім жетілдіруді жас кезден бастау керек десек, мектептегі білім берудің сапасын көтеру, жетілдіру өз алдына, әр отбасында оқуға деген ынтаның, ықыластың жоғары болғаны аса маңызды. Мектепте мұғалімі талап қойғанмен, үйінде ата-анасы оқу туралы аузын ашпаса, білімге құштарлық танытпаса, өзгеден бұрын өнегесін беретін, тіпті, туабітті мінез-құлқын да қабылдататын  әке-шешесінің ықпалы болмаса, бала оқуды қажетсіне ме? Мектепке оқуға ынта-ықылассыз марғау бала  осындай отбасынан келеді.  «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» деген мәтел шын айтылған.

Десек те, мен мұғалім жауапкер­шілігін жеңілдеткім келіп отырған жоқ. Ол халықтың баласын оқытады, мемлекеттің ертеңгі тұтқаларын өсіреді. Солардың негізі мектепте қаланады. Осыны ойлағанда, яғни, ұлттың бола­шағын ойға алғанда, мектеп мұғалімінің жауапкершілігі одан сайын артады. Мен мұны 35 жылдық ұстаздық тәжірибеме сүйеніп  айтып отырмын.

Менің ойымша, әр мұғалімнің тұла бойында мемлекетшілдік сана-сезім атойлап алға шығып, әр сөзінен емес, әр ісінен көрініп тұруы қажет. Мұғалім мемлекетшіл болмай, мемлекеттік мүдде тұрғысынан ойламай, сол тұрғыда әрекет етпей, балаға ондай рухты сіңіре алмайды. Сіңірмек тұрмақ, қабылдата алмайды. Бала көреді, көргенмен, көңілі сенбесе көкейіне қондырмайды. Естиді, естігені   санасына қозғау салмаса, есінде сақтамайды. Тыңдайды, бірақ, тыңдағаны жүрегіне ұяламаса, жадына тоқымайды.

Айтқанын баланың көкейіне қондыру үшін, есінде сақтату үшін, жүрегіне ұялату үшін қайтпек керек? Мұғалімнің өзі жан-жүрегімен, бүкіл болмысымен мемлекетшіл-патриот болуы керек. Өзі өзіне сенбесе, өзінің сөзі мен ісінде  жалғандық болса, әрекетінің бәрі – зая. Мұғалімге ондай сана-сезім, яғни, мемлекетшілдік  көзқарас университет қабырғасында оқып жүрген студенттік кезінен қалыптасады. Өзім қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін 1974 жылы тәмәмдағанмын. Қызым да осы оқу орнын  жақсы аяқтап, соның нәтижесінде  2011-2012 жылдары  Ұлыбританияда Брайтон қаласындағы Сассекс университетінде магистра­турада оқып қайтты. Байқағаным – әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде  студенттердің санасына мемлекетшілдік рух мақсатты да жүйелі түрде бірінші курстан бастап сіңіріледі екен. Оны студенттің өзі де байқамай қалады. Ал бітіріп шыққанда міндетті түрде алдымен мемлекетінің ертеңін ойлап әрекет ете бастайды. Мен қызымның іс-әрекетінен осыны аңғардым. Жоғары оқу орнынан мемлекетшілдік сананы қабылдаған жас маман мектепке барғанда қайтпек? Әрине,  оны ұдайы жаңғыр­тып, жаңартып, толықтырып отырмақ керек.

Мектептегі мұғалім мемлекет­шілдікті күнделікті қоғамның ты­нысына үнемі құлақ түріп, ағымдағы мемлекеттік саясаттан, оның ауаны­нан ақпарат құралдары арқылы оқып-тоқып, белгілі бір қорытынды шығарып, соны жүзеге асыру үшін әрекет ету жолында үйренеді. Әрекетсіз жалаң ұран жарға жығады.

Елбасымыздың «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жол­дауында айтылған ойларды жүзеге асырамыз десек, ең алдымен, мұға­лімдердің мемлекетшілдік санасын, халықтық патриотизмін шыңдауымыз керек, алдымен.


15. Тарих ел ертеңін бағыттайтын ғылым-2 сағат

Жоспар:

1.Бүгінгі тарих ғылымының дамуы

2. «Мәңгілік ел» идеясының тарихи санаға ықпалы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет