ПОӘК 042-18-18 31/03-2013 №1 басылым 18. 09. 2013



бет6/7
Дата28.01.2018
өлшемі1,66 Mb.
#34668
1   2   3   4   5   6   7

2-сұрақ: «Конституция» деген сөздің латын тілінен аудармасы «құрылғы», «жарғы», «заң» деген мағыналарды береді.. Бірінші конституция 1787 жылы қабылданып, осы күнге дейін қолданып келе жатқан АҚШ-тың Конституциясы болып табылады. Ал тәуелсіз Қазақстан Республикасында 1993 және 1995 жылдары қабылданды. Конституцияның басқа құқықтық нормативтік кесімдерден ерекшеліктері мынадай:

-қоғамдық қатынастардың негізін қалайды;

-құқықтың негізгі бастауы болып табылады;

-ең жоғарғы заңдық күші бар;

-оның ерекше тәртіппен қабылдануы;

Ұлттың басқа ешбір бөлігіне бірде бір адамға өзгеше артықшылық немесе құқықтан үзінді болмайды, адамдардың барлығына қажет бөлігінде тегін, азаматтардың барлығына халыққа ортақ білім беру қамтамасыз етіледі және ұйымдастырылады делінген.

Соңғы Қазақ КСР-нің Конституциясы 1978 жылы қабылданды. Дегенмен Конституциядағының көпшілігі жай формальдық мәні бар дүниелер болды. Ол айтылған кемшіліктердің өзі Конституция қабылданғаннан кейін-ақ бірден байқалды. Бұл Конституция кеңестік Қазақстанның соңғы Конституциясы еді. Онда азаматтардың барлық демократиялық құқықтары мен бостандықтары түгел қарастырылған. Басқа ел Конституцияларынан кем соқпайтын Заң болды. Жаңа Конституция дамыған социализм тұжырымдамасын заң жүзінде бекітті. Ондағы бір қағида- сол заманның Коммунистік партиясы барлық халықтардың, ұлттардың, жеке адамдардың тағдырын бір өзі ғана шешті.

Елдегі Желтоқсан оқиғасы ХХ ғасырдың 90- жылдарында КСРО құрамындағы елдердің өміріне айшықты саяси өзгеріс әкелді. Солардың бірі қазақ тарихына алтын әріптермен жазылған саяси –заңды өзгеріс 1993 жылы 28-қаңтарда қабылданған Тәуелсіз Қазақстанның бірінші Конституциясы еді. Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігін нығайтуда, халыққа қызмет ететін, азаматтардың кең көлемді құқықтары мен бостандықтарын т.б. жариялаудағы халықтың еркін білдіретін мемлекеттік жаңа органдар құруға бұл Конституцияның зор маңызы болды. 1993 жылғы Конституция халық деген ұғымға таптық сипаттама беруден тұңғыш рет бас тартты.

1994 жылы Жоғарғы Кеңес пен маслихаттардың сайлауы өтті. Халық кәсіби жаңа Парламенттен әлеуметтік бағытта жұмыс істейтін қоғамның экономикалық құқықтық базасын жасауға көшті. Бірақ бұрынғы сарқыншақтардың сақталып, өткен сайлау системасында бұрмаланудың болуы, заң баптарындағы ойланбай жазылған мазмұндар мемлекет пен халық мүддесіне сай келмегендіктен жаңадан заңға талқылау, талдау жасап қайта қабылдауға заңдық күші бар өте маңызды жарлықтар шығарылды. Сондықтан қоғамдық өмірдің өзі Конституцияны қайта қарау туралы мәселені көтерді. Конституцияны талқыға салу баспасөзде жарияланды.

Бір топ заңгерлердің қатысуымен Конституцияның жаңа жобасы жасалып, бүкіл халықтың талқылауына ұсынылды. 30 тамызда 1995 жылы өткен референдумда Ата Заң қабылданды. Қабылданған Заң 9 бөлім, 98 баптан тұрады. (Кесте -1)




1 бөлім

Жалпы ереже

2 бөлім

Адам және азамат

3 бөлім

Президент

4 бөлім

Парламент

5 бөлім

Үкімет

6 бөлім

Конституциялық кеңес

7 бөлім

Сот және соттар төрелігі

8 бөлім

Жергілікті өкілді және өзін-өзі басқару

9 бөлім

Қортынды

Қазақстан Республикасының Конституциясы - демократиялық, өркениетті даму жолына түскен мемлекет пен қоғамның неізгі, басты нормативтік актісі.

Конституцияны Қазақстанның халқы қабылдады. Онда халықтың еркі білдірілген. Тәуелсіз елдің 2-ші Конституциясында мемлекетті басқарудың нысаны түбірімен өзгертіліп, өкімет билігінің жаңа жүйесі заңдастырылған. Парламенттің қызметі мен өкілеттілігі де ықшамдалған. Жаңа Конституция бойынша 5-9 желтоқсанда 1995 жылы екі палаталы Парламентке сайлау өтті, осыдан кейін елімізде қоғам өмірін демократияландыруда ілгері басқандық айқын көрінді. Макроэкономикалық тұрақтандыру және құрылымдық-институциялық өзгерістер саласында қол жеткен оңды нәтижелер байқалды. Алдымен экномиканы нарықтандыру, саяси тұрақтылықпен халық тұрмысы мәселелері бірінен кейін бірі тәуелсіз елдің заңдылығына айналып, шынайы көрнімтерді беруге көшірілді.

Конституциялық заңды біліп қана қою жеткіліксіз, оған қоса заңдардың шығу мақсаттарында қандай себептерден құралатындығына да назар аударған дұрыс. Сондай анықтама Қазақстан Республикасының Конституциясының (1995жыл) алғашқы сөзінде қарастылыған Айта кетсек: «Біз, ортақ тарихи тағдыр біріктірген Қазақстан халқы, байырғы қазақ жерінде мемлекеттілік құра отырып, өзімізді еркіндік, теңдік және татулық мұраттарына берілген бейбітшіл азаматтық қоғам деп ұғына отырып, дүниежүзілік қоғамдастықта лайықты орын алуды тілей отырып, қазіргі және болашақ ұрпақтар алдындағы жоғары жауапкершілігімізді сезіне отырып, өзіміздің егемендік құқығымызды негізге ала отырып, осы Конституцияны қабылдаймыз» деген сөздермен басталады.

Конституцияның маңызды ерекшелігі- ол, бір жағынан мемлекеттің, екінші жағынан қоғамның негізгі заңы болып табылады. Мұның өзі мемлекеттік биліктің қайнар көзі ретіндегі және қоғамның әлеуметтік базасы (ұстаушысы) ретіндегі халықтың мәртебесімен байланысты. Конституция мемлекетті барлық өзгеше белгілерімен (территориясы, рәміздері, халқы, салығы мен қаржысы, тәртіп органдары т.б.) қоса құрады. Және мемлекеттің егемендігін баянды етеді.

1995 жылғы Конституция бойынша Қазақстан біртұтас мемлекет болып табылады. 90 жылдардың екінші жартысында көптеген істер тындырылып, мемлекеттің Ата Заңы ел мүддесі үшін заңдық қызметті көрсетіп, заманның талабына сай өзгертулер мен толықтырылуларды қажет етті. Соның нәтижесінде 1998 жылы Ата Заңға алғашқы өзгертулер мен толықтыруар енгізіліп, егеменді елдің дамуының сара жолына арналған талай-талай заңдар жобасы өмірге келді. ХХ ғасырдың соңы Қазақстан Республикасының саяси-экономикалық және мәдени-құқықтық жағдайына қамқорлығын жасап, 2007 жылы қайта өзгерістер мен толықтырулар енгізуді талап етті.

Сонымен 1991 жылдың желтоқсан айында КСРО ыдырап, құрамындағы одақтас республикалар егемендігімен тәуелсіздігін алған дербес мемлекеттер құрды. Қазақ КСР жойылды. Оның аумағында 1991 жылдың 10-желтоқсаны Қазақстан Республикасы деп аталатын жаңа мемлекет пайда болды. Құрылған күннен бастап құқықтық актілер қабылданып, жаңа мемлекеттің негізі қаланды. Оларға жататындар:

1.Қазақ ССР-нің мемлекеттік тәуелсіздігі туралы декларациясы.

2.Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Заңы.

3.1993 жылғы және 1995 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциялары. Аталған конституциялық кесімдер Қазақстанның тәуелсіздігін, дербестігін жариялап, демократиялық, құқықтық мемлекет құрудың негіздерін қалады.

Республикалық референдумында қабылданған Конституция, оның жоғары заңдық күші бар және еліміздегі барлық іс-қимыл мен қалыптасушы жүйелердің нормативті базасы болып табылады. Республиканың барлық аумағына қолданылады. Бейнелей айтсақ, бұл Конституция - мемлекетке қоғамның құқықтық сенімі және халықтың берген төлқұжаты деуге болады. Қазақстан Республикасының Конституциясы республикалық құрылыстың негізін, мемлекеттік билік жүйесін және Қазақстан мемлекеті мен азаматының қатынасын белгілейді. Адам және оның өмірі мен құқықтары, бостандықтарын Конституция мемлекеттің ең қымбат қазынасы деп танып, мемлекеттің сол үшін қызмет етуі тиістігін атап көрсетеді.
Тақырып 14. Тәуелсіздік және Қазақстан мемлкеттілігінің қалыптасуы

1.Желтоқсан оқиғасының батыр-қаһармандары

2.Егеменді елдің басшысы-Н.Ә.Назарбаев
1-сұрақ: Тоқырау жылдарында Одақтың барлық аумағында, оның ішінде Қазақстанда да басқару ісінде жағымпаздық, парақорлық, рушылдық, жершілдік сияқты көптеген келеңсіз құбылыстар орын алғаны белгілі.

Бұл жылдары ұлт саясатында, әлеуметтік-экономикалық және кадр мәселелерінде көптеген ауытқушылыққа жол берілді. Жалпы барлық кеңес қоғамында бұл кезде қоғамдық ойдың мәні өзгеріп, сөз бен істің арасында алшақтық, қайшылық кең өріс алды. Кадр мәселелерін шешу партия комитеттерінің тек бірінші басшыларының айтуымен, солардың таңдауы-мен жүретін болды. Оларды іріктеуде тек туыстық, жерлестік, бастыққа берілгендік жағдайлар маңызды рөл атқарды. Бұл Коммунистік партияның, соның ішінде Қазақстан Компартиясының да барлық деңгейінде керініс тапты. Көптеген басшы партия қызметкерлері мен партия комитеттері ескіше қызмет етті.

Қазақстан Компартиясының Орталық Комитеті құрамында сапалық өзгерістер аз болды. Осыдан келіп, аса маңызды мәселелерді шешуде принципсіздік, тұрақсыздық, қоғамдағы жағымсыз жағдайларды жасыруға, аздаған жақсы істерді ерекше мадақтап, жоғары көтермелеп тек жақсы жағынан көрсетуге тырысты. Сол кездегі Республика Министрлер Кеңесінің төрағасы Н. Ә. Назарбаев 1986 жылғы ақпан айында өткен Қазақстан Компартиясы XVI съезінде жасаған баяндамасында және съезде шығып сөйлеген басқа да делегаттар осындай келеңсіз жағдайларды өткір сынға алды. Олар көптеген күрделі және маңызды мәселелерді партия комитеттерінің дер кезінде шешпейтінін, олардың қызметі ауқымынан тыс қалатынын, күрделі мәселелерді шешуге ескіше қараудың кеңінен орын алып отырғанын ешқандай бүкпесіз айтып берді.

Қазақстанның жоғарғы органдарына орталықтан басшы кадрлар жіберу кеңінен орын алды. Оларды қызметке жібергенде жергілікті жердің пікірі, республиканың тарихи жағдайы, оның салт-дәстүрі есепке алынбады. Мұндай жағдай 1986 жылғы 16 желтоқсан күні Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Д. А. Қонаевты орнынан алған кезде айырықша көзге түсті. Пленум мәжілісі небары 18 минутқа созылды. Осы уақыт ішінде 22 жыл Қазақстан Компартиясын басқарған

Д. А. Қонаев қызметінен алынып, оның орнына Мәскеу жіберген Г. В. Колбин сайланды. Мұның өзі қайта құру мен демократиядан үлкен үміт күтіп отырған республика халқының, соның ішінде қазақ жастарының наразылығын туғызды. Пленум өткеннен кейін екінші күні Орталық партия Комитеті үйі алдындағы алаңға өздерінің Пленум шешімімен келіспейтіндігін білдіру үшін жұмысшы және студент жастар, оқушылар жиналды. Олардың қолдарында ұстаған ұрандарының арасында «Әр халықтың өз ұлттық көсемі болу керек» деген ұран болды.

Мұндай көсемнің Қазақстанда тұратын орыс халқы өкілдерінен де мүмкін екендігі айтылды. Міне, осындай күрделі жағдайда Г. В. Колбин партия Орталық Комитетінің бюро мәжілісін шақыртып, оған С. М. Мұқашев, Н. Ә. Назарбаев, 3. К. Камалиденов, О. С. Мирошхин, М. С. Меңдібаев А. П. Рыбников, Л. Е. Даулетова, В. Н. Лобов, т. б. катысты. Бірақ олар алаңға шыққан жастардың жүрегіне жол таба алмады.

Алаңда болып жатқан жағдай, республика басшыларының, соның ішінде Г. В. Колбиннің ойында қазақ жастарының арасында елдегі социалистік құрылысқа қарсы астыртын әрекет, ұлтшыл ұйым бар деген пайымдау мен арам пиғылды туғызды. Бірақ ондай ұйымның бар-жоқтығы кейін қанша тексерсе де анықталмады. Алаңда жиналған халық пен милиция және әскерлер арасында қақтығысулар жүрді. Ереуілге қатысушылар таспен, таяқпен қаруланып жазалаушыларға қарсылық көрсетті. Олар жастарға мұздай су шашып, алаңнан қуу үшін алаңға әкелінген бірнеше өрт сөндіргіш машиналарды өртеп жіберді. Қақтығысудың барысында Е. Сыпатаев және С. Савицкий деген азаматтар қаза тапты. Осыған байланысты үкімет органдары алаңға шығушыларға қарсы күш қолдана бастады. Алматыға басқа жерлерден арнайы әскери бөлімдер әкелінді. Осылайша тәуелсіздіктің тұғырын қалауға себепкер болға қазақ жастарының бейбіт шеруінің нәтижесінде тәуелсіз ел болдық.

1987 жылғы шілдеде КОКП Орталық Комитеті "Қазақ республикалық партия үйымдарының еңбекшілерге интернационалдық және патриоттық тәрбие беру жұмысы туралы" арнайы қаулы қабылдады. Онда 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы Қазақстандағы ұлтшылдықтың көрінісі деп ба-ғаланды. Бірақ кейіннен бүл шешім қате деп табылды. Өйткені қазақ халқы ешуақытта ұлтшыл болып корінген емес еді. Қазақ халқы ежелден-ақ басқа ұлттың баласын бауырына басқан, жат елді өз бауырындай сыйлаған ұлы халық еді. Ұлы халықтың баласы болуды құдай бізге жазғанды әрқашан мақтан тұту керек.

Қазақ жастарының 1986 жылғы желтоқсандағы шеруінің түрі ұлттық болғанымен ұлтшылдық емес еді. Ол басқа халықтарға, соның ішінде орыс халқына қарсы бағытталмаған болатын. Шеру саяси сипаттағы бейбіт демонстрация еді, мемлекеттік құрылысты құлатуға шақырған жоқ-ты. Бірақ республиканың және орталықтың партиялық-бюрократиялық қрылымы тарапынан ол экстремистік пиғылдағы ұлтшыл жастар тобының бүлігі деп бағаланды. Жүйе оны "Қазақ ұлтшылдығы" деп айыптауға дейін барды.
2-сұрақ: Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлы (1940) – тәуелсіз Қазақстанның тұнғыш Президенті. Туып-өскен жері-Алматы облысының Қарасай ауданына қарасты Шамалған ауылы. Днепродзержинск техникалық училищесін (1960), Қарағанды металлургия комбинатына қарасты жоғары техникалық оқу орынын (1967), Кеңес Одағы коммунистік партиясы Орталық комитетіне қарасты Жоғары партия мектебін (1976) бітірген. Экономика ғылымның докторы, академик.

Еңбек жолын 1960 жылы Теміртау қаласындағы Қарағанды металлургия комбинатында қатардағы жұмысшы болып бастап, домна пешінің аға газдаушылығына дейінгі жолдан өтті. 1969 жылдан бастап комсомол және партия жұмысына ауысты. Жоғары мемлекеттік және партиялық қызметтерді 1979 жылы Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің хатшысы болып сайланған кезден атқара бастады. Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы Министрлер Кеңесінің төрағасы (1984-1989), әрі Кеңес Одағы Коммунистік партиясы Орталық Комитеті Саяси бюросының мүшесі (1990-1991), Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы Жоғарғы Кеңесінің төрағасы (1990 жылдың ақпан-сәуір айлары) болып қызмет атқарды. Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының Жоғарғы Кеңесі 1990 жылдың 24 сәуірінде Н.Ә.Назарбаевты Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының ең алғашқы Президенті етіп сайлады.

Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының Президенті ретіндегі қызметінің заңға сәйкес екенін 1991 жылы 1 желтоқсанда өткен ең алғашқы бүкілхалықтық сайлау одан әрі орнықтыра түсті. Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы атауының Қазақстан Республикасы болып өзгеруіне байланысты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің қаулысына сәйкес Н.Ә.Назарбаев 1991 жылы 10 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президенті лауазымымен қызметке кірісті. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Басқолбасшысы, Қазақстан халықтары Ассамблеясының Төрағасы, Қазақтардың Дүние жүзі Қауымдастығының Төрағасы. Қазақстанның, Ресейдің, Өзбекстанның және басқа да бірқатар шет елдің жоғары ордендері мен медальдарымен марапатталған.

Нұрсұлтан Әбішұлы әлемнің аса ірі мемлекет басшылары мойындаған қазақ мемлекетінің ең алғашқы басшысы, дүние жүзіне әйгілі саясаткерлердің бірі. Ол ел басқару ісінде халықтың ғасырлар бойы жинақталған бай тәжірибесі мен әлемдік тәжірибені тал бойына тоғыстырған алымды да алғыр басшы. Ел өмірінің алуан салалы тіршілік-тынысын терең білу, маңдай тіреген проблемалардың ең елеулісін тап басып тани алу, ел ішіндік және әлемдік ахуалдармен санаса отырып ұрымтал әрекеттерге бару, сол жолда таңдалған бағытын табандылықпен жүзеге асыру- Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың мемлекет басшысы ретіндегі басты қасиеті. Н.Назарбаевтың бастамасымен тәуелсіз қазақ елінде дүниежүзілік-тарихи маңызы бар істер атқарылды. 1991 жылдың күзінде 40 жылдан астам уақыт бойы адамзат баласына от бүркіп, апат қауіпін төндіріп келген Семей ядролық сынақ полигоны жабылды. 459 ядролық жарылыс өткен бұл полигон енді мәңгіге тыншыды.

Туған елінің тыныштығын, адамзаттың қауіпсіздігін ту еткен Н.Назарбаев Америка Құрама Штаттарының, Ресейдің, Францияның билеушілерімен ұзақ та күрделі келіссөздер жүргізіп, ядролық қаруды Қазақстаннан аластауға 1994 жылы келісті. Бұл біз үшін өтеуі қымбат келісім еді. Өйткені ядролық державалар (АҚШ, Англия, Россия, Қытай, Франция) Қазақстанның тәуелсіздігіне, егемендігіне және бүгінгі шекараларының өзгермейтініне құрметін білдірді, Қазақстанның тәуелсіздігіне территориялық біртұтастығына қарсы күш қолданбауға міндеттенді, Қазақстанға экономикалық қысым көрсетуге бармайтынын мәлімдеді. 1995 жылы соңғы ядролық қару қазақ елінен әкетілді. Осылайша адамзат тарихында тұңғыш рет жойқын қарудан ерікті түрде бас тартқан мемлекет пайда болды. Президент Н.Назарбаевтың көптеген бері қолға алып, практикаға енгізіп келе жатқан іргелі идеясы-Еуразиялық одақ құру. Бұл, әрине, бұрынғы Кеңестер Одағын тірілту емес. Еуразиялық одақ қос құрлықты мекендеген мемлекеттер мен халықтар арасындағы интеграцияны жаңа сапалы биіктікке көтеру. Алғашқы нәтижеге де қол жетті.

2000 жылдың күзінен бері бес мемлекеттің басын қосқан еуразиялық экономикалық одақ өміп сүріп келеді. ЮНЕСКО күнтізбесіне Абайдың 150 жылдық, М.Әуезов пен Қ.Сәтбаевтың 100 жылдық, Түркістанның 1500 жылдық мерейтойларының енуі, Париж бен Лондонда, Берлин мен Токиода қазақ арыстарының аттары құрметпен аталып, ән-күйлеріміз бұрынғыдай жалтаңкөзденбей, барынша еркін, қуанышты көңілде шалқуы мәдениетімізді, өнерімізді, ғылымымызды ғана түлетіп отырған жоқ, санамызды, дүниетанымымызды, мінезімізді де жаңаша қалыптастыруда.

Қазақстанның тәуелсіздігі жылдарында қыруар іс атқарылды. Бірақ олардың ішінде екеуін атап өту керек. Біріншісі – 1997 жылы Президент Н.Назарбаев ұсынған «Қазақстан – 2030» даму стратегиясы, екіншісі –елорданың Алматыдан Астанаға көшірілуі. Үш ғасырға жуық уақыт бойы отаршылдықтың тауқыметін тартып, этнос ретінде шалажансар халге түскен қазақ халқын ел етіп, ТМД елдерінің аясындағы ең көп тілді, көп конфессиялы Қазақстанның еңсесін көтеріп, тәуелсіздік жолымен алып жүру міндеті Нұрсұлтан Әбішұлының маңдайына жазылды. Бұл жолда да тәуелсіздікті тәу ететін, шынайы демократияға ұмтылған, ұлтаралық түсіністік пен достықты өмір салты еткен, болашағына сеніммен қадам басқан қазақстандықтардың символына айнала білді.

Тақырып 15. Қазақ мемлекетінің стратегиясы

1.Президент және жаңа Астана

2.Мемлекеттік саясат

3.Сыртқы саясат басымдықтары


1-сұрақ. Астана — бұл кең даладағы жай қала ғана емес, саяси ерік-жігер көрінісінің нышаны . Бұл саяси батыл қадам. Астана шаңырағы әлі де болса биіктей түспек. Жаңа астананың келешегі бүтіндей XXI ғасырдың еншісінде жатыр. Ал оның ертеңгі еңсесін көтеретін бүгінгі жас жеткіншектеріміз.

Сарыарқаның сары белінде Қанжығалы қарт Бөгенбай елінде ұлан-байтақ қазақ жерінің қасиетті орталығында мемлекетіміздің жаңа астанасының бой көтеруі, жаңа бір мәдени-ғылыми һәм саяси-экономикалық алып ортаның, Отанымыздың күретамырына қан жүгіртетін, жан бітіретін сәулетті, қуатты орданың дүниеге келуі, әлбетте, барша жақсылықтардың игіліктердің шоғырлануы.Тарихқа үңілсек, 1830 жылдың маусым айында Есіл өзені бойындағы Қараөткел тұсында Астана қаласының алғашқы іргетасы қаланды. 1832 жылы Ақмола ішкі округі ресми түрде жарияланып, оның округтік аға сұлтаны болып Қоңырқұлжа Құдаймендіұлы тағайындалды. Ал 1838 жылы Ресей империясының отаршылдық саясатына қарсылық білдірген жергілікті халықтың көтеріліс деңгейін іле-шала Кенесары Қасымұлы Ақмола бекінісін алу үшін патша әскерлеріне қарсы алғаш шабуыл жасады.Сөздікке жүгініп, парсы түбірінен қазақша түсінігін іздейтін болсақ, астана — табалдырық, босаға, кіре беріс, сарайдың қақпасы, салтанатты орда есігі деген ұғымдарды білдірнді. Парсыша үндестігі астан (асетан) деп келеді. Келе-келе қазақта жұрт бас қосар орын, халық жиналып ақылдасар жер, ел ағалары байлам-бәтуа айтар орталық мәніне ие болғанға ұқсайды

Елімізді шыңғыс әулеті билеген заманда орталық деген мағына бірте-бірте моңғол мен түрік халықтарының әскери-әкімшілік аймағы ұғымын білдіретін орда сөзімен алмаса бастады. Оның соңғы жұрнағы — Бөкей хандығының астанасы болған, бүгінгі таңда атауы сақталған Орда қаласы.Парсы тілінде мекен, жер, ел дегенді білдіретін стан сөзі де бүгінгі Қазақстан аумағына сол тұста деген. Түркі тектес халықтардың киелі астанасы Түркістан аталуы, бір қиырымыздың Моғолстан екені бұған дәлел. Сол кездегі ғылыми-тарихи әдебиетте түркі халықтары мекендеген өлкеге орай стан түбірінің кеңінен қолданылуы нәтижесінде кейіннен қазақ тілінде астана сөзі қалыптасқан деген болжам қисынсыз көрінбес. Аудармалары сәл алшақтау болғанымен, стан мен астана (астан) түбірлерінің мағына ортақтығы бүгінгі парсы елінің өз мысалынан аңғарылып тұр. Иранда әкімшілік бөліністер остан аталып, аймақтарының дені Систан, Белужстан, Лорестан, Хұзестан болып келеді.Сарай. Орда. Астана! Билік орталығын білдіретін осынау ежелгі атауларды қазақ халқы мәңгіге еншілеп, мағыналас ұғымда қолдануының өзі тарихтың тамаша сыйы емес пе! Сарайдың ордаға орын беруі ұлы оқиғаларға байланысты үрдіс. Ал орданың кешегі жиырмасыншы жылдары астана мағынасына айналуы тым тез—бір жылда, тіпті бір күнде болған оқиға деген болжамға батылдық жасағалы отырмыз. 1925 жылдың сәуірінде Қазақстанның орталығын Орынбордан Ақмешітке көшіру туралы шешім қабылданды. Орынбор алты жыл бойы әуелі Қазревкомның, кейіннен Қазақ АССР-інің үкімет органдары орналасқан қала болғанымен, ел астанасы деп ресми атала қойған жоқ. Сол кездің құжаттарынан, баспасөзі мен әдебиетінен астана деген атуды кездестіре қоймаймыз. Ал Ақмешітті Қазақ елінің шын орталығы ету жөнінде ұйғарым алынғанда, кеңестік республика астанасының атауында мешіт сөзінің тұруы сол кездің идеологиясымен үйлесе қоймағаны анық. Орталық ұғымындағы орда сөзінің кәдеге асқаны сонда. Революция символы қызыл сөзімен кірігіп, Қызылорда атаулы қала пайда болды. Алайда, бір қиындығы ендігі жерде «Қазақстанның ордасы Қызылорда» деген қосарлы тіркес тұрақты қолданылуы тиіс еді. Орталық ұғымына синоним боларлықтай тың сөз қажет еді. Зиялы азаматтар осылайша халық жадында , жыр-толғауларда айтылатын ежелгі астана сөзіне таңдау жасағаны аңғарылады. Жаңа ұғымның жұртқа әлі тосын екені Бейімбет Майлиннің 1925 жылдың 8 маусымында жазған «Астана» өлеңінен де аңғарылып тұр.

Кәрі-жасы, бәрінің де

Айтатыны — астана!

Ел көгерген астанасы

Осы ма, әлде басқа ма?

Мен астанаң, мен ордаңмын!

Мұнда түгел тілегің...

Ел ордасы—астанасы,

Шаш нұрыңды әлемге!

Білім туын қолыңа ұстап,

Тұтқа болшы бар елге!..

1929 жылы астана Алматыға қоныс аударғанда Ілияс Жансүгіров «Жаңа астана» атты очерк жазып: «Алматыға Қазақстан орталығы көшіп келді. Алматы—астана болды. Қазақстан ортасыордасына орнықты. Қазақстан еңбекшілерінің ұйтқысы—орталық, өкімет мекемелері басты ұйымдар жаңа қонысына ірге тепті» деп қуанды. Қазақстан орталығы, Қазақстан ортасы, ордасы деген түсініктерді Ілияс та астана сөзімен жарыстыра қолданады. Бір кездегі сарай, орда, астана сөздерінің елдің қоғамдық саяси өміріне, тарихи кезеңдеріне байланысты мәні, атқарар жүгі алмасып отырған тәжірибеге сүйенсек, астана енді қала атауына түпкілікті ауысып, ол ұғымның қызметін басқа балама атқаруы тиіс. Мыңжылдық қолданбасы бар, бір кездерде осы мағынаны білдірген орда атауының елорда түрінде қайта оралуы бүгінгі Астанамызға шартты құбылыс.



Елорданы Алматыдан Астанаға көшіру тәуелсіз мемлекеттің алғашқы стратегиялық шешімдердің қатарында тұр.Бұл мәселені Президент Н. Назарбаев тұңғыш рет 1992 жылы көтерген болатын. Жоғарғы кеңестің елорданы көшіру туралы шешімі елдің аса маңызды оқиғалары хронологиясында 1994 жылғы 6 шілде болып белгіленді.1998 жылғы 6 мамырға дейін Ақмола деп аталған Астана, Президенттің Жарлығымен 1997 жылғы 10 желтоқсанда Қазақстан Республикасының елордасы деп жарияланды. 1998 жылғы 10 шілдеде Қазақстанның жаңа елордасы—Астананың халықаралық тұсауы кесілді. 1999 жылы Астанаға ЮНЕСКО-ның «Бейбітшілік қаласы» деген наградасы берілді. Бұл атақ қысқа мерзім ішінде әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени дамуда неғұрлым әсерлі әрі қуатты өсуге, тұрақты этникааралық қатынасты орнықтыруға қол жеткізе алған ғаламшардың жас қалаларына беріледі. Бразилияда өткізілген бұл конкурста, Астана барлық өлшемдер бойынша әлемнің әр түрлі елдерінің он екі қаласын басып озды. Астана өте серпінді дамуда. Елорда көшірілген кезден бастап қала экономикасына салынған инвестиция көлемі 3,5 млрд. доллардан асты. 2007 жылға дейін Астананың құрылысына 238,6 миллиард теңге көлемінде қаражат жұмсау жоспарлануда.Астананың ойдағыдай дамып келе жатқанының белдгілерін оның халқының жедел өсуінен байқауға болады. Елорданы көшіру жарияланған жылы мұнда не барі 225 мың адам тұратын. 2004 жылы елорда тұрғындарының саны екі есе өсіп, жарты миллионнан асып кетті.1998 жылы Астана еркін экономикалық аймақтың WEPSA халықаралық қауымдастығына кірді. Әлемнің 15 қаласы Қазақстан елордасының бауырлас қалалары болып табылады, олардың арасында Мәскеу, Берлин, Будапешт, Варшава, Минск, Киев, Анкара, Рига, Бангкок және басқалары бар. Бүгінде Астана тәуелсіз Қазақстанның елордасы ретінде әлемнің саяси картасында берік орнықты. Қазақстан егемендік алғалы бері бірінші рет астанасының орнын ауыстыруда тұрғылықты халықтың мүддесін ескере отырып, дербес шешім қабылдады. Осы іспеттес оқиғалар өмірдің өзі халық пен үкіметінен маңызды шешім қабылдауын талап еткен жағдайларда іске асып жатады. Ресей, Нидерландия Германия, Пәкстан, Түркия, Бразилия және тағы басқа елдердің астана ауыстырудағы тәжірибелерін мысал ретінде келтіруге болады.Ұлы Ататүріктің жаңа демократиялық Түркия астанасын елдің орталығы Анкара қаласына ауыстыруы тегін шешім емес. Осман империясының құлаған әкімшілік орталығы Ыстамбұл сол бір тарихи кезеңде жаңа талапқа сай келмей, бұрынғы режимнің қайта орнау қаупін туғызды. Болашақ астана ретінде Анкара қаласы түрік мемлекетінің негізін қалап, ғасырлар бойы ұлт бірлігін сақтап келеді және әкімшілік орталық ретінде түрік туын асқақтатуда. Сол кездегі дана Ататүрік шешімінің ұлт мүддесіне сай келенін тарихтың өзі дәлелдеді. Өткен ғасырда Ресейдің динамикалық түрде дамуын Петр I-дің империя астанасын Нева жағалауына орналастыру туралы шешімінсіз көзге елестету қиынға соғар еді. Сол уақыттағы қала салуға кедергі келтіретін табиғи жағдайлардың қиындығына қарамастан, ел астанасы салынып бітті. Ұлы реформатор «Еуропаға терезе аша» отырып, елдің ұзақ уақытқа гүлденуі мен өркендеуінің бағыт-бағдарын анықтады. Петербург мемлекет астанасының тарихи миссиясын орындап, қазіргі кезде тек Ресейдің ғана емес, Еуропаның, тіпті бүкіл әлемнің экономикалық мәдени және ғылыми орталығы болыап табылады. Әрине, астананы ауыстыру жөніндегі әлемдік тәжірибелерді айта берсек, көптеген мысалдар келтіруге болады. Түркі-монғол дүниесі саяси орталыққа ат беруде ерекше ұстамдыылқ танытқан. Саяси үстемдік құмарлықты білдіретін немесе мемлекет пен билікшіні мадақтайтын дәріптемелік сипаттамалар атымен ұшыраспайды. Көбіне-көп оның мемлекеттің саяси орталығы екендігін білдірумен ғана шектелген. Қарақорым — әскери қосын қонатын орын. Ұрға — әскер басының ордасы тұратын тұрақ. Сарай — билік мекемесі орналасқан жәй. Олар бұл қағиданы өздері үстемдік еткен кеңістіаае де кеңінен дарыта білген. Мәселен, Пекинді монғолдар Ханбалгат (патша қала) деп атаса, қытайлар Бэйцзин —солтүстік астана, ал Нанкинді Нанцзин — оңтүстік астана деп атаған. Жапондар да ескі астанасын Киото — батыс астана, жаңа астанасын Токио — шығыс астана деп атаған. Бұл батыс елдеріне тән дәстүр. Славян дүниесі Византия астанасы Константинопольді Царь-град — патша қала атаған. Кингстон — король тұратын қала атауы соған куә. Сондықтан жаңа саяси орталығымызды жәй ғана Астана атауымыздың тарихи дәстүрлерімен қай тұрғыдан келсек те, терең қабысады.Өткен ғасырларда астананың орнын ауыстыру тек қана сол кездегі жауапкершілік себептерге байланысты болса, ал XX ғасырдың ортасынан бастап геосаясатқа, экологияға, демографияға қатысты басқа бағыт алды.Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың мемлекеттің астанасын Ақмолаға көшіру туралы Жарлығын шет ел басшылары түсіністікпен қабылдап, геосаяси мәнге ие деп бағалауда.Еуразия құрлығының дәл «жүрегінде» орналасқан Астананың XXI ғасырда халықаралық саясаттағы маңызды орталыққа айналу мүмкіншілігі бар. Жаңа астананың Алматы қаласына қарағанда көркеюі үшін өндірістік объектілер, әлеуметтік инфрақұрылымдар, әуежайлар, әлемдік деңгейдегі офистер және қонақүйлер салу жағынан көптеген перспективалық артықшылықары бар.Еліміздің астанасын көшіру халықаралық байланысты тереңдетуге үлкен септігін тигізбек. Мемлекет астанасының орналасу орны болашақта жолаушылар және жүк тасымалдаудың, сонымен қоса телекоммуникацияның, үлкен халықаралық транзитті жолдар торабының түйісетін орталығы болмақ. Атап айтқанда, кіндік қала Еуропа елдерін Азия Тынық мұхит аймағының жылдам дамумен келе жатқан аудандарымен тез және сенімді түрде байланыстырады.Бас қаланың Астана деген атауына келетін болсақ, оның біршене негіздері бойынша артықшылығы бар. Атап айтқанда, оның бір ғана түсіндірмесі бар және де бұл сөз нақты айшықталған мәнге ие. Астана атауы ешқандай да келеңсіз саяси немесе тарихи ұғындыруларға салынбаған. Жаңа атау құлаққа жағымды естіледі және графикалық тұрғыда мемлекеттік тілде де, сондай-ақ негізгі халықаралық тілдерде де сәтті көрінеді, оның үстіне естілу әуезі іс жүзінде ешқандай өзгеріске ұшырамайды.Қазақстанның территориялық бөлінбейтін біртұтастығы Ата Заңда бекітілген. Қазіргі егеменді еліміздің шекарасы республиканың қауіпсіздік кепілі болып табылатынын бүкіл әлемдік қауымдастық таныған. Қазақстан астанасының көшуі республикадағы этникалық ахуалды нығайтуға және біздің елдің халықаралық ынтымақтастықтың белсенді мүшесі болуға бағытталған. Заң Қазақстан Республикасы астанасының құқықтық мәртебесін, жұмыс істеуінің ұйымдық-саясатын және экономикалық негіздерін айқындайды.

  • Басқару құрылымы

Ақмола арнайы экономикалық аймағының басқару органы Әкімшілік кеңесі болып табылады, оны Астана қаласының әкімі басқарады. Астана арнайы экономикалық аймағының басқару құрылымына Астана АЭА Әкімшілік кеңесінің аппараты, Астана АЭА Әкімшілік кеңесінің дербес атқарушы органдары, сондай-ақ министрліктер мен мемлекеттік комитеттердің аумақтық органдары кіреді. аңа Астананың жарқын келбеті қалыптаса бастады. Бұрын Астананы тыңгерлердің астанасы ретінде біліп келсек, енді тәуелсіз Қазақстанның бас қаласына айналды. Бұл—үлкен мәртебе.Бүгінде халқы 500 мың адамға жеткен Астана Орталық Азия өңіріндегі күрт дамып келе жатқан қала.Президент әкімшілігі, парлемент, министрліктредің орталық ақпараттары қоныстанған тамаша сарай-резиденциялар пайда болды. Келісті қонақ үйлер мен жаңа тұрғын үй кварталдары салынуда. Шетелдің дипломатиялық өкілдіктері үшін резиденциялар тұрғызылуда. Грузия, Қырғызстан, Түрікменстан, Украина және Куба өздерінің елшіліктерін ашты. Елордада Ресей елшілігінің бөлімшесі, ҚХР мен АҚШ-тың өкілдіктері бар.«Астана мен Вашингтон біздің мемлекеттеріміздің жүрегі — биліктің атқарушы, заң шығарушы және сот тармақтары шоғырланған жер болып табылады» деді Вашингтон мэрі Энтони А. Вильямс 2002 жылғы 2 маусымда Астана тұсаукесерінің кезекті жылдығына орай жіберген құттықтау сөзінде3.Үкіметтің басқару құрылымдары, министрліктер мен ведомстволар, қоғамдық ұйымдар алаңсыз жұмыс істеп жатыр. Ерекше айтатын бір жәйт: бұлардың бәрінде де мемлекеттік тілді қолдану аясы кеңейіп, мамандар, тіпті көшедегі қарапайым адамдар өз ана тілімізде қазақшасөйлей бастады. Мұны да жаңа Астанадағы жақсы жетістіктердің бірі.Жаңа, тәуелсіз Қазақстанды бейнелейтін жаңа елордамен қазақстандықтардың барлық ұрпақтарының арманы мен үміті астасып жатыр.Астана, бір жағынан, жаңа Қазақстанның мақтанышына, екінші жағынан —ұлттық идеяны орнықтырудың және елді біріктірудің нышанына айналды. Ол елдің орталығында, тарихи кезеңдерде Еуропа мен Азияның транзиттік күретамырын байланыстырған, дамыған индустриялық өңірде орналасқан.

Әдебиеттер:

1.Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев. Қазақстан Республикасы Астанасының мәртебесі туралы. Астана, 1998 жылғы мамырдың 20-сы .Егеменді Қазақстан 1998 ж. 20-мамыр.

2. Егеменді Қазақстан 1998 ж. 10-маусым

3.Қазақстан:табысқа жету тарихы әлемдік қоғамдастық көзімен. Алматы 2005, 43 б.



3.Практикалық жұмыс тапсырмалары (семинар тапсырмалары)
Тақырып 1. Қазақ хандығының құрылу тарихы

1. Қазақ хандығының пайда болуы мен дамуы

2.Қазақ тарихының саяси тарихы

Міндеті: Қазақ хандығының пайда болуы мен дамуының саяси тарихы туралы деректермен танысу. Талдаулар жасап, хабарларды толықтыру

Әдебиеттер:

1.Қазақстан тарихы, 5-томдық. А.,1996….

2. Қазақстан тарихы очерктері.А., 1994.
Тақырып 2 . Қазақ хандығының өрлеуі

1.Қасым хан саясаты

2.Қасым хан ұстанған саясат және оның заңы

Міндеті: Қасым ханның хандық саясаты мен оның заманы туралы, заңдылығы туралы жан-жақтылы талдаулар жасау.



Әдебиеттер:

1.Қазақстан тарихы, 5-томдық. А.,1996….

2. Қазақстан тарихы очерктері.А., 1994

Тақырып 3: Қазақ хандығы ХҮІ-ХҮІІ ғасырларда

1.Хақназар хан және оның заманы

2.Тәуекел хан және Есім хандар: оның заманы кезеңіндегі қазақ хандарының саси тарихы
Міндеті: Хақназар хандығы мен Тәуекел және Есім хандардығ қазақ хандығының негізін құру және олардың саясаты туралы толық мағлұматтарды студенттердің жеке талдап, толық тарихи бағалай білулерін қалыптастыру.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1. Есім, Тәуекел және де басқа хандықтар туралы олардың саясаты жөнінде баяндап, Қазақтардың әлеуметтік жағдайы, себеп-салдары, билеушілері, территориясын кеңейтудегі ролі жөнінде тарихи деректер көмегімен сипатамалар беру.

2.Қазақ мемлекетінің негізін қалаушы қазақ халқының ХҮ-ХҮІІ ғасырлардағы әлеуметтік саяси өмірі жайлы, олардың саяси тарихы туралы баяндау қажет.



Әдебиеттер:

1.К.Рысбайұлы Қазақстан Республикасының тарихы А. 2001

2.Қазіргі Қазақстан тарихы Алматы 2010
Тақырып 4: Тәуке ханның тұсындағы Қазақ хандығы

1.Қазақ-жоңғар хандығының саясаты

2.Тәуке хан тұсындағы қазақ хандығының саяси жағдайы

3.Тәуке хан және оның «Жеті Жарғысы»



Мақсаты: Тәуке ханның шығу тегі мен жүргізген саясаты туралы. Тәукенің заманындағы қазақтардың әлеуметтік жағдайы туралы толық тарихи деректер бойынша жан-жақты мағлұматтар беру

Әдебиеттер.

1.Қазіргі Қазақстан тарихы Алматы-2010

2.Мыңжан Н. Қазақтың қилы тарихы Алматы, 1994

3.Елтұтқа. Ел тарихының әйгілі тұлғалары: Оқу құралы (М.Жолдасбеков, Қ.Салғараұыл, А.Сейдімбек) Астана, 2001


Тақырып 5:Қазақ халқының шығу тарихы

1.Қазақ халқының қалыптасуы

2.Саяси-әкімшілік құрылымы

3.Әлеуметтік құрылым



Мақсаты: Қазақ халқының қалыптасуы мен саяси-экономикалық әкімшілік құрылымы және әлеуметтік құрылымы туралы талдаулар жасап, тарихи сипаттамалар беру.

Әдебиеттер.

1.Қазақстан тарихы, 5-томдық. А.,1996….

2.Қазіргі Қазақстан тарихы Алматы-2010
Тақырып 6: ХҮІІ-ХҮІІІғғ. Қазақ хандығы

1.ХҮІІ-ХҮІІІ ғғ. Қазақ хандығының тарихи маңызы

2.Абылай хан және оның заманы

Мақсаты: Абылай ханның шығу тегі мен жүргізген саясаты туралы. Абылайханның екі жақты саясаты және Абылай хан заманындағы қазақтардың әлеуметтік жағдайы туралы толық тарихи деректер бойынша жан-жақты мағлұматтар беру.

Әдебиеттер:

1. Абылайхан. Тарихи жырлар. 1 том.- А., 1993.

2. Ч. Валиханов. Абылай. Собр. соч., т 4. - А, 1985.

3. Султанбеков М. Абылай и его батыры. Семипалатинск, 1992.

4. Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінге дейін (Очерк).- А., 1994.

5. Қазақ ССР тарихы, 5 томдық, 3 том. — А, 1982.


Тақырып 7. ХҮІІІ-ХІХ ғғ. Қазақ хандығы

1.Кіші жүздің Ресей империясының құрамына еніу

2.Патшалы Ресейдің отаршыл саясаты

Мақсаты:

Кіші жүздің Ресейге қосылуының тарихи алғы шарттары мен қосылуының себептері және Ресейдің Қазақ жеріндегі отаршыл саясаты туралы жан-жақтылы талдаулар жасау.



Әдебиеттер.

1.ХҮІ-ХҮІІІғғ. Орыс-қазақ қатынастары.А., 1961.

2.ХҮІІІ-ХІХғғ. Орыс-қазақ қатынастары.А., 1964

3.Қазіргі Қазақстан тарихы Алматы-2010


Тақырып 8. ХҮІІІғ.-ХІХғғ ұлт-азаттық көтерілістер

1.Сырым Датұлы бастаған көтеріліс

2.Бөкей Ордасындағы ұлт-азаттық көтеріліс

3.Қазақтың соңғы ханы-Кенесары Қасымұлы



Мақсаты: Қазақтардың Е. Пугачев және Сырым Датұлы бастаган 1773-1775 жж. шаруалар согысына қатысу қарқыны, елдің жағдайы және себеп-салдарын анықтау. Және қазақтардың қатысудағы негізгі әлеуметтік саяси жағдайлардан туғандығын тариха деректер бойынша талдаулар жасау. ХҮІІІ ғасырдың 80-90 жылдарындағы Исатай Тайманов және Махамбет Өтемісов бастаган қазақ шаруаларының көтерілісінің қозғаушы күші мен себеп-салдары, басталуы мен барысы туралы. Қазақстандагы Кенесары Қасымов бастаган ұлт-азаттық қозгалысы және оның тарихи маңыздылығын ашу. Кенесары ханның өзгерістер мен жорық барысы және ол қозғалыстың тарихи себептері мен маңызын ашу. Тарих баға беру.

Әдебиеттер:

1. Казахско-русские отношения в ХVIII-ХІХ вв. Сборник доку-ментов и материалов.- А., 1964.

2. Бекмаханов Н.Е. Легенда о Невидимке. —А., 1968.

3. Вяткин М.П. Срым батыр.- А, 1947.

1. Бекмаханов Е.Б. Казахстан в 20-40гг. XIX в.- А, 1992.

2. Досмүхаметұлы X. Аламан. -А, 1991.

3. Рязанов АФ. Восстание Исатая Тайманова.- "Кзыл-Орда", 1927.

4. Шахматов В.Ф. Внутренняя Орда и восстание И. Тайманова.-А, 1946.

5. Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінге дейін (Очерк).- А, 1992.
Тақырып 9.ХІХ ғ. бірінші жарт. Қазақ елінің әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайы

1.Шаруашылықтағы өзгерістер

2.Хандық биліктің жойылуы

3.Қазақ өлкесінің Ресей империясы құрамында



Мақсаты: Қазақстанда ХІХ ғасырдың 1-ші жартысындағы капиталистік қатынастардың дамуы және олардың қазақ экономикасына тигізген себептері туралы баяндау.

Әдебиеттер:

1. Бес ғасыр жырлайды 1-2 томдар. —А, 1989.

2. Жүбанов А. Замана бұлбұлдары- А, 1974.

3. Жүбанов А. Ғасырлар пернесі.- А., 1977.

4. Шоқан Уалиханов. Таңдамалы шығармалары- А, 1985.

5. Қазақ ССР тарихы (бес томдық) 3-том.- А, 1979.

6. Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінге дейін (Очерк).- А.,1994.
Тақырып 10. ХІХ ғ. екінші жартысындағы Қазақ жері

1.1867-1868 жж реформалар

2.ХІХ ғғ соңындағы Қазақ жеріндегі отаршылдық реформалар

Мақсаты: Қазақстанда ХІХ ғасырдың соңындағы қоғамдық-саяси өмір туралы және саяси партиялардың жұмысы мен саясаты бағдарламалары жөнінде қазақ халқының әлеуметтік жағдайы жөнінде толық мәліметтер мен әкімшілік реформаларының қалыптасуы туралы толық баяндау

Әдебиеттер:

1. Аманжолова Д.А. Казахский автономизм и Россия. История движения Алаш. М., 1994.

2. Алашорда. Сборник документов.- А., 1992.

3. "Алаш" сиезінің ақиқаты // «Жас алаш, 17 сәуір 1992 жыл.

4. История Казахстана: белые пятна.- А., 1991.

5. Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінге дейін (Очерк).- А., 1994.

6. Муқаметканов Қ. Алаш сиезінің ақиқаты // Жас алаш, 17 сөуір 1992.
Тақырып 11. ХХ ғасыр басындағы өлкенің әлеуметтік, экономикалық және саяси жағдайы

1.Қазақ АКСР-і және С.Меңдешев.

2.Т.Рысқұлов және Түркістан Автономиялы Кеңестік Республикасы

3.20-30 жылдардағы қазақ интелегенциясы: С.Садуақасов, С.Қожанов; Т.Жүргенов және т.б. саяси- тарихи рөлі туралы



Мақсаты. Қазақстанның өз алдына автономия болуының тарихи себептері мен тарихи маңызы туралы және саяси жетістіктері, саясаттағы қарама-қайшылықтар туралы тарихи деректер негізінде толық мәліметтер жасау.

Әдебиеттер:

1. X. Әбжанов. Мәдени қүрылыс ақтандақтары // Қазақ тарихы, 1993, ғЗ.

2. История Казахстана: белые пятна.- А., 1991.

3. Қазақ ССР тарихы (бес томдық) 4 т.- А., 1977.

4. Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінге дейін (Очерк).- А., 1994.
Тақырып 12: ХХ ғасырдың 50-80 жылдарындағы Қазақстанды өркендетудегі тарихи тұлғалар

1.Қазақстан басшылығындағы тарихи басшының бірі-Шаяхметов Ж.

2.Қоғамның рухани өміріндегі жетістіктерді қалаушы қайраткерлер туралы

Мақсаты: ХX ғ. 50-90 жж. Қазақстанның саяси өмірі мен мәдениеті және қазақ ағартушылары С.Сейфуллин., Б.Майлин., І.Жансүгіров т.б. қазақ зиялыларының ел билеу және автономия мәселелеріндегі тарихи орны туралы жан-жақты баяндау.

Әдебиеттер:

1. "Айқап". А, 1995.

2. Бөкейханов Ә. Шығармалар. —А., 1995.

3. "Қазақ" газеті.- А., 1998.

4. А. Күзембайүлы, Е. Әбіл. История Республики Казахстан. —А., 1998.

5. Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінге дейін (Очерк).- А., 1994.

6. Қазақ ССР тарихы (бес томдық) 4 т.- А., 1979.13-14
Тақырып 13: ХХ ғасырдың 90ж. Қазақстан Республикасын құрудың барысы

1.ҚР Мемлекеттік Заңы

2.ҚР Конституциясы

Мақсаты: 90 жылдардағы Қазақстанның қоғамдық-саяси өміріндегі өзгерістер мен шетелден отандастардың шетелдік азаматтардың өз Отанына оралуы туралы тарихи талдаулар жасау арқылы мәліметтер беру. 1997 жылы 1 наурызда қабылданған ел басының алғашқы қазастандықтарға жалдаған жолдауы және оның негізгі мазмұны мен басым мақсаттары туралы толық мәліметтер бере отырып, елдің дамуының болашқ бағдарламасы ретінде бүгінгі дамудың негізі болатындығына жан-жақты талдау жасау.

Міндеті: 90 жылдардың басынан басталған тәуелсіздік тарихының негізін қалаушы тарихи тұлғалар мен қоғам қайраткерлері туралы баяндау. 1997 жылы 1 наурызда қабылданған ел басының алғашқы қазастандықтарға жалдаған жолдауы және оның негізгі мазмұны мен басым мақсаттары туралы толық мәліметтер бере отырып, елдің дамуының болашқ бағдарламасы ретінде бүгінгі дамудың негізі болатындығына жан-жақты талдау жасау.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1.Қазақстан егеменді тәуелсіз ел

2.ҚР-ның Ата заңы туралы

3.Ел басы Н.Ә.Назарбаевтың 2005-2009 жылдардағы жолдаулары туралы баяндамалар дайындау.

Әдебиеттер:

1. Қазақстан Республикасының Конституциясы.- А., 1995.

2. Ж.А. Жансугурова. Полномочия Парламента Республики Ка-захстан в условиях президентской формы правления // Саясат, 2 (9) февраль 1996.

3. Назарбаев Н.Ә. Ғасырлар тоғысында. —А, 1996.

4. Борбасов С.М., Сыдыков Е.Б. Тәуелсіздік танымы. -А, 1998.

5. Борбасов С.М. Қазақстандағы ұлттық процестер жөне ұлт саясаты.- Семей, 1995.

6. Коновалов АП. Национальные процессы в Республике Казахстан. Семипалатинск, 1999.

7. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан - 2030. Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауы. А., 1997.

8. Н.Ә. Назарбаев. Жадымда жатталсын, татулық дәйім сақталсын //Егемен Қазақстан, 1998, 16 қаңтар.

9. 2030 стратегиясын жүзеге асыру жастардың еншісінде // "Егемен Қазақстан", 1998, 6 қаңтар .


Тақырып 14. Тәуелсіздік және Қазақстан мемлкеттілігінің қалыптасуы

1.Желтоқсан оқиғасының батыр-қаһармандары

2.Егеменді елдің басшысы-Н.Ә.Назарбаев

Мақсаты: 90 жылдардың басынан басталған тәуелсіздік тарихының негізін қалаушы тарихи тұлғалар мен қоғам қайраткерлері туралы баяндау. 1997 жылы 1 наурызда қабылданған ел басының алғашқы қазастандықтарға жалдаған жолдауы және оның негізгі мазмұны мен басым мақсаттары туралы толық мәліметтер бере отырып, елдің дамуының болашқ бағдарламасы ретінде бүгінгі дамудың негізі болатындығына жан-жақты талдау жасау

Әдебиеттер.

1. Назарбаев Н.Ә. Ғасырлар тоғысында. —А, 1996.

2. Борбасов С.М., Сыдыков Е.Б. Тәуелсіздік танымы. -А, 1998.

3. Борбасов С.М. Қазақстандағы ұлттық процестер жөне ұлт саясаты.- Семей, 1995.

4.Коновалов АП. Национальные процессы в Республике Казахстан. Семипалатинск, 1999.

5.Назарбаев Н.Ә. Қазақстан - 2030. Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауы. А., 1997.

6.Н.Ә. Назарбаев. Жадымда жатталсын, татулық дәйім сақталсын //Егемен Қазақстан, 1998, 16 қаңтар.

7.2030 стратегиясын жүзеге асыру жастардың еншісінде // "Егемен Қазақстан", 1998, 6 қаңтар
Тақырып 15. Қазақ мемлеетінің стратегиясы

1.Президент және жаңа Астана

2.Мемлекеттік стратегия

3.Сыртқы саясат басымдықтары



Мақсаты: Қазіргі Қазақстан дамуындағы Ел басының және халықаралық саясаттың ықпалы мен тарихи-саяси маңыздылығы туралы жан-жақтылы талдаулар жасап, тарихи баға беру. Азаматтық көзқарасты қалыптастыру

Әдебиеттер:

1.Н.Назарбаев. ХХІ ғасыр табалдырығында А, 2002

2.Н.Назарбаев. Әділеттің ақ жолы А, 1999

3.Қазіргі Қазақстан тарихы Алматы-2010


4.СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫ:


№ рет.

Тақырыптардың атауы

Оқу формасы

Сағат саны

1.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет