Өркениеттер диалогы: Батыс пен шығыс арасындағы үндестіктер
Батыс пен Шығыс әлемі. Түйткіл ғаламның екі жартысы тұтас бір әлем. Ғаламның екі жартысын бөліп тұрған өркениет құндылықтары тұтастанып, жаһандануда. Өркениеттер сұхбаты – ортақ рухани құндылықтардың бесігі. Тұтастанған жаһандану көшінде әр ұлт пен этностың, әр ел мен жердің, әр халық пен мемлекеттің даралығын, келбетін, ерекшелік сипатын айқындауға ұмтылған саясаттың сахнада өз рөлін ойнауы заңдылық. Алып жаһандасу көшінде ұлттық келбеті мен кемелін сақтауға, әспеттеуге, әйгілеуге, аманат етуге ұмтылған өркениеттер өрісінің жаңа лебі, жаңа екпіні әлеуеттенуде.
Өркениетті әлеміміздің тарихы дамуда. Дегенмен сол даму үрдісінде тепе-теңдіктен гөрі, не басым, не кем түсіп жатқан бағыттардың алмағайып түсуі заманының шындығына айналуда. Бұл бағыттардың бір сарасы Шығыстың Батысқа, ал келесі сарасы Батыстың Шығысқа иегін бұруы басым келуі куә. Бұл заңды да құбылыс. Бірақ бұл үдеріс біржақты емес. Оның екіжақты да қайтарымы бар және болатын үдеріс. Әрине, шығыстық және батыстық, керісінше батыстық және шығыстық өркениет өзара ықпалдасып, бірін-бірі өркендетуінің өзі осы жаһандық ғаламды ортақтандыра түссе керек. Өйткені бұлай деуімізге, зерттеушілердің пайымдауынша, «Адамзаттың тұрақтылығы екі түрлі бастаулардың – Шығыс пен Батыстың бірін бірі толықтырылуына негізделеді».
Батыс пен Шығысты мәдени екі тұма ретінде қарастыра отырып, зерттеуші қауым ортақ бір қағидаға тоқталады. Ол Батыс пен Шығыстың адамзат мәдениетінің екі тармағы, екі өркениеті, екі түрлі өмір сүру ұстанымы екендігі. Шын мәнінде, олар бір-бірінен рухани да, материалдық да құндылықтарымен ерекшеленіп, алшақтағанымен осы екі әлемді тұтас бір өркениет ретінде қарастыруға болады.
Тарихқа үңілсек. Жаңаға ұмтылған, ескіні қызметі кәдеге жарап болған дүние ретінде қарастырған Батыс өте қарқынды дамыса, ал әлемнің дамуын бақылаушы ретінде қарастырған, табиғат пен бүткіл табиғи әлемді қадірлеген әрі өмірдің даму мәнінен үйлесімділік іздеген Шығыс асыға қоймады.
Сонымен, Батыс пен Шығыстың мәдени әлемін ерекшелейтін, оларды бір-бірінен ерекшелейтін нендей өзгешеліктер бар. Олардың мәдени, өркениеттік дамуы, әлеуметтік-экономикалық құрылымы, саяси өмірінің қалыптасуы, рухани жаңғыруы жолындағы басты ерекшеліктер қандай?
Еуропалық Батыс адамы Шығыс адамының қолынан келмейтін өнерге (машина жасау, техникалық табыстар т.б.) баулыдым деп санап келді. Ал қазіргі жағдай мүлдем басқаша. Дегенмен қалыптасып қалған қағидатты Шығыс өркениетінің жаңа келбеті мүлдем өзгертті деуге болады. Мәселен, Жапония. Күн Шығыс елі тұрақты экономикасы мен саяси құрылымен әлемнің ең жетекші елдерінің біріне айналды. Және де ғылым, техника, электроника, тіпті басқа мәдени құндылықтарға негізделмеген өзіндік рухани дамуы ең прогрессивті елдер санатына қосты. Ал аспан асты елі – Қытай бүгінде әлемдік нарықта ең байсалды ұстанымға, орасан әлеуетке ие болып отырғанын ең қуатты держава саналып келген Американың өзі мойынсұнып отыр. Қытай ХХІ ғасырда тек экономикалық дамуымен ғана емес, сондай-ақ саяси дамуымен де ерекшеленуде. Ғасырлар бойғы қатталып, сақталып, бүгінгі ұрпаққа жақсы мен жаманның бастауы іспеттес ин мен яннің мәңгілік философиясынан үйлесімдік іздеген рухани құндылықтардың өркендеуімен ерекшеленуде.
Батыс пен Шығыстың арасындағы айырмашылық психологиялық тұрғыдан, екі өркениеттің менталитеті тұрғысынан алғанда байқалатыны рас. Еуропалық пен күншығыстық философиясы түрліше. Бұған олардың табиғат пен қоршаған ортаға деген көзқарасы мен қарым-қатынасы куә. Оған еуропалықтың табиғат «ғибадат тұтушы емес шеберхана» ретінде таныса, ал шығыстық тұлға табиғатты өзімен бірге «тұтас әлем» ретінде қарастырады.
Дегенмен осы екі өркениет, екі мәдениет арасындағы айырмашылықтар жігі анық бола тұра олардың қайсысы үздік деген сұраққа жауап іздестіру артық болар еді. Өйткені екі өркениет жер шарының екі жартысы сияқты, полярлық әлемнің өзіндей бірін-бірінсіз болуы, өмір сүруі мүмкін емес тұтастық әлемі. Осы күнге дейін айтып келген Батыс пен Шығыс арасындағы қарама-қайшылықтар мен бәсекелестік қазіргі жаһандану әлемінде тұтастанып, үйлесімдік пен бірлікте дамуы белең алуда. Сондықтан бүгінгі адамзатқа ортақ әлемді Батыстың да, Шығыстың да парасатты, дарынды, өнерлі тұлғалары өркениетті дүниеге айналдыруда.
Шығыс өркениеті өмірге қабілетті келді. Ол көптеген шапқыншылықтар мен отарлау саясатын бастан өткерді. Шығыс өркениеті икемділігі мен өміршеңдігінің арқасында осынау өзгерістерден өз жолын таба білді. Дегенмен өзіне ұқсас келмеген дүниелерді өңдеген жаңа бағдарлама жолындағы, техника жағынан дамыған Еуропа өркениетінен Шығыс та қалыса қоймаған болатын.
Осынау түрлі мәдениеттер тоғысындағы өркениет әлемі бір-бірін толықтыра отырып, жалпы әлемдік мәдениетті құрады. Мұнда Шығыс пен Батысты біріктіретін түрлі құндылықтар мен менталитеттердің үйлесімі қашан да салтанат құрмақ.
Қазіргі заманғы жаһандану өріс алған тұста жер шары түрлі элементтерден құралатын тұтас жүйеге айналуда. Осы орайда «Ғаламдық Шығыс және Батыс тарихы мына элементтердің негізін қалаушы дуализмге: Жер мен Су, Құрлық пен Теңізге толықтай тәуелді»,-дейді Карл Шмидт.
Осынау жаһандану үдерісінде болашақтың дамуы мен таяу болашағы туралы мәселелер маңызды. Батыс адамының, батыстық өнердің рухани тоқырауы жалпыға мәлім болуда. Кейбір зерттеушілер Батыс мәдениеті мен өнеріне негіз боларлық қағидаларды қарастыру мәселесін атауда. Сонымен қатар қазіргі заманғы Батыс өнерін қазіргі заманғы Шығыстың рухани мұрасымен салыстыру қажеттігі де туындауда.
Әлемнің тұтастануы жайлы қағидалар бүгінде мәдениетаралық үндесулер мен жаллпыадамзаттық төзімділік ұғымдарын дүниеге әкелді. Жаһандану жағдайында мәдениетаралық үндесу елдер арасындағы қарым-қатынасты орнатуға, жалпыадамзаттың бір-бірін түсінуде «біз» ұғымын түйсінуге ықпал етуші әлеуметтік мәдени фактор ретінде қарастырылуда.
Жаһандық ойлаудың негізіне пікірлер мен идеялар алаңының, ұстанымдар мен әлемге деген көзқарастың үндесуі жатады. Нақ осы үндесулер түрлі мәдениеттер мен олардың арасындағы диалогтың түйсіу нүктесі саналды.
Бүгінгі әлемді бірі-біріне тәуелді экономикалық, технологиялық, ақпараттық байланыс арналары ұстап тұрғаны мәлім. Бірақ бұл байланыс арналарында өркениеттің қас жауы – қақтығыстар мен соғыстың орын алуы өте қатерлі үндеу болып отыр.
С.Хантингтонның айтуынша, бүгінгі өркениет өзінің тарихы, тілі, діні, мәдениеті, дәстүрлерімен бір-бірімен ерекшеленеді. Осынау ерекшеліктер «Батыс» және «Шығыс» терминімен айқындалды. Батысқа рационализм, христиан дәстүрі, ағартушылық, демократия, дербестік тән болса, Шығыс үшін, керісінше, мистерия, сезімталдық, исламдық және буддистік (басқа да) діни ұстанымдар, дәстүршілдік, ұжымшылдық, қауымдастық, мемлекеттіктің ерекше түрі тән келді.
Батыс пен Шығысты нақты бір елге таңбалау қажетсіз. Бұл географиялық ұғым саналады. Ал мәдениет даму барысында Батыстың да, Шығыстың да белгілерін өзіне сіңіруі мүмкін.
Диалогқа тән ерекшеліктерге мағыналық және әлеуметтік тұтастық тән. Диалог ерекшелігі де тілдесу барысында екі тараптың да аралық дәрежеде тепе-тең түсуі. Керісінше болған жағдайда асимметрия белгілері басым келіп, диалог монологқа ұласуы мүмкін. Сондықтан да диалог – пайда болған тұтастық бөліктерінің тепе-теңдіктерін мойындау. Тек диалог қана адамзат қарым-қатынастарының симметриялылығы мен тепе-теңдігін таразылаушы.
Диалог философиясын қазіргі заманғы батыстық мәдениеттің дағдарыстық ахуалының бастауын монолог ұстанымынан, яғни «центризмнен» деп санайды. 1922 жылы М.Бубердің жарық көрген кітабында Батыс дағдарысын «Мен және Сен» қарым-қатынасының жойылуынан деп санайды.
Сонымен «монологқа» негізделген мәдениет – «орталықтандырылған мәдениет» саналады. Яғни диалогқа қатысушылардың бір тарабы келесі тарапқа үстемдігін танытады да, екінші тарап бірінші тарапты қайталайтын егізіне айналады.
«Батыс-Шығыс» диалогына келсек, қазір жағдай өзгеруде. Мәселен, ХІХ ғасырда вестерн үдерісі теңдесе келе еуропалық (батыстық) үлгі жалпыға ортақ танулы тиіс деп саналған-ды. Дегенмен батыс мәдениетін игеру үдерісі өзінің жемісін бере бастады. Мәселен, Ресейде алдымен әдебиетте, атап айтқанда Тургенев творчествосында романның еуропалық үлгісі жақсы меңгерілді. Французға жақын құндылықтар дүниеге келді. Осы кезде Толстой мен Достовеский осынау француздық талғамды бұзып-жарып, жаңа түрге түрен салды. Еуропалық әлемге орыс сезімін енгізе білді. Еуропаны орыстың ашықтығымен таңырқатты. Үндістан мен Жапония да өзіндік сүрлеуді таңдаған болатын. Шын мәнінде, еуропалық ағартушылар, үнділік ойшылдар саналатын Вивеканада мен Ауробиндолар Батыстағы үнді мәдениетінің келбетін танытқан болатын. Нақ еуропалық білімдар жапондықтар еуропалықтар мен американдықтарға өздерінің дзен-буддизмге жан-дүниесімен берілгендігін әйгілей алды.
Қырғи-қабақ шымылдығы түрілмей тұрған кезеңде диалог тек қана қарама-қарсы тараптың кемістігін айту мен сынаудан аса алмаған болатын. Жаһандық қарама-қайшы екі жүйе – коммунизм мен антикоммунизм өркениеттік бастаулардың түбегейлі әркелкілігін және де жөнге келмейтін антиномиялығын дәлелдеп баққан болатын. Шын мәнінде, зерттеушілердің бар назары Батыс пен Шығыс дәстүрлерінің өзгешеліктері мен бір-біріне ұйласпайтын сипатын сараптауға бағытталған еді. Мұнда диалог кері байланысқа түсе алмайтын жабық жүйе ретінде қарастырылды.
Бүгінде әлем тұтастануда. Жаңа ынтымақтастықты қажет етуде. Бірлесіп даму мен өзара қауіпсіздік жолындағы ынтымақтастық жандануда. Қазіргі әлемде бірде бір өркениет өзінің мәдение ерекшеліктеріне қарамастан жаһандық экономикалық та саяси да модернизация үдерісінен тысқары қалмақ емес. Мысал ретінде осынау өзара бір-біріне тәуелділік әлемінде Батыс елдері Шығыстық пробемалардан тысқары өзінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуі мүмкін емес.
Батыс экономикалық, саяси және мәдени стандарттарының жаһандық экспанциясы, батыстық мәдениет үлгілерінің шығыс аймақтарына жасанды таңылуы Батыс пен Шығыс арасындағы қарама-қайшылықты ушықтыра түспек. «Мәдениет диалогы» ұғымы «Мәдениет өнімдерімен алмасу» баламасына алмасып, барлық құндылықтар жойылып, барлық құндылықтар мен мәдениеттерді тауарға айналдырады. Осыған орай ширек ғасыр бұрын ғалым К.Леви-Строс өзінің ойын былай деп білдірген болатын: «Қазіргінің адамы мәдениет арасындағы айырмашылықты өзіне ұнамсызын жоя отырып, түсінуге талпынады».
Батыстық-шығыстық диалог таяу 10-15 жылда қандай болады деген сауалдар, әрине, көптеген зерттеушілер мен саясаткерлерді, мәдениет пен өнер, дін қайраткерлерін толғандыратыны заңды. Болашақты болжау қиын. Бүгінгі ықпалды идеялар ертең-ақ өзінің күшін жоюы мүмкін. Керісінше, бүгінде тек қана атауы бар идеялар, ертесіне ақыл мен ойдың шыңына өрлеуі мүмкін. Дегенмен екі әлем – Батыс-Шығыс арасындағы диалог қашан да жалпыадамзаттың ынтымақтастығы мен бірлігіне негізделуі, басты ұстанымына айналуы, болашаққа болжар аспашамындай болуы тиіс. Бұл мыңдаған ғасырлардан мұрамен жеткен кешегі өркениеттің, ғаламат жылдамдықпен дамып бара жатқан жаһанданудың жемісі саналатын бүгінгі өркениеттің және де болашақ ұрпаққа аманат етерлік ертеңгі өркениет талаптары.
Ғылыми-техникалық революция және дүниежүзілік шаруашылықтың дамуы
FTP құрылымы
Адамзат қоғамынын ұзақ даму тарихында шаруашылықтың ұдайы алға басып, жетілдірілуіне ғылым мен техниканың өркендеуі себепші болып келеді. XX ғасырдың екінші жартысында ғылыми-техникалық үрдіс аса жедел қарқынмен дамып, дүниежүзінің көптеген елдері мен шаруашылық салаларын қамтыды. Ғалымдар ғылыми тeхникалық революция (FTP) деп атаған бұл құбылыс қысқа уақыт аралығында қоғамның өндіргіш күштерін сапалық жағынан түбегешті өзгерткен "секіріс" ретінде бағаланды. Ол адамзат тарихында ғылым мен техника пайда болғаннан бері өндіргіш күштерді ұдайы жетілдіруге себепші болған ғылыми-техникалық прогрестен айырмашылық жасайды. Сонымен ғылыми-техникалық революция дегеніміз — белгілі бір уақыт аралығында дамудың жаңа сатысына көтерілуге себепші болған сапалық өзгерістердің жедел қарқынмен жүруі. Дүниежүзі аймақтары мен елдерінде FTP дамуы түрліше деңгейде өтуде. Жоғары дамыған елдерде XX ғасырдың 80—90-жылдарынан бастап, ҒТР-дың дәстүрлі үлгісінен басқа қазіргі заманғы тармағы дүниеге келді. Дәстүрлі FTP өндіріс пен адамзаттың жаңа тауарларға, технологиялар мен қызмет түрлеріне деген сұранысын қамтамасыз етеді. Жаңа үлгінің басты мақсаты — дәстүрлі FTP-дың адамның өмір сүру ортасы мен денсаулығына тигізетін кері әсерінің орнын толтыру немесе жою болып табылады. Адам өмірін қорғауға бағытталған бұл шаралар өте мол қаржыны қажет ететіндіктен, таралу ауқымы бірнеше елдің аумағынан аспай отыр. Дүниежүзіндегі көптеген елдерде ҒТР дәстүрлі сипат алған. Мешеу елдер экономикасына қатысты бұл ұғым мүлде қолданылмайды да. Қазіргі кезде ҒТР-дың құрылымдық бөліктері анықталып, негізгі белгілері талданған.
ҒТР-дың негізгі белгілері
FTP-дың басты белгілері мыналар:
1) әмбебаптық, ауқымдылық;
2) ғылыми-техникалық өзгерістердің жеделдеуі;
3) өндірістің ғылымды көп қажет ететін салаларының қарқынды өсуі;
4) әскери-техникалық революция (33-сызбанұсқаны қараңдар).
Ғылым мен білім адамзат өркениеті тарихында қоғамның алға басуы үшін қызмет етумен келеді. Қазіргі заманғы ғылым өндіріс пен қызмет көрсету салаларына күрделі техника мен технологияларды енгізу арқылы оларда ғылымды көп қажет ететін мүлде жаңа салалардың дамуына негіз болуда. ҒТР-дың әмбебаптығы мен ауқымдылығы дүниежүзінің барлық елдері мен географиялық қабықтың кез келген бөлігін қамтуымен және адамзаттың ғарыш кеңістігін игеруімен түсіндіріледі.FTP шаруашылықтың барлық салалары мен оның құрылымдарына, еңбек сипатына, адамдардың мәдениеті менмінез-құлығына үлкен өзгерістер әкеледі.
FTP жағдайында мамандардың біліктілік деңгейіне жоғары талаптар қойылады. Сондықтан алдыңғы қатарлы елдерде ғылымды дамытып, оның жетістіктерін өндіріске енгізу қазіргі заманғы білім беру жүйесін дамытумен қатар жүргізілуде. Мысалы, дүниежүзін таңғалдырған "жапон кереметіне" белгілі дәрежеде білім беру мен ғылым салаларына үкімет тарапынан айрықша қамқорлық көрсетілуі де себепші болған. 1983 жылдан бастап мұнда ғылыми-өндірістік бірлестіктердің аумақтық жүйесі қалыптаса бастады, қазір олардың саны шамамен 26-ға жетті. Жапонияда ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстармен айналысатын университеттер саны 400-ден асады. Соның нәтижесінде бұл елде "білім беру — ғылым — өндіріс" жүйесі жоғары дәрежеде қалыптасқан.
ҒТР заманында ғылыми-техникалық ақпаратты сатудың да маңызы артып отыр. Ғылым мен техника жаңалығы бірден тіркеліп, жаңалық иесіне патент беріледі. Дамыған елдерде өндіріс тиімділігі мен өнім сапасын арттыратын кез келген жаңалықтың патент берілген күннен бастап өндіріске енгізілуге дейін онша ұзақ мерзім өте қоймайды. Көбінесе өз елінде кеңінен қолданылып, тиімділігі белгілі болған жаңалық сыртқы нарыққа шығарылады.
Жеке елдің ғылыми-техникалық күші осы салада жұмыс істейтіндер санымен, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге бөлінетін қаржының көлемімен және бұл жұмыстардың тиімді ұйымдастырылуымен анықталады. Ғылым мен техника саласында жұмыс істейтіндер саны жөнінен дүниежүзінде экономикалық даму деңгейі жоғары елдер (АҚШ, Жапония жәнеГермания) жетекші орын алуда. Дамыған елдерде ғылымға "маманданған" қалалар пайда болды, олардың аса ірілерінің көрсеткіштері 13-кестеде берілген.
Қала
|
Ел
|
Ғылыми-зерттеу мекемелері мен университеттер саны
|
Цукуба
|
Жапония
|
52
|
София
|
Болгария
|
49
|
Рейли
|
АҚШ
|
40
|
Иль-де-Франс
|
Франция
|
26
|
Новосибирск
|
Ресей
|
21
|
Жоғары дамыған елдердің сыртқы саудасында ғылымды көп қажет ететін өнімдердің үлесі жоғары. Ғылымды қажет ететін өнімдердің дүниежүзілік нарықтағы көлемі 2300 млрд долларды (2008 ж.) құрайды. Оның 39%-ы АҚШ, 30%-ы Жапония, 16%-ы Германияға тиесілі болады. Сонымен, мұндай өнімнің 90%-дан астамы жоғары дамыған және жетекші елдерде өндіріледі (14-кестені қарандар).
Өнім түрлері
|
АҚШ
|
Германия
|
Жапония
|
Ұлыбритания
|
Авиация техникасы
|
1
|
2
|
-
|
3
|
Телекоммуникация жабдықтары
|
2
|
3
|
1
|
-
|
Сандық бағдарлама бойынша басқарылатын станоктар
|
3
|
1
|
2
|
-
|
Микросұлбалар
|
2
|
4
|
1
|
-
|
Ғылыми-техникалық революцияға тән белгінің бірі—өндірістің техникалық базасының түбегейлі өзгеруі. Ғылыми білімдер мен жаңалықтар негізінде дамитын техника мен технологияда өндіріс тиімділігі және еңбек өнімділігін арттыру мақсаттары көзделеді. ҒТР жағдайында техника мен технология өндірістің мүлде жаңа салаларын қалыптастырумен қатар, дәстүрлі салалардың жабдықталуын жетілдіру арқылы экономиканың құрылымын күрделендіруде. Қазіргі заманғы өндірісті электрондық-есептеуіш техника мен роботтарсыз елестету мүмкін емес. Аса ірі автоматтандырылған жүйелермен қатар, дербес компьютерлер қолданылады. Қазіргі кезде АҚШ-та жұмыс істейтін әр 100 адамға 70 компьютерден келеді. Жыл сайын өнеркәсіптік роботтар саны өсуде, Жапонияда әрбір 10 мың жұмысшыға шаққанда 330 робот жұмыс істейді.
Алдыңғы қатарлы техника мен технология жетістіктері энергия өндірудің жаңа көздерін ашу мен пайдалануға, жаңа химиялық материалдардың пайда болуына, кванттық. техниканың қолданылу аясының кеңеюіне жол ашты. Салыстырмалы түрде қысқа уақыт аралығында электрондық (факс, модем, электрондық пошта) және ғарыштың байланыс құралдары өндіріс пен күнделікті тұрмыста кеңінен пайдаланылатын болды.
Ғылым мен өндірістің ұштасуынан Батыс Еуропа елдерінде технологиялық парктер, ал Жапонияда технополистер деп аталатын ғылыми-өндірістік кешендер пайда болып дамуда. Қазіргі кезде дүниежүзіндегі 300-ге жуық технопарктер тәжірибелік-өндірістік бағытта дамуда, олардың өндірістік қуаты шағын. Жапониядағы технополистер ең жаңа техника мен технологияны пайдаланатын қазіргі заманғы ірі өндіріс шоғырланған және экологиялық жағынан өте қолайлы қалалар болып табылады. Қазақстанда 4 технопарк жұмыс істейді.
ҒТР-дың шаруашылық құрылымына ықпалы
FTP күрделі жүйе ретінде төрт құрамдас бөліктен тұрады:
1) ғылым;
2) техника және технология;
3) өндіріс;
4) басқару.
FTP дүниежүзілік шаруашылықтың өсу қарқынын жеделдете түсумен қатар, оның құрылымына да елеулі ықпал етті. XX ғасырдың ортасынан бастап өндірістік емес саланың басымдылығымен сипатталатын постиндустриялық (ақпараттық) құрылым қалыптаса бастады. Бұл шаруашылықтың жеке салаларының арасалмағын өзгертті, еңбек нарығындағы елеулі қайта құруларға алып келді. Постиндустриялық құрылымға алғаш енген ел АҚШ деуге болады. Мұнда 1955 жылы өндірістік емес салада жұмыс істейтіндер саны өндірістік салада еңбек ететіндер санынан асып түсті. Қазіргі кезде дүниежүзі бойынша, әсіресе дамыған елдерде ақыл-ой еңбегімен айналысатындар саны жыл сайын артуда. Қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды қоғамдық өмірдің барлық саласына (экономикалық, әлеуметтік және саяси) кеңінен енгізу өндірістік емес салаға жататын ақпараттық экономиканың қалыптасуына алып келді. Әлеуметтік-экономикалық дамудың басты факторларының біріне айналған ақпарат әлемдік нарықтағы айрықша тауар бола бастады. FTP жетістіктері ғаламшар ауқымында еркін ақпарат алмасуға (интернет және т.б.) мүмкіндік берді. Сонымен FTP және ақпараттық экономика ықпалымен дамыған және дамушы елдер экономикасы арасындағы алшақтық арта түсті.
FTP ықпалымен дүниежүзілік шаруашылықтың өндірістік саласында да өзгерістер жүрді. Өндірістің салалық құрылымында өнеркәсіптің дәстүрлі ауыл шаруашылығынан басымдылығы байқалуда. Бұған ғылым мен техника жетістіктерін пайдалану нәтижесінде ауыл шаруашылығының индустриялануы және жоғары тауарлы өндіріске айналуы, аграрлық-өнеркәсіптік кешендердің қалыптасуы себепші болуда. Өнеркәсіптің өз ішінде де жеке салалардың (машина жасау, химия өнеркәсібі және энергетика) басқаларына қарағанда жоғары қарқынмен дамып, құрылымдық жағынан күрделі өзгерістерге ұшырауы байқалуда. Ауыл шаруашылығынан мал шаруашылығының үлесі артуда.
Жаңа техника мен технология өндірістің аумақтық құрылымына да барынша күшті ықпал етуде. Өндірістің орналасуында басты орын алып келген ресурстық фактор өзінің дәстүрлі маңызын жоғалтуда. FTP заманында шикізат қорына тапшы елдердің кейбіреуі қарқынды дамуда. Минералды шикізат пен отынның 9/10 бөлігін сырттан алатын Жапония жоғары дамыған елге айналды. Жеке елдерде өндірістің жаңа аудандарға "қоныс аударуы" (АҚШ-та Солтүстік-Шығыстан Калифорнияға) байқалуда.
Өндірісті автоматтандыру еңбек ресурстары жетіспейтін шалғай аудандарда ірі кәсіпорындарды орналастыруға, ал көлік саласында болған "техникалық революция" аумақтық алшақтықты жоюға мүмкіндік береді. Қазіргі кезде өндірістің кейбір салаларын орналастыруда оның ғылым орталықтарына алыс-жақындығы да әсер етеді. Өндірістің аумақтық орналасуының байырғы үлгісін (кәсіпорындардың ескі өнеркәсіп аудандарына шоғырлануы) шашыратып орналастыру бағыты алмастыра бастады. FTP жетістіктерін пайдалану шағын және орташа кәсіпорындардың ел аумағында мүмкіндігінше шашырап орналасуына, яғни олардың қоршаған ортаға кері әсерін неғұрлым азайтуға мүмкіндік береді. Өндірісті орналастыруда экологиялық фактордың маңызы артуда.
Сонымен, ғылыми-техникалық революция біртұтас жүйеге айналған қазіргі заманғы дүниежүзілік шаруашылықтың құрылымын жан-жақты ықпал етеді. Соның нәтижесінде кейбір дәстүрлі салалардың дамуы бәсеңдеп, керісінше ғылымға негізделген жоғары технологиялық салалардың маңызы, артуда.
5. СТУДЕНТТЕРДІҢ ОҚЫТУШЫМЕН ОРЫНДАЙТЫН
ЖҰМЫСТАРДЫҢ (СОӨЖ) ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАРЫ
СОӨЖ – ді орындауда студенттерге көмек.
оқытушымен берілген немесе тізім бойынша таңдап алынған рефераттарды, баяндамаларды жазуға көмек көрсету және оларды тексеру.
Пән бойынша құрылымды - логикалық схемаларды құруға көмек көрсету.
Халықаралық құқықтың маңызды мәселелері бойынша көріністер, баяндамалар жазуға көмек көрсету.
Глоссарий дайындауға көмек.
Студенттермен дайындалған материалдарды тексеру және талқылау.
Тақырып бойынша дайындалған глоссарий тексттерін тексеру.
Тақырып бойынша үлгерімі жоғары студенттердің орындаған әдебиеттік көрінісімен танысу.
Берілген тақырыптар бойынша студенттердің баяндамаларға дайындығын тексеру.
Конспекттерді, берілген тапсырманың орындалуын тексеру.
Студенттердің білімін тексеруді жүргізу.
Орындалған тапсырмалар бойынша бағалар қою.
Үлгерімі төмен және сабақты өткізіп алған студенттер үшін жеке консультациялар.
Студент жұмыстың маңызды жалпыоқытулық тәсілдеріне ие болуы тиіс:
І. Оқу қызметін жоспарлау шеберлігі мен дағдылары
- оқу міндеттерін сезіну;
- мақсат қою;
- оларға жетудің оңтайлы жолдарын таңдау;
- қызмет кезеңдерінің сабақтастығы мен жалғастығын анықтау;
- қызмет үлгілерін /алгоритмін/ құра білу;
- сабақта және үйде өздік жұмыстарын жоспарлау;
- бір күнге, бір аптаға, бір айға жоспарлау.
ІІ.Өзінің оқу қызметін ұйымдастыру шеберлігі мен дағдылары:
- жұмыс орнын ұйымдастыру - оқу құралдарының болуы мен оның жағдайы, оларды тиімді орналастыру, қолайлы гигиеналық жағдайлар жасау;
- жұмыс режимін ұйымдастыру;
- өздік үй жұмыстарын ұйымдастыру;
- ойлау қызметінің тәртібі мен тәсілдерін анықтау.
ІІІ. Ақпараттарды қабылдау шеберлігі мен дағдылары, әртүрлі ақпарат көздерімен жұмыс (коммуникативті):
- оқулықпен жұмыс жасау, оқу, конспектілеу;
- библиографиялық іздеу жұмыстары, анықтамалықтармен, сөздіктермен жұмыс жасау;
- сөзді тыңдау, тыңдалғанды жазып алу;
- ақпараттарды назар қойып қабылдау, назар аударуды басқару.
- бақылау;
- есте сақтау.
Ерекше топты компьютермен жұмыс істеу шеберлігі мен дағдылары құрайды, оның ішінде:
- интернетте жұмыс жасау;
- электронды оқулықтармен жұмыс жасау;
- оқытушы бағдарламамен жұмыс жасау;
- дистанциондық оқыту жағдайында жұмыс жасау;
- электронды пошта (off-line) бойынша және жедел режим (on-line) бойынша телеконференциялар;
- электронды хабарландыру тақталары;
- электронды кітапханалар
- электронды пошта (off-line) немесе жедел режим (on-line) арқылы деректер базасына шығуға мүмкіндік;
- телебейне конференциялары.
Студенттер өздері еркін оқу және арнайы сипаттағы әдебиеттермен жұмыс жасай білуі қажет, сонымен қатар оларды қызықтыратын мәселелерді іздеп тауып және оларды ашып қарастыра білуі тиіс.
СОӨЖ тақырыптары
1 тақырып. Европа жаңа заманда. Ұлы географиялық ашулардың салдары.
Нидерланды.
Англия.
Франция.
Германия.
2 тақырып. Европа 18 ғасырда.
Европадағы ертебуржуазиялық мемлекеттер және білімдар абсолютизм.
Ұлы француз революциясы.
Европадағы елдердің XVIII ғасырдағы экономикалық дамуы.
Европалық державаларының отарлық саясаты және Солтүстік Америкадағы ағылшын отарларының азаттық үшін күресі.
3 тақырып. 19 ғасырдағы алдыңғы қатарлы мемлекеттер.
Европадағы XIX ғасырдағы халықаралық қатынастар және революциялық қозғалыс.
АҚШ-тағы, Латын Америкасындағы, Жапониядағы буржуазиялық революциялар.
Индустриалды өркениеттің қалыптасуы.
4 тақырып. 20 ғасырдағы дүниежүзілік соғыстар. Себептері мен салдары.
Бірінші дүниежүзілік соғыс.
Фашизмнің тууы. Әлем екінші дүниежүзілік соғыстың қарсаңында. Екінші дүниежүзілік соғыс.
5 тақырып. XX ғасырдағы жаһандық өзгерістер.
XX ғасырдың бірінші және екінші жартысындағы ірі экономикалық дағдарыстар. Мемлекеттік-монополиялық экономиканың феномены.
Отарлық жүйенің ыдырауы.
Дамушы елдер және қалықаралық дамудағы олардың орны.
6 тақырып. Дүниежүзілік социализм жүйесінің даму кезеңдері.
1. Дүниежүзілік социализм жүйесінің пайда болуы.
2. Дүниежүзілік социализм жүйесінің дамуының кезеңдері.
3. Дүниежүзілік социализм жүйесінің күйреуі.
7 тақырып. Үшінші ғылыми-техникалық революция. Постиндустриалды өркениет.
1.Қазіргі ғылыми-техникалық революцияның кезеңдері.
2.Постиндустриалдық өркениетке өту.
Тема 8. Дүниежүзілік дамудың қазіргі кезеңдегі тенденциялары.
Экономиканың интернационализациялануы
Капитализмнің дүниежүзілік үш орталығы
Қазіргі заманның жаһандық проблемалары
Әдебиеттер:
1. Александров В.В. Новейшая история стран Европы и Америки. 1945–1986 – М.: Высшая школа, 1988.
2. Великая Отечественная война Советского Союза. 1941–1945 гг. Краткая история. – М., 1984.
3. Виппер Р.Ю. и др. История нового времени. – М.: Республика, 1995.
4. Верт Н. История Советского государства. 1900-1991. – М.: Прогресс, 1992.
5. Война и послевоенное развитие мирового сообщества. 1939–1991: Учеб. пособие. – М.: МАИ, 1992.
6. Дьяконов И.М. Пути истории. От древнего человека до наших дней. – М.; Восточная литература, 1994.
7. Из истории мировой цивилизации. / Под ред. Ш.М. Мунчаева. – М., 1993.
8. История Древнего Востока. – М.: Наука, 1988.
9. Жаңа заман тарихы. Бірінші кезең. Оқу құралы. / Қ. Ізтілеуов Астана Фолиант 2008
10.Еуропа және Америка елдерінің жаңа заман тарихы 1870- 1918 жж. Алматы, 2005.
Қосымша әдебиеттер:
История средних веков. – М.: Просвещение, 1986.
История СССР. 1861–1917: Учебник. / Под ред. В.Г. Тюкавкина. – М.: Просвещение, 1989.
Капустин Б. Г. Глобальные проблемы мирового общественного развития. – М.: УДН, 1991.
Краткая всемирная история. В 2-х кн. / Под ред. А.З. Манфреда. – М.: Наука.1966
Лурье Ф.М. Российская и мировая история в таблицах. – СПб.: Каравелла, 1995.
Новейшая история зарубежных стран: Европа и Америка. 1917–1945. – М.: Просвещение, 1989.
Россия и мир: Учеб. книга по истории. В 2-х ч. – М.: Владос, 1995.
Семенникова Л.М. Россия в мировом сообществе цивилизаций: Учеб. пособие для вузов. – М.: Интерпракс, 1994.
Современные Соединенные Штаты Америки: Энциклопедический справочник. – М.: Политиздат, 1988.
Хозяйственные реформы в России (IX–XX вв.): Учеб. пособие. / Под ред. А.Н. Романова, А.Н. Марковой. – М.; ВЗФЭИ, 1993.
Широков Г.В. Развивающиеся страны в мировом капиталистическом хозяйстве. – М.: Наука, 1987
БАҒАЛАУ ТУРАЛЫ НЕГІЗГІ МӘЛІМЕТТЕР
СОӨЖ – ді бағалау балл ретінде жоғарыдағы таблицасы бойынша қойылады.
Міндетті түрде орындалған тапсырмалармен қатар әр түрлі жағдайлар бойынша балл жинай алмаған студенттер қосымша тапсырмалар ала алады (тірек – сызбалар, таблица, кластер, постер, эссе, конспект, реферат).
Студеттердің лекцияға белсенді, продуктивті жұмыстары баллмен бағаланады.
Семестрдың аяғындағы аудиториялық жұмыстар, СОӨЖ уақыттарында жинаған баллдар қосылып, процентке ауысады
Семестрлік жүктемені орындауда студенттің білімі, іскерлігі келесі жүйе бойынша бағаланады:
1 дәріс х 0,5 б. = 30 д. = 15 б.
1 семинар х 0,25тен 1 б. дейін=15 с. =3,75-15 б.
5 = 1 б.; 4 = 0,75 б.; 3 = 0,5 б.
Семинарға белсенді қатысқаны үшін 0,25 б.
ОСӨЖ және СӨЖ = 15-30 б.
1 аттестация 2 аттестация 1 и 2 аттест.
14 д. х 0,5 = 7 б. 16 д. х 0,5 б. = 8 б 60 б.
7 с. х 0,25 тен 1 б.дейін = 1,75 – 7 б. 8 с. х 0,25-1 б = 2,0 б – 8б.
ОСӨЖ және СӨЖ = 16 б. ОСӨЖ және СӨЖ = 14 б.
Алғашқы қоғам тарихы пәні бойынша рейтинг көрсеткіші
І аттестация
Д,С, ОСӨЖ және СӨЖ
|
ІІ аттестация
Д,С, ОСӨЖ және СӨЖ
|
Сессияға рұқсат рейтингісі
|
Емтихан бағасы
|
Жиынтық көрсеткіш
|
15-30
|
15-30
|
30-60
|
20-40
|
50-100
|
Қорытынды баға көрсеткіші:
Қорытынды: 100 балл; А1 + А2 + Е = 100 балл; Қ = Р 60% + Е40% =100 %;
1 балл = 1%
Рейтинг
|
0-49
|
50-54
|
55-59
|
60-64
|
65-69
|
70-74
|
75-79
|
80-84
|
85-89
|
90-94
|
95-100
|
Балл
|
0
|
1,0
|
1,33
|
1,67
|
2,0
|
2,33
|
2,67
|
3,00
|
3,33
|
3,67
|
4,0
|
Әріптік
Эквивалент
|
F
|
D
|
D+
|
C-
|
C
|
C+
|
B-
|
B
|
B+
|
A-
|
A
|
Баға
|
қана
ғ/з
|
қанағаттанарлық
|
жақсы
|
өте жақсы
|
Аттестация 1-30 балл
= 60 балл (60 %)
Аттестация 2 -30 балл.
Аттестациялық бағаның көрсеткіші (0-30 балл)
Аттестация
|
0-14
|
15-22
|
23-26
|
27-30
|
Баға
|
қанағаттанарлықсыз
|
қанағаттанарлық
|
жақсы
|
өте жақсы
|
Емтиханға рұқсат рейтингісі (мысалға):
А1 12 + А2 13 = 25 (15тен 29 дейінгі балл) емтиханға жіберілмейді
А1 16 + А2 18 = 34 (30 дан 60 дейінгі балл) емтиханға жіберіледі
ЕМТИХАН БАҒАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ (0-40 б.) Емтихан – 40 балл (40%)
Балл
|
0-19
|
20-29
|
30-36
|
37-40
|
Баға
|
қанағаттанарлықсыз
|
қанағаттанарлық
|
жақсы
|
өте жақсы
|
Емтихан 0 ден 19-ға дейінгі балл – «қанағаттанарлықсыз» (академиялық борыш)
Емтихан 20 дан 40-қа дейінгі балл – емтихан тапсырылды
Мысалы:
Қорытынды: 16 + 18 + 22 = 56 (D+; 1,33; Қанағаттанарлық )
Курсты жүргізу саясаты
Пәнді оқыту барысында қойылатын әкімшілік талаптар:
Студент сабаққа қатысуға тиісті;
Барлық академиялық тапсырмаларды жауапкершілікпен орындауға;
ОСӨЖ тапсырмаларын ұқыпты уақытында орындауға;
Аталынған талаптар орындалмаса тиісті айыптарды орындауға;
7. ЕМТИХАН СҰРАҚТАРЫ
Әлем тарихын кезеңдерге бөлу.
Әлем жаңа заман кезеңінде. Капиталистік қатынастардың тууы және дамуы.
XIX ғ. соңы – XX ғ. басындағы Батыс пен Шығыс елдерінің дамуының жалпы сипаты.
Бірінші дүниежүзілік соғыс: сипаты және салдары.
Дүниежүзі елдерінің XX ғ. 20-30 жылдардағы дамуы.
Дүниежүзілік тарихтағы КСРО-ның орны.
Екінші дүниежүзілік соғыс.
Дүниежүзілік социализм жүйесі.
XX ғасырдағы жаһандық өзгерістер. Отарлық жүйенің күйреуі.
Әлемдегі шешілмеген даулы мәселелер.
XX–XXI ғғ. тоғысындағы батыс және шығыс өркениеттері.
Европа жаңа заманда. Ұлы географиялық ашулардың салдары.
Европа 18 ғасырда.
19 ғасырдағы алдыңғы қатарлы мемлекеттер.
20 ғасырдағы дүниежүзілік соғыстар. Себептері мен салдары.
XX ғасырдағы жаһандық өзгерістер.
Дүниежүзілік социализм жүйесінің даму кезеңдері.
Үшінші ғылыми-техникалық революция. Постиндустриалды өркениет.
Дүниежүзілік дамудың қазіргі кезеңдегі тенденциялары.
Ұлы француз революциясы.
АҚШ-тың партиялық жүйесінің құрылуы.
БҰҰ-ның құрылуы және даму жолы.
Ядролық қарудың таралмауының үдерісі.
XX ғасырдағы әлемдегі дағдарыстар.
Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің ассоциациясы (АСЕАН).
Ұлыбританиядағы көппартиялық жүйе.
Кариб дағдарысы.
Орыс-жапон соғысы.
Қытай Халық республикасының бүгінгі дамуға жету жолдары.
Азиялық ойындар – халықтар ынтымақтастығының көрінісі.
Коммунистік қозғалыстың тууы және Коминтерн.
Вьетнам соғысы.
Африка бірлестігінің ұйымы.
Семей ядролық сынақ полигоны – «қырғи қабақ» соғыстың салдары.
Отто Бисмарк – саясаткер, аса көрнекті мемлекет қайраткері.
Ф.Д. Рузвельт: өмірі және қызметі.
Гаага трибуналы: құқықтық мүмкіндіктері және қазіргі заманғы әлемдік қылмыстармен күрес.
Социалистік мемлекеттің кубалық моделі.
Мао Цзедун: өмірі және қызметі.
Үндістанның көрнекті қоғам және мемлекет қайраткерлері: Мохандос Карамчанд Ганди, Джавахарлал Неру, Индира Ганди.
Екі Кореяның пайда болуы: біріктірудің проблемалары.
Израиль мемлекеті.
Араб елдері қазіргі кезеңде.
Шығыс елдеріндегі аймақтық қақтығыстар
Араб Шығысы елдеріндегі аймақтық қақтығыстар.
Таяу және Орта Шығыс елдерінің қоғамдық-саяси және аймақтық саясатындағы «ислам факторы».
Араб елдерінің өзара ынтымақтасу саясаты.
8. ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ
Ағылшын буржуазиялық революциясының басталуына түрткі болған оқиға:
«Ұзақ парламенттің» шақырылуы
ХҮІІІ ғ. Индустриялық өркениеттің отаны: Англия
Ағылшын буржуазиялық революциясының тарихи маңызы:
Абсолютизм және феодалдық тәртіптер жойылды
ХҮІІ ғ Англияда капиталистік қатынастардың дамуына ең басты кедергі болған жағдай: Абсолютті монархия мен ескі феодалдық тәртіптер
Ағылшын буржуазиялық революциясының нәтижесінде орныққан мемлекеттік басқару формасы: Парламенттік монархия
1649 ж. диггерлер қозғалысында ұсынылған талаптар: Жердің қоғамдастырылуын
1653 ж. Англияда қабылданған жаңа конституция – «Басқару жоспарының» мәні: Кромвель лорд-протектор болып тағайындалды
1688 ж. Англияда орнаған мемлекеттік басқару жүйесі:
Парламентті монархия
ХVІІ ғ. қалыптасқан Ағартушылық көзқарастың мәні: Қоршаған әлемді ғылым мен тәжірибе арқылы тану
Шотландық экономист әрі философ Адам Смиттің экономикалық теориясының мәні: Адам өзінің жеке мүддесін ойлай отырып қоғамды жақсарта түседі және байытады
Солтүстік Америка отарларының тәуелсіздік үшін соғысы болған жылдар:
1775-1783 ж.
Отары бар мемлекет: Метрополия
АҚШ-тың үшінші президенті Томас Джефферсонның тарихта қалдырған еңбегі: «Тәуелсіздік декларациясы»
1778 ж. АҚШ-тың Франциямен одақтық келісім жасауға қол жеткізген дипломат: Бенжамин Франклин
1783ж. АҚШ пен Англия арасындағы келісімшарттың басты нәтижесі:
Құрама Штаттар тәуелсіз мемлекет ретінде ресми танылды
1787 ж. АҚШ Конституциясының толығымен демократиялық сипатта болмау себебі: Қара түстілерді құлдыққа алудың заңдастырылуы
АҚШ Конституциясы қабылданған жыл: 1787 ж.
ХVІІ ғ. Франциядағы сословиелік уәкілдіктің жоғарғы мекемесі:
Бас штаттар
1789 ж. Француз революциясының басты саяси жетістігі: Абсолюттік монархияның құлауы
Тарихта тұңғыш рет «Адам және азамат құқықтарының декларациясын» қабылдаған республика: Франция
1792 ж. Пруссия мен Австрияның Францияға қарсы одақ құру себебі:
Француз революциясын тұншықтыру үшін
1792 ж. 22 қыркүйектегі Франция тарихындағы маңызды оқиға:
Францияның республика болып жариялануы
1793 ж. Жирондықтар құлағаннан кейін саяси билікке келгендер:
Якобиншілдер
ХVІІІ ғасырдың І ширегінде Ресей экономикасына тән жағдай:
Батыс елдерінен техникасы мен экономикасы жағынан артта болды
Ресейдің болашақ астанасы – Санк-Петербург қаласының құрылысы басталған жыл: 1703 ж.
1721 ж. Ресей мен Швеция арасында қол қойылған бейбітшілік келісімі:
Ништад келісімі
1700 ж. 9 тамызда Ресей соғыс жариялаған мемлекет: Швеция
Орыс тарихшысы В.О.Ключевскийдің 1725-1761 ж. аралығындағы Ресей тарихын атауы: «Сарайлар төңкерісі дәуірі»
1773-1775 жылдары Ресейде болған көтерілістің басшысы:
Е.Пугачев
1700-1721 жылдары болған соғыс: Солтүстік соғыс
ХVІІ ғ. алғашқы ширегінде Үндістанның солтүстігінде өмір сүрген мемлекет:
Дели сұлтандығы
ХVІІІ ғ. ортасында Үндістанды отарлау үшін соғысқан мемлекеттер:
Англия мен Франция
ХVІІ ғ. Осман империясының әскери күш-қуаты мен өкімет билігінің әлсіреуіне себеп болған басты жағдай: Сипахилік жүйенің ыдырауы
1730 ж. Стамбулда қала кедейлерінің көтерілісін бастаған:
Патрон Халил
ХVІІІ ғ. ІІ жартысында Англия мен Францияның «осман мұрасын» бөлісуде ІІ Екатерина патшайымның саясатына қарсы шығу себебі:
Ресейдің Балқан мен Жерорта теңізінде күшейіп кетуінен қауіптенді
ХVІІІ ғ. Цин империясының ұстанған сыртқы саясаты: Оқшаулану саясаты
1628-1644 жы. Қытайдағы шаруалар көтерілісінің басшысы:
Ли Цзычэн
1757 ж. бастап Қытай императоры Цяньлунның еуропалықтарға байланысты ұстанған саясаты: Қытайға келуіне тыйым салды
Жоңғар хандығының негізі қаланған жыл: 1635 ж.
Жоңғар мемлекетінің алғашқы ханы: Батыр қонтайшы
ХVІІ ғ. аяғынан бастап билік құруда «шығыстық король», «батыстық техника» принципін ұстанған мемлекет: Жапония
ХVІІ-ХVІІІ ғ. араб әлемінде жүзеге аса бастаған саяси жағдай:
Капиталистік-отаршылдық жүйенің ықпалына түсе бастауы
ХVІІ ғасырда Иранды билеген әулет: Сефевидтер әулеті
ХVІІ ғ. Ирандағы мемлекет меншігіндегі жер: Дивани
1795 ж. АҚШ-пен бейбітшілік және достық туралы шартқа қол қойған араб елі: Алжир
1869 ж. іске қосылған Суэц каналын салған мемлекет: Франция
ХVІІІ ғ. Иран халқының ауғандарға қарсы күресін басқарған ......
Нәдір
ХVІІІ ғ. Иран шахы Нәдірдің саяси беделінің түсу себебі:
Үздіксіз жүргізген соғыстарының халыққа ауыр зардаптар әкелуі
ХVІІ ғ. Ирандағы отбасы меншігіндегі жер: Хассэ
ХVІІ-ХVІІІ ғ. Еуропалық жаулап алушылар құрған сауда тірек пунктері:
Факториялар
ХVІІ ғ. басына қарай Батыс Еуропа елдерінің ішінде сауда және отарлық біріншілікті иемденген мемлекет: Голландия
ХVІІ-ХVІІІ ғ. Англияда «мемлекет ішіндегі мемлекет» атанған ерекше құрылым: Ост-Үнді компаниясы
ХVІІ-ХVІІІ ғ. Қытай, Жапония елдерінің шетелдік отаршылдарға елді тонатпау үшін ұстанған саясаты: «Жабық есік»
ХVІІІ-ХІХ ғ. Шығыс елдерінің экономикалық саяси және мәдени жағынан артта қалуының басты себебі: Еуропалық отаршылдардың тонаушылық саясаты
Метрополия дегеніміз..... Отар иемденген мемлекет
Экспансия саясатының мәні: Мемлекеттің өзінің ықпалын басқа елдерге түрлі әдістермен тарату саясаты
Дүние жүзінде отаршылдық жүйенің негізін қалағандар:
Сауда компаниялары
1819 ж. Англияда лорд Ливерпуль кабинетінің әлеуметтік заң шығару саласында жасаған маңызды қадамы: 9 жасқа дейінгі балаларды жұмысқа алуға тыйым салынды
1764 ж. «Дженни» атты механикалық ұршықты ойлап тапқан инженер:
Дж. Харгривс
1765ж. Бу машинасын ойлап тапқан: Джеймс Уатт
«Дүниежүзілік шеберхана» атанған мемлекет:
Англия
ХІХғ. 30-50 жылдары Англиядағы пролетариаттың бұқаралық, саяси революциялық қозғалысы: Чартизм
ХІХ ғ. Англияда ірі жер иеленушілердің, ірі кеме иелері мен саудагерлердің мүддесін қорғаған саяси партия: Консерваторлар
ХІХ ғ. соңында ағылшын экономикасының даму қарқынының төмендеу себебі:
Шетелдерде ағылшын тауарларына жоғары салықтардың салынуы
1804 ж. Рим папасы салтанатты түрде тәж кигізген император:
І Наполен
1799 ж. 9 қарашадағы Франциядағы мемлекеттік төңкерістің нәтижесі:
Консулдық жүйе орнады
І Наполеонның өнеркәсіпке жасаған қолдауы: Өнеркәсіпке мемлекеттік жәрдем ақша мен сыйлық беріп отырды
Англияны экономикалық тұрғыдан күйрету мақсатында Наполеонның жүргізген шарасы: Құрлықты қоршауды жариялады
1813 ж. 16-19 қазанда Лейпциг түбінде жарты млн. астам жауынгер қатысқан шайқас: «Халықтар майданы»
1815 ж. Ватерлоо түбіндегі шайқастың нәтижесі: Наполеон жеңіліс тауып, Әулие Елена аралына жер аударылды
Францияда екінші республика жарияланған жыл: 1848 ж. 25 ақпан
Наполеон Бонапарттың келуімен Францияда орныққан әкімшілік жүйе:
Монархиялық жүйе
Франция-Пруссия соғысы басталған жыл: 1870 ж.
Францияда 1814 ж. тақ басына келген династия: Бурбондар
1870 ж. 19 шілдеде........... Франция-Пруссия соғысы басталды
1871 ж. Франция республикасының «герцогтер республикасы» деп аталу себебі: Ұлттық жиналыс мүшелерінің көпшілігі монархияшылдар
1871 ж. 21-28 мамыр аралығындағы күндердің «қанды апта» оқиғасы деп аталу себебі: Париж Коммунарлары мен Версаль әскерлерінің арасындағы қырғын соғыстың болуы
1848-1849 жылғы Германия революциясының қорытындысы:
Революция жеңіліспен аяқталды
1848-1849 жылғы Италия революциясының нәтижесі: Революция жеңіліспен аяқталды
ХІХ ғ. ортасында Италияда біртұтас ұлттық мемлекет құру жөнінде нақты жоспар ұсынған граф: Камилло Бенсо Кавур
Біріккен Герман империясының бірінші канцлері: Отто фон Бисмарк
ХІХ ғ. І жартысында Ресейдің экономикалық дамуының басты ерекшелігі:
Капиталистік қатынастың күшеюі
1861 ж. Ресейде қабылданған реформаның мәні: Басыбайлы құқықты жойды
1880 ж. Ресейдегі марксизм идеясының ірі теоретигі: Г.В.Плеханов
Ресейдегі бірінші орыс революциясы жүзеге асқан жылдар: 1905-1907 ж.
1860 ж. теміржолдардың ұзындығы бойынша дүние жүзінде бірінші орынға жеткен мемлекет: АҚШ
1861 ж. АҚШ аумағындағы штаттың саны: 40
АҚШ-та қоныс аударушылардың жыртылмаған жерлерді өз бетімен басып алу тәсілі: Контрабанда
ХІХ ғ. І ж. АҚШ азаматтарының «жоғары» өрлеуіне мүмкіндік жасаған жағдай:
Еуропадан иммигранттардың үздіксіз ағылып келуі
ХІХ ғ. ІІ ж. АҚШ-тың теміржол және болат құю зауытының қожасы:
Э.Карнеги
ХVІІІ-ХІХғ. АҚШ-тың оңтүстік аймағында үстемдік еткен шаруашылықтың түрі: Плантациялық шаруашылық
1793 ж. АҚШ-та мақта тазалайтын машина ойлап тапқан …….
Эли Уитни
ХVІІІ-ХІХғ. АҚШ экономикасының «королі» ретінде, шетке шығарылған басты тауар: Мақта
Латын Америкасы елдеріндегі ірі жер иеліктері: Латифундия
ХІХ ғ. І жартысында АҚШ өнеркәсібінің дамуына кедергі болған жағдай:
Плантациялық құлдық шаруашылықтың үстемдігі
1803 ж. АҚШ-тың Франциядан сатып алған жері: Луизиана
ХІХ ғ. басында АҚШ-тың Испаниядан тартып алған жері: Флорида
АҚШ-тың Ресейден Алясканы сатып алған жылы: 1867 ж.
Томас Джефферсон мен оны жақтаушыларының есептеуінше АҚШ-тың гүлденуіне негіз болатын экономикалық саясат: Ауыл шаруашылығын барынша қолдау
ХІХ ғ. ортасында АҚШ-тың саяси күресінде ең шиеленіскен мәселе:
Құлдық жүйенің сақталуы
АҚШ Президенттерінің ұзақ жылдар бойы құлдықты жоя алмау себептері:
Оңтүстік штаттардың одақтан шығамыз деп талап қоюларынан
ХІХ ғ. басында «Америкалық отарлар қоғамының» ұсынған идеясы:
Қара түстілерді Африкаға қайтару
АҚШ-та құлдықты жоюды жақтағандар: Аболиционистер
Олигарх...........
Аз ғана топ ақсүйектердің, финанс алпауыттарының саяси және экономикалық үстемдігі
АҚШ-та азамат соғысы болған жылдар: 1861-1865 ж.
1860 ж. АҚШ-та президенттік сайлауда бір-біріне қарсы тұрған партиялар:
Демократтар мен республикашылдар
1860 ж. АҚШ президенті болып сайланған және құл иеленушілікті жоюды жақтаушы: Авраам Линкольн
АҚШ тарихындағы ең қантөгісті соғыс: Солтүстік пен Оңтүстік арасындағы Азамат соғысы
1861-1865 ж. АҚШ-тағы азамат соғысының басты тарихи маңызы:
Құлдық жойылды
Конкистадорлар.......... испан-португал басқыншылары
Латын Америкасы елдерінде құлдық жойылған ең алғашқы ел:
Гаити
ХVІІІ- ХІХ ғ. Латын Америкасы елдеріндегі буржуазиялық-демократиялық төңкерістердің басты мақсаты: Тәуелсіздік алу
1810 ж. Мексика ұлт-азаттық көтерілісінің басшысы: Мигель Идальго
1826 ж. бастап бұл ел Аргентина деп аталады: Біріккен Ла-Плата провинциялары
1791 ж. Гаити аралындағы құлдар көтерілісінің басшысы: Франсуа Доменик Туссен
1825 ж. құрылған бұл мемлекет өзінің азат етушісінің құрметімен аталады, ол – ........ Боливия
ХІХ ғ. жаңа тәуелсіз Латын Америкасы мемлекеттерінде күшті экономикалық және саяси ұстанымын орнатуға мүмкіндік алған мемлекет:
АҚШ
1823 ж. «Монро доктринасының» мәні: АҚШ-тың америка ісіне державалардың араспауын талап еткен мәлімдемесі
Императорын Көк тәңірінің ұлы деп есептеген мемлекет:
Қытай
ХVІІІ-ХІХ ғ. Қытайдың дүние жүзі елдерінен дамуы жағынан артта қалу себебі: Ешқандай елмен дипломатиялық не сауда байланысын жасамауынан
Бірінші апиын соғысы болған жылдар: 1840-1842 ж.
1840-1842 ж. Англияның Қытайға соғыс жариялауының себебі: Пекиннің ағылшындардың Қытайға апиын сатуына тыйым салуы
1842 ж. Нанкин келісімшартында қабылданған шешім: Қытай ағылшындар үшін бес порт ашуға және контрибуция төлеуге мәжбүр болды
1850-1864 ж. аралығында Қытайдың экономикалық күйзелісі мен апиын қозғалысының зардаптарынан туған шаруалар соғысы: Тайпиндер көтерілісі
Қытайда екінші апиын соғысы болған жылдар: 1856-1860 ж.
Англия мен Франция Пекинде өздерінің елшіліктерін ұстауға және өз азаматтарының Қытайда емін-еркін жүріп-тұруына мүмкіндік берген келісім:
Тяньцзинь келісімі
1858 ж. Айгунь келісімі бойынша Ресей меншігі деп танылған аймақ:
Амур өзенінің сол жақ жағалауы
1850-1864 ж. тайпиндер құрған мемлекеттің идеологиясы: Ежелгі қытай дәстүрлерін сақтау, көне ережелерді құрметтеу
1894-1895 ж. жапон-қытай соғысында күйреген Қытай саясаты: «Өзін-өзі күшейту»
ХІХ ғ. Қытайды ауыр жағдайдан шығарудың жолын іздеген революциялық-демократиялық қозғалыстың көсемі: Сунь Ятсен
1894 ж. құрылған «Қытайды қайта өркендету қоғамының» басты мақсаты:
Қытай Республикасын құру
ХХ ғ. Қытайдағы «ашық есік» саясатының мәні: Қытай рыногы үшін күресте барлық державаларға тең құқық
ХХ ғ. басында Қытай капитализмінің дамуына кедергі болған басты жағдай:
Шетелдіктердің отарлау саясаты
Сунь Ятсен тұжырымдаған үш принциптің бірі: Монархиялық биліктен бас тарту
Қытайда Синьхай революциясы болған жылдар: 1911-1913 ж.
Қытай Республикасының тұңғыш президенті: Сунь Ятсен
Қытайда маньчжур үстемдігі құлаған жыл:
1912 ж.
ХІХ ғ. «жабық есік» саясатын ұстанған, жері ірілі-ұсақты аралдардан тұратын мемлекет: Жапония
ХVІ ғ. Жапонияға алғаш келген еуропалықтар: Португалдар
ХVІІ ғ. Жапонияда шетелдіктердің кіруіне, жапондықтардың шығуына тыйым салған саясаты: «Жабық есік»
1867-1868 ж. Мэйдзи төңкерісінің мәні: Императорлық билікті қайта қалпына келтіру
ХІХ ғ. Жапония императоры өз мемлекетінің дәстүрлеріне сәйкес келетін мемлекеттік құрылысты таңдау үшін қабылдаған шешімі: Батыс елдерінің тәжірибесін үйрену үшін шетелге арнаулы делегация жіберді
Мэйдзи үкіметінің Жапония капитализмін дамыту үшін жүзеге асыра бастаған саясаты: Жаңа шикізат көзін табу үшін басқыншылық саясатты жүзеге асырды
1876 ж. Жапон экспансиясының алғашқы құрбаны болған мемлекет:
Корея
Жапонияда ұлттық қозғалыстың болмау себебі: Бір ғана ұлттан тұрғандықтан
1889 ж. құрылған жас түріктер партиясы: «Бірлік және прогресс»
1857-1859 ж. Үндістандағы ұлт-азаттық көтерілістің басталуына түрткі болған оқиға: Сипай әскерлерінің қару-жарақтарына қажетті оқ-дәріге байланысты болуы
1857-1859 ж. сипайлар көтерілісінен кейінгі Англияның Үндістанда енгізген саяси өзгерістері: Әкімшілік билік вице-корольге берілді
ХІХ ғ. І жартысында Үндістанды өзінің тауарларын өткізу рыногына және шикізат көзіне айналдырған мемлекет: Англия
Үндістанда алғашқы тоқыма фабрикасы пайда болды................ 1854 ж. Калькуттада
1885 ж. Үндістанда құрылған жалпы-үнділік саяси партия:
Үнді Ұлттық Конгресі
ХІХ ғ. Үндістан радикалдарының ұлттық өнеркәсіпті бәсекелестіктен сақтап қалу үшін жасаған мәлімдемесі: Ағылшын тауарларына бойкот жариялау
1885 ж. құрылған Үнді Ұлттық Конгресінің радикалдық қанатының көсемі:
Б.Тилак
ХХ ғ. басында Үндістандағы ұлт-азаттық қозғалыстың аса белсенді ошағы болған аймақ: Бенгалия
1905 ж. Үндістандағы отаршыл өкіметтің Бенгалияны екіге бөлудегі мақсаты:
Үнділер мен мұсылмандар арасында діни алауыздықты тудыру
ХХ ғ. басындағы Үндістан халқын ағылшын отаршылдарына қарсы күреске шақырған үндеу: «Өз тауарларымыз»
1888 ж. билікке келген, өзін «мұсылмандардың қорғаушысымын» деп мәлімдеген германдық император: ІІ Вильгельм
ХІХ ғ. Германияның Осман империясына орныққандығының белгісі:
Немістердің Берлин-Стамбул-Бағдат теміржолын салуы
1889 ж. Стамбулда құрылған «Бірлік және прогресс» партиясының алға қойған мақсаты: Конституциялық мемлекет құру
«Жас түріктер» революциясы басталған жыл: 1908 ж.
1826 ж. янычар әскерлерінің көтеріліске шығу себебі: Янычар әскерінің таратылуы
1828-1829 ж. орыс-түрік соғысынан кейін өзін-өзі басқару құқығына ие болған князьдіктер: Грекия, Сербия, Дунай
1839 ж. Түркия тарихында басталған жаңа реформалық кезең: Танзимат
Ресей патшасы І Николайдың түрік сұлтанына жолдаған ультиматумындағы талабы: Осман империясы құрамындағы барлық православиелік халықтарға орыстардың ықпалын мойындауы
ХІХ ғ. Осман империясының сұлтаны ІІ Махмұдтың мемлекетті басқару ісіне енгізген өзгерістері: Еуропалық үлгідегі министрліктер құрылды
1856 ж. Осман империясының экономикасына шетелдік қаржының көптеп келуіне кең жол ашқан саясат: Шетелдіктерге жеке меншік және қозғалмайтын мүлік алуға рұқсат беру
ХVІІІ-ХІХ ғ. Осман империясының иеліктерін жаулап алуға ұмтылған батыс еуропалық мемлекеттердің саясаты: «Шығыс мәселесі»
1865 ж. Стамбулда құрылған құпия ұйым: «Жаңа османдар»
1908 ж. «Жас түріктер» революциясынан кейінгі Осман империясында жүзеге асқан саяси өзгерістер: Конституциялық монархия орнады
ХХ ғ. Осман империясы арқа сүйеген Батыс державасы: Германия
1796 ж. Тегеранға француз елшілерінің келу себебі: Иран шахын Ресей мен Англияға қарсы айдап салу үшін
1813ж. Гулистан келісіміне қол қойған мемлекеттер: Ресей мен Иран
1828 ж. Туркманчай бітімінде Ресей пайдасына қабылданған шешім:
Каспий теңізінде әскери флот ұстау құқы түпкілікті бекітілді
1848-1852 ж. Иранда хандар мен шах өкіметінің билігіне наразылық білдірген халық көтерілісі: Бабшылдар көтерілісі
ХІХ ғ. Иранды экономикалық жағынан тәуелді елге айналдыру бәсекелестігіне түскен елдер: Англия мен Ресей
1872 ж. Иранда 70 жыл мерзімге мұнай мен табиғи байлықтарды игеруге тиімді концессия алған ағылшын капиталисі: Ю. Рейтер
Дүниежүзілік тартылыс заңын тұжырымдаған ғалым:
Исаак Ньютон
Еуропада есептеуіш машинаны ойлап тапқан ғалым:
Готфрид Вильгельм Лейбниц
Шіркеулік музыканың жан-жақты дамуына жол ашқан ұлы композитор:
И.С.Бах
Барлық білім тәжірибеден жинақталады деген пікірді ұстанған ағылшын философы: Джон Локк
1875 ж. Мысыр монархынан Суэц каналын сатып алған мемлекет:
Англия
1897 ж. соңында герман империалистері өзінің ықпал ету аймағына айналдырған Қытай провинциясы: Шаньдун
Франция мен Пруссия соғысында Франция айырылып қалған аймақтар:
Эльзас пен Лотарингия
1895 ж. Масквеллдің электромагниттік толқындар теориясына сүйене отырып көзге көрінбейтін Х-сәулелерін ашқан герман физигі: В.К.Рентген
«Париж ана құдайы ғибадатханасы» мен «Күлегеш адам» атты әйгілі романдардың авторы: В.Гюго
Ірі неміс ақын-жазушысы Иоганн Вольфганг Гетенің өлеңмен жазған трагедиясы: «Фауст»
Оның шығармасы би, славян ұлттық әуендері негізіне құрылған, оны «мазурка королі» деп атаған: Ф.Шопен
Достарыңызбен бөлісу: |