дәт шіркін бара алмаған (О.Бөкей) // ДӘТІ [ШЫДАМЫ] ЖЕТПЕДІ [ЖЕТТІ]. Шыдамады, төзімі таусылды, көңілі дауаламады.
Сөйтіп, өмірдің алтын арқауына айналған ұрпақ атты ұлы көшті жалғастыру. Кіндіктен тарар жібек жіпті үзіп алмау. Бұдан артық
ПОӘК 042-18-28.1.14/03-2014.
|
____№ ___басылым
|
____ беттің ____ беті
|
бақытты тауып көрші! (О.Бөкей) // ҚТФС-де кіндіктен тарар фразеологизмі кездеспейді, бірақ мынадай варианттары бар:
КІНДІГІ БІР. 1.Бір анадан туған. 2.Бірігіп тізе қосқан, пікірлес адамдар.
КІНДІК ТАМЫР. Негізгі өзегі.
КІНДІКТЕН ЖАЛҒЫЗ. Ата-анадан өзі ғана, өзінен басқа бауырлас туысы жоқ, жалғыз басты.
Тұқымынан қаталдау, балаға онша-мұнша бауыр еті елжіремейтін, әйтсе де соңынан бір елі қалмай томпаңдап еріп, жылқы қайырысып, тыным таппай жүретін ұлын көргенде: «Артымда қалар тұяғым, өмірімнің жалғасы, түтін шығарарым», - деп күбірлеп, әкелік қатал да қайырымды жүрекпен елжірей сүйетін (О.Бөкей) // берілген тұрақты тіркестердің үшеуі де ұрпақ жалғастыру мағынасын беріп, бір-бірін дамытып сөйлемнің экспрессиялығын арттыруда.
– Я бабам!.. Жағаңа жау қарысы жетпесін, денеңе жезайырдың оғы өтпесін (М.Мағауин) // жаудың қолы жетпесін, садақтың оғы өтпесін деген ойды автор астарлы, образды сөздермен ауыстырып беру арқылы әсерілілік тудырған.
Метафоралану сөздің, не тіркестің негізгі мағынасы мен контекстік, қосымша мағынасының параллель түрде, қатар жүруіне байланысты. Себебі, тұрақты тіркестің ауыспалы мағынасы алғашқы мағынасы негізінде түсінікті, ұғынықты болады және де тілдегі образдылық (бейнелілік) мағынаның қалыптасуына негіз болады. Академик Ә.Қайдар этнолингвистика үшін ең қиын мәселе – фразеологизмдердің ауыс мағынада қолданылу мотивтерін түсіндіру екендігін айтады [6]. Себебі, фразеологизмдердің қалыптасуы белгілі бір тарихи жағдайға, тарихи оқиғаларға байланысты болып келеді. Еркін тіркестің фразеологиялық тіркеске айналуының бірнеше кезеңі болады:
1 Еркін тіркес кезеңі;
2 Еркін тіркестің тұрақтану кезеңі;
3 Тұрақты тіркес болып қалыптасу кезеңі.
Н.М.Шанский еркін тіркестердің фразеологизмге айналуының бірнеше себептерін көрсетеді: «Основными причинами являются следующие: 1) постоянное в свободном сочетании слов не прямом, а в обобщенном и образно-переносном значении; 2) появления в свободном сочетании слов слова связанного, фразеологически ограниченного употребления; 3) выражения свободным сочетанием слов единого понятия, актуального для данной исторической эпохи. Благодаря постоянному употреблению свободных сочетаний слов в обобщенном, образно-переносном значении возникают фразеологические сочетания. Постоянное и повторяемое обозночение исходно свободным сочетанием слов одного, актуального в данное времия понятия
ПОӘК 042-18-28.1.14/03-2014.
|
____№ ___басылым
|
____ беттің ____ беті
|
приводит к образованию фразеологического вражения номинативного характера»
Фразелогизмдердің жиі қолданылатын тәсілдерінің бірі – метонимия тәсілі. Метонимия немесе алмастыру заттар мен құбылыстардың қасиеттерін, белгілерін шартты түрде бір-бірімен алмастырып қолдану. Метонимия тәсілінің басқа көріктеуші амалдардан айырмашылығы – бұлар сөйлеу стиліне аса бейім болады. Ауызекі сөйлеу стилінің басымдылығы көркемдік тәсілдің бұл үлгісімен жасалатын фразеологизмдердің тілімізде мол болуына себепкер болады. Мысалы, көлденең көк атты, ауыз ашар, ауызымен құс тістеген, бара жатқанның балтасын, келе жатқанның кетпенін қоймаған, бармақ нан, бір ернімен жер тіреп, бір ерінімен көк тіреп, жарғақ құлағы жастыққа тимеді т.б.
Теңеу – әдеби тілге үстеме мағына беріп, көркем шығарманың мазмұнын құнарландыратын көріктеу құралдарының бірі. Мұнда суреткер заттың, құбылыстың, ерекше белгілерін көрсетпей-ақ оны басқа затпен құбылыспен салыстыра суреттейді.
А.Байтұрсынов әдеби тілдің көріктеу тәсілдерінің бірі ретінде теңеуді атайды: «Көріктеу нәрсені айыра көрсетіп, айқын шығаруға жарағанмен, нәрсенің бернесін суреттеп көрсетуге күші жетпейді. Ондай орында белгісіздеу сипатты белгілі сипатқа, белгісіздеу нәрсені белгілі нәрсеге теңеп, көрнектеп, ашығырақ көрсетеміз. ... Теңеу екі түрлі: 1) әншейін теңеу, 2) әдейі теңеу. Екеуінің арасындағы айырмасы сол: әншейін теңеу - әдетті теңеу болады; мәселен, удай ащы, айдай жарық, күйедей қара дегендегі «удай», «айдай», «күйедей» деген сияқты сөздер. Әдейі теңеу жоғарыдағы келтірілген мысалдардағы теңеулер». А.Байтұрсынов атап көрсеткен әдейі теңеу көркем әдебиет тілінде көріктеу мақсатында қолданылатын теңеу түрлері.
Қазақ тілі фразеологизмдерінің теңеу арқылы жасалуының бірнеше жолы бар: 1) -дай, -дей, -тай, -тей сын есімнің салыстырмалы шырай формасын тудыру арқылы жасалуы. Мысалы, сең соққан балықтай, аш бөрідей, тайға таңба басқандай, абыройын айрандай төгу, сойып қаптап қойғандай, айран тамған сүттей ұю, ит көрген текедей; 2) -ша,- ше жұрнақтары арқылы жасалған теңеулер де фразеологизмдерге айрықша реңк үстейді. Мысалы, өсекті қарша борату, ит көрген ешкіше, қаңбақша ойнату т.б.
Теңеу арқылы эмоционалдық-экспрессивтілік мағына тудыратын фразеологизмдер белгілі бір жағдаяттардың сырттай ұқсастықтары негізінде жасалады.
Эпитет – заттың, құбылыстың, айрықша сипатын, сапасын анықтайтын суретті сөз. Тілдегі эпитеттің атқаратын қызметі – заттың немесе құбылыстың
ПОӘК 042-18-28.1.14/03-2014.
|
____№ ___басылым
|
____ беттің ____ беті
|
ерекше белгілерін күшейтіп көрсету. Мысалы, құлан жортпас дала, сұм дүние, қыран–топан күлкі, ащы тіл, ақ жүрек, сұр жылан, аш қасқыр т. б.
Фразеологизмдердің құрамындағы эпитеттер тіркес мағынасын көріктеуге қызмет етіп тұрады. Мысалы,
алақан
ат
ауыз кетті
Құр күйді
көкірекке салды
қалды
қалта
Құр сөзімен жасалған тұрақты тіркестердің барлығы дерлік эпитет болып тұрған жоқ, осындағы құр ат, құр қалта, құр алақан фразеологизмдері құрамындағы құр эпитет қызметінде тұр.
буын
иіс
Жас қыршын
түлек
уыз Жас буын, жас иіс, жас күн, жас қыршын, жас түлек, жас уыз фразеологизмдерінің құрамындағы жас сөзі эпитет қызметінде фразеологизмдердің мағыналық реңктерін дамытып, экспрессивтілік мән үстеп тұр.
«Жазушының немесе айтушының метафора, метонимия, теңеу т.б. көркемдік тәсілдерін қолдану – қолданбауы өз еркі. Ал эпитетсіз аяқ басу мүмкін емес. Жазушы тілдегі көркемдік тәсілдерді жай қолдана бермейді, олардың қайсыбір түрін автор ең алдымен шығарманың идеясына, кейіпкерлер әрекетіне лайықтап, эстетикалық талғаммен қолданады. Сөз жоқ, бұл ретте ғасырлар бойы жаңарып, көненің көзіндей болған, халық жасаған фразеологиялық тіркестер талғам табиғатынан табылатыны ақиқат».
Фразеологизмдер тілімізде инверсия немесе алмастыру тәсілі арқылы да жасалады. Стилистикалық фигураның бұл түрін тілімізде екіге бөлуге болады.
Ритмикалық алмастыру – метрикалық өлең жүйесінде кездесетін екпін түсетін буын мен метрикалық акценттің сәйкес келуі. Синтаксистік алмастыру – сөйлемдегі немесе сөз тіркесіндегі сөйлем мүшелерінің, сөздердің грамматикалық ережеге сай емес орындалуы. Алмастыру тілімізде өлең құрылысындағы ырғаққа байланысты ғана жасалмайды. Өте сәтті
ПОӘК 042-18-28.1.14/03-2014.
|
____№ ___басылым
|
____ беттің ____ беті
|
ауыстырылған синтаксистік алмастыру айтылатын ойға ерекше екпін түсіріп мәнерлік, модальдық реңк береді.
Инверсия тәсілінің окказионализмдерден айырмашылығы бар. Авторлық өзгертуге түсірілген фразеологизмдер қалыптасқан нормадан ауытқу болса, алмастыру – қалыптасқан стильдік тәсіл. Ауыстыру тәсілі мен тілімізде фразеологизмдердің лексикалық варианттары көп жасалады. Мысалы, аузы жеңіл / жеңіл ауыз, жарым түн / түн жарым, кезек дүние / дүние кезек, жаман жақсы болса да / жақсы жаман болса да, құлынтайдай тебісіп өсу / тай құлындай тебісіп өсу, аңқайып ауызын ашу / ауызы аңқайып қалу т.б.
Фразеологизмдердің бойындағы табиғи қасиеттерінің бірі мағына тұтастығы, тіркес тиянақтылығы десек, фразеологизмдердің өзгеріске түсіп қолданылуы оның бұл қасиеттеріне қарама-қайшы болып шығады. Алайда байқағанымыздай жалпыхалықтық тілде, көркем әдебиетте, поэзияда әр алуан қажеттіліктерден тұрақты тіркестердің нормадан ауытқуы кездеседі. Тұрақты тіркестердің құрылымындағы сөз ауысу мотивтері әр түрлі. Соның бірі стильдік ерекшелік, яғни фразеологизмдерді мағыналық реңкін өзгертіп, ұтымды қолдануды мақсат етуден туады.
Академик Р.Сыздық Абай тілінің фразеологимздерін зерттей келе ақын тіліндегі фразеологизмдердің өзгертіліп қолданылуын көрсетеді: «Образды күштірек, әсерлірек етіп шығару үшін ақын бір фразеологизмді қатарынан екі рет жұмсайды, бірақ құрылымдарын сәл өзгертіп береді. Мысалы, нәзіктік образын айту үшін Абай: Тал жібектей оралып, Гүл шыбықтай бұралып – деген өлең жолдарында тал шыбықтай бұралу деген кәнігі фразеологизмді тал жібектей оралу және гүл шыбықтай бұралу деп екі вариант етіп келтіреді. Осы арқылы қыз нәзіктігі күшейтіліп суреттеліп тұр.
Абайда трансформацияланған фразеологизмдердің көбі ғылым тілінде контаминация деп аталатын өзгеріске ұшыраған тіркестер болып келеді. Мұнда кәнігі фразеологизмдердің құрамындағы сөздер алмасып қолданылады. Мысалы, Абайдың өсекке салу деп қолданғаны өсекке таңу және сөзге қалдыру дегендердегі сөздерді бір-бірінен алып, алмастырып контаминациялану болып шыққан. Тілге сөз түспеу деген де осындай: ауызға сөз түспеу және тілге сөз оралмау дегендерден сөз алмастырып жасаған жаңа құрылым. Бұл қатарға Абай қолданған төмендегі фразеологизмдерді жатқызуға болады: ант шайқау (ант бұзу, сөзде тұрмау, сөзін шайқау), шырайын жылыту (жүзін жылыту, шырайын беру), ардан кету (ардан безу, ұяттан кету), ой кіру (ақыл кіру, ой ойлау), қайғы жеу (уайым жеу, қайғы шегу), қасиетін төгу (арын төгу, қасиетінен айырылу), жатты өз қылу (жатты жақын ету, жатты өзі көру), күш айту (күш көрсету,
ПОӘК 042-18-28.1.14/03-2014.
|
____№ ___басылым
|
____ беттің ____ беті
|
айбынды сөз айту), аспанға тырысу (көкке өрлеу, аспанға ұмтылу), талап салу (талап ету, күшін салу), ықылас салу (ықылас қою, ден салу), сөзі ұзын (тілі
ұзын, сөзі көп, сөзі жаман), ақылға ену, (ақылға кіру, ақылы толған кезге келу, ену), жазды алу (жазды өткізу, уақытты алу). Бұл тіркестердің жақша ішінде көрсетілгендері жалпы халық тілінде қолданылатын кәнігі фразеологизмдер. Абай олардың сөздерін алмастырып, өзгертіп қолданған. Егер осы өзгерген фразеологизмдерді жеке-жеке атасақ, олардың дағдылы еместігі бірден байқалады. Ал Абай өлеңдерінің ішіне келгенде, бірде-бір оқырман Абай мына сөздерді дұрыс қолданбапты немесе тіркесті бұзып, нормадан ауытқып кетіпті деп еш ойламайды, өйткені бұлар өлең тілінің бүкіл бітіміне соншама оралымды етіп келтірген».
Жалпы фразеологизмдену процесі тіркестің ішкі мағыналық жағы мен оны құрап тұрған сөздердің жеке мағыналарының деактуализациялануы арқылы жүзеге асады. Деактуализация сөз тіркесі беретін мағына мен оны құраушы сөздердің арасындағы мағыналық желіден ауытқу негізінде болады. Сөз тіркесін құраушы сөздердің деактуализациялануы оның лексикалық, категориялық, грамматикалық және тағы да басқа мағыналарымен байланысты жүзеге асады. Сөздің мағыналық құрылымының аталған элементтері әр түрлі жағдайда, әр түрлі деактуализацияланады. Алайда, фразеологиялық деактуализацияны жеке сөздердің мағынасына емес, олардың тіркес кезіндегі тұтас семантикалық мағынасына байланысты қарастыру керек.
В.М.Солнцев лексикалық және грамматикалық мағыналарды салыстыра келе былай дейді: «Различные виды так называемого грамматического значения также представляют собой некоторые факты сознания, хотя и не столь явно предметно ориентированные... Грамматические значения – высокой степени абстрактности... Некоторые виды грамматических значении, по-видимому, являются абстракциями абстракций. В них отображаются внутриязыковые отношения и связи».
Сол себепті де фразеологизмдерді жіктеуде тілде грамматикалық категорияларға мән беріледі. Тіркескен сөздердің грамматикалық категориялардың біріне жатуына байланысты етістікті тіркестер, есімді тіркестер деп жіктеу де осыған байланысты орын алған. Мәселен, су жүрек деген тіркес мағынасы қандай деген сұраққа жауап беріп, сын есім сөздің орнына жұмсалса, көз шырымын алды дегенде не істеді деген етістік сұрағына жауап беріп етістік сөздің орнына жұмсалады.
Фразеологизмдердің компоненттері семантикалық мағыналарынан ажырағандықтан деактуализация негізінде лексикалық мағынасы да тұрақсызданады. Компоненттердің семантикалық және грамматикалық деактуализациясы негізінде фразеологизмге кірген сөздер өздерінің бастапқы
ПОӘК 042-18-28.1.14/03-2014.
|
____№ ___басылым
|
____ беттің ____ беті
|
мағыналарының орнына басқа, тың мағынаға ие болады. Мысалы, көзді жұмып жіберді / көзді тарс жұмды фразеологизмдері алды артына қарамай, нар
тәуекел етті деген мағынаға ауысқан. Оның құрамындағы сөздер бұрынға мағыналарын фразеологизм құрамында тұрып бере алмайды. Немесе, басын қырау шалды дегендегі қырау шалды тіркесі шашы ағарды, қартая бастады деген ұғымды білдіреді. Бұл жерде де тіркес мағынасы қырау түсінің ақ болуына байланысты меңзеу ұғымымен ұштасады. Келтірілген мысалдардағы фразеологизмдер компоненттері деактуализация негізінде өздерінің бастапқы лексикалық мағыналарынан айырылған.
В.П.Жуков фразеологизмдердің компоненттік құрамын зерттей келе оларды бірнеше топқа жіктейді. Ғалым фразеологизмдер лексика-грамматикалық, семантикалық, мағына беру қабілеттеріне қарай таңбаланады (моркированные) дей келе оларды: «Процесс неровномерной деактуализации слова, вызванный различной абстрагирующей способностью элементов его смысловой структуры, условимся назвать семантической редукцией слова. Названный процесс предопределяет наличие в составе фразеологизма компонентов, различающихся характером и мерой семантической маркированности... (категориально маркированные, деривационно маркированные, лексически маркированные, символически маркированные)», – деп бөледі.
Фразеологизмдердің грамматикалық формалар арқылы жасалуы:
1. – шық, – шік, – қан, –ша, – шақ кішірейту т.б. мағынасындағы жұрнақтар арқылы жасалуы. Мысалы, үйшік, таушық, төбешік. Үй ішінен үйшік тігу.
2. – еке, – й, жұрнақтары арқылы мейірімділік, сыпайылық мағына тудыру. Мысалы, ағеке, апеке, апай т.б. Апаекеме жездекем сай.
Адам көңіл-күйіне әсер ететін кішірейту, еркелету, менсінбеу, кемсіту, мәнді қосымшалар арқылы да экспрессивті-эмоционалды фразеологизмдер жасалады.
Фразеологизмдердің мағыналық және құрылымдық жағынан тұрақтануы сөз тіркесінің немесе сөйлемнің тілдегі көріктеу амалдары – теңеу, метафора, метонимия, эпитет және тағы да басқа мағыналық ауысулар арқылы болатынын байқаймыз.
Фразеологиялық мағына жеке сөздердің ерекшеліктері арқылы ғана емес, олардың лексикалық жағынан үйлесіп, семантикалық өзгеріске түсуі арқылы жасалатынын көрсетеді. Сондай-ақ, фразеологизмдердің контекст көлемінде әр түрлі грамматикалық амал-тәсілдер арқылы жаңа лексика-грамматикалық мағынаға ауыса алатыны байқалады.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
ПОӘК 042-18-28.1.14/03-2014.
|
____№ ___басылым
|
____ беттің ____ беті
|
1 Метафоралану құбылысы дегеніміз не?
2 Теңеу
3 Метонимия құбылысы
4 Эпитет
5 Ритмикалық алмастыры
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Құдайберген Жұбанов және қазақ тіл білімі: Ғылыми мақалалар жинағы. – Алматы: Арыс, 1999. – 376 б.
2. Панасюк А.Т. К вопросу об экспрессии как лингвистической категории. М., 1983.
3. Ефимов А.И. Стилистика художественной речи. – М.: Изд-во Московского университета, 1977. – 448 с.
4. Хасанов Б. Қазақ тіліндегі сөздердің метафоралы қолданылуы. – Алматы: Мектеп, 1966. – 208 б.
5. Кеңесбаев І. Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі. – Алматы: Ғылым, 1977. – 712 б.
6. Қайдар Ә. Қазақ тілінің өзекті мәселелері. – Алматы: Ана тілі, 1998.–304 б.
7. Шанский Н.М. Фразеология современного русского языка 3-е изд. М.: Высш. шк., 1985. – 160 с.
8. Байтұрсынов А. Ақ жол: Өлеңдер мен тәржімелер, публицистика. Мақалалар және әдеби зерттеу. – Алматы: Жалын, 1991. – 464 б.
9. Аманжолов С. Қазақ әдеби тілі синтаксисінің қысқаша курсы. – Алматы,1994.
10. Смағұлова Г.Н. Фразеологизмдердің варианттылығы. – Алматы: Санат, 1996. – 128 б.
11. Сыздық Р. Абайдың сөз өрнегі. – Алматы: Арыс, 2004. – 208 б.
12. Солнцев В.М. К вопросу о семантике или языковом значении // Проблемы семантики. – М., 1974.
13. Жуков В.П. Русская фразеология. – М.: Высш. шк., 1986. – 310 с.
№13 Дәріс тақырыбы: Қазақ фразеологиясының стильдік ерекшеліктері.
Жоспар:
1. Фразеологизмдердің лексикографиялық стильдік сипаттары.
2. Эмоционалды-экспрессивті реңк әсерлеріне қарай тұрақты тіркестердің түрлі стильдік қабаттары.
3. Ауызекі және қарапайым сөйлеу стиліндегі фразеологизмдердің ара қатынасы.
Мазмұны: Фразеологизмдер сөзді жандандырып, тілімізге өткірлік сипат, ұлттық ажар беретін стильдік мәні айрықша құрал болып саналады.
ПОӘК 042-18-28.1.14/03-2014.
|
____№ ___басылым
|
____ беттің ____ беті
|
Тұрақты сөз тіркестері қанатты сөз, мақал-мәтелдер, идиомдар аз сөзбен көп мағынаны білдіреді, тілдің стильдік сапасын арттырады.
Мақал-мәтел-астарлап, кестелеп айтатын ойдың бейнелі көрінісі.
Мақал көбінесе тиянақталған қорытынды ой ретінде, сөйлем түрінде келеді. Мысалы, көп сөз - көмір, аз сөз - алтын, жақсыдан үйрен , жаманнан жирен, аңдамай сөйлеген ауырмай өледі т.б.
Мәтел формасы жағынан бейнелеп сөйлеудің элементі сияқты. Онда ой аяқталмай келте қайырылады. Ұзын арқау, кең тұсау, ауырдың үстімен, жеңілдің астымен.
Сөз өнерінің асылы мақал-мәтелдер ақын- жазушылардың стилінің қалыптасуына ықпал жасайды. Бұл жайында М.Горкий Менің жазуды қалай үйренгенім жөнінде деген мақаласында былай деп жазады: Асылында, мақал- мәтелдер еңбекші халықтың тұрмысындағы басынан кешіргенін, көргенін, саяси- әлеуметтік тәжірибесін қалыпқа шебер құяды, сол себепті жазушының бұл материалмен таныуы өте қажет, өйткені бұл материал бес саусақты жұмып, жұдырығыңды түйгендей сөзді сығымдауға үйретеді, өзгелердің солай сығымдап айтқан сөздеріндегі астарын аша біліп, дәуіріміздің міндеттеріне зиянды өлі пікірлерді әшкерелеуге үйретеді. Өз басым мақалдан көп нәрсе үйрендім, басқаша айтқанда, ойларымды нақыл сөзбен жұп-жұмыр етіп бере білуді үйрендім.
Фразеологизмдер - сөйлеу тілінде де, жазу тілінде де көп қолданылатын қажетті құрылыс материалы. Ал оның бейнелегіш-мәнерлегіштік сипаты әсіресе көркем және публицистикалық шығармаларда айқын көрінеді. Фразеологизмдер - сөз шеберлері суреткердің көркем образ жасу үшін қолданатын эмоционалды-экспрессивті құралы.
Ғылыми стильде тұрақты сөз тіркестері образдылық-мәнерлегіштік қызмет атқармайды, олар көбінесе белгілі бір заттың, ұғымның аты ретінде жұмсалады. Ал көркем шығармада, публицистикада, фразеологизмдер белгілі стильдік мақсатта, жалпы халықтық формада және өңдеумен қолданылады.
Тұрақты сөз тіркестерін жалпы халықтық формада қолдану- жалпыға танылғн белгілі тәсіл. Бұл тәсіл айтылып не жазылып жеткізілетін ойға көркемдік сипат беру мақсатын көздейді. Мәселен, жалпы халықтық формада жұмсалған тұрақты сөз тіркестері автордың тілін жандандырып мәнерлігін арттырады.
Жалпы халықтық формадағы фразеологизмдер көркем шығармада кейіпкер тілін ерекшелендіріп, даралық сипат беру мақсатымен де қолданылады.... Ер қарасы болып, мен де біреудің соңына еріп, сойылын соққан шығармын.
ПОӘК 042-18-28.1.14/03-2014.
|
____№ ___басылым
|
____ беттің ____ беті
|
Бес саулыққа сатып алған қайыршының кірменің қызы құрырайын
деген екенсің.
Қырық жетіге сатып алған сенің нең артық менен?
Құдайға шүкір төрт балам бар.
Құдай берсе, төрт балаңа бір балам татыр әлі!
Әркімнен қалған салдақы, бала біте қояр саған!
Сен етегіңе намаз оқып жүр ме ең, кіші қызың қойшының аузынан түскендей...
Қыздырма тілімді.
Бұл мысалдардағы қыл үстінде, сай-сүйегі сырқырау, төбе ашы тік
тұрды, сойылын соғу, қырық жеті, құдайға шүкір, етекке намаз оқу, аузынан түскендей, ауыз қыздыру дегендер өздерінің бұрынғы белгілі қалпы мен мағынасында қолданылған.
Фразеологизмдердің ерекшеліктері - мақалдардың қолданылуы бұдан
гөрі өзгешелеу. Мақалдар көбінесе көркем цитат ретінде пайдаланылды. Мысалы, Қал қасым келіп отырған соң, Шығанақ мәтелдей жөнелді. Қаз орғанына семіреді. Қара құс тойғанына семіреді. Біз қара құс емеспіз. Асқанды айтпа, сасқанды айт, епті айтпа, ниетті айт деген. Бәрі де болады. Енді орныңнан қозғалма.
Фразеологизмдер – ойды сығымдап, көркем бейнелі жасайтын мәні
бар құрал. Авторлық өңдеу мен қолдануға фразеологизмдер әр түрлі өзгеріске ұшырап, жаңа көркемдік сапаға ие болады. Мысалы, Қар төсеніп, мұз жастанып, дамыл алмай жүріп, жылқыға шүйгін болатын жерді ерте бастан есептеп білетін.
Фразеологизмдердің авторлық өңдеу мен қолданылуының
төмендегідей жолдары бар:
Тұрақты сөз тіркестері өзгертілмей, сол қалпында қосымша
мағынаға ие болады.
2 Тұрақты сөз тіркесінің бір компоненті өзгертіліп, жаңа мазмұнда
қолданылады.
3 Тұрақты сөз тіркесінің бір компоненті өзгертіліп өз мағынасында
қолданылады.
Тұрақты сөз тіркесінің құрылысы жағынан өзгеріске ұшырауы-
әсіресе өлең сөзге тән құбылыс.
Әр халықтың өзінің дәстүрлі тіл өнері болады.Жалпы халықтық тіл
қолдану мен жазушылардың тілді қолдану тәсілі бір-бірімен тығыз байланыста болады.Сөйтіп, көркем шығарма тілі жалпы халықтық тіл өнерінің жалғасы ретінде дамып жетіледі.
ПОӘК 042-18-28.1.14/03-2014.
|
____№ ___басылым
|
____ беттің ____ беті
|
Сөйтіп, фразеологизмдер әр түрлі жолмен жұмсалып, пайдаланылады.
Олар кейде жалпыхалықтық форма авторлық өңдеумен өзгеріп қолданылады. Фразеологизмдерді қолданудағы бұл тәсілдер әр түрлі стильдік мақсатты көздейді.Сонымен қатар әр жазушы тұрақты сөз тіркесінің жаңа үлгісін жасап, фразеологиялық қорды байытуда өздерінің үлесін қосады.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1. Фразеологизмдердің стильдік мәні қандай?
2. Фразеологизмдердің қандай ерекшеліктері бар?
3. Фразеологизмдердің қолданылу аясы.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. К.Аханов.Тіл білімінің негіздері.,-А,Санат.,1993.
2. І.Кеңесбаев.Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі.-А.,Ғылым,1997.
3. Г.Сұмағұлова.Фразеологизмдердің варианттылығы.-А.,1996.
4. Н.Уәлиев.Фразеология және тілдік норма.-А,1998.
5. Ә.Болғанбайұлы,С.Қалиұлы . Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы.- А.,Санат,1997.
№14 Дәріс тақырыбы: Қазақ фразеологизмдерінің қалыптасуындағы ұлттық маңызы бар түпдеректер.
Жоспар:
Қазақ фразеологизмдерінің мәдени ақпарат көздері
Ұлттық дәстүрлі мәдениет үлгілеріндегі дағдылы ұлттық рәсімдердегі
тұрақты айтылатын тіркестер
Мәдени деректер түсінігіндегі мақал-мәтелдер
Тұрақты теңеулер тіркесі
Қазақ тіліндегі сөз символдар, символдық мәні бар сөздер мен сөз
тіркестері
Троп түрлеріндегі образды тіркестердің фразеологизмдерге айналуы
Мазмұны: Фразеологизмдер – ұлттық тілдің айқындығын, дәлдігін,
икемділігін, бейнелегіштік күшін көрсететін фразеологиялық тұлғалар. Тілдегі мұндай мағыналас тіркестерді пайдаланып, шығарманың көркем тілінің керегіне жарату сөз шеберлерінің міндеті. Ал белгілі бір жазушы тіліндегі мағыналас фраеологизмдерге талдау жасау – оның тұрақты тіркестерді талғап, таңдап пайдалану принциптері мен озіндік стиліне тән сөз қолдау ерекшеліктерінен көп мағлұмат береді. Мәселен, пародия, шымшыма шумақтар, әзіл-оспақ төңірегінде мұндай өзгешеліктер бірден көзге шалынады. Мұндағы фразеологиялық синонидер үлесі – ойдың тереңдігі мен ішкі қуатын күшейтуде таптырмайтын тіркестер екендігі. Тегінде көркемдік тұрғысынан көркем мәтіннің тілдік талдауларының ең сүбелі жері – фразеологизмдер. «мәтін ішінде мәтін» болатын тұрақты тіркестер табиғаты, окказионалдық қолданыста тым
ПОӘК 042-18-28.1.14/03-2014.
|
____№ ___басылым
|
____ беттің ____ беті
|
образддылыққа негізделім,сөйлеу стандартына сай келмей тұрғандай болады. Бірақ мұнда мына ерекшеліктерге назар аудару керек. Фразеологизмдер өз табиғатында қоршаған айналаны, дүниені қабылдауда адамның ұлттық мәдени ойлау ерекшелігін аңғартып жүреді. Рухани әлемнің үзік-үзік бөліктері сол ұлттың мәдениетінде сақталып қалады.
Мысалы, Түйені түгімен жұтып, шелектеп арақ ішкен сенен гөрі иманды. Қартайса да аттан түспей, көштен қалмай келеді (О.Бөкеев).
Өліспей беріспек емес, тастай қатып, халықтың барша дәулеті құйылған қазанның құлағынан айрылар сыңай танытпайды.
«Мұндағы қазаның құлағынан айрылмау» соны образ, жаңа тіркес, авторлық қолданыстың сәтті үлгісі. «Қазан» сөзінің коннатациясына орай, соңғы уақытта қазақ тілінде тұрақталған тіркестер бар. Мысалы: «қара қазанда қайнап өсу», «қазанның құлағын ұстау», «қазанның құлағынан айырылмау». Абай фразеологиясын зерттеген ғалым Р.Сыздық «Фразеологизмдер – сандаған жылдар мен ғасырлардың қазынасы, бұл бір жағынан, екінші жағынан, ол жеке қаламгердің табысы, еңбегі, ізденісі» - дейді. (1995, 95).
Фразеологиялық материялдар үшін ұлттық мәдени маңызы бар түп деректер төркінінің бірі – қазақтардың қазіргі интелектуалдық рухани мұрасы екенін естен шығармау керек.
Авторлық қолданыста окказионал фразеологизмдердің мағыналарында ұлттық мәдени ойлау ерекшеліктер, стереотиптер арқылы тұтастай ұлт менталдығын айқындайтын тұрақты тіркестер тобы жиі корінеді. Уақыт өте келе олар фразеологиялық қорға қосылуы мүмкін.
Тіл арқылы мәдениеттанудың ғылыми бағыттары туралы мынаны айтуға болады. Ғалымдардың айтуына қарағанда, «мәдениет» сөзіне екі жүзден астам ғылыми анықтама берілген екен. Әдетте материалдық және рухани деп екіге бөлінетін бұл ұғымның соңғы жылдары жан-жақты зерттеле бастауы – ұлттың өркениет заманынында өз орнын анықтауға, өз орнын алуға ұмтылуымен сипатталады. Бұрынғы кеңестік дәуірдегі «Кеңестік мәдениетке» біріктірілген көп ұлттың төл мәдениеті (ұлт мәдениеті) біртұтас идеологиядан құтылып, тіл арқылы өз тамырын туған топырағынан іздестіруде.
Мәдениет көптеген пәндер жиынтығында қарастырылады. Мәселен, қазақ мәдениеті туралы айтса, көшпелі қазақтың материалдық өндіріс жүйесі, оның өткен өмірі – тарихымен, жер жағдайы – географиясыиен, дүниетанымы – философиямен, ойлау жүйесі – психологиямен, өнері - әдебиетімен, т.б. ғылыми салаларымен ұштасып жатады.
Мәдениеттің рухани түрі ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа беріледі. Бұл әдетте, дәстүр, дәстүр жалғастығы деп танылады. Соған орай, әр ұлттық өзіндік
ПОӘК 042-18-28.1.14/03-2014.
|
____№ ___басылым
|
____ беттің ____ беті
|
бітім-болмысын, қадыр қасиетін, басқалардан ұлт ретінде айырмашылықтарын, бүгінгі тілмен айтсақ, менталитетіне қарап ажыратады.
Мәдениет пен өркениет (цевилизация) кей тұста бірінің орнына бірі ауыстырылып қолданыла береді. Тіпті мағыналас болып кеткендей. Алайда бұл екі сөзді шатыртырмау керек. ХХ ғасыр өркениет ғасыры десек, бұл кездегі мәдениет өзіндік ерекшеліктерімен басқалай дамыды. Өркениеттілікке тән жағдай қоғамның жоғары әлеуметтік, материалдық дамуы десек, мәдениет ұғымы бұл арада ұлттық рухани түсіністіктен табылады.
Бірақ белгілі жағдаймен қазақ ұлтының рухани мәдениетінің дамуында кері үрдіс пайда болды. Үзіле жаздаған дәстүр жалғастығы, салт ұғымдары дәл бүгінгі таңда ана тілі арқылы өзіндік мәдени таным түсінігін қайтадан түгендеуде.
Бұл ретте, тұтастай мәдениет деген ұғымды қалыптастыратын материалдық және рухани мәдениет үлгілері бір-бірімен тығыз байланысты. Бұлар ешуақытта өз бетімен бөлек дамымайды. Өркениеттің қай сатысында болмасын рухани жіне материалдық мәдениет ұдайы бірін-бірі толықтырып отырады. Бірақ кейде өркениет мықтап дамығанда оның адамзат қоғамына әкелетін түрлі зияндарынан бастап, ұлт тілі мен мәдениетіне төндірген қаупі де болады. Мәселен, аз ұлттың жойылуы, аты-жөнінің өзгеруі, рухани мәдениеттің сақталмауы, ары қарай жасалмауы т.б.
Қазақ халқанаң ұлттық ерекшеліктерін итанып білу үшін кейбір факторларды ескеру керек. Олар: мотивациялық және танымдық. Қазақ еліндегі дала заңдарының ерекше ықпалымен қалыптасқан рухани мәдениеттің бертін келе дәстүр жалғастығы биігіне көтерілуі және оның өміршең боп сақталуы тек тілге ғана қатысты. Демек, мәдениеттің қай түрін алсақ та, оның түрі мен мазмұны тек сөз арқылы ұрпақтан-ұрпаққа жеткізілген. Енденше тіл арқылы мәдениеттану – ұлттың, халықтың кешегісі мен бүгінгісін тану.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
Фразеологизмдер ұттық тілдің қандай ерекшеліктерін көрсетеді?
Абай фразеологиясын зерттеген ғалым?
Көркем мәтіннің тілдік талдауларының ең сүбелі жері?
Фразеологиялық материалдар үшін ұлттық мәдени маңызы бар түп
деректер төркінінің бірі.
Фразеологиялық материлдардың мәдени деректер түсінігіне жататын
қазақ тіліндегі ұлан-ғайыр паремиологиялық қор.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Болғанбайұлы Ә., Қалиұлы С. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы. –
А.: Санат, 1993.
Кеңесбаев І. Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі. – А.: Ғалым, 1977.
ПОӘК 042-18-28.1.14/03-2014.
|
____№ ___басылым
|
____ беттің ____ беті
|
Балақаев М., Жанпейісов Е., Томанов М., Манасбаев Б. Қазақ тілінің
стилистикасы – А., 2005.
Қайдар Ә. Қазақ тілінің өзекті мәселелері – А., 1998.
Серғалиев М. Көркем әдебиет тілі – А., 1995.
Смағұлова Г. Мағыналас фразеологиздердің ұлттық-мәдени аспектілері
– А.,1998.
Смағұлова Г. Фразеологизмдердің варианттылығы. – А., 1996.
Уәлиев Н. Фразеология және тілдік норма – А., 1998.
9 Қайдар Ә. Халық даналығы (қазақ мақал-мәтелдерінің түсіндірме сөздігі және зерттеулер). – А.: Тоғанай
№15 Дәріс тақырыбы: Фразеологизмдердің көркем әдебиетте қолданылуы
Жоспар:
Көркем әдебиет тілі мен фразеологизмдердің стильдік қлданысы
мәселелерінің зерттеуі.
Көркем әдебиет тіліне тән ерекшелік – оның көп стильдігі.
Көркем әдебиет тіліндегі фразеологизмдердің кейіпкер тілі, авторлық
баяндау, диалог, монолог, пейзаждық суреттеулерде қолданылуы.
Көркем әдебиет тілінің өзіндік ішкі формасы.
Көркем проза фразеологизмдердің стильдік жақтан саралау.
Мазмұны: Тілдің әрі ұтымды, әрі сымбатты байлықтарының біразы –
тұрақты тіркестер: мақал-мәтелдер, фразеологиялық тірестер, қанатты сөздер.
Бұларды әсіресе көркем әдебиетте, публицистикалық әдебиетте, көпшілікке арналған лекция, әңгімелерде мол пайдаланады.
Мысалы, Жел үп етсе болғаны, қалың қамыстай тары сыбдыр қағып, сыбыр сала жөнеледі (Ғ.Мұстафин) тәрізділер көркем әдебиет стиліне тән. Шаруаларға тары өндіру туралы жасаған баяндамада солай сөйлеу ерсі болар еді. Бірақ баяндама, лекция, әңгіме тілін жандандыру үшін әдеби тілде бар кестелі сөздерді иайдаланудың ешқандай ерсілігі жоқ, қайта олар ұтымды сөздің аса керекті элементтері болады. Олар мыналар:
Мақал-мәтелдер – халық даналығының айнасы, оларды тудырған халықтың тіл байлығының алтын қазынасы. Мақал-мәтелдердің көбі өмір шындығының қорытындысы, іс-әрекеттің ережесі болып келеді. Олардың «бәрі заңның, өсиеттің, ереженің күшіндей күші бар қысқа-қысқа нақыл сөзге айналып, тілде сақталып қалады.
Мақал-мәтелдер аз сөзді, терең мағыналы әрі ұтымды болатындықтан, сөйлеген сөзде пайдалана беру керек-ақ. «Сөздің көркі – мақал, жүздің көркі – сақал» дегендей, мақал-мәтел сөзіңе әр береді.
Қазақ мақал-мәтелдерінің бәрі бірдей ұстамды емес: біздің қазіргі идеологиямызға жанасымды, тәрбиелік мәні мәні зор өнегелілері бар да, ескі
ПОӘК 042-18-28.1.14/03-2014.
|
____№ ___басылым
|
____ беттің ____ беті
|
өмірдің кертарпалары шығарған ұстамсыздары да бар. Оларды таңдап, талғап орынды жерінде пайдалану керек. Осы талаптар тұрғысынан кейбір өткір нақылдары керісінше, не аздап өзгеріс енгізіп, қазіргі өмірге жанасымы етіп пайдалануға да болады. Орасша «Один в поле не воин» - «И один в поле не воин» деп өзгертіп айтқанындай, С. Мұқанов «Құрылыс жырында»:
«Құм жиылып тас болып,
Құл жиылып бас болып,
Шаруа ұстап ел болып...» - деп жазыпты.
Фразеологиялық тіркес – қісінің ойын мәнерлі түрде айту үшін жұмсалатын сөздер тобы. Ондай тіркестер әдетте тұрақты болады. Олар «идиомалық тіркес», «фразалық тіркес» деп екіге бөлінеді. Идиомалардың білдіретін мағыналарына олардың құрамындағы сөздердің мағыналары қатынаспайды, мүлде басқа мағынада, сол тұрақты қалпында ойды әсерлі, көрікті етіп айту үшін жұмсалады; олар мынадай тіркестер: қара қылды қақ жару, қой үстіне боз торғацй жұмыртқалау, жүрегі шайылу, қас пен көздің
арасында, қой аузынан шөп алмау, тіс қаққан, сіркесі су көтермеу, аузымен орақ ору.
Фразалық тұрақты тіркестер де ауыспалы мағынада жұмсалады. Олардың идиомалық тіркестерден айырмашылығы – құрамындағы сөздердің (не бірінің) әдепкі мағынасы айтылған ойға қатысты болады. Мысылы: тіл алмау, көз қырын салу, жаны ашу, түймедейді түйедей ету, басына әңгір таяқ ойнату, үрейін ұшыру, тасы өрге домалау, жар құлағы жастыққа тимеу, тырнақ астынан кір іздеу. Бұл топқа мынындай тіркестер де енеді: аузынан тастамау, қайратқа міну, күш жұмсау, қолқабыс ету, шамасы келмеу, қолынан келмеу, көзі түсу, басы қату, ойын бөлу, есіне салу, көңіліне келу.
Фразеологиялық тіркестерді қолдана білу – тіл білудің бір белгісі. Халық тілін жақсы білетін кісі тілдің осы байлығында молынан, дұрыс қолдану арқылы ой өрнегін түрлендіріп, ұтымды, түсінікті, ықшамды етіп салады. Сондықтан әрбір мәдениетті, сауатты кісі, тілге шешен болғысы келген оқушы, студент халық тіліндегі тұрақты тіркестерді көңілге тоқи жүріп пайдалануы тиіс.
Идиома, фразалық тіркестердің бір тілде қалыптасқан құрамын жөн-жорығы жоқ, өзгертіп айтып, жазуға болмайды. Мысалы, «Табан астында» дегенді «табан аузында», «қаға берісте қалып қойды» дегенді «қаға беріске қарай айнала берді»(С. Шаймерденов) тәрізділер кездеседі. Мұндай ойсыраған кемшілік жоқ, сонда да ол айтқанда «аяқты» дәл баспай, сол қия басқандық байқалмай ма? Біз үшін сондай елеусіз сәл-пәлдің үлкен мәні бар. Мүмкін болғанша тұрақты тіркестердің тобын жазбауға тырысу керек. Дәлдікке бой ұрған кісі үшін «екі көзімді төрт қылды» (сағындырды) дегеннің сөздерін
ПОӘК 042-18-28.1.14/03-2014.
|
____№ ___басылым
|
____ беттің ____ беті
|
өзгертіп, орнын ауыстырып айтудың жөні жоқ. Тек өлеңді сөйлемде ұйқас үшін ол сөздер басқаша құрылуы мүмкін:
Төрт қылып екі көзді сағындырып
Жүр екен біздің қалқа қандай жерде!
(Б. Майлин)
Өзім жоқта орныма шөп сап қойып,
Ақ жүзімді ел-жұртқа қылма салық.
(Абай)
Бір тілде бар идиомалық тіркестерді екінші тілде сөзбе-сөз аударуға болмайды. өйткені олардың білдіретін мағыналары құрамындағы сөздердің мағыналарынан құрылмайды, мүлде басқа ауыспалы мағынаны білдіреді. «Вот, где собака зарыта» дегенді Ленин томдарының аудармысында – «мәсленің түйіні осында жатыр» деп дұрыс аударған. Сонымен қатар оны «Иттің көмілген жері міне осы» деп те аудару кездеседі.
Соңғы жылдары аударма арқылы қазақ тілінде «ештен кеш жақсы», «балық та емес, ет те емес», «қасқыр да тоқ, қой да аман», «талабы зор-ақ, тағдыры – дозақ» (охота смертная, да участь горькая), «ауыр жүкке жегілме, жегіле қалсаң, егілме» (взялся за гуж – не говори, что не дюж) тәрізділер аударма арқылы еніп жүр.
Көркем әдебиет шеберлерінің жазғандарында тұрақты тіркестер құрамын әдейі өзгертіп, не араларына басқа сөздерді қосып айту кездеседі, бірақ олардың көбінде ерекше стильдік өң болады. Мысалы, орыс тілінде «взглянуть с высоты своего величия» дегенді Чехов: «взглянул на мир с высоты своего подлости» деп жазыпды. Сол сияқты «көзімнің жасы көл болды» дегенді күшейтіп айту үшін С.Торайғыров: «еөз жасым көктен құйған жауын еді» деп жазады.
Жауабың бүгін-кеше болмаған соң,
Көз жасым көктен құйған жауын еді.
Поэзия тілінде «жүні жығылды», «соққы жеді» тіркестерінің құрамы өзгеше болыпта кездеседі.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
Фразеологизмдердің идиомалық тіркестерден айырмашылығы.
Көркем әдебиетте тұрақты тіркестердің құрамының өзгеруі.
Пайдаланған әдебиеттер:
Балақаев М., Жанпейісов Е., Томанов М., Манасбаев Б. Қазақ тілінің
стилистикасы – А., 2005.
Қайдар Ә. Қазақ тілінің өзекті мәселелері – А., 1998.
Серғалиев М. Көркем әдебиет тілі – А., 1995.
Смағұлова Г. Мағыналас фразеологиздердің ұлттық-мәдени аспектілері
– А.,1998.
ПОӘК 042-18-28.1.14/03-2014.
|
____№ ___басылым
|
____ беттің ____ беті
|
Смағұлова Г. Фразеологизмдердің варианттылығы. – А., 1996.
Уәлиев Н. Фразеология және тілдік норма – А., 1998.
Қайдар Ә. Халық даналығы (қазақ мақал-мәтелдерінің түсіндірме
сөздігі және зерттеулер). – А.: Тоғанай Т,2004.
№1 Тәжірибелік сабақ
Тақырыбы: Сөздің анықтамасы
Мақсаты: Сөзге анықтама берудің қиындығын меңгеру. Сөзді лексикалық-семантикалық жүйе жағынан қарастыру.
Жоспары:
1. Сөзге анықтама берудің қиындығы
2. Сөздің мазмұны
3. Сөзге тән белгілер
4. Лексика-семантикалық жүйе
Тақырып бойынша сұрақтар:
1. Сөз дегеніміз не?
2. Сөздің лексикалық және грамматикалық жағы дегеніміз не?
3. Тіл-тілде сөз формасының неше түрі бар?
4. Сөз варианттары дегеніиіміз не?
5. Сөздің лексикалық мағынасының грамматикалық мағынадан айырмашылығы
Пайданылған әдебиеттер:
1. І.Кеңесбаев, Ғ. Мұсабаев «Қазіргі қазақ тілі» Алматы.1962
2. М. Белбаева «Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы» Алматы. 1976
3. К. Аханов «Тіл білімінің негіздері»
4. Ә. Болғанбайұлы, Ғ. Қалиұлы «Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы » Алматы. Санат 1997
№2 Тәжірибелік сабақ
Тақырыбы: Сөз мағынасының өзгеру себептері
Мақсаты: Сөз мағынасының өзгеруінің, оның жаңа мағынаға ие болуының себептерін қарастыру. Сөз мағынасын функционалды семантика заңы бойынша қарастыру
Жоспары:
Сөз мағынасы өзгеруінің экстралингвистикалық факторы
Сөз мағынасы өзгеруінің лингвимстикалық факторы
Ауыспалы мағына тудыратын тәсілдер.
Сөз мағынасының функционалды семантика заңы бойынша өзгеруі
Тақырып бойынша сұрақтар:
1. Сөз мағынасының өзгеруінің неше түрі бар?
2. Лингвистикалық себеп дегеніміз не?
ПОӘК 042-18-28.1.14/03-2014.
|
____№ ___басылым
|
____ беттің ____ беті
|
3. Сөз мағынасының ауысуы, келтірінді мағынада жұмсалуы қандай тісілдер арқылы іске асады?
4. Метафора тәсілі дегеніміз не?
Пайданылған әдебиеттер:
І.Кеңесбаев, Ғ. Мұсабаев «Қазіргі қазақ тілі» Алматы. 1962
2. К. Аханов «Тіл білімінің негіздері»
Қосымша әдебиеттер:
1. И.В Арнольд. «Лексикология современного языка» М. 1959
2. А. А. Реформатский «Введения в языковедения» М. 1967
№3 Тәжірибелік сабақ
Тақырыбы: Көп мағыналылық.Омонимдер.
Мақсаты: Лексикалық мағыналардың түрлерін қарастыру Сөздердің мағыналық қатысына қарай жіктелуін қарастырыу.Омонимдердің жасалу жолдары мен типтерін анықтау.
Жоспары:
1. Лексикалық мағыналардың түрлері: тура (номинативті) мағына фразеологиялық байлаулы мағына,синтаксистік шартты мағына
2. Сөз мағыналары н затпен, құбылыспен байланысу сипатына қарай, функциялық- стильдік реңктеріне қарай топтастыр
3. Сөздердің мағыналық қатысына қарай жіктеліуі
4. Омонимдердің көп мағыналы сөздерден айырмашылығы. Омонимдердің жасалу жолдары. Омонимдердің типтері.
Тақырып бойынша сұрақтар:
1. Полисемия дегеніміз не?
2. Фразеологиялық байлаулы мағына дегеніміз не?
3. Сөздің тура және номинативті мағынасы?
4. Омонимдер мен көп мағыналы сөздердің айырмашылығы
Пайданылған әдебиеттер:
1. І.Кеңесбаев, Ғ. Мұсабаев «Қазіргі қазақ тілі» Алматы.1962
2. Ә. Болғанбаев «Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы» Алматы. 1988
3. К. Аханов «Тіл білімінің негіздері» Алматы. Санат 1993
4. К. Аханов «Қазақ тілі лексикологиясының мәселелері» Алматы. 1955
№4 Тәжірибелік сабақ
Тақырыбы: Синонимдер. Антонимдер.
Мақсаты: Синонимдер мен антонимдердің өзіндік ерекшеліктерін қарастыру, дисфелизм, эвфелизм, табу құбылысына кеңінен тоқталу.
Жоспары:
Синонимдердің айырым белгілері
ПОӘК 042-18-28.1.14/03-2014.
|
____№ ___басылым
|
____ беттің ____ беті
|
Синонимдік қатар және доминант
Синонимдердің мағыналық, контекстік, стильдік реңктері
Синонимдердің жасалу жолдары
Антонимдердің ерекшеліктері, жасалу жолдары
Табу
Эвфемизм
Дисфемизм
Бекіту сұрақтары:
Синоним және синонимдік қатар дегеніміз не?
Синоним мен омонимнің өзіндік ерекшеліктері.
Синонимдер мен антонимдердің пайда болу жолдары.
Табу, эвфемизм, дисфемизм дегеніміз не?
Пайдаланылған әдебиеттер:
Болғанбайұлы Ә. Қалиұлы С. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен
фразеологиясы. – А: Санат, 1997
Кеңесбаев І., Мұсабаев Ғ. Қазіргі қазақ тілі. А, 1962
3 Аханов К. Тіл білімінің негіздері. – А, 2002
№5 Тәжірибелік сабақ
Достарыңызбен бөлісу: |