ПОӘК 042-18. 39 113/01-2013 10. 09. 2013 ж. №1 басылым 107 беттің 1



Pdf көрінісі
бет7/14
Дата04.12.2019
өлшемі2,59 Mb.
#52989
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14
Байланысты:
4058304f-9df2-11e3-9dd5-f6d299da70eeУМКД Компьютер архитектурасыТ241
Роботрек модулінің интерфейсі

ПОӘК 042-18.39.1.113/01-2013 
10.09.2013 ж.  № 1 басылым  
107 беттің 46 
 
Бұл  цифрлік  жазуларды  оку  құрылғысы.  Сырт  жағынан  DVD-диск  кәдімгі  СD-RОМ-ға 
(диаметрі - 120 см, қалыңдыга - 1.2 мм) ұқсайды. Бірақ оның ерекшелігі DVD-дискінің бір жағына 4.7 
Гбайтқа  дейін  жететін  мәліметтерді  жазуға  болады.  Егер  2  қабатты  жазу  үрдісін  қолдансаңыз,  онда 
дискінің  бір  жағына  8.4  Гбайт  ақпаратты  жазуға  болады.  DVD-дискілері  ақпараттарды  қайта  жазу 
мүмкіндігіне ие. 
 
Жазу әдістері: Track-at-Once,Disc-at-Once    Packet Writing 
Тrаск-at-Once  тәртібінде  әр  жолдар  жазылғаннан  кейін  жазушы  лазер  қосылады.  Осы  тәртіпте 
жазылған  жолдар  аралықтармен  бөлінеді  (gaps).  Егер  музыкалды  жолдардан  кейін  мәліметтері  бар 
жолдары келетін болса, онда аралық 2 немесе 3 секундтты құрайды. Ал музыкалық жолдар арасындағы 
аралық әдетте 2 секунд. 
Disc-аt-Опсе  тәртібінде  жазуда  бір  немесе  одан  да  көп  жолдар  лазердің  өшпеуінсіз  жүзеге 
асырылады  және  бұл  жерде  диск  жабылады.  Disc  -аt  -Опсе-та  жазу  үшін  жаңа  диск  қажет  және  ол 
multisesіоп дисктер үшін мүмкін емес. 
Раскеt  Writing.  СD-ға жазудың жаңа әдісі. Бұл жерде мәліметтер кіші позициялармен жазылады 
және  бұл  көптеген  шектеулерді  шешеді.  Аdaptec  Direct  CD  программасы  стандартты  UDF 
спецификасына  сәйкес  тәртібінде  жасалады.  Бірақ  барлық  СD-рекодерлерде  Раскеt  Writingмүмкіндігі 
бола бермейді. 
 
 
Тәжірибе  8-9.  Жинақтауыштарды үйлесімділігі және орнату. Бейнеадаптер және мониторлар. 

 
Оптикалық жинақтауыштарды орнату. Кез келген типтегі жинақтауыштарды орнату.  

 
Форматтау. Дискті алмастыру. Қатты дискті орнату.  

 
Ақпаратты кескіндеу технологиясы. Монитор таңдау критерилері.  

 
Бейнеадаптерлер. Үшөлшемді графиканы күшейткіштер (3D Accelerator).  

 
Жаңа бейнеадаптерді орнату немесе жетілдіру. Мультимедиа үшiн бейнеадаптерлер.  

 
Мониторлар және адаптерлердiң ақауы. 
 
Монитор 
Монитор (дисплей) – текстік және графиктік мәліметтер, визуалді көрсетуге арналған стандартты 
шығару  құрылымы.  Қызмет  принціпіне  байланысты  монитор  –  электронда-сәулелік  трупкалы 
мониторға және сұйық криссталдағы дисплейға бөлінеді. 
 
Монитор  (немесе  дисплей)    -  жедел  жадында  өңделетін  информацияны  -мәтіндік  немесе 
графикалық бейнелерді экранда көрсетуге арналған құрылғы.            
    
Экран түстеріне қарай дисплейлер монохромды (ақ- қара ) және түрлі- түсті болып , ал экранға 
шығарылатын  информация  түрлеріне  байланысты  символдық  (тек  символдық  информация)  және 
графиктік (символдық және оған қоса графиктік информация) болып бөлінеді. 
Монитор экранының түрлері 
 
Монитор  экраны  екі  түрде:  дөңес  және  жазық  болып  шығарылады.  Қалыпты 
қолданылып  жүрген  монитор  экрандары  дөңес  болып  келеді.  Экрандар  тік  және 
көлденең  бағыт  бойынша  қисық  бет  түрінде  орналасады.  Қазіргі  кезде  Trinitron 
конструкциясы  қолданылып  жүр.  Онда  қисықтық  горизонталь  қималар  бойынша  ғана 
болады. Экранның бұл түрі бейненің сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. 
 
 

ПОӘК 042-18.39.1.113/01-2013 
10.09.2013 ж.  № 1 басылым  
107 беттің 47 
 
 
ЭЕМ –нің бейнелік құрылғысы екі бөліктен: монитор мен адаптерден  тұрады. Адаптер -ЭЕМ 
қорабының  ішінде  орналасқан  мониторды  басқару  блогы.  Мониторда  электрондық-  сәулелік  түтікше 
бар.    Ал  адаптерде  бейне  сигналдарын    беретін  логикалық  схемалар  орналасқан.  Адаптерде  бейнелер 
көрінісін сақтауға арналған бейнелік жад бар. 
          Көбінесе  символдық  режимде  дисплей  экранына  80  таңбадан  тұратын  25  жол  мәлімет,  ал 
графикалық  режимдегі  экраның  бейнелеу  қабілеті  адаптер  тақшасын  жүйелік  блокпен  байланыстыру 
құрылғысының  мүмкіндіктеріне  сәйкес  болады.  Экрандағы  кесін  көрінісінің  сапасы  графикалық 
адаптердің  типіне  қарай өзгеріп отырады. 
 
 
 
Қолданушы  мен  компьютер  арасындағы  информациялық  байланысты  монитор  орындайды. 
Компьютердің бейнелеу жүйесі екі негізгі компоненттен тұрады: 
-  Монитор (дисплей) 
-  Бейнеадаптер (бейнетақша немесе графикалық тақша)  
Монитордағы  информация  көрсетудің  ең  көп  тараған  түрі  –  электрондық  сәулелік  түтікте 
(ЭСТ)  бейне  көрсету.  Электрон  -  сәулелік  монитор  үш  түсті;  қызыл,  жасыл,  көк  электрондық  шоқ 
көмегімен  экранда  бейне  беретін  вакуумдық  колба.  Жоғары  кернеу  магнит  өрісін  тудырып,  оны 
электрондық  шоқтар  көмегімен  басқарып  монитор  экранында  бейне  алуға  болады.  Қазіргі  кездегі 
мониторлар  көпжиілікті  деп  аталады  да  әртүрлі  стандарттағы  бейнесигналдармен  жұмыс  істей  алады. 
Ондай  мониторларды  әртүрлі;  синхрондық  (multis  -  ync),  көпжиілікті  (multifrequency),  көпрежимді 
(multiscan), автосинхрондаушы (autosynchronous) және автобаптанушы (autotracking) терминдері арқылы 
атайды. 
 
 
 
      
Сұйық кристалды дисплейлерді - LCD (Liquid – Crystal Display) дисплейлері деп 
атайды. Оның ерекшеліктері; жазық экранның болуы, қолдану қуатының аздығы (5 Вт). 
Активті  матрицалы  сұйық  кристалдық  панелдік  түстерді  сапалы  беруі.  Кемшілігі: 
ажырату қабілеті аз және бағасы қымбат. 
Жазық параллель сұйық кристалды мониторлар.  
Олардың төмендегідей ерекше қасиеттері бар: 
-  Информацияны бейнелеу  үшін  экрандық  бет толық  қолданылады.  (17  –  дюймдік  –  17  дюйм 
қалпында). 
-  Өлшемінің шағын болуы. 

ПОӘК 042-18.39.1.113/01-2013 
10.09.2013 ж.  № 1 басылым  
107 беттің 48 
 
-  Орнатылатын  тұғырының  алынатындығы,  оны  керегеге  немесе  кез  –  келген  орынға  қоюға 
мүмкіндік береді. 
-  Тұтынатын электр қуаты аз, жылу аз бөлінеді. 
-  Мониторды  90º бұрышқа бұрып орналастыру мүмкіндігі. 
-  Салмағының жеңілдігі. Мысалы 15 – дюймдік View Sonic VA550 дисплейі 4.5 kg болады. 
 
 
Электрлі-сәулелік трубкалы монитор 
Электрлі-сәулелік  трубка  шыны  колба  ретіндегі  электрлі-вакуумды  құрылым,  басжағында 
электронды  трубкасы  бар,  ал  түбінде  люминофор  қабығы  бар  экран.  Жылыту  кезінде  электрондар 
ағымы  электрон  пушканы  сәулелендіреді,  ол  жоғарғы  жылдамдықпен  экранға  жылжиды. 
Электрондардың  әсерінен,  қолданушыға  көрінетін,люминофор  жарық  шығарады.  Люминофор 
электрондық ағымнан кейінгі жарықтану уақытымен ерекшеленеді. Электронды сеуле экранды солдан 
оңға, жоғарыдан төменге қарай қатарларға бөліп, өте тез қозғалады. Экранды жайған (развертка); яғни 
қозғалтқан  уақытта,  бейненің  пайда  болу  жерінде  сәуле  сол  қарапайым  люминофорды  қапталған 
аймақтарға әсер етеді. 
Сәуленің  интенсивтілігі  әр  уақытта  өзгеріп  тұрады,  сондықтан  сәйкес  экран  аймақтарының  да 
жарықтығы  өзгереді.  Жарық  тез  жойылатындықтан,  электронды  сәуле  ардайым  экран  бетінде  оны 
қалпына келтіруі керек. 
Жарық  уақыттылығы  мен  жиілігі  бір-біріне  келу  керек.вертикалды  жою  жиілігі  70-80  Гц  тең, 
яғни экран жарығы 70-85 рет секундына жаңартылады. 
Жиіліктің  төмендеуі  бейненің  өшіп-жануына  әкеліп  соқтырады,  ал  ол  көзді  шаршатады. 
Мониторлар  белгіленген  жаю  жиілігіне,  сонымен  қатар  кейбір  диапазонда  әр  түрлі  жиіліктерге  ие. 
Жаюдың екі режимі болады: Interlaced (жоларалық) және Non Interlaced (жолдық) әдетте, Non Interlaced-
ті жоюды қолданады. Сәуле экранды жоғарыдан төменге қарай қатар бойымен сканерлейді бейнені бір 
өткен  кезінде  қалыптастырады.  Interlaced  режимінде  сәуле  экранды  жоғарыдан  төменге  қарай  екі  рет 
өткен кезде сканерлейді: алдымен тақ қатарлар сонымен жұп қатарлар. 
Жолдық  режиміндегі  толық  кадрды  қалыптасу  кезіндегі  кеткен  уақытқа  қарағанда  жоларалық 
жаю кезінде уақыт 2 есе аз кетеді. Сондықтан екі режимгеде жаңару уақыты бірдей. 
Электронды  сәулелі  трубкасы  бар  мониторлар  үшін  экрандар  дөңес  және  тегіс  болады.  Кейбір 
үлгілерде  Trinitron  технологиясы  қолданылады.  Бұл  техналогияда  экран  горизанталь  бойымен  сәл 
қисықтау,  вертикаль  бойымен  тегіс  болады.  Мұндай  экранда  әдетте  бликтер  аз  және  бейне  сапасы 
жақсырақ болады. 
Сұйық кристалдағы дискілер (Liquid Crystal Display - LCD) 
Сұйық  кристал  негізіндегі  дисплей  бликсіз,  тегіс  экран  және  электор  энергиясын  тұтыну 
қуаттылығы төмен (5Вт, электронды-сәулелі трубкасы бар и монитор 100Вт тұтынады). Сұйық кристал 
негізіндегі диспейлердің 3 түрі болады: 

 
монохромды пассивті матрицамен; 

 
түрлі түсті пассивті матрицамен; 

 
түрлі түсті активті матрицамен; 
Сұйық кристал негізіндегі диспрейлерде поляризациялы филтр, ол 2 түрлі жарық толқындарын 
құрады. Жарық толқыны сұйық кристалды қяшықтан өтеді. Әр ұяшық өз түсіне ие. Сұйық кристалдар 
молекулаларға  ұқсас  сұйық  тәрізді  ағып  қозғалады.  Бұл  зат  жарықты  өткізеді,  бірақ  электор  заряды 
әсерінен молекулалар өз бағытын өзгертеді. 

ПОӘК 042-18.39.1.113/01-2013 
10.09.2013 ж.  № 1 басылым  
107 беттің 49 
 
Пассивті  матрицасы  бар  кристал  негізіндегі  дисплейлерде  ұяшық  электр  заряды  (қуаты) 
басқарады, ол эран матрицасындағы қатар мен бағандар ұяшықтарының орналасу негізінде транзистірлі 
түрді қуатының импульсіне сезімтал. 
Активті матрицасы бар сұйық кристал негізіндегі дисплейлерде әр ұяшықтың жеке транзистірлі 
кілті  болады.  Бұл  бейненің  жарық  болуын  қамтамасыз  етеді  (пассивті  матрицасы  бар  дисплейлерге 
қарағанда,  себебі  әр  ұяшықтың  тұраұты  электр  қуаты  әсерінен  болады).  Сәйкесінше,  активті  матрица 
электр қуатын көп қолданады. Бұдан басқа, жеке транзистірлі кілттің болуы өндірісті күрделендіреді, ол 
өз алдына олардың бағасын көтереді. 
Монитордың негізгі параметрлері 
Қолданушының көзқарасы бойынша монитордың негізі мінездемесіне оның диагональ бойынша 
өлшемі, шешуші қабілеттіліктер, регенерация жиілігі (жаңарту) және қорғау класы жатады. 
Монитор  өлшемі.  Монитордың  экраны  диагональ  бойынша  дюймда  өлшенеді.  Оның  өлшемі  9 
дюймнан (23см) 42 дюйм (106см) арасында өзгеріп отырады. Ең кең тараған өлшемдер 14,15,17,19 және 
21 дюйм. 
Шешуші  қабілеттілік.  Гафикалық  режимде  бейненің  жұмысы  монитор  экранына  нүктелерден 
(пикселдер)  құралады.  Горизанталды  және  вертикалды  орналасқан  нүктелер  саны  шешуші  қабілеттік 
деп  аталады.  «Шешуші  қабілеттілік  800х600»  сөзі  монитордың  әрқайсысынан  800  нүктесі  бар  600 
горизанталды қатарды шығара алады деген сөз. 
Шешуші  қабілеттіліктің стандартты режиміне:  800х600, 1024х768;  1152х864 және одан жоғары 
болады. Монитордың бұл қызыметі экран нүктесін (дән) өлшемімен анықталады. Экранның дән размері 
қазіргі мониторда 0.28 мм-ден аспайды. 
Регенирацияның  жиілігі.  Бұл  параметр  басқаша  кадрлы  развертканың  жиілігі  деп  аталады.  Ол 
монитордың  секундына  экранды  неше  ретжаңартатынын  көрсетеді.  Регенирацияның  жиілігі  герцпен 
(Гц)  өлшенеді.жиілігі  көп  болған  сайын  көз  аз  шаршайды  және  ұзақ  уақыт  жұмыс  істеуге  болады. 
Бүгінгі  күні  ең азы болып 75 Гц жиілігі  болып саналады, орташасы-85 Гц, конфорттысы 100 Гц және 
одан көп. Бұл параметр бейнеадаптердіңміндетіне байланысты. 
Мониторды  қоғау  класы  стандартпен  анықталады  және  қауіпсіздік  техникасын  талап  ету 
көзқарас  бойынша  монитор  жауап  береді.  Қазіргі  жалпы  қолданатын  ТСО-92,  ТСО-95  және  ТСО-99 
халықаралық  стандарты  болып  табылады  және  адамның  денсаулығына  зиянсыз  болатын 
электромагнитті сәуле деңгейін эргометриялық және экологиялық нормаларды шектейді. 
Бейнеадаптер 
Монитордың  көмегімен  арнайы  тақша  басқарады,  оны  бейнеадаптер  деп  атайды.  Монитормен 
бірге бейне карта персоналдық бейне бағыныңқы жүйесін құрайды. 
Бейнеадаптерда  жеке  тақшаның  қаңейтілуі  бар,  оны  аналық  тақшасының  арнайы  слотына 
орналастырады  (қазіргі  ДК-де  бұл  слот  AGP).  Бейнеадаптер  бейнеконтраллер,  бейнепроцессор  және 
бейнежады функцияларын атқарады. 
ДК пайда болғаннан бері бейнеадаптердің бірнеше стандарттары өзгерді: 

  MDA (Monochrom Display Adapter) – монитор; 

  CGA (Color Graphics Adapter) – 4 түс; 

  EGA (Enhanced Graphics Adapter) – 16 түс; 

  VGA (Video Graphics Adapter) – 256 түс; 

  SVGA (super VGA) – 16.7 млн. түске дейін. 
Бұл  стандартқа  барлық  программалар  есептелінген,  IBM  –  біріктірілген.  Құрастырылған 
графикалық  бейнелер  бейнеадаптердің  ішкі  жадысында  сақталады.  Ол  бенежады  деп  аталады. 
Бейнежадының  сиымдылығы  берілген  шешуші  қабілеттілікке  және  түстер  политрасына  тәуелді, 
сондықтан  жоғары  шешуші  қабілеттілікпен  толық  түсті  гамма  режимінде  жұмыс  істеу  үшін  көбірек 
бейнежады  қажет.  Қазіргі  кездегі  көптеген  бейнекарталар  бейнежадының  көлемін  512  Мбайтқа  және 
бейнеакселерация қасиеттерін кеңейтуге мүмкіндігі бар. 
Бұл  қасиеттің  мәні  операцияның  бір  бөлігі  бейнелі  құруда  математикалық  шығарылымсыз  да 
жүре  алады.  Бейнеакселераторлар  бейнеадаптердің  құрамына  кірсе  алады  және  бейнекертаға 
жалғастырылып,  және  аналық  тақшада  орналастырылып  жеке  тақша  кеңейтілуіне  беріледі. 
Бейнеакселераторлардың  2  типін  ажыратады:  тегіс  және  үшдеңгейлі  график  үшін.  Тегіс  ол  жалпы 

ПОӘК 042-18.39.1.113/01-2013 
10.09.2013 ж.  № 1 басылым  
107 беттің 50 
 
көрсетілген  қолданбалы  программалар  үшін  тиімді  және  ол  Windows  ОЖ    үшін  оптимизацияланған, 
басқалары әртүрлі мултимедиялы және ойын-сауық программаларымен жүмыс істеуге негізделген. 
 
№9 сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары 
1.  Ақпаратты кескіндеу технологиясы қандай?  
2.  Монитор таңдау критерилерін атаңыз. 
3.  Бейнеадаптерлер дегеніміз не?  
4.  Үшөлшемді графиканы күшейткіштер (3D Accelerator) қандай болады? 
5.  Жаңа бейнеадаптерді орнату немесе жетілдіру қалай жүзеге асады?  
6.  Мультимедиа үшiн бейнеадаптерлер қандай? 
7.  Мониторлар және адаптерлердiң ақауын қалай қалай түзетеміз? 
 
 
Тәжірибе  10.  Аудиоаппаратура. Дыбыстық тақшалардың дамуы. Мультимедиалық 
компьютерлер тарихы  
Жоспар: 

 
Аудиожүйе компоненттері;  

 
Дыбыстық тақша таңдау критерилері;  

 
Дыбыстық файлдар;  

 
Дыбыстық тақша: негізгі түсініктері және терминдері. 
 
Дыбыстық  тақшаны  таңдау  критериі 
Компьютердің  дыбыстық  мүмкіндігінің  кеңдігіне  қарамастан,  пайдаланушы  құрылғының  
дыбысталуына  талап  өсті,  аппараттық  жабдықтардың  күштілігінің  жоғарлауына  қажеттілік  артты.  
Қазіргі  күнде  көптеген  компьютерлерде  қолданатын  унифицирленген  мультимедиялық  аппараттық  
қамтуда  құрамына  келесілер  кіретін  мультимедиялық  жүйе  толық  толық  түрде  санасы  алмайды: 

 
Компьютерлік  ойындардағы  шынайы  көлемдік  дыбыстарда; 

 
DVD  фильмдегі  жоғары  сапалы  дыбыстар; 

 
Сөзді  тану  және  дауыстық  басқару; 

 
Дыбыстық  файлдарды  жазу  құру  форматтары  MIDI,  MP3,  WAV,  CD-Audio. 
Ойындар  
Дыбыстық  адаптерлер  арқасында  компьютерлік  ойындар  сапалы  жаңа  деңгейге  өтті.  
Әдеттегі  стереофондық  дыбыс  ойналуы  компьютерлік  ойындардың  жанкүйерлері  үшін  аздық  етті.  
Төбелес  алңдағы  шынайы  қатысушы  ретінде  өзін  сезіну  үшін  пайдаланушыға  4  немесе  одан  да  
көп  колонкалар  қолданатын  дыбыстық  тақшаларды  таңдау  керек,  сондай-ақ  бағытталған  
дыбыстың  технологясының  бірін,  мысалы:  Creative  Labs  компаниясының  EAX,  Sound  Blaster,  
Sensaura-ның  3D  Positional  Audio,  ESS  компаниялар  пайдаланатын  Video  Logic,  аналог  Devices,  C-
Media  және  NVIDIA.  Бұл  стандарттарды  қолдау  көптеген  дыбыстық  тақшаларда  аппараттық  
деңгейлерде  немесе  программалық  қамту  эмуляциялық  өзгерісінде  орындалады. 
Дыбыстық  тақша,  соңғы  жылдары  құрылған  дыбыстық  тақшалар  кейінгі  замандық  
компьютерлік  ойындар  шарттарымен  жақсы  атқарады.  Аппараттық  жабдықтардың  эмуляциясының  
деңгейі  арқасында  іске  асатын   DirectX-те  тұрғызылған.  НEL  дыбыстық  тақшалары  өте  ерте  
версиялы  программаның  іске  асуы  кезінде  аппараттық  мүмкіндіктер  жоқ,  мысалы:  3  мәртелік  
дыбыс.  Мынаны  ескеру  керек:  орындалған  эмуляция  дыбыстың  қажетті  сапасың  
қанағаттандырмайды  және  компьютерлік  ойындар  жылдамдығына  әсер  ету  мүмкін. 
 
Дыбыстық  тақшаларда  көрсетілетін  минималды  шарттар     
Компьютерлік  баталияларға  толық  қатысу  үшін  келесі  төменде  көрсетілген  дыбыстық  
тақшалардың  мүмкіндігіне  көңіл  аудару  керек: 

 
Микрокестеде  құрылған  3  мәртелік  дыбысты  қолдау.  3  мәртелік  дыбыс  мынаны  білдіреді,  
дыбыстың  экранда  болып  жатқан  алыстан  немесе  жақыннан  шығуы,  қасында  немесе  басқа  
жерде.  Microsoft  DirectX  құрамына  3  мәртелік  дыбысты  қолдау  кіреді.  Алайда  3  мәртелік  
дыбыс  тұрғызылған  аудио  адаптерді  қолданған  жөн. 

ПОӘК 042-18.39.1.113/01-2013 
10.09.2013 ж.  № 1 басылым  
107 беттің 51 
 

 
DirectX  басқа  да  API  3  мәртелік  қатарында  қолданады.  Мысалы:  Creative  компаниясының  
EAX,  EAX2.0,  Sensaura  компаниясы  3D  Positional  Audio  және  А3D  технологисы  немесе  
Aureal  компаниясы. 

  D-дыбыстық  жылдамдату.  Микрокестесі  бар  дыбыстық  тақшалар  осы  мүмкіндікті  
қолданатын  өте  төмен  коэффициент  процессор  жүктелуі,  ойындардың  жалпы  жылдамдығы  
ұлғаюына  әкеледі. 

 
Өте  жақсы  көрсеткіш  әкелу  үшін  микрокестелерді  қолдану.  Бұл  әсіресе  процессор  жиілігі  
1  Ггц  кем  емес  немесе  жұмылу  кезінде  жоғары  рүұсатпен  түс  тереңдігі  үшін. 
Дыбыстық  тақташа:  негізгі  ұғымдар  және  терминдер 
Дыбыстық  тақташа  не  екенін  білу  үшін  бірінші  негізгі  терминдерді  анықтап,  мысалы  16  
разрядты  компакт-дисктің  қасиетің,   MIDI  порт  және  т.б. 
 Дыбыс  табиғаты 
Бірінші  дыбыс  не  екенін  анықтайық.  Дыбыс – бұл  ауадағы  толқындар  не  басқа  ортадағы  
толқындар.  Дыбыстар  құлаққа  естілгенде,  онда  орналасқан  элементтер  жыбырын,  дыбыс  естіледі. 
Әрбір  дыбыс  толқын  мен  жылдамдығымен  бөлінеді. 
Жиілік – бұл  дыбыстың  минуттағы  қақтығысы,  ол  Гц  өлшенеді.  Бір  цикл  ол  толқынның  
барып-қайтқан  уақыты.  Толқын  неғұрлым  жоғары  болса,  онда  оның  тоны  да  жоғары. 
Адам  құлағы  толқынның  аз  ғанасың  естиді.  Кейбіреулер  ғана  дыбыстың  төмен  16  гц  және  
20  кГц  дыбысты  естиді.  Рояльдің  ең  төмен  нотасы  27  Гц,   ал  ең  жоғарғысы  4  кГц.  Ең  жоғарғы  
толқын,  оларды  FM  станциялары  береді,  ол  15  кГц. 
Дыбыстық  адаптердің  қасиетін  бағалау 
Дыбыстық  адаптердің  қасиетің  анықтаудың  3  тәсілі  бар: 
1.  толқын  диапазоны; 
2.  дыбыс  қатынасы; 
3.  сызықтық  емес  коэффициент. 
Дыбыстық    мінездеме    толқынның    диапазоның,    жазылатын    және    шығарылатын    амплитуда  
деңгейі  бір  қалыпта  тұрады.  Көптеген  дыбыстық  диапазон  30  Гц-тен  20  кГц-ке  тұрады. 
Дискреттеу 
Ол    сандық    формадағы    процесс.    Бірінші    стандартты    МРС    8-разрядты    дыбыс    қаралады.  
Дискреттік  дыбыстың  деңгейі  16,8  млн  құрайды. 
Дыбыстық  микросхеманың  негізгі  шығарушысы 
Дыбыстық    қондырғының    көбін    шығаратын    компаниялар    Creative    Labs,    Philips,    басқасы  
дыбыстық  микросхема  шығаратын  фирмалардан  тұрады. 

  Cirrus  Logic/Crystal  Semiconductors 

  ESS  Technology 

  C-Media  Electronics  (CMI) 

  Forte  Media,  Inc 

  Realtec 
Үш  деңгейлік  дыбыс 
Дыбыстық  тақшаға  ең  қиын  кедергі,  ойын  қатарына  кіретін,  тапсырмалардың  орындалуы,  
үш  деңгейлік   дыбыспен  байланысты.  Бұл  сияқты  тапсырмаларды  орындаудың  бірнеше  факторы  
бар: 

 
Дыбыстың  әр  түрлі  стандартты  позициялары; 

 
Аппараттық  және  программалық  қамтамасыздандыру,  үш  деңгейлік  дыбысты  қамту; 

 
DirectX-пен  қатысты  проблемалар. 
Позициялық  дыбыс 
Позициялық  дыбыс  тақшасы  3D-дыбыстың  қасиетің  көрсетеді.  Direct  3D  версиясының  
қазіргі  және  өтпелі  кітапханасы  Microsoft  DirectX   кіретін  және  оның  версиясың  көрсетеді. 
1999  жыл  бойы  2000  жылға  дейін  А3D  компаниясының  Aureal  және  EAX  компаниялары  
Creative  Labs.  2000  жылдың  ортасына  қарай  Aureal  компаниясы  жабылды,  одан  Creative  Labs.  
Бұл  A3D  компаниясы  жабылуына  әкелді. 
 

ПОӘК 042-18.39.1.113/01-2013 
10.09.2013 ж.  № 1 басылым  
107 беттің 52 
 
Үш  деңгейлі  дыбысты  өңдеу 
Екінші  жақсы  қасиет  ол  үш  деңгейлі  дыбыстық  тақшаны  жөндеу.   
Үш  деңгейлі  дыбыс  
өндірісі  және  суреттеуі  көрсететін  қызығы  сол  ең  алғаш  компьютер  ойындарда  болады.   
 
№10 сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары 
1.  Аудиожүйе компоненттерін атаңыз? 
2.  Дыбыстық тақша таңдау критерилері қандай? 
3.  Дыбыстық файлдар қандай?  
4.  Дыбыстық тақша: негізгі түсініктері және терминдерін атаңыз. 
 
 
Тәжірибе 11.  Енгізу-шығарудың тізбектей,  параллель және басқа да интерфейстері 
Мақсаты:  Порттармен  танысу,  оладың  айырмашылықтары  мен  артықшылықтарын  білуге 
үйрету. 
Жоспар

 
Енгізу-шығару порттарына кіріспе;  

 
USB және IEEE-1394 (i.Link) FireWire; 

 
Стандартты тізбектей,  параллель порттар; 

 
Тізбекті порттар. Параллель порттар.  
 
Ендіру – шығару порттарына кіріспе 
Порттар жасалу түріне қарай параллель және тізбекті болып бөлінеді. 
Дербес  компьютерлерде  негізгі  ендіру/шығару  интерфейсі  үшін  тізбектелген  және  параллель 
порттар  қолданылады.  Тізбектелген  портқа  информацияны  беруші  және  қабылдаушы  қондырғылар 
жалғастырылады.          Тізбекті  портта  информация  бір  ғана  өткізгіш  арқылы  беріледі.  Тізбекті  портқа 
“тышқан”  тетігі,  модемдер  қосылады.  Компьютерде  СОМ1/СОМ3  және  СОМ2  /  СОМ4  оларды  бір 
мезгілде  қолдануға  болмайды.  Тізбекті  порт  ұяшықтар  (розетка  )  түрінде  жасалады  да  9  немесе  25 
контактілі болады. 
Ендіру/шығару  интерфейстеріне  тізбектелген,  параллель  порттар  және  универсаль  тізбектелген 
шина (Universal Serial Bus), IEEE – 1394, SCSI мен IDE жатады. Тізбектелген портты – асинхронды 
тізбекті  интерфейс  деп  айтады  да,  ол  компьютерлер  арасында  байланыс  орнату  үшін  қолданылады. 
Тізбектелген  термині  деректерді  бір  ғана  өткізгіш  арқылы  яғни  бит  информациялардың  тізбектелініп 
бірінен соң бірінің берілуін сипаттайды.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Типті  жүйеде  жүйелік  блоктың  артқы  панелінде  бір  немесе  екі  тізбектелген  порт 
орналастырылады.  Цифрлық  камера  орнатуға  арналған  тізбекті  порты  бар  компьютерлерде  кездеседі. 
Ол жүйелік блоктың алдыңғы бөлігінде орналасады.  
Қазіргі  кездегі  аналық  тақшаның  құрылымына  тізбектелген  портты  басқаратын  Super  I/O 
микросхемасы кіреді. (Немесе South Bridge интегралдалған микросхемасы қолданылады). Тізбектелген 
портқа  модем,  плоттер,  принтер,  құралдарды басқару  схемаларын,  сканер  және  басқа  компьютерлерді 
қосуға болады. Негізгі  RS  –232C стандартты тізбектелген порт қолданылады. Ол бір  – бірімен сәйкес 
 
     
шығыс        пернелер тақтасы    тізбектелген порттар       параллель порт                 видео порт 
ұяшықтар   mouse ұяшығы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет