ПОӘК 042-18. 39 113/01-2013 10. 09. 2013 ж. №1 басылым 107 беттің 1



Pdf көрінісі
бет8/14
Дата04.12.2019
өлшемі2,59 Mb.
#52989
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14
Байланысты:
4058304f-9df2-11e3-9dd5-f6d299da70eeУМКД Компьютер архитектурасыТ241


ПОӘК 042-18.39.1.113/01-2013 
10.09.2013 ж.  № 1 басылым  
107 беттің 53 
 
емес құрылғылар арасында да информация алмасуға мүмкіндік береді. Қондырғыларда жалғастырушы 
өткізгіш ұзындығы 15м аспауы керек. 
Тізбектелген  порт  UART  (Universal  Asynchronous  Receiver/Transmitter  -  әмбебап  асинхронды 
қабылдаушы/таратушы)  микросхемасында  жасалынып,  оның  көмегімен  компьютерден  алынған 
деректерді параллель түрден тізбектелген форматқа және керісінше түрлендіру әрекеттерін басқарады. 
PC/AT  компьютерлерінде    UART  16450  микросхемалары,  PS/2  компьютерлерінде  UART  16550 
микросхемалары  қолданылады.  Кейбір  жағдайларда  көптеген  тізбектелген  порттарды  қолдану 
қажеттілігі туады. Ондай жағдайларда көппортты  тақшаларды Remote Access Service – RAS қолдануға 
болады. 
1990  жылдан  бастап  UART  микросхемасын  аналық  тақшада  Supe  I/O  деген  атпен  қолдана 
бастады. Бұл көпрежимді тізбектелген порт, ол екі UART тізбектелген портынан тұрады. (жұмсақ диск 
және пернетақта контроллері, кей жағдайда CMOS). Қазіргі жүйелерде Supe I/O функциясы South Bride 
микросхемасымен  интеграцияланған.  Компьютерге  тізбектелген  портты  қосқаннан  соң  оның  ендіру  – 
шығару адресі мен IRQ үзілісін таңдап алу керек. 
Компьютердің  артқы  бөлігіндегі  панельде  сыртқы  құрылғыларды  кабельдер  арқылы  қосуға 
мүмкіндік беретін ұяшықтар орналасқан. Олардың формалары әр түрлі, сондықтан атаулары да әр түрлі 
болады.  
 
Параллель порттар     
Параллель портқа негізінен принтер қосылатындықтан оны “принтерлік” порт деп атайды. Оның 
параллель  деп  аталуы  сигналдарды  бір  мезгілде  8  өткізгіш  арқылы  бере  алады.  Параллель  портта 
информация тізбекті портқа қарағанда жылдам жеткізуге болады. Компьютерде параллель порттар  LPT 
1, LPT 2, LPT 3 деп таңбаланады да вилка (штырлар) түрінде жасалады.  
 
Параллель порттардың  IEE 1284 стандарты 
1994  жылы  бекітілген.  Бұл  стандартты  паралель    порттардың  физикалық  сипаттамасы,  сыртқы 
сигналдардың  өзгеру  сипаттмасы  белгіленген.  Ол  принтермен  қатар  сыртқы  құралдарды 
(дискіқозғағыштар, желі адаптерлері) қосуға мүмкіндік береді. 
IEEE  1284  стандартының  өткізгіштік  қабілеті  жоғары,  оның  көмегімен  екі  компьтерді  қатар 
қосуға болады. IEEE 1284 стандарты  А, В, С типтерінде жұмыс істей алады.   
 
 
1993  жылдан  бастап    EPP,  ECP  8-разрядты  параллель  порттар  қолданылады.  Олар  50  кб/c 
жылдамдықпен информация  тасымалдауға мүмкіндік береді.  
Қазіргі  кезде  РС-  тобындағы  компьютерлерде  «PS/2»  типті  «екі  бағытты»  және  «кеңейтілген» 
параллель порттар бар. Оның көмегімен екі бағытта деректерді компьютерлермен сыртқы құрылғылар 

ПОӘК 042-18.39.1.113/01-2013 
10.09.2013 ж.  № 1 басылым  
107 беттің 54 
 
арасында алмасуға мүмкіндік береді. Екі бағытты информация алмасу порты 8- разрядты ендіру/шығару 
мүмкіндігін береді, оның информация алмасу жылдамдығы 150 кб/c.  
EEP  жетілдірілген портын 1991 жылы октябрь айында   Intel,  Xircom және   Zenith Data Systems 
компаниялары  шығарған.  Бұл  порт  ISA  шинасында  барлық  жылдамдықта  жұмыс  істей  алады, 
өткізгіштік  қаблеті басқаларынан 10 есе жоғары. Оның желі адаптерлері, дискіқозғағыштар, магниттік 
дискілер үшін информация алмасу жылдамдығы 2 мб/c . 
ECP- Enhanced Capabilities Port  портын Microsoft мен Hewlett– Packard компаниясы 1992 жылы 
шығарады. Ол EPP –ға ұқсас, информация алмасу қаблеті жоғары.  
USB ұяшығы 
USB, Fire Wite – ендіру/шығару интерфейсін USB және IEEE  –1394 тізбекті шинасында үстелге 
қоятын және портартивті компьютерлер үшін жоғары жылдамдықта жұмыс істейтін құрылғы  жасалды, 
оларды iLink немесе  Fire Wite  деп атайды. Бұл жоғары жылдамдықты коммуникациялық порт бұрынғы 
порттардан өзгеше қолданылу аясы кең. Оны SCSI портына альтернатив ретінде қолдануға болады да 
сыртқы  периферийлік  құрылғылардың  барлық  түрін  қосуға  мүмкіндік  береді.  Ол  бір  мезгілде  8,  16 
өткізгіш арқылы  информация жеткізе алады.  
    
USB құрылғысына басқа құрылғыларды қосу үшін жаңа тақшалар қою, жүйені түрлендіру 
қажет  емес  және  жүйені  үнемдеу  қолдануға  мүмкіндік  береді.  USB  порты  бар  компьютерге  сыртқы 
құрылғыларды қосқанан соң, баптап орналастыру өздігінен орындалады. Бұл стандартты Intel фирмасы 
жасады. Оның алғашқы түрі 1996 жылы, ал 1.1 түрі 1998 жылы жасалды.  
 
USB арқылы бірнеше құрылғыларды қосу үшін концентраторды қолдану керек. Оның көмегімен  
USB  –ның    бір  портына  пернелер  тақтасын,  “  тышқан”  тетігін,  цифрлы  камера,  принтер,  телефон  т.б 
қосуға  болады.  Компьютерге  негізгі  концентратор  деп  аталатын  модуль  орналастырылады,  ол  басқа 
құрылғыларды қосуға арналған негіз болып табылады. Аналықтақшада  2 немесе 4 USB порты болады.   
USB ұяшықтарының А және В типтері болады. USB штепселі USB ұяшығына бекітіледі.       
 
 

ПОӘК 042-18.39.1.113/01-2013 
10.09.2013 ж.  № 1 басылым  
107 беттің 55 
 
Пернелер тақтасының ұяшығы арнайы DIN ( Deutsche Industry Norm) стандарты бойынша аналық 
тақшаға  жалғастырылады.  АТХ  типті  тақшаларға  пернелер  тақтасы  PS/2  ұяшығы  арқылы  қосылады, 
сондықтан  бұндай  тақшаға  ескі  пернелер  тақтасын    қосу  үшін  аралық  ауыстырып  қосқышты  қолдану 
керек. 
№11 сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары 
1.  Енгізу-шығару порттары қандай? 
2.  USB және IEEE-1394 (i.Link) FireWire порттары қандай? 
3.  Стандартты тізбектей,  параллель порттардың айырмашылықтары қандай?  
4.  Тізбекті порттар және параллель порттар артықшылықтары қандай? 
 
 
Тәжірибе 12.  Қоректену блогы және корпус.  
 
Жоспар: 

 
Қоректену блогының рөлі.  

 
Қоректену блогының жұмыс принципі және міндеті.  

 
Жүйелік тақшаның қоректену разъемдары.  

 
Перифериялық құрылғылардың қоректену разъемдары.  

 
Қоректену блогының қызметі.  

 
Қоректену блогына қатысты қиындықтар.  

 
Қоректену блогын жөндеу.  

 
Қоректену блогын айырбастау.  

 
Қоректену желісіндегі қорғау құрылғылары. RTC/NVRAM батареялары. 
Қоректендіру  блогының  қызметі  желіден  келетін  электр  энергиясын  компьютердің  жеке 
блоктарының  тұтына  алатын  формасына  түрлендіріп  беру  болып  табылады.  Қоректендіру  блогы 
желіден келетін    220 В, 50  Гц айнымалы кернеуді тұрақты  + 5 В, + 12 В кернеулерге түрлендіреді. 
Қоректендіру блогының  7 форм факторы бар. Оның бесеуі IBM  конструкциясы үшін, екеуі Intel 
негізінде  жасалған.  Қазіргі  жүйеде  оның  үш  форм  факторы  ғана  қолданылады.  Форм  факторлардың 
атауы    аналық  тақшалардың  атауына  сәйкес  келеді.  PC/XT,  AT  және  LPX  форм  факторларындағы 
қоректендіру  блоктарын  аналық  тақшаға  қосу  үшін  6  контактілік  жалғастырушылар  қолданылады 
қазіргі кезде барлық компьютерлерде АТХ форм факторы қолданылады. 
Цифрлық  схемаларды  (аналық  тақша,  адаптерлер  тақшасы,  дискілі  ақпарат  сақтағыштардың 
логикалық  тақшалары)  қоректендіру  үшін  +  5В,  ал  дискіқозғағыш  және  басқа  да  двигательдерді 
қоректендіру үшін  + 12В кернеу қолданылады. Бұл кернеулер бір қалыпты болған жағдайда компьютер 
сенімді жұмыс істейді. 
Қоректендіру  блогы  тек  қана  қажетті  кернеулерді  шығарып  бермейді  сонымен  қатар  кернеудің 
компьютер  қалыпты  жұмыс  істеуіне  сәйкес  келетіндігіне  де  бақылау  жасап  отырады.  Барлық 
қоректендіру блоктарында сыртқа шығатын кернеуді алдын–ала тексеріп отыратын құрал орнатылған. 
Кернеу  нормаға  сәйкес  болғанда  ғана  аналық  тақшаға  Power  Good  (қалыпты  қоректендіру)  сигналы 
жіберіледі. Ол сигнал болмаса компьютер жұмыс істемейді. 
 

ПОӘК 042-18.39.1.113/01-2013 
10.09.2013 ж.  № 1 басылым  
107 беттің 56 
 
Қоректендіру блогына артық жүктеме түскенде немесе ол қызып кеткен кезде шығыс кернеулері 
нормадан асып кетуі мүмкін. Бұл жағдайда компьютерде жұмыс істеуге болмайды. Одан қорғау тәсілін 
ІВМ  фирмасы  жасап  шығарған.  Бұл  жағдайда  Power  Good  сигналы  компьютерді  уақытша  қолмен 
өшіруге  мүмкіндік  береді.  Ауыстырып  қосқыш  көмегімен  Power  Good  линиясын  ортақ  өткізгішпен 
тұйықтасақ, тактілік сигналдар шығару және процессор жұмысы тоқталады. Өткізгіш  ажыратылғанда 
компьютер  сигнал  беріп,  Power  Good–тың  қалыпты  жұмыс  істеуі  басталады.  Бұл  қызметті 
компьютердің  алдыңғы  панелінде  орналасқан  Reset  батырмасы  атқарады.  Қоректендіру  блогынан 
шығатын өткізгіштер арнайы вилкалар арқылы бөлінеді де, ондағы өткізгіштер түрлі-түсті болады. 
 
 
Коректендіру блогы  
Дискі қозғағыштарды қоректендіретін вилкалар өткізгіш түстеріне қарай төмендегідей кернеулер 
шығарады. 
  
№ 
Өткізгіштің түсі 
Кернеуі 
1. 
2. 
3. 
4. 
Сары. 
Қара.  
Қара. 
Қызыл 
+ 12 В. 
Ортақ. 
Ортақ. 
+ 5.  
  
Қазіргі  кездегі  қоректендіру  блогының  қуаты  250  Ватқа  дейін  жетеді.  Ол  мультимедиалық 
құрылғыларды да көректендіруге мүмкіндік береді. 
 
 
АТХ тақшасы жұмыс істейтін қоректендіру блогының ерекше қасиеті, ол бағдарламалық әдіспен 
компьютерді  өшіруге  мүмкіндік  береді.  АТХ  тақшаларындағы  көректендіру  ұяшығы  стандартты  Baby 
тақшасындағы ұяшығына сәйкес келмейді, сондықтан оларды бір – бірімен ауыстыру мүмкін есмес. 
Қазіргі  кездегі  көректендіру  блогы 

  5  В  және 

  12  В  кернеумен  қатар  3,3В  кернеу  де  бере 
алады. 
1.  Қоректену блогының рөлі қандай? 
2.  Қоректену блогының жұмыс принципі және міндеттерін атаңыз. 
3.  Жүйелік тақшаның қоректену разъемдары қандай? 
4.  Перифериялық құрылғылардың қоректену разъемдары қандай? 
5.  Қоректену блогының қызметі қандай? 

ПОӘК 042-18.39.1.113/01-2013 
10.09.2013 ж.  № 1 басылым  
107 беттің 57 
 
6.  Қоректену блогына қатысты қиындықтарды атаңыз.  
7.  Қоректену блогын жөндеу және қоректену блогын айырбастау қалай жүзеге асады?  
8.  Қоректену  желісіндегі  қорғау  құрылғылары  және  RTC/NVRAM  батареялары  қалай  жұмыс 
жасайды?  
 

ПОӘК 042-18.39.1.113/01-2013 
10.09.2013 ж.  № 1 басылым  
107 беттің 58 
 
Зертханалық практикум 
Зертханалық жұмыс 1. Санау жүйесі (2 сағ) 
Мақсаты:  Ондық санау жүйесіндегі сандарды екілік, сегіздік, он алтылық санау жүйелеріне 
ауыстыруды орындау, білімдерін бекіту. 
Жоспар: 

 
Ондық санау жүйесі; 

 
Бүтін ондық сандарды екілік санау жүйесіне ауыстыру; 

 
Ондық бөлшектерді екілік санау жүйесіне ауыстыру; 

 
Ондық сандарды сегіздік санау жүйесіне ауыстыру; 

 
Ондық сандарды он алтылық санау жүйесіне ауыстыру; 
 
 «Ондық»  аты  мынамен  түсіндіріледі:  бұл  жүйенің  түп  төркінінде  он  негізі  жатыр.  Бұл  жүйеде 
санды жазу үшін он цифры қолданылады: 0,1,2,3,4,5,6,7,8,9. Ондық жүйе позициялық болып табылады, 
өйткені  ондық  санды  жазуда  цифрдың  мәні  оның  позициясына  немесе  санда  орналасқан  орнына 
байланысты. 
    
Саның  цифрына  бөлінетін  позицияны  разряд  деп  атайды.  Мысалы,  526  жазуы  5  жүздіктен,  2 
ондықтан  және  6  бірліктен  тұратын  сан  екенін  білдіреді.  6  цифры-бірліктер  разрядында,  2-ондықтар 
разрядында, 5-жүздіктер разрядында тұрады. Егер осы санды қосынды түрінде жазатын болсақ: 
526=5*10
2
+2*10
1
+6*10
0
 
Бұл  жазбадағы  10  саны  санау  жүйесінің  негіздуішісі.  Санның  әрбір  цифры  үшін  10  негіздеуші 
цифрдың  орнына  байланысты  дәрежеленеді  және  осы  цифрға  көбейтіледі.  Бірліктер  үшін  негіздеуші 
дәреже-нөлге, ондықтар үшін – бірге, жүздіктер үшін-екіге тең және т.с.с. Мысалы, 555,55 ондық саны 
мынандай қосындымен белгіленеді: 
555,55
10
 = 5*10
2
 + 5*10
1
+ 5*10
0
+ 5*10
-1
+5*10
-2
 
Осылайша,  ондық  санның  кез  келген  цифрінің  салмағы-оның  белгілі  бір  бүтін  дәрежесі,  ал 
дәреженің мәнін сәйкес цифрдың позициясы бекітеді. 
 
Бүтін ондық сандарды екілік санау жүйесіне ауыстыру 
Ереже:  Бүтін  ондық  санды  екілік  санау  жүйесіне  ауыстыру  үшін  осы  санды  2-ге  бөлу  қажет. 
Алынған  бөліндіні  2-ден  кіші  болғанша  бөлінеді  қайтадан  2-ге  бөле  береді  және  т.с.с.нәтижеде  бір 
қатарға соңғы бөлінеді және соңғысынан бастап барлық қалдықтарды жазу керек. 
Мысалы 891 санын ондық жүйеден екілік санау жүйесіне аудару. 
Шешімі
891:2=445,        1 
445:2=222,        1 
222:2=111,        0 
111:2=55,          1 
55:2=27,            1 
27:2=13,            1 
13:2=6,              1 
6:2=3,                0 
3:2=1,                1 
1:2=0,                1                                 (екілік санның үлкен цифры жазылады)    
Соңынан бастап барлық қалдықтарды жазамыз. 
89110 =11011110112 
 
Ондық бөлшектерді екілік санау жүйесіне ауыстыру 
  
Ондық бөлшек сандарды екілік санау жүйесіне ауыстыру үшін оны 2-ге көбейтіп, бүтін бөлікті 
іздеу керек (үтірден кейін төрт таңбаға дейін). 
Мысалы: 0,32210                                    
0.322*2=0.644          0                 
0.644*2=1.288          1                 
0.288*2=0.576          0                 

ПОӘК 042-18.39.1.113/01-2013 
10.09.2013 ж.  № 1 басылым  
107 беттің 59 
 
0.576*2=1.152          1                 
Жауабы: 
0,32210=0.01012                  
 
Берілгені: 8,83
10
 
 
8:2=4  қалдық  0          
4:2=2  қалдық  1   
2:2=1  қалдық  0       
1:2=0  қалдық  0      
      
0.83*2=1.66 бүтін бөлік   1  
0.66*2=1.32 бүтін бөлік   1  
0.32*2=0.64 бүтін бөлік   0  
0.64*2=1.28 бүтін бөлік   1  
 
Жауабы: 8,83=1000,1101 
 
Ондық сандарды сегіздік санау жүйесіне ауыстыру 
Ондық жүйеден сандарды сегіздік санау жүйесіне ауыстыру үшін екілік жүйесі сияқты сандарды  
тек 8 санына бөлеміз. Егер алынған бөлінді 7-ден көп болса, онда оны да, қалдықты сақтап 8-ге бөлуге 
болады. Мысалы: Ондық жүйедегі 891 санын сегіздік санау жүйесіне келтірейік. 
 
Шешімі:                          қалдық 
891:8=111                         3 
111:8=13                           7 
13:8=1                               5 
1:8=0                                 1                      (қалдық сегіздік санның үлкен цифры жазылады) 
891
10
=1573
8
 
 
Ондық сандарды он алтылық санау жүйесіне ауыстыру 
Ондық санды он алтылық санау жүйесіне ауыстыру үшін 16-ға бөлу керек. 
Шешімі:                         қалдық 
891:16 =55                       11 
55:16=3                             7 
3:16=0                               3 
89110=37B16 
 
Екілік  санау  жүйесі.  Сандарды  екілік  санау  жүйесінен  ондық,  сегіздік,  он    алтылық  санау 
жүйелеріне ауыстыру  
Компьютерде  әдетте  ондық  емес  позициялық  екілік  санау  жүйесі,  яғни  2  негіздеуіші  бар  санау 
жүйесі қолданылады. Екілік жүйеде кез келген сан екі 0 және 1 цифрлардың көмегімен жазылады және 
екілік сан деп аталады. Тек қана 0 және 1 цифрларынан тұратын екілік саннан ондық  санды ажырату 
үшін екілік санды жазуда екілік санау жүйесінің индексіне белгі қосылады, мысалы, 110101,1112. Екілік 
санның әрбір разрядын (цифрын) бит деп атайды. 
  Ондық  сандар  сияқты,  кез-келген  екілік  санды  екілік  санға  кіретін  цифрлар  салмағының 
айырмашылығын анық бейнелейтін қосынды түрінде жазуға болады. Бұл қосындыда негіздеуші ретінде 
2 санын қолдануға болады. Мысалы: 1010101,101 екілік сан үшін қосынды мына түрде болады: 
1010101,1012 =1*2
6
+0*2
5
+1*2
4
+0*2
3
+1*2
2
+0*2
1
+1*2
0
+1*2
-1
+0*2
-2
+1*2
-3 
 
Бұл  қосынды  ондық  сан  үшін  жазылған  қосындының  ережесі  бойынша  жазылады.  Берілген 
мысалда  екілік  сан  жеті  санды  бүтін  және  үш  санды  бөлшек  бөліктерінен  тұрады.  Сондықтан  бүтін 
бөліктің  үлкен  цифрі,  яғни  бірі  27-1=26-ға  көбейтіледі,  бүтін  бөліктің  нөлге  тең  келесі  саны,  25-ке 

ПОӘК 042-18.39.1.113/01-2013 
10.09.2013 ж.  № 1 басылым  
107 беттің 60 
 
көбейтіледі және т.с.с., кішкентайға, үшіншіге, дейін екінің дәрежесі кемуі бойынша цифрдың бөлшек 
бөлігі  2-3-ке  көбейтіледі.  Осы  қосындыда  ондық  жүйенің  ережесі  бойынша  арифметикалық 
операцияларды  орындай  отырып,  85,625  санын  аламыз.  Осылайша,  1010101,101  екілік  саны  85,625 
ондық санына сәйкес келеді, немесе 1010101,101=85,625
10
    
1. 11100011
2
 = 1

2
7
+1

2
6
+1

2
5
+0

2
4
+0

2
3
+0

2
2
+1

2
1
+1

2

= 128+64+32+2+1 = 227
10
 
2.  0,10100011
2
 = 1

2
-1
+0

2
-2
+1

2
-3
+0

2
-4
+0

2
-5
+0

2
-6
+1

2
-7
+1

2
-8
 = 0,5+0,125+ 
         0,0078+0,0039 = 0,6367
10
 
 
Сандарды екілік жүйеден сегіздік санау жүйесіне ауыстыру 
Кез келген цифрды сегіздік сан түрінде жазу үшін үш екілік цифрлар қажет. Сондықтан түрленетін 
екілік санды оңнан солға қарай екі цифрлар тобына үштен бөледі. 
 Екілік  жүйедегі  бөлшек  санды  сегіздік  санау  жүйесіне  аудару  үшін  санның  бүтін  бөлігін  оңнан 
сола қарай бағытта, ал бөлшек бөлігін солдан оңға қарай бағытта үш  екілік саннан бөліп жазып, кестені 
пайдаланып,  сәйкесінше  сегіздік  санды  жазамыз.  Сол  жақтан  және  оң  жақтан  жетпеген  цифр 
орындарын нөлмен толықтырамыз. 
Мысалы:  1101111011  екілік  саны  екілік  цифрлар  бойынша  үштен  топқа  бөлінгенде, 
001 101 111 011 сияқты бөледі. Кестеде көрсетілген цифр түрінде қарастырамыз. 15738; 
      1.  1011101,10011 санын сегіздік жүйеге ауыстырайық,  
1 011 101,100 11 → 
00
1 011 101,100 11
0
  → 135,46
8

 
Екілік санау жүйесі 
000 
001 
010 
011 
100 
101 
110 
111 
Сегіздік санау жүйесі 








 
Сандарды екілік жүйеден он алтылық санау жүйесіне ауыстыру 
Екілік жүйеден он алтылық санау жүйесіне түрлендіргенде, екілік сан төрт екілік сан бойынша 
бөлінеді, өйткені он алтылық санның кез келген цифрын жазу үшін төрт екілік цифр қажет. 
Мысалы: 
1101111011 екілік саны төрт екілік цифр бойынша топқа бөлгеннен кейін, 11  0111  1011 сияқты жазуға 
болады. 37B
16

Екілік  жүйедегі  бөлшек  санды  он  алтылық  санау  жүйесіне  аудару  үшін  санның  бүтін  бөлігін 
оңнан сола қарай бағытта, ал бөлшек бөлігін солдан оңға қарай бағытта төрт екілік саннан бөліп жазып, 
кестені пайдаланып, сәйкесінше он алтылық санды жазамыз. Сол жақтан және оң жақтан жетпеген цифр 
орындарын нөлмен толықтырамыз. 
Мысалы: 101111,100011 санын он алтылық жүйеге ауыстырайық,  
10 1111,1000 11 → 0010 1111,1000 1100  → 2F8C
16

 
Екілік санау жүйесі  0000 
0001 
0010 
0011 
0100 
0101 
0110 
0111 
Он алтылық  санау 
жүйесі 








 
Екілік санау жүйесі  1000 
1001 
1010 
1011 
1100 
1101 
1110 
1111 
Он алтылық  санау 
жүйесі 








 
Екілік сандарға арифметикалық амалдар қолдану        
Екілік сандарды қосу  сәйкес разрядтардың цифрларын тасымалды есепке алып қосуға саяды. Екілік 
санды қосқанда, келесі төрт ереже қолданылады.  
0+0=1                                        1+0=1 
0+1=1                                        1+1=10 
Мысал: Екі екілік 101+11 сандарын қосуды (ондық жүйеде бұл: 5+3=8) орындайық.   
Жетпеген нөлдерді қосып, қосу амалын бағанда орындаған жөн                                           
                           101 

ПОӘК 042-18.39.1.113/01-2013 
10.09.2013 ж.  № 1 басылым  
107 беттің 61 
 
                        + 011 
 
Қосу процесін кезеңмен қарастырайық. 
Алдымен қосу кіші разрядта орындалады: 1+1=10. Қосындының кіші разрядына 0 жазылады да бірлік 
алдыңғы үлкен разрядқа тасымалданады. 
Келесі  сол жақ разрядтың цифрлары мен тасымалдың бірлігі қосылады: 0+1+1=10. Қосындыныің бұл 
разрядына  0 жазылады да, бірлік тағы да келесі разрядқа тасымалданады. 
Енді үшінші сол жақ разрядтың цифрлары мен тасымалдың бірлігі қосылады: 0+1+1=10   Бұл разрядта 1 
жазылады, ал бірлік  келесі үлкен разрядқа тасымалданады. 
Нәтижеде 
     101 
+   011 
   1000          Жауабы:                 1000
2
=8
10
 
 
 
АЗАЙТУ 
Екілік сандарды азайту кезінде мыналарды есте сақтау керек:  
0-0=0              
0-1=1   
1-0=1   
           1-1=0 
Мысалы:  1010-101  екілік  санның  айырмасын  табу.  Кіші  разрядтан  бастап  азайтуды  бағанада 
орындаймыз: 
1010 
-101        - азайту процесін кезеңімен қарастырайық: 
Кіші разряд үшін 0-1 бар. Сондықтан үлкен разрядтан бірлікті аламыз және 10-1=1 –ді табамыз. 
Келесі разрядта 0-0 =0 болады. 
  
Сол  жақтағы  разрядта  тағы  да  0-1  болады.  Үлкен  разряжтан  1-ді  аламыз  және  10-1=1  –  ді 
табамыз. Келесі разрядта 0 қалады. 
1010 
 -101         
  101               алынады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет