ПОӘК 042-x х/03-2013 01. 09. 2013 ж. №1 басылым


Телекоммуникациалық пакеттер



бет4/4
Дата17.02.2017
өлшемі1,09 Mb.
#9432
1   2   3   4

Телекоммуникациалық пакеттер


Телекоммуникационнық пакеттер ДЭЕМ қолданушылар арасында кең таралған. Оларды әдетте BBS деп аталатын электронды хабар тақтасын жалпы пайдалану үшін қолданады.

Internet желісіндегі мұндай пакеттер қолданушыға қарапайы телефон линиялары арқылы желі хостына мүмкіндік береді. Сонымен қатар оған желінің бір хостымен "on line" режимінде жұмыс істеу мүмкіндігі беріледі, яғни қолданушы тораптың барлық ресурстарымен жұмыс істей алады, егер ол оның терминалында жұмыс істесе.

Телекоммуникациялық пакеттер өте көп. Әдетте әрбір модемге өзінің телекоммуникациялық пакеті беріледі. Телекоммуникациялық пакеттердің мүмкіндіктері практикалық тұрғыдан алғанда бірдей.

Қазіргі уақытта өте көп тараған телекоммуникациялық пакеттер: LEMATE, MTEZ, BITCOM, COMIT, PROCOM.

Олардың барлығы қарапайым, қолдануда және баптауда бір-бірінен көп ерекшелінбейді.

Электрондық почтадағы адрестеу жүйесі


Электрондық почта – глобальды компьютерлі желілер арқылы хаттар алмасу жүйесі. Электрондық хат – алушының адресін және мәтінін қамтитын, мәтіндік файл. Электрондық хат кез-келген типтегі ендірілген файлдарды қамти алады. Электронды почталы ящик - оның иеленушісіне түсетін кореспонденциялардың барлығы түсетін, почталық сервердің қатты дискісіндегі бөлім (бума).

Электрондық адрес желідегі почта ящигінің орналасу орнын анықтау үшін қолданылады. Электрондық адрес өзіне екі бөлімді қамтиды, олар бір-бірінен @ таңбасымен бөлінеді.

Қолданушы_аты@почталық_сервер_адресі

Қолданушы аты сервердегі почта ящигінің бар екенін көрсетеді. Қолданушы атын өзі таңдайды. Ол латынның үлкен және кіші әріптерін, цифрларды, кейбір символдарды қамтиды.

Почталық сервердің адресі бір-бірімен нүкте арқылы ажыратылатын бөліктерден (домендер) тұрады. Адрес солдан оңға оқылады. @ жақын орналасқан атау қолданушының почталық жәшігін қамтитын компьютер аты. Одан кейін бірнеше атаулар болуы мүмкін. Олар сервердің желіде иерархиялық принциппен орналасқан орнын нақтылайды. Соңғы оң жақ бөлігі суффикс (жұрнақ) деп аталады. Көбінесе суффикс мемлекет кодын көрсетеді (мысалы kz-Қазақстан, su немесе ru - Россия, fi-Финляндия, mx-Мексика, т.с.с). Кейде Internet желіден тыс мемлекет кодының орнына қолданушы жұмыс істейтін желінің өзінің аты қолданылады (мысалы INFO@BITING.BITNET). АҚШ та қабылданған адрестеу жүйесінде, суффикс ретінде серверге тиісті мекеме типі белгіленеді. Мысалы:

Edu-білім ұйымдары (университетер, білм беретін телекоммуникациялық желілер, білім жүйесіндегі түрліше ұйымдар);

Com – коммерциялық ұйымдар;

Gоv- өкімет ұйымдары;

Net-телекоммуникациялық қызметтер көрсететін ұйымдар;

Mil-әскери ұйымдар;

Org- ұйымдар (организациялар)
Телеконференцияларды ұйымдастыру жүйелері

Телеконференция – глобальды компьютерлік желімен қолданушылары арасындағы белгілі бір тақырыпқа байланысты коллективті түрде ақпараттарды алмасу. Электрондық почтадан айырмашылығы, телеконференция хабарды бір уақытта желінің көптеген қолданушыларына таратады. Әрбір конференция анықталған тақырыпқа арналған болу керек. «Телеконференция» терминімен қатар «жаңалықтар тобы» термині қолданылады.

Кез-келген телеконференция оның ашылуы кезінде жарияланатын, анықталған ережелер бойынша құрылады. Конференциялар ашық немесе жабық түрде болады.

Телеконференциялар конференциялар серверінің желісінде орналасады, Олардың электрондық адрестері келесі түрде болады.



News@сервер_аты

Newsserv@сервер_аты

Newsserver@сервер_аты

News-server@сервер_аты

Әрбір телеконференцияның қолданушының қарапайым почталық адресі сияқты желіде өзінің адресі бар, мысалы: news.kids.rus. Бұл адресте сол жақ – қолданушының почта жәшігінің дербес аты ғана жоқ. Телеконференция адресіндегі әрбір сөз, телеконференцияда талқыланатын сұрақ мазмұнын нақтылайды. Ең бірінші сөз конференцияның анықталған бөлімге қатыстылығын көрсетеді. Мысалы:

Fido7.ccmail

Relcom.comp.os.windows

Glasnet.news.eng

Қолданушыға конференция тақырыбымен бағдар жасау үшін кейбір жалпы қабылданған телеконференциялар тобы көмектесуі мүмкін, мысалы:

Comp. – компьютерлік техника;

Humanities. – гуманитарлық ғылымдар және өнер;

News. – телеконференциялардың өзі;

Rec. – хобби, демалыс, көңіл көтеру;

Sci. – ғылым;

Soc. - әлеуметтік тақырыптар;

Alt. – альтернативті дискуссиялар;

Bionet. – биологиялық зерттеулер;

Info. - әртүрлі сипаттағы ақпараттар;

Kl2. – мектептік проектілер;

Schl. – оқушылар мен студенттрге арналған конференциялар.

Интернетте ақпараттарды іздеу
Internet желісімен берілетін барлық қызметті екі категорияға бөлуге болады: абоненттер арасында ақпараттар алмасу және мәліметтер қорын қолдану.

Абоненттер арасында қолданылатын қызметтерге мыналар жатады:



  • Telnet – желілік мүмкіндік. Абонентке Internet желісінде кез-келген ЭВМ мен өзінікіндей жұмыс істеу мүмкіндігін береді. Яғни программаларды жүктеу, жұмыс режимдерін ауыстыру және т.б.

  • FTP (File Transfer Protocol) – файлдар протоколдарын жіберу. Желідегі кез-келген компьютер арқылы абонентке екілік және текстік файлдармен алмасу мүмкіндігін береді. Желілік компьютермен байланыса орнатып, қолданушы өзінің компьютеріне желілік компьютерден мәлімет ала алады немесе керісінше.

  • NFS (Network File System) – бөлінген файлдық жүйе. Абонентке желілік компьютердің файлдық жүйесімен жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

  • E-mail (Электрондық почта) – Internet желісіндегі кез-келген абонентпен почталық хабар алмасу. Текстік және екілік файлдарды жіберудің (UUEncoding жолымен) мүмкіндіктері бар. Internet желісіндегі почталық хабардың өлшемі 64 Кб аспау қажет.

  • News (жаңалықтар) – Желілік жаңалықтарды және электрондық тақта жаңалықтарын алу және ақпараттарды тақтаға орналастыру. Internet желісіндегі электрондық тақта жаңалықтары тақырыптарына байланысты жіктеледі. Қолданушы өз қалауы бойынша кез-келген жаңалықтар тобына жазыла алады.

  • Rsh (Remote Shell) – желілік мүмкіндік. Telnet аналогі, бірақ компьютерде UNIX операциялық жүйесі болғанда ғана жұмыс істейді.

  • Rexec (Remote Execution) – бір команданы желілік UNIX-машинада орындау.

  • Lpr – желілік баспа. Файлды желілік принтерге жіберу.

  • Lpq – желілік баспа. Желілік принтерде кезекте тұрған файлдарды көрсетеді.

  • Ping – желі бойынша ЭВМ нің желілік қатынас мүмкіндігін тексереді.

  • Talk – қолданушыға желідегі ЭЕМ мен «сөйлесуге» мүмкіндік береді. Бұл жағдайда, экранда бір уақытта желідегі қолданушының мәтіні және жауабы көрініп тұрады.

  • Whois – Internet-ң адрестің кітабы. Сұраныс бойынша абонент желідегі компьютердің тиістілігі, қолданушылар туралы мәлімет ала алады.

  • Finger – Желідегі компьютер қолданушылары туралы ақпарат алу.

Жоғарыда айтылғандардан басқа, Internet желісі келесі спецификалық қызметтерді көрсетеді:

  • Webster – ағылшын тілінің түсіндірме сөздігінің желілік версиясы.

  • Факс-сервис – қолданушыға факсимальды байланыс арқылы хабарлама жіберуге мүмкіндік береді.желінің факс-серверін қолданады.

  • Электрондық аудармашы – оған келген тексті бір тілден екінші тілге аударады. Электрондық аудармашыға қатынас құру, электрондық почта арқылы жүзеге асады.

  • Шлюзы – абонентке TCP\IP (Fido, Goldnet, AT50) протоколдарымен жұмыс істемейтін желіде хабарлама жіберуге мүмкіндік береді.

Internet желісінің автоматты түрде іздеу жүйесіне келесі жүйелер жатады:



  • Gopher – кілтті сөздер арқылы ақпаратты іздеуге болатын Internet желісінің кең тараған іздеу тәсілі. Gopher жүйесімен жұмыс мазмұндарын қарап шығуды еске түсіреді, мұнда қолданушы қажетті тақырыптарды оңай таба алады. Gopher қолданушыға ақпаратты аты және авторының көрсетілуінсіз алуына мүмкіндік береді. Бұл қолданушынығ уақытын үнемдейді. Ол жүйеге тек қажеттісін хабарлайды, жүйе оны тауып береді. Gopher-серверов екі мыңнан көп, сондықтан да олардың кқмегімен қажетті нәрселер ылғи да оңай табыла бермейді. Егер қиыншылық туған жағдай болса VERONICA қызметін пайдалануға болады. VERONICA қолданушыны қолмен қараудан босата отырып Gopher-дің 500 ден артық системасымен іздеу жұмысын іске асырады.

  • WAIS – Ақпартты алудың Gopher-ге қарағанда кіштірек тәсілі. Себебі ол барлық текстік құжаттарда кілтті өрісті іздейді. Сұраныстар WAIS–ке әлдеқайда қысқартылған ағылшынша түрде жіберіледі. Бұл алгебра және логика тілінде құрылымнан әлдеқайда жеңіл. WAIS-пен жұмыста қолданушыға қажетті материалды іздеуде уақыт кетіріп қажеті жоқ. Internet желісінде 200 ден астам WAIS – кітапханалар бар. Бірақ мұнда көптеген материалдар зерттеу салаларына және компьютерлік ғылым областарында қолданылады.

  • WWW – гипертекстпен жұмыс жасауға арналған жүйе. Ол іздеудің күшті құралы болып табылады. Гипертекст алдын ала берілген сөздер жиынтықтарын біріктіреді. Мысалы, мәтінде жаңа сөз немесе ұғым кездессе, онда гипертекстаен жұмыс істейтін жүйе осы ұғым немесе сөз нақтырақ қарастырылатын басқа құжатқа жібереді. Әдетте WWW көбінесе WAIS мәліметтер қоры интерфейсі ретінде қолданылады. Қазіргі уақытта WWW кең таралған.

Практикалық тұрғыдан желінің барлық қызметтері клиент-сервер принципімен құрылған. Internet желісінде сервер деп клиенттерге бірқатар қызмет көрсететін компьютерді атайды. Клиент-сервердің өзара қызметі әдетте келесі жағдаймен құрылады. Клиенттерден сұраныс келгенде сервер әртүрлі желілік қызметтегі программаларды іске қосады. Сервер іске қосылған программалардың мүмкіндігіне байланысты клиенттердің сұраныстарына жауап береді.

Барлық программалық жабдықтарды осылайша клиенттік және серверлік деп бөлуге болады. Мұнда сервердің программалық жабдықтары желілік қызметті көрсетумен айналысады, ал клиенттік программалық жабдықтар серверге сұраныстарды жіберуді және оларды алуды қамтамасыз етеді.
Интернетте ақпаратты іздеу үшін адрестер түіндегі әмбебап адрестер қолданылады. Олар ақпараттық ресурстардың орнын анықтайды-URL. URL адрес тек қана ресурс адресін емес, сонымен қатар онымен қалай қатынас құруды көрсетеді. URL-адрес екі бөлімнен тұрады: біріншісі (сол жағындағы) қажетті компьютерге орнататын байланыс типін көрсетеді Ал екіншісі (оң жағындағы) – берілген ресурс желінің қай жерінде орналасқанын көрсетеді (сәйкес сервер аты). Бұл бөліктер қос нүктемен бөлінеді, мысалы:

Http://север аты/жолы/файл
Байланыс типі қандай ақпараттық жүйелерден қарау керек екенін көрсетеді:

ftp:// - ftp протоколы ftp-серверлерге қатынаста қолданылады;

goper:// - goper серверлеріне қосылу;

http:// - WWW негізінде жатқан. гипертекстпен жұмыс протоколын қолдану. Бұл байланыс типін кез-келген WWW-серверімен қатынаста көрсету керек.



WWW-парақ – WWW жүйесіндегі жеке құжат.

WWW-броузер – Web парақты көруге арналған қолданбалы программа. Осындай типтегі танымал программалар: Netscape Navigator және Microsoft Internet Exsploler. Броузер экранға WWW-парақты қолданушы енгізген немесе гиперссылкадан алынған адрес бойынша шығарады.

Іздеу сервері-қолданушыға қажетті Web-парақты ала алуына көмектесетін Интернеттегі арнайы сервер. Іздеу не тақырыптық бұтақ бойынша, немесе кілтті сөздер бойынша жүргізіледі. Кейбір іздеу серверлерінің атаулар: шетелдік Yahoo, Alto Vista; Ресейлік-Rambler, Au, Aport. Қазақстандық – Relcom және т.б. Сервер адресін көрсетсе, броузер арқылы іздеу серверіне енуге болады.

Электронды оқулықтар – мұғалім мен оқушылар асындағы

әрекеттестікті гуманизациялау құралы
Қазақстан Республикасындағы білімді ақпараттандыру жүйесін ары қарай дамыту процесін оқып үйренудің ақпараттық ресурсы болып табылатын оқытуға арналған программалық құралдарды дайындамай жүзеге асыру мүмкін емес. Олардың атқаратын қызметтерінің де ауқымы кең, мысалы, бақылайтын және тест жүргізетін программалар, компьютерлік ойындар, ақпараттық жүйелер, оқыту орталары, электрондық оқулықтар және мультимедиалық программалар.Осы оқытуға арналған программалық құралдардың әртүрлі нұсқауларын әзірлеу Республикалық білім беруді ақпараттандыру ғылыми әдістемелік орталығының (РБАО) негізгі жұмысы болып табылады.

Электронды оқулықтың операциялық компоненті интерактивті формада берілген тапсырмаларды орындау арқылы іске асырылады.

Электронды оқулықтың нәтижелік бақылау компоненті тест алу жолымен жүргізіледі.

Оқушылар үшін электронды оқулық – мектепте оқыған жылдардың барлығында да өздері толықтырып отыра алатын және нәтижелік емтиханға дайындалуға көмектесетін мәліметтер базасы болып келеді. Электронды оқулықтармен жұмыс істеу әрбір оқушының өз мүмкіндігін есепке ала отырып, оқып үйрену ісін жеке дар жүргізуі болып саналады.

Мұғалім үшін электронды оқулық бұл күнбе-күн дамытылып отыратын ашықтүрдегі әдістемелік жүйе, оны әрбір оқытушы өз педагогикалық тәжірбиесіндегі материалдармен толықтыра отырып,ары қарай жетілдіре алады.

Қазіргі кезде білім процесінің әртүрлі тұлғалары арасында қашықтан мәлімет алмасу ісі мүмкін болып, олар бір-бірімен ашық түрде компьютерлер көмегімен өз пәндері айналасында пікірлесе алатын болды, мысалы, мұғалімдер- мұғалімдермен, мұғалімдер – ғалымдармен, мұғалімдер – оқушылармен, мұғалімдер – ата-аналармен, мұғалімдер – оқулық жазушыларымен, т.б.



Өзін тексеру сұрақтары

1. Желі тақырыптары нешінші сыныптарда оқытылады?

2. Интернет желісін оқытуда қандай тақырыптар басшылыққа алынады?

3. Қашықтан оқыту технологиясын түсіндіріңіз.

4. Электрондық оқулықтар оқытушы және оқушы үшін қандай пайдаларын асырады?

Ұсынылатын әдебиеттер

1. Софронова Н.В. «Теория и методика обучения информатике», Москва «Высшая школа», 2004 г.

2. Бочкин А.И. Методика преподавания информатики: Учеб.пособие.- Мн.: Выш.шк., 1998.

3. Халықова К.З. Информатиканы оқыту әдістемесі. Алматы, 2000 ж.


2. Машықтану сабақтары

1-2 машықтану сабағы. Тақырыбы: Бағдарламалар, жоспарлар, оқулықтар, оқу құралдары олардың құрылымдары және мазмұндары.

Жеке тапсырмалар:



1-тапсырма. Әртүрлі мектептер түрлеріне, олардың құрылымы және міндеттеріне арналған оқу жоспарларымен танысу, ондағы информатика пәнінің орнын анықтау. Міндетті және таңдамалы сабақтарға (егер ондай болса) арналған информатика пәні мұғалімінің бір апталық жұмыс жоспарының кестесін құру.

Әдебиеттер:

  1. Информатика 7-11 сынып. Мемлекеттік білім беру стандарты. Алматы 1998.

  2. Информатикадан орта мектеп бағдарламалары.

2-тапсырма. Орта білім беру мектебіне арналған информатика пәнінің бағдарламасын, оның құрылымы және мазмұнын талдау. Информатиканың басқа пәндермен пәнаралық байланыстарына мысал келтіру.

Әдебиеттер:

  1. Информатика 7-11 сынып. Мемлекеттік білім беру стандарты. Алматы 1998.

  2. Информатикадан орта мектеп бағдарламалары.

3-тапсырма. 7 сыныпқа арналған Информатика оқулығын, оқу құралдарын талдау, олардың құрылымдарын және осы оқулықтармен жұмыс істеу әдістерін сипаттау. Түрлі оқулықтарға арналған оқу бағдарламаларын салыстыра отырып талдау жасау.

Әдебиеттер:

  1. 7 сыныпқа арналған оқулықтар.

  2. 7 сыныпқа арналған оқу құралдары.

4-тапсырма. 8 сыныпқа арналған Информатика оқулығын, оқу құралдарын талдау, олардың құрылымдарын және осы оқулықтармен жұмыс істеу әдістерін сипаттау. Түрлі оқулықтарға арналған оқу бағдарламаларын салыстыра отырып талдау жасау.

Әдебиеттер:

  1. 8 сыныпқа арналған оқулықтар.

  2. 8 сыныпқа арналған оқу құралдары.

5-тапсырма. 9 сыныпқа арналған Информатика оқулығын, оқу құралдарын талдау, олардың құрылымдарын және осы оқулықтармен жұмыс істеу әдістерін сипаттау. Түрлі оқулықтарға арналған оқу бағдарламаларын салыстыра отырып талдау жасау.

Әдебиеттер:

  1. 9 сыныпқа арналған оқулықтар.

  2. 9 сыныпқа арналған оқу құралдары.

6-тапсырма. 10 сыныпқа арналған Информатика оқулығын, оқу құралдарын талдау, олардың құрылымдарын және осы оқулықтармен жұмыс істеу әдістерін сипаттау. Түрлі оқулықтарға арналған оқу бағдарламаларын салыстыра отырып талдау жасау.

Әдебиеттер:

  1. 10 сыныпқа арналған оқулықтар.

  2. 10 сыныпқа арналған оқу құралдары.

7-тапсырма. 11 сыныпқа арналған Информатика оқулығын, оқу құралдарын талдау, олардың құрылымдарын және осы оқулықтармен жұмыс істеу әдістерін сипаттау. Түрлі оқулықтарға арналған оқу бағдарламаларын салыстыра отырып талдау жасау.

Әдебиеттер:

  1. 11 сыныпқа арналған оқулықтар.

  2. 11 сыныпқа арналған оқу құралдары.

8-тапсырма. (Компьютерде іс-қағаздарды жүргізуге дайындау) курсының бағдарламасымен танысу. Курс бағдарламасының құрылымын, олармен жұмыс істеу әдістемесін анықтау. Әр түрлі курстар үшін бағдарламаларды салыстыра отырып талдау.

Әдебиеттер:

  1. Информатика 7-11 сынып. Мемлекеттік білім беру стандарты. Алматы 1998.

9-тапсырма. «Компьютерді қолданушылар» курсының бағдарламасымен танысу. Курс бағдарламасының құрылымын, олармен жұмыс істеу әдістемесін анықтау. Әр түрлі курстар үшін бағдарламаларды салыстыра отырып талдау.

Әдебиеттер:

  1. Информатика 7-11 сынып. Мемлекеттік білім беру стандарты. Алматы 1998.

10-тапсырма. «Информатика, Физика, Математика», «Алгоритм» журналдарының ерекшеліктерін ашу. Оның құрылымы бөлімдері, мәні және информатика мұғалімінің жұмысына әдістемелік көмегі.

1. «Информатика, Физика, Математика», «Алгоритм» журналдары


3-машықтану сабағы. Тақырыбы: Мектеп ЭЕМ кабинеті.

Жеке тапсырмалар: Мектеп информатика кабинетіне қойылатын талаптарды қарастыру.


4-5 машықтану сабақтары. Тақырыбы: Информатиканың программалық құралдары. Мектептік ДЭЕМ үшін негізгі программалау тілдерінде шолу.

Жеке тапсырмалар:



1 – тапсырма. Мектептік ДЭЕМ–нің кең тараған операциялық жүйелерін қарастыру. Оларға салыстырмалы мінездеме беру.

Әдебиеттер:

  1. Балапанов Е., Бөрібаев Б., Дәулетқұлов А.Б. Информатикадан 30 сабақ Алматы: Шарапат, 1998-384 бет.

  2. Кузнецов В. Как войти в информатику?//Инфо.1989.-№3

  3. Семакин И.Г., Основы информатики ивычислительной техники в базовой школе: Пособие для учителя.//Перм,1995.

  4. Под.ред. Симоновича С.В. Базовый курс для ВУЗов. Питер,2000 г.

2 – тапсырма. Мектептегі Бейсик программалау тілі. Тіл қасиеттеріне мінездеме беру.

Әдебиеттер:

  1. Дьяконов В.П. Применение персональных ЭВМ и программирование на языке Бейсик.-М.:Радио и связь,1989.

  2. Семакин И.Г., Основы информатики ивычислительной техники в базовой школе: Пособие для учителя.//Перм,1995.

  3. А. Кетков, Ю. Кетков. Практика программирования: Бейсик, Си, Паскаль. Самоучитель // Петербург,2002 г.

3 – тапсырма. Мектептегі ОАТ (УАЯ). Тіл қасиеттеріне мінездеме беру.

Әдебиеттер:

  1. Комплект учебных миров “Кумир”/С.Бурцев, А. Ефремов, Д. Ефремов, А. Зорич// Инфо.-1992.-№2.

  2. В.Г. Баула, Н.Д. Басюкова. Основы программирования и алгоритмические языки // Москва 1991 г.

4 – тапсырма. Мектептегі Лого. Тіл қасиеттеріне мінездеме беру.

Әдебиеттер:

  1. Юдина А.Г. Информатика на Лого для старшеклассников // Инфо.-1994-№6.

  2. Малышева М.А. Дети и Лого // Инфо.-1995.-№5.

  3. Станченко Н.С. Фигуристы, клумбы и чучело: образные ассоциации в Лого Мирах // Инфо.-1995.-№5.

5 – тапсырма. Мектептегі Паскаль. Тіл қасиеттеріне мінездеме беру. Турбо Паскаль ортасы қандай дидактикалық функциялар орындайды?

Әдебиеттер:

  1. Вальвачев А.Н, Крисевич В.С. Программирование на языке Паскаль для ПЭВМ.-Мм.: Выш.шк., 1989.

  2. Семакин И.Г., Основы информатики и вычислительной техники в базовой школе: Пособие для учителя. // Пермь, 1995

  3. В.В.Фаронов, Турбо Паскаль. Практика программирование. Учебное пособие // Изд. «Нолидж», 2000 г.

  4. М.Б.Макамбаев, Ж.А. Аитов. Паскаль тілінде программалау. Оқу құралы. Алматы, 1999 ж.

6-тапсырма. Мектептегі блок-схемалар. Әдістің жағымды және жағымсыз жақтарын қарау. Блок-схеманы құрудың мақсаты қандай?

Әдебиеттер:

  1. Паронжданов В.Д. Каким будет школьный алгоритмический язык ХХІ века? // Инфо.- 1994 №3.

  2. Семакин И.Г. Основы информатики и вычислительной техники в базовой школе: Пособие учиетля. // Пермь 1995

7-тапсырма. Текстерді өңдеу әдістері. Редакторларды салыстыру және оларға сұраныс шарттарын қарау.

Әдебиеттер:

  1. Каптелин В., Дроздова Т. Опыт обучения работе с текстовым редактором // Инфо.-1990.-№4.

  2. Балапанов Е., Бөрібаев Б., Дәулетқұлов А.Б. Информатикадан 30 сабақ Алматы: Шарапат, 1998-384 бет.

  3. А. Левин. Краткий самоучитель работы на компьютере.-М.: Изд. А.Левина, Москва 2001 г.

  4. Под.ред. Симоновича С.В. Базовый курс для ВУЗов. Питер,2000 г.

8-тапсырма. Мектепгі графиктік редакторлар. Оқытуда қолданылатын графиктік редактордың қасиеттерін айқындау.

Әдебиеттер:

  1. А.Г. Гейн, В.Г.Житомирский, Е.В.Ленецкий и др. Основы информатики и вычислительной техники: Пробник учебной для 10-11 кл. Общеобразовательных учереждений //М.: Просвешение, 1996.

  2. Незнансикий В.Е. Начнем работать на РС// М.: ЦНТУ «Строитель», 1990.

  3. Софронова Н.В., Богомолов А.В. Развитие воображение при изучений графический редакторов // ИНФО – 2000 г.

  4. Под.ред. Симоновича С.В. Базовый курс для ВУЗов. Питер,2000 г.

  5. Петоров М., Попов С. Corel Draw. Руководство пользователя с примерами и упражнениями. – М.: Лаб. Базовых занятий, 2000 г.

9-тапсырма. Мектептегі электрондық кестелер. Олардың бірнешеуіне салыстырмалы мінездеме беру. ЭК алғашында қандай бағытқа арналған? Оларды тағыда қалай қолдануға болады?

Әдебиеттер:

  1. Семакин И.Г. Шестакова Л.В. Базовый курс ОИВТ «Пермская версия». Табличные расчеты и электронные таблицы. // Инфо-1995 №3.

  2. Семакин И.Г. Основы информатики и вычислительной техники в базовой школе: Пособие для учителя. Пермь 1995.

  3. Софронова Н.В. Методические рекомендации по проведению занятии с использованием баз данных и электронных таблиц на уроках информатики. 1995 г.

  4. Софронова Н.В. Электронные таблицы на уроках математики // Математика в школе 1994 г.

10-тапсырма. Мектептегі мәліметтер қорын басқару жүйелері. Тиімді және тиімсіз жақтарын айқындау. Мектептегі МҚБЖ-ны қолдану мүмкіндіктерін көрсету.

Әдебиеттер:

  1. Семакин И.Г. Основы информатики и вычислительной техники в базовой школе: Пособие для учителя. Пермь 1995.

  2. Н.Д. Угринович, О.Ю.Козбенко., Преподавание курса «Основы информатики и вычислительной техники». Методические рекомендации// М.: МГИУУ, 1988 г.

  3. Шафрин Ю.А. Современные информационные технологии. Москва, «АСТ», 1998.

  4. Шафрин Ю.А. Практикум по информационным технологиям. Москва, «АСТ», 1999.

11- тапсырма. Оқу-үйрету программалары. Не себепті сұрақ-жауап түріндегі оқыту программалары информатиканы оқытуда жиі қолданылады?

Әдебиеттер:

  1. Семакин И.Г. Основы информатики и вычислительной техники в базовой школе: Пособие для учителя. Пермь 1995.

  2. Симонович С.В., Евсев Г.А. Специальная информатика: Учебное пособие – М.: АСТ, 1999.

  3. Могилев А.В., Пак Н.И., Хеннер Е.К. Информатика: Учебное пособие для студентов пед. Вузов Изд. Центр «Академия», 2000 г.


6 – машықтану сабағы. Тақырыбы: Сабақ және оның құрылымы.

Жеке тапсырмалар:

Таңдалынып алынған тақырып бойынша бір сабақтың жоспарын құру.

Сабақ жоспарын құрған кезде төмендегі элементтерді қамту керек:



  • Жаңа тақырыпты оқып білуге дайындық жаттығуларының жүйесі;

  • Жаңа материалдар, тарихи мәліметтерді немесе проблемалық жағдайларды қолдану арқылы түсіндіру;

  • Сабақтың кез келген сатысындағы ролдік оқу ойыны;

  • Үйге тапсырма және оған нұсқау беру;

  • Сабаққа дайындалғанда қолдануға болатын әдебиеттердің тізімін құрау.


Саба жоспарын құруға негізгі нұсқұаулар.

  1. Сабақ тақырыбы.

  2. Сабақтың мақсаты (білімдік, тәрбиелік, дамытушылық, практикалық).

  3. Сабақты өтеуде қолданылатын құрал жабдықтар (ОТҚ, көрнекті қүралдар, ПЖ, ПҚ, гипертекст, мультимедиа, оқу киносы).

  4. Сабақты жүргізу жоспары, сабақты жүргізуде қолданылатын формалар мен әдістердің қолдану реті және сабақтың әр кезеңіне қажетті уақыт мөлшері.

  5. Сабақты жүргізудің толық жазбасы, оның мазмұнында мыналар қамтылуы керек:

а) Үй жұмысын тексеру ісі қалай жүргізіледі (үй жұмысы оқушыларды жаңа тақырыпты оқып білуіне бағытталса, ал тексеру оқыту сипатында болғаны дұрыс);

б) Кімге қандай сұрақ қойылады;

в) Сыныппен қандай жалпылама жұмыс өткізіледі;

г) Жаңа материал қандай әдіспен жеткізіледі:

- қандай енгізу жасалады;

- оқытушының өзімен не мазмұндалады, оқушылар не орындау керек;

- оқушылармен қойылатын сұрақтар және оған берілетін жауаптар;

- қандай көрнекі оқу құралдары қолданылады, олар қашан және қалай көрсетіледі;

- қандай қорытындылар шығалылады, жұмыстың нәтижесінде оқушыларға не білу керек.

Д) Сабақтағы өткен материалды бекіту қалай өткізіледі, оқушылырдың жаңа материалдарды түсінуі қалай көрсетіледі және бұрын өткен материалмен байланысы;

Ж) Егер өздік жұмыс өткізілсе, онда оның мазмұны қандай, оны өткізуге кандай талаптар қойылады, тексеру қалай өткізіледі;

З) Үй жұмысы қандай және ол қашан берілді, оған қандай анықтамалар берілді;

Е) Сабақтың қорытындысын шығару (сабақта қандай жаңалықтар білді, сыныптың және бөлек оқушылар жұмысының мінездемесі).

6. Егер курс машанасыз болса, онда конспектіге “тақта түрі” қосылады, яғни дәптерге тақтадағы барлық жазулардың мазмұны мен тұрған жері, қашан және қалай жазылу керек деген нұсқаумен сабақты өткізеді.

7. Егер курс машиналық болса, онда тақтада не берілетінін және дисплей экранда не қарастырылатынын көрсету.
7 – машықтану сабағы. Тақырыбы: Оқудың салт-дәстүрлі әдістері. Информатикадағы теория мен практика, кері байланыс және басқару.

Жеке тапсырманың тақырыбы бойынша сөз сөйлеуді дайындау және бір тақырыпты оқып білу мысалында сабақ үзіндісін демонстрациялап өту.

Жеке тапсырмалар:

1-тапсырма. Иллюстрация және демонстрация. Олардың ЭЕМ экранында қандай айырмашылықтары бар?

2-тапсырма. Бір тақырыпты оқып білу мысалында «сөз», «бақылау», «іс» түсініктерінің мазмұнын ашыңдар.

3-тапсырма. Теория мен практика. Мектептік информатикада бұл түсініктерідң ұқсастығы немен көрсетіледі.

4-тапсырма. Анализ және синтез. Анализ және синтез ойлану операцияларына мысалдар келтіру.

5-тапсырма. Индукция. ЭЕМ-де жұмыс істегенде толық емес индукция бойынша ойлау мысалын келтіру. Бірнеше мысалдар көмегімен қандайда бір түсінікті сипаттаңдар. Оларға қойылған талаптарды қисынға келтіру.

6-тапсырма. Информатика сабақтарындағы аналогия. Жаңа программалық әдісті меңгеру аналогиясының іс-әрекеті бойынша және пікір айтуға өзіндік мысал келтіру.

7-тапсырма. Дедукция. Алгоритмде қатені іздеу кезінде дедуктивтік ой қорытындысын ашуға тырысыңыз.

8-тапсырма. Абстракция және дәлелдеу. Үш туристік жүкті бөлу туралы қолданбалы есепті информатика термині бойынша қисынға келтіру.

9-тапсырма. Мына критерилер бойынша информатикада бақылау әдістерін салыстырыңдыр: алгоритмде немесе нұсқауда қатені түзету нәтижелігі; оқушыға пайдасы; педагогты ескішілдік жұмыстан босату.



Әдебиет:

  1. Методика преподования информатики./М.П. Лапчик-Свердловск: СГПИ, 1987.

  2. Программно-методический комплекс по курсу школьной информатики /А.Г. Гейне, Е.В. Линецкий, М .А. Сапир, М.Ф. Шолохович//Инфо.-1988.№.

  3. Ершов А.П. Компьютеризация школы и математическое образование. Основные направления работ по программе «Информатизация образования»//Инфо, №5,6 1992г.

  4. Теоретические основы процесса обучения в советской школе./Под редакцией В.В. Краевского, И.Я. Лернера. М.: Педагогика, 1989.

  5. Процесс обучения и его закономерности. М.: Просвещение, 1980.

  6. Кузнецов А.А. О разработке стандарта школьного образования по информатике// ИнфО, №1, 1994 г.

  7. Педагогика./ Ю.К. Бабанский, В.А. Сластенин, Н.А. Сорокин; Под редакцией Ю.К. Бабанского-М.: Просвещение, 1988.

  8. Бочкин А.И. Методика преподавания информатики – Минск ВШ 1998 г.

  9. Варламова С.А. Методические приемы в преподавании информатики. Инфо №3, 2000 г.

  10. Халықова К.З. Информатиканы оқыту әдістемесі – Алматы: «Білім», 2000 г.

  11. Кузнецов А.А. Основные компоненты содержания информатики в общеобразовательных учереждениях// ИнфО, №4, 1995г.


8-9 машықтану сабақтары. Тақырыбы: Сабақтағы білімді тексеру формалары мен әдістері.

Зертханалық жұмысқа дайындалғанда, таңдап алынған жеке тапсырма бойынша сөз сөйлеуді өңдеу.

Жеке тапсырмалар:


  1. Информатика бойынша өздік жұмыстарды өткізу әдістемесі, олардың түрлері және ерекшеліктері.

  2. Өздік жұмыстардың тапсырмаларын құру кезіндегі дифференция.

  3. Информатика сабақтарында тестерді қолдану.

  4. Бақылау жұмысы, информатика сабақтарында бақылау жұмыстарын өткізу ерекшеліктері.

Әдебиет:

  1. Программно-методический комплекс по курсу школьной информатики/ А.Г.Гейне, Е.В.Линецкий, М.А.Сапир, М.Ф.Шолохович// Инфо.- 1988. №3.

  2. Теоретические основы процеса обучения в советской школе./ Под редакцией В.В.Краевского, И.Я.Лернера. М.: Педагогика, 1989.

  3. Процесс обучения и его закономерности. М.: Просвещение, 1980.

  4. Курсы информатики: состояние, методика и перспективы. /Каймин В.// Инфо.-1990. №6.

  5. Каймин В.А. Научные основы и методика преподавания информатика. Псков 1992 г.

  6. О новом учебника информатики. /Лебедев Г.// Инфо.-1990. №5.

  7. Курс ОИВТ –каким мы его видим. /Сапир М.// Инфо.-1990. №5.

  8. В.С.Леднев, А.А.Кузнецов. Состояние и перспективы курса информатики в общеобразовательной школе. Инфо. №3-1998 г.

  9. Матушанский Г.У. Проектирование педагогических тестов для контроля знаний// Информатика и образование. №6, 200 г.

  10. Е.Ы.Бидайбеков, Ж.К.Нурбекова, А.Е.Сағымбаева Информатика пәнінен оқушылардың білімін бақылау және бағалау әдістемесі. Әдістемелік құрал. Алматы, 2003 жыл.


10-11 машықтану сабақтары. Тақырыбы: Алгоритмдік ойлаудың түрленуі.

Машықтану сабағына дайындалғанда, таңдап алынған жеке тапсырма бойынша сөз сөйлеуді өңдеу.

Жеке тапсырмалар:

1-тапсырма. Неге мектепке информатиканың негізгі мақсатының бірі оқушылардың алгоритмді ойлау түрленуі болып табылады? Алгоритмнің орындаушының түсінігін беру және алгоритм қасиеттерін атап шығару.

2-тапсырма. Алгоритмдік ойлау түсінігі нені білдіреді? Алгоритм түрлерін және олардың ұсыну формаларын сипаттау.

3-тапсырма. Алгоритмдік орындаушы түсінігі нені білдіреді? Мектептік информатикада қолданылатын орындаушыларды сипаттау.

4-тапсырма. Қадам бойынша детальдау әдісімен алгоритмдерді құрастыру.

5-тапсырма. Компьютерде есептер шығару этаптары.



Әдебиет:

  1. Основы мнформатики в вычислительной техники: пробный учебник для 10-11 кл. общеобразовательных учереждений./ А.Г.Гейн, В.Г.Житомирский, Е.В.Линецкий и др.-М.: Просвещение, 1996.

  2. Основы информатики и вычислительной техники в общеобразовательной школе: Пособие для учителя. /Под редакцией И.Г.Семакина. Пермь, 1995

  3. Лапчик М.П. Вычисления. Алгоритмизация. Программирование: Пособие для учителя.-М.: Просвещение, 1998

  4. Базук Г.Д. Логика и компьютер.-М.: Фонд «Новое тысячилетие», 1995

  5. Тихомирова Л.Ф., Басов А.В. Развитие логического мышления детей.- Ярославль: ТОО «Гринго», 1995


12-машықтану сабағы. Тақырыбы: Ашық программалардың әдісі

Тапсырма: Ашық программалаудың әдісін қарастыру.Әдістің негізгі идеясы неде, ол неге арналған? Ашық программаны құрастыру. Машықтану сабағын қорғау.

Әдебиет:

1.Машинные методы математических вычислений./Форсайт Дж.,

Малькольм М., Моулер К.//М.:Мир, 1980

2.Программно – методический комплекс по курсу школьной информатики/А.Г. Г ейне, Е.В. М.Ф. Линецкий, М.А. Сапир, Шолохович//Инфо.-1988. №3.

3.Основы машинной математики./Матюшков Л.П., Лихтарович А.А.//Мн.:Нар.

Асвета,1988

4.Процесс обучения и его закономерности. М.: Просвещение,1980.

5.Решение задач на алгоритмическом языке. /Переверзева Н.А., Ревчук И.Н.//Мн.:

Нар.Асвета,1990

6.Угринович Н.Д., Кобззенко О.Ю. Преподавание курса «Основы информатики и

Вычислительной техники». Методические рекомендации М.: МГИУУ,1988

7.Семакин И.Г., Основы информатики и вычислительной техники в базовой школе

Пособие для учителя.//Пермь,1995

8. Симинович С.В., Евсеев Г.А. Специальная информатика. Учебное пособие-

М.:АСТ,1999

9.Могилев А.В.: Пак Н.И.: Хеннер Е.К. Ирформатика: Учебное пособие для

Студентов пед.вузов Изд. Центр «Академия» ,2000
13 – машықтану сабағы. Тақырыбы: Оқытудың ұйымдастырылған формаларының жүйесі.

Машықтану сабағына дайындалғанда, таңдап алынған жеке тапсырма бойынша сөз сөйлеуді өңдеу.

Жеке тапсырмалар:

1 – тапсырма. Неге оқытудың баоысында қостық жұмыс жиі қолданылады? Қостық жұмысты қолданатын ОҰФ-ке мысал келтіру. ЭЕМ –де қостық жұмыста оқушылардың ролін қалай өзгертуге болады?

2 – тапсырма. Қандай себептен ЭЕМ-де жалғыз жұмыс істеп отырған оқушы, мұғалімнен көмек сұрамауы мүмкін? Жеке тапсырмаларды қолданатын ОҰФ-ке мысал келтіру.

3 – тапсырма. Топтық құрамында жұмыс істеп әрбір оқушының активтілігін қалай қамтамасыз ету керек? Топтық жұмыста қолданатын ОҰФ-ке мысал келтіру.

4 - тапсырма. Оқытуды басқару үшін педагогқа компьютер не береді? Қостық, топтық және жеке жұмысты қолданатын ОҰФ-ке мысал келтіру.

Әдебиеттер:



  1. Семакин И.Г., Основы информатики и вычислительной техники в базовой школе: Пособие для учителя.// Пермь,1995.

  2. А.Г. Гейне, Е.В Линецкий, М.А Сапир, М.Ф Шолохович., Программно – методически комплекс покурсу школьной информатики. //Инфо.-1998. №3.

  3. Н. Д Угринович, О.Ю Кобзенко., преподавание курса « основы информатики и вычислительной техники». Методические рекомендации//М.:МГИУУ, 1998.

  4. Лернер И.Я. Процесс обучения и его закономерности. М.: Просвещение, 1980.

  5. Каймин В. Курс информатики: состояние, методика и перспективы.// Инфо-1990.№6.

  6. Семакин И.Г., Основы информатики и вычислительной техники в базовой школе: Пособие для учителя.// Пермь,1995.

  7. Симонович С.В,Евсеев Г.А. Специальная информатика: Учебное пособие – М.:АСТ, 1999 г.

  8. Могилев А.В, Пак Н.И, Хеннер Е.К. Информатика: Учебное пособие для студентов пед. Вузов. Изд. Центр «Акадамия», 2000 г.


14-15 – машықтану сабақтары. Тақырыбы: Мектепте информатика бойынша сабақтан тыс жұмыс.

Жеке тапсырмалар бойынша бір – бірден сөз сөйлеуді дайындау және сабақтан тыс шараларға шараларға зерттеу жасау. Зерттелген сабақтан тыс шаралардан үзінді көрсету.

Жеке тапсырмалар:

1– тапсырма. Информатика бойынша үйірме. 5-6 сыныптар үшін оқудың тематикасын өңдеу, үйірменің бір сабағын көрсету.

2 – тапсырма. Газат. 5-6 сыныптары үшін газет салу.

3 – тапсырма. КВН, информитика бойынша сайыстар мен жарыстар. КВН сценарийіне өңдеу жасау, тапсырмаларды таңдап алу және КВН үзіндісін көрсету.

4 – тапсырма. Мектептегі информатика апталығы. 5-6 сыныптары үшін апталықты өткізудің ашық жоспарын құру, апталықтан бір шара өңдеу және оны өткізу.

Әдебиет:


  1. Первин Ю.А Информационная культура. Компьютерная смекалка. Учебное пособие.- М.: Дрофа, 1995,1997.

  2. Пейперт С. Переворот в сознании: Дети, компьютеры и плодотвопные идеи. – М. Педагогика,1991.

  3. Косневи Ч. Занимательная математика и персональный компьютер –М.: Мир, 1989

  4. Мартузан Б.Я. Подружись со мной компьютер! – М.:Просвещение, 1991

  5. Бирюков Б.В., Гутчин И.Б. Машина и творчество. – М.: Радио и связь, 1982.

  6. А.А.Кузнецов. О разработке стандарта школьного образования по информатике. Инфо №1, 1994 г.

  7. В.а Каймин и др. Информатика. Учебное пособие. Москва.. Изд. «Бридж» - 1995

  8. В.С Леднев, А.А Кузнецов. Состояние и перспективы курса информатики в общеобразовательной школе. ИнфО, №3 – 1998

  9. К.З Халықова, Г.А Абдулкаримова. Жоғарғы оқу орындағы педагогикалық практика. Әдістемелік құрал, Алматы.1999 ж.

  10. Семакин И.Г., Основы информатики и вычислительной техники в базовой школе: Пособие для учителя.// Пермь,1995.


3.Студенттердің өздік жұмыстар жоспары

3.1 Студенттің оқытушы басқаруымен орындайтын өздік жұмыстарының құрылымы

СОӨЖ №1. Тақырыбы: Информатика пәнінен оқу жылының 3-ші тоқсанға арналған оқу – тәрбие жұмысының календарлық жоспарын таблица бойынша құру:


Сабақ тақырыбы

Сағат саны

Қайталауға арналған материал

Көрнекі оқу құралдары

Үй тапсырмасы

Сабақта бақылау түрі

Сыныптан тыс жұмыс





















Жеке тапсырмалар.

Оқулық бойынша оқу – тәрбие жұмысының планын құру.


  1. Информатика 7.

  2. Информатика 8.

  3. Информатика 9.

  4. Информатика 10.

  5. Информатика 11.

СОӨЖ №2. Тақырыбы: Мектептік ДЭЕМ үшін негізгі тілдердің көрінісі.

Жеке тапсырмалар.

Программалау тілдерінің бірімен стандарттық есептердің шешімі. Ол үшін:


  • Таңдаған информатика оқулығының аты және авторы.

  • Қаралатын есептің тақырыбы.

  • Таңдалған есепті тұжырымдау.

  • Алгоритм (сөздік және блок-схема түрінде).

  • Осы сыныпта оқылатын программалау тілдерінің бірімен шешілетін шешім.

СОӨЖ №3. Тақырыбы: Информатиканы оқыту процессіндегі оқу рөлдік ойындарының орны және рөлі.

Жеке тапсырмалар.

Қаралады:


  1. Ойынның дидактикалық мақсаты неде?

  2. Информатика сабағында ойын қандай мүмкіндіктерді дамытады?

  3. Оқу рөлдік ойындар кезінде оқушының әрекеті қандай?

  4. Рөлдік ойындар кезінде оқушыда қандай этаптар жүреді?

  5. Ойын ұйымындағы методикалық сұрақтар.

  6. Белсенді оқыту әдістемесі және оның классификациясы;

Информатиканы оқыту процессінде ойындар көмегімен сабақтың фрагмендін өңдеу, мысалдары, методика және оқу рөлдік ойындарының ұйымының мысалдары болады.

Әдебиеттер:

  1. Лапчик М.П. Методика преподавания информатики. /Свердловск:СГПИ,1987.

  2. Семакин И.Г. Основы информатики и вычислительной техники в базовой школе.: Пособие для учителя./Пермь,1995.

  3. Машбиц Е.И. Психололго-педагогические проблемы компьютеризации обучения. /М.: Педагогика, 1998.

  4. Пейперт С. Переворот в сознании: Дети, компьютеры и плодотворные идеи. /М.: Педагогика; 1989.

  5. А.А.Кузнецов. О разработке стандарта школьного образования по информатике. Инфо №1, 1994.

  6. В.А.Каймин и др. Информатика. Учебное пособие. Москва. Изд. ”Бридж”-1995.

  7. В.С.Леднев, А.А.кузнецов. Состояние и перспективы курса информатики в общеобразовательной школе. Инфо №3-1998.

  8. К.З.Халықова, Г.А.Абдулкаримова. Жоғарғы оқу орнындағы педагогикалық практика. Әдістемелік құрал, Алматы.1999.

  9. Семакин И.Г. Основы информатики и вычислительной техники в базовой школе.: Пособие для учителя./Пермь,1995.

СОӨЖ №4. Тақырыбы: Информатика сабағында конспектінің құрылуы.

Жеке тапсырмалар.

Кез келген оқулық бойынша сабақтың конспектісін құру. “Сызықты алгоритм” тақырыбы. Конспект құру үшін келесі сабақтың элементтері болу қажет:


  • Жаңа тақырыпты оқудағы дайындвқ жаттығулар жүйесі;

  • Тарихи деректер немесе проблемалық оқиғаларды пайдалана отырып жаңа тақырыпты түсіндіру;

  • Әртүрлі типтегі өткізілген өздік жұмыстың материалдарының бастапқы бекітілуі;

  • Сабақтың әр этаптағы оқу рөлдік ойындары;

  • Үй тапсырмасы және оны нұсқау;

  • Сабаққа дайындалуға қолданылатын әдебиеттер тізімін құру.

Сабақ конспектісін құрудағы негізгі ережелер:

  1. Сабақ тақырыбы;

  2. Сабақтың мақсаты (білім беру, тәрбиелеу, практикалық).

  3. Сабақты жабдықтау (ОҚТ, көрнекті құралдар, ПҚ, ПО, гипертексттер, мультимедия, кино оқулығы);

  4. Өткізілген сабақтың жоспары, сабақтың әрбір этаптағы жұмыс формасы және қабылдауы.

  5. Сабақтың негізгі барысы:

А) Үй тапсырмасын тексеруді қалай жүзеге асыру керек;

B) Қандай сұрақтар бойынша кімнен сұралады;

С) Сыныпқа қандай фронтальды жұмыс өткізіледі;

D) Жаңа материал қалай беріледі:

- қандай кіріспе болады;

- мұғалім қалай баяндайды, оқушы не істеу керек.



СОӨЖ №5. Тақырып: Информатика сабағында көрнекті құралдарды(плакаттар, кино оқулығы және теледидар, мультимедия) қолдану.

Жеке тапсырмалар әдебиеттерді таныстыру және тапсырмаларға қысқаша баяндама жасайды.

1-тапсырма. Информатика сабағында көрнекілікті қолдану. Плакаттардың ерекшеліктері. Информатика сабағында плакатты қолдану және негізгі фрагментін көрсету.

2-тапсырма. Информатика сабағында көрнекілікті қолдану. Транспаранттардың ерекшеліктері. Информатика сабағында транспарантты қолдану және негізгі фрагментін көрсету.

3-тапсырма. Информатика сабағында көрнекілікті қолдану.Инструкция және оның түрлері. Информатика сабағында инструкцияны қолдану және негізгі фрагментін көрсету.

4-тапсырма. Информатика сабағында көрнекілікті қолдану. Кино оқулығы және теледидар. Кино оқулығы арқылы сабақтың фрагментін өңдеу.

6-тапсырма. Информатика сабағында көрнекілікті қолдану. Гипертақырыптар. Гипертақырып арқылы мысалдың жұмысын демонстрациялап өту (10-11 сыныптар үшін).

7-тапсырма. Информатика сабағында көрнекілікті қолдану. Мультимедия. 10-11 сынып оқушыларын информатика сабағына дайындау.



Әдебиеттер:

  1. Информационная культура эпохи НТР.// Информатика и культура.- Новосибирск: Наука, 1990.

  2. Мои ученики работают на компьютерах./ Хантер Б.М.: Просвещение, 1989.

  3. Активные гипертекстовые среды на уроках информатики. // Кушнеренко А.Г.,Инфо.-1995.-№1

  4. Лекционная «мультимедия» аудитория. /В.Г.Казаков, А.А.Дорожкин, А.М.Задорожный, Б.А.Князев// Инфо.-1995.-№4.

  5. Методические рекомендации по оборудованию и использованию кабинетов информатики иВТ в общеобразовательных учреждениях. / И.В.Роберт, И.В.Рязанский, В.Л.Львовский и др.// Инфо. -1995.-№4.

  6. А.А.Кузнецов. О разработке стандарта школьного образования по информатике. Инфо.№1, 1994.

  7. В.А.Каймин и др.Информатика. Учебное пособие. Москва. Изд.”Бридж”-1995.

  8. В.С.Леднев, А.А.Кузнецов. Состояние и перспективы курса информатики в общеобразовательной школе. Инфо.№3-1998.

  9. К.З.Халықова, Г.А.Абдулкаримова. Жоғарғы оқу орнындағы педагогикалық практика. Әдістемелік құрал,Алматы.1999.

  10. Семакин И.Г.,Основы информатики и вычислительной техники в базовой школе: Пособие для учителя.// Перьм, 1995.


СОӨЖ №6. Тақырыбы: Сабақта білім текскру түрлері мен әдістері.

Сабақтың фрагменттерін өзіндік тапсырмалапмен дайындау. Тапсырманы орындай отырып көрсету керек:



  • Информатикадан таңдап алынған кітаптың аты мен авторы.

  • Дайындалып жатқан тапсырмалардың тақырыптары.

Жеке тапсырмалар.

1 – тапсырма. Оқытушы сипатында өзіндік жұмысты құру.

2 – тапсырма. Жаттықтыру сипаытнда өзіндік жұмысты құру.

3 – тапсырма. Таңдаулы жауап түрінде өзіндік жұмысты құру.

4 – тапсырма. Творчествалық өзіндік жұмыс құру.

5 – тапсырма. Тест құру.

6 – тапсырма. Диктант құру.

7 – тапсырма. Бақылау жұмысын құру.

Әдебиеттер:


  1. А.Г. Гейне, Е.В Линецкий, М.А Сапир, М.Ф Шолохович., Программно – методически комплекс покурсу школьной информатики. //Инфо.-1998. №3.

  2. Лернер И.Я. Процесс обучения и его закономерности. М.: Просвещение, 1980.

  3. Каймин В. Курс информатики: состояние, методика и перспективы.// Инфо-1990.№6.

  4. О новом учебнике информатике. / Лебедев Г.//Инфо – 1990 №5.

  5. Курс ОИВТ-каким мы его видим./Сапир М.//Инфо -1990.№5

  6. Теоретические основы поцесса обучения в советской школе./Под редакцией В.В Краевского, И.Я Лернера. М.:Педагогика, 1989.

  7. Е.Ы Бидайбеков, Ж.К Нурбекова, А.Е Сағымбаева. Информатика пәнінен оқушылардың білімін бақылау және бағалау әдістемесі.Әдістемелік құрал. Алматы, 2003 жыл.

4.2 Студенттердің өздік жұмыстарының құрылымы:


СӨЖ №1. Компьютерлік білім


С ұрақтар:

  1. Компьютерлік сауаттылық, білімділік, мәдениет.

  2. Информатика курсы мақсаттарының негізгі бағыттары.

  3. Компьютермен жұмыс істеу деңгейлері.

СӨЖ №2. Информатикаға оқытудың техникалық жабдықтары

Сұрақтар:

  1. Информатика кабинетінің қызметі мен жабдықтары.

  2. Компьютерге қойылатын дидактикалық талаптар.

СӨЖ №3 Оқытуды ұйымдастыру формаларының жүйесі

Сұрақтар:



  1. информатикаға оқытудың және сабақ берудің әдістері.

  2. Информатикаға оқытудың формалары мен әдістері.

  3. оқытудың нақты ұйымдастыру формалары. Информатикадағы теория мен практика.

СӨЖ №4. ҚПЖ дайындау әдісі.

Сұрақтар:

  1. Программалық құралдар түсінігі

  2. ҚПЖ түрлері.

  3. ҚПЖ дайындау кезеңдері.

СӨЖ №5 Информатиканың программалық жабдықтары

Сұрақтар:

  1. ЕТ кабинетінің программалық қамтамасыз етілуі.

  2. Мектеп ДЭЕМ операциялық жүйелері.

  3. Программалау тілдері.

СӨЖ №6 Басқа пәндерді оқуда ЭЕМ қолдану

Сұрақтар:

  1. оқыту формалары мен әдістерін дамытудағы компьютер рөлі.

  2. Басқа пән курстарына компьютердің ықпалы.

СӨЖ №7 Курсты оқудағы ақпарраттық құралдар

Сұрақтар:

  1. басқа ақпарат көздерге қарағанда оқулықтың ерекшелігі.

  2. Нұсқау типтері (иíñòðóêöèè).


СӨЖ 8 Сабақтарды жоспарлау.

Сұрақтар:

  1. Информатика курсы бойынша күнтізбелік жоспарлар жасау

  2. Сабақ жоспарынан күнтізбелік жоспардың ерекшелігі.

СӨЖ №9 Сабақтарды ұйымдастыруға және өткізуге дайындық.

Сұрақтар:

  1. Сабақ жоспарларын құру..

  2. Өзіндік жұмыс үшін тапсырмалар дайындау.

  3. Информатика саьбақтарындағы бақылау жұмыстары.


СӨЖ №10 ЕТ кабинетінде өткен сабақты талқылау.

Сұрақтар:

  1. Оқытушы және оқушы қызметтеріне назар аудару.

  2. информатика бойынша сабақты талдау сызбасы.


СӨЖ №11 Информатикаға кіріспе

Сұрақтар:

  1. Информатика бойынша кіріспе сабақтарын ұйымдастыру.

  2. кіріспенің рольі мен мақсаты.

  3. Ақпараттық үрдістер, есептер, орындаушылар.

  4. ЭЕМ құрылысы.

СӨЖ №12 Программалық жабдықтарды меңгеру әдістемесі.

Сұрақтар:

  1. Дайын программалық жабдықтар

  2. графикалық және мәтіндік редакторлар

  3. электрондық кесте

  4. МҚБЖ-көпмақсатты орта.

СӨЖ №13 Алгоритмдеуге және программалау негіздерін меңгеру әдістемесі

Сұрақтар:

  1. Тақыыптың информатика курсындағы орны.

  2. Алгоритм түрлері.

  3. Кестелік шамалар.

  4. Қосымша алгоритмдер


СӨЖ №14 Программалау тілдерін оқыту әдістемесі

Сұрақтар:

  1. тақырыптың дидактикалық құрылымы.

  2. Диалогтық және сызықтық алгоритмдерді программалау.

  3. Шартты алгоритмдерді программалау.

  4. құрама командалар.

  5. графикалық ақпараттарды өңдеу.

  6. Рекурсия.


СӨЖ №15 Оқу модельдеуі және компьютерлендіру

Сұрақтар:

  1. Модельдер, олардың классификациялары..

  2. Мектеп информатьикасындағы модельдеу бағыттары.

  3. модельдеу үшін тәсілдер және әдістер.



5. Межелік бақылау сұрақтары

1 межелік бақылау



  1. ИОӘ мен математиканы және физиканы оқыту әдістемесінің байланыстары қандай?

  2. Педагогикалық пән ретінде ИОӘ-нің жаңашылдығы қандай?

  3. Оқу процесін компьютерлендіру барысында оқушылар белсенділігінің арту себебі неде?

  4. Білім тұрақтылығы мен оның жүйелігі арасындағы байланыс қандай?

  5. Талантты оқушыны басқа оқушылардан қалайша ажыратамыз?

  6. ЭЕМ ге байланысты таным бағыттарының мүмкіндіктері қандай?

  7. Информатика курсының мазмұнын қандай негіздерге сүйеніп жіктеуге болады?

  8. Материалдың пән аралық байланыстарына қатысты қандай әдіс дидактикалық жағынан тиімді?

  9. ЭЕМ де тиімді жұмыс жасау үшін қолданушыға ойланудың қандай түрі тиімді?

  10. ЕТ мен ПЖ-дың стандарты емес жағдайында информатиканы қалай оқыту керек?

  11. Информатиканы оқып үйренушілердің жас мөлшерін төмендетуге не кедергі келтіреді?

  12. Регионалдық және дүние жүзілік байланысқа шығу оқуға не береді?

  13. Тармақталу командасын түсіндірудің қиындылығы неде?

  14. Цикл құру кезінде кездесетін қиыншылықтарды ата.

  15. Функцияның қосымша әсері қандай?

  16. Оқу мақсатында маңызды орын алатын программалау тілінің функцияларын атап шық.

  17. Тілді меңгеру деңгейін және оның белгілерін атап шық.

  18. Турбо типті ортаны меңгеру оқушыларға несімен тиімді?

2 межелік бақылау



  1. ЕТ кабинетін мектепте қолдану мүмкіндіктерін көрсет?

  2. ЛЖ арқылы басқарудың әртүрлі режимдерін салыстыр.

  3. Мектептік ДЭЕМ-ң базалық программалық жабдығы деп нені түсінеміз?

  4. Егер ЕТ-да кейбіп ПЖ жоқ болса не істеу керек?

  5. ОАТ-мен басқа программалау тілдерін салыстырыңыз.

  6. Басқа ақпараттар көзімен салыстырғанда информатика оқулығының ерекшелігі қандай?

  7. Бүгінгі күні компьютерлердің оқу киносынан артықшылығы және кемшілігі неде?

  8. ДЭЕМ дегі шығармашылық тәжірибені берудің қиындығы неде?

  9. Сөздік-жалпылық әдістің түрін көрсет.

  10. Информатика сабағында қандай ойын түрін қолдануға болады?

  11. ДЭЕМ-де жұптасып жұмыс істеуде оқушылар ролін қалай өзгертеміз?

  12. Компьютер оқытушыға оқу процесін басқаруда қандай көмек жасайды?

  13. Жаңа бастаған қолданушы жұмысты қандай программадан бастайды?

  14. Дайын программамен жұмыс істеу барысында ОАТ-ң ролі қандай?

  15. Мәтіндік процессормен жұмыс істеуге қалай қызықтыруға болады?

  16. Қолданушыға кестелік процессормен жұмыс істеуге байланысты қандай біліктілік керек?

  17. Болашақ қолданушыға алгоритмдік тілдің қажеттілігінің негіздерін көрсет.

  18. ДЭЕМ-мен танысуда неге процессордан бастамайды?


6. Пән бойынша емтихан сұрақтары

  1. Информатика ғылым және орта мектептегі оқу пәні ретінде.

  2. Орта мектептегі информатика курсының мазмұны.

  3. Мектептің оқу жоспарындағы информатика курсының алатын орны.

  4. Информатика пәнін қосымша оқытудың түрлері.

  5. Информатиканы оқыту әдістері мен құралдары.

  6. Информатика және дәстүрлі оқыту әдістері.

  7. информатикадағы теория мен практика.

  8. Кері байланысты жүзеге асыру тәсілдері. Бақылау.

  9. Информатика курсындағы кіріспе сабақтарды оқыту әдістері.

  10. Программалық қамтамасыз етуді меңгеру әдістемесі.

  11. Графикалық редакторды оқыту әдістемесі.

  12. Текстік редактор мен текстік процессорларды оқыту әдістемесі.

  13. Электрондық кестелерді оқыту әдістемесі.

  14. Мәліметтер қорын басқару жүйесін оқыту әдістемесі.

  15. Сызықты алгоритмдерді оқыту әдістемесі.

  16. Тармақты алгоритмдерді оқыту әдістемесі.

  17. Қайталанатын алгоритмдерді оқыту әдістемесі.

  18. Программалау тілін оқыту әдістемесі.

  19. Компьютерлік телекоммуникациялар тақырыбын оқыту әдістемесі.

  20. Информатиканы оқыту әдістемесінің информатика, педагогика және психология ғылымдарымен және басқа пәндермен байланысы.



Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет