5 Машықтану сабағы. Сандар массивімен жұмыс.
Мақсаты:
Массивтер ұғымымен таныстыру. Массив түрлері, оларды есептерде қолдану. Бірөлшемді массивтерді қолдану.
Тапсырмалар:
-
Бір өлшемді 30 элементтен тұратын массивтің оң элементтерінің санын анықтау
-
Бір өлшемді 30 элементтен тұратын массивтің теріс элементтерінің санын анықтау
-
Екі өлшемді 30 элементтен тұратын массивтің оң элементтерінің санын анықтау
-
Екі өлшемді 30 элементтен тұратын массивтің теріс элементтерінің санын анықтау
-
Бір өлшемді 15 элементтен тұратын массивтің 1-ші жолының оң элементтерінің қосындысын анықтау
-
Екі өлшемді 20 элементтен тұратын массивтің 1-ші бағанының оң элементтерінің қосындысын анықтау
-
Бір өлшемді 15 элементтен тұратын массивтің n-ші жолының элементтерінің көбейтіндісін анықтау
-
Екі өлшемді 15 элементтен тұратын массивтің n-ші бағанының элементтерінің қосындысын анықтау анықтау
-
Екі өлшемді 20 элементтен тұратын массивтің n-ші жолының элементтерін нөлге айналдыру
-
Екі өлшемді кездейсоқ элементтерден тұратын массивтің n-ші бағанының элементтерін бірге айналдыру
№6 Машықтану сабағы. Екі өлшемді массивтер, оларды сипаттау, қолдану.
Мақсаты:
Екі өлшемді массивтер ұғымын тереңдету. Оларды программалауда қолдану әдістерін меңгеру.
Тапсырмалар:
-
2 массив берілген. Элементтерінің қосындысын бөлек-бөлек есептеп алып, үлкенін анықтау керек.
-
Матрицаның бір жолында орналасқан элементтерін өсуі бойынша реттеу.
-
Матрицаның i –ші жолы мен j-ші бағанының орындарын ауыстыру.
-
Матрицаның i –ші жолында орналасқан элементтерді кемуі бойынша реттеу.
-
Матрицаның және вектордың минималды және максималды элементтерін табу.
-
30 жол 30 бағаннан тұратын матрица берілген. Нөмірі берілген баған мен матрицаның соңғы бағанының орындарын ауыстыру.
-
Матрица берілген оның транспонирленген матрицасын құру.
-
Матрицаның нөлден өзгеше және нөлге тең элементтерінің санын анықтау
№7 Машықтану сабағы. Жолдарды өңдеу.
Мақсаты:
Жолдарды өңдеу функцияларымен танысу. Деректердің жолдық типі. Ішкі жолдар.
Тапсырмалар:
-
Символдар тізбегі берілген. 2-ші символдың позициясын анықтау.
-
Символдар тізбегі берілген. 2-ші символды алдыға қарай 1 позицияға жылжыту.
№8 Машықтану сабағы. Деректердің жиын типтерімен жұмыс.
Мақсаты:
Жиындар ұғымын қалыптастыру. Жиындарды қолданып есеп шығару. Жиындарға қолданылатын амалдар.
-
Тақ сандар жиыны берілген. 7-ге еселі сандардан жаңа тізбек құру.
-
Тақ сандар жиыны берілген. 5-ке еселі сандары нешеу екенін анықтау.
-
n саннан тұратын жиын берілген. 6-ға еселі сандары нешеу екенін анықтау.
№9 Машықтану сабағы. Деректердің аралас типтерімен жұмыс
Мақсаты:
Аралас типті деректер туралы ұғым. Оларды сипаттау, қолдану алгоритмін меңгеру. Жазулар ұғымымен танысу.
Тапсырмалар:
-
Бір топта оқитын студенттердің аты-жөні, туған датасы берілген. Әр студенттің туған датасын енгізгенде оның жасы нешеде екенін шығаратын программа құру.
-
Бір топта оқитын студенттердің аты-жөні, 1-ші және 2-ші семестрда қай пәндерден емтихан тапсырғандығы, олардан алған бағалары берілген. 1-семестр және 2-семестр қортындысын жеке жеке шығару.
-
Бір топта оқитын студенттердің аты – жөні, адресі берілген. Фамилиялары бірдей студенттерді анықтау.
-
Бір топта оқитын студенттердің аты-жөні, 1-ші және 2-ші семестрда қай пәндерден емтихан тапсырғандығы, олардан алған бағалары берілген. Сессияны тапсыра алмағандардың тізімін шығару.
Зертханалық жұмыс №10. Қосалқы алгоритмдер және олардың қажеттілігі.
Мақсаты:
Қосалқы алгоритмдерді құру, оларды шақыру, қолдану әдістерін меңгеру.
-
Үш таблица берілген. Сәйкес элементтерінің қосындыларының максимумын табу қосалқы алгоритмін құру..
-
Тең қабырғалы үшбұрыштың ауданын табу қосалқы алгоритмін құру.
-
n! –ды есептеу қосалқы алгоритмін құрып, оны (n-k)! –ды есептеуде қолдану.
№11 Машықтану сабағы. Файлдарды сұрыптау
Мақсаты: Файлдарды сұрыптау әдістерін қарастыру. Реттелген тізбектерді біріктіру немесе жалғастыру. Сұрыптау түрлері.
Тапсырмалар:
-
Институтқа оқуға тапсырған абитуриенттер тізімін файлға жазу. Онда абитуриенттің аты-жөні, туған датасы, мектепті аяқтаған жылы, аттестаттағы бағасы, жатақханаға мұқтаждық белгісі, оқуға түсу емтиханынан бағалары берілсін. Сыртқы файлда деректерді сұрыптау әдістерін қолдану.
№12 Машықтану сабағы. Тізімдер. Тізімнен элементті шығару.
Мақсаты:
Динамикалық жады. Көрсеткіштер. Тізімдер ұғымдарын бекіту.
Тапсырмалар:
-
20 студенттен тұратын оқу тобы туралы деректерді тізімге енгізу.
-
Әрбір студент үшін 4 емтиханнан бағаларын көрсету.
-
Әрбір студент туралы деректерді экранда енгізгенде оны бір бағытты тізімге енгізетін программа құру.
№13 Машықтану сабағы. Тізімдермен жұмыс
Мақсаты: Файлдарды сұрыптау. Динамикалық жадылар. Көрсеткіштер. Тізімдер
Тапсырмалар:
-
Институтқа оқуға тапсырған абитуриенттер тізімін файлға жазу. Онда абитуриенттің аты-жөні, туған датасы, мектепті аяқтаған жылы, аттестаттағы бағасы, жатақханаға мұқтаждық белгісі, оқуға түсу емтиханынан бағалары берілсін.
-
Сыртқы файлдан деректерді бір бағытты тізімге енгізу.
-
Тізімнің соңына, басына элементтерді енгізу.
-
Тізімнен элементті шығару.
4.Студенттердің өздік жұмыстар жоспары
4.1 Студенттің оқытушы басқаруымен орындайтын өздік жұмыстарының құрылымы
СОӨЖ №1. Алгоритм және оның қасиеттері
Сұрақтар:
-
Алгоритмдерге қойылатын негізгі талаптар?
-
Алгоритмнің детерминделгендік қасиеті?
-
Алгоритмнің дискреттілік қасиеті?
-
Алгоритмнің ортақтық қасиеті?
-
Алгоритмдер командалардың қандай екі негізгі типінен құрылады?
-
Алгоритмнің белгілері. Олардың атқаратын қызметі?
-
Блок-схема деген не? Ол қалай қолданылады?
-
Деректер деген не?
-
Деректердің қандай түрлері бар?
-
Деректердің сипатталуы, программада қолданылуы.
Тапсырмалар:
-
Компьютерді іске қосу алгоритмін құру
-
Компьютерді өшіру алгоритмін құру
-
Компьютерде кино қосу алгоритмін құру
-
Компьютердегі операциялық жүйе қызметінің алгоритмін құру
-
Жаңа файл құру алгоритмін құру
-
Жаңа папка құру алгоритмін құру
-
Файлды дискетке жазу алгоритмін құру
-
Файлды қағазға басу алгоритмін құру
СОӨЖ №2 Алгоритм түрлері. Алгоритмді жазу ережелері.
Сұрақтар:
-
Есептеу алгоритмі деген не?
-
Формула көмегімен шешілетін есептерге қандай алгоритм құрылады?
-
Таблица деген не?
-
Таблицалық әдістің блок схемадан айырмашылығы неде?
-
Екі санның үлкенін табу алгоритмі қандай алгоритмге жатады?
-
Ақиқат және жалған мәндерді қабылдайтын айнымалыларды қалай атайды?
-
Әріптер мен сандардың бірігуінен құралған мән қандай айнымалыға жатады?
-
Алгоритмнің түрлері -
-
Құрылған әрекеттер жиыны бірінен кейін бірі тізбектеліп орындалатын болса, қай алгоритмге жатады?
-
Айнымалының мәніне байланысты 1 немесе бірнеше әрекеттерді таңдап орындау керек болса, қай алгоритмге жатады?
-
Айнымалының мәніне байланысты бір немесе бірнеше әрекеттерді қайталап орындау керек болса, қай алгоритмге жатады?
-
Алгоритм геометриялық фигуралармен құрылса қалай аталады?
-
Алгоритмнің берілу тәсілдері?
-
Таблицалық әдіс деген не?
-
Төртбұрыштың ауданын есептеу қандай алгоритмге жатады?
Тапсырмалар:
-
Тізбекті немесе сызықты структуралы алгоритмге мысалдар келтіру.
-
Тармақталған алгоритмге мысалдар келтіру.
-
Циклдік алгоритмге мысалдар келтіру.
-
Рекурсивті алгоритмге мысалдар келтіру.
-
N! –ды есептеудің алгоритмін, блок-схемасын құру
-
xn –н есептеудің алгоритмін, блок-схемасын құру
-
Бір сан ойла, оған 1500-ді қос, егер шыққан сан 1550-ден артық болса одан 150-ді ал, егер – кем болса, онда 150-ді қос. Сонда қандай сан шықты? Осы есептің алгоритмін жазу.
-
ax=b теңдеуін шешу алгоритмін құру.
-
Есептің блок-схемасын құру: Егер Айдын үйде болса, онда кітапханаға барамыз, кері жағдайда Кайратқа телефон соғып, Интернет – кафеге барамыз Егер Қайрат үйінде болмаса, онда сабақ оқуға отыруым керек.
-
ах3+bx2+cx+d=0 теңдеуін шығару алгоритмін құру.
СОӨЖ №3. Алгоритм ұғымын тереңдету.Тьюринг машинасы
Сұрақтар:
-
Пост машинасы.
-
Пост машинасы мен Тьюринг машинасын салыстыру.
-
Пост машинасын құру әдістері.
-
Тьюринг машинасын құру әдістері.
-
Алгоритмнің формальды анықтамасы?
-
Цикл деген не?
-
Циклдың қандай түрлері бар?
-
Таңдау операторы қай уақытта қолданылады?
-
Таңдау операторының жазылу форматы қандай?
Тапсырмалар:
-
Бастапқы жағдай: Пост машинасының лентасы бос. Мына программа нәтижесінде лентада қандай өзгерістер болады:
1. V2
2. ->3
3. ->1
-
Лентада n белгіленген ұяшықта массив берілсін. Каретка шеткі сол жақтағы белгіні көретеді. Берілген массивтің оң жағынан t қашықтықтағы ұяшықта тағы бір белгі тұр. Пост машинасы үшін берілген массивті берілген ұяшыққа жылжыту программасын құрыңыз.
-
Лентада әр түрлі ұзындықты 2 массив берілген. Каретка массивтің біреуінің шеткі секциясын көрсетіп тұрсын. Пост машинасы үшін массивтің ұзындықтарын салыстырып, ұзынын өшіретін программа құру.
СОӨЖ №4. Пост машинасы алгоритм ұғымын тереңдетуші.
Сұрақтар:
-
Шама деген не?
-
Шаманың неше түрі бар?
-
Айнымалы шама деген не?
-
Тұрақты шама деген не?
-
Енетін шама деген не?
-
Шығатын шама деген не?
-
Аралық шама деген не?
-
Литерлік шама деген не?
-
Сандық шамалардың қандай типтері бар?
-
Логикалық шама деген не?
-
Есептеу алгоритмі деген не?
-
Есептеу алгоритміндегі негізгі объект-
-
Орындаушы үшін реттеліп жазылған әрекеттер тізбегі қалай аталады?
-
Алгоритм белгілі бір класқа жататын есептерді шығаратындай құрылса, алгоритмнің қай қасиетін анықтайды?
-
Алгоритмнің барлық нұсқауларын дәл орындаған жағдайда шектеулі қадамнан соң белгілі бір жауап алынса, қай қасиетті қнағаттандырады?
-
Алгоритмде мағынасын әрқалай түсінетін нұсқаулар болмаса, қай қасиетті қанағаттандырады?
-
Алгоритмде орындалатын әрекеттердің бірнеше жеке жеке қадамдар тізбегіне бөлінуі қай қасиетін анықтайды?
-
Алгоритм адамның бір тілді білетін, оқи алатын қасиеттеріне сүйеніп құрылса, алгоритмнің қай қасиетін анықтайды?
-
Команда немесе нұсқау деген не?
-
Математикалық формула көмегімен шығарылатын есептерге құрылған алгоритм қалай аталады?
Тапсырмалар:
-
Тақ сандар тізбегі берілген. 7-ге еселі сандардан жаңа тізбек құру.
-
Тақ сандар тізбегі берілген. 5-ке еселі сандары нешеу екенін анықтау.
-
n саннан тұратын тізбек берілген. 6-ға еселі сандары нешеу екенін анықтау.
-
қатар қосындысын анықтау.
-
қатар қосындысын анықтау.
-
, i<=10 қатар қосындысын есептеу
-
қосындысын есептеу алгоритмін құру.
-
қосындысын есептеу алгоритмін құру.
Достарыңызбен бөлісу: |