ПОӘК 14 07 20. 01/03-2013 03. 09. 2013 ж. №1 басылым


СОӨЖ №5. Массивтер. Бірөлшемді массивтер



бет47/54
Дата15.09.2017
өлшемі4,87 Mb.
#32890
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   54
СОӨЖ №5. Массивтер. Бірөлшемді массивтер.

Сұрақтар:



  1. Массив деген не?

  2. Массивтің қандай түрлері бар?

  3. Массивті құрастыру?

  4. Массивтің типтері деген не?

  5. Массив қандай деректерді қабылдайды, қалай сипатталады?

  6. Циклдік операторлардың массивтегі рөлі?

  7. Берілген есеп бойынша деректерді анықтау қалай жүреді?

  8. Математика курсынан функция анықтамасы мен есептелетін функция анықтамасын салыстырыңыз

  9. Программалық орындалуы қиын алгоритмдерге мысалдар келтіріңіз

  10. Алгоритмдер теориясынан болған маңызды жетістіктердің хронологиялық таблицасын жасаңыз. Автордың аты-жөні, өмір сүру датасы белгілі болсын. Әр автордың өмірінің нешінші жылында қай жұмысты жасағанын есептеңіз.

Тапсырмалар:

  1. Өлшемдері бірдей екі вектор берілген. Олардың тақ элементтерінің қосындысын табу алгоритмін құру.

  2. Екі массив берілген. Олардың сәйкес i-ші элементтерінің қосындысын табу.

  3. Екі массив берілген. Олардың сәйкес j-ші элементтерінің көбейтіндісін табу.

  4. Вектордың элементтерін өсуі бойынша реттеу.

  5. Вектордың i –ші және j-ші элементтерінің орындарын ауыстыру.

  6. Вектордың элементтерін кемуі бойынша реттеу.

  7. Вектордың минималды және максималды элементтерін табу.

  8. 30 элементтен тұратын вектор берілген. Жұп және тақ элементтерінен жаңа 2 вектор құру.

  9. Вектордың нөлден өзгеше және нөлге тең элементтерінің санын анықтау

  10. 10 элементтен тұратын вектордың 5-ші элементін өшіру арқылы жаңа вектор құру.


СОӨЖ №6. Алгоритм күрделілігі ұғымы.

Сұрақтар:



        1. Алгоритмнің күрделілігі дегенді қалай түсінесіз?

        2. Уақытша күрделілік деген не?

        3. Теориялық күрделілік деген не?

        4. Күрделілік қалай бағаланады?

        5. Екі өлшемді массив қалай сипатталады?

        6. Екі өлшемді массивтерге циклдық операторлар қалай қолданылады?

Тапсырмалар:



  1. Екі натурал санның цифрларын көбейту алгоритмін құрып, күрделілігін анықтау. 1-ші сан n цифрдан, 2-ші сан m цифрдан тұрсын.

  2. Сызықты күрделілігі бар алгоритмге мысалдар келтіру.

  3. N цифрдан тұратын бір натурал санның цифрларын қосу алгоритмін құрып, күрделілігін анықтау.

  4. Өлшемдері бірдей екі матрица берілген. Олардың диагональды элементтерінің қосындысын табу алгоритмін құру.

  5. Екі массив берілген. Олардың i-ші жолында орналасқан элементтерінің қосындысын табу.

  6. Екі массив берілген. Олардың j-ші бағанында орналасқан элементтерінің қосындысын табу.


СОӨЖ №7. Іздеу алгоритмі

Сұрақтар:



        1. Үлкен көлемді ақпараттан қажетті ақпаратты іздеуді қолданатын мысалдар келтіру.

        2. Интернет желісінде ақпарат іздеудің қандай серверлерін білесіз?

        3. Интернет желісінде іздеу алгоритмін құрастырыңыз.

        4. Интернеттен Аллан Тьюринг, Эмиль Пост туралы ақпаратты іздеу.

        5. Жол деген не?

        6. Жолдар қандай типті деректерден тұрады, қалай сипатталады?

        7. Жолдарға қандай операциялар қолданылады?

        8. Ішкі жол деген не?

        9. Жолдарды қандай проблемаларды шешуге қолдануға болады?

        10. Жолдарды программада қала қолданады?

Тапсырмалар:

  1. Бірнеше жолдан тұратын символдар тізбегі берілген. Оның 3 символдан тұратын кез келген ішкі жолын қиып алып, жаңа жол құрау.

  2. Екі символдық жол берілген. Бір бірімен салыстыру, әр жолдағы дауысты және дауыссыз дыбыстардың санын анықтау.

  3. Бір жол берілген. Оның ішіндегі түбірлі сөзден жаңа сөз құрау


СОӨЖ №8. Сұрыптау алгоритмі

Сұрақтар:



  1. Сұрыптау деген не?

  2. Сұрыптаудың неше тәсілі бар?

  3. Бір өлшемді массивтерді сұрыптау қалай орындалады?

  4. Екі өлшемді массивтерді сұрыптау қалай орындалады?

  5. Іздеу алгоритмі қалай орындалады?

  6. Жиын деген не?

  7. Жиынды есептерге қолануға болатын жағдайлар№

  8. Жиындарды сипаттау

  9. Жиындарды программалау әдістері

  10. Жиын мен массивтің айырмашылықтары

Тапсырмалар:



  1. Бір өлшемді массив берілген. Жұп элементтерін бірыңғай, тақ элементтерін бірыңғай сұрыптау.

  2. Екі өлшемді массив берілген. Жұп элементтерін бірыңғай, тақ элементтерін бірыңғай сұрыптау.

  3. Екі өлшемді массив берілген. N-ші жолының жұп элементтерін бірыңғай, тақ элементтерін бірыңғай сұрыптау.

  4. Екі өлшемді массив берілген. N-ші бағанының жұп элементтерін бірыңғай, тақ элементтерін бірыңғай сұрыптау.

  5. Екі өлшемді массив берілген. N-ші бағанының элементтерін өсуі бойынша, N-ші жолының элементтерін кемуі бойынша сұрыптау.

  6. Тақ сандар жиыны берілген. 7-ге еселі сандардан жаңа тізбек құру.

  7. Тақ сандар жиыны берілген. 5-ке еселі сандары нешеу екенін анықтау.

  8. n саннан тұратын жиын берілген. 6-ға еселі сандары нешеу екенін анықтау.


СОӨЖ №9. Деректер структурасы

Сұрақтар


  1. Деректер деген не?

  2. Деректердің қандай түрлері бар?

  3. Деректердің сипатталуы, программада қолданылуы.

  4. Структураланған деректер деген не?

  5. Структураланбаған деректер деген не?

  6. Бүтін, нақты типті деректердің қасиетін анықтаңыз.

  7. Литерлік, жолдық шамалардың қасиеттері.

  8. Логикалық деректер деген не?

Тапсырмалар:

  1. Адамдардың логикалық, интеллектуалдық даму деңгейін көрсететін тест құру. Тест тапсырған әрбір адамның даму деңгейінің қортындысы ұпаймен шығарылсын.

  2. Бір топта оқитын студенттердің аты – жөні, адресі берілген. Студенттің фамилиясын енгізгенде оның қай адресте тұратынын шығаратын программа құру.

  3. Бір пәннен білім тексеру үшін тест құру. Оны тапсырушы адамның бағасын анықтау.


СОӨЖ №10. Қосалқы алгоритмдер

Сұрақтар:



  1. Қосалқы алгоритм деген не?

  2. Қосалқы алгоритмнің түрлері

  3. Қосалқы алгоритмдерді шақыру.

  4. Қосалқы алгоритмнің қажеттілігі

Тапсырмалар:

  1. Екі таблицалық шамалар берілген. Элементтер саны тең. Олардың сәйкес элементтерінің айырымдарының минимумдарын табу арқылы жаңа таблицалық шама құру қосалқы алгоритмін құру.

  2. а саны берілген. Егер ол сан оң болса (n!-m!)-ды есептеу, теріс болса (n!*m!)-ды есептеу, нөлге тең болса (n!/m!)-ды есептеу қосалқы алгоритмін құру.

  3. Асық ойнау және сақаны ұту ойынының алгоритмін құру.

  4. Бір сыныпта оқитын оқушылардың есімдері берілген. Есімдері бірдей оқушылардың санын анықтау қосалқы алгоритмін құру.

  5. Таблицалық шама 10 элементтен тұрсын. Мәндері тең элементтерден жаңа таблицалық шама құрау қосалқы алгоритмін құру.

  6. Төбелерінің координаттары А(1,1), В(5,2), С(3,3) және А(2,5), В(4,3), С(6,4) болатын екі үшбұрыш берілген. Герон формуласын қолданбай үшбұрыштардың аудандарын тауып, қайсысының ауданы үлкен екенін анықтау.

  7. Үш үшбұрыштар берілген. Олардың төбелерінің координаттары белгілі болса қабырғаларының ұзындығын және олардың аудандарын тауып, қайсысының ауданы кіші екенін анықтау.


СОӨЖ №11. Деректердің статикалық структурасы

Сұрақтар мен тапсырмалар:

  1. Суреттегі массив жол бойынша негізгі жадыда қалай жазылады?

    5

    3

    7

    4

    2

    8

    1

    9

    6


    Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   54




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет