ПОӘК «Дауыс қою» пәннің оқу-әдістемелік құралы



бет1/6
Дата07.02.2017
өлшемі0,88 Mb.
  1   2   3   4   5   6

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

«МУЗЫКАЛЫҚ БІЛІМ» КАФЕДРАСЫ

Құжат СМК 3 уровня

ПОӘК



ПОӘК

042-18.1.32/02-2013

ПОӘК

«Дауыс қою» пәннің оқу-әдістемелік құралы


Редакция № 1 ______

«Дауыс қою»

ПӘНІНЕН ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

5В010600 «Музыкалық білім» мамандығы үшін
ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛЫ

2013-2014 оқу жылы





ПОӘК

042-18.1.32/02-2013

Ред. № 1 _______20__ ж.

Бет 2__

1. ҚАРАСТЫРЫЛҒАН

Құрастырған: _______ «___»________ 20__ ж. «Музыкалық білім»


кафедрасының аға оқытушысы : ______________________Бейсембеков А.Т.
2. ТАЛҚЫЛАНҒАН

2.1 Кафедра отырысында бекітілген:


Хаттама № ___ от «___»_____ 2013 жыл
«Музыкалық білім» кафедрасының меңгерушісі,
п.ғ.к.: ______________ Бодауова Б.К.

2.2 Педагогика факультетінің Оқу - әдістемелік Бюросының

отырысында бекітілген «___»________ 2013 жыл. Хаттама №
Төраймы: ______________ АхметоваТ.Ш.

3БЕКІТІЛГЕН

Университеттің Оқу Кеңесінің отырысында бекітілген «___»____ 2013 жыл.


Хаттама №
ОӘК төрайымы _________ Искакова Г.К.
4 БІРІНШІ РЕТ ЕНГІЗІЛГЕН

Мазмұны:





1

1 Глоссарий













2

2 Тәжірбиелік сабақтар













3

3 Студенттің өздік жұмысы














































































ПОӘК

042-18.1.32/02-2013



Ред. № 1 _______20__ ж.

Бет 3_

ГЛОССАРИЙ

Музыкалық білім беру тарихы – музыканы оқытудың теориясы мен әдістемесінің мәселелерін тарихи аспектіде қарастырытын пән.

Музыкалық тәрбие – ұғымы қоғамдық құбылыс ретінде кең және тар мағынасында қолданылады. Кең мағынасында музыкалық іс-әрекетте жинақталған тәжірбиені педагогикалық ықпал ету негізінде кейінгі ұрпаққа меңгерту, жалпы музыкалық мәдениетін қалыптастыру.

Музыкалық білім – музыка өнерін танып-білудің негізін музыкалдық білімнің келесі екі негізі құрайды: музыка өнері жөніндегі біртұтас ұғымды қалыптастыруға мүмкіндік беретін білімдер; нақты музыкалық шығармаларды қабылдауға көмектесетін білімдер.

Музыканы оқыту – екі жақты процесс. Бұл музыкалық білім мазмұнын меңгерту бағытталған оқытушы мен оқушылардың арнайы ұйымдастырылып, мақсатты бағытталған өзара әрекеттестігі. Музыканы оқытудың негізін музыкалық білім, іскерлік, дағдылар, дүниетанымдық көзқарастар құрайды.

Музыкалық іскерлік – меңгерілген білім мен өмір тәжірбиесі негізінде музыка саласындағы теориялық және практикалық әрекеттерді саналы түрде нақты, дәлме-дәл орындауға даяр болу. Музыуканы оқытуда жалпы іскерліктер музыкалық шығарманы эстетикалық тұрғыдан қабылдауға байланысты анықталды.

Музыкалық білім беру – музыкалық тәрбие, оқыту, даму ұғымдарының бірілігінде қарастырылады. Музыкалық білілімділік мазмұнын қрай келе кәсіби сферада (сазгерлік, орындаушылық, оқытушылық, музыканы зерттеу және т.б.) немесе музыкамен әуесқой ретінде өз бетімен шұғылдану әрекеттерін жүзеге асыруға көмектеседі.

Музыканы оқыту әдістемесі – болашақ музыка пәні мұғалімінің музыалық білім беру процестерінің әдістерін, құралдарын және ұйымдастыру формаларын зерттеуге, теориялық білімдерін практика жүзінде қолдана білуге үйрететін пән.

Музыканы оқыту теориясы – музыкалық білім беру педагогикасының заңдылықтары мен негізгі қағидаларын зерттейтін пән.

Музыкант-педагогтың мәдениеті – түрлі педагогикалық көзқарастарды салыстыра білу, пайымдау және өзінің қорытқан пікірін қорғау, оны ғылыми негіздей алу қабілеті.

«Вокалдық музыка» – (вокале-дауыс деген сөз). Музыка аспабының сүйемелдеуімен немесе жеке әншіге, хорға арналып жазылған музыкалық шығарма.

«Вокалдық педагогика» - Академиялық – опералық , камералық , халықтық үлгідегі, эстрадалық әншілерді дайындау педагогикасы.

«Афтофония» - ән салу кезінде өз дауысын есту.

«Артикуляция» -сөйлеу дыбыстарын шығарудағы, жасаудағы дыбыстаушы мүшелердің қызметі.

«Фонема» - тілдегі сөздің мағнасын және сөздің тұлғалық көріністің түрлендіруге себеп болатын тіл дыбыстары

«Фонация – (phone)» – (звук., грек тілінде) - дыбыс алу.

«Резонатор» - дыбысты маңғыртып күшейтуші қызмет атқаратын мүше, немесе күшейткіш орынды, аумақ. Резонаторлар кеуде және бас резонаторлары болып екіге бөлінеді.

«Регистр» - лауыс диапозонының дыбыс қатарының өзінің дыбыс бояуымен ерекшеленуі

«Орфоэпия» - грек тілінде «огfоc» - дұрыс, «eроэ» - сөз.

«Лад» – тұрақты және тұрақсыз дыбыстардың үндесеінен пайда болған дыбыс қатары. Түрлері:

.(Тоника, қосымша басқыш, медианта, субдоминанта, доминанта субмедианта және қосымша басқыш). Олар I-II-IV-V-VI-VII болып рим сандарымен белгіленеді.



«Тональдік» – лад дыбыстарын өзара бірмстігінің қандай биіктікте тұратын білдіретін ұгым.

«Ырғақ» - дыбыстардың әр түрлі ұзақтық ара қатынасы.

«Екпін, темп (жылдамдық, шапшаңдық)» – музыкалық шығарманың ойналу жылдамдығын желісі.

Екпін түрлері: Presto - шапшаң, тез

Allegro – екпіні жылдам жүруін.

Moderato - умеренно, орташа, асықпай

Andante – не спеша, спокойно, асықпай, байсалды.

Lento – медленно, жай

«Агогика» – (грек тілінде – қозғалыс, қимыл). Әндегі агогика суреттеу құралдарына жатады.



Acce Merando – ускоряя, шығарманың шапшаңдығын жылдамдату;

Pitenuto – замедляя, шығарманың шапшаңдығын жайлату;

Allarando – расширяя, замедляя, шығарманың шапшаңдығын кеңейту, жайлату;

PuuMosso – более подвижно, жылдамдата;

MeneMosso – менее подвижно, жайлата;

«Дикция» – (латынша) – айтылу, айту деген мағына.

«Дауыс биіктігі» - әншінің дауыс желбезектерінің бір секунд көлеміндегі тербеліс жиілігімен (амплитудасы) анықталады. Дауыс тембрі (әуезділігі) дыбыс желбезектерінің тербелісі нәтижесінде обутондармен байытылуы барысындағы әрленуі.



«Дауыс күші» - дыбыс желбезектерінің амплитудасы, яғни тербеніс қозғалысының қорқындылық кеңдігі.

«Фальцеттік» (италия тілінде жасандылық деген мағына береді) - қасиет тон.

«Дыбыс» - әуеннің ең бір кішкене белгісі.

Әнші дауыстары ерлер дауысы, әйелдер дауысы, балалар дауысы және әліңішпе дауыстар, жуан, төменгі дауыстар болып бөлінеді.



«Тенор» – лирикалық және драмалық болып бөлінетін, ерлердің жіңішке дауысы. Тенордың дауысдиапозоны 1 октаваның ре – кейде кіші октаваның «ми» дыбысы мен 2 октаваның «ре», «ми» дыбыстары аралығын қамтиды.

Бас және баритон ерлердің жуан дауыстары. Борибоның диапозоны үлкен октаваның «ЛЯ» және І октаваның «ФА», «СОЛЬ» дыбыстары, ал бас дауысының диапазоны үлкен октаваның «МИ» және І октаваның «ФА» дыбыстарының ауқымын алады. Бас дауыстылардың контроктаваның «СОЛЬ» және кіші октаваның «СИ», «СИ» «СИ-БЕМОЛЬ» дыбыстарының аралығында еркін ән сала алатындар ең төменгі жуан дауыстылар «бас неофунде» немесе октавиеттер деп аталады.

Әйелдер дауыстары сопрона, мецо – сопрано, контральто деп бөлінеді.

«Сопрано» – лирикалық, драмалық және лирика – драмалық болып жіктелетін әйелдердің жіңішке дауысы.



«Ән» – үнділік, көркемдік қасиеттері бар әуеннен құралады.

«Романс» – испан тілінен алынған. Орта ғасырда Испанияда жергілікті роман тілінде айтылатын лирикалық әндер пайда болып, ХҮІ ғасырдан бастап «романс» жанр болып тұрақталып, басқа европалық елдерге тарайды. ХҮІІІ – ХІХ ғасырларда романс деген сөз мағынасы кеңейіп, жеке дауысқа арналған, музыкалық сүйемелеумен жазылған күрделі де кең екпінді шығармалардың қатарына енеді.

Романстың әннен айырмашылығы, екі – үш бөлімнен құралып, кең ауқымды, терең сезіммен, баяу екпінмен орындалатын ән. Жай әндер мен романстардан басқа көлемді әндер де бар, олар ария, ариетта, аризо, коватина, баллада және т.б.



«Кантата» – (латын тілінен аударғанда Kantate - өлең айту). Ең басында аспаптық сүйемелдеу жалғыз дауысты айтылатын пьеса түрінде пайда болады. ХҮ – ХҮІ ғ.ғ. басқа еуропалықтар сияқты италияда кәсіби музыкалық қалыпта, үлкен полифониялық стильде дамыды. Контатада операдан кейін дамып кең ауқымды тарала бастады. Ол өзіндік ерекшелігімен қалыбы жағынан арниялық, мінезі жағынан речитативтік жағынан операға жақын болады.

«Оратория» 16 ғасырда Рим шіркеушілері халықты бибилия оқуға тарта бастады. Бос уақыттарында шіркеуден тыс бір ерекше жерлерде, яғни «ораторияларда» библия оқып отырып ерекше бір сарынмен рухты жандандыратын әуендер шығарған. Сондықтан бұл шіркеу әндерін оратория деп атап кеткен.

«Ария» - италиян тілінде еңбек деген сөздің мағынасын береді.

Ария-опералық музыкада әрбір кейіпкердің ішкі жан дүниесіне байланысты айтылатын әуен. Орыстың классиякалық опера музыкасында шығарманың идеясын ашып, бас кейіпкердің бейнесін беретін ұлттық тамаша ариялар ба.



«Акапелла» - музыкалық аспаптың сүйемелдеуінсіз айтылатын көп дауысты хор немесе жеке ән.

2 ТӘЖІРБИЕЛІК САБАҚТАР

Жеке сабақтың тақырыптары мен жоспары

2 курс, 3 семестр



Жеке сабақ № 1-2

Әншілік өнердің әліппесі.Дауыс туралы түсінік.

Жоспары:

  1. Әншілік өнер туралы түсініктеме.

  2. Дауыс деген не? Дауыс түрлері

  3. Әншілік өнердің түрлері.

Әншілік өнердің әліппесі.Тыныс алу мүшелері.

Жоспары:

  1. Вокалдық тыныс алудың түрлері.

  2. Диапазон.Тембр.

  3. Әншілік өнер туралы түсініктеме

Әншілік өнерге алғаш қадам басқан адамдарды ең алдымен әншілік қабілетін жетілдіруге арналған әдебиеттер қызықтырады, вокалдық өнер туралы сұрақтарға жауап іздейді. Педагогтар қандай да бір кітапты бағыттауға қиналады.Әншілік өнерді дамытуға арналған оқулықтар, әдебиеттер бар. Бірақ , олар көбінесе тәжірибелі әдіскерлер мен әнші-орындаушыларға арналған. Жаңа бастаған әншілерге одан бағыт-бағдар алу қиынға түседі. Жалпы барлық әншілер вокал негізін игеруі тиіс. 
Аспаптарды өз бетімен үйреніп ойнайтындар болады. Оларға арналған «Баянистің алғашқы қадамы», «Гитаристің әліппесі», «Домбыраға арналған оқулық» немесе «Домбыра үйрену мектебі» сияқты көмекші құралдар бар. Ал әншілерге арналған ондай құрал жоқтың қасы.

Табиғи қабілет пен дарын. Әнші болу үшін ең алдымен мәнерлі дауыс, әншілік қабілет,есту және есте сақтау қабілетінің жоғары болуы, музыкаға деген белсенді эмоциялық сезім, жақсы дикция, еңбекқорлық , сахналық сырт бейне, жақсы дауыс болу керек. Осы қабілеттердің барлығы бір адамның бойынан табылуы мүмкін бола бермейді. Біреуі болса, екіншісі болмауы мүмкін. Үнемі жаттығудың нәтижесінде олар бірін-бірі толықтырып жатады. 
Дауыстың сапалық негізі не дегенде, мен, тембр, диапазон , таза дауыс және дауыстың қаттылығы дер едім. Маңыздысы тембр. Дауыс күші аз болып, кішкене ғана диапазон болғанда, қызығушылықты әдемі тембр тудыруы мүмкін. Мұндай дауыстарға ария айтпай-ақ камералық репертуар мен халық әндерін айтуға болады. Егер диапазон мықты болып тембр нашар болса, онда әншілік дауыс әдемілігі болмай, қызықтырудан айырылады. 
Тембр – дыбыс бояуы, дауыс бейнелеушісі. Дауыс бояуы – туғаннан қалыптасқан табиғи сапа, бірақ өсе келе арнайы оқу кезінде өзгеруі мүмкін. Тембрде музыкалық көңіл күй, эмоциялық сезім байқалады. Сондықтан да музыкалық мәнерлілікпен үнемі жұмыс істеу өте маңызды. 
Диапазон дегеніміз төменнен жоғарыға дейінгі дауыстағы дыбыстардың жиынтығы. Ал әншілік регистр біртекті дауыс бояуының дыбыс қатарындағы дауыс тербелісінің жұмысы. 
Ерлердің тазаланбаған дауысында екі регистр болады: кеуде және бас (фальцет). Арнайы оқыған әншілер негізгі регистрде фальцетпен айтпайды, тек аралас дыбыспен (микстпен) айтады. 
Әйелдер дауысы үш регистрге бөлінеді: кеуде (төменгі), ортаңғы (аралас) және бас (жоғарғы). Әйелдер дауысы ерлерге қарағанда табиғатынан аралас регистрлі болады. 
Дауыстағы өтпелі дыбыстар деп бір регистрден екінші регистрге ауысатын дыбыстарды айтады. Мұны музыка тілінде мутация деп атайды. Ерлер дауысында бір өтпелі кезең, ал әйелдер дауысында екі өтпелі кезең болады. Бұл уақытта шекара дыбыстарында ән айту қиын. Себебі өтпелі дыбыстардағы тәсіл біртекті регистрлі дыбыс жасай алмай, сыну пайда болады. Сондықтан жасанды аралас дыбыс жасау тәсілін қолдану керек. 
Микст – кеуде және бас дыбыстарының бірігуінен жасалған аралас дыбыс. Ол жұмсақ , кеуде дыбысына қарағанда жеңіл әрі фальцетке қарағанда дыбыстырақ .

Әншілік вокалдық өнер -музыканы әншінің дауыспен орындауы, музыкалық шығарманың образды идеялық мазмұнын әнші дауысының мәнер күшімен жеткізу, ашу өнері. Әншілік өнерінің жеке ансамбльдік және хор түрлері бар. Әншілік өнерінің ансамбльдік түріне екі дауысты дуэт, үш дауысты - трио, төрт дауысты - квартет, т.б. жатады. Ал көп дауысты хор аспаптық сүйемелмен немесе сүйемелсіз капелламен орындалады (қ. Капелла). Әншілік өнері жанр, стиль «жөнінен де дараланады. Әншілік негізінен - опералық және камералық жанрларға бөлінеді. Опералық Әншілік вокалдық өнердің барлық түрін қамти отырып, театр ойын-сауық өнерімен, әрекетпен тығыз астасып жатса, камералық әншілік ,лирикалық, әндер мен романстарды орындайтын жеке әншілерді, шағын вокалдық ансамбльдерді қамтиды. Әншілік өнері орындаушылық тәсілі (вокалдық стиль) тұрғысынан - әуенділік, декламаниялық, колоратуралық стильдерге бөлінеді. Әуенділік стилінде кен тыныстылық, алымдылық, сазды, әуезді кантилена басым болса, декламациялық стиль музыка тақпақ речитатив іспеттес сөйлеу тілімізге жақын келеді. Ал Әншілік стилінің колоратуралық түрінде ән мелодия»! мәтінмен тікелей байланысын жоғалтып, өзінің сипаты жағынан муз. аспапта ойнау техникасына жақындайды.[

Әншілік өнер - қолдауды және қорғауды керек ететін, табиғаттың берген сиы. Өкінішке орай, соңғы уақыттары мектеп жасындағы балалардың дауыс аппараттарынын, бұзылу саны кѳбейіп барады.

Ән айту жастардың орындаушылық үрдісіне белсенді қатысуына, музыкалық қабілетінін дамуына, музыкалық есту қабілетін тәрбиелеуге жағдай жасайды.

Дыбысталу сапасын қалыптастыруда, дауыс аппаратының жұмысын ән айтатын жағдайға келтіруде, жалпы және музыка мәдениетін, әсіресе вокальды есту мәдениетін білуіне мұғалімнің арнайы білімі мен шеберлігіне байланысты іске асырылады.

Әр әнші ән айту барысында дауыс аппаратын тәрбиелеудің әдіс-тәсілдерін негізге ала отырып, дыбыс жолдарының ана­томиялық құрылысы мен физиологиялық заңдылықтарын есте ұстауы қажет.

Вокал пәнінің негізгі басты шарты - жастардың музы­калық қабілеттерін дамыту, музыкалық денгейін кеңейту, музыкаға, ән айтуға деген сүйіспеншілігін тәрбиелеу, ән айту тәсілдерін үйрету болып табылады. Музыкалық бейнелер, жағымды саз арқылы патриотизмге, елін сүюге, еңбекке, тәртіпке, адамгершілікке, ынтымактастыққа, достыққа тәрбиелеу мұғалімнің негізгі міндеттерінің бірі.

Әншілік тыныстың физиологиялық тыныстан айырмашылығы: 
- Тыныс алу кезінде фонация пайда болады, біршама ұзаққа созылады, ал тыныс шығару қысқарады. 
- Тыныс алу кезеңі автоматты түрден, ойламаған жерден, басқарушылыққа өтеді. 
- Тыныс шығару бұлшықетінің одан сайын күшіне енуі әнші тынысының негізгі талабы фонация кезінде тынысты үнемді ұстау. 
Әншінің тыныс алуының түрлері. 
• Бұғаналық, үстіңгі кеуделік, клавикулярлық және т.б., мұнда белгілі бұлшықеттер қатты жұмыс істейді, ал нәтижесінде екі иық көтеріледі, тыныс алудың бұл түрі қабылданбайды. 
• Кеуделік, костальный (сүйектік) ары қарай сыртқы тыныстың қозғалыстары кеуделік жасушаның қарқынды қозғалысымен байланысады, диафрагма тыныс алғанда көтеріледі де, ал іш тартылады. 
• Құрсақтық, көкіректік, абдаменальный және т.б – тыныс диафрагманың қарқындылығымен және іш бұлшықетімен сезіледі. 
• Аралас, кеуде құрсақтық, кеуде көкіректік, сүйекті абдаменальный және т.б – тыныс кеуделік сияқты бұлшықеттердің қарқынды жұмысы арқылы сезінеді сонымен бірге құрсақтың аймақта және белдің төменгі жағы арқылы да сезінеді. 
Вокалдық практикада аралас тыныс алудың да ролі өте зор: диафрагма төмен түседі, жан – жаққа барлық айналымда созылады, қорытындысында әнші кеудесі бел аймағында өзінің көлемін ұлғайтады; бел бұлшықеттерінің сезінуі арқылы ауа өкпенің төменгі жағын талдырады. Жан бұлшықеттері екі жаққа иіріліп қозғалады, ал іш алдыға қарай үрленіп қозғалады; Диафрагма болса одан сайын мығымдана түседі. Әншінің фонациялық тыныс шығару кезінде ән айтқанда тыныс алу қалпын сақтап қалуға тырысса, дыбыс апорасын сезіне білуге деген икемділігіде жоғары болады. Әншілік хордың негізгі талабы ән айтқанда тыныс алған соң шаласы ұстаным болуы керек. Бұл ата кезінде дыбыстың интонациялық тұрғыда жақсы естілуіне, орындалуына әкеледі. Шығарма жылдамдығы тез болған сайын, тыныс алудағы ұстаным қысқаланады. 
Әнші тынысының техникасы орындалып жатқан шығарма мінезіне сай болу керек. Тыныс алуда әрбір музыкалық фразаның және әуеннің мінезімен үйлесуі тиіс. Дыбысты алудың алдындағы тыныс ұытанымыда шығарманың мінезіне қарай болады. Шығарманың темпі неғұрлым жылдам болған сайын алатын тыныста , тыныс ұстанымыда сондай жылдамдықта болуы керек. 
Адамның дыбыстаушы мүшелері:

  1. Тыныс мүшелері.

  2. Тамақ.

  3. Қуыс мүшелері.

4. Тыныс мүшелері: өкпе, қолқа, көмекейжәне жоғарғы резонаторлар құрылысы.

5. Тамақ және дауыс шымылдығы.

6. Қуыс мүшелері: ауыз қуысы, мұрын қуысы. Ауыз қуысында дыбыс шығаруға қатысы бар мүшелер: тіл, ерін, тіс түбі, таңдай, кішкене тіл, иек.

Сөйлеу тілдің дыбыстары қалай болса солай тәртіпсіз, кездейсоқ жасала бермейді. Тіл дыбыстарының әрқайсысыны жасалу жолы, белгілі бір тәртібі бар. Бір-бірімен айтылуы, жасалу жағынан айырмашылығы бар тіл дыбыстары (фонемалар) белгілі дыбыстаушы мүшелердің қызметі арқылы шығады.

Сөйлеу дыбыстарын шығарудағы, жасаудағы дыбыстаушы мүшелердің қызметін артикуляция дейміз. Тіл дыбыстарын шығарудағы, жасаудағы адамның дыбыстаушы мүшелерінің қызметін жақсы білмейінше, белгілі тілдегі дыбыстардың артикуляциясы (дыбысталуын) дұрыс түсіну қиын.

Сұрақтар:

1.Әншілік өнер деген не?

2.Диапазон мен тембр туралы анықтама беріңіз?

3.Тыныс алу мүшелері және оның қызметі туралы анықтама беріңіз.

Қолданған әдебиеттер:

Голубев П. «Советы молодым педагогам-вокалистам» Москва 1956 г.

Назаренко И.К «Искусство пения» Москва 1956 г.

Пряничников И. «Советы обучающимся пению» Москва 1958 г. «Музгиз».



Жеке сабақ № 3-4
Жеке сабақ №9
Филировка, портаменто жаттығулары.
Мұғалімнің жол көрсету аясында атқарылатын студенттердің өздік

Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

енгізу | тіркеу
    Басты бет


материалдарды жүктеу