Понятийный аппарат научного исследования, его содержание и характеристика



бет3/4
Дата16.10.2023
өлшемі236,5 Kb.
#185708
1   2   3   4
Байланысты:
Лекция 4 .Ғылыми таным

1. Философиялық әдістер

  • диалектикалық және метафизикалық.
  • материализм - материя, табиғат, болмыс алғышқы, ал сана, рух, ой - материяның қасиеті болғандықтан туынды деп санайтын, идеализмге түбірінен қарама-қарсы ғылыми-философиялық бағыт.
  • Ілімнің тарихи дамуының барысында материализмнің 3 түрі айқындалады:
  • антикалық материализм,
  • метафизикалық механисттік материализм,
  • диалектикалық материализм.
  • - аналитикалық,
  • -интуитивті,
  • феноменологиялық, феноменология – алғашқы түсіну нәтижесін, сана танымын пайымдап ашудың тәжірибесі, батыс философиясына ерекше ықпал еткен субъективтік идеалистік бағыт.
  • герменевтикалық және т. б. әдістер жатады.

Танымның жалпы логикалық әдістері

  • Оған: ''анализ'', ''синтез'', ''индукция'',
  •  ''дедукция'' жатады.
  • Анализдеу дегеніміз — объектіні бірнеше құрамдас бөліктерге бөліп алып, оларды жеке зерттеу. 
  •  Синтездеу кезінде объектінің анализ жасау кезінде ажыратылып тасталған құрамдас бөліктері қайтадан біріктіріледі.
  • Индукция ойдың жалқыдан жалпыға қарай бағытталуын, дедукция кері бағытта, ойдың жалпыдан жалқыға қарай бағытталуын сипаттайды.
  • ғалым-химик Д.И.Менделеев сол кездегі белгілі химиялық өлшемдердің бәрін дерліктей зерттей отырып, элементтердің периодтық заңына алдымен индуктивтік жолмен келді. Элементтердің қасиеттері олардың атомдық салмағына тәуелділігі анықталғанда, ол таза дедуктивтік әдіспен сол кезде әлі ашылмаған, белгісіз элементтердің қасиеттері туралы жорамал айтты. Содан кейінгі ашылған элементтер ол тұжырымдаған заңдылықтардың толығымен дұрыстығын көрсетті.

''Аналогия'''

  •  деп түрлі объектілер арасындағы, олардың белгілерінің, қасиеттерінің, қатынастарының арасындағы ұқсастықты атаймыз. Объектілер арасындағы ұқсастың пен айырмашылық оларды салыстыру кезінде айқындалады. Демек, аналогия әдісінің негізі салыстырудан тұрады деген сөз. Аналогия әдісі ғылымның көптеген салаларында — математикада, физикада, химияда, кибернетикада, қоғамдық пәндерде қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет