дегенде, әдетте, біздің ойымызға адам арнайы жасамақшы болған белгілі бір шынайы нәрсенің немесе жүйенің, құрылғының, шығарманың, сипаттаманың кішірейтілген үлгісі келеді. Модель арқылы, қолмен ұстап, көзбен көруге болмайтын зерттеу объектісі туралы қалыпты жағдайда киын немесе мүмкін болмайтын білім алуға болады. Ғылымның түрлі салаларында таным үдерісінде әр түрлі модельдер қолданылады. Оларды екі топқа бөліп қарастыру керек: біріншісі— заттай немесе материалдық модельдер, екіншісі — логикалық немесе идеалдық модельдер.