Популяция туралы түсінік және оны зерттеуге қысқаша шолу жасаңыз
Популяцияны зерттеу тәсілдері және олардың классификациясы, популяцияны зерттеудегі маңызды көрсеткіштерін айтыңыз
Демэкологияның негізгі ұғымдары, түрше, географиялық, экологиялық популяция туралы жазыңыз
Өсімдіктер түрлері популяцияларының құрылысын атап өтіңіз
Фитоценоз, биогеоценоз элементі және оның құрамы, құрылымы, көрсеткіштерін айтыңыз
Ценопопуляция құрылымы жөнінде айтыңыз.
Ценопопуляцияның жыныстық құрылымы, ценопопуляцияның кеңістіктегі құрылымы жайлы жазыңыз.
Синэкологияның негізгі ұғымдары, биотоп және биоценозжөнінде айтыңыз.
Биоценоздағы биотикалық байланыстар, биоценоздағы түраралық қатынастар жайлы сипаттама беріңіз
Өсімдіктер қауымдастығы, өсімдіктердің сәйкестілігінің заңдылығын атап көрсетіңіз
Популяция гомеостазы туралы жазыңыз
Ценопопуляция динамикасы және оның түрлерін көрсетіңіз
Биоценоз және экожүйе түсініктерін сипаттап жазыңыз.
Ценопопуляцияның функционалдық құрылымын көрсетіңіз.
Популяцияның генетикалық құрылымы жайлы айтыңыз
Өсімдіктер қауымдастығының қалыптасуы, өсімдіктер қауымдастығы және биосфера түсінігіне сипаттама беріңіз
Өсімдіктер қауымдастығының классификациясы жайлы сипаттама жазыңыз
Өсімдіктер жамылығысын зерттегенде сирек кездесетін және реликт, эндемик өсімдіктер түрлерін анықтап көрсетіңіз
Друде және Браун-Бланке шкалалары және Раменский торы бойынша өсімдік жамылғысын сипаттаңыз
Реликт және эндемик өсімдіктер түрлерінің популяциясын зерттегенде есепке алынатын көрсеткіштерін атаңыз
Қызыл кітапқа енген өсімдік түрлері жағдайының негізгі проблемаларын атаңыз
Географиялық, экологиялық, фитоценотикалық кеңістіктегі өсімдіктер қауымдастығының қозғалғыштығын көрсетіңіз
Географиялық кеңістіктегі локальды популяциялар, ареалдардың қалыптасуы, типтері және дизъюнкциясын сипаттаңыз
Ареал типтері: тұтас, үзілмелі, ленталы жөнінде айтыңыз.
Экологиялық ареал және экологиялық амплитуда ұғымдарының мағынасын айтыңыз
Космополиттер, эндемиктер, реликтер оларға тән ерекшеліктерін көрсетіңіз
Ценопопуляция динамикасының түрлері (сукцессивті, флуктационды, сукцессия.) туралы жазыңыз
Өсімдіктердің экологиялық топтары және тіршілік формалары туралы жазыңыз
Экологиялық факторлардың организмге әсер етуі (оптимум ережесі) туралы жазыңыз
Төзімділік заңы жөнінде жазыңыз
Экологиялық тауша түсінігінің сирек кезедесетін өсімдіктер ерекшеліктерін түсіндірудегі маңызын көрсетіңіз
Раменский, Эленберг, Ландольт, Цыганова және Дидухтың ұсынған экологиялық шамаларының маңызын атаңыз
Популяцияның кеңістіктік құрылымы және экологиялық құрамы туралы түсінік жазыңыз
Экологиялық факторлардың ценопопуляция параметрлеріне әсерін атаңыз
Либихтің минимум заңы және Шелфордтың толеранттылық заңдарының маңызын атаңыз
Өсімдіктердің өсуі мен дамуы. Бәсекелестік реттеуші фактор ретінде популяциядағы дарақтар саны мен өлшемінің корреляциясын атаңыз
Түрішілік бәсекелестіктің популяция мен оның компоненттерінің өніміне әсерін көрсетіңіз
Өсімдіктер жамылғысының негізгі типтері. Экологиялық валенттілік және толеранттық индексін бағалау жасаңыз
Түрдің толеранттық индексін және толеранттылық топтарды анықтап көрсетіңіз
Топырақтағы өмір сүруге қабілетті тұқымдар және өсімдік түрлеріңің өмірлік стратегиясын көрсетіңіз
Популяцияның тұрақтылығы туралы айтыңыз
Локальды популяциялар туралы жазыңыз
Өсімдік ценопопуляцияларының ерекшеліктерін сипаттап жазыңыз
Өсімдіктер популяцияларының өзін-өзі тұрақтандыруы жайында айтыңыз
Өсімдіктер қауымдастығы және биосфера жөнінде айтыңыз
1Фитоценз, биоценоз, биогеоценоз және экожүйе ұғымдарына түсініктеме беріңіз. .
2. Фитонеоздың басты белгілері қандай, түсініктеме беріңіз. Мысал келтіріңіз
5. “Экожүйе” ұғымына түсініктеме беріңіз. Мысал келтіріңіз
Өсімдік бірлестігі немесе Фитоценоз — бірдей жағдайда өсетін және өзінің тіршілігі үшін күресетін өсімдік түрлерінің жиынтығы. Фитоценозға кіретін әр өсімдік, биологтялық және морфологиялық ерекшеліктеріне байланысты қоршаған ортаға өзінің белгілі бір әсерін тигізеді. Фитоценоз компоненттерінің бір біріне әсер етуі оның негізгі белгілерінің бірі болып табылады.Бұл белгі әлі фитоценоз ретінде қалыптаса қоймаған басқа өсімдік топтарынан фитоценоздың негізгі айырмашылықтарының бірі болып табылады.Өсімдік бірлестігінің құрамына мүктер, қыналар, микроскопты балдырлар кіреді. Олардың өздеріне тән құрылысы бар және сұрыптау нәтижесінде бір-бірімен және басқа организмдермен бірге белгілі бір жағдайда тіршілік ете алатын түрлерден құралады. Фитоценоз — ашық биология жүйе, яғни, адам мен гетеротрофты жануарларға қажетті органиктік зат өндірілетін биогеоценоздың негізгі бөлігі болып саналады. Фитоценоз зооценоз және микроценозбен бірігіп биоценоз құрады. Фитоценоздың қандай да бір өсімдігі өзіне қажетті ресурстарды (жарық, су, минералды қоректік заттар, т.б.) пайдаланып, тіршілік ортасын өзгертуінің нәтижесінде сыртқы ортаға зат алмасуға қажетті өнімдерді шығарады, топырақта және оның бетінде қурап қалған өсімдік қалдықтары ғана қалады. Бұл қалдықтар ерекше бір микроклиматтың құрылуына ықпал жасайды. Фитоценоз жыл бойына және жыл сайын өзгеріп тұрады. Бірлестіктегі басым өсімдіктерді доминантты түрлер болып есептеледі. Мысалы, қарағайлы орман, аршалы тоғай, талды жағалау т.с.с.Аз санды немесе сирек кездесетін өсімдік түрлері де бірлестіктің тұрақтылығында маңызы рөл атқарады. Олар неғұрлым көп болса, соғұрлым бірлестік тұрақты болады. Фитоценоздың алғашқы өнімдер органикалық заттардың негізгі массасын өндіреді. Өсімдік бірлестігінің маңызды белгілері - өсімдіктердің жер үсті және жер асты мүшелерінің бедеуленуі, яғни биіктіктері және тамырларының ұзындығы әр-түрлі болуында.
Өрттен кейінгі орман алқабы
Орман ішінде өздерінің тіршілік ету қалыптары бір-бірінен өзгеше болып келетін өсімдіктерден құралған бірнеше белдеу кездеседі. Жоғары белдеудегі өсімдіктердің бөрікбасы жарық сүйгіш, ортаңғы белдеудегі өсімдіктер жарықтың аз ғана мөлшерімен қанағаттанатын ұсақ ағаштар мен бұталардан құралады. Төменгі белдеуде көлеңкеге төзімді жартылай бұталар, қырыққұлақтар мен әр - түрлі шөптесін гүлді өсімдіктер болады. Бұлардың түбінде мүктер және саңырауқұлақтар өседі. Сор топырақты жерлерде сабақтары етті болып келетін шөпсораң өседі. Шөлді жердік топырағында әр түрлі өсімдік бірлестіктері қалыптасады.
Эфемерлер- көктемде және жаздың басында жеміс беріп, құрғақшылық кезде тұқымын қалдырып қурайтын бір жылдық өсімдіктер. Эфемероидтар - даму мерзімі қысқа көп жылдық өсімдіктер түрі. Олар жазғы құрғақшылыққа дейін гүлдеп, тұқым береді де, жер бетіндегі бөліктері қурап, топырақта түйнектері немесе пиязшықтары қалады. Белгілі бір жерде өсетін өсімдіктердің түр құрамын флора деп атайды. Өсімдік бірлестігінің алмасуына адамның іс-әрекеті үлкен әсер етеді. Мысалы, ағаштарды кесіп құртыуынан немесе орманның өртенуінен ормандағы ағаш тұқымдары ауысады. Егер орманның жоғары белдеуінің ағаштарын кессе, күн сәулесінің түсуі өзгергендіктен, орман бірлестігіндегі өсімдіктер жаңа бір бірлестікпен алмасады.
Фитоценоздың өзгеруі периодты және периодсыз түрде болады, яғни әр-түрлі жылдарда ылғалдың бірдей түспеуіне, жануарлар санының өзгеріп отыруына байланысты
Биоценоз (био... және гр. koіns — жалпы) — тіршілік жағдайлары азды-көпті біркелкі орта өңірін мекендейтін жануарлардың, өсімдіктер мен микроорганизмдердің жиынтығы[1]; Құрлықтың немесе судың белгілі бір бөлігін мекендейтін, сондай-ақ, өзара және тіршілік ортасының табиғат жағдайына бейімделген жануарлар, өсімдіктер, саңырауқұлақтар, микроорганизмдер жиынтығы; тірі ағзалар бірлестігі.
Биоценоз терминін неміс гидробиологы К. Мебиус ұсынған (1877). Биоценоз — биогеоценоз құрайтын организмдердің жиынтығы. Олар тіршілік үшін күрес, табиғи сұрыпталу, т.б. эволюция факторларының нәтижесінде қалыптасады. Биоценоз барлық организмдердің белгілі бір жер көлеміндегі биологиялық жиынтығы мен биологиялық өнімділігі және олардың құрылымы арқылы сипатталады. Биоценоздың кеңістік құрылымы бірдей емес түрлердің кеңістікте бір-біріне сәйкес орналасуын (мысалы, орман қабаттары), түрлік құрылымы бүкіл организмдердің түрлік құрамын және олардың құрамындағы жеке түрлердің сан мөлшерін, ал, қоректік құрылымы қоректік тізбектердің ерекшеліктерін білдіреді.[3] Табиғаттағы зат алмасу процесіне байланысты Биоценоздағы организмдерді 3 топқа бөледі:
1. продуценттер (өндірушілер);
2. консументтер (тұтынушылар);
3. редуценттер (ыдыратушылар).
Табиғи байлықты тиімді, ұқыпты пайдалану үшін Биоценозды жан-жақты зерттеудің маңызы зор
Биогеоценоз туралы түсінікті ғылымға енгңзген В.Н.Сукачев. Биогеоценоз (био..., гео... және гр. koіnos — жалпы) — тіршілік ету жағдайлары ұқсас, белгілі аумақта өсетін өзара байланысты түрлердің (популяциялардың) тыныс-тіршілік ортасы.
Биогеоценоз терминін 1940 ж. орыс ғалымы В.Н. Сукачев ұсынған. Ғылыми әдебиетте биогеоценозды экологиялық жүйе деп те атайды. Дара бастың зат алмасу және энергия қабылдау процестері биогеоценоз популяциялары арасындағы байланыстардың негізін құрайды. Қоректену әдісіне қарай барлық тірі организмдер автотрофты организмдер және гетеротрофты ағзалар болып бөлінеді. Биогеоценоздағы зат айналымы тіршіліктің пайда болу процесінде қалыптасып, тірі табиғат эволюциясының дамуы нәтижесінде күрделене түседі. Сондай-ақ, биогеоценозда зат айналымы болу үшін экожүйеде анорганикалық заттардан органикалық заттар түзетін және Күн сәулесінің энергиясын басқа түрге өзгертіп, сол органикалық заттарды пайдаланып, оларды қайтадан анорганикалық қосылыстарға айналдыратын организмдер болады.Биогеоценоздың негізін продуценттер, консументтер, редуценттер құрайды.
Биогеоценозды және онда өтіп жатқан процестерді сипаттайтын көрсеткіштер:
• түрдің алуан түрлілігі (осы биогеоценозды құрайтын өсімдіктер мен жануарлардың түрлерінің саны);
• популяция тығыздығы (бір түрдің аудан немесе көлем бірлігіне келетін дара бастар саны);
• биомасса.
Биогеоценоз 2-ге бөлінеді.
1. Табиғи биогеоценоз (тоған, орман, т.б.) — табиғи сұрыпталу нәтижесінде қалыптасатын өздігінен реттелетін күрделі де тұрақты биологиялық жүйе.
2. Жасанды биогеоценоз — түрлі агрономиялық әдістерді қолдану нәтижесінде алынған агроценоздар. Бұған қолдан жасалатын шалғындықтар, егістіктер мен жайылымдар, қолдан отырғызылатын ормандар жатады.
Экологиялық жүйе, экожүйе – тірі ағзалар жиынтығының қоректену, өсу және ұрпақ беру мақсатында, белгілі бір тіршілік ету кеңістігін бірлесе пайдалануының тарихи қалыптасқан жүйесі. Экожүйе құрамына организмдер де, табиғи орта да кіретін тірі табиғаттың негізгі функционалдық бірлігі болып табылады. Экожүйенің құрылымын энергияны трансформациялаудың үш деңгейі (консументтер, продуценттер, редуценттер) мен қатты және газ тәрізді заттар айналымы құрайды. Экологиялық жүйелер туралы ұғымға алғаш рет 30-ы жылдары А. Тенсли (1935) түсініктеме жазды. Ресейде осыған жақын биогеоценоз туралы ұғымға 1944 жылы Н. Сукачев (1880-1967) түсініктеме берді. Қазіргі кезде экологиялық жүйелер туралы үғымға белгілі бір аумақтағы тірі және өлі элементтердің жиынтығы жатады. Экологиялық жүйелер тірі организмдерден (биоценоздардан) және тіршілік ортасы — жанама (атмосфера) және биожанамадан (топырақ, су айдыны және т.б.) құралады. Экологиялық жүйелер кейде бір-бірінен жеке болса, кейде екі экологиялық жүйенің арасы бір-бірімен байланысып жатады. Экологиялық жүйенің мысалына көлдер, орман алқаптары және т.б. жатады. Экожүйелерден биомаларды ажырата білу керек, биомалар жоғарыда айтып кеткендей, белгілі бір географиялық аудандарындағы ауа райы және топырақ белдемдерінде кездесетін организмдердің едеуір ауқымды бірлестігі. Экожүйенің қасиеттері: оның құрамына кіретін өсімдіктер мен жануарлардың әрекеттеріне байланысты. Әр түрлі экожүйелерде өсімдіктің күн энергиясын, минералды заттар мен судың қорын пайдалануы әр түрлі мөлшерде жүреді. Биомасса мен энергияның ауысып, өзгеріп отыратын кездерінде тіршілік қорлары барынша толық пайдаланылатын экожүйелерді қаныққан деп, ал осы қорды толық пайдаланбайтын экожүйелерді қанықпаған деп атайды.Экологияның ең негізгі объектісі экологиялық жүйе, немесе экожүйе . Функциялық тұрақтылығы аз уақытқа созылса-да қарым -қатынаста болатын құраыштары бар кез келген бірлікті экожүйе деп атауға болады. Экожүйе деген терминді 1935 жылы бірінші рет ұсынған ағылшын экологі А. Тенсили. А Тенсили экожүйенің құрамына организмдерде абиотикалық орта да кіретін жер бетіндегі тірі табиғатынтың негізгі функциясының бірлігі деп есептеуі және оның әр бөлігінің екіншіне әсер ететіндігіне назар аударады. Былайша айтқанда экожүйе – зат айналымы мен энергия тасмалдануы жүретін табиғи бірлік. Экожүйеде зат айналымының жүруіне органикалық молекулалардың сінімділік түрде белгілі қоры және орагнизмнің үш функцияоналды әр түрлі экологиялық топтары: продуценттер, консументтер, редуценттер болуы керек.
3.Континиум теориясына түсініктеме беріңіз. Бұл жөнінде америкалық және орыс ғалымдарының көзқарасына тоқтаңыз.
Фитоценоздар арасында шекаралар болуы мүмкін, бірақ барлық ауысулар біртіндеп, білінбей жүреді. Бұл фитоценоздың айқындалуының қиындығын көрсетеді. Фитоценоздың бір типінен екінші типке өтуі – қоршаған ортаның экологиялық жағдайының біртіндеп өзгеру нәтижесі. Егер, кез-келген факторлардың өзгеру деңгейін (мысалы, тұздану, ылғалдану жағдайы) графикке келтірсе, онда оған өсімдік түрлерінің үйлестігінің біртіндеп өзгеруі сәйкес келеді. Осыдан кейін, Л.Г. Раменский өсімдік жабынының үздіксіздігі(Мәскеулік геоботаника мектебі) немесе континуум туралы ілім ретінде белгілі. Көптеген ғалымдар осы ілімге сүйеніп, фитоценоздың болуын мойындамайды. Л.Г. Раменский бойынша белгілі бір фитоценоздың шекараларының айқындалуы туралы сұрақтар шартты және осы фитоценоздың көрші фитоценозбен жақындығына ғана байланысты емес, сонымен қатар, жұмыстың мақсатты орналасуна да байланысты. Басқа сөзбен айтқанда екі фитоценоздың арасында шекара болмауы мүмкін, бұл әртүрлі жағдайға және зерттеу жүргізген әртүрлі ғалымдарға байланысты, бірдей болмайды.
Қазіргі таңда өсімдік жабынының үздіксіздігі туралы ілім әсіресе Америка ғалымдарының жұмыстарында кеңінен таралған: Х. Глизон (Glеаsоп, 1939), Д. Куртис (Curtis, 1955, 1958), Р. Уиттикер (Whittaker, 1953, 1956, 1960). Бұл концепцияны жақтаушылар фитоценоздарды (ассоциациялар, өсімдік бірлестіктері) табиғатта болмайтын шартты, абстрактты санатқа жатқызады.
Осыған байланысты фитоценоз арасындағы әртүрлі шекаралардың болуы үлкен мағынаға ие болады. Л.Г. Раменский, Т.А. Работнов (1967) және континуум теориясының басқа да жақтаушылары анық емес, біртіндеп өзгеретін шекаралар заңдылық болады деп санайды, ал кенет (резкий) өзгерістерді жоққа шығарады.
Басқа ілім өсімдік жабынының дискреттілігін жақтаушылары (Ленинград мектебі) – Л.Г. Раменский көзқарасына қарсы мысалы, В.Н. Сукачев, Г. Дюpьe ассоциациялар арасындағы шекаралар кенеттен өзгереді, бірақ баяу өзгеру де байқалуы мүмкін дейді.
Шын мәнісінде бұл екі теорияның да маңызы бар. Фитоценоздар арасындағы шекаралар сипаттамасы эдификатор өсімдіктердің тіршілік ортасына әсерін көрсетеді. Бір ценоздан екінші ценозға баяу ауысы, эдификатор қоршаған ортаны қатты өзгертпейтін жерлерде болады
4.“Биом” ұғымына түсініктеме беріңіз. Мысал келтіріңіз
Биом-(био... лат. omat, oma — жиынтық, жинақталған, біріккен деген мағынаны білдіретін жалғау) — белгілі бір ауданда немесе табиғи зонада мекендейтін өсімдіктер және жануарлар түрлерінің жиынтығы. (мысалы, тундра, қылқанжапырақты орманды алқап, т.б.) Бір сөзбен айтқанда биом -бір табиғи-климаттық аймақтың экожүйелерінің жиынтығы.
Яғни, биом-бұл өсімдіктер мен жануарлар осы жағдайларда өмір сүруге бейімделген белгілі бір климат тән ірі биожүйе. Бұл биосфераның ең ірі бөлімшелері. Әр түрлі ғалымдар 10-нан 30-ға дейінгі биомдарды бөледі. Мысалы: ірі құрлықтағы биомалармен. Биомалар бір-бірінен климат, ең алдымен, температура мен ылғалдылықпен ерекшеленеді. Жауын-шашынның (жаңбыр, тұман, қар) саны мен сипаты бойынша қандай биом туралы айтылып жатқандығын – орман, шөл немесе шабын туралы; ал, температура орман, шабын немесе шөл түрлерін анықтауға көмектеседі.
Попытки создания классификации экосистем земного шара предпринимались давно, однако удобной, универсальной классификации пока нет. Все дело в том, что из-за огромного разнообразия типов естественных экосистем, из-за их безранговости очень трудно найти тот единый критерий, опираясь на который, можно разрабатывать подобную классификацию.
Если отдельной экосистемой может быть и лужа, и кочка на болоте, и песчаная дюна с закрепившейся растительностью, то, естественно, подсчитать все возможные варианты кочек, луж и т.п. не представляется возможным. Поэтому экологи решили сконцентрировать внимание на крупных сочетаниях экосистем — биомах. Биом — крупная биосистема, которая характеризуется каким-либо доминирующим типом растительности или другой особенностью ландшафта, например биом лиственных лесов умеренного пояса.
По мнению американского эколога Р. Уиттекера, главный тип сообщества любого континента, выделяемый по физиономическим признакам растительности, — это и есть биом. Биом — это природная зона или область с определенными климатическими условиями и соответствующим набором доминирующих видов растений и животных (живое население), составляющих географическое единство. Для разграничения наземных биомов кроме физико-географических условий среды используют сочетания жизненных форм растений, их составляющих. Например, в лесных биомах ведущая роль принадлежит деревьям, в тундре — многолетним травам, в пустыне — однолетним травам, ксерофитам и суккулентам.
Основной признак, по которому выделяют биомы суши, — особенность растительности того или иного региона. Сходные биомы континентов объединяются в типы биомов. Продвигаясь с севера планеты к экватору, можно выделить девять основных типов сухопутных биомов. Кратко охарактеризуем их.
4. Степи умеренной зоны. Основные площади этого биома представлены азиатскими степями и североамериканскими прериями. Малая его часть расположена на юге Южной Америки и Австралии. Осадков недостаточно, чтобы здесь росли деревья.
но хватает, чтобы не допустить образование пустынь. Неравномерность выпадения осадков (от 250 до 750 мм в год) позволяет делить прерии от востока к западу Северной Америки на низкотравные (растения не выше полуметра), смешаннотравные (высота растений от 50 до 150 см) и высокотравные (травы достигают 3-метровой высоты). В Азии горы Алтая делят степи на западные (более сухие) и восточные.
Почти все степи распаханы и заняты посевами зерновых и культурными пастбищами. Почвы степей с высокими травами (главным образом злаки с обширной корневой системой) богаты гумусом (органическое вещество почвы), поскольку к концу лета травы погибают и быстро разлагаются. В прежние времена на обширных степных просторах паслись огромные естественные стада травоядных млекопитающих. Сейчас здесь можно встретить только одомашненных коров, лошадей, овец и коз. Из коренных обитателей следует назвать североамериканского койота, евразийского шакала, гиеновую собаку. Все эти хищники приспособились к соседству человека.
5. Растительность средиземноморского тина. Территории вокруг Средиземного моря характеризуются жарким засушливым летом и прохладной влажной зимой, поэтому растительность здесь представлена в основном колючими кустарниками и ароматическими травами. Распространена жестколистная растительность с толстыми и глянцевыми листьями. Деревья редко вырастают до нормального состояния.
Этот биом носит специфическое название - чапароль. Сходная растительность характерна для Мексики, Калифорнии, Южной Америки (Чили) и Австралии. В Австралии часто встречаются деревья и кустарники из рода эвкалипт. Из животных в этом биоме встречаются кролики, древесные крысы, бурундуки, некоторые виды оленей, иногда косули, рыси, дикие кошки и волки. Множество ящериц и змей, насекомых, особенно цикад. В Австралии в зоне распространения чапараля можно встретить кенгуру, в Северной Америке — зайцев и пум.
В этом биоме важную роль играют пожары, которые, с одной стороны, благоприятствуют травам и кустарникам (в почву возвращаются элементы питания), а с другой — создают естественный барьер на пути вторжения пустынной растительности.
6. Пустыни. Более 1/3 суши на нашей планете составляют неблагоприятные для жизни области — пустыни и полупустыни. Крупнейшая из них — Сахара (более 7 млн км2) почти равна площади Европы. Ежегодно ветер поднимает здесь от 60 до 200 млн т пыли, разнося ее далеко за пределы африканского континента.
Биом пустынь характерен для засушливых и полузасушливых зон Земли, где выпадает в год менее 250 мм осадков. Сахара, так же как пустыни Такла-Макан (Центральная Азия), Атакама (Южная Америка), Ла-Жойа (Перу) и Асуан (Ливия), относится к жарким пустыням. Однако есть пустыни, например Гоби, где в зимний период температура опускается до -20 °С.
Типичный пустынный ландшафт — обилие голого камня или песка с редкой растительностью. Поверхность обширной пустынной области Сахары только на 20 % занята песками, остальное — галька, скалы, камни и солончаки.
Пустынные растения относятся в основном к группе суккулентов — это различные кактусы и молочаи. Много однолетников. В холодных пустынях обширные площади заняты растениями, относящимися к группе солянок (виды из семейства маревых). Эти растения имеют длинную, разветвленную корневую систему, с помощью которой можно добывать воду с больших глубин.
Животные пустыни невелики, что помогает им во время жары спрятаться под камнями или в норах. Они выживают, поедая запасающие воду растения. Из крупных животных можно отметить верблюда, который долго обходится без воды, но чтобы выжить, вода ему необходима. А вот такие жители пустыни, как тушканчик и кенгуровая крыса, могут существовать без воды неопределенно долгое время, питаясь лишь сухими семенами.
6) Ценопопуляция құрылымы жөнінде айтыңыз
Ценотикалық популяция дегеніміз ол - түрдің тиісті фитоценозда өмір сүру формасы, оның осы жағдайда мекендеуге бейімделу формасы. Ол өсімдіктің тіршілік стратегиясын бейнелейді.
Ценотикалық популяцияның санын және құрамын анықтайтын өсімдіктің бейімделу қасиеттерінің ішіндегі маңыздылары мыналар:
1. тұқымдардың бірден өнбей және топыраққа көмілген ұзақ уақыт өмірге төзімділігін сақтау;
2. Жарықтың, минералды заттардың және судың жеткіліксіз жағдайында ұзақ ювенильдік және /немесе/ имматурлық күйінде қалу қабілеттілігі;
3. Ересек өсімдіктердің ұзақ уақыт өсіп жетілуге қолайсыз жағдайға шыдап, өлмей тек күйін өзгертіп сақталу қабілеттілігі.
Ценопопуляцияны құратын дербес организмдердің, жастық және тіршілік күйінің айырмашылықтарына байланысты, жер үсіндегі және жер астындағы мүшелерінің қуаттылығы, олардың биогоризонттарда орналасуы әртүрлі болады /мысалы, жер үстіндегі мүшелерінің биіктігі және тамырларының тереңдігі бірдей емес/. Өсіп жетілу жағдайының өзгерісіне дербес организмдердің жауабы әртүрлі болатынына байланысты, олардың экологиялық және биологиялық қасиеттері де бірдей болмайды.
Ересек өсімдіктерге қарағанда, жас өсімдіктер көлеңкеге шыдамды келеді. Кейбір өсімдік түрлерінде дербес организмнің жасының ұлғаюына байланысты олар тіршіліктің бір формасынан екінші формасына ауысады /мысалы, жатаған бидайық – Elytrigia repens (L) Nevski, Bromopsis inermis (Legs) Holub жас кезінде гемикриптифиттер, ал ересек кезінде – геофиттер/.
Түрдің ценопопуляциясының ерекшеліктері тек қана оның экологиялық және биологиялық қасиеттерімен ғана емес, сонымен қатар түр құрамына кіретін фитоценоздармен және ондағы түрдің алатын орнымен анықталады.
Ценопопуляция - айтарлықтай динамикалық құбылыс, ол құбылыс ценеопопуляциялар өмір сүретін фитоценоздардың жағдайларының өзгергіштігіне /бір жыл ішінде, жылдан жылға тағы с.с./ байланысты. Сондықтан ценопопуляциялардың жеке типтерінің ішінде олардың жастық, маусымдық, әр жылдық /флуктуациялық - фитоценоздың бір жаққа қарап бағытталмаған /он жылға дейін бұрынғы күйіне жақын жағдайға келіп тұратын өзгеріс/ және сукцессиялық /бір фитоценоз екінші фитоценозбен ауысады/ күйлерін ажыратуға болады. Сонымен, ценопопуляциялар фитоценоздардың құрамдық бөлігі болғандықтан, фитоценоздарға тән маусымдық, флуктуациялық, сукцессиялық өзгерістерді басынан кешіреді.
Ценопопуляцияның маусымдағы өзгергіштігі дербес организмдердің санының өзгеруімен және олардың жастық және маусымдық күйлерінің ауысуымен көрінеді. Бұл құбылысты бір жылдық өсімдіктерден ерекше көруге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |