жанартау деп атаған. Оның түрі көбінесе конусқа келеді.
Магманың жоғары көтерілетін өзегі вулканның көмейі деп аталады, көмей кратермен аяқталады. Газдар мен су буы, вулкан тозаңдары, орасан зор күл және атқылап шығатын тастар, магма сол кратер арқылы жер бетіне шығады. Вулканның күлі жарылыс кезінде түзелетін лаваның өте ұсақ бөлшектері болып табылады. Ауада суыған күлдің бір бөлігі таудың айналасына шөгіп, қыстақтарды басып қалады; келесі бөлігін жел жүздеген км қашықтыққа ұшырып әкетеді. Жерге шөккен вулкан жыныстарын тефра деп атайды. Тефраны қатып қалған лаваның сынықтары құрайды. Сынқтарын үлкендерін – таужанардың бомбалары, ал майдаларын – таужанар құмы, ал ең ұсақтары – күлі деп атайды.
Вулкан атқылаған кезде жер астында қатты гуіл естіледі, кейде жер сілкініп, жаңбыр жауады. Вулканнан шыққан газ бен су булары шыжып тұрған бұлттарды түзейді, ал толқын түрінде, жылдамдығы сағатына 40 км-ге, температурасы 1000°С-ге дейін жетеді. Лава ағынының температурасы 900-1000°С-қа дейін жетеді.
Мексиканың оңтүстігінде 1943 жылы жүгері егістігінде басталған вулкан 5 күнде 160 м тауды пайда етіп 1952 ж сөнді, ол кезде оның биіктігі 2800 м болған. Кавказ тауының ең биік шыңы Эльбурс сөнген вулкандар қатарына жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |