Портфолио «Байқау практикасы» Топ: 41 «БШ» Студент-практикант: Нуршаева А. М практика әдіскері: Садибекова С. С алматы 2021 ж



бет5/10
Дата27.03.2022
өлшемі0,71 Mb.
#136982
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Нуршаева Анеля. 10.12.2020

Ауа райы құбылыстары
Метеорологиялық сипаттағы табиғи ауыртпалықтарға қатты тұратын желді (жылдамдығы 25 м/с-тан биік), толассыз нөсер жауын шашынды (12 сағат арасында 50 мм немесе одан көп мөлшерде болса), ірі бұршақтың түсуін (бұршақтың көлденең мөлшері 20 мм және одан да үлкен), күшті қар жаууын (12 сағат арасында 20 мм немесе одан көп мөлшерде), қарлы борандарды (жел жылдамдығы 15 м/с көп болса), қақаған аязды немесе шыжыған аптап ауа-райын жатқызады.
Ауадағы желдің жылжуы үшін 12-баллдық Бофорт бағанасы анықталған. Дауыл зор қиратқыш күші бар және айтарлықтай ұзақ уақыт тұратын, жылдамдығы 32,6 м/с (117,3 км/сағ) асатын, яғни 12 баллды жел. Сондай-ақ, дауылдар деп Тынық Мұхиттың Орталық Америка маңайында пайда болатын тропикалық циклондарды айтады. Қиыр Шығыста, Үнді Мұхиттың аудандарында болатын тропикалық циклондарды тайфун деп атайды. Тропикалық циклондар желдің жылдамдығы көбіне 50 м/с асып тұрады. Циклондар мен тайфундар, әдетте, қарқынды жауын-шашынмен бірге жүреді, мұндай нәрселер жиі кездерде дауылды желдердің өздерінен де қауіпті болып келеді.
Егер дауылдан болған апат аумағындағы қиратуына салыстырмалы түрдегі кішігірім дауылды желдің территориясындағы қиратуды қоссақ, онда дауылдың ені жүздеген километрмен, кейде 1000 км-мен өлшенеді. Тайфундардың қирату жолы әдетте 15-45 км құрайды. Дауылдың орташа ұзақтығы 9-12 күн.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет