Постановление 2021 жылғы 27 ақпан №9 Нұр-Сұлтан қаласы город Нур-Султан Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы


Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде компьютерлік клубтарға, бильярд залдарына және боулингтерге қойылатын талаптар



бет4/7
Дата31.12.2021
өлшемі110,17 Kb.
#107247
түріПостановление
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
19da28fd17a44e5822e561f77f133e2b original.113004
14 Занятие , 99 Алла Есимдери, Студентті психологиялы портреті, постмодернизм, Археологиялық практика бойынша презентация тақырыптары
Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде компьютерлік клубтарға, бильярд залдарына және боулингтерге қойылатын талаптар


        1. Объектінің әкімшілігі infokazakhstan.kz сайтында міндетті түрде жұмыс істеу талаптарымен танысуды жүргізеді және тиісті келісімге қол қояды.

        2. Объектілердің қызметіне Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің қаулысына сәйкес жол беріледі. "Ashyq" мобильдік қосымшасын енгізу бойынша пилотқа қатысатын кәсіпкерлік субъектілері қызметін мынадай талаптарды сақтай отырып қамтамасыз етсін:

1) компьютерлік клубтар:

- компьютерлік клубтарға 18 және одан үлкен жастағы адамдар ғана жіберіледі;

- сары аймақта: толтырылуы 50%-дан артық емес, жұмыс режимі сағат 12.00-ден 24.00-ге дейін;

- жасыл аймақта: толтырылуы 75%-дан артық емес, жұмыс режимі сағат 12.00-ден 24.00-ге дейін;

2) боулингтер:

- сары аймақта: толтырылу 50%-дан аспаған кезде;

- жасыл аймақта: толтырылуы 75%-дан аспаған кезде,

3. Объектілердің қызметіне мынадай шарттар қамтамасыз етілген кезде жол беріледі:

1) объектіні ашу алдында дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, күрделі жинау жүргізу(оның ішінде жиһаздың, қабырғалардың және басқа да заттардың бетін дезинфекциялау құралдарымен жинау және өңдеу);

2) дене қызуы жоғары және/немесе инфекциялық ауру белгілері бар адамдарды жұмыс орнында болудан міндетті түрде шеттете отырып, байланыссыз тәсілмен дене қызуын өлшеуге арналған аспаптарды қолдана отырып, персонал мен келушілердің дене қызуын бақылау. Көрсетілген симптомдарболған кезде келушілерге қызмет көрсетуге жол берілмейді;

3) келушілерді әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып отырғызу (бильярд залында және боулингке келушілер арасында кемінде 2 метр не 1 келушіге 4 шаршы метр есебінен, компьютерлік залда үстелдер арасында кемінде 2 метр қашықтық сақталған кезде кемінде 2 метр);

4) міндетті түрде маскалар болған кезде персонал мен келушілерді объектіге кіргізу;

5) объектіні күзетуқызметі мен еріктілер қызметі келушілердің, қызметкерлердің маска киюін, сондай-ақ әлеуметтік қашықтықтың сақталуын міндетті түрде қадағалайды;

6) объектінің персоналы жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етіледі, персоналдың қолғапсыз, маскасызжұмыс істеуіне жол берілмейді;

7) жұмыс (ойын) орындарын, компьютерлік периферияны (тінтуір, пернетақта, кілемше, құлаққап), жанасатын беттерді, жиһаздарды құрамында спирті бар тазалағыш құралдармен әрбір келушіден кейін жинау және дезинфекциялау;

8) келушілердің қозғалысын бағыттау үшін еденге тиісті белгілер, қоршаулар мен тосқауыл ленталар қою арқылы әлеуметтік қашықтықты сақтау, адамдар жиналуы мүмкін жерлерге жол бермеу;

9) келушілерді хабардар ету мақсатында әкімшілік әлеуметтік қашықтықты ескере отырып, келушілерді орналастыру жоспарын әзірлейді және кіреберісте орналастырады;

10) келушілердің шотты төлеу кезінде байланыссыз аударымдар мен төлемдерді жүзеге асыруы үшін жағдай жасау, әрбір пайдаланғаннан кейін құрылғыны дезинфекциялау құралымен сүрту;

11) өндірістік бақылау журналына тіркей отырып, профилактикалық тексеру (сүзгілерді ауыстыруды, ауа өткізгіштерді дезинфекциялауды қоса алғанда) жүргізе отырып, желдету жүйелері мен ауаны баптау жүйелерінің үздіксіз жұмыс істеуі.

12) табиғи желдету болмаған жағдайда қоса берілген нұсқаулыққа сәйкес бактерицидті шамдарды немесе ауа рециркуляторларын пайдалана отырып, ауаны зарарсыздандыру ұсынылады. Кварц шамдарын пайдалану ережелерді қатаң сақтаған кезде, адамдар болмаған кезде, үй-жайларды міндетті түрде желдете отырып жүзеге асырылады. Ауа рециркуляторларын адамдардың қатысуымен пайдалануға рұқсат етіледі.

4. Объектінің меншік иесі:

1) санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтауға жауапты адам тағайындауды (температураны өлшеу, персоналға нұсқау беру, жеке қорғаныш құралдарын уақтылы ауыстыру, дезинфекциялау, жуу және антисептикалық құралдардың қажетті қорын қадағалау, нұсқама жүргізу журналын жүргізу, маскаларды, респираторларды, сулықтарды кәдеге жарату, жабдықтар мен мүкәммалды өңдеу, үй-жайларды жинау);

2) кіреберісте, ресепшенде, үй-жайдың әрбір залында және санитариялық тораптарда тері антисептигі бар санитайзерлерді орнатуды;

3) қызметкерлер арасында жеке/өндірістік гигиена және бақылау ережелерін сақтау, кварц шамдарын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік шаралары, олардың мүлтіксіз сақталуы туралы нұсқама өткізу;

4) ғимаратқа кіреберісте дезинфекциялық құралмен суланған дезинфекциялық кілемше орнатылады;

5) санитариялық тораптарды жеке гигиена құралдарымен (сұйық сабын, антисептиктер, дәретхана қағазы);

6) пайдаланылған маскалар мен қолғаптарды таңбаланған контейнерлерге (полиэтилен қаптар) орталықтандырылған жинау, одан әрі қатты тұрмыстық қалдықтар ретінде кәдеге жаратуды;

7) техникалық персоналдың (тазалаушының) жеке қорғаныш құралдарын (қолғап, медициналық маска) пайдалана отырып, арнайы киімде дезинфекция жүргізуін;

8) пайдаланғаннан кейін жинау мүкәммалын (шелектер, щеткалар, шүберектер)арнайы бөлінген орындарда тиісінше сақтауды;

9) әрбір 2 сағат сайын жұмыс орындарын және келушілерге арналған үй-жайларды желдетуді;

10) есік тұтқаларын, ажыратқыштарды, тұтқаларды, таяныштарды, жанасатын беттерді (жабдықтарды, мүкәммалды, үстелдерді, орындықтарды), жалпы пайдалану орындарын (киім ілетін орындарды, тамақ қабылдау, демалыс бөлмелерін, санитариялық тораптарды) міндетті дезинфекциялай отырып, өндірістік және тұрмыстық үй-жайларды күніне кемінде 2 рет вирулицидті әсер ететін құралдармен дезинфекциялай отырып, ылғалды жинауды жүргізуді;

11) үй-жайларды жинау, қызметкерлердің қолдарын өңдеу, тыныс алу органдарының ЖҚҚ үшін дезинфекциялық және жуу құралдарының азаймайтын (кемінде бес күндік) қорының болуын;

12) дезинфекциялау құралдарымен жұмыс істеуге денсаулық жағдайы бойынша қарсы көрсетілімдері жоқ кәмелетке толған адамдарды жіберуді;

13) дезинфекциялау құралдарын дайындаушының қаптамасында, балалардың қолы жетпейтін, арнайы бөлінген құрғақ, салқын және қараңғыланған жерде тығыз жабылған күйде сақтауды қатамасыз етуі қажет. Дезинфекциялау іс-шараларын жүргізу және кездейсоқ улану кезіндегі алғашқы көмек кезіндегі сақтық шаралары әрбір нақты дезинфекциялау құралы үшін оларды қолдану жөніндегі нұсқаулықтарда жазылған.

4. Бильярд залдары мен боулингтер үшін мынадай қосымша талаптарды сақтау қажет:

1) би алаңдарында жаппай би өткізуге жол берілмейді;

2) конкурстарды (өз үстелінен шықпай-ақ интерактивті іс-шаралардан басқа), ұжымдық (корпоративтік) іс-шараларды өткізуге жол берілмейді;

3) әлеуметтік қашықтық сақталған жағдайда Бас мемлекеттік санитариялық дәрігер қаулыларының талаптарына сәйкес бильярд және боулингтің жұмыс істеуіне рұқсат етіледі;

4) бильярд орындарының әкімшілігі ойын үстелдерін бір-бірінен кемінде 4 метр қашықтықта орналастыруды қамтамасыз етеді;

5) ойын мүкәммалы (кии, бильярдқа арналған шарлар, боулингке арналған шарлар және т.б.) әрбір ойын аяқталғаннан кейін құрамында спирт бар дезинфекциялау құралымен өңделеді.

6) бір ойын жолындағы боулерлердің бір мезгілде 6 адамнан артық болуына жол берілмейді;

7) фуд корт (тамақтану аймағы) ойын жолдары мен бильярд үстелдерінен бөлек орналасады.

Қазақстан Республикасының

Бас мемлекеттік

санитариялық дәрігерінің

2021 жылғы _27_ ақпандағы

№ ­­9_ қаулысына

3-қосымша

«Қазақстан Республикасының

Бас мемлекеттік

санитариялық дәрігерінің

2020 жылғы 25 желтоқсандағы

№ 67 қаулысына

45-қосымша




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет