Постановление 2021 жылғы 27 ақпан №9 Нұр-Сұлтан қаласы город Нур-Султан Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы


Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде ойын-сауық саябақтарының, аквапарктердің жұмысына қойылатын талаптар



бет5/7
Дата31.12.2021
өлшемі110,17 Kb.
#107247
түріПостановление
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
19da28fd17a44e5822e561f77f133e2b original.113004
14 Занятие , 99 Алла Есимдери, Студентті психологиялы портреті, постмодернизм, Археологиялық практика бойынша презентация тақырыптары
Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде ойын-сауық саябақтарының, аквапарктердің жұмысына қойылатын талаптар


          1. Объектінің әкімшілігі infokazakhstan.kz сайтында міндетті түрде жұмыс істеу талаптарымен танысуды жүргізеді және тиісті келісімге қол қояды.

          2. Объектілердің әкімшілігі ойын-сауық парктері мен аквапарктардың толтырылуын бейнебақылауды және Бас мемлекеттік санитариялық дәрігер қаулыларының белгіленген талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді.

          3. Кіре берісте персонал мен келушілердің дене температурасын байланыссыз тәсілмен өлшеуге арналған аппараттарды (электрондық, инфрақызыл термометрлер, тасымалданатын тепловизорлар) қолдана отырып бақылау, сондай-ақ қолды антисептикпен өңдеу.

          4. Жіті инфекция белгілері болған кезде келушілерге қызмет көрсетуге жол берілмейді. Персонал вирустық инфекцияның симптомдары болмаған кезде ғана жұмысқа жіберіледі.

          5. Кіреберісте, ойын-сауық аймақтарында, кассада және т. б. қолжетімді жерлерде тері антисептигі бар санитайзерлерді орнату.

          6. Еден белгілерін, шектегіштер мен тосқауыл ленталарын қою, сондай-ақ жабдықтардыкемінде 2 метр қашықтықты сақтай отырып, орналастыру арқылы келушілер, қызметкерлер арасында әлеуметтік қашықтықты қамтамасыз ету.

          7. Саябаққа кіру және шығу үшін келушілердің бөлек ағынын қамтамасыз ету.

          8. Қолды антисептиктермен жиі өңдей отырып, қызметкерлердің масканы міндетті түрде киюі.

          9. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті орган айқындаған жағдайларды қоспағанда, келушілердің масканы міндетті түрде киюі.

          10. Санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды (температураны өлшеу, персоналға нұсқау беру, жеке қорғану құралдарын уақтылы ауыстыру, дезинфекциялау, жуу және антисептикалық құралдардың қажетті қорын қадағалау, нұсқама жүргізу, маскаларды, респираторларды, сулықтарды кәдеге жарату, жабдықтар мен мүкәммалды өңдеу, үй-жайларды жинау) сақтауға жауапты адамды айқындау.

          11. Жауапты адамның мынадай: қызметкерлердің температурасын өлшеу, маска беру, дезинфекция жүргізужурналдарын жүргізуі.

          12. Объектілерде пайдаланылғанмаскалар мен қолғаптарды жинауға арналған ыдыстардың (урналардың) болуы.

          13. Профилактикалық тексеру, жөндеу, оның ішінде сүзгілерді ауыстыру, ауа өткізгіштерді дезинфекциялау жүргізе отырып, желдету жүйелері мен ауаны баптау жүйелерінің үздіксіз жұмыс істеуі, желдету режимін сақтау.

          14. Тұрмыстық үй-жайларды және ойын-сауық аймақтарын белгіленген жиілікке сәйкес бір күн ішінде вирулицидті әсер ететін құралдармен дезинфекциялай отырып және жұмыс аяқталғаннан кейін есік тұтқаларын, ажыратқыштарды, тұтқаларды, сүйеніштерді, жанасатын беттерді (жабдықтарды, мүкәммалды, орындықтарды, орындықтарды, үстелдерді, орындықтарды), ортақ пайдалану орындарын (киім ілетін орындарды, тамақ қабылдау, демалыс бөлмелерін, санитариялық тораптарды) міндетті дезинфекциялай отырып, ылғалды жинауды жүргізу.






    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет