Постановление 2021 жылғы 27 ақпан №9 Нұр-Сұлтан қаласы город Нур-Султан Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы



бет1/7
Дата31.12.2021
өлшемі110,17 Kb.
#107247
түріПостановление
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
19da28fd17a44e5822e561f77f133e2b original.113004


Қазақстан Республикасы

денсаулық сақтау министрлігі
БАС МЕМЛЕКЕТТІК САНИТАРИЯЛЫҚ ДӘРІГЕРІ



Министерство

здравоохранения

Республики Казахстан
ГЛАВНЫЙ ГОСУДАРСТВЕННЫЙ САНИТАРНЫЙ ВРАЧ
ҚАУЛЫСЫ ПОСТАНОВЛЕНИЕ

2021 жылғы 27 ақпан_ №_9_

Нұр-Сұлтан қаласы город Нур-Султан

Қазақстан Республикасының

Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің

қаулыларына өзгерістер мен

толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының халқы арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:



  1. «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы»Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 67 қаулысына (бұдан әрі - № 67 БМСДҚ) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1) № 67 БМСДҚ-ға 1-қосымшада 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қызметкерлер өндірістік қажеттілікке байланысты қашықтықтан жұмыс істеу нысанына ауыстырылады.».

2) № 67 БМСДҚ-ға 1-қосымшада 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Объектіге кіреберісте жіті респираторлық аурулардың белгілері жоқ адамдарды (дене температурасы 370-тен жоғары, жөтел, мұрынның ағуы) объектіге жібере отырып, қызметкерлер мен келушілергебайланыссыз термометрия жүргізу ұйымдастырылады.»;

3) № 67 БМСДҚ-ға 24-қосымша осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

4) № 67 БМСДҚ-ға 39-қосымша осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

5) № 67 БМСДҚ-ға 45-қосымша осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

6) № 67 БМСДҚ-ға 41-қосымшада 7, 8 және 13-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«7. Меншік нысанына қарамастан, тестілеуді өткізуге жіберуді және covid-19-ға материалдар алуды жүзеге асыратын АД, зертханалар мен медициналық ұйымдар осы қосымшада көрсетілген нысанға сәйкес зерттелетін адамның барлық деректерін толтыра отырып, ПТР әдісімен COVID – 19-ға зертханалық зерттеуге жолдаманы толтыруға және электрондық жолдаманы ҰСО Бірыңғай интеграциялық порталында (бұдан әрі - БИП) тіркеуді (рұқсат берілген сәттен бастап) қамтамасыз етуге міндетті.

8. Меншік нысанына қарамастан, ПТР әдісімен COVID-19-ға тестілеу жүргізуді жүзеге асыратын зертханалар мен медициналық ұйымдар 3 сағат ішінде оң нәтиже туралы хаттаманың көшірмесін және ұсынылған нысан бойынша есепті АД мен ДСБ-ға ұсынады.

13. ҰСО меншік нысанына қарамастан, covid-19-ға тестілеуді жүзеге асыратын зертханалар мен медициналық ұйымдардың зертханалық ақпараттық жүйелерін ҰСО БИП-мен интеграциялауды қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады және үйлестіреді.»;

5) мыналар алып тасталсын:



  • №67 БМСДҚ-ға 5-қосымшаның I бөлімі 11-тармағының 3-тармақшасы;

  • №67 БМСДҚ-ға 6-қосымшаның 5-тармағы;

  • № 67 БМСДҚ-ға 7-қосымшаның 2-тармағының 9-тармақшасы;

  • №67 БМСДҚ-ға 9-қосымшаның 1-тармағының 2-тармақшасы, 32-тармағы, 67-тармағы, 83-тармағы, 99-тармағы;

  • №67 БМСДҚ-ға 10-қосымшаның 2-тармағының 6-тармақшасы;

  • №67 БМСДҚ-ға 11-қосымшаның 13-тармағының 8-тармақшасы;

  • №67 БМСДҚ-ға 12 қосымшаның 12-тармағы;

  • №67 БМСДҚ-ға 14-қосымшаның 14-тармағы;

  • №67 БМСДҚ-ға 16-қосымшаның 2-тармағының 6-тармақшасы;

  • №67 БМСДҚ-ға 17-қосымшаның 2-тармағының 8-тармақшасы;

  • №67 БМСДҚ-ға 19-қосымшаның 9-тармағы;

  • №67 БМСДҚ-ға 20-қосымшаның 14-тармағы;

  • №67 БМСДҚ-ға 21-қосымшаның Iбөлімінің 3-тармағының 3-тармақшасы, II-бөлімінің 23-тармағы;

  • №67 БМСДҚ-ға 26-қосымшаның 21-тармағы.

  1. «Карантиндік шектеу шаралары және оларды кезең-кезеңмен жеңілдету туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 68 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін

1) 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының әкімдері, орталық мемлекеттік органдар, құқық қорғау және арнайы органдар:



  1. ойын-сауық іс-шараларын, көрмелерді, форумдарды, конференцияларды, сондай-ақ отбасылық, салтанатты, естелік іс-шараларды (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар), оның ішінде үйде және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шараларды өткізуге тыйым салуды;

  2. букмекерлік кеңселердің қызметіне тыйым салуды;

  3. кезекші топтарды қоспағанда, мектепке дейінгі балалар мекемелерінің қызметіне тыйым салуды;

  4. мерекелік корпоративтерді ұйымдастыру мен өткізуге тыйым салуды;

  5. балаларды сауықтыру лагерлерінің қызметіне тыйым салуды;

  6. ұлттық құрама, клуб командалары үшін спорттық жаттығуларға рұқсат беруді (30 адамнан артық емес, байланыссыз термометрия, спорттық базаларда тұру);

  7. қоғамдық көлікке, таксиге, әуежайларға, балалардың аула алаңдарына, азық-түлік және азық-түлік емес базарларға және басқа да қоғамдық орындарға санитариялық және дезинфекциялық өңдеу жүргізуді;

  8. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің актісіне сәйкес уақыты мен саны бойынша шектеу арқылы қаржы нарығы субъектілерінің қызметіне рұқсат беруді;

9) 2020-2021 оқу жылының үшінші тоқсанында мынаған:

– оқушылар саны 300-ге дейін контингенті бар, сыныптардағы балалар саны 15-ке дейін болатын қалалық және ауылдық мектептерде дәстүрлі форматта оқытуға;

– 2021 жылғы 1 наурыздан бастап жалпы білім беретін мектептерде 1-ден 5-сыныпқа дейін қоса алғанда, халықаралық мектептерде 1-ден 7-сыныпқа дейін қоса алғанда аралас оқытуға;

– оқу бітіретін сыныптар (9, 11 (12) сыныптар) үшін аптаның 6 күні ішінде аралас оқытуға: пәндердің 70%-ы штаттық режимде, 30%-ы қашықтықтан оқытуға (сыныпта 15 адамнан артық емес, әлеуметтік қашықтықты сақтау, 1 сынып - 1 кабинет қағидаты бойынша оқыту, бір уақытта мектепте жобалық қуаттың 30%-дан аспайтын адамның болуы, санитариялық-дезинфекциялық режимді, маска режимін күшейту) ;

– білім беру мекемесі әкімшілігінің шешімі бойынша сабақтан тыс уақытта 15 адамнан аспайтын топтарда оқушыларды жеке оқытуға рұқсат беруді;

10) колледждер мен жоғары оқу орындарының I курс студенттері үшін екінші семестрден бастап штаттық оқуға рұқсат беруді;

11) маска режимін және кемінде 2 метр қашықтықты сақтай отырып, 15 адамнан аспайтын жеке және ұйымдасқан топтар үшін ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға (мемлекеттік ұлттық табиғи парктерге, қорықтарға, резерваттарға және басқаларға) баруға рұқсат беруді;

12) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес алгоритмді сақтай отырып, көзбе-көз режимде кеңестер (отырыстар) өткізуге рұқсат беруді (оларды қашықтықтан өткізу мүмкіндігі болмаған кезде);

13) өңірлердегі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығы» және «Бөбек» ұлттық ғылыми-практикалық білім беру және сауықтыру орталығы» РМҚК қызметіне рұқсат беруді;

14) арнайы, мамандандырылған ұйымдардың, ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға арналған арнайы мектеп-интернаттардың (оның ішінде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балаларға арналған), жалпы үлгідегі мектеп-интернаттардың, дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттардың) қызметіне рұқсат беруді;

15) бір мезгілде 30 адамнан артық емес жинала отырып, күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтаған жағдайда облыстық командаларды даярлау үшін оқу-жаттығу жиындарын қайта бастауға рұқсат беруді;

16) осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес өлшемшарттар негізінде әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметін шектеуді қамтамасыз етсін. Бұл ретте күшейтілген карантиндік шаралар қабылданғаннан кейін кемінде 7 күн сақталады. Карантиндік шараларды жеңілдету сары немесе жасыл аймаққа көшкеннен кейін 2 аптадан ерте жүргізілмейді;

17) ҚР БМСД №67 қаулысына 46-қосымшаның талаптарын сақтай отырып, білім беру объектілеріндегі қоғамдық тамақтандыру объектілерінің қызметіне рұқсат беруді қамтамасыз етсін.»;

2) қаулыға 3-қосымшадағы 4-тармақтың 2-тармақшасындағы «респираторлық үлгідегі» деген сөздер алып тасталсын;

3) 1-қосымша осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

4) 4-қосымша осы қаулыға 5-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

3. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

4. Осы қаулы 2021 жылғы 1 наурыз сағат 00-ден бастап күшіне енеді.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет