Постановлением акимата Акмолинской области от 9 января 2015 года № а-1/20 «О лимитах штатной численности местных исполнительных органов районов, городов Кокшетау и Степногорска»


-тарау. Тестілеу нәтижелеріне шағым жасау тәртібі



бет28/35
Дата09.06.2020
өлшемі366 Kb.
#63301
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   35

6-тарау. Тестілеу нәтижелеріне шағым жасау тәртібі


      38. Үміткерлердың Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеу нәтижелері бойынша шағымдарын қарастыру және олардың құқықтарын қорғау мақсатында уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінде апелляциялық комиссиялар құрылады.

      39. Апелляциялық комиссияның төрағасы және құрамы уәкілетті орган басшысының немесе оның аумақтық бөлімшелерінің бұйрығымен бекітіледі.



      Апелляциялық комиссияның құрамына бақылаушы ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері қосылуы мүмкін.

      40. Апелляциялық комиссияның жұмысын апелляциялық комиссияның төрағасы, немесе апелляциялық комиссияның төрағасы болмағанда төрағаның орынбасары басқарады.



      Апелляциялық комиссияның іс-қағаздарын жүргізу уәкілетті орган басшысының немесе оның аумақтық бөлімшелерінің бұйрығымен тағайындалатын хатшымен жүзеге асыралады.

      41. Аумақтық бөлімшелердің апелляциялық комиссиясы тестілеу бағдарламаларында көрсетілген Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеудің төмен нәтижесін алған "Б" корпусының лауазымына үміткерлердан апелляцияға шағымдарын қабылдайды және қарастырады.

      42. Апелляцияға кандидаттан келесі шағымдар қабылданады:

      1) нақты сұрақтардың қисындығына шағымдану;

      2) техникалық ақаулықтарға сілтеме жасап, тестілеу нәтижелеріне шағымдану;

      3) тестілеу қағидаларын бұзу туралы актіге шағымдану;

      4) тестілеудің қалыпты барысына кедергі болған жағдайларға сілтеме жасап, тестілеу нәтижелеріне шағымдану.

      43. Осы Қағидалардың 1 және 4-қосымшаларында көрсетілген Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеуде мәндерден төмен нәтиже алған үміткерлердан 12-қосымшаға сәйкес нысандағы апелляцияға шағым апелляциялық комиссия төрағасының атына жеке беріледі. Апелляцияға шағым тестілеуден өткен күннен кейін 10 (он) күнтізбелік күн ішінде қабылданады және апелляциялық комиссияның отырысында апелляциялық комиссиямен айқындалған кестеге сәйкес қарастыралады.



      Апелляциялық комиссияның отырысы түскен шағымдардың санына байланысты өткізіледі.

      44. Апелляциялық комиссияның отырысында апелляцияға шағым берген үміткерлердың тестілеудің толық нәтижелері қарастырылады.



      Тестілеудің толық нәтижелері өзіне үміткердің дұрыс жауап бермеген тест тапсырмалары және оның жауап нұсқасы қосады.

      45. Апелляцияға шағым берген үміткерлердың тестілеудің толық нәтижелері апелляциялық комиссияға Орталықпен сұрау бойынша ұсынылады.



      Бұл ретте, тестілеудің толық нәтижелері "Қызмет бабында пайдалану үшін" белгісімен ресімделеді және үміткерлерға тек танысу үшін беріледі.

      46. Апелляциялық комиссияның шешімі комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілік дауысымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда, төрағаның дауысы шешуші болып табылады. Апелляциялық комиссияның шешімдері екі данада жасалуы және осы отырысқа қатысқан апелляциялық комиссияның барлық мүшелерімен қол қойылуға тиіс хаттамалармен ресімделеді. Апелляциялық комиссияның отырысы хаттамасының екінші данасы Орталыққа жіберіледі және бір жыл ішінде сақталады.



      Апелляциялық комиссияның шешімі мүшелердің жалпы санының кемiнде үштен екiсi қатысқан жағдайда құқылы болады.

      47. Апелляциялық комиссия апелляцияға берілген шағымды қарастыру нәтижесі бойынша екі шешімнің бірін қабылдайды:

      1) апелляцияны қанағаттандырусыз қалдыру;

      2) үміткердің апелляциясын қанағаттандыру және оны тестілеуді қайта тапсыруға жіберу.



      Бұл ретте, үміткер Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеуді қайта тапсыруға бір рет қана жіберіледі.

 

Мемлекеттік әкімшілік
қызметшілерді, мемлекеттік 
әкімшілік лауазымдарға
орналасуға үміткерлерді
тестiлеуді ұйымдастыру,
бағдарламалары мен
қағидаларына 1-қосымша

      1. Каталог: sites -> akkol.akmo.gov.kz -> uploads
        sites -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
        sites -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
        sites -> Жамбыл атындағы Мемлекеттік жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
        sites -> Қызылорда облысының жер – су атаулары қызылорда, 2013 жыл сыр елі қызылорда облысы
        sites -> ОҚу курсының каталогы 050117 қазақ тілі мен әдебиеті
        sites -> Өмірбаяндық деректеме
        sites -> Жиырма үш жыл бір ғұмыр
        uploads -> 1. Ақкөл аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің 2016 жылғы атқарған жұмыстарының қорытынды талдауы
        uploads -> Ақмола облысы Ақкөл ауданы сайлау учаскелерінің шекаралары, учаскелік комиссияларының орналасу орындары мен құрамдары туралы хабарлама


        Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет