Постановлением акимата Акмолинской области от 9 января 2015 года № а-1/20 «О лимитах штатной численности местных исполнительных органов районов, городов Кокшетау и Степногорска»


"А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне алуға үміткерлерды Қазақстан Республикасы заңнамасын білуге арналған тестілеу бағдарламалары



бет29/35
Дата09.06.2020
өлшемі366 Kb.
#63301
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   35

"А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне алуға үміткерлерды Қазақстан Республикасы заңнамасын білуге арналған тестілеу бағдарламалары


      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 31.05.2017 № 115 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне алуға үміткерлерды Қазақстан Республикасы заңнамасын білуге арналған тестілеу екі бағдарламадан тұрады:

      1) бірінші бағдарлама "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметі лауазымдарынының (бұдан әрі – "А" корпусының лауазымдары) бірінші, екінші және үшінші санаттарына арналған және Қазақстан Республикасының Конституциясын (10 сұрақ), "Қазақстан Республикасының Президенті туралы" (10 сұрақ), "Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы" (10 сұрақ), "Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" (10 сұрақ) конституциялық заңдарын, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы"(10 сұрақ), "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы"(10 сұрақ), "Әкімшілік рәсімдер туралы" (10 сұрақ), "Құқықтық актілер туралы" (10 сұрақ), "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы" (10 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын) (10 сұрақ) білуге арналған тестерді қамтиды.

      Бірінші бағдарлама бойынша тестерді орындау үшін жалпы уақыт 90 минутты құрайды.

      2) екінші бағдарлама "А" корпусы лауазымдарының төртінші санатына арналған және Қазақстан Республикасының Конституциясын (10 сұрақ), "Қазақстан Республикасының Президенті туралы" (10 сұрақ), "Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" (10 сұрақ) конституциялық заңдарын, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" (10 сұрақ), "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" (10 сұрақ), "Әкімшілік рәсімдер туралы" (10 сұрақ), "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы" (10 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын) (10 сұрақ) бiлуге арналған тестерді қамтиды.

      Екінші бағдарлама бойынша тестерді орындау үшін жалпы уақыт 75 минутты құрайды.



      2. "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне алуға үміткерлер үшін тестілеуді өту мәні әрбір нормативтік құқықтық актілер бойынша мүмкін болған 10 жауаптан кем дегенде 7 дұрыс жауапты құрайды.

 

Мемлекеттік әкімшілік
қызметшілерді, мемлекеттік
әкімшілік лауазымдарға
орналасуға үміткерлерді
тестiлеуді ұйымдастыру,
бағдарламалары мен
қағидаларына 2-қосымша

 

Нысан

      Қазақстан Республикасының

      Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас

      жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі

      ____________________________________

      тел._________________________________

      эл. мекенжайы _______________________
      1. Өтініш


      Мені "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің мемлекеттік тіл мен

      заңнаманы білуге ____ бағдарламасы және жеке қасиеттерді бағалаудың ____ бағдарламасы

      бойынша тестілеуге жіберуіңізді сұраймын.

      Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді, мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға

      орналасуға үміткерлерді тестiлеуді ұйымдастыру, бағдарламалары мен қағидаларының

      негізгі талаптарымен таныстым, келісемін және оларды орындауға міндеттенемін.

      Тестілеу өту мекенжайы: ______________.

      Тестілеу өтуді қалаған күні: _________.

      Тестілеу өтуді қалаған уақыты: _______.

      "___" ___________________ 20 __ ж.

 

Мемлекеттік әкімшілік
қызметшілерді, мемлекеттік 
әкімшілік лауазымдарға
орналасуға үміткерлерді
тестiлеуді ұйымдастыру,
бағдарламалары мен
қағидаларына 3-қосымша

 

Нысан
      1. ҚОЛХАТ


      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 31.05.2017 № 115 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға үміткердің

      ___________________________________________________________ өтініші қабылданды.

      (тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда))

      Тестілеу өту күні: __________________________________________________________

      Тестілеу өту уақыты: ________________________________________________________

      Тестілеу өту мекенжайы: ____________________________________________________

      Тестілеу бағдарламасы: _____________________________________________________

      Тестілеу бағдарламасында көзделген құқықтық актілер:

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      Ескертпе: Қазақстан Республикасы заңнамасын білуге арналған тестiлеуден өту кезiнде

      шектi мәннен төмен баға алған "Б" корпусының лауазымына үміткерлер қайта тестілеуді

      алдыңғы тестілеу өткізілген күннен бастап бір айдан кем емес мерзімнен кейін өтеді.

      Мемлекеттік қызмет істері жөнiндегi уәкiлеттi органның автоматтандырылған

      тестілеуді өтуге тіркеу жүйесімен "электрондық үкімет" порталы арқылы берілді.

      "___" ___________________ 20 __ ж.

 

Мемлекеттік әкімшілік
қызметшілерді, мемлекеттік
әкімшілік лауазымдарға
орналасуға үміткерлерді
тестiлеуді ұйымдастыру,
бағдарламалары мен
қағидаларына 4-қосымша
      1. "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға үміткерлерды Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамаларын білуге арналған тестілеу бағдарламалары


      "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға үміткерлерды Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамаларын білуге арналған тестілеу үш бағдарламадан тұрады:

      1) бірінші бағдарлама А-1, А-2, А-3, А-4, А-5, В-1, В-2, В-3, В-4, С-1, С-2, С-3, С-О-1, С-О-2, C-R-1, D-1, D-2, D-3, D-О-1, D-О-2, Е-1, Е-2 санаттарына арналған және келесіні қамтиды:



      Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін білуге арналған тест (20 сұрақ), ұзақтығы 20 минут;

      Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), "Қазақстан Республикасының Президенті туралы" (15 сұрақ), "Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының конституциялық заңдарын, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" (15 сұрақ), "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" (15 сұрақ), "Әкімшілік рәсімдер туралы" (15 сұрақ), "Құқықтық актілер туралы" (15 сұрақ), "Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы" (15 сұрақ), "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын) (10 сұрақ) бiлуге арналған тестер.

      Бірінші бағдарлама бойынша тестілеуді өту мәндері барлық нормативтік құқықтық актілер бойынша сұрақтардың жалпы санынан (145 сұрақ) кем дегенде 102 дұрыс жауапты және әрбір нормативтік құқықтық актілер бойынша кем дегенде 5 дұрыс жауапты құрайды.

      Бірінші бағдарлама бойынша Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге арналған тестерді орындау үшін жалпы уақыт 115 минутті құрайды.

      2) екінші бағдарлама B-5, B-6, C-4, C-5, С-О-3, C-O-4, C-O-5, C-O-6, C-R-2, C-R-3, C-R-4, D-4, D-5, D-О-3, D-O-4, D-O-5, D-O-6, E-3, E-R-1, E-R-2, E-R-3, E-G-1, E-G-2 санаттарына арналған және келесіні қамтиды:



      Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін білуге арналған тест (20 сұрақ), ұзақтығы 20 минут;

      Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), "Қазақстан Республикасының Президенті туралы" (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының конституциялық заңы, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" (15 сұрақ), "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" (15 сұрақ), "Әкімшілік рәсімдер туралы" (15 сұрақ), "Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы" (15 сұрақ), "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" (15 сұрақ), "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын) (10 сұрақ) бiлуге арналған тестер.

      Екінші бағдарлама бойынша тестілеуді өту мәндері барлық нормативтік құқықтық актілер бойынша сұрақтардың жалпы санынан (130 сұрақ) кем дегенде 78 дұрыс жауапты және әрбір нормативтік құқықтық актілер бойынша кем дегенде 5 дұрыс жауапты құрайды.

      Екінші бағдарлама бойынша Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге арналған тестерді орындау үшін жалпы уақыт 105 минутті құрайды.

      3) үшінші бағдарлама C-R-5, E-4, E-5, E-R-4, E-R-5, E-G-3, E-G-4 санаттарына арналған және келесіні қамтиды:



      Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін білуге арналған тест (20 сұрақ), ұзақтығы 20 минут;

      Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" (15 сұрақ), "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" (15 сұрақ), "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" (15 сұрақ), "Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы" (15 сұрақ), "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын) (10 сұрақ) бiлуге арналған тестер.

      Үшінші бағдарлама бойынша тестілеуді өту мәндері барлық нормативтік құқықтық актілер бойынша сұрақтардың жалпы санынан (100 сұрақ) кем дегенде 50 дұрыс жауапты және әрбір нормативтік құқықтық актілер бойынша кем дегенде 5 дұрыс жауапты құрайды.

      Үшінші бағдарлама бойынша Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге арналған тестерді орындау үшін жалпы уақыт 85 минутті құрайды.

 

Мемлекеттік әкімшілік
қызметшілерді, мемлекеттік
әкімшілік лауазымдарға
орналасуға үміткерлерді
тестiлеуді ұйымдастыру,
бағдарламалары мен
қағидаларына 5-қосымша

 

Нысан


      1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет