Бұлшық ет күшін зерттеу әдістемесі
|
Дәрігер бұлшық еттердің белсенді қимыл мөлшерін анықтау кезінде олардың жиырылу күшін көрсетеді. Сырқат адам қимыл әрекеттерін белгілі бір бағытта өзгертіп , мысалы қолын бүгіп немесе жазып , жұдырығын түйіп т.б. отырады да сол қалпында бар күшімен дәрігердің осы қозғалысты күшпен өзгертуіне қарсылық білдіреді. Айталық , шынтақтан бүгілген қолдың қарсылығын жазу үшін дәрігер сырқаттың шынтағын сыртынан ұстап , күшпен жазуға тырысады.
Русецкий сыны. Екі қол ұшы бір мезетте белсенді түрде жазылса, әлсізденген қолдың ұшы өзінен-өзі ақырындап бүгіле береді.
|