Температуралық сезімталдықты зерттеу әдістемесі
|
Температура сезімталдығын тексеру үшін дәрігер екі пробиркаға бірдей етіп су құяды. Олардың біреуінде 40°С, екіншісінде 20°С су болады. Осы пробиркалардың түбін науқастың аяқ-қолының симметриялы аймақтарына тигізіп шығады. Науқас қандай температураны сезінгенін айтып отырады. Ыстық - суықты шектен тыс сезіну – термогиперестезия; Ыстық – суықты сезінбеу – термоанестезия.
|