Жоғарғы Барре сыны. Сырқат екі қолын алға созып, 1-2 минуттай көзін жұмып тұрса, әлсіреген қол өзінен-өзі бүгіле бастайды (В).
Барренің саусақ сыны. Әлсіреген қолдың саусақтарын бірінен-бірін белсенді түрде жазып ажырату қиын болады.
Вендерович сыны. Сырқат шынашағын қозғалтуға әрекеттенген дәрігер ықпалына қарсылық жасай алмайды.
|
Есеп №18
Науқас тағам қабылдаған кезде жұтынуының бұзылуына, дауысының қарлығуына, жүрісінің бұзылуына шағымданады.
Объективті қарап тексеру кезінде: бетінің оң жағында және денесінің сол жағында беткей сезімталдықтың төмендеуі (температуралық және ауырсыну) анықталады. Терең сезімталдық сақталған; гипофония, жұмсақ таңдай қозғалысының шектелуі, оң жақта жұтқыншақ рефлексінің болмауы анықталды.
Достарыңызбен бөлісу: |