Тәжірибелік манипуляциялар
|
Манипуляцияны орындау кезектілікпен, коммуникативті компе тенцияларды ескере отырып дұрыс орындады
|
Температуралық сезімталдықты зерттеу әдістемесі
|
Температура сезімталдығын тексеру үшін дәрігер екі пробиркаға бірдей етіп су құяды. Олардың біреуінде 40°С, екіншісінде 20°С су болады. Осы пробиркалардың түбін науқастың аяқ-қолының симметриялы аймақтарына тигізіп шығады. Науқас қандай температураны сезінгенін айтып отырады. Ыстық - суықты шектен тыс сезіну – термогиперестезия; Ыстық – суықты сезінбеу – термоанестезия.
|
Ауру сезімталдықты зерттеу әдістемесі
|
Ауырсыну сезімталдығын тексеру үшін дәрігер түйреуіш ұшымен бастың, дененің, қол-аяқтың терілеріне симметриялы түрде тигізіп шығады. Егер түйреуішпен түрткен кезде, «өткір», «тұтқыр» немесе «өте өткір» деп білдіртіп отырады. Ауырсынудың шамадан тыс сезілуі – гипералгезия; Ауырсыну сау жағымен салыстырғанда аз ғана сезілсе – гипалгезия; Ауырсынудың сезілбеуі – аналгезия.
|
Буын-бұлшық еттік сезімді зерттеу әдістемесі
|
Бұлшықет-буын сезімталдығын тексеру үшін науқастың қол – аяғының буындарын бүгіп, жазып, екі жағын қарай қайырып байқайды. Тексеру саусақ ұштарынан басталады. Қай саусақты , қай буынды істеп отырмын деп сұрау қажет
|
Жұтыну рефлексін зерттеу әдістемесі
|
Ширатылған қағаз түтікті немесе шпатель арқылы көмейдің түбіне тигізіп, жұтқыншақ рефлексін, содан кейін жұмсақ таңдайға тигізіп , жұмсақ таңдай рефлексін тексереді. Бұл жағдайда жұмсақ таңдай жоғары көтеріледі, жұтқыншақ бұлшықеттері жиырылады.
|
Салмақ сезімталдығын зерттеу әдістемесі
|
Салмақты сезіну. Дәрігер науқастың екі қолын алдына созғызып, алақанна әр түрлі салмақтағы таразы тастарын қойып байқайды. Қалыпты жағдайда салмақтың 20-25г дейін айырмашылық байқалады.
|
Барлығы
|
|