БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ МЕН ТАПСЫРМАЛАР
1.Үздіксіз білім беру жүйесі туралы түсінік.
2. Үздіксіз білім берудің қоғамдық мәні.
3. Үздіксіз білім беру құндылық ретінде.
4. Мотивация ұғымының мәні
5. Үздіксіз білім берудің когнитивтік компоненті.
5-лекция
Педагогикалық кәсіптің жалпы сипаттамасы
Қысқаша мазмұны:
Педагог іс-әрекетінің миссиясы мен қызметі. Педагог ұғымына сипаттама. Педагог іс-әрекетінің негіздері. Педагог қызметінің көрсеткіштеріне түсінік. Педагог қызметінің компоненттері.
Педагогикалық іс-әрекеттің ерекшеліктері. Педагогикалық іс-әрекеттің сипаттамасы. Педагог қызметінің ерекшеліктері. педагогикалық іс-әрекет компоненттері.
Педагог тұлғасына қойылатын талаптар. Педагог тұлғасына сипаттама. Педагог іс-әрекетінің мақсаты. Педагогтың кәсіби маңызды қасиеттері. Педагогикалық әдеп мәні. Педагогтың шығармашылық іс-әрекеті. Педагогтың танымдық процесстері.
Педагогикалық кәсіп және мамандық. Педагогикалық кәсіпке сипаттама. Мамандық туралы түсінік. Мамандықты зерттеу мәселелері. Мамандықты жіктеу.
Сөз ата-ана ретінде барлық ересектер айналысатын жалпы педагогикалық қызмет туралы емес, оқыту және тәрбие беру жұмысымен айналысатын кәсіпқой педагогтың жұмысы туралы болмақ. Бұл сөздің бастапқы түсінігі біршама өзгерістерге ұшыраған. Сөзбе сөз ежелгі грек сөзінен аудармасы педагог- бұл баланы жетектеуші, яғни баланы мұғалімге апаратын құл, оның жетекші дегенді білдіреді. Педагог сөзінде мағынасы ұқсас бірнеше синонимдер бар: тәрбиеші, жетекші, мұғалім. Соңғысына толық тоқталайық. Мұғалім сөзін тар мағынада да кең мағынада да түсіндіруге болады. Кең мағынада бұл адамдарға зор ықпал ететін беделді парасатты адам. Мұғалім деп,
ғылым, әдебиет, өнер саласында өз мектебін ашқан адамдарды атайды. Бұл мәртебелі атақты 2\ да мәдениет қайраткерлерінің толық құқы болған.
Бұл сөз тар мағынада біздің балаларымызды оқытатын және сол арқылы халықтың рухани дамуына зор үлес қосатын кәсіби білікті мамандарға және ересек адамдарды оқытатын адамдарға қатысты айтамыз.
Әрбір өскелең ұрпақ өмірге бейімделе келе, ғылыми білімде, моральда, салт-дәстүрде, әдет-ғұрыптарда, еңбек тәсілдері мен амалдарында көрсетілген алдыңғы ата-бабалардың жалпы үлгілі тәжірибесін меңгерулері тиіс. Педагогтың әлеуметтік мақсаты өзінде осы тәжірибені жинақтап, жинақталған күйінде өз шәкірттеріне берумен түсіндіріледі. Тәрбие берудің қазіргі деңгейіндегі тәрбиеші өткен мен келешектің арасында өзін қажетті буын ретінде сезінеді-деп жазады К.Д.Ушинский. Мұғалім өзінің әрбір оқушысының жеке тұлғасының қалыптасу процесін басқарады, және қоғамның даму перспективасын анықтайды.
Мұғалім мамандығы - қоғамдағы ең ежелгі, маңызды және беделді мамандықтардың бірі. Ол құл иеленушілік қоғамында мектеп пайда болған кезде, яғни б.д.д. 4-5 ғғ. пайда болған. Рулық қоғамда мұғалімдердің ролін ақсақалдар, беделді, парасатты және сыйлы адамдар атқарған. Әрбір дәуір өздерінің әйгілі педагогтарын шығарған. Бұлар Қытайда Конфуций, Афинада Сократ, Орта ғасырлық Еуропада Коменский, Швейцарияда Песталоцци, орыс педагогтарының ұстазы Д.Ушинский, және біздің отандастарымыз Л.Н.Толстой, С.С.Макаренко, В.А.Сухомлинский. Бұлардың барлығы адамзат тарихында өшпес із қалдыра отырып, өздерінің педагогтық қажырлы еңбектерін сарп ете отырып, өз жүректерінің жылуларын балаларға арнаған.
Педагогтың функциялары әртүрлі, олардың ішінен үш негізгісін атап көрсетуге болады: оқытатын, тәрбиелейтін, қоғамдық-педагогикалық. Мұғалім ең алдымен оқытады, яғни балаларға жалпы адамдар тәжірибелерін, білімді және оларды алу тәсілдерін және оқу жұмысының әдістері мен тәсілдерін меңгеруді үйретеді. Баланың тұлғасының қалыптасуы оқу процесінде және оқудан тыс әрекеттерінде қалыптасады. Оқу процесін ұйымдастыру, мұғаліммен қарым-қатынас жасау, мұғалімнің жеке тұлғасы, тәрбие жұмыстарының барлығы мектеп оқушысының жеке тұлғасының белгілі қасиеттерінің қалыптасуына, оның даралығына ықпал етеді, яғни тәрбиелеу функциясы жүзеге асырылады.
Педагогтың барлық функциялары өзара тығыз байланысты. Олар үнемі күрделеніп отырады. Аталған негізгілерге әдістемелік, өзін-өзін оқыту, зерттеушілік функцияларын қосуға болады.
Педагогтың жұмысында келесі өзара байланысты қыметтерді атауға болады:
А)диагностикалық (тексеру);
Б)болжау-бағдарлау;
В)құрастыру -жобалаушылық;
Г)ұйымдастырушылық;
Д) ақпараттық-түсініктемелік;
Е) коммуникативтік-ынталандырушылық;
Ж)талдау-бағалаушылық;
З)зерттеушілік-шығармашылық.
Педагог мамандығы - әлемдегі ежелгі мамандықтардың бірі. Оның әлеуметтік мәні мен оған деген сұраныс адамзат қауымының өркендеуіне байланысты төмендеген емес. Өйткені, тәрбиелеу мен білім беру өткінші құбылыс емес. Мамандық – ерекше теориялық білімді және практикалық ептілікті талап ететін еңбек түрі. Ол адамның өмір сүру негізі саналады. Ал латын тіліндегі "profiteor" сөзінен шыққан professio сөзі «өзімдікі деп жариялаймын» дегенді білдіреді.
Педагог-білімді, мәдение-тарихи адамзат жинаған тәжірибені ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуші және осы өтілді әрі қарай жалғаушы.Тәлімгер тәрбиелейді, қалай өмір сүруді, өзін қалай ұстауды үйретеді. Педагог (грек тілінен- paidagogos ) – тәрбиелеу мен білім беруісімен айналысатын маман; мұғалім, оқытушы. Оқыту және тәрбиелеу бұл педагог қызметінің екі негізгі міндеті. Бұл міндеттер көп жылдар бойы сақталып келеді, өзгеретіні олардың мазмұны, өмір және қоғамның өмірге деген талабы; оқыту мен тәрбиелеудің мақсаты мен міндеттері өзгереді; білім берудің, тәрбиелеудің, оқытудың жаңа мазмұны пайда болады; мұғалім жұмысының жаңа әдістері, формалары пайда болады.
Ұйымдастырушылық компонент – педагогтың өз іс-әрекетін және студенттердің белсенділігін жүйелі түрде ұйымдастыруы.Педагог функциясының жоғарыда көрсетілген компоненттері өзара тығыз байланыста болады. Сондықтан педагог іс-әрекетінде бұл құрылымдар жүйелі түрде қолданылу керек. Белгілі психолог В.И. Гинецинский де педагог функциясының төмендегі төрт компонентін бөліп көрсетеді:
Педагогтың әлеуметтік мақсаты, оның функциялары көбіне оның еңбегінің ерекшеліктерін анықтайды.Ең алдымен бұл қызметтің перспективалы бағыттылығымен анықталатын еңбектің қоғамдық маңыздылығы. Қарапайым мұғалім үстелінде біздің қоғамымыздың келешегі қалыптасады. Сіздің сыныбыңызға келітін балалар 20-30 жылдан соң қоғамды дамытушылар болады. Олардың қандай болатыны көбінесе мұғалімдерге байланысты. Осы жерден мынадай ерекшелік туындайды- үлкен жауапкершілік. Егер темір жонушы ақау жіберсе, онда қоғам материалдық құндылықтың майда бөлшегін ғана жоғалтады, ал педагог қателесетін болса, бұл адамдардың тағдыры.
Педагогикалық қызметтің ерекшеліктерінің бірі болып, қызметкердің тұлғасынан еңбек нәтижесінің тәуелділігі табылады.Бұл тұрғыда мұғалім еңбегі актерлер еңбегіне ұқсас. Әйгілі К.Д.Ушинский тұлғаны тұлға жасайды, ал мінез-құлық мінез-құлықпен қалыптасады деген. Мұғалімнің жеке тұлғасы оның жекелеген қасиеттері оның жүздеген оқушыларына беріледі. Бұл педагогтың артқышылықтарына да кемшіліктеріне де жатады.
Әртүрлі педагогикалық жүйелі білім беру мекемелері
Педагог еңбегінің үлкен қоғамдық маңызы мұғалімнің жеке басына қойылатын жоғары талаптарды анықтады.Ежелгі заманнан бастап қоғам өздерінің болашақтары балаларын ең тәжірибелі, адамгершілігі жоғары парасатты адамдардың қолына сеніп тапсырғандары кездейсоқтық емес. Жас Александр Македонскийдің тәрбиешісі Грецияның ұлы ойшыл ғалымы Аристотель болған. Педагогиканың іргесін қалаған Я.А.Коменский епископ қана емес, мектепте мұғалім де болған.
Жоғары адамгершілікті бейнесі, жан тазалығы-педагог тұлғасының қажетті қасиеттері. Мұғалім күнделікті өзінің шәкірттеріне адамгершілік сабақтарын береді. Сондықтан арсыз адамгершілігі жоқ адам педагог болуға құқы жоқ. Жауапкершіліқ, адалдық, еңбексүйгіштік- бұлар мұғалімге қажетті қасиеттердің жиынтығы. Мұғалім өзінің жұмысының ең алдымен өзі бағалайтындықтан, оның бағасы адал және обьективті болуы тиіс.Педагогтың қызметіне байланысты «ол өзі жоғары сот және өзінің еңбегін бәрінен де қатаң бағалай алады деген ақынның сөзін келтіруге болады.
Адамгершілік тұрғыдағы қасиеттердің ішіндегі ең маңыздысы ол мұғалімнің балаларды сүюі. Бұл талап педагогиканың кез келген оқулығында қарастырылған, оны әрбір әйгілі педагогтардың еңбектерінен де табуға болады. Сухомлинский В.А. былай деген: «Жақсы мұғалім деген кім? Бұл ең алдымен балалармен жұмыс істеуден қуаныш табатын, әрбір бала жақсы адам болады деп сенетін, баланың жанын түсінетін, оның қуанышы мен ренішін жүрегімен түсінетін, өзінің де бала болғанын ешқашан ұмытпайтын адам.
Педагогтың функциялары педагогикалық кәсіп және оның мамандықтарының сипатына қарай біршама ерекшеленеді.
Кәсіп - белгілі даярлықты қажет ететін еңбек әрекетінің түрі. Педагогикалық кәсіптерге: мектепке дейінгі мекемелердегі тәрбиеші, қосымша білім беру мұғалімі, педагогы, әлеуметтік педагог, жаттықтырушы, ЖОО оқытушысы жатады. Әдетте кәсіптер бірнеше мамандықтарға бөлінеді.
Жаппай педагогикалық мамандық - мұғалім мамандығында –мамандықтардың көп санын атап көрсетуге болады: бастауыш сынып мұғалімі, тарих мұғалімі, математика мұғалімі, т.б. Педагог-психолог мамандығының екі жақты мағынасы бар.
БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ МЕН ТАПСЫРМАЛАР
1.Педагогикалық іс-әрекет ұғымын сипаттаңыз.
2. Педагогикалық іс-әрекеттің құрылымдық компоненттерін атаңыз.
3. Педагогтың шығармашылық әлеуетінің ерекшелігі.
4. Педагогикалық жүйе және оның құрылымы туралы не білесіз?
5. Педагогикалық іс-әрекеттің кәсібилік құрылымындағы шығармашылықтың ролі.
Достарыңызбен бөлісу: |