БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ МЕН ТАПСЫРМАЛАР
1. Білім беру ұғымының ғылыми сипаты.
2. Білім беру ортасы туралы түсінік.
3. Білім берудің негізгі парадигмаларына сипаттама.
4. Білім берудің нәтижеге және тұлғаға бағдарлануы.
5. Білім беруді психологиялық қамтамасыз етудің қоғамдық мәні.
2-лекция
2. Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесі
Қысқаша мазмұны:
Білім беру жүйесінің мәні мен қағидалары. Білім беру жүйесі туралы түсінік. Білім беру жүйесінің мәніне сипаттама. Білім беру жүйесінің негізгі қағидалары.
Білім беру жүйесінің құрылымы. Білім беру жүйесі ұғымы. Білім беру жүйесінің дамуы. Білім беру үдерісінің сипаттамасы. Білім беру жүйесі әлеуметтік институт ретінде. Жоғары білім беру психологиясы.
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің құрылымы.
ҚР үздіксіз білім беру жүйесінің сипаттамасы. Білім беру жүйесінің қоғамдық, әлеуметтік мәні. Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты. Білім беру жүйесінің құрылымдық мазмұны.
ҚР білім беру жүйесі дамуының тенденциялары. Білім беру жүйесінің дамуына әсер етуші факторлар. Білім беру жүйесінің негізгі тенденциялары.
Мәдениетті ұдайы өндіруде білім беру белгілі бір жүйе ретінде қалыптаса алмауы мүмкін болды. Сонымен қатар, әр түрлі ұсақ жүйелер жіктелінеді (оқушының жас ерекшелігіне, оқудың мақсатына, шіркеуге, мемлекетке қатысына байланысты). Білім беру жүйесін тұжырымдау үшін арнайы сала болып табылатын педагогикалық психология берілген мәселелерді арнайы қарастырмайды. Бұл басқа ғылымдардың пәні, бірақ ол осы жүйенің ішінде, сол жүйеде қалыптасқан жағдайлар контекісінде оқушы (оқитын) мен оқушының әрекетін зерттейді. Сол себепті, оның ішінде әрекеттесетін субьектілердің өздерін яғни мұғалім (оқытушы) мен студентті қарастырмастан бұрын білім беру жүйесінің негізгі сипаттамаларын атап көрсеткен қажет. Білім беру әлеуметтік институт ретінде күрделі жүйе болып табылады. Ол күрделі әлементтермен олардың арасындағы
Білім берудегі қазіргі замандағы жүйелерінде нәтижені шығарылым бойынша бағалау көрініс алып отыр. Ол оқыту түріне байланыссыз белгілі біріздендірілген талаптарымен стандарттармен ұсынылған. Білім беру жүйелері соңғы 10 жылдықтарда өз әрекеттерін контактілі оқыту түрінен қашықтан оқыту түріне ауысып, кеңістікте жүзеге асыруы кенінен етек алып отыр.
Білім беру жүйе ретінде деңгейлілігімен, сатылылығымен сипатталады. Оның негізінде басым көпшілік жағдайда жас ерекшелік өлшемдер алынды. Алайда барлық мемлекеттерде жеткілікті көлемде мектепке дейінгі білім беру, содан кейін үш сатылы мектептік (бастауыш, орта және жоғары) оның түрлері: гимназия, лицей және жоғары білім беру: институттар, университеттер, академиялар бола алады. Әрбір сатының өзінде оқытудың ұйымдастырушы формалары бар. Оларға төмендегілер кіреді:
- сабақ;
- лекция;
- семинар/ практикалық сабақтар т.б. және бақылаудың ерекше формалары сауалнама, сынақ, емтихан т.б.
Білім беру жүйесі адамды оқыту және тәрбиелеуді көздеуші білім беру үдерісінде дамиды және қызмет атқарады. ХІХ ғасырдың аяғында П.Ф. Каптерев «білім беру үдерісі бір нәрсені біреуден басқаға беруді ғана білдірмейді, ол тек ұрпақтар арасындағы дәнекерші емес: оны мәдениетті бір ұрпақтан келесі ұрпаққа құйушы түтік ретінде елестепеу ынғайсыз деген. Білім беру үдеріс ретінде адамның саналы өмірінің аяғына дейін тоқтатылмайды. Ол мақсаты, мазмұны, формасы бойынша үздіксіз түрленіп отырады. Білім беруді үдеріс ретінде қарастыру біріншіден оның екі жағын ажыратуды ұйғарады: оқыту және үйрету. Екіншіден оқытушының тарапынан білім беру үдерісі ерікті немесе еріксіз түрде оқыту мен тәрбие берудің бірлігін ұйғарады.
Білім берудің нәтижесі - бұл белгілі бір білім беру жүйеде оқытудан өткен адамның өзі. Интеллекттік тұлғалық мінез-құлықтық қасиеттерінің қалыптасқан жиынтығы ретіндегі оның тәжірибесі оған осы мезгілде кез-келген жағдайда адекватты әрекет жасауға мүмкіндік береді. Бұл тұрғыдан білім берудің нәтижесі білімділік болып табылады. Ол жалпы және кәсіптік мазмұнды бола алады.
Жоғары білім беру психологиясы мәселелерінің жетекші, зерттеушілерінің бірі А.А. Вербицкий білім беруде келесі беталыстарды ажыратады. Олар қазіргі уақытта әр түрлі дәреже де өз көрінісін табуда және бұл көріністер ХХ ғасырдың аяғына дейін орын алмақшы.
ҚР үздіксіз білім беру жүйесі білім нәрімен сусындауды мақсат тұтқан әрбір жас ұрпақтың бойында жаңа білімді меңгеруді үнемі қажет ету және өздігінше білімдену дағдыларын қалыптастыруды басым бағыттар қатарына қойып отыр. Өздігінше іздену арқылы мәселенің шешімін табу идеясын ұсынған ежелгі грек ойшылы
Қазақстан Республикасы егемендік алғаннан бері білім негіздерін демокаратиялық интеграциялық қағидаларға сәйкес әрбір тұлғаның жеке ерекшеліктері мен қабілеттерін ескере отырып, педагогикалық үдерісті ұйымдастыру талап етіледі. Аталмыш жайттар ұлттық мектептердің жаңа бағдарламаларынан орын алды. Қабілеттіліктің жоғары деңгейіне ие балаларға арналған жаңа сипаттағы мектеп түрлері ұйымдастырылды.
Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы Заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді. Осы Заң және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес мемлекеттік саясата қағидалары анықталады.
Білім беру- бұл қоғам мүшелерінің адамгершілік, интеллектік, мәдени дамуының жоғары деңгейін және кәсіби біліктілігін қамтамасыз етуге бағытталаған оқыту мен тәрбие берудің үздіксіз үдерісі.
Қазақстан республикасында білім беру үдерісі халықтың ұлттық салт-дәстүріне, мәдениетіне, экономикасына және саяси өміріне негізделіп жүзеге асрылады.
Қазақстан Республикасының Заңында көрсетілген білім беру жүйесінің міндеттері:
- тұлғаның рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін ашу, адамгершілік пен салауатты өмрі салтының берік негіздерін қалыптастыру, әрбір адамды дамыту үшін жағдайлар жасау;
- азаматтықты, халықтың, қоғамның және мемлекеттің алдындағы жеке адамның құқықтары мен міндеттерін ұғынуды, сонымен қатар, мемлекеттің мәдени, қоғамдық, экономикалық және саяси өмірге қатысу қажеттілігін тәрбиелеу;
- мемлекетіміздің тұрғындарына жалпы және кәсіптік білім алу үшін жағдай жасау;
- тұлғаның шығармашылық қабілеті мен эстетикалық мәдениетін дамыту;
- қазақ халқының мәдениеті мен дәстүр салтын меңгеру үшін жағдай жасау.
Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңына негізінде білім беру жүйесінің құрылымы екіге бөлінеді: жалпы және кәсіби білім беру.
- мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту;
- жалпы орта білім;
- кәсіби орта білім
- жоғары білім
- жоғары оқу орынынан кейінгі білім
Жалпы орта білім-үздіксіз білім беру жүйесіндегі негізгі деңгей.Жалпы орта білім 3 сатылы: бастауыш, негізгі және жоғары.
1. "Білім беру жүйесі" ұғымы.
2. ҚР білім беру жүйесінің құқықтық негіздері.
3. ҚР білім беру жүйесінің принциптері мен деңгейлері.
4. ҚР жалпыға міндетті білім беру стандарттары.
5. Дәстүрлі білім беру жүйесінің сипаттамасы.
Достарыңызбен бөлісу: |