Ppmk 1202 педагогика-психология мамандығына кіріспе



бет15/39
Дата20.09.2023
өлшемі0,64 Mb.
#181693
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   39
Байланысты:
УМК ППМК 2021-2022
асыл 1, Батыс Қазақстан, кыдырали г м, УМК УиА-19-1 Бух.саладағы ІТ, 11111umkd bankovskoe delo uia 21-1, дәріс. жоба, СРСП 7 РУС, тест конструктивти, 2.06.2021 15-00, Акниет лаб, ҚМЖ 7 алгебр 09.10., Ìàë øàðóàøûëû?ûíû? ð?ë³ ìåí ìà?ûçû, òàáè?è åðåêøåë³êòåð³, Сүтті жылумен өңдеу, 7inkluzivti bilim beru sillabus2023-1
3) Оқушыларға.
Ағарту тыңдаушыларға белсенді емес позицияны ұстандырады, мұндай жағдайда адамда бұрыннан қалыптасқан көзқарастар жаңа білммен сәйкес келмесе, оның өзгеруіне әкеледі. Қамтамасыз ету міндетін шешу көзқарасы тұрғысынан, пәндік оқыту үдерісінде тиімсіз болып саналады. Ағарту нәтижесі ретінде оқушыға мектеп өмірінің дәстүрлі өрісінде жетістікпен оқып, дамуға мүмкіндік беретін, оқушылардың психологиялық білімдер мен дағдыларды меңгеруін айтуға болады. Оқушыларға берілетін білімдер олардың жеке адамдық даму үдерісіне еніп, ішкі процестерінің катализаторы болу үшін, жұмыстың формасына және мазмұнын таңдауға өте ұқыпты түрде қарау керек. Мазмұнын таңдауда оқушылардың жас ерекшеліктерін, құндылықтарын, даму деңгейін, қандай да бір білімдер мен дағдыларды меңгеруге деген дайындығын ғана емес сонымен қатар шын мәніндегі топтағы бар өзекті мәселені де ескеру керек. Ағарту жұмысы оқушылардың қандай да бір білімдерге деген өзекті сұранысына байланысты ұйымдастырылды мүмкін. Мысалға, мұндай сұраныс жоғарғы сынып оқушыларынан әртүрлі мамандықтарға қойылатын талаптарға байланысты болуы мүмкін. Педагог-психолог психологиялық білім ретінде өзекті сұраныстарды пайдаланып қана қоймай, оны қалыптастыруға да тырысу керек. Мұндай жұмысты ұйымдастырудың негізгі формасына әлеуметтік психологиялық білімдерді жас ерекшеліктеріне байланысты әртүрлі мектеп жұмысының белсенді формаларына енгізуді жатқызуға болады (КТК, тақырыптық кештер, т.б.). Толығырақ айтқанда оқушыларды психологиялық ағарту оқу, қарым-қатынас және жеке адамдық даму үдерісі барысында оқушылардың әлеуметтік психологиялық білімдерді белсенді түрде пайдалануы үшін, жағымды шарттар құруға бағдарланады. Оның тиімділігі дәл осы уақытты ұсынылатын білімнің жеке оқушыға немесе оқушылар тобына өзекті, әрі мәнді екендігімен және педагог-психологтың білімдерді беру формасын таңдағандығымен анықталады. Оқушыларға кеңес беру – жеткіншектер мен жоғары сынып оқушыларына бағдарланған тәжірибелік жұмыстың тағы бір маңызды түрі. Кеңес беру әртүрлі мазмұнды болып, оқушының кәсіби және тұлғалық өзін-өзі анықтау мәселелерін, қарым-қатынастың әртүрлі аспектілерін қамтуы мүмкін. Кеңес беру психологтың оқушылармен жүргізетін көп қызметті қамтитын жеке жұмыстарының бір түрі ретінде саналып, мынадай міндеттерді шешеді:
оқытуда қарым-қатынаста, психикалық өзін-өзі сезінуде қиындық көретін жасөспірімдер мен жоғары сынып оқушыларына көмек көрсету;
тиімді оқу мен даму үшін, жеткіншектер мен жоғары сынып оқушыларына өзін-өзі тану, өзін-өзі талдау дағдыларын, өзінің психологиялық ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін пайдалана білуге үйрету, оқыту;
өзекті стресс, қақтығыс, әмоциялық уайым қалпындағы оқушыларға психологиялық көмек беру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет