Ppmk 1202 педагогика-психология мамандығына кіріспе


) Кеңес алушымен байланыс орнату



бет18/39
Дата20.09.2023
өлшемі0,64 Mb.
#181693
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   39
Байланысты:
УМК ППМК 2021-2022
асыл 1, Батыс Қазақстан, кыдырали г м, УМК УиА-19-1 Бух.саладағы ІТ, 11111umkd bankovskoe delo uia 21-1, дәріс. жоба, СРСП 7 РУС, тест конструктивти, 2.06.2021 15-00, Акниет лаб, ҚМЖ 7 алгебр 09.10., Ìàë øàðóàøûëû?ûíû? ð?ë³ ìåí ìà?ûçû, òàáè?è åðåêøåë³êòåð³, Сүтті жылумен өңдеу, 7inkluzivti bilim beru sillabus2023-1
1) Кеңес алушымен байланыс орнату. Кеңес беруде маңызды мәселелер қозғалады, оны суреттеуде адам қаншалықты ашық болса, соншалықты педагог –психолог қызметінің нәтижесі тәуелді болады. Ашық болу үшін бала маманға сенуі қажет, сондықтан байланыс орнату жұмыстың маңызды кезеңі болып табылады. Кеңес беруде баламен жақсы байланыс орнатудың басты себебі, кеңес алушының белсенділігіне, оның туындаған мәселені шешуге дайындығы және мұндай шешім қабылдауға сенімділігі жатады. Байланыс орнату үшін адамды орналастыра білу ептілігі маңызды (көзқарасымен, сөз таңдау, дауыс ырғағы, әңгімелесу стилі)
2) Сұранысты анықтау және мәселе қою. Сұраныс- педагог-психологтан кеңес алуға келген адамнан түсетін қатынас. Ол психологиялық терминде қалыптаспаған, сондықтан, маман сұраныстың мәнін нақтылайды және психологиялық терминге (тіпті өзі үшін) айналдырады, мәселе қояды.
3) Диагностика. Мәселені қойғаннан кейін белгілі бір қасиеттер адамда қай деңгейде дамығандығы, мәселе қалыптасуға қатысты оның ерекшеліктері қандай екендігі зерттеледі. Диагностикалау үшін арнайы әдістер қолданылады: бақылау, тесттер, сауалнама, адаммен әңгімелесу нәтижесі.
4) Мәселені шешуде бірлескен әрекет арнайы кеңес беру әдістері мен тәсілдері арқылы жүргізіледі.
Кеңес беруде оқушы (немесе ересек) тең серіктес ретінде қарастырылады. Шешім қабылдау үдерісінде бірдей құқыққа ие. Педагог-психологтың міндеті- кеңес алушыны сыйластық қарым-қатынасқа ықпал ететін өзінің әлеуетті мүмкіндігін көруге көмектесу.
2. Оқытушылық және мәдени ағартушылық іс-әрекет.
Педагог-психологтың педагогикалық үдерістегі басқарушылық қызметінің бірден бір түрі оқытушылық және мәдени ағартушылық болып табылады. Оқытушылық және ағартушылық қызмет түрінде мынадай жұмыстар жүргізе алады:
- сабақ, факультативтер өткізу;
- педагогтарға және ата-наларға психологиялық клубтар ұйымдастыру;
- педагогикалық кеңес және әдістемелік бірлестіктермен жұмыс;
- конференция және кітап көрмесін ұйымдастыру.
Сонымен қатар, ағартушылық коррекциялық- дамытушы іс-әрекеттің бір түрі болып санады. Психологиялық ағарту- психологиялық білімге ұжымды, ата-аналарды және оқушыларды тартудың бірінші қадамы.
Оқыту- қоғамдық-тарихи тәжірибені мақсатқа бағытты тарату, білім, білік және дағдыларды қалыптастыру үшін арнайы ұйымдастырылатын іс-әрекет болып табылады. Педагог-психолог оқытушылық қызметті жүзеге асыру үшін идеал және құндылықтарды, осы салада терең білімді, қабілеттерді (ұйымдастырушылық, коммуникативті, гностикалық) және педагогикалық техниканы иеленуі қажет.
Оқытушылық және мәдени-ағартушылық қызмет педагог-психолгтың жұмысының ажырамас бөлігі болып табылады. Ол бірнеше формаларда жүзеге асырылады (оқушыларға арналған сабақтар мен факультатив өткізу, ата-аналар мен педагогтарға арналған психологиялық клубтар мен дәрістер, әдістемелік бірлестіктер мен педагогтар кеңесіне қатысу, конференциялар және әдебиет көрмелерін ұйымдастыру). Одан басқа ағарту- педагог-психологтың түзету-дамыту қызметінің құрамдас бөлігі.
Көптеген авторлар мұғалімдердің психологиядан білімі жеткіліксіз және оларды жұмыста пайдалана білмейді деп санайды. Бұл ата-аналарға да қатысты.
Олардың көбісі тіпті психологиялық әдебиетті оқитындардың өзі алған теориялық білімін өз баласын тәрбиелеуде пайдалана білмейді.
Тестерді практикалық қолданудың негізгі салаларына - білім беру, кадрларды кәсіби даярлау және іріктеу, психологиялық кеңес беру жатады. Педагог-психологтың кәсіби деңгейі тестпен жұмыстың барлық үш кезеңінде де көрінеді.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет