Ppmk 1202 педагогика-психология мамандығына кіріспе



бет21/39
Дата20.09.2023
өлшемі0,64 Mb.
#181693
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   39
Байланысты:
УМК ППМК 2021-2022
асыл 1, Батыс Қазақстан, кыдырали г м, УМК УиА-19-1 Бух.саладағы ІТ, 11111umkd bankovskoe delo uia 21-1, дәріс. жоба, СРСП 7 РУС, тест конструктивти, 2.06.2021 15-00, Акниет лаб, ҚМЖ 7 алгебр 09.10., Ìàë øàðóàøûëû?ûíû? ð?ë³ ìåí ìà?ûçû, òàáè?è åðåêøåë³êòåð³, Сүтті жылумен өңдеу, 7inkluzivti bilim beru sillabus2023-1
Рефлексияны теориялық іс-әрекеттің айрықша формасы ретінде белгілеу педагог-психологтың біліктілігінің ерекше тобы – рефлексия жайында айтуға негіз болады.
ЖОО-да оқу - қиын, қысымды, жауапты ақыл еңбегі. Егер мектепте оқытудың негізгі формасы сабақ болса, ЖОО-да лекция, практикум, семинар болып табылады.
Лекция - жоғары мектептегі оқу үдерісін ұйымдастырудың жетекші формасы. Аудиториялық сабақтың көп бөлігін лекция құрайды, сондықтан онда жұмыс жасай алу- студенттің маңызды қажеттілігі. Лекция оқу жоғары оқу орнында білім беру мен тәрбие берудегі шешуші факторлардың бірі болып саналады. Лекция - оқытушының әдетте, теориялық сипатта келетін оқу материалын жүйелі, бірізділікпен және диалогты түрде баяндауы. Лекция тек қайсыбір тақырыптың негізгі мазмұнын баяндау түрі ғана емес, сондай-ақ, оқу жұмысының жетекші түрі болып табылады.
Жоғары оқу орнында оқу- тәрбие үдерісінде лекция әртүрлі қызмет атқарады. Олардың ішіндегі ең маңыздылары:
ақпараттық-танымдық - оқу материалын бағдарлама бойынша баяндау, оқулық пен өмір арасындаға үзілісті (разрыв) толықтыру, жаңа психологиялық әдебиеттке бағдарлану (сүйену);
дүниетанымдық – ғылыми дүниетанымды қалыптастыру, нақтырақ айтқанда – оның жалпы идеялы-теориялық бағытын анықтау;
қисынды-әдістемелік - студенттердің шығармашылық ойлауын қалыптастыра отырып, ғылыми зерттеудің әдіснамасымен қаруландыру;
тәрбиелік – адам өмірі мен қоғамға деген қарым-қатынасымен ел мен оның сырт жағындағы құбылыстар мен оқиғаларды объективті бағалаумен қаруландыру;
әдістемелік - өзінділік шығармашылық байлығы, білімдерді тереңдете түсу және бекіту бойынша нақты ұсыныстарды баяндау, өзекті мәселелерге бағдарлау.
Бұл жұмыстың үш кезеңі бөлінген. Бірінші- алдыңғы лекицяларды, сәйкес бағдарламаларды қарау арқылы тыңдауға мақсатты бағдарлану енетін қабылдауға алдын ала дайындалу.
Екінші- мұқият тыңдау, ұсынылатын мәселені талдау, негізгісін ажырату, бұрын ұсынылған материалды және жеке тәжірибесін салыстыру және леторға сұрақ қою арқылы түсініксіздікті немесе қарам-қайшылықты нақтылау.
Үшінші кезең-лекцияны толықтыру: жазбаларды оқу немесе жөндеу, оқулықты қатар пайдалану, ұсыналатын әдебиеттермен толықтырулар жасау.
Жеке-даралық практикумдар. Бұл тыңдармандардың оқытушы тапсырмасы бойынша дәрісханалық және дәрісханадан тыс өз беттерінше жүргізетін жұмысы. Бұл әдістің негізгі мақсаты – студенттерде оқу іс-әрекетінің түрлерін қалыптастыру мен қабілеттіліктерін дамыту болып келеді. Оқу үдерісінде индивидуалды практикумдардың екі түрі пайдаланылады: жаттықтырулар (тренировка) және тапсырмалар. Оқу үдерісінде көбінесе жеке-даралық тапсырмалардың екі түрі қолданылады:
Дәрісханалық жеке-даралық (индивидуалды) тапсырмалар:
- алгоритмделінген, студенттер жағдайдың суреттемесі мен дайын альтернативті шешімдер тізімін алып, мәселенің ыңғайлы шешімін қамтамасыз ететін шешім таңдайтын түрі;
- шығармашылық, яғни студенттерге таныс тапсырманың ыңғайлы шешімін іздеу барысында өз білімдері мен іскерлігін пайдалануға мүмкіндік беру және оларды жаңа жағдаятта пайдалана білуі;
- ізденістік, яғни студенттерге таңдау негізінде бірнеше нұсқаның ішінен біреуін ғана таңдап, сол таңдауын негіздеу мүмкіндігі беріледі.
Дәрісханадан тыс жеке-даралық тапсырмалар - ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысу, білімгерлердің ғылыми баяндама, реферат,
лабораториялық, курстық, дипломдық т.б. дайындау түрі ретінде қолданылады. Білімгерлер зерттеу жұмысына психологиялық тұрғыда дайын болып, сол мәселенің мақсат, міндеті мен шешу жолдары оларға түсінікті және мәселенің әлеуметтік құндылығы мен тәжірибелік мәні болғанда, бұл әдіс тиімді болып келеді.
§3. Өздігінен білім алу іс-әрекеті - педагог-психологтың үздіксіз білім алуының шарты
Мемлекеттік стандарт аудиториялық және аудиториядан тыс сабақтарын белгілеп отыр. Жоғары мектеп бағдарламасын сәтті меңгеру үшін студент жүйелі, күнделікті түрде өзіндік жұмыспен айналысуы керек. Интеллектік еңбектің қарқындылығы тікелей оны дұрыс ұйымдастыруға тәуелді болып табылады. Әрбір студент оқу еңбегінің мәдениетін игеруі тиіс. Бірінші курс студенттеріне мынадай кеңес ұсынуға болады:
1. Бір уақытта дайындалып, ақыл еңбегіне әдет қалыптастру керек.
2. Ақыл еңбегін жоспарлау нақты жән ырғақты жұмыс жасауға көмектеседі.
3. Бүгін не істеу қажеттігін біліп және перспективаны ұмытпау қажет.
4. Жұмыс пен демалыстың ырғақтығы жұмысқа қабілеттілікті жоғарылатуға мүмкіндік береді.
5. Демалыс кезінде белсенді қозғалыс жасауға және физикалық еңбекпен айналысыңыз.
6. Ұйқының қану- ағзаның биологиялық қажеттілігі.
7. Өзі ұнататын, әдеттегі жерде дайындалу маңызды,
8. Жасалған жұмысқа қорытынды жасап, жоспарға коррекция енгізу қажет.
9. Ақыл ебегінің барлық нәтижесі жазба түрінде немесе ауызша айту арқылы бзендірілуі қажет.
Студенттің өзіндік жұмысты кешенді тұрғыда іске асырудағы ең басты мәселесі мынада: оқулықты, не басқа әдебиетті оқығанда, лекциядан алынған мәліметтерге сүйеніп, басқа да қажетті кітаптарды іздестіру, әртүрлі түпнұсқалардағы мәліметтерді салыстырып, осылайша білімді толықтырып, оларды өмірдегі деректер мен нақты психикалық құбылыстармен ұштастыру: лекциядан - әдебиетке, ал одан – практикаға. Өз бетімен оқудың жүйе ретінде өзіндік құрылымы бар. Студентке өз бетімен оқу іскерлігін тез игеру үшін кейбір қалыптасқан әдістер мен тәсілдерді пайдалану қажет. Оны құрылымдық әлементтерге ойша бөліп қарастырайық: лекция конспектісін оқу, ғылыми әдебиетті оқу және талдау және конспект жасау, бақылау (курстық) жұмыстарын жасау, емтихан (сынаққа) дайындалу.
Студенттердің өзіндік жұмыстарын ұйымдастыруда және жүргізуде төмендегідей талаптарды басшылыққа алу қажет:
1.Студенттер үнемі белсенді ұстанымда болуы қажет, оларды танымның тікелей қатысушысы ету қажет. Тапсырмалар жеке деректердің меңгерілуіне ғана емес, проблеманы дербес шығармашылық түрде шешуге, оларды байқап, қалыптастыруға да бағытталған.
2.Өзіндік жұмыстағы тапсырмалар жүйелі, қисынды реттелген сипатқа ие болуы тиіс.
3.Тапсырмаларды іріктеуде студенттердің даралық және жас ерекшеліктерін ескеру қажет.
Студенттің өз бетімен білімін жетілдіруі дидактиканың негізгі мәселелерінің бірі болып саналады. Әдіскер ғалымдар студенттердің өз бетінше жұмысын (СӨЖ) үш қырынан, яғни мазмұндық, мотивтік, оперативтік тұрғыдан қарастыруды тиімді деп көрсетеді.
Мазмұндық аспектісіне дерек, анықтама, қорытынды, ереже, пайымдауларды іріктеу, оқу оқу-әдістемелік әдебиеттерді мұқият талдау саралау жатады. Соның нәтижесінде өзіндік бір ғылыми болжам жасау.
Мотивтік аспектісі - өзін-өзі реттеу (И.П.Павлов, Н.А.Бернштейн, П.К.Анохин); өзін-өзі бағалау, өзін-тану, өзіндік сана сезім, ойлаудың рефлексиялануы, мақсат құру өз іс-әрекетін модельдеу, ғылыми танымдық қызығушылығы мен ерік-жігерін шыңдау; ғылыми әдебиеттермен жұмыс жасай білу.
Оперативтік аспектісі өз бетінше орындалатын жоспарлар, тапсырмалардың біртіндеп өз кезегімен күрделеніп отыруын қамтамасыз ету.
Студенттердің өзіндік жұмыстарын түрлендіріп өткізу олардың теориялық білімдерін молайтып, ізденімпаздыққа жетелейді. Жоғары оқу орындарындағы оқу-танымдық өзіндік жұмысты дидактикалық шарттары мен ерекшеліктеріне қарай бес топқа жіктеуге болады:
- жаңа теориялық білімді игеруге арналған өзіндік жұмыстар.
- жаңа әмпирикалық және практикалық білім алуға арналған өзіндік жұмыстар.
- шығармашылық бағыттағы өзіндік жұмыстар.
- білік және дағдыны қалыптастыруға арналған өзіндік жұмыстар.
- алған білімдерін бекітуге және жүйелеуге арналған өзіндік жұмыстар.
Жаңа теориялық білімді игеруге арналған өзіндік жұмыстар. Мұндай жұмыстарға өз бетімен әдебиеттерді оқу, жоспар құру, тезис, конспекті жасау, логикалық тапсырмалар орындау, өз бетінше формула құрастыру, теорема дәлелдеу, ғылыми түсініктер қалыптастыратын түрлі жұмыстар жасау.
Жаңа әмпирикалық және практикалық білім алуға арналған өзіндік жұмыстар атауына сәйкес әмпирикалық, практикалық білім қажеттігі мынадай дидактикалық шарттарға байланысты: біріншіден, практикалық білім, сондай-ақ әмпирикалық, сәйкес өзіндік жұмыс үрдісінде орындалуы қажет; екіншіден, мұндай өзіндік жұмыс түрі арнайы дидактикалық материалдарды талдауды қажет етеді. Өзіндік жұмыстың бұл түрі танымдық іс-әрекетті қалыптастыруда және ақыл-ой мен әмпирикалық, практикалық білім игеруде жетекші рөл атқарады.
Шығармашылық бағыттағы өзіндік жұмыстардың мақсаты оқу материалы негізінде шығармашылыққа ұмтылу, соның нәтижесінде жаңалық ашу, жаңаны игеру. Білік және дағдыны қалыптастыруға арналған өзіндік жұмыстарға жалпы оқу және кәсіби білік, дағды қалыптастыратын жұмыстар жатады. Алған білімдерін бекітуге және жүйелеуге арналған өзіндік жұмыстар жоғарыда көрсетілген өзіндік жұмыс түрлерін орындау үрдісінде жүзеге асады.
Оқулық- педагогикалық әдебиеттердің ғана әлеуметтік маңызды жанры емес. Оқулық арқылы жастар ұрпақтың асыл мұрасы болып табылатын жалпыланған тәжірибемен танысады.
Оқу кітаптарын құру үщін тек педагогтар ғана емес, ұлы ғалымдар да ат салысты. Қазіргі таңда барлық оқу пәндеріне альтернативті оқулықтар жасалған. Болашақ педагог оларды білуі және қолында болуы керек.
Қанша ғасырлар бойы құлама ойшылдар мен ғалымдар өз тәжірибесін ұрпаққа қымбат қазына кітаптар арқылы қалдырды.
ЖОО-дағы дәрістің мазмұнында көркем әдебиеттердің оңтайлы қамтылуы студенттерге әмоциялық әсер етуді күшейте түседі. Сәтті таңдалынған әдеби бейне көбінесе қарастырылып отырған құбылыстың мәнін тереңірек ашуға себепші болады. Дәрістің құрамына қанатты сөздер, мақал-мәтелдер, тарихи тұлғалардың ғұлама сөздері, әзілдерді де қосқан орынды.
Шынайылықтың бейнелі-көркем бейнесі ойды аса нақты, анық әрі тепе-тең көрсетуге мүмкіндік беретін әртүрлі реңге байланысты келеді. Әлемдік мәдениет дамуының ұзына бойында педагогика және психология әдебиетпен және өнермен өзара тығыз байланыста болған. Поәзияның, проза мен драматургия, көркем шығармалардың басқа да түрлері психологиялық ойлармен тола макрокосмос (адам - ғарышта) және микрокосмос (ғарыш - адам ішінде) психологиялық - көркем шығармашылық тақырыптарды аша түседі.
Көркем әдебиет табиғи және әлеуметтік өмірге тән мәнді сипаттамаларды бейнелейді, құбылыстар мен оқиғаларға тән типтік және ерекшелікті шоғырландырады. Әмоциялы-көркем, әрі соған орай студенттерге психологиялық мәселелерді тиімді жеткізе білу – оларды түрлі бейне-салыстырмалармен сәйкестендіру жолымен жүзеге асады. Өнер – ассоциациялардың мықты қайнар көзі. Көркем әдебиеттен алынған әртүрлі ойлар дәрісші еңбегін мәнді деңгейде жеңілдетеді.
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет