5. Әлеуметтік-диспетчерлік жұмыстары: әлеуметтік диспечерлік іс-әрекет оқушыларға, ата-аналарға және педагогтарға, мектеп педагог-психологының кәсіби құзыреттілігі мен қызметтеріне кірмейтін әлеуметтк психологиялық көмек алуына бағытталады. Диспечерлік қызметті жүзеге асыру үшін, педагог-психологта кәсіби қызмет көрсететін әртүрлі әлеуметтік психологиялық қызметтердің мәліметтері туралы ақпараты болуы керек. Педагог-психолог бұл бағытта іс-әрекет атқаруда мынадай міндеттерді шешеді:
- туындаған мәселенің сипаты мен оны шешу мүмкіндіктерін анықтау;
- көмек көрсетуде қабілетті маманды іздеу;
- клиентпен қарым-қатынас орната білуге қатысу;
- арнайы құжаттарды дайындау;
- қызметті пайдаланушы пен маманның өзара әрекетінің нәтижелеріне бақылау жасау;
- маманмен жұмыс істеу үдерісінде тұлғаға психологиялық көмек беруді қамтамасыз ету.
Басқаша айтқанда педагог-психолог жұмысты басқа маманға бере отырып, баланы оқыту мен дамытудағы өз қатысуының жауапкершілігін алып тастамайды. Оның қызметтері сол сипатында қалады, тек жұмыстың қалпы мен мазмұны өзгереді.
5В010300- Педагогика және психология мамандығының жалпы ерекшеліктерін ескере отырып, мектеп педагог-психологының басқарушылық қызметінің негізгі түрлеріне төмендегілер жатады:
Коррекциялық- дамытушы;
Оқытушылық;
Ғылыми-әдістемелік;
Әлеуметтік-педагогикалық;
Тәрбиелік;
Мәдени-ағартушылық;
1) Коррекциялық-дамытушылық қызмет. Коррекция- латын тілінен аударғанда “өзгерту”, “түзетім” деген мағынаны білдіреді. Даму-бұл өрлемелі сызық бойынша қозғалыс, қарапйымнан күрделіге, төменнен жоғарыға қарай динамикалық өзгеріс. Қандай бір қасиетті коррекциялау немесе дамыту үшін ең алдымен ептілік, дағды мен білімдерді немесе тұлға ерекшеліктерін диагностикалау керек. Диагностика педагог-психолог қызметінің ажырамас бөлігі болып табылады. Оның қызметінің мақсаты емес жұмысты
ұйымдастыруда қарқындылыққа жетуге мүмкіндік беретін тәсіл болып табылады. Педагог-психолог коррекциялық дамытушы іс-әрекетті оқыту, жаттығу немесе кеңес беру формасында жүзеге асырады. Жаттығу (тренинг) белгілі бір дағды мен ептіліктерді дамыту үшін жүргізіледі: қарым-қатынастағы (мәселен, әңгімелесушімен байланыс орнату немесе шиеленіссіз өзара әрекеттестік), оқуда (қажетті мәліметті іздестіруге икемділік), маңызды тұлғалық, соның ішінде кәсіби жарамды қасиеттердің қалыптастыруда.
Кеңес беруде бірнеше кезеңдерді бөледі: