Ppmk 1202 педагогика-психология мамандығына кіріспе


БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ МЕН ТАПСЫРМАЛАР



бет25/39
Дата20.09.2023
өлшемі0,64 Mb.
#181693
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   39
Байланысты:
УМК ППМК 2021-2022

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ МЕН ТАПСЫРМАЛАР

1. Педагогикалық практика мазмұнына сипаттама беру.


2. Кәсіби қалыптасуда практиканың рөлі..
3. Педагогикалық практика мазмұнын айқындаушы құжаттар.
4. Педагог-психолог мамандығының практикалар атауы.
5. Практика түрлеріне қарай сипаттама беріңіз.


10-лекция
Педагогикалық қарым-қатынас – педагогикалық үдеріс субъектілерінің өзара әрекеттесулерінің негізі
Қысқаша мазмұны
Қарым-қатынастың пәнаралық ұғым ретіндегі мәні. Қарым-қатынас туралы түсінік. Қарым-қатынастың түрлері мен функциялары. Қарым-қатынастағы қабылданған нормалар.
Педагогикалық қарым-қатынас түсінігі. Педагогикалық қарым-қатынас түсінігі. Педагогикалық қарым-қатынастың функцияларына сипаттама.
Педагогикалық қарым-қатынас стилдері. Педагогикалық қарым-қатынас стильдері түсінігіне сипаттама. Стильді психология ғылымында зерттеу. Педагогикалық қарым-қатынас стильдерінің түрлері.
Қарым-қатынас психология ғылымының негізгі мәселелерінің болып табылады. Қарым-қатынассыз жеке адамның тұлғалық қалыптасу үдерісін, жалпы қоғам дамуын түсініп, талдауға болмайды. Белгілі кеңестік ғалым, әлеуметтік психология саласы бойынша зерттеулерін ұсынушы Г.М. Андреева пікірі бойынша қарым-қатынас- бұл адамдарды біріктіру және дамыту тәсілі.
Қарым-қатынас саналы және тілмен жанамаланған адам іс-әрекетінің бір түрі (С.Л. Рубинштейн). Яғни, біріншіден іс-әрекет болса, екіншіден, ақпарат алмасушылар арасындағы байланысты сипаттайды.
Қарым –қатынаста келесідей аспектілер бөлінеді:
Мазмұны;
Мақсаты;
Тәсілдері.
Қарым- қатынас мазмұны- бұл бір тіршілік иесінен екіншілеріне даралық байланыста берілетін мәлімет. Тұлғаралық қарым-қатынас мазмұны ішкі мотивациялық немесе әмоциялық қалып болуы мүмкін. Адамдардың қарым-қатынас мазмұны өте ауқымды және күрделі болып келеді. Олар бір-бірімен дүние туралы білімдерімен, өмірде жинақтаған бай тәжірибесімен бөлісіп, ақпарат алмаса алады.
Қарым-қатынас мақсаты – бұл адам белсенділігі туындаушы жағдай.
Қарым-қатынас тәсілдері- қарым-қатынас барысында ақпараттарды өңдеу, кодтау амалы ретінде анықтаймыз.
А.А. Леонтьев қарым-қатынасты ішкі жекелік емес, әлеуметтік феномен ретінде қарастыру керек деген тұжырым жасайды. Себебі, индивидтіқарым-қатынас субъектісі ретінде қарастыра отырып, әлеуметтік топта немесе тұтастай қоғамда қарастыру қажеттігін ұсынады.
Б.Ф. Ломов қарым-қатынасты адам іс-әрекеті арқылы анықтауға қарсы пікір білдірді. Ол тұлғаны объектімен емес, басқа субъектімен байланыстырады деген тұжырым жасады.
Қазақстандық психология ғылымында жетекші ғалым С.М. Жақыпов шәкірттерімен бірлескен диалогтық танымдық іс-әрекет идеясын ұсына отырып, қарым-қатынасты танымдық іс-әрекетпен байланыстыра түсіндірді.
Қарым-қатынас психологиясының негізгі мәселесі- адами ортақтасудың тұлғааралық және топаралық формаларын танып-білу, ортақтасудың пайда болуы мен қызмет етуін және жеке тұлғаның ортқтасу барысында әлеуметтік-психологиялық қасиеттерінің қалыптасуын зерттеу. Сонымен қатар, қарым-қатынас психологиясы-мінез-құлыққа әлеуметтік ықпал етудің тиімді тәсілдері мен технологияларының жиынтығы.
ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ІС-ӘРЕКЕТ

8-сурет. Қарым-қатынас пен іс-әрекеттің арақатынасы


Қызметтік қатынастар- әлеуметтік топ не мекеме мүшелері арасында олардың сол топтағы құқығы мен міндеттеріне орай қалыптасады.


Егер қатынастар әрбір адамның меншікті қажеттері сипатында қаралса, олар дара қатынастар атанып, ал, ара қатынастар тұтастай жүйелікке сүйеніп, екі, одан да көп адамдардың сипаттамасы ретінде қабылданса, топтық қатынастар деп аталады.
Тең құқықты қатынастар-қатынас мүшелерінің құқықтары мен міндеттері теңгерілген жерде, ал тәуелді қатынастар құқықтары мен міндеттері бірдей

ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ТҰЛҒА



9-сурет. Қарым-қатынас пен тұлғаның арақатынасы

Аймақтар:


А- тұлғалық емес функциялық-рөлдік қарым-қатынас; көпшілік қарым-қатынас.
Б- тұлғааралық қарым-қатынас. Тұлғаның коммуникативті қалпы және коммуникативті іс-әрекеті.
В- психикалық қасиет, процесстер және қалып (кейіп).
Қарым-қатынастың бірнеше функцияларын бөледі:
Байланыстыру, прагматикалық қызметі- бұл жерде кез-келген бірлескен іс-әрекет барысында адамдардың бірігуінің шарты болып табылады. Вавилон мұнарасы туралы аңызда адамдар бірін-бірі түсінбей салдарынан құрылысты бітіре алмағандығы жөніндегі оқиға тегін емес.
Қалыптастыру, дамыту қызметі – бұл жерде арақатынас адамның психикалық бейнесінің қалыптасуы мен өзгеруінің алғышарты болып танылады. Кішкентай баланың даму барысында оның мінез-құлқы, іс-әрекеті, өмірге көзқарастары үлкен адамдармен жасаған арақатынасына тәуелді болып келеді.
Растау қызметі- басқалармен жасаған ортақтасу барысында адам өзін-өзі танып білуге, бекітуге, өзінің бар екендігін дәлелдеуге мүмкіндік алады. Адам өзінің бар екендігін, өз тұлғасының құндылығын басқа адамдар арқылы білдіреді. Адам үшін ауыр жазаның бірі- жападан жалғыз қалу, ешкіммен араласпау, басқалардың назарынан тыс қалу. Растамау- көп психикалық аурулардың, мәселен, шизофренияның себепшісі.
Тұлғааралық әмоциялық қатынастарды ұйымдастыру мен тіркеу қызметі. Басқаларды қабылдау, олармен сан қилы қатынастар (тұлғалықтан іскерлікке дейін) жасау кезінде адамдар бірін-бірі бағалап, бірімен бірі не жағымды (симпатия, ұнату), не жағымсыз (антипатия, ұнатпау) әмоциялық қарым-қатынас орнатады. Заманауи адамдардың әлеуметтік байланыстары тек әмоциялық қатынастармен шектелмесе де, әмоциялық қатынастар іскерлік, ұжымдық, рөлдік қарым-қатынастарға өз әсерін тигізеді.
Тұлғаішіндік қызмет. Адам өз-өзімен іштей, не дауыстап сөйлесіп диалог арқылы арақатынас жасайды.
Кеңес ғалымы Л.С. Выготский жазғандай, жеке қалғанда да адам ортақтасудың қызметін сақтап қалады.
Қарым-қатынастың ішкі құрылымы өте күрделі, оны шартты түрде үш жаққа бөлуге болады: коммуникация, перцепция, интеракция.

10- сурет. Қарым-қатынас құрылымы


Коммуникация – арақатынас партнерларының бір-бірімен ақпарат алмасуы, білімді, идеяны, пікірді, сезімді беру мен қабылдау процесі;
Перцепция – адамдардың бірін-бірі тануы мен тәрбиелеуі негізінде құрылатын белгілі тұлғааралық қатынастар;
Интеракция – тұлғааралық қимыл ұйымдастыру, қатысушылардың өзара қозғалыс пен әрекет алмасуы.
Кеңес ғалымы Б.Д. Парыгин коммуникация және интеракция құрылымын төмендегі сызбада түсіндірді:
Қарым-қатынас барысында ақпарат алысу деңгейлері
Қарым-қатынастың ерекше бір сипаттарының бірі екі деңгейлі құрылымы болып табылады. Ортақтасу барысында ақпарат алмасу вербальді (сөздік) және вербальсіз (бейсөзсіз) деңгейлерде өткізіледі.
Вербальді деңгейде ақпарат алмасудың негізгі құралы –сөз, тіл болса, вербальсіз деңгейде сөзден басқа коммуникация белгілері қызмет көрсетеді.
Вербальсіз тәсілдер адамның әмоциялық реакцияларының айнасы ретінде оның ортақтасу барысындағы көңіл-күйін түсінуге көмектеседі.
Вербальсіз (бейсөз) құралдарға оптикалық-кинестетикалық жүйе, пара және әкстралингвистикалық, проксемикалық, визуалдық жүйелер жатады.
Кинесика- оптикалық-кинестетикалық жүйе, оны адамның қолының (ишара-жест), бетінің (ым-мимика), денесінің (пантомимика) қимылдары құрайды. Арнайы зерттеулер нәтижесінде беттің 20000 қимылы анықталған екен. Сонда адам бетін үш салаға бөліп: қас пен көз, мұрын, ауыз және ерін, олардың қимылына байланысты адамның негізгі алты сезімін білдіруге болатыны анықталған.

11-сурет. Сезімдердің көрінісі


Мәселен, келіскенде не келіспегенде біз басымызды, ұрысқанда не мақтағанда қолымызды, амандасқанда не қоштасқанда денемізді басқашақимылдатамыз. Қол қимылдарының жылдамдығы әр ұлт өкілдерінде әртүрлі келеді: бір сағатта финдер -1, франуздар-20, италиялықтар-80, мексикалықтар-180 рет қимылдатады екен.


Акустикалық жүйеге парлингвистика және әкстралингвистика жатады. Паралингвистика- бұл коммуникатор дауысының сапасы: тембрі, ырғағы, қаттылығы, жылдамдығы, интонациясы, логикалық екпіні. Әкстралингвистика- бұл дауыстың өзі емес, оның айналасындағы құбылыстар: сөйлескендегі жөтел, күлкі, пауза, жылау және т.с. Сөз болмаса да бұлардың коммуникациялық мағынасы зор.
Вербальсіз жүйенің ішінде коммуникацияның кеңістігі мен уақытын ұйымдастыру (проксемика-кеңістік психологиясы) да үлкен рөл атқарады.
Адам адамға кеңістікте қандай жағдайда, қаншалықты арақашықтықта жақындай алады. Батыс мәдениеті, қазіргі күнде шығыс мәдениетінде де қабылданған нормалар төмендегідей:
0-45- жақындық арақашықтық (ғашықтар, достар, туыстар);
45-120- тұлғалық арақашықтық (әріптестер, таныстар)
120-400- әлеуметтік арақашықтық (мұғалім мен оқушы, сатушы мен алушы)
400-750- қоғамдық арақашықтық (көсемдер, лекторлар және тыңдаушылар)
Адамның ішкі жан дүниесі оның сөзі мен тілінен айқын көрі неді. Қандай сөздер мен тіркестерді қолдануына қарап, сөз ырғағы мен әуенін талдай отырып, сөйлеу процесіндегі тыныстары мен жеделдігіне орай жеке адамның ерекшеліктерін байқаймыз.
Кейбір қатынастарға байланысты адамдардың психологиялық бейнесі тұрақты келеді де, көбіне айыспалы болады. Адамның сырт көрінісіне орай оның образы біршама өзгеріссіз сақталады.
Кейде кездейсок ұшырасқан адамымыз көптен таныс сияқты болып көрінеді. Ал тілдесе келе, оның әрекет – қылығына мән бере, тіпті басқа біреу екеніне көз жеткіземіз.
Кейде, керісінше, алғашқыда танымасақ та, адамның мінез бітістерінен, әрекет – қылығынан бұрыннан бізге таныс белгілерді байқап, жақындасуға тырысамыз. Осыдан, біздің санамызда бекіген адам бейнесінде үлкен рөл ойнайтын – мінез бітістері, екінші орында – адамның сырт көріністері.
Адамның өзін-өзі тануы төңірегіндегілердің қабылдауы мен бағасына тығыз байланысты, кеңірек айтар болссақ, барша адамдардың өзара түсінісуіне тәуелді. Күнделікті тұрмыстық қатынастар тілдесу негізінде адамның психологиялық бейнесін түзу үшін келесі тәсілдер қолданылады: бітіс тану, алғашқы әсерлену, жаңалықты әсерлену, ықтималды болжай әсерлену, асыра сілтей әсерлену, жеке адамның бітістерді біріктіре әсерленуі (Р.С. Немов). Алғашқы әсер тәсілі бөгде адамды бірінші көргеннен қалыптасатын образды бекіту үшін қолданылады.
Ал енді жеткізіліп жатқан ақпараттағы адам қасиеттерінің тізімі молдау болып, мәлімет бөліктерін хабарлау барысында біршама уақыт үзілісі болса, алғашқы ақпарат соңында қарай ұмытылады. Бұл жағдайда алғашқы әсерленуге қарыс құбылыс – жаңалықты әсерлену тәсілі іске кіріселі, яғни талдауға түскен адамның образы ол жөніндегі ең соңғы мәліметке орай құрылады.
Ықтималды болжай әсерлену деп келесі құбылысты түсінеміз: адам миы болашақ оқиғаларды алдын ала болжастыру қабілетіне ие. Асыра сілтеу әсері адам жөніндегі алғашқы бағаның кейнгілеріне күшті ықпал етуінен пайда болады. Мұндай әсерден бірінші берілген мінездеме қатып қалған, өзгермес күйге түседі.
Психологиялық бейне жасауда ең қүрделі де маңызды тәсіл-жеке адамның бітістерді біріктіре әсерлену құбылысы. Оның мәні мынада: әрбір адам сан-қилы тұлғалармен көп мәрте кездесе жүріп, қабылдау және бағалаумен жадында олардың сырт көрінісі, психологиялық және әрекет-қылығы туралы пайымдау бекітеді.
Бірін бірі түсінісуде адамдар көбіне шектен тыс өзімшіл, субъективті, асығыс қорытынды жасауға бейімшіл келеді.
Субъектив қателік мәні: нақты кезеңдегі өзінің психологиялық кейпіне назар салмастан, адам нақты көріп тұрғанымен естігеніне сеніп қалады, ал, көз бен құлақ қабылдауы әрқашан адамның жеке көңіл-күйінің жағдайына тәуелді. Қандай да адамды қабылдауымыз біздің өзіміздің сол мезеттегі жан толғанысымез, көңіл шарпуымыз бен қажетсінуімізге байланысты келеді.
Ситуативтік қателік мәні: басқаны бағалай және қабылдай отырып, тұлға өз қабылдау процесінің қандай жағдайда өтіп жатқанын ескермеуі және сол жағдайдың оның өзінің әрекет-қылығы мен бақылауындағы адамның болмысына нендей әсер етіп жатқанын байқамауы мүмкін.
Асығыс қорытынды жасауға байланысты қателік мәні: бақыланушы адам жөніндегі пікір мүмкін болған мәліметтердің бәрі жинақталмай, үстірт беріледі.
Қателіктің бір тобы- жалған қарапайымдылықтан келіп шығады. Мұндай қателік өзін-өзі шын мәнінде кім екенін білмейтін, қоғамдық беделі жоқ, аңғырт адамдарда болады.
Коммуникативтік құзіреттілік – басқа адамдармен қажетті байланыста болу қабіблеттілігі. Тиімді байланысқа әріптестердің өзара түсінушілігі жағдайда жақсы түсіну және қатынас құрамын білу.
Нашар байланыс себептері.
А) Стереотиптер – жеке тұлғалар мен жағдайлардың жеңіл пікірлері, нәтижесінде ададмдар дұрыс түсіну, жағдайды жүйелі сараптау жоқ.
Б) Түсініксіз елестету – жеке түсінігіне қайшы келетін нәрсенің барлығы.
В) Адамдар арасындағы нашар қарым-қатынас, егер адамның қарым-қатынасы нашар болса, өзіңіздің көзқарасыңыздың дұрыстығына оның көзін жеткізу қиын.
Г) Әңгімелесушінің қызығушылығы мен назарының болмауы, адам ақпарат мазмұнын өзіне маңыздылығын түсінген кезде қызығушылық пайда болады. Е) Фактілерді елемеу, яғни жеткіліксіз фактілер болмай-ақ қорытынды жасау әдеті.
Д) Пікір жасау барысында қате жіберу. Дұрыс сөздер қолданбай хабарламаны қиындату.
Ашық қатынас - өз пікіріне толық жету мүмкіндігі. Жабық қатынас - өз пікіріне түсінікті етіп жеткізуді білмеу немесе қаламау. Жабық байланыс мына жағдайда орындалады:
Заттай байланыста айырмашылық болса,
Даулы жағдайда қарсыласына өз сезімін жоспарларын ашып айту мағынасыз «Бір жақты сұрап алу»
«Қарым –қатынас» және «іс-әрекет» ұғымдары психологияның дербес бөлек салалары болып табылады, дегенмен олардың арасында диалектикалық өзара байланыс бар. Іс-әрекеттің кейбір түрлері қарым-қатынас заңдылықтары негізінде жүзеге асады. Сондай іс-әрекеттердің бірі- педагогикалық іс-әрекет.
Қазіргі кезеңде ақпарат алу түрлерінің барынша кең тараған дамыған шағында қарым-қатынас оқытудың маңызды тетігіне айналып отыр. Себебі қарым-қатынас білім мен дағдыны игеру, сараптау, іріктеу, меңгеру, қайта өңдеудің басты құралы болып табылады.
Тәрбиелік немесе танымдық сипаты жоқ қарым-қатынасты көзге елестету қиын. Соңғы жылдары ғылыми әдебиеттер мен практикада «педагогикалық қарым-қатынас» атты тың ұғым кеңінен қолданылып жүр. Ол белгілі педагогикалық функцияға негізделген оқытушы мен студенттің оқу және тәрбие процесіндегі кәсіби қарым-қатынасы дегенді білдіреді.
Аталмыш қарым-қатынас, оқу іс-әрекетін оңтайландыруға, ұжымдағы педагог пен білімгердің қатынасын, жалпы жағымды психологиялық ахуалды қалыптастыруға бағытталған. Басқаша айтқанда, педагогикалық қарым-қатынас - педагогикалық мақсаттағы педагог пен тәрбиеленуші арасындағы қарым-қатынас.
Педагогикалық қарым-қатынастың мәні, маңызы жөнінде педагогика саласында іргелі зерттеулер бар. Көптеген педагогтардың анықтамасында педагогикалық қарым-қатынас педагог пен тәрбиеленушілердің бір-біріне әлеуметтік-психологиялық әсер етуінің бүтіндей жүйесі ретінде көрсетіледі. Оған ақпарат алмасу, тәрбиелік әсер ету, өзара қарым-қатынасты ұйымдастыру т.б. жатады. Оның барлығы коммуникативті әдістер арқылы жүзеге асырылады. Жалпы алғанда, педагогикалық қарым-қатынас педагогикалық мақсаттағы педагог пен білім алушының арасындағы қарым-қатынас.
Қарым-қатынастың тиімділік проблемасы көп зерттеліп жүр. Белгілі психологтар А.А.Бодалев, Б.Ф.Ломов, Е.С.Кузьмин, В.В.Знаков, А.А.Леонтьев, А.А.Реанның еңбектерін атауға болады. Педагогикалық қарым-қатынас тиімділігі мәселесі И.А.Зимняя, Я.Л.Коломинский, С.В. Кондратьева, А.А.Леонтьев, Н.В.Кузьмина, А.А.Реан еңбектерінде қарастырылады. Әксперименттік зерттеулер көрсеткендей педагог міндеттерінің ішіндегі қиын да күрделісі қарым-қатынас мәселесі.
Педагогикалық кәсіби қарым-қатынас негіздерін меңгерудің басты шарттарына:

  • педагогикалық қарым-қатынастың құрылымы мен заңдылықтарын зерттеу;

  • педагогикалық коммуникацияның технологиясын меңгеру;

  • педагогикалық кәсіби қарым-қатынастың білігі мен дағдысын қалыптастыру;

  • коммуникативті қабілеттерді дамыту жатады

Қазіргі заманғы ғылымда қарым-қатынас және іс-әрекет, өзіндік заңдылықтары мен құрылымы бар – психологиялық шындық (құбылыс). Бұлардың арасында табиғи байланыс бар. Тіпті, іс-әрекет заңдылықтарының негізінде құрылатын қарым-қатынас та кездеседі (мысалы, актерлардың ойынын жатқызуға болады). Ал кейде, керісінше, қарым-қатынас заңдылықтары бойынша құрылатын іс-әрекеттің түрлері де болады.
Педагогикалық іс-әрекеттің обьектісі – тұлға болғандықтан, ол педагогикалық іс-әрекет қарым-қатынас заңдары бойынша құрылады. Қарым-қатынас құрылымында үш негізгі компонентті ерекше атап өтуге болады:

  • когнитивтік (танымдық);

  • аффективтік (эмоционалдық);

  • мінез-құлықтық немесе әрекеттік.

Қарым-қатынаста басқа да модельдер бар, бірақ кез-келген жіктеуде алдымен когнитивтік аспектісі қарастырылады. Педагогикалық қарым-қатынаста бұл аспект, ерекше маңызға ие. Педагогикалық іс-әрекеттің нәтижелі болуы, педагогтың оқушы тұлғасын терең зерттей білуіне байланысты. С.В.Кондратьева және оның әріптестерінің зерттеулері көрсеткендей, тәжірибесіз педагогтар жағдайдың тек сыртқы жақтарына ғана көңіл аударады, іс-әрекеттің шын мақсаты мен түрткісіне тереңдеп бара бермейді. Ал тәжірибелі педагогтар оқушы тұлғасының қасиеттерін, іс-әрекеттерінің негізгі мақсаттары мен түрткілерін, ой-пікірлерін анықтай алады. Осыдан педагогикалық іс-әрекеттің нәтижелілігі мен педагогтың оқушы тұлғасын танып-білу арасындағы тығыз байланысты көруге болады.
Оқушының тұлғасына деген оң қөзқарас және оларды мадақтау жүйесі – педагогикалық қарым-қатынастың маңызды бөлігі. Педагогикалық қарым-қатынас өнімділігінің көрсеткішіне жағымды психологиялық ахуал құру, оқу тобындағы белгілі тұлғааралық қатынасты қалыптастыру жатады. Педагог оқу тобындағы тұлғааралық қатынасты мақсатты түрде ұйымдастыру керек. Белгілі бір жоғары деңгейдегі қатынастың өзегі - ұжымның өзіндік дамуы болады. Ал алғашқы кезеңде тұлғааралық қатынасты қалыптастыру педагогтың шеберлігіне тікелей байланысты.
Оқушылардың іс-әрекетін мадақтау тиімді және тиімсіз болуы мүмкін. Педагогикалық қарым-қатынастағы тиімді және тиімсіз мадақтаулардың көрсеткіштері мен белгілері төмендегі кестеде көрсетілген.
Қарым-қатынас ақпарат алмасу, пікірлесу, сезімдермен және пікірлерімен бөлісуден, қоршаған ортаны қабылдаудан қалыптасады. Сондықтан ол педагогикалық процестің рухани-психологиялық негізін құрайды. Осы қарым-қатынас арқылы тұлғаның қалыптасуы, тәрбиеленуі, дамуы жүзеге асады. Яғни педагогикалық іс-әрекетте табысқа жетудің бірден-бір жолы педагог пен білімденушінің арасындағы дұрыс қарым-қатынас. Студенттермен қарым-қатынас дәрежесі педагогтың кәсіби шеберлігінің деңгейін байқатады.
Студенттік дәуір – адам өміріндегі қарым-қатынастың барынша кең де ауқымды дамитын шағы. Дәл осы кезеңде қарым-қатынас диапазоны өзгереді. Студенттік кезең - балалық шақтан өтіп, ересектер қатарына өткен, дегенмен ересек ретінде әлі қалыптаса қоймаған шақ. Сондықтан да бұл кезде ересектер дүниесінің жаңа қыр-сырына қанығу процесіндегі жаңа пайымдаулар пайда болады.
Педагогикалық қарым-қатынастың әсіресе төменгі курс студенттері үшін маңызы зор. Алғашқы курстан бастап жастардың оқу процесіне, мамандығына деген қарым-қатынасы дамиды, өзін-өзі танып білуге деген ұмтылысы күшейіп, болашақ кәсіби маманның түпқазығы қалыптасады.
Жоғары оқу орнында студент бейімделудің екі түрінен өтеді: алғашқысы оқуға деген бейімделу, екіншісі әлеуметтік-психологиялық бейімделу.
Біріншісі студенттің оқу процесін ұйымдастырудың сипатын, мазмұнын, оның талаптарын меңгеруге бағытталса, екінші түрі академиялық оқу тобындағы, басқа топтар мен курстардағы жолдастарымен қарым-қатынасын қалыптастыруға бағытталған.
Мектептегідей күнде сабаққа дайындалу, жаттау, есте сақтау сынды тапсырмалар болмағаннан кейін алғашқыда студент жоғары оқу орнында білім алу оңай екен деген қате тұжырымға келеді. Сөйтіп, сессия алдындағы қиындықтар, үлкен жауапкершілік кейде студенттерді қажытып тастайды, жүйке жүйесінің тозуына әкеп соқтыруы мүмкін.
Студенттік өмірдің алғашқы кезеңіндегі қиындықтарға жастардың өзіндік жұмыс жасау қабілетінің әлі дами қоймағандығы, лекция жазу, конспект дайындауға икемділіктің жоқтығы, әдебиетті өз бетінше пайдалануды меңгермегендігі, аумақты, көлемді ақпаратқа талдау жасай білмеушілік, өзінің ойын анық, дәл жеткізе алмаушылық жатады.
Сондықтан да әсіресе бірінші курс студенттерімен педагогикалық қарым-қатынасты дұрыс жолға қою-педагог үшін жауапты міндет болып табылады.
Әлеуметтік психологиямен айналысатын ғалымдар адамдар арасындағы мейірімділік, ізгілік негізінде дамитын қарым-қатынас оқытудың тиімділігін 15-18% көтеруге ықпал жасайды деп тұжырымдайды. Керісінше, мұндай ізгілікті қарым-қатынастың болмауы, педагогтың нашар көңіл-күйі, ішпыстырар, бірсыдырғы түрде материалды жеткізу оқытуды 10%-дан 37%-ға дейін төмендетеді.
Қазіргі кезде оқыту барысындағы өзара әрекетке қарым –қатынастың ақпараттық функциясы туралы жиі айтылып жүр. Оны жүзеге асырудың алуан түрлі әдісі жайлы көптеген теориялық және қолданбалы еңбектер жарық көрді.
Қарым-қатынасты қалыптастырудың оқытуға бағытталған функциясын жүзеге асыру былайша қамтамасыз етіледі:

  • мұғалімнің студенттермен нағыз психологиялық байланысы;

  • мұғалімнің оқушылармен оқыту процесін оқу әрекетіне айналдыру;

  • оқытудың қолайлы жағдайларын қалыптастыру;

  • ұжымдық танымдық ізденіс пен бірлесіп ойластырудың психологиялық жағдайының пайда болуы.

Қарым-қатынасты қалыптастырудың тәрбиелеуге бағытталған функциясы оқу процесінде былайша қамтамасыз етіледі:

  • оқу үдерісінде педагог пен балалардың психологиялық байланысы негізінде тәрбие қарым-қатынасы жүйесін орнату;

  • оқу әрекетін ойдағыдай қамтамасыз ететін педагогикалық қарым-қатынас жүйесін қалыптастыру;

  • жеке адамның тұтастай танымдық бағытталушылығын қалыптастыру;

  • оқу әрекеті процесінде (танымдық, жас ерекшелік, әмоциялық, дидактикалық т.б.) психологиялық кедергілерді жеңу;

  • оқушылар ұжымындағы өзара қарым-қатынасты ойдағыдай қалыптастыру.

Қарым-қатынасты қалыптастырудың дамушы функциясы былайша жүзеге асырылады:
1) оқу әрекетінде жеке адамның жан-жақты тұтастай дамуының әлеуметтік –психологиялық негізін орнату;
2) жеке адамның дамуының қозғаушы күші ретінде көрінетін қарама-қайшылықтың диалектикалық жүйесін орнату;
Педагог пен студенттің қарым-қатынасындағы жеке-типологиялық ерекшеліктер педагогикалық қарым-қатынас стилін айқындайды.
Стиль термині ежелгі шешендік өнер - риторикада тілдің көркемдік құралы ретінде пайда болған. Тарихшылардың пайымдауынша стиль ұғымы өнерде, әдебиетте, лингвистикада кеңінен қолданылған. Бұл ұғымды философтар, психологтар, педагогтар әртүрлі түсіндіргенмен, олардың барлығына ортақ анықтама оның ұйымдастыру тәсілі екендігін байқатады. Олай болса, педагогикалық стиль деп педагог пен студенттің іс-әрекетінің тәсілдері мен құралдарының тұрақты бірлігі, олардың субъект-объектілік қарым-қатынасын айтады. Қарым-қатынас стилі педагогтың жалпы және кәсіби мәдениетін бейнелейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет