Қазақ халқының қоғамдық-саяси өміріне белсене
араласқан өкілдердің бірі – Ахмет Байтұрсынұлы
(1873-1937). 1909
жылғы шілде айында Ахмет
Байтұрсынұлы Қарқаралыда мұғалім болып
жүргенде патша өкіметінің саясатына қарсылық
білдіргені үшін Семей түрмесіне қамалды.
1910-1917 жылдары Орынборға жер аударылды.
1913 жылғы наурызда “Қазақ” газетін
ұйымдастырып, оның редакторы ретінде патшалық
Ресейдің отарлық саясатын әшкерелеуде белгілі
рөл атқарды.
М.Дулатұлы патша үкіметінің аграрлық саясатын
өткір сынағандықтан
қуғынға ұшырап Семейде,
Омбыда, Қарқаралыда болып, қазақ еңбекшілерінің
саяси бағытын анықтауда ерекше рөл атқарды.
Көтеріліс бүкіл Қазақстанды жаулап алды және патшаның
әскери-отарлық және кең ауқымды орыстандыру саясатына,
сонымен қатар ауылдың бай-феодалдық басшыларына қарсы
ұлт-азаттық қозғалысқа айналды. Сонымен бірге қозғалыс
халық шаруашылығының
дағдарысына және халықтың
кедейлігіне әкелген империалистік соғысқа қарсы бағытталған.
Осында ол Ресейдегі жұмыс тобы мен шаруалардың төңкерістік
күресімен қабысты. Қазақ халқының бостандық және
тәуелсіздік үшін барлық алдыңғы күресін қорытындылаушы
ұлттық және саяси азаттығы 1916 ж. көтерілістің маңызды
мақсаты болып табылады.
1916 ж. көтеріліс қазақ
халқының көп ғасырлық ұлт-
азаттық
тарихында ерекше
орынды алады. Империализм
және бірінші дүниежүзілік соғыс
жағдайларында Амангелді
Иманов және көтерелістің басқа
жетекшілері өз уақытында
Сырым Датұлы, Исатай
Тайманов,
Махамбет Өтемісұлы,
Кенесары, Наурызбай Қасымов
бастаған тәуелсіздік үшін
күреске халықты шақырды.
Жетісуда көтерілісшілердің қозғалысы
қаталдылықпен басылса, Торғай даласында ол
күннен күнге күшейіп, өсіп отырды. Басында А.
Иманов пен Ә.Жангельдин тұрған көтеріліс
табан тірескен және ең ұзақ болды. Мұрағат
құжаттары бойынша көтеріліс басында
көтерілісшілер жасақтарының саны 50 000
адамды құрады. А.
Иманов оң мың
ұйымдастырылмаған көтерілісшілерден он, елу,
жүз және мыңдыққа бөлінген тәртіпті әскери
жасақты құрды. Әрбір бөлімшенің басына
онбасы, елубасы, жүзбасы, мыңбасылар
қойылды. Мергендердің арнайы бөлімшесі
(мергендер жасағы) құрылды. Әскери кеңес А.
Имановты сардарбек – көтерілісшілердің бас
қолбасшы етіп сайлады.