Практикалық қазақ тілінен жаттығулар жинағы (морфология) Құрастырушы қазақ тілінің мұғалімі



бет2/3
Дата22.08.2017
өлшемі0,65 Mb.
#23836
1   2   3
§3. Сан есім

Сан есім заттың санын, ретін білдіреді. Неше? Қанша? Нешінші? Нешеу? деген сұрақтарға жауап береді.
Сан есім мағынасына қарай 6 түрге бөлінеді.

1. Есептік сан есім – заттың нақты санын білдіреді. Сұрақтар: қанша? неше? Бұл сан есімдерге септік жалғауларын жалғауға болады. Егер күрделі сан есім болса, септік жалғауы ең соңғысына жалғанады: екі жүз отыз алты+дан. Мысалы: бес, он екі, екі мың төрт т.б.

2. Реттік сан есім – заттың реттік қатарын білдіреді. Сұрағы: нешінші?. Сан есімдерге –ыншы, -інші, -ншы, -нші жұрнағы жалғану арқылы жасалады. Мысалы: бірінші, тоғызыншы, жиырма бесінші т.б.

3. Жинақтық сан есім – заттың жинақталған санын білдіреді. Сұрағы: нешеу? Бірден жетіге дейінгі есептік сан есімдерге –ау,-еу жұрнақтары жалғану арқылы жасалады. Мысалы: біреу, алтау т.б.

4. Болжалдық сан есім – заттың санын дәл білдірмей, шамамен болжамдап көрсетеді. Сұрақтар: қанша? неше? қай шамалы?. Болжалдық с.е. -лаған/-леген,-даған/-деген,-таған/-теген,-лап/-леп,-дап/-деп,-тап/-теп,-дай/-дей,-тай/-тей қосымшаларын қосу арқылы жасалады: отыздаған, он-он бестеп, қырық-елудей. Кейде көптік жалғауын жалғап та болжалды сан есім жасауға болады: қырықтарда т.б. Шамалы, қаралы, шақты, таман, таяу, тарта, жуық, жақын сөздері тіркесіп те болжалдық сан есімдер жасайды: он шамалы, елуге тарта т.б.

5. Топтау сан есім – заттың санын топтап көрсетеді. Сұрағы: нешеден?. Шығыс септігі жалғауы арқылы жасалады. Мысалы: үштен, үшеу-үшеуден, сексеннен.

6. Бөлшектік сан есім – заттың бөлшектік санын білдіреді. Сұрақтары: қанша? неше?. Мысалы: бір жарым, бестен екі, төрт бүтін оннан бес.



Құрамына қарай:

Дара сан есім

Күрделі сан есім

Бір ғана түбірден (негізгі немесе туынды) тұрады.

Мысалы: ондаған, жүз, сегізінші, жетеу.



Кемінде екі сөзден тұрады.

Мысалы: он бес, мың тоғыз, жүз тоқсан екі т.б.





1-жаттығу. Төмендегі көркем әдебиеттерден алынған мысалдардан сан есімдерді тауып, олар сан есімнің қай түріне жататындығын анықтаңыздар.

Жетпіс сегіз бен жиырма төртті қосайық. Жетпіс сегізге әуелі жиырманы қосамыз, тоқсан сегіз болады. Содан кейін тоқсан сегізге төртті қосамыз, барлығы жүз екі болады («Арифметика» оқулығынан).

Екінші, үшінші қабаттарда тағы да сондай өзгеше әсем ойылған төсектер бар.

Солардың ішінде ең жақсылары он алтыншы, он жетінші нөмірлер екен (М.Әуезов).

Атадан алтау, анадан төртеу, жалғыздық көрер жерім жоқ. Біреуінің күні жоқ біреуінсіз, ғылым сол үшеуі-нің жөнін білмек (Абай).

Бір түн отырып ел адамдарын төрттен, бестен жиып алып, бір түрлі іс тапсырған (М.Әуезов).

Олар екі-үштен қолтықтасып, үйдің ішін шыр көбелек айналып жүр (Б.Майлин)

Алты совхозға келетін тракторлардың ғана саны үш жүздей (газеттен)

Сол жолды біз жеті сағаттай жүріппіз (С.Мұқанов)

Сәтемір жетілерде атасынан жетім қалған (Ы.Алтынсарин)

Судың үштен бірі қалғанда, көлжұтардың ұрты ғана суға толады. (Қазақ ертегілері)

2-жаттығу. Мақал-мәтелдерден сан есімдерді тауып, оларға сұрақ қойыңдар.

Бір күн бұрын ексең, бір апта бұрын орасың. Ертеңгі екеуден бүгінгі біреу артық. Жетелі келіннің жеті-жетіден құрбысы бар. Алпыстағы атаңды жыққанша, алтыдағы атаңды жық. Он екі айда он үш той. Жұт жеті ағайынды, жиенімен сегіз. Бірінші байлық – денсаулық, екінші байлық – ақ жаулық, үшінші байлық – он саулық. Досыңды үш күн сынама, үш жыл сына.



3-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жазыңдар, сан есімдерге талдау жасаңдар.

1.Жел артымыздан еді, ауылдан он-он бес шақырым шық-тық. 2. Бір атаның баласы жүз елу-екі жүз үйлер бар. 3. Әр томарға төрт-бес үйден қонып, бөлек-бөлек отырғандары. 4. Сол төрт ұлдың ортасында бұландап өскен Шұға дейтін қызы болды. 5. Ол кезде менің жиырмаға жаңа келген кезім. 6. Шұғаның әке-шешесінің бір артық жері, он алтыға келгенше Шұғаны күйеуге бермеді («Шұғаның белгісі» Б.Майлин)



4-жаттығу. Сөйлемдерді оқып, аударыңыз. Біреу сөзінің үстіне қай жерде ол белгісіздік есімдігі немесе жинақтау сан есімі болып жұмсалып тұрғанын жазыңыз.

1.Нұрым маған екі қарындаш бермек: біреуі – ұзын, екіншісі – қысқа. 2. Біздің көшеде екі үй тұр: біреуі – үлкен, екіншісі – кіші. 3. Біреу маған кітап берер. Ол өте қызық кітап екен. 4. Сізге біреу телефон соғып тұр. 5. Кө-шемен екі бала келе жатыр: біреуі – Арман, екіншісі – Ерлан. 6. Біреу кереуетте жатыр. Ол кім екен? 7. Сәуле біреумен Кавказға барады. 8. Болат мына дәріні біреуден алсын. 9. Мұрат сенің дәптеріңді біреуге берсін. 10. Мына-лар кім? – Біреуі – Жанар, екіншісі – Шынар. 11. Неше балаң бар? –біреу.



5-жаттығу. Қазақ тіліне аударыңыз.

Двадцать пятая аудитория на третьем этаже. Двести сорок восьмой дом там. В словаре шестьдесят пять тысяч слов. Возьми десять картинок. На полке стоит пятнадцать книг. Где четвертый подъезд? Подай две пиалы. В городе полтора миллиона людей. В классе тридцать два ученика. Нас пятеро. Скажи этим двоим. Они трое собираются поехать на Памир. Одна из них – Асель, а вторая – Асем.


§4 Есімдік

Есімдік – зат есім, сын есім және сан есімнің орнына жүретін сөз табы. Сондықтан ол орынбасар сөз табы деп те аталады.



Мағынасына қарай 7 түрі бар:

Жіктеу - белгілі бір жақ түрінде қолданылатын есімдіктің түрі. Мысалы: мен, сен, ол, біз, сендер, олар.

Сілтеу – мезгеу, нұсқау және көрсету мағыналарын білдіретін есімдіктің түрі. Мысалы: сол, мынау, анау, міне т.б.

Сұрау – жауап алу мақсаты мен сұрау мағынасында қойылған сұрақтар. (Қазақ тіліндегі барлық сұраулы сөздер жатады). Мысалы: кім, не, неше, қайда, неге т.б.



Өздік – өздік есімдігіне әр түрлі тұлғадағы өз деген бір ғана сөз жатады. Мысалы: өз, өзім, өзіміздің, өз-өзіне т.б.

Жалпылау – жалпылау, жинақтау мағыналарын білдіре-тін есімдіктің түрі. Барлық, бәрі, барша, тегіс т.б.

Белгісіздік – затты, сындық белгіні, сан-мөлшерді жора-малдап, тұспалдап көрсететін есімдіктің түрі. Мысалы: кейбіреу, қайсыбір, әлдеқайда, әлдеқашан т.б.

Болымсыздық – болымсыздық мағынаны білдіретін есім-діктің түрі. Мысалы: еш+(кім, қайда, бір, қашан т.б.), ештеңе, дәнеме
Ескерту: еш, кей, әлде, әр, қайсы, бір есімдіктері зат есім-мен және сын есіммен тіркесіп келгенде, бөлек жазылады. Мысалы: еш уақытым жоқ, кей кезде, әр адам, әр түрлі т.б.

Құрамына қарай:

Дара және күрделі есімдік болып екіге бөлінеді. Дара есімдік бір сөзден тұрады. Мысалы: мен, олар, біреу, қайда, мынау, барлық т.б. Күрделі есімдік екі түбірден жасалады. Мысалы: кімде-кім, өз-өзіне, әлдеқашан, ешбір т.б.

1-жаттығу. Көркем әдебиеттен алынған мысалдардан есімдіктерді тауып, олар есімдіктердің қай түріне жататы-нын ажыратыңыздар.

1.Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін (Абай)

2. Мен саған ораламын ақ сезіммен,

Қайта оралам өзіңе пәк сезіммен.

Өзің жайлы жақсы бір ән шырқасам,

Сөйлестім бейне өзіңмен деп сезінем.

(Г.Сейілжанова)

3. Күнім осы балапанын қанатының астына тыққан

кәрі тауықтай отырғаным – мынау (М.Әуезов)

4. Абай неге жақсы? Мұның күйеуінен неге артық? Не-

ге бар ел соны білгіш, данышпан ғып алды?

(М.Әуезов)

5. Қыз десе әркім кетер қызуланып,

Көңілден әлдеқайдан от кеп жанып.

(С.Торайғыров)

6. Ажал тілінің жалаңдаған тілінен басқа ештеме кө-

рінбейді («Мың бір түн»).

7. Атшабар, көкпар, серке тарту, теңге алу, балуан

кү-рестіру – баршасы да осы күні болып жатыр.

(М.Әуезов)



2-жаттығу. Мына мақал-мәтелдерден есімдіктерді тауып, түрлерін көрсетіңдер.

  1. Әркімнің қолы өз аузына жақын.

  2. Дәрігерге дүйім жұрттың бәрі де дос.

  3. Өзің су ішкен құдыққа, ит өлігін ырғытпа.

  4. Біреу тоқтықтан соқыр, біреу жоқтықтан соқыр.

  5. Сен жырламасаң екен, мен тыңдамасам екен.

  6. Дені сауға бәрі сау.

  7. Ешкім екі рет жас болмас.

  8. Біреуді төсек жазады, біреу жатқаннан азады.

  9. Жалған нәрсенің бәрі жасық.

  10. Әркім өзі шыққан төбешігін биік болсын дейді.

3-жаттығу. Сұрау есімдіктерін қатыстырып, сөйлем құрастырыңдар.

Келген кім? Ол не? Неше кітап әкелді? Нешінші орын? Қалай екен? Қанша тұрады? Қандай екен? Қайда барасың? Қайдан келдің? Қалай оқисың? Қашаннан бері? Қайдағы ойын? Қашанғы уәде?



4-жаттығу. Өздік есімдікті тауып, астын сыз.

Өз басы ренжітейін деп те ойлаған емес. Жөнін мынаның өзінен сұраңыз. Әр ауыл өзді-өзі күзеттеріне қонып жатыр. Қуандық өз байлауын айтты. Бұлар өзіміздің балалар ғой. Өзіміз бес күнге жететін азық алып, ауыр киімдерімізді күзетшілікке тастап кетеміз. Өздерің ұзақ жолдан қажып келе жатқанда, босқа шаршап қайтесіңдер. Бұл – Абайлар-дың өз аулының қызы, Ызғұттының үлкен қызы болатын.



5-жаттығу. Белгісіздік есімдігін қатыстырып сөйлем құрастырыңдар.

Біреу келе жатыр ма, саған бірдеме айтты ма, әркім өз ісіне жауапты, әлдекім бе?, әлдене ме?, кім де кім, қайсыбір адам, қайсыбіреулер олса да, бірнеше рет, әлденеше рет, әрқалай екен, әлдеқалай болар, әлдеқашан болған оқиға.



6-жаттығу. Мына сөйлемдерді оқып, орыс тіліне аударыңдар. Есімдіктердің түрлерін анықтаңдар.

1.Сіздерден оны алсын да, маған берсін.2. Сендердің мұғалімің бізге ұнап отыр.3. Сіздерге біздерден үлкен сәлем.4. Олардан шықсын да, саған барсын.5. мен сенің жұмысыңды оларға ертең тапсырайын. 6. Менен сұрап отырсың, ал оған бермей отырсың. 7. Ода қызық кітап жоқ. 8. Сендерге біздің ақылымыз керек пе? 9. Сіздің аяқ киімі-ңіз менің аяғыма келмей тұр. 10. Одан сендер бізге дәмді тағам әкеліңдер. 11. Сен оны жек көрме. 12. Олар Сіздерді бізден сұрап жатыр. 13. Ол сендерді бізде көріп жүр, ал мен оларды сендерде көріп жүрмін. 14. Біздің қызымыз Сіздерде жоқ па? 15. Біз олардың атынан Сізге көп рақмет айтып отырмыз. 16. Мен оның үйінен, ал оны біздің үйіміз-ден кездестіріңіз.



7-жаттығу. Көп нүктенің орнына есімдіктерді қойып жазыңдар.

1.... ата-анаңыздың үйінде тұрып жатырсыз ба? 2. Мұрат ....

қызық әңгімені айтып отыр. 3. ... институттан үйге немен келіп жүрсіңдер? 4. ... автобусты көптен күтіп тұрсың ба? 5. Жаңа тақырыпты мұғалімнен емес, ... сұра. 6. ... тобы-мызда ... жұмыс істемей отыр.7. ... адамдар жұмыс істеуге жалқау. 8. ... адам жұмыс істеу керек. 9. ... ... біліп отырсың. 10. ... барма, ... кел. 11. ... ... көріп отырсың ба? 12. ... тыңда-ма, ...нен ... сұрама. 13. ... жұмысыңды ... істе. 14. ... айт. 15. ... келсін. 16. ...нің атың кім? 17. ... қайда жүрсіздер? 18. ... айтпа. 19. ... істесін. 20. ... барсын. 21. ... тыныш отырсын. 22. ... үйді ...ге көрсетпесін. 23. ... тыңдаңдар, ... тыңдамаң-дар. 24. ... ... үйіне қонаққа барайық.

8- жаттығу. Қазақ тіліне жазбаша аударыңдар.

1.Это мой дом, а тот – его дом. 2. Сделайте это сами. 3. У меня ничего нет. 4. Все люди гуляют на улице. 5. Кто это? 6. Пусть сейчас никто ничего не читает. 7. Это твое место? Пусть туда никто не садится. 8. Как Вы говорите по-казахски? Я Вам говорю! 9. Это упражнение выполняйте сами. 10. Никто тебя сейчас не заставляет. 11. Ты знай это сам. 12. Возьми эту книгу, она очень интересная. 13. Кто-то сюда идет. 14. Давай я у тебя кое-что спрошу. 15. Вся стра-на изучает казахский язык. 16. Давайте все что-нибудь сделаем. 17. Свой дом есть свой дом. 18. Некоторые люди сейчас работают. 19. Сказать тебе что-то? 20. Сами идите в гости, у меня нет времени. 21. Начни сам. 22. Никого дома нет. 23. Никто не отвечает. 24. Все здесь. 25. Пусть кто-нибудь принесет мороженое.



9- жаттығу. Мына есімдіктерді септеңдер.

Мен, ол, біз, өз, біреу, бұл.



10- жаттығу. Жақшаны ашып, есімдіктерді аударыңдар.

Сен (им), мен (тебе) берейін. (Мне) балмұздақ әпер. (Ему) сүт апар. (Ей) көрсетпейін. (Им) шай берсін. (Нам) киноға билет әперсін. (Вам) қонаққа барайық. (Тебе) көмектессін. (Мне) кел. (Моему) досына айт.



11-жаттығу. Мақал-мәтелдерде дара және күрделі есімдіктерді тауып ажыратыңдар.

Өзі тазаға бәрі таза. Әркім өз қазын аққуым дейді. Ешкім екі рет жас болмас, өзгелерді қорлағаның – өз басыңды ойламауың. Біреуді төсек жазады, біреу жатқаннан азады. Өзін-өзі басқарған ер бақытты, өзін-өзі билеген ел бақыт-ты. Адам бір-біріне қонақ. Кім еңбек етсе – сол тоқ. Қыз күнінде бәрі жақсы, жаман әйел қайдан шығады? Келіннің бетін кім ашса, сол ыстық.


§5 Етістік

Заттың іс-әрекетін, қимылын білдіреді. Сұрақтары: не істеді? не қылды? қайтті?

Тұлғасына қарай:

Негізгі етістік

Туынды етістік

Заттың қимылын білдіретін төл етістік. Сөздің түбірі етістік болады.

Мысалы: кел, кет, жүр, жаз, айтпады т.б.



Түбір етістікке және басқа сөз таптарына жұрнақ жал-ғану арқылы жасалған етістік.

Мысалы: ой-ла, есеп-те, сан-а, көг-ер т.б.






Құрамына қарай:

Дара етістік

Күрделі етістік

Бір ғана түбірден (негізгі немесе туынды) тұрады.

Мысалы: баста, кес, аяқта, тара т.б.



Кемінде екі сөздің тіркесуі арқылы жасалады. Бірінші сыңары негізгі етістік (сөз) ал кейінгі тұрғандары кө-мекші етістік болып саналады.

Мысалы: бара жатыр еді, шөлдеп кеттім т.б.






Іс-әрекеттің жүзеге асу-аспауына қарай:

Болымды етістік

Болымсыз етістік

Іс-әрекеттің жүзеге асуын білдіреді.

Мысалы: кел, санады, жаздыр т.б.



Іс-әрекеттің болмауын, жүзеге аспауын білдіреді. Негізгі және туынды етіс-тікке –ма,-ме,-па,-пе,-ба,-бе жұрнақтарының жалға-нуы немесе жоқ,емес сөз-дерінің тіркесуі арқылы жасалады.

Мысалы: келме, өшірме-ген, өшірген жоқ т.б.




Мағынасына қарай:

Салт етістік

Сабақты етістік

Өзінің алдынан табыс септігіндегі сөзді қажет етпейтін етістік.

Мысалы: үйге кел, үйден шық, үймен хабарлас т.б.



Алдындағы сөздің табыс септікте тұруын қажет ете-тін етістік.

Мысалы: хатты оқы, есепті шеш, төсекті сал т.б.




Қосымша:

А) Есімдерден туынды етістік жасайтын жұрнақтар:

1. –ла,-ле,-да,-де,-та,-те: аяқта, арала, ноқтала, көгенде, үшеуле, жымыңда, аухаула т.б.

2. –лан,-лен,-дан,-ден,-тан,-тен: ой-лан, әдет-тен, рух-тан, үй-лен, күдік-тен т.б.

3. –лас,-лес,дас,-дес,-тас,-тес: көмек-тес, бір-лес, сыр-лас, ақыл-дас т.б.

4. –лат,-лет,-дат,-дет,: ән-дет, тез-дет, дауыл-дат, түнде-лет т.б.

5. –а,-е: ата, дем-е, сын-а т.б.

6. –ай,-ей,-й: күш-ей, мұң-ай, зор-ай т.б.

7. –қар,-кер,-ғар,-гер: бас-қар, ес-кер, аң-ғар т.б.

8. –ар,-ер,-р: жаңа-р, жақс-ар, ұз-ар т.б.

9. –ал,-ел,-ыл,-іл,-л: жоғ-ал, оң-ал, сұй-ыл, тең-ел т.б.

10. –ық,-ік: бір-ік, дән-ік, тын-ық т.б.

11. –сы,-сі,-ымсы,-імсі: батыр-сы, көлгір-сі, білген-сі

12. –сын,-сін: жат-сын, көп-сін т.б.

13. –сыра,-сіре: әл-сіре, қан-сыра, ой-сыра т.б.

14. –ра,-ре,-ыра,-іре: бұрқ-ыра, күрк-іре, т.б.

15. –ырай,-ірей: кіші-рей, тас-ырай т.б.



Ә) Күрделі етістік негізгі етістік пен көмекші етістіктің тіркесуінен жасалады. Мысалы: бара (негізгі) жатыр (көмекші етістік). Ал егер күрделі етістіктің негізгі сыңары есім есім сөзден болса, ол етістік құранды етістік деп аталады. Мысалы: жәрдем ет, үлгі қыл, дем ал, бас и, еңбек сіңір т.б.
Б) Сөйлемде бір етістік бірде негізгі етістік болып, бірде көмекші етістік болып ауысып келе берді. Мысалы: Ол орындықта отыр екен. Ол орындықта кітап оқыр отыр, деген екі сөйлемдегі «отыр» етістігі бірінші сөйлемде негізгі етістік қызметінде болса, екінші сөйлемде көмекші етістік қызметінде жұмсалып тұр.

Ескерту: отыр, тұр, жатыр, жүр деген қалып етістіктері жалаң нақ осы шақ жасағанда, негізгі етістік болады. Мысалы: мен тұрмын. Сен жүрсің.т.б. ал күрделі нақ осы шақ жасағанда, көмекші етістік болады. Мысалы: Мен ай-тып тұрмын. Сен ойнап жүрсің. т.б.



Есімше мен көсемше

Етістіктің мағыналық ерекше түрлері

Есімше – бірде есім сөздердің, бірде етістіктің қызметін атқаратын етістіктің түрі. Есімше есімдерше түрленіп (септеліп, тәуелденіп, көптеліп) есім қызметін атқарады.

Есімше жіктеліп етістік қызметін атқарады. Жұрнақтары: -ған,-ген,-қан,-кен: алған, келген; -ар,-ер,-р: бар-ар,жүр-ер; -атын,-етін,-йтін,-йтын: жаз-атын, өр-етін; -мақ,-мек,-пақ,-пек,-бақ,-бек: бар-мақ.

Көсемше – бірде үстеудің, бірде етістіктің қызметін атқа-ратын етістіктің түрі. Іс-әрекеттің жай-күйін білдіріп, үстеудің қызметін атқарады. Жіктеліп немесе көмекші етістікпен тіркесіп, қимылды білдіріп, етістік қызметін атқарады. Жұрнақтары: -а,-е,-й: бар-а-ды, кел-е-ді; -ып,-іп,-п: шығ-ып,кел-іп; -ғалы,-гелі,-қалы,-келі: ал-ғалы, бер-гелі.

Қосымша: Есімше мен көсемшенің жұрнақтары арқылы етістіктің шақ категориясы жасалады.
Етіс

Етіс – іс-қимылдың орындалуында орындаушының қатысы қандай екенін білдіреді. Оның 4 түрі бар:

1. Өздік етіс (орындаушы өзі) қимылды орындаушы өзі істейді. Түбір етістікте –ын,-ін,-н жұрнақтары жалғану арқылы жасалады. Мысалы: жу-ын-ды, ки-ін-ді т.б.

2. Өзгелік етіс (орындаушы өзге біреу) қимылды өзге біреуге орындатқызады. Етістікке –дыр,-дір,-тыр,-тір,-ыр,-ір; -ғыз,-гіз,-қыз,-кіз; -т; -сет жұрнақтары жалғану арқылы жасалады. Мысалы: жаз-дыр, ас-ыр, жаса-т т.б.

3. Ырықсыз етіс (орындаушы белгісіз) қимылдың орындаушысы айтылмай, іс-әрекет өздігінен жасалғандай көрінеді. Етістікке –ыл,-іл,-л; -ын,-ін,-н жұрнақтарының жалғануы арқылы жасалады. Мысалы: аудар-ыл-ды, киім іл-ін-ді т.б.



4. Ортақ етіс (орындаушы көп) қимылды орындаушы біреумен бірлесіп, ортақтасып істейді. Түбір етістікке –ыс,-іс,-с жұрнақтары жалғану арқылы жасалады. Мыса -лы: жаз-ыс-ты, бөл-іс-ті, оқы-с-ты т.б.

Ескерту:

А) –лас,-лес,-дас,-дес,-тас,-тес жұрнағы арқылы жасалған туынды етістіктер де ортақ етіс мағынасын береді. (ақылдас, қоштас, пікірлес, сырлас т.б.)

Ә)лын,-лін,-ныл,-ніл жұрнақтары ырықсыз етіс мағынасын береді. (алма же-лін-ді, ат байла-ныл-ды т.б.)

Б) –лан,-лен,-дан,-ден,-тан,-тен жұрнағымен жасалған туынды етістіктер де өздік етіс мағынасында жұмсала береді. (әуре-лен, қату-лан, шат-тан, әл-ден т.б. Сондай-ақ –ырқан,-іркен,-сын,-сін жұрнақтары арқылы жасалған туынды етістіктер де өздік етіс мәнін береді. (шім-іркен, аз-сын, көп-сін, тұш-ырқан т.б.
Етістіктің шақтары

Іс-қимылдың уақытын білдіретін етістіктің тұлғасы.

Осы шақ сөйлеп тұрған кездегі іс-әрекетті білдіреді. 1. Нақ осы шақ дәл сөйлеп тұрған кездегі іс-әрекетті бідіре-ді. Жалаң н.о.ш. жатыр, отыр, жүр, тұр салт етістіктері-нің жіктелуі арқылы, мысалы: жатырман, тұрсыз. Күрделі н.о.ш. (-а,-е,-й,-ып,-іп,-п) (жатыр,отыр,жүр,тұр)+ж.ж. Мысалы: бар-а жатырмын, кел-іп отырсың. 2. Ауыспалы осы шақ күнделікті дағдылы болып жатқан іс-қимылды білдіреді. Етістік+(-а,-е,-й)+жіктік жалғауы. Мысалы: Күнде сабаққа бар-а-мын.

Келер шақ сөйлеп тұрған уақыттан кейін болатын іс-әрекетті білдіреді. 1.Болжалды келер шақ іс-қимылдың келешекте болатынын дәл көрсетпей, болжай ғана білді-реді. Етістік +(-ар,-ер,-р)+жіктік жалғауы. Мысалы: Ертең сабаққа бар-ар-мын. 2.Мақсатты келер шақ іс-қимылдың келешекте мақсат етіле орындалатынын білдіреді. Етіс-тік+(-мақ,-мек,- пақ,-пек,-бақ,-бек)+(-шы,-ші)-жіктік жалғауы. Мысалы: Ертең сабаққа бар-мақ-шымын. 3. Ау-ыспалы келер шақ алдағы уақытта болатын іс-қимылды білдіреді. Етістік +(-а,-е,-й)+жіктік жалғауы. Мысалы: Ертең сабаққа бар-а-мын.

Өткен шақ сөйлеп тұрған уақыттан бұрын біткен іс-әрекетті білдіреді. 1. Жедел өткен шақ іс-қимылдың жуық арада болғанын білдіреді. Етістік+(-ды,-ді,-ты,-ті)+жіктік жалғауы. Мысалы: Кеше сабаққа бар-ды-м. 2.Бұрынғы өткен шақ іс-қимылдың жалпы болғанын көрсетеді. Етіс-тік+(-ған,-ген,-қан,-кен,-ып,-іп,-п)+жіктік жалғауы. Мыса-лы: Кеше сабаққа бар-ған-мын (бар-ып-пын). 3.Ауыспалы өткен шақ сөйлеп тұрған уақытқа дейін дағдылы болып тұрған іс-қимылды білдіреді. Етістік +(-атын,-етін,-йтын,-йтін)+жіктік жалғауы. Күнде сабаққа бар-атын-мын.
Етістіктің райлары

Орындаушының іс-қимылға байланысты ой-пікі-рін,қатынасын білдіреді.

Ашық рай іс-қимылдың қай шақта екенін білдіреді. Жасалуы: үш шақтың жасалу жолдары арқылы. Мысалдар: Мен келдім (келе жатырмын, келемін,келгенмін т.б.)

Бұйрық рай іс-қимылдың бұйыру, талап ету, өтіну ретінде айтылу мағынасын білдіреді. Жасалуы: етістіктің бұйрықты түрде жіктелуі арқылы. Мысалы: Мен бар-айын. Сен бар. Ол бар-сын. Біз бар-айық. т.б.

Шартты рай іс-қимылдың орындалу-орындалмау шартын білдіреді. Жасалуы: етістік +(-са,-се)-жіктік жалғауы. Мысалы: күн ашық бол-са, тауға шығамыз.

Қалау рай қалау,тілекті білдіреді. Етістік +(-ғы,-гі,-қы,кі)+тәуелдік жалғауы / кел етістігі. Мысалы: Біздің сабақ оқы-ғы-мыз келді. Сенің үйге қайт-қы-ң келе ме? Қосымша: Төмендегі қосымшалар да қалау рай жасайды: 1.-ғай,-гей,-қай-кей; 2.-са,-се игі еді.(оқы-ғай-сың, бар-са игі еді)
Тұйық етістік

Шақпен, жақпен байланысы болмай, қимылдың атауын ғана білдіретін етістіктің түрі.

Тұйық етістік –у жұрнағы арқылы жасалады. Мысалы: қара-у, алма-у, оқыт-у т.б.

Есімдерше түрленеді: көптеледі, мысалы: жүгірулер, тексерулер; тәуелденеді, мысалы: айту-ым, айту-ыңыз т.б.

септеледі, мысалы: білудің, біумен, білуге т.б.


1-жаттығу. Көркем әдебиеттерден келтірілген мысалдар-дың қай райда тұрғанын көрсетіңіздер.

1.Ол мұғалімдердің білім дәрежесін үнемі көтеріп отыру-ына, өзін-өзі дұрыс ұстай білуіне үлкен талап қояды.

2. – Адамды тәрбиелеу үшін алдымен өзіңді тәртіпке сал, жүріс-тұрысың, сөйлеген сөзің балаға үлгі болсын, мәде-ниетіңді арттыр, біліміңді көтер, сонда ғана жаңа дүниенің жаңа адамын тәрбиелей аласың, - деді. 3. Күннен-күнге күші нығайып, бір нәрсені істегісі, білгісі, сынағасы келе береді. (М.Шолохов) 4. Алдағы көктемде жаңа машинамен жаңа жерге жаңа тұқым сепсек, жарқырап бір көрінсек деймін (Ғ.Мұстафин).

2-жаттығу. Дара, күрделі етістіктерді тауып астын сызыңдар.

Үсен Асанды ертіп, молаға қарай жүрді. Молаға жақындап келгенде, қаңқылдаған қаздың даусы шықты. Үсен жақын жерде көл бар екенін сезді. Өйткені қаз сусыз жерді мекен етпейді. Екеуі қырға шықты. Қырдың төменгі жағы үлкен көл екен. Көлдің айналасы да, іші де құжына-ған мал. Бір топ жылқы көл ішіне түсіп, белінен құраққа кіріп тұр. Сортаңды жағада түйелер жатыр. Бұларды көріп, балалар қырдан түсті. Жүгіріп малға келді. Сөйтсе, өз аулының малдары екен. Малшылар Асан мен Үсенді көрді. Олар да қуанып, біреуі әке-шешелерінен сүйінші сұрауға шауып кетті. Өзгелері балаларды атқа мінгізіп, ауылға алып жүрді.



3-жаттығу. Болымды, болымсыз етістікті ажыратып, сөйлем құрастырыңдар.

Бар, көрме, жүрме, айт, кір, сызба, түспе, келме, шықпа, күт, жазба, оқыма, ойна, жүгірме.



4-жаттығу. Болымды етістікті теріп жазыңдар.

Арманбек күрт өзгерді. Оны мұнан екі-үш ай бұрын көргендер танымай да қалды. Сыныпта басын көтеріп жүретін Арманбектің енді дыбысы да шықпайды. Ерсі қылық, сорақы мінез ұмыт болған. Тікенек тіл, қыршаңқы сөз естілмейді. Көрінгенге сүйкенбейді, тиіспейді. Оның өміріндегі мынадай шұғыл, тез өзгеріске бірге оқитын балалар да, сабақ беретін ұстаздар да ерекше таңырқап, іштері жылып, сүйсіне қарайды.



5-жаттығу. Есімшелерді тауып, олардың қандай жұрнақтар арқылы жасалғанын айтыңдар.

Дос сыртыңнан мақтар, дұшпан көзіңе мақтар.

Мінген атын жаратқан, жұртты ауызына қаратқан.

Қаныш халқының жетістігіне шалқи қуанатын.

Жарлыдан безген байымас.

Ердің атын я аты шығарар, я әйелі шығарар.

Жаманның тұзға барғаны – қызға барғаны.

6-жаттығу. Салт және сабақты етістіктерді анықта.

1.Адам туа білмейді, жүре біледі. 2. Оқы да біл, ойна да күл. 3. Еңбек ерді танытады, ер елді танытады. 4. Досы көпті жау алмайды, ақылы көпті дау алмайды. 5. Малды бақсаң, қой бақ, май кетпейді шарадан.6. Темір сырын отта танытады, адам сырын жоқта танытады.7. Батырдың көзі өмірге түседі, қорқақтың көзі өлімге түседі. 8. Жауға жаныңды берсең де, сырыңды берме.



7-жаттығу. Дара, күрделі етістіктерді ажыратыңдар.

Өркениетті елдер әдебиеті секілді қазақ халқының ауыз әдебиеті есте жоқ ескі замандардан басталып, өмір белестерінен өткен сайын қалыптасып, даму үстінде жетіліп отырған өнер атаулының бірінші басқышы да, ең биік шыңы да тілі мен сөз өнері «Өнер алды – қызыл тіл» деп бекерге айтпаса керек. Даналық пен ойшылдықтан туындаған сөз өнерінің құдіретін айтып жеткізу қиынның қиыны. Қаптаған жаудың бетін бір ауыз сөзбен қайтарады. Нардың пұлын ердің құнын бір ауыз сөзбен шешеді. Бір ауыз сөз мұхиттарды жалғайды.



8-жаттығу. Нақыл сөздерден болымды, болымсыз етістіктерді табыңдар.

Нәрсенің сыртына қызықпа, асылы ішінде болар.

Көңіліңді, бойыңды мөлдір бұлақтай таза ұста.

Біреуге жақсылық етсең, ол жақсылығыңды міндет етпе.

Адамның қолынан келмейтін ешнәрсе жоқ.

Адам жасампаз болмас, ұлы да бола алмайды.

Адам дүниеге тек қана келіп, әншейін ғана аттана бермейді

Ол артында ой қалдырады, ойдан мұра қалдырады.



9-жаттығу. Етіс түрлерін анықтаңдар.

Ескі аңыздарда достықтың жан тебірентерлік үлгілері айтылады.

Райхан көз қиығын Нұржанға аударып еді, ол қысылған да, шамданған да жоқ. Күзгі жауынға іліктірмейді. Райхан екеуіне кезек қарап, ой таразысынан өткізіп отыр. Нұржанның дәл осы бір сөзі дәлелді, тауып айтылған сияқты... Хатшымен дауыс көтеріп, айқайласуға бола ма? Айтылған үрейлі сөзді Нұржан өзі сезуі керек.

Менде жұмысыңыз бар ма?

Астанадан көшпелі рентген кабинетін алдырсаңыз.

Біздің колхозда өкпе ауруы бар, соңы тегіс түсіріп, біліп алсақ деймін. Ол ешкімге ерсі көрінбеді.

Осы есебіңді іске асыра алсаң, менен бұрын сен

бітірерсің.

Тәжен тіптен мығым, дестелеп оқуға ешбір күмән

келтірмейтін сияқты.



9-жаттығу. Ашық райды тауып астын сыз.

Кенен деген сен бе едің? Түнде көрші үйден даусыңды естіп едім. Енді өзіңді көрдім. Мен Канада жайында сіздерге мол мәлімет бермек емеспін. Мен алған әсерім жөнінде әңгімелемекпін. Жылда егін дегенді кім салып көрген? Биыл үй басы егін салайық деп отырмыз. Мен алыста жанған отқа әлі қарап отырмын. Осы оттың жануы да қызық. Құлағыма саңқылдап күлген балалар даусы келеді. Кімдер екен? Кеттім сол отқа. Кімдер болса да, бара көрермін.



10-жаттығу. Шартты райды теріп жаз.

Ауыл сыртынан гүрілдеген дыбыс естілді. Далаға жүгіріп шықсам, шарбақтарды жағалап, трактор келе жатыр. Оның маңайындағы халықты көрсең, кәрі-жасы демей, сапыры-лысып жүр. Мен де жүгіріп жеттім. Қарасам, үш ұлым да трактор айдаған әкесінің қасында келеді. Түрлеріне қарасаң, жүздерінен нұр төгіледі. Олар ертемен көпірге кеткен болатын. Бақсам, шұнақтар тракторды тоқалы кеткен екен.



11-жаттығу. Қалау райды теріп жаз.

Ауылға келіп, бастық болғым келді. Кейде терең ойдан айығу үшін, серуендеп кеткім келеді. Мына келген Тұрсын болмаса игі еді. Мына даланың өткенін көріп өкінсем, өскенін көріп жетілгім келеді. Әке, Жұмекең туралы ақиқатты өз аузыңнан естігім келеді. Адамның бауыр басқан мекені қиын екен. Ешқайда барғысы келмейді, бұл жайды өзің де сезіп тұрған шығарсың.



12-жаттығу. Мына сөйлемдерді аударыңыз. Бұйрық райдың қандай формада тұрғанын айтыңыз.

Ертең сен ерте тұр, киін, тамақ іш. Сонан соң саяжайға кел. Мен де барайын. Саяжайда екеуіміз жер қазайық, айналасын тазалайық. Жаңадан алма, тағы басқа жеміс ағаштарын отырғызайық. Қураған ағаштарды кесіп тас-тайық. Сен үйге ертерек қайт. Мен сонда қонайын. Маған үйден біреу тамақ әкелсін.



13-жаттығу. Қазақ тіліне аударыңыз.

1.Давайте сходим в кино. 2.Пусть он расскажет о себе. 3.Давай пообедаем в столовой. 4.Пусть ученики сидят в классае и ждут учителя. 5.Прослушайте тексти составьте к нему вопросы. 6.Давай погуляем на улице.



14-жаттығу. Төмендегі етістіктерден ауыспалы осы-келер шақ жасаңдар.

Үлгі: тыңдау – тыңдаймын

Билеу, ұнату, байлау, қалау, есептеу, зерттеу, ойлау, есту, тоқтау, үйрету, орау, жазу, сайлау, жүзу, құттықтау, жеті, тосу, сүрту, сыпыру, кешігу, қатынасу, көтеру, байқау, босау, тазалау, санау, төлеу, дайындау, бағалау.

15-жаттығу. Мына сөйлемдерді мақсатты келер шаққа айналдырыңыз.

Үлгі: Мына бөлмеде досым отыр. – Мына бөлмеде досым отырмақ.

1.Біз ана үйде тұрамыз. 2.Біздің мұғаліміміз бізге қазақ тілін үйретеді. 3.Ауылда егіншілер егін егеді. 4.Дана кі-тапханада жұмыс істеп жүр. 5.Сенің отбасың Астанаға көшеді. 6.Сауда үйінен мата аламын. 7.Сіз сағат нешеде тұрасыз? 8.Самат зауытта жұмыс істейді. 9.Дәрігер ауру адамды тексеріп жатыр. 10.Кешке Әуезов театрына барамыз.

16- жаттығу. Болымсыз етістік жасаңыз, жұрнақтарды сызыңыз.

Тұрдыңыздар, оқыдық, берді, жаттыңдар, сөйлесті, көрдің, тыңдады, еңбек етті, бардыңыздар, жаздыңыз, сендің, көмектестім, аштың, осездік, жеңді, үйрендім, үйреттік, ішті, жедім, аудардыңыздар.



17-жаттығу. Төмендегі етістіктерді үш шаққа айналдырып жазыңдар.

Хабарлау, қолдау, аралау, жеткізу, көмектесу, сыйлау, пісіру, салу, ұйықтау, санау.



18-жаттығу. Есімшені жіктеңдер.

Жақ

Өткен шақ

есімше


Келер шақ есімше

Осы шақ есімше

1

2

2



3

жаз+ған+мын

жаз+ар+мын

жаз+атын+мын

Сөздер: келу, жинау, сүрттеу, шығару


19-жаттығу. Есімшені тәуелдеңдер.

Жақ

Өткен шақ

есімше


Келер шақ есімше

Осы шақ есімше

1

2

2



3

айт+қан+ым

айт+ар+ым

айт+атын+ым

Сөздер: қатысу, ашу, тарау, сақтау


20-жаттығу. Есімшені септеңдер.

Өткен шақ есімше

Осы шақ есімше

А. оқыған

І. оқыған+ның

Б. оқыған+ға

Т.

Ж.



Ш.

К.


оқитын

оқитын+ ның




Сөздер: келген, ойнаған, қалаған, қараған

келетін, ойнайтын, қалайтын, қарайтын.

21-жаттығу. Берілген етістіктерден көсемше жасаңдар.

Үлгі: даму – дамып- дами – дамығалы – дамығанша

Даму, қалану, таныту, бейнелеу, тұру, жату, болу, туу.

22-жаттығу. Жақшадағы көсемшелерді аударып жазыңдар.

Астанада алып құрылыс (идет).

Алматыда жаңа көпір (строится).

Асан мен Үсен мұражайға (собираются идти).

Жаңа көрме галереясы әлі (не открывается)

Суретші Назымның портретін (начал рисовать).

Аман сабақты (не слушал).

Біздің үйдің қасынан үлкен мейрамхана (собирается

отқрываться).

23-жаттығу. Төмендегі сөздерден туынды етістіктер жасаңыз.

-ла/-ле, -да/-де, -та/-те

Мереке, мейрам, құрмет, қадір, бас, маза, есеп, сурет, ой, баян, тіс, жаза, тегіс, орын, салқын, іс, із, жаман, жақын, шеге, тізе, аяқ, қол, әңгіме, таза, би, ақ, тың, ем, баға, бейне, үтік, жұқа, жара, үн, гүл, арман, ара.



-лас/-лес, -тас/-тес, -дас/-дес

Ақыл, бір, қате, сәлем, көмек, кез, көз, тіл, ұйым, шарт, үн, ым, серт, сот, заң.



-а/-е

Ат, түн, түзу, бос, тең.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет