Вильгельм Лейбниц тіл ғылымдарын әлем тілдерін бір-біріне салыстыра зерттеуге үндейді. Өзі тілдерді арамей, яфет тілдері деп 2 топқа бөледі де, яфет тілін скиф, кельт тілдері деп тағы 2 топқа бөледі. Скиф тобына фин, түркі, моңғол, славян тілдерін, кельт тобына еуропалық тілдерді жатқызады.
Салыстырмалы-тарихи тіл білімі.
Еуропалық тіл білімі дамуының жаңа дәуірі тілді дамып, өзгеріп отыратын тарихи құбылыс деп танудан, тілдер өзара туыстас, төркіндес болады деп біліп, сол заңдылықтарды ашуға, зерттеуге салыстырмалы-тарихи әдісті қолданудан басталады. Салыстырмалы-тарихи әдісті қалыптастырушылардың ерекше назар аударған мәселесі - үнді-еуропа семьясына жататын тілдердің шыққан төркінін, ол төркіннің қандай сипатта болғанын айқындау.
Достарыңызбен бөлісу: |